Главная  | О журнале  | Авторы  | Новости  | Конкурсы  | Научные мероприятия  | Вопросы / Ответы

К списку победителей

Н. БАЙМҰРАТОВ - БІЗДІҢ МАҚТАНЫШЫМЫЗ!

Айдана Жапаева

«Алдыңғы толқын ағалар» деп Абай айтпақшы, сол алдыңғы толқынның ішінде өзің іш тартып жүретін, халықтың қамы, елдің бірлігі дегенде түн ұйқысын төрт бөлетін, қазыналы сөзін айтатын кісілер болады. Атам қазақ анау замандарда сондай адамдардың сөзіне тоқтап, батасына ұйыған. Алдын қиып өтпей кішілік танытқан жаны таза һәм адамгершілігі мол сондай ағалар жайында қолына қалам алып айтар ойың мен пікіріңді көпшіліктің назарына жеткізе алсаң, парызыңның орындалғаны. Осы оймен дүлдүл ақын Нұрлыбек Баймұратов туралы бірер сөзді арнап, ой жеткізуді жөн көрдім.

Ақындық – табиғаттың зор абзал сыйы ғана емес, айрықша құбылыс та болады. Ақындардың өзі емес, өшпес өмірінің бағасы «көз жұмғаннан соң» басталатыны да бәлкім, содан болар. Әркімнің атағы тірісінде ғана аспандайды, ал ақынның даңқы өлгесін дәуірлейді. Сол сияқты Нұрлыбектің де ақындық өмірі өзі дүниеден озған соң халыққа жария болып, танылды. Бесқарағай өңірінде Балапан ауылы астықты алқап ретінде кеңес кезінде мол өнім беріп бүкіл Одаққа аты шықты.

«Аман ердің аты шығады», - дейді қазақ халқымыз. Бүгінгідей өз қолымыз өз аузымызға жеткен жаймашуақ кезеңде кешегі аумалы – төкпелі уақыт, тарих қыспағынан аман шыққанымызға, бостандығымызға шүкіршілік ете аламыз. Осы амандығымыз кешегі өткен заманда еркіндікті аңсаған, арманда кеткен кейде ерлеріміздің салып кеткен сара жолы ма деп ойлайсың. Өзінің асқақтаған дауысымен халық есінде қалған ақиық, талантты, байсалды ақынымыз - Нұрлыбек Баймұратұлы атамыз. Ол тек Бесқарағай өлкесінің ғана емес Семей округінің, бүкіл Қазақстанның тұрмыс-тіршілігін жырлаған суырып – салма ақын.

Адамға керегі үш – ақ нәрсе: жылы жүрек, нұрлы ақыл, ыстық қайрат. Данышпан Абай осылай айтқан екен. Осынау үш қасиетті бойына сіңіре білгендердің бірі – Нұрлыбек Баймұратов. Қаншама таршылық, тапшылық заманға ұшырап, соншама қиын әлеуметтік –саяси дағдарыстан шыға алмай тығырыққа тірелгенмен, тәуелсіздік әкелген сөз бен құқық бостандығы егемендік алған ел еңсесін көтеріп,рухани дамудың алдына жаңа бір көкжиек ашты. Егер бұрын халық жырлары жырымдалып, ұлттық тарих тарамдалынын, селсоқ назар аударылып келсе, егемендігіміздің арқасында оған зерделі зейін қойып, бар құндылықтарымызды риясыз көңіл көзінен өткізіп, кәдеге асыратын заман туғаны аса ғанибет сезімді оятады.

Сондықтан қазақи дәстүр айтыс өнерінің жақтаушысы, насихаттаушысын біртуар өнер иесі Нұрлыбек Баймұратов - Қазақстан Республикасының ұлы мәдениет қайраткері, Бесқарағай өңірінің таланты және оны қазақ мәдениетінің насихаттаушысын, жалғастырушысы ретінде толық зерттеуден өткізу алдағы кезектегі мәселе. Ақынның шығармаларын толық зерттеп, талдап, өткен деректерді интернет сайттары арқылы әлемдік айналысқа беру, тарихи жадымызды жаңғыртып, тарих қорына енуін іске асырсақ деп ойлаймын. Президентіміздің «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында өткізілген шаралар көп... Мұнда өзекті мәселе жасөспірімдер бойына сіңірілуге тиісті құндылықтар ретінде патриоттық тәрбие беруді насихаттау көзделген.

Нұрлыбек Баймұратов - Бесқарағай өнерінің атақты ақыны, өз атынан өшпестей із, өнегелі іс қалдырған. Оның әрбір жырының, шығармаларынан әділдіктің, адамгершіліктің асыл қасиеттердің иісі аңқып тұр. Нұрлыбек есімі қашанда ұрпақтарының жүрегінде, оған деген халықтың ілтипаты еш уақытта суымайды, ұмтылуы да мүмкін емес!


 © 2024 - Вестник КАСУ