Главная  | О журнале  | Авторы  | Новости  | Конкурсы  | Научные мероприятия  | Вопросы / Ответы

К списку победителей

Туған жерім - Жаңғызтөбем!

Балым Масанова

Жаңғызтөбе ауылын қазірде кезде дамыған ауыл десек те болады. Себебі бұл ауылдың бағындырған белестері, жеткен жетістіктері мен асқан асулары өте көп. Әрбір адам өзінің туған жеріне пайдасын, көркеюіне үлесін қосуы керек деп ойлаймын.

Сол тақырыпқа тоқтала кетсем, Жаңғызтөбе кентінің тумасы Кузембаев Сабыржан Алматы қаласында кішігірім зауытында кәсіпкер. Ол "Туған жеріме тағзым" бағдарламасы бойынша Жаңғызтөбе кентіне өз қаражатына кіші футбол алаңын салып берді. Ол футбол алаңы қазіргі таңда екінші кварталда орналасқан. Сонымен қатар Тоқтаров Амангелді өз туған жеріне "Нұр Тоқтар" атты киелі, қасиетті мешітін салып берді. Осы ағаларымыздың арқасында ауылымыз жайнап, өркендеп, дамып, көркейіп келе жатыр. Сонымен қатар Жаңғызтөбе ауылын "Тоғыз жолдың торабы" деп те атайды. Өйткені Жаңғызтөбе жерінен кез - келген жерге жолға шығуға болады. Мейлі Алматыға, Астанаға, Қызылордаға болсын, және де кез - келген көлік түрімен де баруға болады. Кезінде біздің ауылда Межрейбаза болған еді. Одан жан - жақтағы ауылдарда келіп тауар алатын. Бертін келе заманның құлдырауына байланысты қоймалардың барлығы қирап, сынған болатын. Сөйтіп осы сауда орталығы тас - талқан болды. Ал енді қазіргі кезде сауда орталығының орнына жаңа құрылыс жоспарланып жатыр. Егер де бұл құрылыс ойдағыдай болып кетсе, Жаңғызтөбе тұрғындарына жұмыс болар еді деген ойдамын. Осындай таза, көрнекті мекенде өмір сүріп жатқанымды мақтан етемін. Туған жерімнің жылы лебі соққанда, табиғаттың құшағында кеткендей сезімде боламын. Менің туған өлкеме деген сүйіспеншілік, махаббатым кеудемде тұнып тұр.

Туған жердің, еліміздің қадірін біліп, қастерлеп жүрейік. Осылайша, табиғат - анамызға, туған жерімізге, біздің қайнар бұлағымызға сый - құрметпен қарауға барлығымыз міндеттіміз. Міне, менің туған жеріме деген сыйластығым осылайша өте бермек.


 © 2024 - Вестник КАСУ