Главная  | О журнале  | Авторы  | Новости  | Конкурсы  | Научные мероприятия  | Вопросы / Ответы

ПСИХОЛОГИЯДАҒЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚАБІЛЕТ МƏСЕЛЕСІ

К содержанию номера журнала: Вестник КАСУ №1 - 2007

Автор: Акижанова М.М.

Бүкіл әлемдік білім беру кеңістігіне ұмтылыстар, қоғам дамуындағы қалыптасып отырған жаңа жағдаяттар, тыңнан туындаған мәселелер, өзгеріп жатқан өмірге бейімделу қажеттілігі туындап отыр. Осыған мемлекетімізде білім беру мен жас ұрпақты тәрбиелеуге ерекше көңіл бөлінуде. Соның бір дәләлі – Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжыры-мдамасының жобасы» жариялануы болса, Президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақ-стан экономикалық, әлеуметтік және саяси жаңару жолында» атты Қазақстан халқына Жолдауында да білім беруге үлкен мән беріп отыр.

Мемлекетіміздің тек саясат пен экономика емес, білім беру жүйесіне де үнемі назар аударуы еліміздің болашағы жайындағы кемел ойлардан туындап отырғаны түсінікті. Өйткені, ел байлығы тек мұнай мен газ емес, адам екені белгілі. Қай қоғамда болмасын шешуші фактор –адам және жеке тұлға болып қала бермек. Ғасырлар бойы қалыптасқан рухани құндылықтарымызды, байлығымызды тү-гендеу, игеру, жас ұрпақ бойына игі қасиеттерді сіңіру – бүгінгі ұстаздардың басты борышы.

Ғылым мен техника аршындап алға басқан, қарыштап қадам басқан 21 ғасыр да бастылып кетті. Бүкіл әлемді шарпып келе жатқан жаһандану үрдісі, ғылым мен білімді игерудегі бәсекелестіктер дүние өзгерістері бізді де толғандырады. Болашақта тек білімді ел ғана қандай да болмасын бәсекелестікке төтеп бере алып, өзін - өзі сақтап қалатыны сөзсіз. Ел болашағы - білімді ұрпақта. Сондықтан білім беру саласында жасалып жатқан жаңа реформаларды жүзеге асыру – ұстаздар қауымына ортақ іс.

Ұстаз. Ұстаздық – киелі әрі өте көне мамандық. Адамзатты ежелден ойлан-дырып, толғандырып келе жатқан, қоғам-дық құрылыс өзгеріп жатса да қажеттігін жоймайтын маңызды мәселе – жас ұрпақты өмір сүруге дайындау. Бұл қиын мәселе өйткені әр адам –қайталанбас жеке тұлға. Әр адамның жан дүниесі өзінше бір әлем. Уақыт озған сайын, қоғамдағы саяси - әлеуметтік қарым –қатынас дамыған сайын, бүкіл дүние жүзінде мемлекетаралық интеграция күшейген сайын ұстаздың қызметі қиындай түсетіні анық.

Бүгінгі ұстаз шәкіртіне мәлімет беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, экономика кеңістігіне шығуға, яғни қатаң бәсеке жағдайында өмір сүруге тәрбиелеу керек. Ол нағыз ұстаздың қолынан келеді. Бала бойына білім нәрін себетін, адамгершілік дәнін егетін басты тұлға –Ұстаз. Яғни жас ұрпақты оқытуда тиімді жағдайлар жасау көбіне мұғалімге байланысты. Осыған байланысты қазіргі кездегі педагогтардың педагогикалық қабілет мәселесін зерттеу көкейтесті болып табылады.

Педагогтың міндеті – рухы мықты, жан дүниесі бай, жан – жақты жетілген жеке тұлғаны қалыптастыру. Жас ұрпақтың дарыны мен талантын ашу, шығар-машылық ойлау қабілетін жетілдіру, олардың өзіне деген сенімін нығайту, бір сөзбен айтқанда өмірде өз жолын өзі таңдауына түрткі болу – ұстаздар қауымының бүгінгі таңдағы абыройлы борышы.

