Главная  | О журнале  | Авторы  | Новости  | Конкурсы  | Научные мероприятия  | Вопросы / Ответы

Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің медиа құзыреттілігін қалыптастырудағы медиа ақпарат

К содержанию номера журнала: Вестник КАСУ №1 - 2010

Автор: Дюсембинова Гульнар Калихановна

Соңғы он жылдықтағы дәстүрлі оқу аумағында қалыптасқан келеңсіз жағдай жеткіншектердің медиялық басымдылыққа ауысуына байланысты пайда болатын үрдістер мен мәселелер кешенімен сипатталады. Осы уақытқа дейін оқушылар негізінен қағаз мәтіндерін (кітаптар, баспасөз) еркін, қызығушылықпен оқитын. Бірақ бүгін олар электронды форматтағы (теледидарлық, компьютерлік, интернеттік және т.б.) медиамәтіндерге көбірек ұмтылады, дәстүрлі оқу үлгісі ауысты.

Көптеген зерттеулердің мәліметтеріне сүйене отырып, ресей ғалымы В.П. Чудинова қазіргі заманның мектеп оқушылары мен жастарының оқуына тән келесі тенденцияларды дәлелдеді (12, 12-13 б.):

- баспа сөзіне біртіндеп қызығушылықтың төмендеуі, соның салдарынан оқу мәртебесінің түсуі – бос уақытта оқу үлесінің қысқаруы;

- «еркін» оқудан прагматикалық, ақпараттық, «іскер» оқудың (яғни оқу бағдарламасы бойынша оқушылардың 48% оқу мақсаттарында әдебиетті оқиды) басым болуы;

- оқушы бағытының «еркін» (бос уақыты) оқудан көрі көңіл көтеру сипатындағы әдебиеттерді оқуға өзгеруі;

- «жан азығы» үшін повестер мен романдар, таңдаулы отандық және шетел авторларының шығармаларын оқу аясынан шығу, (жеңіл, үстірт оқуға бағыттайтын, көңіл көтеру сипатындағы, рекреативті) мерзімдік басылымдарды оқуды ұнату;

- жалпы мәдениеттің төменгі қабатына, әсіресе аудиовизуалды, бос уақытта оқуға ықпал етуді күшейту.

Қазіргі кезде барлығымыздың баспа мәтіндерінің аудиовизуалды, экрандық ме-диамәтіндермен ауысуына үйренуге тура келеді. Бірақ медиалық контактілердің типінің өзгеруі оқушылардың жанрларына қатысты сыни ойлау мен құзыреттілігін дамыту мәселесін шешпейді.

Осыған байланысты тақырыпқа сәйкес ғылыми зерттеулердегі терминологиялардың бытыраңқылығын ескеру керек. Ресейде де, шет елде де «медиамәдениет», «медиалық мәдениет», «ақпараттық мәдениет», «аудиовизуалдық мәдениет», «медиасауаттылық», «ақпараттық сауаттылық», «медиабілімділік», «ақпараттық білімділік», «аудиовизуалды білімділік», «компьютерлік сауаттылық», «мультиамедиалық сауаттылық», «ақпараттық құзы-реттілік», «аудиовизуалдық құзыреттілік», «медиақұзыреттілік», «медиалық құзыреттілік» және т.б. кең тараған терминдер (көбіне синоним сияқты) қолданылады.

Бұндай терминологиялық алалықты ақпараттық мәдениет анықтамасына байланысты түрлі анықтамаларға талдау жасаған Н.И. Гендинаның зерттеулерінен көрінеді. Сонымен қатар, ол қазіргі таңда «кітапхана – библиографиялық мәдениет», «оқу мәдениеті», «кітапхана – библиографиялық білім», «библиотека – библиографиялық сауаттылық», көбінесе жиі қолданылатын «компьютерлік сауаттылық», «ақпараттық сауаттылық», «ақпараттық мәдениет» ұғымдары адамның ақпаратпен жұмысы бойынша білімі мен біліктілігін сипаттайтын осындай ұғымдарға мағынасы жағынан ұқсас үндестірілген, көбінесе нақты анықтамасы жоқ терминология қолданылатынын анықтады (6, 21 б.).

