Главная  | О журнале  | Авторы  | Новости  | Конкурсы  | Научные мероприятия  | Вопросы / Ответы

ОҚУШЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ ЖҰМЫСЫНА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ–ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚОЛДАУ

К содержанию номера журнала: Вестник КАСУ №1 - 2007

Автор: Гарифуллина Г.М.

Қазақстан Республикасының "Білім туралы" заңына сәйкес "Әр баланың жеке қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы, жеке адамның дарындылығын, талантын, қабілетін дамыту" сияқты өзекті мәселелер енгізіліп отырғаны белгілі. Өйткені ғылым мен техниканы, өндірісті әлемдік деңгейде дамыту үшін елімізге шығармашылықпен жұмыс жасайтын білімді, жоғарғы дайындығы бар білікті мамандар қажет.

Сондықтан республикамыздың білім беру жүйесі де қоғам дамуымен бірге дамып, жетіліп отыр. Жас ұрпаққа сапалы білім мен ұлағатты тәрбие беру, өміріне жолдама алуына жағдай жасау үшін білім беру ісін әлеуметтендірудің маңызы зор. Бүгінгі күні білім реформасына көптеген өзгерістер енгізіліп, мектептің оқу-тәрбие үрдісіндегі ішкі-сыртқы жүйесі түгелімен өзгеріп жатқаны белгілі. Қазақстан Республикасындағы 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасына сәйкес 12 жылдық білім жүйесіне көшу жағдайында жас ұрпаққа білім беру оның жеке даралық ерекшеліктеріне мән беріп, оқушылардың мектепте алған білімдері бүкіл өмірлік азығы болатындай етіп білім беру, оны өмірге дайындау, мамандық таңдауға бағыттау мәселесі жаңа қоғамның білім саласындағы негізгі мәселенің бірі болып табылады. Жаңа заман мектеп реформасы тек мектептің басқару жүйесі мен оқу үрдісін қамтып ғана қоймай, сол мектептің бала оқытатын мұғалімдері түгелімен өзін-өзі жаңа бағытқа қарай кәсіби шеберлігін күнделікті жаңа технологияларды меңгере отырып, үнемі ұштай түсу яғни іздену үстінде. Кез келген оқу процесі қиыншылықтар мен қайшылықтар туғызып отырады. Ондай мәселелерді таным үрдістерін, есте сақтауды дамыту, көңіл-күй мәселесі, берілген білімді қабылдау, ойды дамыту, қиялына әсер ету сияқты факторларды оқушымен ынтымақтасқан түрде жүзеге асыру мұғалім мен мектеп психологының бірлескен қызмететеріндегі іскерлігі мен кәсіптік шеберлігіне байланысты болып отыр. Кез-келген оқу процесі болсын немесе күнделікті өмірде мұғалім балалардың жас және дара ерекшеліктерін, жеке психикалық жай-күйін бағалай алмаса, белгілі бір мақсатқа қол жеткізіп, сыныпта жақсы психологиялық климат жасай алмайтыны белгілі. Сондықтан қоғамдағы елеулі өзгерістер мен адамдар арасындағы қарым-қатынас құралдарының қарыштап дамуына байланысты жаңа адамды қалыптастыру заман талабы.

Жаңа заман талабына сай оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту барысында қабілетті балаларға білім беруде, әр ғылымның бүгінгі даму дәрежесіне сәйкес жүргізу, бір жағынан, қоғамға талантты мамандар даярлауда тиімді болса, екінші жағынан, ерекше дарынды балалардың жеке өзіндік интеллектуалдық дамуын қанағат-тандыруды қамтамасыз етеді.

Бүгінгі таңда біздің № 3 мектеп-гимназиясында да білім беру жүйесі ақпараттық технологияларды пайдаланып, инновациялық жаңа әдіс-тәсілдерді негізге алып, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін ашуға ерекше көңіл бөліп, жан - жақты іске асыруда .

