Главная  | О журнале  | Авторы  | Новости  | Конкурсы  | Научные мероприятия  | Вопросы / Ответы

К списку победителей

Аталарым жайлы әңгіме

Марғұлан Долдаханов

«Атасыз ел болмас, атаусыз жер болмас» дегендей, шығыста Алтай тауы мен Қалба сілемі, батыста Орда Архат тауларымен шектескен Белтерек елді мекенімен, оңтүстікте Қапанбұлақ, Жарма станциясы, ал солтүстікте Бақыршық кен орны, Шар теміржол стансасымен шектеседі.

Осы кең жазираны тоғыз таңбалы Бура атасының ағайынды екі баласы Елшібек Ақтаз, Байқошқар Қаратаз ұрпақтары қоныстаныпты. Ақтаз, Қаратаз деген есімдерді қайныларына жеңгелері қойған екен. Ағайынды екі ата балаларының татулық жарасымдылығы жайлы ертедегі көш бастаған көсемдер, сөз бастаған шешендер келер ұрпаққа мынадай баталы сөздер қалдырыпты.

Жайлығың жаздай болсын,

Қоңдылығың қаздай болсын.

Татулық пен бірлігің,

Туыс екі таздай болсын!

Найман – Бура болысы, оның жер көлемі, неше түтін ел болғандығы жайлы алуан түрлі пікірлер айтылып, екі түрлі деректер келтіреді.

Бура Найманның жалпы ақырғы қоныс аударуы ХІХ ғасырдың орта шенінен басталып, Ертіс өзенінің қос қапталына орналасуымен тамамдалған немесе Делбегетейден бастап, Ертіс, Қызылсу, Шар өзендерінің бойында Жарма тауларының қойнауларында Бураның Ақтаз, Қаратаз рулары, Қарқаралы тауларының шығыс бөктерінде Жәуетей, Айдаболы мен Бозғозы аталары қоныстанады. Бүгінгі күнге осы аталардан біраз ұрпақтары қоныстанып отыр. Солардың біреуі өзім екенімді жасыра алмаймын. Аталарым керемет бүркітші болыпты. Жарма ауданына қарасты Қарасу деген жерде «Бүркітті сай» деген жер бар.

Мәселен, «Бүркітті сайдың» бұлай аталуы тегіннен-тегін емес. Қалың жыныс болып өскен тал-қамыс арасынан бастау алып жатқан бұлақ көздері бірер шақырымнан кейін жайыла ағып, тік жардан құлайды. Сайы салқын, сыңсыған қайың тал. Осы сарқырамаға қарама-қарсы – тіп-тік жалаңаш құз. Бізге жеткен аңыз-әңгімеге қарағанда, сол құзға қыран ұя салған. Осы елді мекендеген Қаратаз Можан бай «Сарыбауыр» қыранын осы құздан қолға түсіріп, баптаған көрінеді. Сол Можан атамыз керемет жомарт болған деседі. Үйінің маңайынан өтіп бара жатқан адамдарды тамақтандырып аттандырады екен. Ат басын тіремей кеткен адамдарды шақырып алып дүре соққызған деседі. Ел арасында мынандай өлең шумақтарының сақталуы соның дәлелі сияқты:

Қаратазда Можан бар

Қайнап тұрған қазан бар.

Оған барып ішпесең

Қырық шыбық жазаң бар, - деген екен.

Ел аузында Қаратазды керемет жомарт дейді, жомарттығын көрейік деп көшіп бара жатқан жерінде қонақ болып барған адамдарды аталарымыз киіз үйдің ішінен құдық қазып биенің саумалына ет асып берген дейді.

Жазиралы даланың кеңдігі, адамдардың дархан көңілі деген осы шығар.


 © 2024 - Вестник КАСУ