Ғасырдың басында – ақ П.Ф. Каптерев: «оқыту ахуалында мұғалім бірінші орынды алады, оның қандай да бір сапалары оқытудың тәрбиелік ықпалын жоғарылатады немесе төмендетіп отырады, - деп көрсеткен. Сонда ол педагогтың, ұстаздың қандай қасиеттерін негізгі деп атаған? Ең алдымен, ол «арнайы мұғалімдік қасиеттерді» көрсеткен, оған «мұғалімнің ғылыми дайындығын» және «жеке мұғалімдік талантты» жатқызады.

«Обьективті сипаттағы бірінші қасиет мұғалімнің өзі оқытып отырған пәнін білу дәрежесінде, берілген мамандық бойынша, туыстас пәндер, кең білімдегі ғылыми даярлық дәрежесінде жатыр; содан кейін – пән әдіснамасымен, жалпы дидактикалық принциптермен таныстықта және ең соңында, мұғалім жұмыс істеуіне тура келетін балалар жаратылысының қасиеттерін білуде жатыр; субьективті сипаттың екінші қасиеті – оқытушылық өнерде, жеке педагогикалық талант пен шығармашылықта жатыр. Екіншісі, педагогикалық әдепті, педагогикалық өз бетіншілікті және педагогикалық өнерді қамтиды. Мұғалім үнемі ізденісте, қозғалыста, даму үстіндегі дербес, еркін жасампаз тұлға болу керек. П.Ф. Каптеревтің: шығармашыл оқушы мен мұғалімді «өздігінен білім алу мен дамуға деген қажеттілік байланыстырады», біріктіреді және де олар іс жүзінде, бір алаңның, бір баспалдақтың екі қарама –қарсы жағы болып табылады» деген пікірі, мұғалім мен оқушының оқыту процесіндегі нағыз оқудағы еңбектестігінің психо-логиялық табиғаты мен қажеттілігін түсіну үшін негізгі болып табылады.

«Ақыл – ойлық» қасиеттерге жатқызылған «арнайы» мұғалімдік қасиеттермен қатар, П.Ф. Каптерев мұға-лімнің қажетті тұлғалық «адамгершілік – еріктік қасиеттерін» де көрсетіп, оларға бейтараптылықты, ілтипаттылықты, сезгіштік, адал ниеттілік, төзімділікті, шыдамдылықты, әділеттілікті, балаларға деген шынайы сүйіспеншілікті жатқызады. Бұл жерде «балалар мен жастық шаққа деген сүйіспеншілікті мұғалімдік маман-дыққа деген сүйіспеншілікті ажырата білу керек: балаларды өте жақсы көріп, жастық шақты терең ұнатып, ал мұғалімдік іс -әрекетке қарсы болмай, тіпті оны басқалардан артық көріп, бірақ, балаларға, жастық шаққа мүлдем көңіл соқпауы мүмкін». Сірә, тек шәкірттер мен педагогикалық мамандыққа деген шынайы сүйіспеншіліктің бірігуі ғана мұғалімнің кәсіптілігін қамтамасыз ететін болар.

Балаларды тәрбиелеу және оқытудың жетістіктері көптеген факторлармен анықталады. Аталған факторлардың қатарына- оқыту және тәрбиелеу әдістемесі, балалардың жас ерекшеліктері, олардың даму деңгейлері жатады. Бала дамуының маңызды факторы - өз қолына мұғалім және тәрбиеші рөлін алатын педагог болып табылады. Маман педагог - өз уақытының көп бөлігін баланы оқытуға және тәрбиелеуге жұмсайды. Егер педагогтар баланы оқытумен және тәрбиелеумен айналыспаса онда бірнеше ұрпақтан соң қоғам өзінің дамуын тоқтатар еді. Қазіргі қоғамда педагог ерекше назарды талар ететін фигура болып табылады. Егер педагогтың орныны жеткіліксіз кәсіби даярлығы бар адам басса онда ең алдымен балалар яғни оқушылар зардап шегеді.

