Бастауыш мектепте педагогикалық қолдаумен тұлғаның креативті дамуының негізгі ерекшеліктері
К содержанию номера журнала: Вестник КАСУ №1 - 2010
Автор: Дюсембинова Гульнар Калихановна
Білім беру жүйесінде түбегейлі өзгерістер
үрдісіндегі дәстүрлі технологияның
бағыт-бағдары негізгі қоғамдағы танымдық
жүйенің, сана сезіммен жетілу, әлеуметтік -
экономикалық елдегі өзгерістерге байланысты жетіледі. Мектептерде жай
оқу емес, терең білім беру және жаһандану (жаңа
білімдену), жеке тұлға болып қалыптасу, ең бірінші
мақсат болып табылады.
Білімді болуды баланың тұлға болып
жетілуінен жеке дара қарауға болмайды, оның интеллектуалды,
эмоциялық күш жігері, ар-ожданы тұлға болып
қалыптасу қасиеттері, қоғамға қажеттілігі,
жауапкершілігі, креативтігі, оның өз ойымен өмірдегі орнын
табуда көп әсерін тигізеді.
Жаңа педагогикалық ортада кеңінен
талқыланып отырған мәселелердің бірі, адамның
дені сау, адамгершілік болмысы, оның тұлға болып
қалыптасуы, креативтік тұлға болу А.А. Бодалев
айтқандай, «тек туа біткен қасиеттерге байланысты емес, сонымен
қатар өмірінің әрбір кезеңіне байланысты»
делінген. Мазмұны мен жүйе бойынша пәндік-тәжірибелік
іс-әрекет қарым-қатынас арқылы қоршаған
және өзін-өзі тану болып табылады. Бұл
сұрақтың шешімінде ең алдымен ізгілік, жеке
бағдар парадигмасы белгіленеді, бұл жүйе оқытушы мен
оқушының теңдігі болып табылады. Оның түп негізі
«Адамның мәдениеті қатысымдық қарым-
қатынас арқылы ойлау жүйесінің алмасуы, жеке және
топтасу арқылы жаңа туындыларды дүниеге әкелу» болып
табылады [6].
Сонымен бұл мәселенің шешімі болып,
белгіленген ізгілік тұлға бағыты парадигмасы, яғни
оқушы мен оқытушының білім беруде тең
құқықты, серіктес болуы: оның бастапқы
жолында «мәдениетті» қатысымдық жолмен ұғыну
және жасау, мән-мағынамен алмасу, жеке және ұжымдық
туындыларды жасау болып табылады [5].
Бастапқы педагогикалық жүйеде креативті
жетілуде мына қағидаларға сүйенеді: табиғи таным,
баланың табиғи жетілуі, психологиялық және
физиологиялық дене-нің саулығы, шығармашылық
жақындығы, баланың әр саладағы қабілеті,
тұлға ретінде өзін–өзі жетілідіруі төменгі сынып
оқушыларының қалыптасуы. Жауапты істерді жүзеге асыруда
ұжымдық және тұлға ретінде балаларға
жауапкершілік міндеттеу. Заманның экономикалық және
әлеуметтік өзгерістеріне байланысты өз өмірлерін
ұйымдастыру технологиясын үйрету, бірлесіп жұмыс жасауда
келісімдік болуы, өзара түсіністік сыйластық, өзара
көмекке келу, жалпылай болашаққа талпыныс түрткілері
жетілуінің бастапқы сатысы болып, табылады.
Тұлғаның креативті сипаттамасы әлеуметтік факторлар
өзара жетілу жоспарында мағынасы зор зерттеулер болып табылады. Тұқым
қуалау және қанмен берілген қасиеттер сипаттамасын зерттеген
Ф. Гальтон, А. Бине сияқты ғалымдардың еңбектеріне кері
өз ғылыми зерттеулерін алға тартқан (И.В. Гетцельс,
П.В. Джексон, Дж. Гилфорд, К. Роджерс, Е.П. Торренс, Е. Синнот) өз
тәжірибелерінде креативті дамудың, баланың өмір
сүрген ортасына, тіпті елінің, жанұясының әлеуметтік
орны, өзінің шығармашылық қанағаттануының
өте үлкен әсерімен маңыздылығын көрсеткен.
