Главная  | О журнале  | Авторы  | Новости  | Конкурсы  | Научные мероприятия  | Вопросы / Ответы

ОРАЛМАН СТУДЕНТТЕРДІҢ ОҚУ ПРОЦЕСІНЕ БЕЙІМДЕЛУІНІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖƏНЕ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗІ

К содержанию номера журнала: Вестник КАСУ №1 - 2007

Авторы: Байтемирова К.Б., Игибаева А.К.

«Балқан, Балқан, Балқан тау, бұлда- біздің барған тау» деп бүкір қобызға қосылып күңіреніп кеткен бабалар сөзі рас, бұл күнде мұхит асып кеткен қазақтардың аяғы баспаған жер қалмаған тәрізді. Отан қадірін шетте жүргендер біледі дегендей «Өзге елде сұлтан болғанша, өз елінде ұлтан бол», - деген ұран мен елін, жерін аңсап Қазақстан жеріне 1991 жылдан бастап, яғни еліміз тәуелсіздігін алғаннан бері қандастарымыз атамекеніне оралуда.

Көші-кон мәселесі осы заманғы ғаламдану процесінің бір сипаты болып табылады. Халықтың көші-қоны әлемдік экономикадағы және саясаттағы инте-грациялану мен қатар өсуде. Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан әлемдік қоғамдастықтың бір бөлігіне айналды.

Ел Президенті Н. Назарбаев «Қазақстанның даму стратегиясы – 2030» кітабында жария етілген мемлекеттік көші- қон саясатындағы басымдыктардың бірі – этникалық қазақтарды өзінің тарихи отанына оралту болып табылады [2].

Жыл сайын Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлықтары мен бекітетін имиграция квотасы бойынша оралмандардың тарихи отанына оралуына Қазақстан Респуб-ликасының Қытайдағы, Монғолиядағы, Ирандағы, Пакистандағы, Рессейдегі, Түркиядағы, Өзбекстандағы, Қырғыз-стандағы елшіліктері және қазақтардың Дүние жүзілік Қауымдастығы белсенді түрде атсалысып келеді.

Қай елден келген оралман болмасын, олар осы уақытқа дейін туып-өскен жеріне, тіліне, салт - дәстүріне, халқына, климатына икемделіп, бейімделген халық-тар. Қаншалықты өз елім, жерім деп келгені мен жаңа ортада көптеген қиыншылықтар кездеседі. Сол қиыншы-лықтардың бірі қаншалықты атамекенін аңсап келгені мен жаңа орта, қоғам, адамдар көзқарасы, өзге заңдылықтарға, яғни жаңа климаттық жағдайға, әлеуметтік ортаға икемделуіне, бейімделуіне әкеледі. Сондай - ақ кейбір қандастарымыздың қазақ грамматикасы мен орыс тілін білмеуі, сонымен байланысты олардың әлеуметтік бейімделу мен тұрғын халықтар интеграциясын қиындататын бірқатар мәселелер кездеседі. Сондықтан қандас-тарымыздың мәселелерін жеңілдету үшін бірқатар жұмыстар істелуі керек, әлеуметтік, қоғамдық көмек пен қатар психологиялық көмектіңде қажет екені анық. Сондықтан оралмандардың жаңа ортада бейімделуін жеңілдету үшін көптеген жұмыстар атқарылуы керек. Ол үшін ең алдымен оралмандардың бейімделуі жағдайын диагностикалап, қандай мәселелер бар соларды анықтап, басқада көмек жолдарын қарастыру.

Қазіргі таңда бейімделу мәселесін зертеу халықтың бір географиялық ортадан екінші жерге жаппай миграциялануына байланысты ерекше маңызды болып табылады [2].

“Қазақстан – 2030” деп жатырмыз. Бүгінгі жастар ертең ел тізгінін қолға алып, Қазақстан деген ұлы мемлекетті болашаққа апарар ұрпақтың алдыңғы қатарлы арқа сүйер өкіліне айналмақ.

Сол ұрпақтың бір буыны ақыл-ойы жетілген, қоғамның саналы мүшесі – бүгінгі студент жастар. Ал студент жастар дегеніміз кім? – ол отанына, яғни жоғарғы оқу орындарына білім алу мақсатында келген жастарды айтамыз.

