Главная  | О журнале  | Авторы  | Новости  | Конкурсы  | Научные мероприятия  | Вопросы / Ответы

СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУ ЖОБАСЫ АРҚЫЛЫ БАЛА ТІЛІН ҚАЛАЙ ДАМЫТАМЫЗ?

К содержанию номера журнала: Вестник КАСУ №1 - 2007

Автор: Базарова С.М.

Бірнеше жылдық жұмысым кезінде алдымнан неше түрлі оқушылар өтті. Адамның баласы бес саусағы бірдей болмайтыны сияқты оқушыларым да бір-біріне ұқсамайтын, бір-бірін қайта-ламайтын, кішкене болса да өзіндік ерекшелігі бар адамдар еді. Олардың ішінде ең үздігі де, ең нашары да, ең тентегі де, біліп тұрса да аузын ашпайтыны да, қанша сүйресең де алдыға баспайтын жалқауы да болды. Бірақ барлығын да жақсы көріп, білім нәрімен сусындатуға тырыстым. Олар бастауыш мектепті бітіріп, орта буын сыныптарға өткенде де сырттай бақылап отырдым. Мұға-лімдерімен пікірлестім. Олар балаларда нақты білім барын, бірақ өз ойларын толық жеткізуде қиналатындықтарын айтты. Содан бастап тіл дамыту жұмысына көп көңіл бөле бастадым. Осы жерде маған көмекке сын тұрғысынан ойлау (СТО) жобасы келді.

Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы әлемнің түкпір-түкпірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі. Тәжірибені жүйеге келтірген Джинни Л. Ситл, Куртис С. Мередит, Чарльз Темпл. Жобаның негізгі Ж. Пиаже, Л.С. Выготский теорияларын басшылыққа алады.

Мақсаты барлық жастағы оқу-шыларға кез келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға сабақтарда үйрету. Біздің елімізде Джордж Соростың ашық қоғам институты, «Сорос-Қазақстан» қоры арқылы келген бұл технология орыс және қазақ тілдерінде мектеп тәжірибелеріне ене бастады.

«Сыни тұрғысынан ойлау» ұғымын белгілі бір идеяларды қабылдай отырып, оның неге қатысты екенін зерттеу, оларды жеңіл септикалық ойларға қарсы қоя білу, салыстыра алу, сол идеяларға қарсы көзқарастармен тепе-теңдікте ұстап зерт-теу, оларға сеніммен қарау деп түсіндіреді авторлар.

Сын тұрғысынан ойлау деңгейіндегі ойлау тек ересек адамдарға, жоғары сынып оқушыларына ғана тән деп ойлау аса дұрыс түсінік емес. Жас балалардың да бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз.

Сын тұрғысынан ойлау жобасының әдіс-тәсілдері оқушыларды тынымсыз ізденімпаздыққа баулиды. Баланың еркін де терең ойлауына, үздіксіз жұмыс жасауына жол ашады. Оқушының ізденісі жеміссіз болмақ емес. Дәстүрлі білім беру кезіндегі оқушыны сын тұрғысынан ойлайтын оқушымен салыстырғанда нәти-жесі жақсы болды.

Сын тұрғысынан ойлау – оқу мен жазуды дамыту бағдарламасы. Оқушыны мұғаліммен, сыныптастарымен еркін сөйлесуге, пікір таластыруға, бір-бірінің ойын тыңдауға, құрметтеуге, өзекті мәселені шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты жеңуге баулитын бағдарлама.

Сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін мына төменгі шаралар орындалуы шарт:

1) сын тұрғысынан ойлауды тудыру үшін уақыт керек;

2) оқушыларға ойланып-толғануға, ойын ашық айтуға рұқсат беру;

3) әртүрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау;

4) үйрену барысындағы оқу-шылардың белсенді іс-әрекетін қолдау;

5) кейбір оқушылар түсіп қалған қолайсыз жағдайларды әжуаға айна-лдырмау;

6) оқушылардың бір-бірінің жауа-бына жасаған сынының дәлелді, дәйекті болуын талап ету;

7) сын тұрғысынан ойлауды бағалау.

Ал оқушылардан осыған байла-нысты:

- сенімділікпен жұмыс жасау;

- бар ынтасымен оқуға берілу;

- пікірлерді тыңдау, құрметтеу;

- өз пікірін ашық білдіруді талап ету қажет.

Тек сонда ғана олар:

- мен осы мәселе туралы не ой-лаймын?

- осы мазмұннан алған ақпарат менің бұрынғы осы мәселе туралы білетініме сәйкес пе?

- осы ақпаратты үйрене отырып мен бірдеңе жасай аламын ба?

- маған бұл жаңа ойлар, идеялар қаншалықты әсер етті? деген сауалдар төңірегінде ойлауға үйренеді.

Осы шараларды орындай отырып жұмысты әр баланы зерттеуден бастадым. Зерттеу нәтижелерін сараптай отырып алдағы уақытқа жұмыстар жоспарладым: ата-анамен, кітапханамен байланысты жандандырып, қоршаған ортасы, сабақ процесі арқылы тіл дамыту.