Ерекше қабілеттілікті балалық шақта жалпы тұрғыдан қарастырған жөн. Ал уақыт өтуімен, тұлғаның есеюімен бұл қабілет өзінің арнаулы қырларын көрсетеді, пәндік дәрежеге, мазмұнға ие болады. Біздің жаңашыл ұстаздар жеке тұлғаның потенциялдық және шығар-машылық қабілетін ашып, терең ұмтылуына, ізденуіне, өзінің ішкі жан дүниесін тануға жол ашып, ықпал етуде. Білім мазмұнын жаңалау арқылы оқу - тәрбие үрдісінің сапасын жетілдіру үшін мектептің педагогикалық-психологиялық қызметімен бірлескен жұмыс бағдар-ламалары жасалып іске асырылуда.

Оқушы шығармашылық қабілеттерін ашып, дамыту барысында біртұтас жүйелі және сапалы білім берудегі ұстаздардың іс-әрекетіне психологиялық қолдау көрсету үшін психологиялық қызмет алдына нақты кәсіби мақсат - міндеттерді қойды.

Ол мақсат - міндеттерді басшылыққа ала отырып, 10 бағытта арнайы жоспар бойынша жұмыстар жүргізіледі. Жалпы психологиялық қолдау, бақылау, зерттеу жұмыстары көзге көрінбейтін бірнеше рет қайталап салыстыруды, ұзақ уақытты қажет ететін күрделі үрдіс.

Оқушылардың жеке тұлғалық ерекшеліктері, қасиеттері жеке тұлға қабілетіне сай бағытталған оқыту үрдісінде әр қырынан анықталып, жан-жақты педагогикалық – психологиялық тұрғыдан жүргізілген диагностикалық зерттеу жұмыстарының қорытындысы бойынша дамыту, түзету жұмыстары оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттырып, дамытты. Бұл жағдайды ойы жүйрік, ақылы жетік, бәсекеге қабілетті, өзгерістерге бейім оқушылардың шығармашылық қабілеттерін аша білуінен, сол сияқты, қоғам өзгерісіне байланысты жаңаша білім беру жүйесіне еніп, бәсекелестеріне қарсы тұрып, жаңа көзқараспен кәсіби құзырлығын дамытып, шыңдай білген жаңашыл ұстаздардың еңбек қоры-тындысынан көреміз. Мысалы: олимпияда, конференция, ғылыми жоба қорғау, сол сияқты оқушымен ұстаздың бірлескен шығармашылық зерттеу жұмыстары, ғылыми жоба қорғау, жекелей оқушының бірнеше жыл жүргізген зерттеу жұмыстарының нәтиже көрсеткіштері.

№ 3 мектеп-гимназиясындағы оқу-тәрбие үрдісінде оқушылардың шыға-рмашылық қабілеттерін дамыту жолында жұмыс істейтін жаңашыл ұстаздар психологиялық қызметтен қажетіне қарай көпшілік жағдайда оқушыларының жеке тұлғалық қасиеттері мен мінез ерекшеліктерін, ерік-жігерін, темпе-раментін, интеллектуалдық дамуымен шығармашылық қабілеттерін, өзіндік ойлау деңгейлерін т.б. қасиеттерін анықтау мақсатында сұраныс жасайды. Педа-гогикалық-психологиялық тұрғыдан зерт-теп, қортындысы бойынша арнайы дамыту бағдарламалары жасалып, ұстаздармен бірлесе әр оқушымен жекелей, топпен дамыту және түзету жұмыстары (әр түрлі тақырыптарда тренингтер, ойын-жат-тығулар, диспуттар, жекелей әңгімелесу, кеңестер) психологиялық қолдау жүр-гізіледі. Жүргізілген зерттеу жұмыстарына тоқталсақ:

5-9 сынып оқушыларының ішкі сезімдеріне байланысты пәнге қызығушылық жағдайының салыс-тырмалы көрсеткіші. 2004-2006 о. ж.

