Главная  | О журнале  | Авторы  | Новости  | Конкурсы  | Научные мероприятия  | Вопросы / Ответы

«СЫНИ ТҰРҒЫДАН ОЙЛАУДЫ ДАМЫТУ» ЖОБАСЫ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҚҰЗІРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ

К содержанию номера журнала: Вестник КАСУ №1 - 2007

Авторы: Саданова Ж.К., Амисултанова Ж.С., Сейтахметова Ж.М.

Қазақстан Республикасының білім жүйесін 2015 жылға дейін дамыту тұжырымдамасында: «Орта білім берудің мақсаты – жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайында алынған терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешім-дер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру» - деп нақты көрсетілген [1].

Жалпыұлттық деңгейдегі 12 жылдық жалпы орта білім берудің басты мақсаты да тұжырымдамаға сәйкес төмендегідей:

- Қазақстан Республикасының әлеуметтік, экономикалық және саяси өміріне белсенді қатысуға дайын, бәсекеге қабілетті тұлғаны дайындау.

Сонымен қатар, «Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жол-дауында» [2]: «Біз бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз керек. Оқытудың, әр оқушының білімі мен қабілет деңгейінің тиімділігін бағалаудың біртұтас жүйесін жасау қажет» деп көрсетілген.

Оған сапалы білім, оқушының өміріндегі оқуға және өз білімін көтеруге дайындығы негізгі алғышарт болып табылады. Қазіргі кездегі білім беру сапасы оқушының әртүрлі әрекет саласында өз бетінше шешім қабылдауға мүмкіндікті қамтамасыз ететін қалыптасқан негізгі құзіреттілік түріндегі білім нәтижелерімен түсіндіріледі.

Сондықтан, бүгінгі таңда ұстаздардың алдында тұрған міндет: табысты және тиімді әрекетке дайын, өзінің пікірін білдіруге және өзінің іс-әрекеті мен өмір сүріп отырған қоғам үшін жауапкершілігін түсінуге қабілетті, отбасындағы, қоғамдағы, еңбек ұжы-мындағы әлеуметтік ролін сезінетін құзырлы тұлғаны қалыптастыру.

Жалпы құзіреттіліктің сипаты қандай екендігіне тоқталып өтсек, кейбір сөздіктерде құзіреттілікке белгілі бір зат, құбылыс жөнінде пайымдауға, салмақты да беделді пікір айтуға мүмкіндік беретін білімді игеру ретінде түсіндірме берілген. Ал, орыс тілінде құзіреттіліктің аудармасы «компетентность». «Компетенция ешқан-дай білімге де, біліктілікке де келіп тірелмейді. Кең ауқымды білімге ие, бірақ, оны қажет болған кезде іске асыра алмайтын адамдарды кездестіруге болады. Компетентті болу деген оқымысты немесе ғалым болу деген сөз емес. Компетенция адамның білімі мен практикасындағы іс-әрекеттер арасында болатын қатынас ортасы болып қалады» деп жазады орыс ғалымы М.В. Рыжаков өз еңбегінде [3].

Кейбір сөздіктерде құзіреттілік құзырлылық деп те қарастырылып, оған төмендегідей анықтама берілген. «Құзырлылық – адамның стандарттан тыс жағдайда нәтижелі әрекет ету қабілеті. Құзырлылықтың пәндік дағдыдан айырмашылығы, жаңа тапсырманы шешуде бұрын сабақта қалыптаспаған дағды пайда болады».