Адамның білімі мен біліктілігін бағалауда қолданылған «медиамәдениет» («медиалық мәдениет») термині терминологиялық дәйектеме тым сәтсіз сияқты. С.И. Ожегов мәдениетті:

1) адамдардың өндірістік, қоғамдық және рухани жетістіктерінің жиынтығы;

2) мәдениеттілік тәрізді, яғни мәдениеттің жоғары деңгейінде табылатын, соған сәйкес;

3) қандай да бір өсімдік немесе жануарларды өсіру, көбейту;

4) бір нәрсенің жоғары деңгейі, біліктіліктің жоғары дамуы ретінде анықтайды (9, 314 б.).

Медиамәдениет (media culture) – медиа аумағындағы материалдық және интеллектуалдық құндылық жиынтығы, сонымен қатар социумдағы жаңғырту мен жұмыс істеудің тарихи анықталған жүйесі; аудиторияға қатысты медиамәдениет (немесе аудиовизуалды мәдениет) медиа аумағында медиамәтінді қабылдауға, талдауға, бағалауға қабілетті, медиа шығармашылықпен айналысатын, жаңа білімді игеретін адам тұлғасының даму деңгейінің жүйесі.

Н.А. Коновалованың анықтамасы бойынша, тұлғаның медиамәдениеті – құндылық, технологиялық және тұлғалық шығармашылық компоненттер енетін және субъекттердің өзара әрекеттерінің дамуына әкелетін ақпараттық қоғаммен әрекеттесудің қатысымдық тәсілі (8, 9 б.).

Тұлғаның даму моделінің жүйесі ретінде «өзінің кәсіби әрекеті мен күнделікті тәжірибесінде тұрақты дағдылар мен ақпараттық технологиялардың (АТ) үнемі тиімді қолдану жиынтығын көрсететін жалпы адамдық мәдениеттің құрамдас бөлігі» ретінде қарастырылатын ақпараттық мәдениет.

Мысалы, С.И. Ожегов бойынша құзыреттілік:

1) қандай да бір аумақ бойынша білімді, мәлімет беруші, беделді;

2) құзыреттілікті игерген адам; ал құзыреттілік – 1) біреу мәліметті жақсы игерген; 2) біреудің уәкілдік, құқықтық шеңбері (9, 289 б.). Осы сөздікте сауатты адам былайша түсіндіріледі:

1) оқи және жаза алатын, сонымен қатар грамматикалық сауатты, қатесіз жаза алатын;

2) қандай да бір аумақта қажетті білім, мәліметтерді игерген (9, 147 б.).

Энциклопедиялық сөздікте сауаттылық былайша түсіндіріледі:

1) кең мағынада - әдеби тіл нормасына сәйкес ауызша және жазбаша сөйлеу дағдысын меңгеру;

2) тар мағынада – қарапайым мәтіндерді тек оқи алуы және оқу және жазу;

3) қандай да бір аумақ бойынша білімнің болуы (10, 335 б.);

Ал құзыреттілік сөзі (латынша competo – жетемін, сәйкес келемін, жараймын) былайша анықталады:

1) нақты мүше немесе лауазымды қызметкерге заң, жарғы немесе басқадай актімен белгіленген уәкілдік аясы (10, 613 б.).

С.В. Тришина ақпараттық құзыреттілікті «Әрекеттің түрлі аумағында тиімді шешімді тауып, қабылдап, болжап және жүзеге асыра алатын таңдау, меңгеру, өңдеу, трансформациялау және жасау процестерінің бейнелеу пәндік - ерекше білімнің ерекше типіне айналдыру нәти-жесі болып табылатын тұлғаның ықпалдастық сапасы ретінде анықтайды» (11).