Балаларды мектепте зерттеген соң ата-аналармен пікірлестім. Оларды алға қойған жұмыс жоспарыммен таныстырып, көмек беруге шақырдым. Баланы ата-анадан артық ешкім білмейді ғой. Сол себепті олардың пікірлерін тыңдап, бала туралы ата-аналардан мәлімет алдым. Отбасы мүшелерінің қарым-қатынасы, баланың отбасындағы орны, бейімділігін анықтадым. Ата-аналарды балаларын бас-пасөзге жазылуға, оны баласымен бірге оқып, талдап, пікірін тыңдауға шақырдым. Кейінірек ата-аналар жиналысында пікір-лері шыңдалып, кеңестер беріліп отырды. Бала сөйлеуді алғашқыда отбасынан үйре-неді. Сол себепті ата-аналардың өздерін мәдениетті, көркем де әсерлі, жүйелі сөйлеуге шақырдым. Ата-ана жина-лыстарында сөйлеу мәдениеті төңірегінде пікірлесу өткіздім.

Екінші жұмыс түрін кітапханамен байланысты нығайтудан бастадым. Оқу-шыларды кітапханаға келген жаңа кітап-тармен таныстыра отырып жас ерек-шеліктеріне сай оқитын кітаптар тізімі жасалды. Сыныптан тыс оқу сабақтарында оқыған кітаптар талданып, оқу күндерін ұйымдастырып отырдым.

Келесі жұмыс достарымен, айналасындағы адамдармен сөйлесу мәде-ниетін қалыптастыру мақсатында жүр-гізілді. Амандаса білу, қонақ қарсы алу, телефонға жауап беру, жөн сұраған адамға жауап беруге сабақ, тәрбие жұмысы про-цесінде үйретіліп, мектептен тыс жағ-дайларда да жүргізіліп отырды.

Сол сияқты теледидардан балаларға арналған қандай бағдарламалар бері-летінінен көрген, үйренгенін өмірде қалай қолданып, пайдаға асыру жолдары туралы пікір алмастық. Осы жұмыстарды сабақ процесінде жалғастыра түстім.

Еліміз өркениеттілікке ұмтылып отырған кезде ойыма еріксіз мына сөздер оралады: «Өркениеттіліктің басты міндеті – адамды ойлай білуге үйрету» (Эдисон).

Ал ой жоқ жерде жүйелі сөйлеу жоқ. Олай болса ойлауға үйрете отырып бала тілін дамытуға жол саламыз.

Қазір Сын тұрғысынан ойлау сабақ-тарында оқушыларды оқуға, жазуға ғана емес, ойлауға үйренуді өзіміз де үйрене бастадық. Сын тұрғысынан ойлау жобасымен бір жыл көлемінде ғана жұмыс істегеннің өзінде біраз жетістіктерге қол жете бастады. Оқушыларды ойлауға үйретуде, тілдерін дамытуда бес жолды өлең, эссе, елес құшағында, торлы талқылау, раундробинг, РАФТ, INSERT, болжау, қосжазба күнделігі, еркін жазу, кубик, дөңгелек үстел, қолжазба, кержез, дәлелді эссе сияқты стратегиялардың берері көп.

Осы аталған стратегиялардың бірнешеуіне тоқталып өтсем, INSERT. Ол бойынша оқушыға оқу, тақырыппен танысу барысында

«V» - «білемін»;

«-» - «білмеймін»;

«+» - «мен үшін жаңа ақпарат»;

«?» - «мені таңқалдырады» белгілерін қойып отырып оқу тапсырылады. INSERT – оқығанын түсінуге, өз ойына басшалақ етуге, ойын білдіруге үйрететін ұтымды құрал. Бір әңгіменің соңына тез жету, оқығанды еске сақтау, мәнін жете түсіну күрделі жұмыс. Сондықтан да оқушылар арасында оқуға жеңіл-желпі қарау салдарынан түсіне алмау жиі кездеседі. Мағынаны түсінуді жоғарыдағыдай ұйымдастыру аталған кемшіліктерді бол-дырмаудың бірден-бір кепілі.

Екі түрлі түсініктеме күнделігі.

Оқушылардан дәптердің бетін (не таратылып берген парақты) ортасынан вертикаль сызықпен бөлу сұралады. Мәтінді оқу барысында олар:


Бөліктің оң жағына

Сол жағына

Мәтіндегі қатты әсер еткен тұстар, үзінділерді жазады

Сол әсер еткен үзінділер жайлы пікір жазады (нені еске түсіреді, себеп салдары қандай, қандай сұрақ бар тағы басқа)


Әр оқушы мәтінмен танысып, күнделікті толтырып біткен соң, жұпта, топта талқылау ұйымдастырылады. Жұмыс аяқталған кезде мұғалім қорытуға арналған әзірлеп келген сұрақтарын қойып, жауаптар алады. Ол сұрақтар оқығанға баға беру, пікірін, көзқарасын білдіруге лайықталынып қойылғаны дұрыс. Мысалы:

- сіздің ойыңызда не сақталып қалды?