Қазіргі кездегі зерттеушілердің барлығы, дәл балаларға деген сүйіс-пеншілікті ғана мұғалімнің маңызды тұлғалық және кәсіби қыры деп есептеу керектігін, және де оларға тиімді педагjгикалық іс-әрекеттің мүмкін еместігін көрсетеді. В.А. Крутецкий осыған адамның балалармен жұмыс істеуге және араласуға бейімділігін қосады. Сонымен қатар мұғалім үшін өзін -өзі жетілдіру, өзін -өзі дамыту тілегінің маңыздылығын да атап өтейік, себебі К.Д. Ушинский дәл көрсеткендей, мұғалім оқу үстінде болса ғана өмір сүреді, ол қалай оқуды тоқтатса, оның бойынан мұғалімдік өледі. Осы маңызды ойды П.Ф. Каптерев, П.П. Блонский, А.С. Макаренко, В.А. Сухомлинский және тағы басқа педагогтар мен психологтар да атап көрсеткен.

Н.В. Кузьмина бойынша субьектілік факторлар құрылымы: табиғаттылық типін, қабілеттер деңгейі мен құзырлылықты қамтиды, оларға арнайы –педагогикалық, әдістемелік, әлеуметтік–психологиялық, дифференциалды – психологиялық, аутопсихологиялық құзырлылық жатады. Осы факторлық құрылымның үш негізгі құрастырушысы айқын: тұлғалық, даралық және кәсіби –педагогикалық. Құрылымның соңғы компоненті кәсіби білімдер мен іскерліктерді қамтиды. Бұл кәсіби құзырлылық оның қалыптасуына және өзіндік даму деңгейіне қосқан үлесі жетекші болып табылатын пәндік негіздері бойынша анықталады. Мұнда автор ұсынған құзырлылық құбылысының өзінің жіктелінуі және оның аутопсихологиялық құзырлылық сияқты маңызды деңгейін бөлу мәнді болып табылады. Ол әлеуметтік интеллекті «ойлау процестерінің өзге-шелігін, тиімді елеу мен әлеуметтік тәжірибе жинауға негізделген, өзін, және басқа адамдарды, олардың өзара қатынастарын түсінуге және тұлға аралық оқиғаларды болжауға тұрақты қабілеттілік ретінде» түсінуге негізделген.

Педагогикалық іс - әрекеттің күрделілігін – қабілет құрылымының күрделілігі анықтайды. Педагогикалық қабілет дамуының бірінші жағдайы – жеке тұлғаның бағыттылығы, жеке тұлға қабілетінің дамуы. Екінші жағдайы - жеке тұлғалық және кәсіби жоспарда өзін -өзі оқытуға даярлығы және еңбексүйгіштігі. Қабілеттің дамуы қажетті базалық шеберліктердің қалыптасуынан басталады. Оларға мәліметтермен, оқушылармен, ұжыммен жұмыс жасау шеберлігі және дағдысы жатады. Педагог үшін маңызды дағдылар мен шеберліктерді меңгеру қажеттілігі психикалық үрдістердің даму деңгейіне жоғары талаптар қояды. Педагогтың жеке тұлғасына да талаптар қойылады. Олар әлеуметтік субьект және прогрестің белсенді қайраткері ретінде шығуы тиіс. Іс - әрекеттің индивидуалды стилінің қалыптасуы – педагогикалық қабілеттің пайда болуындағы маңызды қадам. Педагогикалық қабілет адамның психологиялық және психикалық байлығы, өмір үрдісіндегі туа біткен, меңгерілген, қайта құрылған мәліметтер негізінде қалыптасады. Оларды күрделі, көп деңгейлі құрылым ретінде қарастыруға болады.

Л.М. Митина өңдеп, дамытып отырған, «іс - әрекет – қарым – қатынас –тұлға» схемасының контексіндегі мұғалім тұлғасының моделі бес кәсіби маңызды сапаларға бөлінеді, олар педагогикалық қабілеттердің екі тобын анықтайды.