Қоршаған орта адам баласының талабын жасамай, тек оның
жетілуіне әсерін тигізеді деп, 95%, ал тұқым
қуалауға 5 % көрсеткен [4].
Креативті жарқын тұлғалардың дара
ширақтығымен, өз бетінше еңбек ету, көбіне
қоғаммен, қоршаған ортамен келіспей жатуы, креативтік
тұлға сипаттамасы болып табылады. Мұндай тұлғалар
өмір заңдылықтарынан ауытқып, жетекшілікті өз
қолына алуы бір істі аяғына дейін жеткізуді, басқаларынан тапқырлығы,
шыншылдығы, тура сөйлеуді, өзгелердің алдында бас
имеуі, іштей жетілуі, әрбір шешілмей жатқан істе өзін сенімді
ұстап, кез-келген жағдайды ұтымды пайдалана білуі,
сөйлеу мәнерімен және өзіне жоғары баға
беруі осының бәрі креативті сипаттамаға жатады[2].
Соңғы кезде ерекше
қызығушылық танытып отырған мәселе бастауыш мектепте
педагогикалық қолдау. Дәл осы микроорта баланың
креативті дамуы үшін өте маңызды. Көптеген
ғалымдардың, соның ішінде (И.С Аверина, Л.Б. Ермолаева – То-мина,
Е.И. Щебланова, З.В. Денисова т.б.) басты назарға алған
мәселелері, балалардың қоршаған ортасымен креативтік
сипаттарының жүзеге асуы мен әлеуеті және дамуының
шығармашылық ойлауы. Ермолаев – Томинның ойынша баланың
психофизиологиялық жетілуі, оның шығармашылық жетілуі,
өзін қоршаған орта-сында еркін ұстауына әсерін
тигізеді деген [3]. Бұл екі сипаттаманың бірдей қалыптасуы
жаңа бір жүйеге келу болып табылады. Екі сипаттаманың бірдей
қалыптасуы кешендер мен қасиеттердің жоғары
дәрежеде дамып жаңа бір функционалдық сатыға өтуі
болып табылады. Ермолаева – Томинның ойынша бірлесу жарасымдылық
болмаса, ол ішкі жағдайларды және ұстаздардың ерекше
бағыт-бағдар беруі, ата-аналардың шығармашылық
бағыт беруі баланың нақты бір салаға
қызығушылығын арттырулары керек. Шығармашылық
даму ішкі жүйе арқылы жетілдірілмесе, оның із-деніс
арқылы жаңаруы, бұл нақты жетілудің алғашқы
сатысы болады. Бұл жоғарғы дәрежедегі
психологиялық модель.Бұл модель адамның жеке
тұлға ретінде қалыптасуында мінез-құлық
ерекшеліктерін басты назарда болуы [2].
Ал, балалар психологиясында жоғарғы
көрсеткіштер креативті сипаттың, олардың болашақта
шығармашылық жолда үлкен межелерге жетуіне себепкер бола
алмайды. Ол тек олардың шығармашылығында
мотивацияларының жоғарлауына және шығармашылық
тәжірибе жинауға ғана әсерін тигізеді. Қоршаған
ортаның жасанды болуы, адамның эмоциялық жағдайы ішкі
механизмдерге, оның ішінде креативті сипаттың қалыптасуы
жетіледі. Креативтік сипат әрдайым әр жағдайда көптеген
мәселерді шешуге бағытталған.
Барлық болып жатқан жағдайда
қоршаған ортаға наразылық көрсету,
өмірдің мағынасын іздеу, әрдайым болып жатқан
жағдайларға іштей келісу. Мұндай ұстаным адамның
жан дүниесінің бұзылуына әкеледі.
