Главная  | О журнале  | Авторы  | Новости  | Конкурсы  | Научные мероприятия  | Вопросы / Ответы

К списку победителей

Шыңғай бақсының өмірі жайлы...

Жайдарман Қуатбек

Жарма жері өзінің бай тарихын орынды мақтан етеді. Сондай елді-мекеннің біреуі - Ортабұлақ ауылы. Ауылдың табиғаты өте керемет. Жері шүйгін, суы мол.

Ортабұлақ ауылының дәл жанында жер астынан бұрқырап шығып жатқан су көзі бар. Осы бастаудың суында ерекше бір қасиет бар, себебі ол қыс бетінде қатпайды. Осы жердің киелігі ме, әлде сыйы ма, бұл арасына дәлел айту мүмкін емес.

Ал мен өзім сол ауылдың тумасы болған Шыңғай ата жайлы айта кеткім келеді.

1906 жылы туып, 1980 жылы қайтыс болған Шыңғай Райымбаев Жарма өңіріне балгер бақсылығымен аты мәлім болған. Медицинаның қабілеті жете қоймайтын талма, бұқпа, қояншық, көтеріліп ауыратын жүйке ауруларын, қуығы дәрет ұстамайтындарды Шыңғай ата құлан таза жазатын дейді.

Атамыз қобызын тартып, бақсылық сарынмен жыр айтқанда көздері жалт-жұлт етіп, ештеңе елемей ерекше күйге түседі екен.

Жанып жатқан оттағы қып-қызыл темірді тіліне басып-басып алатын, пышақпен тамағын іреп, инелерді бүкіл денесіне шаншып тастайтынын көзімен көргендер бар.

Ауыл қариялары Шыңғай атаның үйге есіктен ат арбамен кіріп, терезеден шығып кететін гипноздық қасиетін және оң жағынан жеті жігітке, сол жағынан жеті жігітке арқанмен белін байлап тартқызатынын өз көздерімен көргендер бар екен.

Кеңес өкіметі кезінде Шыңғай атамыз қудалауға түскені белгілі, бірақ талай рет түрмеге апарып қамап, күшті күзет қойылса да, ол кісі шығып кетіп отырған. Бізге беймәлім тылсым дүниенің құдіретті ісіне таң қаласың, оның сыры бәлкім ашылмайтын да шығар, бірақ оған дәлел - Түркістан қаласында қасиетті адамдардың тізімінде Шыңғай Райымбаевтың аты алтын әріппен жазылып тұрғаны. Шыңғай атамыз Ұлы Отан соғысына қатысып, 1944 жылы Сталинград шайқасындағы қатты ұрыста жараланып оң қолынан айырылып қалады. Елге келген соң, колхозда еңбек етеді. Соғыс ардагері бірнеше медалдің иегері. 1980 жылы дүниеден озды, зираты Ортабұлақ ауылында.

Бүгінгі таңда осы кісінің зиратының басына адамдар барып, құран бағыштайды. Қорытындылай келе, осындай киелі жерден құдіретті адамдардың тууы заңдылық деп ойлаймын.


 © 2024 - Вестник КАСУ