Әлеуметтік-экономикалық дамудың қазіргі кезеңінде, оқу-тәрбие жұмысының жаңару заманында студенттік кезеңдегі психологиялық жетілудің орасан мәсе-лелері бар. Атап айтқанда, ол оралман студенттердің әлеуметтік–психологиялық бейімделу процесін анықтау арқылы олардың жеке басын және оқу процесін дамытуға бағыттау.

Студенттің әлеуметтік – психо-логиялық бейімделу сипаты ерекше назар аудартады. Қоғамда студент ең алдымен әлеуметтік жүйенің органикалық түйіні. Екіншіден студенттің ерекшелігі, мінезі, дүниетанымы, қоғамның мақсат талабына сай келеді.

Ал адамның негізгі әлеуметтік потенциялының дамуы үшін студенттік кезең сензитивті болып саналатыны белгілі. Жоғарғы білім адамның психикасына, жеке басының дамуына зор әсерін тигізеді. Жоғарғы оқу орнындағы білім алу кезінде студенттерге жағымды жағдай әсер еткен кезде, яғни әлеуметтік-психологиялық бейімделуі қалыпты денгейде өтсе, ол психиканың барлық деңгейлерінің одан ары жақсы дамуына жағдай жасайтыны анық. Олардың өзі тұлғаның кәсіби бағыттылығын сипат-тайтын ойлауды қалыптастырады. Соны-мен қатар адамның өмірін қызықпен әсемдікпен қамтамасыз ететін эмоци-оналдық жағдай студенттің оқу стилі мен оқу үлгеріміне, курстастары, сонымен қатар ұстаздарымен өзара қарым-қаты-насына мәнді әсерін тигізеді. Студенттің оқу орнына оптималды бейімділігін қамтамасыз ететін тактика мен жоспарларды жасау үшін бірінші курс студенттерінің өмірлік жоспарлары мен қызығушылықтарын, басым мотивтерінің жүйесін, тартымдылық деңгейін, өзін бағалауын, мінез-құлқын саналы реттеу қабілетін және т.б. білу маңызды. Осы мәселені сәтті шешу жоғарғы оқу орнының психологиялық қызметінің дамуымен байланысты [8].

Әр студенттің бейімделу үрдісі әр түрлі жүреді. Әдетте, барлық оқу орындарында бірінші курс студенттерін оқу орны жағдайына бейімдеуге көмектесетін арнайы іс-шаралар жүйесі жоспарланады.

Оралман студенттердің мінездік қалыптасуы болашақ қоғамымыздың толыққанды құрылымдық сатысын құ-райды. Сондықтан оралман студенттің әлеуметтік-психологиялық бейімделу ерек-шелігінің қоғамда болып жатқан құ-былыстарға сай қалыптасуы өте маңызды.

Студент қандай да бір жас кезеңіндегі адам ретінде және жеке адам ретінде үш жақты сипатталады:

1) Жеке адамның психологиялық үрдістер, қалыптар және қасиеттерін біріктіретін психологиялық жағы. Пси-хологиялық тұрғының маңыздысы – психикалық қасиеттер (бағыттылық, темпе-рамент, мінез, қабілеттер). Ал бұларға психикалық үрдістердің жүруі, психикалық қалыптардың пайда болуы, психикалық жасалулар тәуелді десек те, нақты бір студентті зерттей отырып, сонымен бірге сол индивидтің ерекшеліктерін, оның психикалық қалыптары мен үрдістерін есепке алу қажет;

2) әлеуметтік жағы, ол студенттің қандай да бір әлеуметтік топқа, ұлтқа жатуына орай туындайтын қоғамдық қатынастарды, қасиеттерін қамтиды.

3) биологиялық жағы, оған – жоғары жүйке жүйесінің әрекеті, анали-заторлардың құрылымы, шартсыз рефлек-стер, инстинктер, физикалық күші, дене құрылысы, бойы, бетәлпеті, терісінің көзінің түсі және т.б. жатады. Бұл тұрғыда негізінен туа берілген ерекшеліктер мен тұқым қуалаушылықпен алдын ала болжанған, бірақ та, белгілі бір шекте өмір жағдайына байланысты да өзгеріске ұшырайды.