Соның ішінде қазақ тілі, орыс тілі, шет тілі, химия пәндерінде тұрақты өсу байқалса, былтырғы оқу жылындағы орта буында мәселе болып туындаған география, биология, бейнелеу, қазақ тілі пәндеріне деген қызығушылық көтерілген. Бұл - оқушы жеке тұлғасын зерттеу, таным үрдістері деңгейлерін ескеруі, оларды шығармашылық жұмыстарға дұрыс бағыт-тау нәтижесі және мұғалімнің кәсіби шеберлігінің артуы, жаңа технологияны орынды қолдануы деуге және оқушылар өздерін пәндік олимпиаларда, ғылыми зерттеу жұмыстарында осы пәндер бойынша жетістіктерге жетуі деп танылды.

«Өзін - өзі бағалау» - әдістемесі бойынша оқушылар өз-өздерін бағалау арқылы деңгейлері анықталды.

Кесте 2. Өзін- өзі бағалау

Деңгейі

2004-2005 оқу жылы

2005-2006 оқу жылы

жоғары

9 %

18 %

орт / жоғары

36 %

46 %

орта

44 %

31 %

төмен

12 %

5 %

Кесте 2. «Өзін-өзі бағалау» әдістемесі бойынша тестілеудегі мақсат: жеке тұлға бойына коммуникативті қарым-қатынас дағдысын қалыптастыруға, басқа адамды түсінуге, өзінің және басқа адамның тәртіп түрткілерін түсінуге, адамдармен конструктивті қарым-қатынас дағдысына үйретіп, қабілетін дамыта отырып, келешек өмір мақсатын анықтап, жоспарлауға баулу болып табылады. Мысалы: «Мен кіммін?», «Қарым-қатынас дағдысы», «Менің бүгінгі және келешек өмірім», «Мен қандаймын?», «Мен неге уақытты жеткізе алмаймын?», «Мен және конфликт» т.с.с. оқушылардың сұра-ныстары бойынша түзету ойын жаттығулары жүргізілді.

Кесте 3. «Мен позиция» тұрғысы бойынша тұлғалық орны анықталды (7-10 сынып оқушылыры)

Оқу-ң тұлғалық орны

2004-2005 оқу жылы

2005-2006 оқу жылы

Адекватты тұлға

34 %

59 %

Жоғары позициядағы тұлға

46%

33 %

Төмен позициядағы тұлға

20 %

18 %

Кесте 3 тегі төмен позиция көрсеткен оқушылармен «Маған сен!», шағын топта «Өз - ара түсінушілік анықтамасы» жаттығулары, жекелей әңгімелесу, кеңес беру сияқты түзету жұмыстары жүргізілді.

Жеке тұлғаның шығармашылық қабілетінің дамуына кері әсер ететін тұлғалық қасиеттерінің жағдайы (Автопортрет проективті әдістемесі, 6-9 сынып оқушылары).

Кесте 4

Тұлғалық қасиеттері

2004-2005 оқу ж

2005-2006 оқу ж.

Интеллектісі жоғары (төмен)

65 (35)

71 (29)

Қорқыныш сезімі жоқ (бар)

60 (40)

70 (30)

Қарым-қатынаста ашық(тұйық)

50 (50)

65 (35)

Агрессиясы бар (жоқ)

36 (64)

30 (70)

   

Кесте 4. Автопортрет проективті әдістемесі бойынша алынған жұмыс қорытындысы бойынша тұйық, агрессиясы бар, қорқыныш сезімі бар интеллектісі төмен оқушылармен:

1. а) қорқыныш сезімін алу

б) көңіл-күйін көтеру

в) достық қарым-қатынас тудыру

г) адамгершілікке баулу – туралы тренингтік ойындар жүргізілді

2. Әр оқушы жайлы сынып жетекшісімен пән мұғалімдеріне ескер-тіліп, жекелей жұмыстар ұйымдас-тырылды.

3. Ата-анамен жекелей баласы жайлы әңгіме жүргізіледі.