Өзіне назар аудартатын жағдай, біріншіден, қабілеттердің өздері де тікелей іс-әрекет тиімділігін анықтаушы субьектілік факторлар ретінде бола алмайды, екіншіден, бағыттылық басқа да тұлғалық сапалармен қатар қойылған.

Жалпы субьектілік қасиеттердің сапалық құрылымы жайлы көрсетулер келесі төрт топты бөлуге негіз береді:1) субьектінің психологиялық қасиеттері, нышандар ретінде болатын, оның субьекттік рөлін іске асыру алғы шарты ретінде; 2) қабілеттер; 3) бағыттылықты қамтитын тұлғалық қасиеттер; 4) кәсіби-педагогикалық және пәндік білімдер мен іскерліктер тар мағынадағы кәсіби құзырлылық ретінде. Субьектілік қасиеттердің осы топтарын біз ары қарай педагогикалық іс -әрекет субьектісі құрылымының компоненті ретінде қарастырамыз.

С.Л. Рубинштейн көрсеткендей «адам қабілеттерінің даму процесі адамның даму процесі болып табылады. Адамның белгілі бір білімдер мен әрекеттер тәсілдерін игеруі өзінің алғышарты, өзінің ішкі шарты ретінде ақыл –ой дамуының белгілі деңгейі – ақыл –ой қабілеттерінің дамуына ие болады». Бұл ахуал оқу іс -әрекетін түсіндіру үшін аса маңыды. Б.М. Теплов берген неғұрлым кең түрдегі анықтамада қабілеттердің тұлғаның даралық қасиеттері ретіндегі негізгі сипаттамалары келтірілген. Қабілеттер Б.М. Теплов бойынша дағдылар мен іскерліктерге теңестірілмейді және де белгілі бір іс -әрекетті орындаудың табыстылығына қатысты бір адамды екіншісінен ажыратады.

Егер С.Л. Рубинштейн бойынша ақыл –ой қабілеттерінің дамуы білімдерді игерудің алғышарты болса, онда Б.М. Теплов бойынша қабілеттердің өзінің даму алғы шарты ретінде нышандар болады, яғни туа берілген анатомо-физиологиялық ерекшеліктері ретінде. Қабілеттер іс -әрекетте жаратылады және де іс -әрекеттің оның құралдары мен тәсілдерін игерудің жылдамдығы, тереңдігі, беріктігі сияқты динамикалық сипаттамаларында көрінеді. Іс -әрекеттің әр түрлеріне қатысты жалпы интеллектуалдық және арнайы қабілеттер жіктеледі. «Қабілетердің кең алынған анықтамасы оның индивид қасиеттері екендігінде, оның ансамблі белгілі бір іс -әрекетті орындаудың табыстылығын шарттайды. Мұнда іс -әрекеттің өзінде онтогенетикалық дамитын және осыған орай сыртқы жағдайларға байланысты қасиеттер назарға алынып тұр».

Отандық зерттеушілер С.Л. Рубинштейн, Б.М. Теплов қарастырған ахуалдардың негізінде педагогикалық қабілеттердің тұтас бір жинағын бөледі. Олардың ішіндегі Н.Д. Левитов пен Ф.Н. Гоноболин анықтаған негізгілерін аслыстырайық. Мысалға Н.Д. Левитов негізгі педагогикалық қабілеттер ретінде келесілерді бөледі: оқушыларға білімдерді қысқа және қызықты формада беру қабілеті, бақылымпаздыққа сүйенетін, оқушыларды түсіну қабілеті, ойлаудың өз бетінше және шығармашылық қалыбы, тапқырлық немесе шапшаң және дәл бағдарлану, мұғалімнің өзінің жұмысын және де жақсы оқушылар ұжымын жасауды қамтамасыз ету үшін қажетті ұйымдастырушылық қабілеттер.