Жоғарғы оқу орнында білім алу уақыты жастық шақтың екінші кезеңімен немесе жеке бас қасиеттерінің қалыптасу күрделілігімен ажыратылатын зерделік шақтың бірінші кезеңімен сәйкес келеді. Осы зерделік шақтың бірінші кезеңі Б.Г. Ананьев, А.В. Дмитриев, И.С. Кен, В.Т. Лисовский, З.Ф. Есаревтің және т.б. еңбектерінде талданады. Осы кездегі адамгершіліктік дамудың маңызды сипаты мінез-құлықтың саналы мотивтерінің күшеюі болып табылады. Жоғарғы сыныптардағы өте жеткіліксіз болған – мақсатқа бағыттылық, шешімталдық, табандылық, өзбеттілік, инициатива, өзін басқара алу сияқты қасиеттердің күшеюі анық білінеді. Адамгершілік (мақсаттар, өмір бейнесі, міндет, махаббат, сенімділік және т.б.). мәселелерге қызығушылық жоғарылайды [4].

Жоғарғы білім адам психикасына, оның жеке басының дамуына үлкен әсер береді. Оқу орнында білім алу кезінде жағымды жағдайлар болғанда студенттерде психиканың барлық деңгейлерінің дамуы өтеді. Олар адам саналылығының бағыттылығын анықтайды, яғни, жеке адамның кәсіби бағыттылығын сипат-тайтын ойлау қоймасы қалыптасады. Оқу орнында үлгерімді оқу үшін жалпы интеллектуалдық дамудың, соның ішінде қабылдау, елестеу, ес, ойлау, зейін, эрудицияланған, танымдық қызығу-шылықтардың кең аясы, белгілі бір логикалық операциялардың аумағын меңгеру және тағы сол сияқтылардың жеткілікті жоғары деңгейі қажет. Осы деңгейдің кейбір төмендеуі оқу әрекетіндегі жоғарғы мотивация немесе жұмысқа қабілеттілік, табандылық, мұқияттылық және ұқыптылықтың компенсациясы болуы мүмкін. Бірақ бұндай төмендеудің де шегі болады, мұнда компенсаторлық механизмдер көмектесе алмайды да студенттің оқудан шығарылуы да мүмкін.

Жоғарғы оқу орнына келіп түскеннен бастап болашақ мамандарға әлеуметтік қабылданған нормаларға жағымды қаты-нас, адамның өз мүмкіндіктерін шынайы бағалау сияқты жеке адамға тән қасиеттер дамиды.

Студенттің табысты іс-әрекетіне қажетті жағдай ішкі дискомфортты сезінуді жоғалтатын және қоршаған ортамен қайшылықтың болуының алдын алу. Ол үшін таңсық болған оқу орнындағы оқу ерекшеліктерін меңгеру болып табылады. Алғашқы курстарда студенттік ұғым пайда болады, ақыл-ой әрекетінің ұжым-дастырудың дағды-үйреністері қалып-тасады, таңдалған кәсіпке сәйкестік сезіледі, тұрмыстың бос уақыттың және еңбектің оптималды тәртібі жасалынады, жеке адамның кәсіби мәнді қасиеттеріне өзіндік тәрбиелеу мен өзіндік жасалулар бойынша жұмыс жүйелі түрде орнығады.

И.П. Павловтың ашқан психофизи-ологиялық құбылыс – динамикалық стереотип негізін құрайтын көпжылдық әдеттегі жұмыс стереотипінің күрт өзгеруі кейде жүйке тозулары мен стресстік реакцияларға әкеледі. Сол себепті бұрынғы стереотиптің күрт өзгеруімен байланысты бейімделу (адаптация) кезеңінің салда-рынан алғашқы уақыттарда салыстырмалы түрдегі төменгі үлгерім және қарым-қатынастағы қиыншылықтарға әкелуі мүмкін.