Оқушылардың дарындылығын анық-тап, шығармашылық қабілеттерін дамы-тып, табиғи дарындылығын ашу мақса-тында жүйелі жұмыс істеу үшін арнайы эксперименттік тәжірибе жұмысы мен психологиялық қызмет бірлескен бағдар-ламасы жасалып, қазақша тестер, сауал-намалар жинақталып, жұмыстар жүргізілді. Жүргізілген диагностикалық зерттеу жұмысының кейбіреуіне тоқтала кететін болсақ:

Гуманитарлық бағыттағы 5б-10б сынып оқушыларының вербальді логикалық ойлау қабілеттерінің салыстырмалы талдауы.

Кесте 5 бойынша гуманитарлық бағыттағы 5б-10б сынып оқушыларының вербальді логикалық ойлау қабілеттерін дамыту барысында жүргізілген жұмыс нәтижесі көңілге толмайды, яғни оқушылар кең көлемде еркін, жылдам ойлап сөйлеудегі сөздік қорларының аздығы жоғарыдағы диаграммадан көрінеді Алдағы оқу жылында гуманитарлық бағыттағы сынып оқушыларының вер-бальді логикалық ойлау қабілетін дамыту жұмыстарын, жүйелеу қажет.

Математикалық бағыттағы 7а, 8а сынып оқушыларының интел-лектуалдық мүмкіндік жағдайы (2005-2006 о.ж. ).

Кесте 6(1) бойынша - математикалық бағыттағы орта буын оқушыларының интеллектуалдық мүмкіндік деңгейі өз нормасында деуге болады. Дегенмен 21% - орта, 4% - төмен деңгей көрсеткен оқушылармен түзету, дамыту жұмыстарын жүргізу қажет.

Кесте 6(2)

Кесте 6 (2) бойынша математикалық бағыттағы 5а-10а сынып оқушыларының интеллектуалдық мүмкіндік жағдайын әліде дамыту жұмыстарын жүргізуді қажет етеді.

Математикалық бағыттағы 8-10 сынып оқушыларының табиғи ойлау қабілеттері.

Кесте 7

Кесте 7 бойынша жоғарыдағы диаграммадан жыл өткен сайын дамыту, түзету жұмыстары өз нәтижесін беріп, табиғи ойлау қабілеттері 6% өсе бастағанын көруге болады.

Мектеп оқушыларының денсау-лығының салыстырмалы жағдайы.

Төмендегі Кесте 8 диаграммадан мектеп оқушыларының денсаулығының салыстырмалы жағдайынан көріп отырғанымыздай дене шынықтыру пән мұғалімдері, мектеп дәрігері бірлесе оқушылардың, денсаулығына мән беріп, жақсарту жұмыстары нәтижесінде жоғары сынып оқушыларының денсаулық жағдайы 8%-жақсарғанымен әлі де жұмыс жүргізу керек. Талбесік тобының денсаулықтарына байланысты арнайы топтағы оқушы саны 15%-ға өскен. Олай болса, талбесік тобымен - ата-аналары, мектеп дәрігері, педагог-психолог, сынып жетекшілері денсаулықты нығайтуға мән беріп, жыл мезгілдеріне байланысты профилактикалық емделу туралы кеңестер беріп, әңгіме жүргізулері қажет.

Кесте 8

8 а, б, в – 10 а, б, в сынып оқушыларының мамандық типтеріне бейімділігінің көрсеткіші: (2005-2006 о.ж. Климов сауалнамасы бойынша)

Кесте 9

Бүгінгі заман талабына байланысты, бейім мамандық типіне сай, кәсіптік бағдар беру жұмысы жандандырылуда. Оқушы-лардың мамандық типтеріне бейімділігін анықтау, гимназиялық бағыттарға қабі-леттеріне қарай дұрыс іріктелуіне септігін тигізеді.