Осы бес негізгі қабілеттер мазмұнын дамыта және жете қарастыра отырып Ф.Н. Гоноболин он екі қабілетті атайды, оларды біріктіре отырып келесі топтарды алуға болады. Оқу материалын оқушыларға қол жеткілікті қылу қабілеті және оқу материалын өмірмен байланыстыру қабілеті екеуі бірігіп өзіндік бір дидактикалық қабілеттер тобын құрайды, олар білімдерді неғұрлым қысқа және қызықты формада беру деген жалпы қабілетпен байланыстырылады. Педагогтың оқушыны түсінуі, балаларға деген қызығушылық, жұмыстағы шығармашылық, балаларға қатысты бақы-лымпаздық – бұл адамның рефлексивті –гностикалық қабілеттерімен байланысты қабілеттердің екінші тобы. Оқушыларға педагогикалық еріктік әсер ету, педа-гогикалық талап қоюшылық, педаго-гикалық әдеп, оқушылар ұжымын ұйымдастыра алу қабілеті – бұл қазір атап жүргендей интерактивті- коммуникативті қабілеттер. Қабілеттердің аса маңызды төртінші тобы – педагог тілінің мазмұндылығын, ашықтығын, бейнелілігін және сенімділігін сипаттайтын қабілеттерді қамтиды.

Педагогикалық қабілеттерді В.А. Крутецкий көрсетіп, оларға сәйкес жалпы анықтамалар береді:

1) Дидактикалық қабілеттер – оқушыларға оқу материалын неғұрлым ұғынықты етіп беру қабілеті, оларға материалды немесе проблеманы айқын және түсінікті түрде келтіру, пәнге деген қызығушылығын тудыру, оқушыларда белсенді ойды өз бетінше қоздыру.

2) Академиялық қабілеттер – ғылымның сәйкес аймағына деген қабілеттер. Қабілетті педагог пәнді тек қана оқу курсының көлемінде ғана емес, елеулі терең және кең түрде біледі, ол үнемі өз ғылымындағы жаңалықтарды бақылып жүреді, материалды абсолютті еркін игереді, оған үлкен қызығушылық көрсетеді, кем дегенде қарапайым зерттеу жұмысын жүргізеді.

3) Перцептивті қабілеттер – оқушының, тәрбиеленушінің ішкі дүниесіне ене білу қабілеті, оқушы тұлғасын және оның уақытша психикалық күйлерін түсінумен байланысты психологиялық бақылампаздық.

4) Тілдік қабілеттер - өз ойлары мен сезімдерін тілдің, мимика және пантомимика көмегімен айқын және нақты білдіре алу қабілеті.

5) Ұйымдастырушылық қабілеттер – бұл, біріншіден, оқушылар ұжымын ұйымдастыру қабілеті, оны жаңа міндеттерді орындауда топтастыру және дем беру, екіншіден, өз жұмысын дұрыс ұйымдастыру қабілеті, өз жұмысын ұйымдастыру дұрыс жоспарлау және өзін бақылау іскерлігін ұйғарады.

6) Авторитарлық қабілет – оқу-шыларға тікелей эмоционалды –еркін әсер ету қабілеті және осы негізде олардың алдында беделді бола алу қабілеті.

7) Коммуникативтік қабілеттер – балалармен қарым –қатынас жасау қабілеті, олармен қарым –қатынас жасауда дұрыс тәсіл таба алу, олармен, педагогикалық көзқарас тұрғысынан, орынды өзара әрекеттесуді орнату іскерлігі, педа-гогикалық әдептің болуы.

8) Педагогикалық қиял немесе болжам жасау қабілеттері - өз әрекеттерінің салдарын алдын –ала көруден, оқушыдан болашақта кім шығатын елестете отырып, оның тұлғасын тәрбиелеуді жобалаудан, тәрбиеленушілердің қандай да бір сапаларының дамуын болжай алу іскерлігінен көрінетін арнайы қабілеттер.

9) Зейінді бір мезгілде бірнеше іс -әрекетттерге тарату қабілеті мұғалім жұмысы үшін ерекше мәнге ие. Қабілетті, тәжірибелі мұғалім материалды маз-мұндаудың мазмұны мен формасын, өз ойының өрісін мұқият бақылайды, сонымен бірге оқушылардың барлығын көз алдында ұстайды, шаршау, назар аудармау, түсінбеу белгілерін, тәртіп бұзуды байқап отырады және де өз мінез –құлқын қадағалап отырады.

