Механика мамандығына кәсіби бағытталған лексиканы сөйлесім әрекеті арқылы оқытудың лингвистикалық негізі
К содержанию номера журнала: Вестник КАСУ №2 - 2010
Авторы: Маселова Кульзихан Маселовна, Байбатанова Фарида Ильясовна
Техникалық
жоғары оқу орындарында оқитын орыс бөлімдерінің
студенттеріне қазақ тілін үйрету әдістемесі лингвистика
теориясын тікелей басшылық-қа алады. Лингвистика - тіл және
оның даму жолдары туралы ілім, лингвистика-ның зерттейтін саласы -
тілдің құрылымы, фонетикалық және
лексикалық жүйесі. Лингвистикалық теория әртүрлі
тілдік құбылыстардың қолданылу аясын айқын-даумен
қатар, тіл мен сөйлеудің арақа-тынасын, сөйлеу
формаларының функцио-налдық айырмашылықтарын да зерттейді.
Қазақ тілін үйрету әдістемесі лингвистика теориясымен
осы зерттеу нысанына орай тығыз байланысты болады. Көрнекті
лингвист ғалым Л.В. Щерба бойынша: ”Қандай тіл болмасын оны
оқытудағы басты мақсат - коммуникативтік қатынас жасау”,
- болып табылады (Щерба, 323).
Тілдік
қатынас теориясында тіл үйрету оқылым, жазылым,
тыңдалым, айтылым, тілдесім әрекеттері арқылы жүзеге
асады.
Тіл –
қоғамдағы адамдар арасындағы аса маңызды
қатынас құралы. Тіл қарым-қатынас
құралы ретінде тіл білімінің зерттеу объектісі бола отырып,
оны оқытумен, сөйлеуге үйретудің әдіс-тәсіл-дерін
ұтымды қолданумен тығыз байланыс-ты. Өзге тілді
үйрену - лексиканы меңгеру-мен тығыз байланыста жүзеге
асады. Басқа ұлт өкілдеріне қазақ тілін
меңгерту барысында лексиканы оқытудың өзіндік
ерекшелеіктері үнемі ескеріліп отырады.
Тілдік
қатынас теориясының мақсаты - тіл үйренушінің
өз ойын еркін жеткізіп, естігенін, оқығанын, жазғанын
тез түсіне алу дәрежесіне дейін көтеру.
Мұның
бір қыры студенттерге бола-шақ мамандықтарына бағдар
беру арқылы әрбір сабақтың дидактикалық материалын
болашақ мамандық лексикасымен байла-ныстыру арқылы
жүзеге асады.
Мамандыққа
баули оқыту барысында олардың мамандыққа қатысты
дағдыларын дамыта отырып, қазақша айтылым, оқылым,
жазылым, тілдесім іскерліктерін қалыптастыру қажет.
Өндірістің
қай саласында болмасын мамандығына байланысты қазақ
тілінде еркін сөйлеп, қызмет ету; білімін, тіл байлығын
жетілдіру - қазіргі заман талабы. Тіл қатынасы
әңгімесушілердің өзара ақпарат алмасуынан
қалыптасады. Бұл ақпарат алмасу тіл қатынасының
коммуни-кативтік сипатын құрайды, сөйлеу барысындағы
сөз алмасу ғана емес, сонымен қатар бір-бірінің
әрекетін, қылығын танытады, өзгеріске келтіреді, жауап
беруге талпындырады.
Техникалық
жоғары оқу орында-рының студенттері үшін
қазақ тілі сабағы тек тіл үйрену көзі ғана
емес, сонымен қатар мамандықтары бойынша жаңа білім жинау
көзі болып табылады. Олай болса, қазақ тілін
мамандыққа қатысты оқу бағдарламасына
сәйкестендіріп оқытудың маңызы ерекше.
Қазақ
тілін игерудің жетістігі - пән аралық байланыста. Осыдан
сабақта жүргізілетін жаттығу жұмыстары барысын-да
студент лингвистикалық білім жинап, сол арқылы
мамандыққа байланысты әдебиеттерді, оқулықтарды
оқуға мүмкін-дік алады. Қолданбалы механиканы
инженер-механик мамандығында оқитын студенттердің
барлығы оқиды. Осыған орай студенттерге кәсіби
лексиканы игер-тудің маңызы зор.
Бүгінгі
күні, бір жағынан, ғылымның бұрын болмаған
жаңа салалары пайда болып, ғылымда дифференция процесі жүріп
жатса, екінші жағынан, екі немесе бірнеше ғылымның
өзара түйіскен жерінен сол ғылымдардың бәріне
бірдей ортақ, біріне-бірі қатысты бірлесе зерттейтін дербес
ғылыми пәндер жасалып, ғылымда интеграция процесі жүріп
жатады. Қазіргі таңда математика мен лингвистика, логика мен
математика, техника мен лингвистика, т.б. осылар тәріздес, бұрын
бір-бірімен ешбір ұқсастығы бар сияқты болып
көрінбеген ғылымдар өзара ұштастырылып отыр.
Тіл біліміндегі
дәстүрлі қолданбалы мәселелердің маңызды
қатарына жалпы терминологияға қатысты сөйлеу
мәдени-етінің проблемасы жатады. XX ғасырда электрон
теориясының дамуы, оны пайдалану және техникада автоматика,
телемеханика салаларының жасалуы - осының бәрі ғылым
мен техниканың күшті қарқынмен дамуына және
түрлі ғылым салаларының белгілі бір проблемаларды шешу
үстінде бір-бірімен жақындасуына әкелді. Ғылым мен
техниканың саласына қатысты мәселелер ғылымның
әр сала-сының мамандары арқылы шешіледі.