«Қазақстан Республикасы 12 жылдық орта жалпы білім берудің жалпыға міндетті стандарты» жобасында «Құзіреттілік – оқушылардың іс-әрекетінің әмбебап тәсілдерін меңгеруінен көрінетін білім нәтижесі, ал құзірет дегеніміз алға қойылған мақсаттарға жету үшін ішкі және сыртқы ресурстарды тиімді іске асыруға дайындық; оқушының білім беру жүйесіне деген әлеуметтік тапсырысты құрайтын жеке және қоғам талаптарын қанағат-тандыру мақсатында табысты іс-әрекетке дайындығы» деп көрсетілген. Сонымен қатар, құзыреттілікті тәсілге де төмендегідей анықтама берілген: «Құзы-реттілікті тәсіл – оқу процесінің түпкілікті құзіреттерді қалыптастыруға бағдарлануы; күтілетін нәтижелерге қол жеткізу аясында білім сапасын қамтамасыз ететін білім беру мақсаттарын анықтаудың, білім мазмұнын іріктеудің, білім беру процесін ұйым-дастыру мен білім нәтижелерін бағалаудың жалпы ұстанымдарының жиынтығы». Тұлға құзыреттілігін дамыту үшін ұстаздың құзыреттілікті тәсілдерді мең-геруі, білім беру мазмұнын жетілдіруі қажет екендігін ескере отырып, біз, жаңа инновациялық әдіс – тәсілдердің ең тиімдісін пайдалану жоғары нәтиже береді деген болжам жасап, өзіміз оқып, үйреніп, үш жылдан артық уақыт бойы тәжі-рибемізде пайдаланып келе жатқан американ ғалымдары Джинни Стилл, Куртис Мередит және Чарльз Темпл жасаған «Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамыту» жобасының оқушы құзыреттілігін дамытуда маңызы зор деген тұжырымға келдік. Сын тұрғысынан ойлау – сынау емес, шыңдалған ойлау. Бұл бағдарламаның құрылымында ерекшелік бар. Бұл құрылым үш фазадан тұрады. Олар өздерінің қызметтеріне байланысты аталады:

1) қызығушылықты ояту;

2) мағынаны ажырату;

3) ой толғаныс.

Қызығушылықты ояту-оқушылар үшін сабаққа қатысудағы алғашқы қадам. Бұрынғы білімдері мен сезімдеріне немесе әсерлеріне еніп, жаңа білімге мазмұн қалап, болашақта зерттеу жүргізулеріне күш алуларына және орындалуы керек тапсырмалар жөніндегі жеке және топтық түсініктерді қалыптастыруларына көмек-теседі. Сонымен қатар оқушының жаңа идея мен мәліметтерді үйренуге және оны өзіндегі білім негізімен ұштастыруда іштей немесе сырттай белсенді болатын – болмайтындақтарын шешуі де алғашқы фазада іске асады. Қызығушылықты ояту ұзақ, әрі мағыналы оқытудың қажетті психологиялық негізін салады.

Мағынаны тану фазасы оқушылар жаңа мәліметпен, идеямен немесе жаңа мазмұнмен кез келіп қалғанда іске асады. Дәрісті басқаратын талқылау, кітап оқу, бейнетаспа, өнер қойылымдары немесе басқа да нұсқау әдістерінің қайсысы болмасын осы кезеңде іске асады. Оқушылар жаңа білімді бұрынғымен біріктіре отырып және ақпараттың жаңа мазмұнға қолданбалылығы мен қолай-лылығын қарастыра отырып, белгісізден белгіліге қарай жүретін ақпарат пен идеяның маңыздылығы жөнінде шешім қабылдаулары қажет. Оқушылар жаңа идеяны қабылдайды, ескі мен жаңаны ұштастырады, ойлау қабілетін кеңейтіп, не түсінгенін анықтайды.

Ой толғаныс – үйрену процесінің соңғы фазасы болады да, бұл кезде оқушылар алған білімдерін сыртқа шығарып, түсінгендерін өз сөздерімен жеткізіп бере бастайды. Саналы талқылаулар мен білімді тәжірибеде қолдану, жаңа идеялар мен ұғымдарды жинақтаумен, мазмұн жөніндегі өздерінің ашық ұсыныстарымен немесе бір зерттеуді бастаумен айғақталады. Бұл процесс арқылы оқушылар өздерінің ойын нақтылайды, қатарластары мен мұғаліммен кері байланыса отырып мәліметтер жинағы мен құрылым мағынасын сынақтан өткізеді. Яғни, іштей ойлануға үйренеді, ой алмасады. Белсенді түрде өз білімін үйрену жолына қайта қарап, өзгерістер енгізіді. Бұл ең ұзақ та, маңызды кезең.