Психологиялық қызметтің жоғарыда жеке тұлғаның қабілет жағдайын анықтауға байланысты жүргізген диагностикалық зерттеу жұмыс қорытындылары бойынша туындаған мәселелерді шешу үшін алдағы 2006-2007 оқу жылына мақсат-міндеттер қойылды:

Қорытындылай келе, оқу-тәрбие үрдісінде әртүрлі бағытта потенциялдық, шығармашылық қабілеттерін ашып, терең ұмтылуына, ізденуіне, өзінің ішкі жан дүниесін танып, жеке тұлғалық қасиеттерін анықтап, рухани күш беріп, интеллектуалдық дамуымен, өзіндік ойлау деңгейлерін педагогикалық – пси-хологиялық тұрғыдан зерттеп, қортындысы бойынша дамыту бағдарламасы жасалып, ұстаздармен бірлесе жүргізген дамыту және түзету жұмыстарының нәтижесі болды. Жетістік қорытындысын ұстаздар мен оқушылардың олимпиядада, конфе-ренцияда, ғылыми жоба қорғаудағы, ҰБТ-гі грант алу жетістік көрсеткіштерімен негіздеуге болады.

Республикалық ғылыми-практи-калық конференцияда – бас жүлдені, республикалық ғылыми жобалар сайысында - ІІ-орынды 2 оқушы жеңіп алса, республикалық олимпиядадан ІІІ орын, халықаралық ғылыми конференцияда І- орын, ІІ- орын 2 болды.

Республика жастарына арналған «Болашақ» бағдарламасының талап-тарына сай нәтиже көрсеткен түлектер бүгінгі күні – Ұлыбритания, Қытай, Польша, Ресей мемлекеттерінде 9 оқушы білім алуда.

2004-2006 оқу жылдарында оқушылардың ғылыми жобаларға қатысу қорытындысы. (Жүлделі орын алған оқушылар саны).

Кесте 5

жыл

қалалық

облыстық

республикалық

2004-2005

12

2

1

2005- 2006

17

3

1

«Дарын» Ғылыми тәжірибелік орталығы ұйымдастырған аймақтық, облыстық халықаралық интеллек-туальды ойындарға қатысу қорты-сындысы.

Кесте 6

Сайыс атаулары

Малахит

Ақ бота

Асыл тас

Тұлпар

Кеңгуру

2004-2005

20 оқушы

15 оқушы

35 оқушы

55 оқушы

25 оқушы

Жүлделі орын

10 оқушы

10 оқушы

15 оқушы

16 оқушы

14 оқушы

2005-2006

24 оқушы

19 оқушы

42 оқушы

74 оқушы

36 оқушы

Жүлделі орын

11 оқушы

19 сертификат

2 жүлде

16 оқушы

21 оқушы

36 сетификат

Дарын» орталығы ұйымдастырған интеллектуалдық ойындардың оқушы шығармашылығын, ойлау қабілетін жетіл-діруде өзіндік орны бар. Қатысушылар саны жыл сайын көбеюде. Оқушылардың өзіне деген сенімін арттырып, жеке тұл-ғалық таным қасиеттерін қалытастырып, ой-өрістерін кеңейтуге мәні зор болып отыр.

2003-2006 оқу жылдары аралығындағы Ұлттық біріңғай тестілеу қорытындысы бойынша салыстырмалы көрсеткіш.

Кесте 7

оқу жылы

оқушы саны

Орта балл

Грант иегерлері

47-70

71-89

90-100

101-120

2003-2004

114

38,6%

40%

14%

6,4%

42

2004-2005

103

25,8 %

23,8%

26,8%

28,8%

53

2005-2006

81

1,2%

27%

41%

28,3%

74

ӘДЕБИЕТТЕР

1. Гильбух Ю.З. Умственно одаренный ребенок. – Киев, 2000.

2. Дарынды тану және оқыту мәселелері // Қазақстан мектебі. – 2002. - № 1 - 2.

3. Кулемизина А.В. Детская одаренность: психолого-педагогическое исследование. – Томск, 1999.

4. Қабілет туралы түсінік//Психология. Қ. Жарықбаев. - Алматы, 1982 ж.

5. Одаренные дети в общеобразовательной школе// Дарын, 2000.- №4. –Б. 87-88.



К содержанию номера журнала: Вестник КАСУ №1 - 2007


 © 2024 - Вестник КАСУ