Қазіргі
таңда әлеуметтік-қоғамдық сұранымды ескере
отыру - білім мазмұнын айқындаудағы басты фактор.
Сондықтан техникалық жоғары оқу орындарында
қазақ тілі сабақтарын оқытқанда «... бі-ріншіден,
қазақ тілі қоғамдық- әлеуметтік
құрал, екіншіден басқа ұлт өкілдерімен
қарым-қатынас жасауға негіз болатын,
ұғынысуға жол ашатын ұлтаралық құрал,
үшіншіден, қазақ тілінің қатысымдық сипаты
оның ел аралық қолданыста қолданылатын
қоғамдық мәнімен және ресми
іс-қағаздарда жұмсалатын әлеуметтік қызметінен
көрінеді», - деген Ф.Ш. Оразбаеваның негізделген
қағидасын басшылыққа ала отырып, болашақ
мамандардың бұл мәселеге мемлекеттік маңызы бар,
міндетті талап ретінде қарауына назар аудартқан жөн (Ораз.,
25).
Ғалым Ф.Ш.
Оразбаева өзінің оқу құралында қазақ
тіл біліміндегі тілдік қатынас мәселесін теориялық
тұрғыдан және әдістемелік жағынан да
тұңғыш рет көтеріп, сөйлесім
әрекетінің түрлерін анық-тады. Зерттелмеген
мәселенің терминдері де қалыптаспайды. Осы туралы автор
“Қазақ тіл білімінде тілдік қатынас ғылыми мәселе
ретінде теориялық жағынан да арнайы зерттелген емес, сол себепті
осы уақытқа дейін ғылыми оралымға түскен, оның
терминдері де қалыптасқан жоқ. Тілдік қатынас деген
терминнің өзі осы еңбекте алғаш рет қолданылып
отыр”, - дейді (Ораз, 3).
Студенттің
сөздік қорын молайту тілді оқытудағы негізгі
мәселе болып саналады. Сондықтан тілді оқытудағы
ең маңызды орын алатын материал – лексика. Бөтен тілді игеру
үшін лексиканы оқытудың өзіндік ерекшелігі бар.
Оқу барысында студенттің сөздік қорын байыту –
үнемі жүргізіліп отыратын жұмыс. Егер де адамның
сөйлегісі келсе де сөздік қордан өзіне қажетті
лексикалық тұлға-ларды білмесе, ойын жеткізе алмайды,
біреудің айтқан сөзін, ойын түсінбейді. Тіл
үйренушінің сөздік қорын байыту бары-сында оларды
сөздің мағыналық ерек-шеліктерімен таныстыру,
оларға лексика саласынан білім берілуі керек. Казіргі заман талабы –
қазақ тілін мамандыққа байланыстыра оқыту.
Әр адамның кәсібіне деген ынтасы ерекше болады. Техникалық
мамандықта оқитын студенттерге қазақ тілін
оқытқанда кәсібіне байланысты лексиканы меңгертуге
көбірек көңіл бөлген жөн.
Қолданбалы
механика лексикасын қазақ тілі пәнімен байланыстыра
оқыту бұрын көңіл бөліп, зерттелмеген.
Сондық-тан оның әдістемесіне қатысты терминоло-гиялық
қор қазақ тілінде қалыптаспағаны белгілі. Сонымен
бірге техника саласының ішінде қолданбалы механика термин-дерінің
өзі орыс тілінен аударылып, талас тудырып жатқаны
ақиқат.
Орыс
бөлімдерінің студенттеріне қолданбалы механика лексикасын
байла-ныстыра оқытқанда, студенттерге грамма-тикалық
жалаң ережелерді жаттату ғана емес, тілдік
тұлғалардың күнделікті өмірде қажеттілігін
де ұйымдастыру керек. Соңғы кездегі зерттеулерде тілді
оқытудың статикалық әдісіне көп көңіл
бөлу керектігі айтылады. Ғалым Э. Торндайк лексикалық
материалдар қоршаған ортаға байланысты, оның
өміріне жақын болу керектігін көрсетеді. Мысалы: техника
маманды-ғының студенттерін болашақ кәсіптеріне
байланысты оқытса, олардың тілді игеруге деген ынтасы артады
және тілдің өз өмірлеріне қажетті екенін
түсініп, меңге-руге тырысады. Осындай жағдайларды ескере
отырып, орыс тілді бөлімдерде оқитын студенттерге қазақ
тілін оқыту барысында негізгі тілдік материал болып табылатын
жаттығулар мен мәтіндер сұрыпталып беріледі. Берілетін
материал-дың мүмкіндігінше шағын, студенттерге
түсінікті, олардың мамандығына байла-нысты болуын
қарастырған жөн. Әсіресе тілдің негізгі материалы
– мамандыққа байланысты лексиканы сұрыптап алу
мәселесіне көп көңіл бөлінеді. Бірақ,
екінші тілді оқытуда лексиканы сұрыптап алудың
көрсеткішін анықтау проблемасы әлі шешілмеген,
сондықтан оқыту барысында бұл мәселенің
қиындығы кездеседі. Қазіргі кезде басқа ұлт
өкілдеріне грамматикалық материалды қандай ретпен,
қандай көлемде беру мәселесі зерттелуде. Грамматикалық
материалды меңгерткенде, қандай лекси-калық материалмен
игерту тиімділі екені қарастырылуда. Қолданбалы механика лексикасын
студенттерге қазақша меңгер-ткенде теорияны жетік
білудің қажеттілігі аздау болады. Екінші тілді автоматты
түрде қабылдау дағдысын қалыптастырса, тіл
байлығы молайып, сол тілде сөйлеуге мүмкіншілігі туады.