Тұлғалық бағдарлы көзқарас тұрғысынан қарастыратын болса, мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас, түсіндіруден-түсінуге, монологтан диа-логқа, әлеуметтік бақылаудан дамытуға, басқарудан өзін-өзі басқаруға көшу болып табылады. Мұғалімнің негізгі міндеті – оқушымен қарым-қатынас, оқушылардың өзара түсінуі, оларға шығармашылық үшін жағдай жасау, еркіндік беру.

Сыни ойлау философиясындағы басты мақсат: оқушы қандай да болмасын ақпаратты өздігінше игеріп, өз өміріне жарата алатын әмбебап тәсілдерді үйренуі керек. Білім алу оқушы тұрғысынан белсенді процесс болуы қажет, тек белсенді түрде жұмыс жасай отырып, ол қандай да болмасын білімді игереді. Сын тұрғысынан ойлау әрбір оқушыны терең ойланып, философиялық тұжырым жасауға бағыт-тайды. Өмірде ең керекті білік пен дағды – қоғамда қарым – қатынас құра білу, басқа адамдармен тіл табысу екендігін ескере отырып, әр сабақта оқушы оқытудың басқа да қатысушыларымен (оқушылар мен ұстаздар) араласып коммуникативтік қарым – қатынас процесінің белсенді мүшесіне айналады, әрі ұжымда, қоғамда, әлеуметте қалайша өзара байланыс құру мәселесі төңірегінде ойланады.

Теорияны зерттеу келе практика жүзінде алдыма төмендегідей мақсат қойдым: сын тұрғысынан ойлау жобасының оқушылардың құзыреттілігін қалыптастырудағы ықпалын анықтау. Алдымен мектеп психологының көмегімен және «Қазақстан Республикасының 12 жылдық жалпы орта білім берудің жалпыға бірдей міндетті стандарты» жобасына сүйене отырып, сынып оқушыларының құзыреттілігінің деңгейін төмендегі критерийлер арқылы анықтадық. Бастапқыда тексеру нәтижесі төмендегідей болды:

Проблемаларды шешу құзіреттілік (өзіне-өзі менеджмент)

1. Проблеманы анықтау:

- мұғалімнің көмегімен құрылған проблеманың қай жағынан келу қажеттігін түсіндіруі – 15 %

- шынайы және ойлаған жағдаяттардың бір-бірінен айырма-шылығын көрсете отырып сипаттауы - 17%

2. Әрекетті жоспарлау және мақсат қою:

- міндеттерді шешу бойынша қадамдарды анықтап, логикалы, уақытша бірізділігін құрауы – 10%

3. Технологияларды қолдану:

- технологияны нұсқаулықпен қа-таң сәйкестікте жүргізуі – 12%

4. Шикізатты жоспарлау:

- белгілі әрекеттерді орындауға қажетті ресурстарды атауы – 15%

5. Әрекетін бағалау :

- ағымдағы бақылауды өз әрекетіне берілген тапсырмалар бойынша орындауы - 18%

6. Әрекет өнімінің нәтижесін бағалау:

- жоспарланған және алынған өнімнің сипаттамаларын салыстырып, өнім сапасына сәйкес қорытынды жасауы – 13 %

- өз әрекетінің өнімін берілген өлшем мен тәсілдерге сәйкес бағалауы – 20%

7. Өзіндік қозғалысын бағалауы:

- өз әрекетінің әлсіз және күшті жақтарын көрсетіп, өз әрекетіндегі қызығушылығын атауы - 25%

Ақпараттық құзіреттілік

1. Ақпараттық ізденісті жоспарлау:

- ақпараттың белгілісі мен белгісізін бөліп, ұсынылған ақпараттың қойылған міндеттерді шешуге қажетін бөліп алуы - 12%

- анықтамаларды, энцикло-педияларды қолдануы – 20%

- мазмұн бойынша кітаптарға және сілтемелер бойынша сайтқа бағдар жасауы – 7%

2. Алғашқы ақпаратты бөліп алу:

- қойылған міндеттерге сәйкес жоспар бойынша эксперимент жүргізуі - 19%

- ақпаратты адамға сұрақ қоя отырып алуы – 20%

- ақпаратты көркем образды мазмұнды қайнаркөздерден бөліп алуы – 20%

3. Қайта алынған ақпаратты бөліп алу:

- ақпараттарды 1-2 тапсырмалар негізінде алып, жүйелеуі – 10%

4. Алғашқы ақпаратты өндеу:

- алынған ақпаратты қарапайым берілген құрылым аясында бір белгі бойынша жүйелендіруі – 10%

- қарапайым ақпараттарды графи-калық түрінен мәтінге немесе керісіне ауыстыруы – 12%.

5. Ақпараттарды өндеу:

- алынған ақпаратты нақты жеткізе алуы - 20%

- ақпараттың жеткіліксіздігінің немесе түсініксіздігін көрсетуі – 15%

- ұсынылған қайнаркөздегі ақпараттан дәйектер мен қорытынды табуы –18%

6. Ақпаратты өңдеу кезінде логикалық операцияларды орындау:

- ұсынылған ақпаратты тапсыр-маға сәйкес түсіндіруі, таратуы – 25%

- дәйектемені бағалауы – 5%

- берілген негізге сүйеніп жіктеуі – 17%

- түсініктердің белгілерін, нысан-ды, құбылысты, бөліп алып және олардың бастысын және жанамасын бөлуі – 15%

- сәйкестігі мен қайшылығын таба алуы – 12%.

Коммуникативтік құзіреттілік

1. Жазбаша байланысу:

- қарапайым құрылымдағы жазбаша байланысудың стандартты өнімдері формасында өз ойын рәсімдеуі – 18%

- үлгіде берілген мәтінді рәсімдеу нормаларын сақтай отырып, қосымша графикада сұрағын баяндауы – 10%.

2. Көпшілік алдында сөз сөйлеу:

- баяндаманың жоспарын дайындауы – 3%

- көпшілік алдындағы баяндаманың нормасы мен шегін сақтауы – 3%

- өз баяндамасының мағыналық блоктарын ерекшелеу үшін үзілістер пайдалануы – 2 %.

3. Диалог:

- монолог, диалог, пікірталаста (топ) нақты бағалау, ақпараттың негізгі мазмұның қабылдауы – 25%

- әңгімені нормаға сәйкес бастап, аяқтап, диалог форматы мен мақсатына сәйкес сұрақтар қойып, жауап беруі – 20%.

4. Өнімді топтық байланысу:

- топтық талқының іс-жосығына өз бетімен ілесуі – 20%

- топтық жұмыс тапсырмаларына сәйкес жауап беруі – 20%

- өз ойларын ұсына отырып түсіндіруі – 20%.

Оқушылардың құзіреттілік денгейін анықтау қорытындысы бойынша, барлық критерийлер, әсіресе төмен көрсеткіш көрсеткен құзіреттілік деңгейлерін дамыту мақсатында жүйелі жұмыс жүргізу жоспарланды.

Оқушы құзіреттілігін жетілдіру үшін «сыни тұрғыдан ойлау» жобасын сабақтарда және тәрбие үрдісінде жүйелі түрде қолдана бастадым да төмендегі шаралардың орындалуын ескердім:

Үш қатарда екі-екіден тізіліп отыратын өзгермейтін отыру қалпы мұнда жоқ:

- жұппен жұмыс;

- топпен жұмыс;

- 3, 4 тен отыру;

- әркім өз көзқарасын қорғау үшін бұрыштарға бөлініп тұру;

- қабырғаға қарап тұру.

Сынып бөлмесіндегі өзгерістер:

- қағидалар;

- идеялар тақтасы;

- ең үздік сұрақтар тақтасы;

- пікір бұрышы;

- үздік шығармашылық жұмыстар тобы.