С.В. Тришина ақпараттық құзыреттіліктің мынандай функцияларын бөліп көрсетеді (11):

- білімді жүйелеу, танымға және адамның өзін-өзі тануына бағытталған танымдылық;

- жеткізушісі, компоненттің семантикалығы болып табылатын ақпаратты жеткізушісі, коммуникативтік;

- ақпараттық қоғамда өмір жағдайы мен әрекетіне бейімделуге мүмкіндік беретін бейімділік;

- ақпараттық қоғамда ең алдымен моральдық және заңгерлік нормалар мен талаптар жүйесін айқындайтын нормативті;

- түрлі ақпарат ағынында бағдар жасай алу, маңызды және екінші кезектегі ақпаратты бағалай білу, белгілі және жаңа ақпаратты анықтау және талдауды ұйғаратын бағалау;

- өзіндік даму, өзін-өзі жүзеге асыруға жетелейтін субъектің белсенді өзіндік және шығармашылық жұмысына бағытталған интерактивті.

Шетел педагогтері медиақұзыреттілік терминін заңдастырған, мысалы, Германияда медиақұзыреттілік деп медиаға қатысты білікті, өз бетіндік, шағармашылық және әлеуметтік жауапты әрекетке қабілеттілік түсініледі (4, 120 б.). Егер медиақұзыреттілікті медиасауаттылықтың синонимі деп түсінсек, онда Р. Кьюбидің анықтамасы дұрыс: медиақұзыреттілік (медиасауат-тылық) – түрлі формада хабарламаны қолдану, талдау, бағалау және айту қабілеттілігі (10, 2 б.).

Соңғы жылдарда ғылыми жұмыстарда «медиасауаттылық» және «медиа-құзыреттілік» ұғымдарымен үйлесіп жатқан «медиабілімділік» термині қолданыла басталды.

Педагогтердің медиабілімділігін Н.В. Змановская «педагогикалық үрдісте жалпы медиабілім беруге, сонымен қатар оқушылардың медиабілім беруін жүзеге асыру бойынша шеберлік деңгейін анық-тайтын жүйеленген медиабілім, біліктілік, құндылық қарым-қатынас жиынтығы» деп көрсе-теді (8, 10 б.).

Өткен жолдарда біз «медиасауаттылық», «медиабілім беру», «тұлғаның медиасауаттылығы» терминін қолдандық, бірақ жоғарыда жасалған терминологиялық талдау мынандай қорытындыға әкелді: медиақұзыреттілік түрлі форма, жанрдағы медиамәтіндерді қолдану, сыни талдау, бағалау және жеткізу біліктілігі, социумдағы медианың күрделі үрдістерін жұмыс істеуін талдау нақты мағына береді.

Аудиторияда медиақұзыреттіліктің дамуы бірқатар компоненттерге негізделген «Бірінші компонент – тәжірибе. Бізде медиа және нақты әлеммен контакт тәжірибесі көп болған сайын, бізде неғұрлым жоғары деңгейдің дамуы үшін әлеует көп… Екінші компонент – медиа аумағында біліктілікті белсенді ету. Үшінші компонент - өз білімін жетілдіруге дайындық (пісіп-жетілу) (1, 18 б.). Сонымен қатар атақты америка медиапедагогі С. Дж. Бэрэн бөліп көрсеткен тұлғаның медиақұзы-реттілік үшін қажетті біліктілік классификациясына зейін аудару қажеттігін ескерткен.

Бес бөлімді міндетті біліктіліктен тұратын медиақұзыреттіліктің шағын және жүйеленген құрылымын неміс педагогі В. Вебер жасады: «Біріншіден медианың әрекетті бағытталған екі формасы:

1) медиа ұсынатынды таңдау және қолдану;

2) өз медиаөнімін жасау.