Қазақ
тілін орыс бөлімдерінің студенттеріне үйретудің негізгі
ерекшелігі - сөйлеу іскерлігін, оның түрлерін ауызша
және жазбаша қалыптарын меңгертумен байланысты. Механика факультетінің
студенттеріне қазақ тілін үйретуде оқу және жазу
техникасының маңызды екенін тәжірибе көрсетті.
Техникалық
жоғары оқу орында-рында механика факультетінің орыс
бөлі-мінде оқитын студенттерге қазақ тілін
оқытқанда оқу орнының кәсіби бағдарын,
оқыту мақсаттарын, материалдық негізін, таңдалатын
материалдың көлемін, лингвис-тика салалары: фонетика, лексика,
морфо-логия және синтаксиспен байланыстыра қарастырған
жөн. Кәсіби бағытталған лексиканы сөйлесім
арқылы меңгертудің лингвистикалық негізі – тілдік
тұлғалар мен қатысымдық тұлғалардың
ауызша және жазбаша тілдік қатынасқа қатысты
ерекшеліктерін айқындау. Сөйлесімнің лингвистикалық
негізін зерттеуге арналған өдебиеттерде көптеген
ғалымдар (Д.А. Журкин, Г.Н. Бодрикова, М.Н. Феофанов, Г. Ковтун, Л.С. Журавлева
т.б.) сту-денттердің оқу, жазу техникасын қалып-тастырудың
маңыздылығын атап көрсетеді. Ғалымдардың
айтуынша, сөйлеу үшін тіл үйренуші тілдік
тұлғалардың бір-бірімен тіркесу, қолданылу
тәртібін түсініп, іс жүзінде қажетіне қарай
пайдалана білуге уйрену керектігін айтады. Сөйлесім әрекетін
студенттерге игертуде тілдік тұлғаларды дұрыс
қолдануға, дұрыс оқуға, өз ойын
түсінікті айтуға, сауатты жазуға үйрету керек.
Академик
Л.В.Щербаның айтуынша “дыбыстауды биге, ән салуға,
музыкалық құралдарда ойнауды үйренумен салыс-тыруға
болады. Ең алдымен сәйкес жатты-ғулар арқылы сөз
ағзаларының икемділігін жетілдіруге тырысады, сонан кейін шексіз
қайталаулар арқылы оларды әдетке айналдырады” (Щерба, 41 б.).
Кәсіби
бағытталған лексиканы оқытқанда фонетикалық
материалдарды іріктеу дыбыстық және үндестік
заңының фонологиялық маңызымен, фонемалардың
позициялық және комбинаторлық жағдайға байланысты
айтылуында болатын түрлі өзгерістерімен, жазылудағы ерекшелік-терімен
байланыста жүргізіледі. Қазақ тілінің өзгешелігін
аңғартатын тоғыз дыбыс бар. Олар сөз мағынасын
өзгерте алатын фонемалар болып саналады. Егер де студент бұл
дыбыстарды меңгермесе, қазақша дұрыс сөйлеуі де,
жазуы да мүмкін емес. Оқу барысында дыбыстардың дұрыс
айтылуына, жаттықтыру жұмыстарына ерекше мән беріледі, тіл
үйренушілерде сөзді дұрыс айту дағдысын қалыптас-тыруды
мақсат етеді.
Қазақ
тілінде үндестік заңының маңызы зор. Өйткені
қазақ тілінде сөздер не бірыңғай жуан, не
бірыңғай жіңішке болатыны белгілі. Мысалы, тістеуік –
балға, сөндіргіш – доңғалақ, белдік –
бұрандама т.б.
Қазақ
тілін оқыту барысында фонетикалық заңдылықтарды
оқытуға ерекше мән беріледі. Жаттығулар,
әңгіме-лесу, мәтінмен жұмыс жүргізу,
техникалық көрнекі құралдарды пайдалану - осының
бәрі тілдің фонетикалық заңдылықтарын дұрыс
меңгертуге, дұрыс дағды қалыптас-тыруға
бағыттайды.
Фонетикалық
дағдыларды қалыптас-тыруға әсер ететін тілдік
материалдар және оның түрлері көп.
Мәселен: Темірде
бар, болатта жоқ.
Өмірде
бар, сағатта жоқ -
деген әрі
жаңылтпаш, әрі жұмбақтан студент те-мір, бо-лат,
ө-мір, са-ғат сөздерін салытыру арқылы м дыбысын іздеп табады. Металл аттарын есте сақтау дағдысын
қалыптастыратын осы секілді тапсырмалар сабақты түрлендіріп,
студентті жалықтырмауға, сабаққа қызығу-шылығын
оятуға әсер етеді. Қазақ тілін басқа ұлт
өкілдеріне үйрету үшін тілдік құралдардың
бәрі бірдей қажет бола бермейді. Олардың арасынан
сөйлеуге мүмкіндік жасайтын, тілдік коммуника-цияны іске асыратын,
ең керекті бөлшектері мен тұлғалары сұрыпталып
алынады. Осы тұрғыдан келгенде, тілді оқыту барысында алдымен
фонетикалық минимумды іріктеп алу қажет.