Жоғарыдағы талаптардың орын-далуын ескере отырып, сабақтың үш кезеңінде оқушылардың проблеманы шешу құзіреттілігі, ақпараттық құзіреттілігі және коммуникативтік құзіреттіліктерін дамыту мақсатында әртүрлі стратегиялардың тиім-ді қолданылуына ерекше мән бердім. Проблемаларды шешу құзіреттілігін дамыту барысында: торлы тақылау, венн диаграммасы, концептуалды кесте, бұрыш-тар алгоритімі, дәлелді эссе. Ақпаратты құзіреттілікті дамытуда: INSERT кестесі, үш қадамды сұхбат, алма-кезек сұрақ қою, ғылыми баяндама жасау, ББҮ кестесі, жолаушының қойын дәптері, ассоциация, кластер, семантикалық карта, қос жазба күнделігі. Коммуникативтік құзірет-тілікті дамытуда: ЖИГСО – 1, аквариум, бірлесе оқу, үш қадамды сұхбат, эссе, еркін жазу, хат жазу, дөңгелек стол, болжау, оқырман жауабы, жазба конференциясы, бірлесе жазған әңгіме, сауалнама т.с.с. стратегияларды қолданудың тиімділігі анықталды.

Екінші сыныпта дүниетану пәнінде «Жануарлардың бір-біріне қайыр-ымдылығы» тақырыбын өткенде қызуғышылықты ояту кезеңінде оқушылар жануарлардың суреттерін таңдап алып, мекеніне орналастыру арқылы 4 топқа бөлініп, психологиялық тренинг өткізілді. Қайырымдылық сөзіне топта, ұжымда бірлесе отырып ассоциация құрды. Жануарлардың бір-біріне қайырымдылығы туралы ойларын топта талқылап, ортаға салды. Бұл кезеңде проблемаларды шешу және коммуникативтік құзіреттілігін да-мыту жұмыстары жүргізілді.

Сабақта оқушылар топпен жұмыс жасады. Әр оқушының жеке номері болды. (№1, №2, №3, №4). Яғни, әр оқушы өзіне берілген тапсырманы жеке орындайды. Кейін сарапшылар тобында бірлесіп оқып ақпараттың маңыздысын бөліп алып, өзі оқыған және топпен пікірлесіп талқылаған тақырыптың бөліктерін басқа оқушыларға түсіндіріп жеткізуге мүмкіндік алады, мұнда оқушылардың ақпараттық және коммуникативтік құзіреттілігі жүзеге асады. Ой толғаныс кезеңінде 4 топқа төмендегідей тапсымалар берілді:

1 топ. Энциклопедиядағы суреттер және ақпараттар бойынша жануарлардың бір-біріне қайырымдылығын дәлелдеу;

2 топ. Жануарлар мен адам арасындағы қайырымдылық;

3 топ. Жануарлардың өзара қайырымдылығы;

4 топ. Өз жеріңдегі жануарларды қорғау жұмыстары.

Оқушылар берілген тапсырмаларды топта талқылап, ұжымда өз ой-пікірлерін ортаға салады.

«Торлы талқылау» стратегиясы бойынша барлық оқушыларға пікір таластырып, өз ойларын дәлелдеуге: «Қаламыздағы аңдар бағында аңдарды ұстау туралы сенің пікірің» тақырыбында, дұрыс, қате, екі ойлы, пікірлерін топтарға бөлініп дәлелдеуге тапсырма берілді. Оқушылар үш топқа өз еріктерімен бөлініп, әр топтан бір спикерді таңдап пікірлерін дәлелдеуге ортаға шығарды, спикерлер өз ойларын дәлелді мысалдарды келтіре отырып, қоғам өміріндегі проблемалық мәселені шешуге қатысуға өте жоғары белсенділік көрсетті. Сабақтың соңғы кезеңінде оқушылардың проблемаларды шешу құзіреттілігі, ақпараттық құзі-реттілік, коммуникативтік құзірет-тіліктерді дамыту жүзеге асып жатқандығы көрінді.