Педагогикалық жүйеде креативтік
сипаттың өзгеруіне:
- оқытушы мен оқушының бірлесуі
(басқару жүйесінен бірлесіп еңбек ету жүйесі);
- оқытушының оқыту кезеңінде
оқу жүйесінің қанағаттанарлық ғана
емес үрдістік жағын да қарастырады;
- оқушының ұстанымы
бұрынғыдай жай оқушы емес, белсенді өзінің интеллектуалды
қателіктерін түзей отырып, көптеген мәселелерді шешу
арқылы жетеді;
- бұл сипаттау сабақ жүргізу
жүйесінде, сабақ барысында оқушылардың белсенді
түрде сабаққа қатысуы арқылы қалыптасады.
Педагогикалық ортада әр
оқушының дара ретіндегі қабілеттері сабақ барысында
оның өз таңдауын жасау арқылы белгіленеді.
Оқушыға өз таңдауын
жасауға еркіндік берген кезде, біз оның қалыптасуы мен
қайталанбас жеке тұлға екенін көрсетеміз В.И. Генециескийдің
ойы бойынша жеке тұлғаның дара қасиетті оның
қайталанбас жеке тұлға ретінде өмір жолында
таңдау жасауы табиғи және әлеуметтік мәдени
жағдайына байланысты. Таңдау жағдаятын түсіну
үшін анықтама әдебиеттерімен ғылыми еңбектерге
жүгіну керек. Кей мағынада «таңдау дегеніміз бұл
нақты бір нұсқаны таңдау. Оқу-тәрбиелеу
жүйесінде таңдау жасату, бұл оқушының немесе бір
топтың өздерінің қабілеттерін кеңінен
көрсетуге мүмкіндік береді. Сөз жалғасында талдау жағдаяты
көбіне адамдардың ішкі ара қатынастары мен ішкі
жағдайға бейімделуін көрсету. Осыған орай бұл
жүйеден шығатын түсінік Т.В. Машарова көрсеткендей
қоршаған ортамен адамның жан дүниесі өзекті
ізденіс пен жабық не көрнекті болуы керек.
Біздің көз қарасымыз бойынша
тұлғалық бағдар бойынша дәріс беруде,
таңдау жүйесі бұл оқытушының сабақ
барысында жоспарлау элементі болып табылады, бүл жүйеде оқушы
өзінің таңдауы бойынша сабақтағы алдарына
қойған мақсаттарымен, өздерінің
қабілеттерін көрсете алады.
Таңдау жүйесінің басты
мақсаты;
- уақытты үнемдеу, сабақ барысында
көп уақыт алады;
- бірнеше нұсқаулар бойынша жұмыс
жасау;
- оқушылар мен топтарға таңдау еркіндігін
беру;
- әрбір оқушының таңдап
алған нұсқа бойынша жұмыс істеуі тез әрі
тиянақты болуы.
Оқу тәрбие үрдсінде
педагогикалық бастаманы алып жүруге қосалқы түрде
ізгілік педагогика мен психология жүреді:
- өзін өзі тану қағидасы. Ұстаз
әр баланың қабілетіне сеніп, оның оқуға
деген ынтасын көріп ынталандыру шамаларын жасау және өзін
өзі тану мен жетілу үрдістерінің қалыпты түрде
өтуі;
- даралық қағидасы. Жеке
тұлға бұл, академик Е.В. Бондаревскийдің ойынша
жүйе құрамының өзара тұлға болып
дамуының ең бағалы кезеңі. Сабақ оқыту
кезеңінде әр оқушының жеке қабілеттерін
бағыттай отырып оның жетілуіне басты назар аудару керектігін баса
айтады;
- субьектілік қағидасы. Ұстаз
сабақты оқыту кезінде оқушымен субьектілі қатынас
орнатуға тырысады. Ол оқушыларға субьектілі рөлмен,
субьектілі көзқарастарын орнатуға көмек етеді.