Инженер-механик
мамандығына сәйкес қатысымдық тұлғаларды
оқытуда фонетикалық минимумді таңдап алудың негізгі
өлшемдерін белгілеп алған жөн. Мұндай өлшемдер
мыналар:
1)
Оқылатын дыбыстар фонетикалық жүйеден тұрақты
орын алған, оқуға да, жазуға да тікелей қатысы
бар жиі қолданылатын тұлғалар болуы керек;
2) Алынған
фонетикалық тұлға-лардың өзіндік жасалу
қасиетіне орай дербестік мәні бар болуы қажет;
3)
Сұрыпталған дыбыстар сөзжа-самда, тіркес
құрамында, сөйлемде маңызды қызмет атқара
келіп, өзіндік орнымен ерекшеленуі шарт;
4)
Фонетикалық бөлшектер сөйлеу процесін жүзеге асырушы
ең қажетті құралдар сапасында болғаны жөн.
Фонетикалық
дағдыларды меңгерту үшін жүргізілетін
жұмыстардың бәрі іс жүзінде дұрыс сөйлеу
процесін жүзеге асыруды көздейді. Студенттердің меңгер-ген
фонетикалық дағдыларын дамытудың жолы - материалдарды
үнемі қайталап отыру, тілдік ортаны жоғалтпай, тілдесу
процесін жүзеге асыру; үйренгенді күнделікті пайдалану
(Оразб., 162).
Тіл үйрету
процесінде ең маңызды орын алатын материал - лексика. Белгілі бір
тілді меңгеру үшін лексиканы оқы-тудың өзіндік
ерекшеліктері бар.
Егер адам
сөздік қордан өзіне қажетті лексикалық
тұлғаларды білмесе, айтайын деген ойын жеткізе алмайды,
сөйлеуге үйренбейді. Адамдар арасындағы тілдік
қарым-қатынасты жүзеге асыратын күрделі әрекет -
тілдесім. Тілдесім әрекеті алдымен сөйлеуге қатысты болса,
сөйлеу де, тілдесу де негізінен ең маңызды лексикалық
материал - сөзге және оны қолдана білуге әкеліп
тіреледі. Адамдар сөйлеу үшін бір-біріне айтайын деген ойларына
қатысты сөздерді меңгерулері керек. Бір-бірімен тілдесу
үшін сөздерді дұрыс жұмсаудың амалын
қарастырулары керек.
Адамдардың
өзара пікір алмасуы тек сөзге ғана емес, басқа да
лексикалық материалдарға байланысты.
Сөз тілдік
қатынастың ең негізгі құралы болып табылады.
Лингвистикада сөздің екі жағы қарастырылған. Ол:
1)
Сөздің қалыбы, яғни сыртқы пішіні (дыбыс
арқылы айтылуы, әріп арқылы жазылуы);
2)
Сөздің мағынасы, яғни ішкі мазмұны, мәні.
Тілдік
тұлға ретінде сөздің қалыбы мен мазмұнынан
басқа, ғалымдар оның сезімді білдіретінін және де
оның атқаратын қызметінің маңызды екенін айтады .
Қатысымдық
тұлға ретінде, сөздің байланысу амалы мен оны
қолдана білу заңдылығы бар. Өйткені, өзіндік
заңдылық-пен қолданылмаған сөз тілдегі орнына сай
өз қызметін атқара алмайды.
Мәселен,
тіл үйренушілер бөгде бір тілде сөйлеу үшін,
сөздіктен қаншама сөзді жаттағанымен, оның
дұрыс қолдануын білмесе, ойын түсінікті етіп жеткізе алмайды.
Мысалы, бейтарап сызық немесе ығысудағы модуль деген сөздер белгілі бір ұғымды білдіргенмен, түсінісу,
тілдесу құралы бола алмайды.
Сонымен
сөздің қай жағы жетекші деген сауалға келетін
болсақ, онда қатысымдық тұлғаның
сыртқы қалпы да, ішкі мағынасы да, ішкі байланысы мен
сыртқы қолданысы да маңызды екеніне көз жеткізуге
болады. Тілдік қатынаста сөздің ішкі мағынасы мен
сыртқы қолданысы үйлесімді бірлікте жұмсалса ғана
ол құлаққа жағымды, тілге жаттық, орынды
болып естіледі. Осы тұрғыдан келгенде, тілді үйрету лексиканы
меңгерумен тығыз байланысты. Лексиканы меңгеру - сөйлеу
процесіндегі барлық лексикалық тұлғалар-ды оқып
үйрену (Оразб., 110, 172).
Тіл
үйренуде басты орын алатын сөздік-минимум (студенттің
сөздік мини-мумына енетін сөздер айтушының да,
оқушының да, тыңдаушының да тілдік
қарым-қатынасына сәйкес, қолайлы болуы керек.
Лексикалық тұлға айтатын адамға да, тыңдайтын,
оқитын, адамға да түсінікті болса ғана, қатынас
жүзеге асады (Оразб, 165).
Лексикалық
минимумды сұрыптау әр түрлі принциптерге негізделеді.
Бірақ минимум құрамын екі топқа бөліп алу
олардың бәріне ортақ. Сөздік құрам екі
топқа жіктеледі:
- активті
сөздік қор;
- пассивті
сөздік қор.
Сөздік
қорды активті және пассивті деп ажырату – тілді үйрету
барысында қай сөздерге айрықша көңіл бөлу
керектігін, сабақта қай лексикадан бастау қажеттігін,
қай сөздер жиі қолданылады, қай сөз негізгі
екендігін және т.б. анықтап алуға мүмкіндік береді.
Б.И. Косовский актив және пассив сөздік қорды екі
топқа: бірініші, сирек қолданатын сөздер, екінші,
сөйлемде, мәтіндерге қолданбайтын сөздер деп
бөледі. Оның айтуынша «... к группе пассивной лексики относятся те
категории слов ограниченного употребления, которые используют не постоянно.