Бірінші курстардың оқу орнына бейімделу үрдісіне орай жүргізілген көптеген зерттеулер келесідей негізгі қиындықтарға жіктеледі екен: кешегі мектептің ұжымындағы оқушылардың оның өзара көмегі мен моральдік қалауының кетуімен байланысты жағымсыз күйзелістер; кәсіпті таңдаудағы мотивацияның белгісіздігі, оған жеткіліксіз психологиялық даярлық, мінез-құлық пен іс-әрекетті психологиялық өзіндік реттей алмаушылық, оның күнделікті бақылауға ашылуын педагогтардың талап етуі, жаңа жағдайда еңбек пен демалыстың опти-малды тәртібін қарастырып іздеу жұмыс пен өзіндік қызметті реттеу, әсіресе үй жағдайынан жатақханаға ауысу кезінде, соңғысы өзіндік жұмысқа дағдының болмауы, конспекті жасай алмау, алғашқы еңбек көздерімен, сөздіктермен, анықтама сілтемелермен жұмыс жасай алмаушылық.

Барлық осы қиыншылықтар өзінің шығуына байланысты әр түрлі. Оның кейбіреулері объективті құрыла алмайтын, енді біреулері субъективті сипатта және де әлсіз даярлықпен, мектеп және жанұя тәрбиесіндегі ақаулармен байланысты [5].

Студенттердің жоғарғы оқу орнына бейімделуі Стокаренко бойынша келесідей жіктеледі:

а) кәсіби бейімделу, оқу үрдісінің мазмұны, сипаты, жағдайлары мен ұымдастырылуына икемделу, оқыту және ғылыми өзбеттілік дағдыларының жасалуы;

б) әлеуметтік – психологиялық бейімделу – индивидтің топқа, онымен өзара қарым-қатынасқа икемделуі, өзіне тән мінез-құлық стилінің анықталуы.

Басқаша айтсақ, «бейімделу қабілет – ешқандай ішкі дискомфортты сезінбей және қоршаған орта мен қарама-қайшылықсыз адамның қоршаған ортаның әлеуметтік, физикалық, әр түрлі талап-тарына бейімделе алу қабілеті ». Бейімделу – бұл белсенді іс-әрекеттің алғы шарты және оның тиімділігінің қажетті шарты. Бұдан индивидтің қандай да бір әлеуметтік рөлінің жақсы қызмет етуі үшін бейімделудің жағымды маңызы көрінеді [11].

Зерттеушілер бірінші курс студент-терінің оқу орнының жағдайына бейім-делуінің үш түрін көрсетеді:

1) формальды бейімделу, студен-ттердің жаңа ортаға, жоғарғы мектеп құрылымына, ондағы оқыту мазмұнына және оның талаптарына қатысты;

2) қоғамдық бейімделу, яғни, бірінші курс студенттерінің топтық ішкі бірігуі және жалпы алғанда топтардың басқа студенттермен қосылу үрдісі;

3) дидактикалық бейімделу, жоғарғы мектепте студенттердің оқыту жұмыс-тарының түрлері мен әдістеріне байла-нысты бейімделу.

Студенттердің үлгерімді оқуы көптеген факторларға тәуелді. Олардың ішінде ең бір маңыздысы болып табылатын – ақыл-ой әрекетінің көрсеткіші ретіндегі интеллектуалдық дамуы мен таным процесстерін реттеуші қызмет атқаратын – зейін.

Көпшілік бірінші курс студенттері алғашқы кездері өзіндік оқу жұмысындағы дағдылардың болмауынан үлкен қиындықтарды басынан кешітеді, олар дәрісті конспектілей алмайды, оқулық-тармен жұмысты, алғашқы бастаулардан білімді тауып және іздестіре алмайды, үлкен көлемді ақпаратты қорытындылай алмайды, өз ойын нақты және анық айтып бере алмайды.

Бірінші курс студенттерімен негізгі жұмыс міндеттерінің бірі – ол өз беттік жұмыстың рационализациялау мен оптими-зациялаумен оларды таныстыру болып табылады.

Студенттердің өздік жұмысын семинар, практикалық және зертханалық сабақтары арқылы бақылайтын кейбір студенттер тарапынан сәйкес талаптарды орындаудан қашып және оған енжарлық танытулары да байқатады.

