Главная  | О журнале  | Авторы  | Новости  | Конкурсы  | Научные мероприятия  | Вопросы / Ответы

К списку победителей

Абай ата

Айназ Темержан

Абай ата көп - көп өлең шығарды,

Насихаттап, әр сөзіне толғанды.

Қара сөзді жалғастырып жазғанды,

Артынан оның мұрағаттар қалған-ды.

Абай ата кітаптарын оқимын,

Әр сөзіне мән беріп, бойыма мен тоқимын.

Абай ата өлеңдерін жаттаймын,

Мәңгілікке ойыма мен сақтаймын.

Абай ата бар әлемге танылған,

Өлеңдерін көргенде мен таң қалғам.

Одан әрі танытамын Абайды,

Жазып шыққан кереметтей ойларды.

Өлеңдерін бар әлемге сыйлады,

Жүректерді тербетіп ол жазған-ды.

Жақсыны да, жаманды да сынады,

Әр шумаққа қосып сөздер жырлады.

Өлеңдер мен аудармалар болыпты,

Қырық бес те қара сөздер жазыпты.

Кітаптармен мұның бәрін таратты,

Абай ата барлығын да ойлапты.

Поэмалар бірнешеудей болыпты,

Түсіндіріп, түсінікті жазыпты.

Төрт мезгілге талай шумақ арнапты,

Ауа райын, басқасын да сынапты.


 © 2024 - Вестник КАСУ