Например, для инженера пассивна та специальная лексика, который пользуется
филолог» (Щерба). Сондықтан механика мамандығына байла-нысты
ұсынылатын сөздер механика факультетінің орыс
бөлімдерінде оқитын студенттер үшін актив сөздік
қор болып есептеледі.
Оқу
кезеңінде жаңа сөздер күн санап молайып отырады.
Алғашқы үйренген сөздер соңғы
жаттаған лексикамен толық-тырып отырады. Сөздер сөздік
құрамда үздіксіз қолданылып жүрсе ғана ол
сөйлеу үшін тиімді болып саналады.
Студенттердің
сөздік минимумына енген сөздер тілдік қарым-
қатынасқа сәйкес болуы керек. Егер сөз түсінікті
болмаса, қатынас жүзеге аспайды. Сондықтан сөздік
минимумының құрамын-дағы лексикалық
тұлғалар төмендегі талаптарды қанағаттандыруы
тиіс:
- айтылым
әрекетіне сай барлық фонетикалық, лексикалық,
грамматикалық нормаларды сақтайды;
- оқылым
әрекетіне сай жазбаша нормалардың ережесіне сәйкес болады;
- тыңдалым
әрекетіне сай естілу нормасы ескеріліп жасалады (Оразб., 165).
Оқытушы
кәсіби бағдар беретін сөздері бар сөздік
құрамындағы барлық лексиканы сұрыптап,
таңдап ала білуі қажет.
Қазақ
тілінде қолданбалы механика лексикасын оқыту тек ауызша тілмен
жүзеге аспайды, сөйлеуге үйретумен қатар, сауатты жаза
білу, жазбаша тілге үйрету мәселесі де ең бастапқы
қатарда тұрады. Бұл жағдайда сөз ережеге емес,
ереже сөзге қызмет етеді.
Кәсіби
лексиканы орыс бөліміндегі механика мамандарына қазақ тілінде
менгертудің ең басты тірегі - сөз болып есептеледі. Сөз
- сөйлесім әрекетіндегі ең басты тұлға. Себебі,
ол - ойды жеткізудің негізгі құралы. Әр адам өз
ойын жеткізу үшін тілді қолданады. Тіл сөйлем арқылы
жеткізіледі. Ал сөйлем жеке сөздерден тұрады. Ф.М. Березин
сөз туралы былай дейді: “Слово - это найменьший отрезок смыслового и
физического мнения речи, свободно повторяемый в ней в составе высказываемый”
(Березин, 275). Сөзді қатысым құбылысына қатысты
қарастыр-ғанда, негізінен, оның сөйлеу мен
сөйлесуге байланысты ерекшеліктеріне назар аударуға тура келеді.
Мұнда ол адамдардың тілдік қарым-қатынасында
жүзеге асырылатын, пікірлесуге негіз болатын, өзара
түсінісуге мүмкіндік жасайтын қатысымдық элемент
сапасында сөз болады.
Сөздің
сөйлеу процесіндегі орны, оның қызметі лингвистердің
назарына ежелден іліккен. Ғалым - лингвист К. Аханов өзінің
еңбегінде сөз туралы былай дейді: «Сөз жеке затты немесе
құбылысты ғана емес, сонымен бірге бір тектес аттардың
тобын да атайды» (Аханов, 86).
Сөз
арқылы жеке тұлғаның болмыс мәдениеті танылады. Бұл
жерде мәдениет ұғымы тілдік сауаттылықпен қатар,
субъектінің өзін қоршаған ортаға деген
қатынасын да қамтиды. Сол себепті, студентпен жүргізілетін
барлық жұмыс түрлерінде лингво-мәдени
аспектілерінің маңызды рөл атқаратыны сөзсіз.
Бұл орай-да студенттерге қазақ тілінің өзіне
тән сөз этикетін сақтауға, сөзді орынды
жұмсауға, этнолингвистикалық атауларды талғаммен
қолдануына көңіл аудартқан жөн.
Тілдің
лексикалық қорында қолданы-латын арнаулы сөздер,
терминдер бар. Соңғы жылдары лингвист ғалымдар әр салада
қазақ терминологиясына мұқият көңіл аудара
бастады. Қазақ терминоло-гиясының қалыптасуы,
өркендеуі, термино-логия мен терминдердің жасалынуының
мәселелері зерттеліп жатыр. Салалық терминологияның жеделдете
дамуы ұлттық экономиканың, өнеркәсіптің,
инвестиция-ның қарқынды дамуымен байланысты.
М.
Балақаев «Терминология қай салада болса да, тек жаңа
ұғымның пайда болуымен байланысты дамып отырады», - дейді
(Балақ, 26). Қазақстанда термин жасау тараптарына үлес
қосқан лингвист-терминологтар А. Қайдаров, У. Айтбаев, Б.
Қалиев, Ш. Құрманбайұлы, М. Копыленко, Т.
Жанұзаков т.б.
М.М.
Нұрғалиева терминдердің қа-лыптасуына, дамуына
байланысты өзінің еңбегінде былай дейді: ,,Терминология – это
не язык в языке, а особый, очень сильный лексико-фразеологический слой языка,
обслуживающий профессионально-трудовые нужды людей” (Нург., 9).
Техникалық
жоғары оқу орында-рының студенттері қазақ тілі
сабағында техникалық терминдерді меңгерулері керек. Бұл
орайда олар терминдердің шығу төркінін білгендері жөн.