Мамандарды даярлаудың сапасын көтеру үшін үлкен резервтері студенттер білімін бақылауды жүзеге асыруды ашады. Емтихандық сессияларда үлгерімдікті бақылау жүйесі студенттердің тек сол кезде ғана дайындалып, кейіннен ұмытуға себепші болатын жағдай ғана. Студент-тердің кітаппен жұмыс жасау, бүкіл семестр бойына жүйелі түрде дайын-далмауы кездейсоқ емес [13].

Көпшілік бірінші курс студенттеріміз кеше ғана мектептегі мұғалімдерінің назары мен қамқорлығын сезінген олар оқу орны жағдайында алғашында диском-фортты сезінеді. Оларды жоғарғы оқу орнындағы жаңа іс-әрекеттері – ол жауапкершілікті тәуелді қатынастардың сапалы өзгеше жүйесі. Онда ең бірінші орынға өз мінез-құлқын өз бетімен реттеу қажеттілігін, өз ісі мен тұрмысының ұйымында бостандық дәрежесінің болуы қойылады.

Студенттердің әр курстағы дамуы бірнеше сипатқа ие.

Бірінші курс ұжымдық өмірдің студенттік түрлеріне кешегі абитуриентті үйрету міндетін шешеді. Студенттердің мінез-құлқы конформизмнің жоғарғы деңгейімен ерекшеленеді. Бірінші курстағы студенттер де өз рөлдеріне дифферен-циацияланған қадам жоқ.

Екінші курс – студенттің оқу әрекетіндегі ең қысым түсетін оқыту мен тәрбиелеудің барлық түрлері жедел араласады. Студенттер жалпы дайындықты алады, олардың мәдени сұраныстары мен қажеттіліктері қалыптасады. Берілген ортаға бейімделу үрдісі негізінен аяқталған деп саналады.

Үшінші курс – мамандандырудың басталуы, ғылыми жұмысқа қызы-ғушылықтың күшеюі студенттің кәсіби қызығушылығының тереңдеуі мен ары қарай дамуының бейнеленуі ретінде көрінеді. Мамандануға табанды қажеттілік жеке адамның жан жақты қызығу-шылықтары аумағының таралуына жиі әкеліп соғады. Әдетте, жоғарғы оқу орнындағы жеке адамның қалыптасуының түрлері мамандану факторымен анық-талады.

Төртінші курс – оқу іс-тәжірибесі кезінде мамандықпен бірінші нақты танысу. Студенттер мінез-құлқын арнайы дайындықтың рационалды түрлері мен жолдарын интенсивті іздестіру. Студенттер мәдениет пен көпшілік өмір құнды-лықтарын асыра бағалайды; оқу орнын жақында тәмәмдау перспективасы – болашақ іс-әрекет түрін нақты тәжірибелік қағидалары қалыптасады. Жұмыс орны, материалдық және жанұялық жағдаймен байланысты одан әрі өзекті бола бастаған жаңа құндылықтар пайда болады. Студен-ттер біртіндеп оқу орнының ұжымдық өмірінен алшақтай бастайды.

Үшінші және төртінші, кей жағдайда екінші курстарда өмірлік серігін іздеу маңызды рөл атқарады. Бұл да студенттердің қоғамдық іс-әрекеті мен үлгеріміне әсер етеді. Қарама-қарсы жыныс өкіліне қызығушылық студенттер мінез-құлықтары мен ақыл-ойында мәнді орынды иеленеді [9].

Оқытудың сәттілігі оқытылу сияқты адамның психикалық қасиетімен анықталады. Бұл түсініктің негізін адамның жеке бас ерекшеліктері (бейім-ділік, жеке адамның тұрақтылығы моти-вациялар тығыздығы және басқалар) және оның барлық интеллектуалдық потенциалы құрайды.

Студенттердің үлгерімі тек арнайы қабілеттер мен жалпы интеллект дамуына ғана емес, сонымен бірге, қызы-ғушылықтар мен мотивтер, мінез қырлары, темперамент, жеке адам бағыттылығы, оның өзіндік санасына да тәуелді. Жеке адамның бағыттылығына, оның матери-алдық және рухани қажеттіліктері кіруі мүмкін. Осы қажеттіліктер өзінің қанағат-тануын күтеді және сондықтан да құмарлық, еліктеу, тілек ету, талпыныс, эмоционалдық күйлерді тудыратыны хақ, ал осылардың себебінен студент белсенділік танытуға мәжбүр болады.