Екіншіден, екі форманың терминдерінің мазмұнында:

- медианың алуан түріне негізделген креативті мүмкіндіктер;

- медианы қолданудың тиімділігі үшін алғы шарттар;

- медиаөнімдерді өндіру мен таратуға байланысты экономикалық, әлеуметтік, техникалық, саяси жағдайлармен байланысты білім мен аналитикалық қабілеттер енген» (5).

Бұның қасында Н.И. Гендина (6, 22 б.) ұсынған ақпараттық құзыреттілікті (ақпараттық мәдениет деңгейі) сипаттайтын білім мен біліктілік тармағанада (өзінің ақпараттық қажеттілігін өз бетінше қалыптастыру біліктілігі, оны сөзбен жеткізу; сұрақ түріне (тақырыптық, суреттік) байланысты ақпаратты іздеудің негізгі алгоритмдерін білу; ақпаратты білім көздерінен таба алу және өзінің ақпараттық – аналитикалық әрекетінің нәтижесін дұрыс рәсімдеу).

А. Силвэрбл бойынша «Медиасауаттылық элементтері (3,2-3 б.)»:

- аудиторияның медиа мазмұны туралы тәуелсіз пайымдауларын жетілдіруге мүмкіндік беретін сыни ойлау қабілеттілігі;

- жалпы коммуникация үрдісін түсіну;

- медианың тұлға мен қоғамға ықпал етуін түсіну;

- медиамәліметтерді талдай және сараптай алу біліктілігін дамыту;

- қазіргі заман мәдениеті мен біздің өзіміздің түсінігімізді қамтамасыз ететін «мәтін» ретінде медиа мазмұнын қарас-тыру.

Медиақұзыреттіліктің дамуының жоғары деңгейінің сипаты:

- медиамәтіннің басты мағынасын бөліп алу;

- талдау: медиамәтіннің негізгі элементтерін анықтау;

- салыстыру: медиамәтіннің ұқсас және бірегей фрагменттерін анықтау;

- медиамәтін және оның фрагментінің құндылығын бағалау: нақты бір өлшемге сәйкес салыстыру негізінде пайымдау;

- реферирлау: медиамәтіннің қысқа, нақты және дәл сипаттамасын құру қабілеттілігі;

- жалпылау;

- дедукция: жеке мәліметтерді түсіндіру үшін жалпы принциптерді қолдану;

- индукция: жеке мәліметтер бақылауынан жалпы принциптерді шығару;

- жинақтау: элементтерді жаңа құрылымға қайтадан жинау қабілеттілігі (2, 53 б.).

Медиақұзыреттіліктің дамуының төмен деңгейінің сипаттамасы:

- нашар интеллект (мәселені шешу мен шығармашылық қабілеттерге қатысты); кейде тек өте маңыздыны (мысалы, емтихан алдында түнде) еске сақтауға қабілетті әлсіз жады;

- медиамәтіндердің көп мағыналығына шыдамдылықтың төмендігі; сенімсіздік;

- хабарлама үшін аз категория жағдайындағы әлсіз концептуалдық саралау.

Медиақабылдау деңгейін жіктеу (Ю.Н. Усов, Г.А. Помыко, Е.А. Бондаренко және т.б. зерттеулерге сүйене отырып) толық болуы мүмкін. Н.Ф. Хилько ұсынған нұсқа:

1) медиақабылдаудың рекреативті–гедонистикалық деңгейі (көңіл көтеру – рекреативті мотивация шектеулі, ашық сипаттың болмауы);

2) тұрмыстық деңгей (тұрмыстық, утилитарлы мотивация және кейіпкерлердің сәйкес мінезі);

3) эстетикалық деңгей (тұлғалық мотивация бейнеге эстетикалық жету);

4) интерпретация деңгейі (шығарманың тұлғалық мәні мен рухани мазмұнын анықтау, ішкі көрудің болуы);

5) микроәлеуметтік деңгей (микро-ортаға байланысты айқындалады, кейіпкердің психологиялық түрткісі беріледі; нақты аудиторияның шығарманы қабылдауымен байланыс орнатылады).