Терминдер шығу төркіні жағынан сөздердің
тілден-тілге ауысуының тікелей ауысуы және жанама ауысу деп екі
түрге бөлінеді. Мысалы, инжектор, карбюратор. Ал, екінші
тәсіл бойынша тікелей емес, басқа тіл арқылы енуі.
Басқа тілден енген сөздердің көбінің
құрамы өзгеріске ұшыраған. Мәселен,
потенциалдық, эквивалентті, деформация, көміртекті, легірленген,
трапециялы бұран-да, диаметрлік шығындар, доға (дуга).
Тіл
үйренуші өз ойын жеткізе білу үшін оның
лексикалық қоры мол болуы қажет. Бір адам екінші адаммен
түсінісе білуге, жауап беруге, өзара ұғынысуға,
қарым- қатынас жасай білулеріне жеткілікті болуы керек.
Тіл үйрену
үшін оларды лексикалық ережелерге, грамматикалық
заңдылықтарға сәйкес деп бөлмей, біртұтас
пайдаланып бірге оқытқанда ғана тиісті оң
нәтижеге жетуге болады.
Белгілі бір
тілде сөйлеу үшін, грам-матика жеке-дара бөлінбей,
сөйлесімнің барлық алғышарттарымен біртұтас
жүйе түрінде оқытылады.
Грамматика -
бүкіл тілдік қарым-қатынастың өзегі.
Өйткені, грамматикалық жағынан бір-бірімен дұрыс
байланыспаған сөздер не тіркестер адамның ойлаған ойын
жеткізе алмайды. Сөздер белгілі бір мағынаны білдіре келіп,
өзара байланысқан бір бүтінді құрайды.
Яғни, тиянақталған ойды білдіретін сөйлемге айналады.
Тіл үйрету кезінде грамматикалық материал-дарды оқыту, оларды
сұрыптау және тиімді әдіс-тәсілдер арқылы
үйрету – зерттеуді қажет ететін маңызды мәселе.
Адам тіл
арқылы өз ойын біреуге түсінікті етіп жеткізу үшін,
тілдік тұлға-лардың тіркесу амалдарын білу керек. Сон-да
ғана дыбыс та, сөз де белгілі бір ойды білдіреді. Яғни,
тілдік тұлғалардың қатысымдық ерекшеліктері
грамматикалық заңдылықтар арқылы жүзеге асады.
Қазақ
тілін сөйлесім әрекеті арқылы оқыту барысында механика
факультетінде орыс бөлімінде оқитын студенттер төмен-дегі
грамматикалық ерекшелікті білген жөн.
Қазақ
тілінің жалғамалы (аглюна-тивті) табиғаты. Қазақ
тілінде сөйлеу ең алдымен, оның сөз бен сөзді
байланыс-тыратын, сөзден сөз тудыратын жалғаулар мен
жұрнақтарды дұрыс қолдана білуге тікелей байланысты.
Өйткені, сөйлеушінің ойын дұрыс жеткізуге қызмет
ететін қажетті бөлшектер - қосымшалар. Олар сөз тіркесі
мен сөйлем құрауға әсер етеді. Сөйлеу
әрекетіне керекті кез-келген грам-матикалық материал оқыту
жүйесінде өз орнын алуға тиіс. Қазақ
тілінің жалғамалы ерекшелігі - басқа тілдерден ажыраты-латын
және оның өзіндік басты грамма-тикалық қасиетін
танытатын өзгешелігі. Сондықтан басқа ұлт
өкілдеріне грамма-тиканы оқыту - қазақ тілі
білімінің күрделі саласы. Бұл салаға байланысты зерттеу
жұмыстары көп жарияланған. Техникалық жоғары
оқу орындарында грамматиканы оқытқанда оқытушы тек
қана сұрыпталып алынған материалдармен жұмыс істейді.
Қазақ
тілін механика мамандарына оқытқанда сөздіктердің де
алатын орны ерекше. Өйткені, кейбір сөздер екі тілде айтылуын
қажет етеді. Мәселен, бөлшек - деталь, беріктік -
прочность, беріліс - передача, жұдырықша - кулачок т.б. Осындай
жағдайда аударма сөздіктер аса қажет.
Орыс
аудиториясында студенттің болашақ мамандығы міндетті
түрде ескеріледі. Өйткені, мамандықтар бойынша
қазақша терминдер әлі толық қалыптас-паған,
ал ұсынылып жүрген терминдер көбінесе талас туғызып
жатады.
Техникалық
терминдерді қалыптас-тыруда мақал-мәтелдерді, еркін
және тұрақты сөз тіркестерін пайдалану тілді
үйрену процесінде маңызды қызмет атқарады.
Мәселен, темірді қызған кезде соқ, алтын жалату,
машина бөлшектерін сатып алу, т.б. Еркін және
тұрақты сөз тіркестерін тіл дамыту үшін орынды,
жүйелі қолданудың ұтымды екенін тәжірбие
көрсетіп отыр.
Тіл
дамытудың ең басты маңызды лингвистикалық
ұғымы - мәтін. Ол - мазмұнды және мағыналы
ақпаратты алудың негізгі көзі; мәтін оқытылатын
бірліктердің қолданылуын лексика-грамма-тикалық
құрылымдық-мағыналық аспекті-лерде ойдың
дұрыс құрастырылуын ұйым-дастырады. Сондықтан
мәтін ауызша монологтық айтылымға үйретудің
бірлігі болып есептеледі, өйткені, ол тілдік аспектілермен байланысып,
сауатты жазуға ықпал етеді. Тек мәтін негізінде
сөйлесім әрекетінің барлық түрлерін байланыс-тыруға
мүмкіндік туады. Лингвистиканың объектісі ретінде мәтін жалпы
мағына-сымен, жеке құрылымымен сөйлемдер тобын
құрайды.