Жеке адамның потенциалды мүмкіндіктерін жұмылдырудың маңызды шарты оның қандай да бір іс - әрекет түріне бағыттылығы мен белсенділігі болып табылады. Адам үшін ең мәнді нәрсе сайып келгенде оның іс-әрекетінің мотивтері мен мақсаттары ретінде орын алады.

Студенттің жеке басындағы негізгі қажеттіліктерінің бірі қарым-қатынас қажеттілігі. Қарым-қатынаста студенттер өзгелерді ғана емес өзін де танып-біледі, әлеуметтік өмірдің тәжірибесін меңгереді.

Студент дамуы мен іс-әрекетінде әлемдік көзқарасы – қоршаған ақиқат дүниеге көзқарасы, наным-сенімдер жүйесі де қомақты рөлге ие. Студенттің мінез-құлқы мен әрекетіндегі айқын ерек-шеліктер темпераментіне де тәуелді. Сондай-ақ, студенттердің іс-әрекеттерінде олардың мінезі де көрініс береді. Мінез – адамның салыстырмалы тұрақты психи-калық құрылымы, оның жүріс – тұрысына әсер ететін қырлар жиыны [1].

Сонымен студенттік жас кезеңдерінде төмендегідей жаңа жасалулар, мүмкіндіктер анық байқалады:

- ақыл-ой, адамгершілік қатынастағы зерделілік (ересектік);

- наным-сенім, дүниеге көзқарасы;

- өзбеттілік - турашылдық;

- сыншылдық және өзіне сыншылдық;

- ішкі сенімсіздікті тудыратын өзіндік бағасының қайшылығы;

- максимализм, үлкендердің ойына жағымсыз қатынас.

- екі жүзділік, қалжың, дөрекілік, айқаймен әсер етуге талпыныс

- интеллектуалдық танымдық дамудың жоғарғы шегі.

Студенттік кезең кәсіби ойлау мен кәсіби компотенттілігінің қалыптасу-ындағы ең қолайлы кезең.

Біздің ойымызша, студент жеке адам ретінде өз қызығушылықтары мен мүмкіндіктерімен ерекшеленеді. Ол үлгерімді студент болуымен қатар келешек өмірінің жоспарларын құрайды. Студент оқу уақытынан бөлек махаббат, эстетикалық таным, басқалармен қарым-қатынасқа түсу, бос уақытын өткізуге де уақыт бөлуі керек. Кейбір адамдар өмірде жар таңдау мәселесінде айтарлықтай қиыншылық, қиналыстарға, түсініс-пеушілікке, қызғаныш пен жек көру сезімдерін бастарынан кешіріп жатады.

Адам, қоғам және олардың арасындағы байланыс та үнемі түрленіп, дамып, өзгеріп отыратын күрделі құбылыстар. Кез келген қоғамның қандай болуы оны құраушы субьектілердің күш-жігеріне байланысты. Қазіргі ғылыми әдебиеттерде, әлеуметтік-гуманистік ғы-лымда жастар мәселесі ауқымды орынға ие. Сонғы жылдары жүргізілген түрлі әлеуметтік, психологиялық зерттеулер жастар бойында жалпы құндылық, нормативті дағдарыстың бар екенін көрсетіп отыр. Қазіргі өзгермелі қоғам жағдайында, күрделі экономикалық және саяси өзгерістер жастар ғана емес, жалпы адам психикасына елеулі әсер ететіні белгілі. Осыған байланысты адамның бейімделуін зерттеу адам мен оны қоршаған орта қатынасының динамикасын күшейтетін факторлардың өсуімен, қоғамның адамға қоятын талаптарының көбеюімен, сондай-ақ психология ғылымының негізгі зерттеу обьектісі – тұлға, оның қалыптасуы мен дамуы мәселесінің маңыздылығымен байланысты ерекше ауқымды орын алып отыр.