Тұлғаның медиақұзыреттілігі – социумдағы медианың жұмыс істеуінің алуан түрлі форма және жанр, талдаудың күрделі процестерінде медиамәтіндерді таңдау, қолдану, сыни талдау, бағалау, жасау және жеткізуге ықпал ететін түрткі, білім, білік, қабілеттер (көрсеткіштер: мотивациялық, перцептивтік, интерпретациялық, бағалау, тәжірибе-операциялық, әрекеттік, креативтік) жиынтығы.

Медиабілім үрдісінде әрекеттің түрлі тәсілдері қолданылады: дескриптивті (маз-мұн айту, медиамәтін оқиғасын сипаттау), классификациялық (медиамәтіннің тарихи және социомәдени контекстегі орнын анықтау), аналитикалық (медиамәтін құрылымы, медиамәтін тілі, авторлық тұжырымдама және т.б. талдау), тұлғалық (медиа-мәтіннен туындаған қарым-қатынас, қобалжу, сезімдер, еске түсіру, байланыстарды сипаттау), түсіндірмелі-бағалау (медиамәтін туралы эстетикалық, моральдық және т.б. өлшемдерге сәйкес оның қасиеттері туралы пайымдауларды қалыптастыру). Оқу әрекеті компьютерлік сауаттылықтың маңызды бір құраушысы өндірісте, мәдениетте, білім беруде компьютерлердің қолданылу сферасын білуден басталады. Олар компьютерлерді іске қосып, бағдарламалар кітапханасынан керегін алып пайдалана білуге, онымен мәтін жазуға, керек ақпаратты іздеп табуға, сурет салуда пайдалануға және т.б. үйренеді. Бұл әр оқушының дербес компьютердің және мұғалімнің көмегімен өзара түсінісу ортасында жаңа білімдерді алуына, танымдық іс-әрекетін дамытуына айтарлықтай септігін тигізеді және оқушының танымын қалыптастыруда бірігіп жұмыс жасаудың жоғары түрлеріне көтереді.

ӘДЕБИЕТТЕР

1. Федоров А.В. и др. Медиаобразование. Медиапедагогика. Медиажурналистика. М.: Изд-во Программы ЮНЕСКО «Информация для всех», 2005.

2. Федоров А.В. Специфика медиа-образования студентов педагогических вузов // Педагогика. 2004, №4.

3. Кенжебеков Б. Маманның кәсіби құзыреттілігінің теориялық негізі. - Бастауыш мектеп, 2004. - №7. - 3-7 б.

4. Ожегов С.М. Толковый словарь русского языка. - М., 1993.- 960 .

5. Варданян В.А. Теория и практика развития творческого потенциала личности: на материале изобразительной деятельности учащихся художественно-гуманитарной гимназии. - Саранск, 1997.

6. Жантлеуова Ш.К. Профессиональная компетентность будущего учителя в условиях педагогической практики. - ВЕСТНИК КазНУ, серия «Педагогические науки», 2000. - №12. - 23-21 с.

7. Харламов И.Ф. О педагогическом мастерстве, творчестве, новаторстве. - Педагогика, 1992. -№7. - 11-15 с.

8. Франкл В. Человек в поисках смысла. – М., 1990. -368 с.

9. Фельдштейн Д.И. Психология развития личности в онтогенезе. – М., 1989. – 314 с.

10. Фрадкин Ф.А. Лекции по истории отечественной педагогики / Ф.А Фрадкин, М.Г. Плохова, Е.Г. Осовский. – М., 1995.

11. Комусова Н.В. Развитие мотивации к овладению профессией в период обучения в вуз: Дисс. канд. – Л., 1983.

12. Сизов В.К. Мотивационно-личностные факторы индивидуального стиля учебной деятельности: автореф... канд. наук. - М., 1988. - 12-13 с.



К содержанию номера журнала: Вестник КАСУ №1 - 2010


 © 2024 - Вестник КАСУ