Главная  | О журнале  | Авторы  | Новости  | Конкурсы  | Научные мероприятия  | Вопросы / Ответы

К списку победителей

БӨРІТАСТАҒАН ТУРАЛЫ АҢЫЗ

Ерасыл Абдрахманов

Дауыл тыныш таба ала ма,

Қиратпаса жан-жағын?

Соған ұқсас уақыт әркез

Салып келеді мына әлемге қармағын.

Қазір тыныш тұрғанменен,

Бір дауылмен аспан - жерді төңкерген,

Не керемет даламызға мұнша жұмбақ әкелген?!

Жердің бетін кезіп жүр-ау

Бұл күндері көп аңыз.

Сол аңыздан қалыптасқан

Салт-дәстүр мен санамыз.

Тыңдаған жан ойланған,

Ауыз - екі кезбе аңызға айналған.

Көне тарих мекендеген көмейін,

Бір қариядан естіп қалған

Аңызды айтып берейін.

***

Ерте, ерте, ертеде

Біздің әсем өлкеде

Бойлары мен дене тұрқы

Ғарышқа дейін шарықтар

Тұрған екен алыптар.

Олар да сол біз секілді

Егін егіп, мал бағып,

Күн кешіпті, алапат күш қолданып.

Болғанымен ойы, бойы салмақты

Бірге жүру, бірге тұру

Алыптарда болмапты.

Болғандықтан алып әрі

Қорқынышты, қаһарлы,

Жан-жағына жоламапты

Жан-жануар атаулы.

Тасқа біткен қынадай

Бір күндері жағдай бопты мынадай:

Алтай мен Тарбағатай баурайында,

Ақ қар толған самайында

Бір кәрі әжей сол аймақта

Шағын қойын жайыпты.

Және өзіне орын тауып лайықты,

Қолындағы ұршығымен жіп иіре бастапты.

Уақыт өте үнсіз тірлік,

Есін жинап бастапқы,

Шағын қойға көп қасқыр кеп бас сапты.

Алып кемпір ойға бата қалған ба?

Қасқырларды аңғарғанда,

Күшті жандар сабырлы болсын нағып,

Қарт кемпір ұршығының тасын алып,

Сейілтем деп қойларына

Төніп тұрған кеселді,

Қасқырларға қолындағы

Тасын атқан деседі.

Сырын шертсең тарих сан мың

Ақиқатты жастанған.

Осы аңызда қалыптасқан асқар тау

Түскен дейді кей ғалымдар аспаннан.

Жо-жоқ,

Біздер ауытқымай

Тұра тұрайық жоспардан,

Ақиқаттан, ғасыр бұрын басталған.

Алыптардан қалып қалған сол жартас

Аталады бүгін - Бөрітастаған.


 © 2024 - Вестник КАСУ