Мәтіндегі
ойдың дұрыс берілуі оның маңызды қасиеті болып
табылады. Мәтін кемінде екі сөйлем болғанда ғана пайда
болады.
Механика
мамандығына байланысты мәтіндерді таңдаудың да
өзіндік ерекшелігі бар. Кәсіби салаға қатысты
мәтіндер студенттердің шығармашылық, танымдық
қабілеттерін арттырады. Олардың қазақ тілін
оқуға деген қызығушылығы пайда болады.
Мәтінмен жұмыс істеу студенттің сөйлеу мәдениетін
қалыптастырады және әр сөзді іс жүзінде орынды
пайдалана алатын қабілетін дамытады.
Мәтінде
қолданылатын материалдың дұрыс таңдалуына
көңіл аудару қажет. Өйткені, дұрыс
таңдалған материалдар тіл дамытуға ықпал жасайды
және кәсіптік бағдар береді. Сондықтан әдеби
шығармалардан алынған материалдарды, мазмұнға бай
түрлі тарихи, кәсіби ақпараттарды қолданған
пайдалы.
Мамандық
саласына байланысты түрлі қызықты тілдік материалдар
студенттердің интеллекті эмоциясына әсер етеді.
Мәтіндер
өзіне жүктелген күрделі қызметті атқару
үшін, оларға төмендегідей талаптар қойылады:
1)
Қатысымдық мәтіндер маман-дығына сәйкес іріктелуі
керек;
2)
Мәтіндер кәсіптік бағытына байланысты мазмұны,
көлемі, тәрбиелік мәні жағынан ажыратылып, жіктелуі
керек;
3) Болашақ
кәсібі туралы мақал- мәтелдер мол болуы керек.
Студенттердің
сөздік қорын техника мамандығына байланысты терминдер ар-қылы
байыту жолының өзіндік ерекшеліктері бар. Сондықтан
бұл бағытта жүр-гізілетін жұмыстарының
тұтас бір кешені жасалынады. Ол кешенді жаттығу жұмыстары
бірін екіншісі толықтырып тұратындай түрде жасалынып,
орналасты-рылады. Студенттерге механика маманды-ғына байланысты лексиканы
игерту үшін арнайы терминологиялық сөздік жүйесі
жасалынады. Студенттің тілін дамытуда, тіл байлығын жетілдіруде
сөздік жұмыс-тарымен, сөз тіркестерімен, сондай-ақ
мақал-мәтелдермен жұмыс істеудің маңы-зы зор. Тіл
ұстарту - ең алдымен сөзбен жұмыс, ал тіл байлығы
- ең алдымен студенттің сөздік қорын молайту. Ал
студенттердің сөздік қорын дамытуда әр түрлі
сөздіктермен жұмыстың пайдасы ерекше. Соның ішінде
түсіндірмелі, фразеологиялық және термин сөздіктері
студенттер мәтінмен жұмыс істегенде аса қажетті
құралдар болып табылады.
Қазақ
тілін мәтінмен жұмыс істеу арқылы үйрету, оқыту
мәселеріне арналған көптеген ғылыми еңбектер,
мақалалар бар. Механика мамандықтары бойынша оқитын
басқа ұлт өкілдерін қазақ тіліне
оқытқанда көбінесе жазба мәтін көбірек
қолданылады. Жоғарғы оқу орындарында студенттерге
қазақ тілі тереңдете меңгертіледі. Студент бірінші
күннен бастап мәтіндермен жұмыс істей бастайды.
Мәтінмен жан-жақты дұрыс жұмыс жасап үйренген
студент меңгерген лексикаларын өмірде қолдануға
тырысады. Ол мәтінді оқыту амалы ғана деп қарамайды,
керісінше, оны сөйлеуге, ойын айта білуге алып баратын көпір деп
есептейді. Сөздерді сол үшін жаттайды, тіркестерді де сөйлеу
үшін есте сақтайды.
Мәтін -
тілдің ең сарапталған дербес бөлігі. Ол өз ішінде
басқа дербес бөлшектерді қамтиды (сөйлем, абзац).
Мәтін деңгейінде тілдік жүйенің барлық
аспектілері қарастырылады. Бұл тіл дамыту жұмысын
жан-жақты жүргізуге көмек-теседі.
Орыс
бөлімдерінің студенттерін қазақ тіліне оқытуда
стилистиканың да алатын орны ерекше. Стилистика негізінен белгілі бір
тілдегі лексикалық, граммати-калық, фонетикалық және
орфоэпиялық тәсілдердің қолдану принциптерін
қарасты-рады.
Техникалық
жоғары оқу орындары-ның механика факультетінің
студенттеріне қазақ тілін оқыту барысында төмендегідей
мәселелерге мән берілуі қажет: морфоло-гиялық
тұлғалардың стильдің жеке түрле-ріне
қатысты, экспрессивті-эмоционалды лексика жасайтын кейбір
морфологиялық тұлғалардың, сөз топтарының
қолданылу ерекшеліктеріне; көптеген лексикалық
бірліктерінің түрлі стильдерде қолданы-луына; сөйлемдегі
сөздердің орын тәрті-біне; сөйлем
мүшелерінің сөйлемдегі сөз-дермен грамматикалық
байланысына; т.б.
Студенттер
мәтіндерді өз бетімен талдап лексика-грамматикалық категори-ялардың
стилистикалық ерекшеліктерін ашып, нақтылай көрсетуі тиіс.