Ұстаз сабағын ұйымдастыру кезінде оқушыларға өзекті
және субьектілі тәжірибе арқылы түсіндіреді;
- таңдау қағидасы. Француздың белгілі
философы Жан Поль-Сартр «Мен және менің таңдауым» демекші. Таңдау
болмаса жеке даму мен субьективті адамның өсуі болмайды. Бала
өз таңдауы бой-ынша нақты өзінің
қабілеттері арқылы білім беру жүйесінде оқу жылдамдығымен,
сабақ барысындағы шешімдерді дұрыс қабылдауы
белгіленеді.
- шығармашылық пен жетістік
қағидасы. Нақты баланың жеке тұлға болып
қалыптасуындағы оның творчествалық іс -әрекетіне
байланысты. Сондықтан сабақ оқыту барысында тек репродуктивті
емес және де шығармашылыққа баса назар бөлу
керек. Оқушылардың қателіктері мен сәтсіздікке
ұшыраған кездері емес, олардың жетістіктерін
саралаудағы өлшемдер басты баға беру болып табылады.
- сенім мен қолдау қағидалары. Сенімсіздік
күдікшілдікті тудырады. Оқы-тушылардың оқушыларға
шамадан тыс талап қою, оқушының шамасы мен қабілетіне
cенімсіздігі, оқушылардың сабақ барысында ынталануын
төмендетеді. Ұстаздармен ашық болып өздерінің
жеке дара қасиеттерін көрсетуге креативті болуына кедергі
келтіреді. Ал сенім мен қолдау оқушылардың ұстаздарымен
ашық қарым-қатынасқа түсіп өздерінің
білімдерімен қабілеттерін, мінез-құлықтарының
жағымды және жағымсыз жақтарын көрсете білу-лері,
сабақ барысында жоғарғы дәрежеде жетістіктерге
жетудің айқын көрнісі. Бұл
қағидалардың орындалуы айқын ойдың жедел дамуына
әсерін тигізеді, сыныптағы оқушылар, көп ойланатын,
еңбекқор, ұжымдық бірлесіп еңбек етуге бейімделер
болып табылады [1].
Оқу серіктестігі - оқу жүйесіндегі
бірлесе еңбек ету - бұл бала мен ересек адам арасындағы
қарым-қатынас. Теориялық ұғымдарды толық
түрде қабылдауы болып саналады. Бастауыш мектеп
қабырғасында жетілдірілген оқу жүйесімен, жеке, дара
оқу, үйрену, қабілеттері бірлесіп келеді. Алғаш мектеп
табалдырығын аттаған сәби ұжымдық еңбек ету
қағидасын білмейді, кейіннен оқыту барысында үйренеді.
Бастауыш сынып оқушылары да ұжымдық еңбек жасауды
үйренеді. Негізінде пәндік орындауда бірлесіп еңбек ету, бұрынғы
қалыптасқан көрнекті құралға
сүйенгеннен гөрі жемісті болады.
Сабақ жүргізуде ойын арқылы ойлау
қабілеттерін жетілдіру, ойдан шығару, құрау
шығармашылық қабілеттерін жетілдіреді.
Ал сөйлеу және коммуникабельдік ойындар
балалардың дұрыс сөйлеуін құрау
қабілеттерін жетілдіреді. Баланың ұстазға деген сенімі
мен эмоциясының ара қатынасына ешнәрсе тең келмейді
Оқушылардың бір - бірімен бірлесіп
жұмыс жасауы басты мақсаты:
1) Әр оқушыға эмоциялық
қолдау көрсету;
2) Әр баланың өз ортасына өзін-өзі
көрсетуін және микотоптарда өз қабілетін
көрсетуіне көмек беру;
3) Әр балаға ұстазының
тәжірибесін беру және үйрету. Бірінші сыныпта бұл жүйе
бағалау және қадағалау. 2-3 сыныптарда алға
мақсат қою және алға қойған
мақсатқа жету жолындағы жоспар [1].