«Сыни тұрғыдан ойлау» жобасының оқушылардың құзіреттілігін дамыту мүмкіндігінің жогары екендігін жоға-рыдағы сабақтан байқауға болады. Біз екінші сыңыптың басынан бастап осы жобаны жүйелі түрде қолдана отырып, оқушылардың құзіреттілігін дамытуда нәтижеге жеткендігіміздің дәлелі ретінде төмендегі кестені ұсынып отырмыз:

Проблемаларды шешу құзіреттілігінің қалыптасу деңгейі (өзіне-өзі менеджмент)

Ақпараттық құзіреттіліктің қалыптасу деңгейі

Коммуникативтік құзіреттіліктің қалыптасу деңгейі

Аралық тексеру қорытындысында оқу жылының басымен салыстырғанда оқушылардың проблемаларды шешу құзіреттілігінің 11,2%-ға, ақпараттық құзіреттілігінің 9%-ға, коммуникативтік құзіреттілігін 9,7%-ға өскендігі байқалды. Оқушы ролінің өзгеруі төмендегідей:

- оқушы танымдық іс-әрекет иесі;

- өзінің даму аймағын кеңейтуші;

- оқыту процесінің белсенді мүшесі;

- өзіндік ой-пікірі бар, сыншыл көзқарас, әділ пікір иесі;

- өзін-өзі тануға әрекет жасайтын тұлға;

- жоғары деңгейлі сұрақтар иесі;

- эксперт рөлін еркін атқарушы;

- бірін-бірі, өзін, тобын, топ жұмысын бағалай алушы;

- ойының дамуын қадағалай алады.

- алдағы қадамдарын болжап, мақсатты айқын қоя біледі.

Дегенмен оқушылардың құзі-реттілігін дамыту барысында төмендегідей қиындықтар мен кедергілер әлі де бар:

- тұлғаның дамуының тежелуі, ой-өрісінің тарлығы;

- өзгеруге деген әлсіздік;

- қанағаттанбау мен өзін толық бағалы санамаудан келіп шығатын тартыншақтық;

- басқа адамдармен ынтымақтасып жұмыс істеуге, тіл табысуға екемсіздік;

- бәсекеге қабілетінің әлсіздігі;

- жанұялық-әлеуметтік деңгейінің төмендігі.

Осындай кемшіліктерді жою, оқушы құзіреттілігін жетілдіру бағытында жұмыстар жоспарланып жүргізілуде.

Құзіреттілік біліктіліктен көрінеді, біз оның қалыптасу дәрежесі жайлы ғана айтуға мүмкіндігіміз бар. Демек, оқу процесінде оларсыз құзіреттілік қалыптаспайтын білім, біліктерге қатты көңіл бөлуіміз керек. Құзіреттіліктің қалыптасу дәрежесі жайлы айтсақ, онда білімсіз, біліксіз ештеңе істей алмаймыз. Құзіреттіліктің қалыптасуы-бұл ешқашан аяқталмайтын процесс.

ӘДЕБИЕТТЕР

1. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасының жобасы // Егемен Қазақстан, 26 желтоқсан, 2003 ж.

2. Қазақстан Республикасының президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы, 28 ақпан 2007 ж.

3. Рыжаков М.В. Ключевые компетенции в стандарте: возможности реализации Стандарты и мониторинг в образовании. – М., 1999 г.

4. Б. Кенжебеков. Маманның кәсіби құзіреттілік мәселесі // Ұлт тағылымы, №3, 2004 ж.

5. Б. Кенжебеков. Маманның кәсіби құзіреттілігінін теориялық негізі // Бастауыш мектеп, № 7, 2006 ж.

6. Қазақстан Республикасы 12 жылдық орта жалпы білім берудің жалпыға міндетті стандарты. Нормативтік құжаттар. – Астана, 2006 ж.

7. С. Мирсеитова Әрекеттегі RWCT философиясы мен әдістері. - Алматы, 2006

8. Словарь RWCT. – Алматы, 2006 ж.

9. Профессиональное развитие из опыта учителей. - Алматы, 2005 ж.

10. Успехи и вызовы сегодняшнего дня RWCT. – Алматы, 2006 ж.



К содержанию номера журнала: Вестник КАСУ №1 - 2007


 © 2024 - Вестник КАСУ