Сонда ғана олар сөз құдіретінің өрнектерін
танып, сөз кестесіне бойлап, оның қат-қабат,
қыр-сырына жетуге бағыт алады. Шығарманы
лингвостилистикалық тұрғыда талдауда студенттерге
лексикалық стилистика, морфологиялық және синтаксистік стилис-тикаға
қатысты теориялық түсінік бере отырып, жаттығу
жасатқан орынды.
Студентерде
мәтіндегі сұраулы сөйлемнің жұмсалу
мақсатына, сұрақ қою мәніне көңіл
аудару, қойылған сұраққа қатысты
айқындалатын ойға мән беру – сөйлесім әрекеті
(диалог) арқылы жүзеге асады.
Ауызекі
сөздің диалог түрінде берілуі оның синтаксистік
құрылысы мен стильдік мақсатта жұмсалуына әсер
етеді. Өйткені, диалогта берілген сөз әрі айтуға,
әрі түсінуге ыңғайлы құралады. Ауызекі
сөзде сөйлем мен сөз тіркестерінің үнемді
варианттары алынады. Үнемді құрылған ондай варианттар
синтаксистік тәсіл арқылы беріліп, стильдік мақсат
көздейді.
Механика
мамандығына қатысты тақырыптарды меңгерту барысында
тілдік қатынас әрекетінің жазылым түрлері: диктант,
шығарма жазу және өздік жұмыс секілді тапсырмаларды
көбірек берудің пайдасы зор. Шығарма жазу, әңгіме
құрастыру сияқты жұмыс түрлері
студенттердің ой-өрісінің дамуына, сөздік
қорларының баюына ықпал жасайды. Ал ізденушілік, қызығушылықтарын
арттыру мақсатында сөзжұмбақ түрлерін ойлас-тыру,
мақал-мәтелдерді, жаңылтпаштарды теріп жазу сияқты
тапсырмаларды көптеп берген жөн.
Сөздік
жұмысын жүргізудің білім-ділік маңызы бар.
Өйткені, ол оқушыда механика мамандығына сәйкес
лексиканы меңгеру дағдысын қалыптастырады, бола-шақтағы
қызметінде қолдануды қамта-масыз етеді. Сөздік
жұмысының мазмұны - студентке таныс емес жаңа
сөздерді түсіндіру; бұрыннан таныс сөздердің
мағы-насына талдау жасап, нақтылау; сөз байлығымен
таныстырып, оның стильдік мүмкіндігін көрсету.
Ережені
нақтылайтын материалдарда студенттің тілін байытатын жаңа
сөздер енгізіледі. Мәтінмен жұмыс істегенде оқытушы
түсініксіз сөздерді түсіндіреді. Сөздік жұмысы
қазақ тілінің барлық салалары бойынша жүйелі
жүргізіліп отырады (Әбілқ., 100).
Қорыта
келе, басқа ұлт өкілдері қолданбалы механика
лексикасына қатысты өтілетін грамматикалық, фонети-калық,
морфологиялық, құрылымдарды нақтылау орыс
топтарындағы тіл үйренуші студенттердің өздері
қалаған мамандық-тары бойынша қазақ тілін
үйренулеріне негіз болады. Ең басты тілдік әрекеттер -
оқылым, айтылым, жазылым, тыңдалым, сол секілді тілдесімді
қарым-қатынаста жүзеге асыратын фонетикалық,
лексикалық және грамматикалық бірліктер және
олардың сөйлеуде алатын орындары, ойды жеткізу барысындағы
байланысу жолдары - осылардың бәрі тілді үйретудегі
қолдану амалдары болып саналады.
Осы тұрғыдан практикалық фоне-тика,
практикалық лексика, практикалық грамматиканың сөйлеу
түзілімінде алатын орны ерекше. Фонетикалық, лексикалық,
грамматикалық тұлғалар механика факуль-тетінің орыс
бөлімдерінің студенттерін қазақ тіліне үйретуде
лингвистикалық ереже тұрғысынан емес, сөйлеу мен
тілдесімге қатысты негізгі материал ретінде, тілдік
қарым-қатынастың қажетті құралы есебінде
оқытылады
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Оразбаева Ф. Ш. Тілдік
қатынас: теория және әдістемесі. - Алматы, 2000, 207-б.
2. Балақаев А. М.
Қазақ тілі мәдениетінің мәселелері. - Алматы,
1965, 185 б.
3. Аханов К. Тіл
білімінің негіздері. – Алматы: «Санат», 1993, 599 б.
4. Балақаев М.,
Жампейісов А., Томанов М., Манасбаев Б. Қазақ тілінің
стилистикасы. - Алматы, 1974.
5. Нургалиева М.М.
Формирование и функционирование терминов бурения нефти и газа в казахском
языке. Автореферат. - Алматы. 2000. 31 б.
6. Әбілқасымова
А.Е. Студенттердің танымдық ізденімпаздығын қалыптас-тыру.
- Алматы «Білім», 1994, 189 б.
7. Оразахынова Н.А.
Пәнаралық байланыс - тәрбие жұмысын жетілдірудің
негізгі бір жолы (қазақ тілі пәніндегі пәнаралық
байланысқа негізделген): пед. ғыл. канд. дисс. - Алматы, 1993. -
189 б.
8. Щерба Л.В. Современные проблемы языкознания в книге
“История языкознания ХІХ и ХХ в. В очерках и извлечениях”, ч. П, - М., 1960,
314 б.
9. Журавлева Л.С., Зиновьева М.Д. Обучение чтению. -
М.: «Русский язык», 1984, 96 б.
К содержанию номера журнала: Вестник КАСУ №2 - 2010
|