Көбіне ұстаздардың жеке
басының қабілеттері мен психологиялық кәсіби қабілеттері
мен қоса оқушыға деген сұраныс көзқарасы
барлық жағдайда адам баласының дұрыс
өсіп-өнуі деген ой жүйесі, бала тәрбиесіндегі
дұрыс көзқарасы барлық жағдайда адам
баласының дұрыс көз карастары, әр кезеңдегі
жетілу кезеңінде педагогикалық қатынастар,
ұстаздың жоғарғы дәрежесіндегі ұстаз болына
байланысты. Ұстаздың жоғарғы дәрежелі болуы
оның рефлексивті, ұжымдық еңбек ету және
жұмсақтық болып табылады. Сонымен креативтік жетілу
жүйесі сипаттамасына байланысты. ''Жеке дара креативті
тұлғаны өзгерте отырып, кеңінен оның эмоционалдыдаралық
қабілетіне әсер ете алады. Ішкі және сыртқы
аспектілердің әсер етуі, креативті мінездің даралану сферасы
мен даралану сферасының механизмі бірдей қолдауы. Тұлғаның
әсері мен қоғам түсіністігі бірлесіп, маңызды
фактор құрайды, бұл әлеуметтік нормалармен бағалы
бағдар беру арқылы белгілі бір қоғамның креативтік
жетілуіне әкеледі. Ал, балалар ересектермен тығыз байланыста
болғандықтан олардың шарттарымен санасады. Осы айтылғанның
бәрін саралай келе, мектеп пен жанұя тәрбиелеп отырған
бала, алғашқы 2-10 жылда күрделі
мінез-құлық қозғалысы арқылы өмір
жолын құрайды. Бастауыш сынып оқушыларының
педагогикалық қолдау арқылы креативті дамуы:
1) Креативті дамудың бастауыш сынып
оқушыларында шығармашылық және жекелей дамуы әр
түрлі оқыту әдістемесіне байланысты;
2) Креативті мәселемен әлеуметтік
факторлар бұл мектеп жасына дейінгі балалар аспектінде меңгерілген,
ары қарай бағыт беру үшін тағы да үлкен ізденіс
керек.
Бастауыш мектеп жасы бұл баланың даму
кезеңі. Осы мерзім ішінде әр түрлі өзгешеліктер
байқалады. Бастауыш сынып оқушыларының креативті дамуына
қоршаған орта әсері маңызды. Бастауыш сынып
оқушылары үшін креативті орта жасау керек, бұл дегеніміз,
педагогикалық қолдау арқылы интеграция жасау, оның
негізінде қатысымдық жағдаят, келісім-шарт жасау
жағдайы және де арнайы оқыту бағдарламасын жасау
арқылы дивергентті ойлау жүйесін қалыптастыру болып
табылды.Бұл жүйе білім беру жүйесіне креативті даму
бағдарламасын енгізу болып табылады.
Сонымен негізгі қолдау болып, жүйелі
қолдаудың үздіксіз сипаты, баланың ішкі креативті
әлеуеті мен бірлесіп еңбек етуі болып
табылады.Тұлғаның дамуы әдіснамалық
бастаманың педагогикалық қолдауындағы креативті
дамудың бастауыш сынып оқушыларының дамуындағы басты
мәселе болып қаралады.
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Давыдов В.В. Проблемы развивающего обучения: Опыт
теоретического и экспериментального психологического исследования. – М.: «Педагогика»,
1986.
2. Залужный А.С. Учение о коллективе.– Л.: «Работник просвещения», 1930.
3. Ермолаева-Томина, Л.Б. Проблемы развития
творческих способностей детей. // Вопросы психологии. - 1975, №5.
4.Роджерс К. Несколько важных открытий // Вестник МГУ.
Сер. «Психология». – № 2. – С. 58-65.
5. Бондаревская Е.В. Педагогическая культура как
общественная и личная ценность.\\
Педагогика. - 1999. - №3. - 37-43 с.
6. Бодалев А.А. Вершина в развитии
взрослого человека: характеристики и условия достижения. - М.: «Флинта», 1988. -
50-69 с.
К содержанию номера журнала: Вестник КАСУ №1 - 2010
|