Педагогикалық қабілеттің ядросы – адамның психо – техникалық қарулануы яғни психикалық күйлерді бағалау және қабылдаудың тереңдігі мен нақтылығы, өзіндік мінез–құлқына деген жау-апкершілік сезімі.

Прогрессивті қоғамның педагогтары әрқашан балаларды тәрбиелеудегі және оқытудағы мұғалімдердің жеке тұлғасының рөлін айқын көрсетеді. К.Д. Ушинский айтпақшы жақсы оқу бағдарламалары мен оқулықтары да мұғалімдердің жеке тұлғасының тигізетін әсерін ауыстыра алмайды. Оқыту табыстылығы, тәрбие, бүкіл педагогикалық үрдіс педагогқа байланысты. Зерттеулер көрсетуінше оқу топтарында жоғары талаптар мұға-лімдердің кәсіби қасиеттері мен моральдік – саяси қасиеттеріне қойылады.

Қорытындылай айтсақ, қабілетті, дарынды, шығармашыл адам әрқашан индивидуалдылық деп есептеледі. Педагогтың индивидуалдылығының қалыптасуы баланың жеке тұлғасын шығармашылық тұрғыдан тәрбиелеуге жағдай жасайды. Педагогикалық іс - әрекеттің индивидуалды стилінің белгілері оның қабілетінен, темпераменттен, оқыту әдістерін таңдаудан, тәрбие құралдарын таңдаудан, педагогикалық қарым –қатынас жасау стилінен, мінез –құлық мәнерінен, оқушыға психологиялық – педагогикалық әсер ету құралдарын қолданудан көрінеді. Әртүрлі индивидуалдылықты меңгерген мұғалімдер көптеген оқыту және тәрбиелеу міндеттерінің ішінен тек бірін ғана таңдап алып, бірақ оны түрліше жүзеге асырады. Мұғалім басқа педагогтың педагогикалық тәжірибесін көшірмеуі тиіс. Мұғалім әрқашан өз- өзімен яғни айқын педагог болып қалуы тиіс. Бұл балаларды тәрбиелеу және оқытудың тиімділігін жоғарылатады.

ӘДЕБИЕТТЕР

1. Александров Г.И., Гареев В.М. Разработка системы совершенствования педагогического мастерства преподавателя вуза /Г.И. Александров.– М., 1977.

2. Акопов Г.В. Социальная психология образования / Г.В. Акопов. - М.: Флинта, 2000

3. Возрастная и педагогическая психология: Уч. для студ. пед. ин-тов / В.В. Давыдов, Т.В. Драгунова, Л.Б. Мтельсон

4. Возрастная и педагогическая психология: Тексты / Сост. Шуаре Марта О. – М, 1992.

5. Габай Т.В. Педагогическая психология /Т.В. Габай. - М., МГУ,1995.

6. Дружинин В.Н. Психология общих способностей. / В.Н. Дружинин. - 2-е изд. - СПб.: Питер ком, 199. - 368 с.

7. Диакова Г.В. Психология педагогического общения /Г.В. Диакова. – Кировогорад, 1992.

8. Реан А.А., Коломинский Я.Л. Социальная педагогическая психология /А.А. Реан., Я.Л. Коломинский. - Питер. 1999.

9. Смирнов С.Д. Педагогика и психология высшего образования: от деятельности к личности: учеб. пос. для слушателей фак-тов и ин-тов повышения квалификаций преподавателей вузов и аспирантов /С.Д. Смирнов. - М., 1995.

10. Зиятдинова Ф.Г. Социальное положение и престиж учительства: проблемы, пути решения. Луч: 1992.

11. Қаратаев Н.К. «21 ғасыр: ұстаз бейнесі» Білімдегі жаңалықтар, №4.

12. Рогов Е.И. Учитель как объект психологического исследования. - М., 1998.



К содержанию номера журнала: Вестник КАСУ №1 - 2007


 © 2024 - Вестник КАСУ