Адамның бейімделу ерекшелігі «әлеуметтік әлемге бірте – бірте енуі мен» мінез – құлық, жүріс – тұрыстың әлеуметтік ережелерін менгеру процесі мен адамның әлеуметтенуі мен байланысты болады. Негізінде әлеуметтік бейімделу әлеуметтенудің маңызды механизімі болып табылады.

Тұлғаның әлеуметтік бейімделуі ережелерді қайта орнатуға, әлеуметтік пайдалы қарым – қатынас, мінез–құлық, іс - әрекеттің өзгеруіне бағытталған. Психологиялық бейімделу - әлеуметтік қажетті құндылық бағдар және мінез –құлықты меңгеру, әлеуметтік ортаның күтілімдері мен тұлғаның бағыттылығын, бағдарын жақындаттыру. Бейімделудің әлеуметтік және психологиялық жақтары бір – бірі мен үздіксіз байланыста.

Негізінде көптеген адамдар басқа елден білім алуға, жұмыс істеуге талпынады, осыған байланысты Г. Триандис (1994) бейімделу процесінің бес кезеңін бөліп көрсетеді.

Бірінші кезең, «бал айы» деп аталады, ол көтерінкі көңіл күй, үлкен үміттің көрінуі мен сипатталады. Бірақ бұл кезең жылдам екінші кезеңге өтеді.

Екінші кезең, жаңа ортаға енуде ортаның теріс әсерлерінің әсер ете бастауы. Көптеген жағдайда көңілдері толмай, барлық нәрседен көңілдері қалып, тіпті бұл жағдай кейбір кездерде фрустрация мен депрессияға өтіп кетуі мүмкін. Бұл жағдайда көбі нақтылықтан қашуға тырысады.

Үшінші кезең - қиын қыстау кезіңіне жетуі мүмкін, ауыруларды және толық әлсіздікті сезінеді. Жаңа ортаға сәтті бейімделе алмаған адамдардың көбі келген жеріне қайта оралады.

Төртінші кезең - депрессия – оптимизацияға ауыса бастайды да өзіне деген сенімділік және қанағаттану сезімін сезіне бастайды. Адам өзінің икемделе бастағанын сезіне бастайды. Берри терминалогиясы бойынша – бұл кезең толық немесе ұзақ кезең деп аталады. Ортаның талабына индивидтің тұрақты өзгеруі. Бейімделу процесіне орта мен индивид өзара сәйкестікке келеді. Осы кезеңді бейімделу процесінің аяқталуы деп те айтуға болады [11].

Әлеуметтік – психологиялық бейім-делу адамның дара ерекшеліктері мен және қоғамдағы тұлғаның бағыты мен байланысты күрделі құбылыс. Қоғамда тұлғаның бейімделуі үшін қоғам және тұлғаның міндеттері, мақсатының ұқсастығы, пікірге қосылуы ерекше болып табылады.

Сонымен қорыта келгенде адам, қоғам және олардың арасындағы байланыста үнемі түрленіп, дамып, өзгеріп отыратын күрделі құбылыстар. Қазіргі өзгермелі қоғам жағдайында, күрделі экономикалық және саяси өзгерістер жалпы адам психикасына елеулі әсер ететіні белгілі. Осыған байланысты адамның бейімделуін зерттеу адам мен оны қоршаған орта қатынасының динамикасын күшейтетін факторлардың өсуімен, қоғамның адамға қоятын талаптарының көбеюімен, тұлға қалыптасуы мен дамуы мәселесінің маңыздылығымен байланысты. Студенттің оқу орнына оптималды бейімділігін қамтамасыз ететін тактика мен жоспарларды жасау үшін бірінші курс студенттерінің өмірлік жоспарлары мен қызығушылықтарын, басым мотивтерінің жүйесін, тартымдылық деңгейін, өзін бағалауын, мінез-құлқын саналы реттеу қабілетін және т.б. білу маңызды. Осы мәселені сәтті шешу жоғарғы оқу орнының психологиялық қызметінің дамуымен байланысты.

Әр студенттің бейімделу үрдісі әр түрлі жүретіні белгілі, өйткені әрбір студенттің өзіндік ерекшелігі мен мінез құлқы бар, бірі кездескен қиындық пен өзгерістерге қарсы тұра алып бейімделуі қалыпты денгейді көрсетсе, енді бірі қиыншылықтарға қарсы тұра алмай оқу үрдісінде және жеке даму барысында көптеген қиыншылықтармен кездеседі.

Басқаша айтсақ, «бейімделу қабілет – ешқандай ішкі дискомфортты сезінбей және қоршаған орта мен қарама-қайшылықсыз адамның қоршаған ортаның (әлеуметтік, физикалық, әр түрлі талаптарына бейімделе алу қабілеті)». Бейімделу – бұл белсенді іс-әрекеттің алғы шарты және оның тиімділігінің қажетті шарты. Бұдан индивидтің қандай да бір әлеуметтік рөлінің жақсы қызмет етуі үшін бейімделудің жағымды маңызы көрінеді.

Бейімделу мәселесін қарастырған ғалымдарға тоқталатын болсақ олар: В.И. Курбатова, А.Т. Маклаков, В.Н. Дружинин, Е.А. Ямбург, Н.А. Агаджанян, А.А. Реан, Х. Хартманн және т.б.

Тұлғаның эффективті бейімделуге қол жеткізуі үшін ол қоғамның талаптары мен күтімдерін қанағаттандыруы қажет. Түпкі мағанасында тек әлеуметтік норманы қабылдау ғана емес, ол жаңа және қауіпті жағдайға кездескендегі эффективті өзгермелілік, сондай-ақ оқиғаға өзіне қажетті бағыт беру. Бұл мағынада бейімделу өз мақсат, құндылық, ұмтылыстарын жүзеге асыру үшін адамның дұрыс шешім қабылдауымен инициатива көрсетумен және өз болашағын анық бағдарлаумен сипатталады. Әлеуметтік психологиялық бейімделу денгейіне адам-ның жасы, білім денгейі, өмір тәжірибесі, өзіндік бағалауы мен тұлғалық ерекшеліктер әсер етеді және адамның белсенділігімен де тығыз байланыста болады. Тұлғаның жаңа ортаға әлеуметтік - психологиялық бейімделуінің мәнді белгісінің бірі болып құндылық бағдар болып табылады. Ал осы біздің респон-денттерімізге қажетті құндылық бағдарға материалды жетістік, сенімді достың болуы, денсаулық, бақытты өмір.

ӘДЕБИЕТТЕР

1. Туршинский З. Многоликая адаптация // Биология в школе. – 1996. – № 5. – С. 77-80.

2. Шайхова М. Жастардың әлеуметтік – психологиялық бейімделу мәселелері / М. Шайхова // Ұлағат. – 2004. – №1. – 49-51 б.

3. Соляренко Л.Д. Основы психологии. - 2-е изд. - Ростов н/Д: Феникс, 1997. - 736 с.

4. Чичулин А.А: Социальная психология. – Новосибирск: Наука, 1992. – 175 с.

5. Маклаков А.Г. Обшая психология. - СПб.: Питер, 2002. – 320 с.

6. Агаджанян Н.А. Адаптация и резервы организма. – М.: Физкультура и спорт, 1983. – 176 с.

7. Жайтапова А. Әлеуметтік – педагогикалық бейімделу// Ұлағат. – 2001. - №1. – 12 -16 б.

8. Адаптация человека и животных к экстремальным условиям внешней среды: сб. научных трудов / Под. ред. Н.Г. Агаджаняна. – М.: УДН, 1985. – 184 с.

9. Матулене Г. О социальной адаптации к деятельности // Психологический журнал. – 2002. -№5. – С. 112.

10. Хартманн Х. Эго – психология и проблемы адаптации / Под. ред. М.В. Ромашкевича. – М.: Институт общего Гуманитарных исследований, 2002. – 186 с.

11. Яковленко Л.Н. Адаптация первокурсников // Аспирант и соискатель. – 2003. – С. 116-120.

12. Любимова Г.Ю. От первокурсника до выпускника // Вестник Московского Университета. Сер 14. Психология. –2001.- №1. 48 – 52 с.

13. Свиридова Н.А Адаптационные процессы в среде молодежи.// Соц. ис. №1. 2002.



К содержанию номера журнала: Вестник КАСУ №1 - 2007


 © 2024 - Вестник КАСУ