- автор оқырманды қалай қы-зықтырады?

- кейіпкерлердің іс-әрекетін сіз қалай бағалайсыз? тағы басқа түрінде.

Бұл әдіс те алдыңғы сияқты оқушыларды ұжым болып жұмыс жасауға үйретеді. Ақпаратты өз бетінше меңгеруге жағдай жасайды. Сөз астарын, құдіретін түсінуге бағыттайды. Сондай-ақ әдістің тиімділігі сабақтан тысқары қалатын оқу-шы болмайды, оқыған мәтінді түсіну оны түсінікті етіп айтып беру, оған қатысты ойын, пікірін білдіру арқылы оқушының тілі дамиды. Осылайша ұйымдастырылған оқу сабақтары арқылы сауатты оқырман қалыптастыру мүмкіндігі туады.

Еркін жазу. Бұл әдісті сын тұрғысынан ойлау жобасындағы сабақтың үшінші ой толғаныс кезеңінде пайдалану тиімді. Мұғалім сабақ бойын қарастырылған жаңа ақпарат жайлы, одан алған әсерін, не үйренгенін, нені әлі де біле түсу керек екенін тағы басқа жайлы өз пікірін қағаз бетіне түсіруді тапсырады. Жазуға уақыт береді. Уақыт аяқталған кезде оқушылар өз жазғандарымен топ мүшелерін таныстырады. Ең жақсы деп танылған жұмысты ұжымда оқуға болады.

Оқушыларды алған білімдерін қорытуға оған сын көзбен қарап, ойын түйіндеуге үйрететін бұл әдісті кез келген сабақта қолдануға болады.

Жоғарыда аталған стратегияларды қолдана отырып өткізген бірнеше сабақтарымнан мысалдар келтірейін. 4 сыныптағы ана тілі сабағында Қ. Мырза Әлидің «Күз» өлеңін оқыған соң торлы талқылау стратегиясын пайдаландым. Мақсатым өз пікірін дәлелдеуге үйрету.

- Саған күз мезгілі ұнай ма?

-

Иә

Жоқ

Маған күз мезгілі өте ұнайды. Айналаңнан бояудың барлық түсін көре аласың. Ағаштан үзіліп түсіп жатқан жапырақтар көбелек сияқты. Барлық жеміс, көкөніс пісіп, тоятын мезгіл (Назым)

Маған күз мезгілі ұнамайды. Жазғы каникул бітіп қалады. Жиі ауа райы бұзылып, батпақ болады. Ойнағанда киімің былғанса, анаң ұрсады. Бақшада да жұмыс көп. Ойнауға уақыт аз қалады (Еркебұлан)

Қаншалықты нақты дәлел келтір-етіндіктеріне назар аударып, бағаладым.

4 сынып ана тілі сабағында «Аяулы Жақаң» тақырыбынан кейін оқушыларға Міржақыпқа 5 жолды өлең арқылы мінездеме беру тапсырылды:

Міржақып

Білімді шапшаң

Армандады, талпынды, оқыды

Міржақып қазақты білімге шақырды

Ойлы.

(Егей)

Міржақып

Ақын, оқымысты

Шақырды, оқыды, жазды

Халқын өнер, білімге шақырды

Қайраткер

(Айым)

Синквейн құруда балалар зат есімге қандай мәндес сөз таңдайтындығына назар аудардым. Уақыт өткен сайын балалар қуанта бастады. Мұндай жұмыстар баланың сөздік қорын молайтуға көп көмек етеді.

3 сынып дүниетану пәні «Алғашқы қоңырау» тақырыбында сабақ қорытысында РАФТ стратегиясы қолданылды. Оқушыларға рөл, аудитория, форма, тақырып таңдау ұсынылды. Олар көптеген қызықты ой толғаныстарын ұжымға ұсынды.

Кітапханашының алғысы

Мен көп жылдар балалармен жұмыс істеп келемін. Жиі-жиі сыныптарды аралап, оқулықтардың ұсталуын тексеремін. Оқулықтарын жақсы ұстаған 3 сынып оқушыларын алғыс хатпен марапаттадым. Осындай жақсы балалар тәрбиелегені үшін ата-аналарға алғыс айтқым келеді (Елдар).

Кітаптың қорқынышы

Мені биыл алған бала қаптамады. Кір қолымен ұстай береді. Беттерімнің арасына қарындаш салып қояды. Үйінде кез келген жерге тастай салады. Келесі жылғы балаға жете алмай қаламын ба деп қорқамын (Еңлік).

4 сынып ана тілі сабағында «Ғажайып бақ» ертегісін оқи отырып, Асан мен Қасеннің дала қарияға келген жерінен мәтінді үзіп, оқушыларға қарияның шәкірті рөлін ұсындым. «Сендер қандай билік айтар едіңдер?» дей отырып пікірлері тыңдалды. Олар билік айтып, өз билігінің дұрыстығын дәлелдеуге тырысты.

4 сынып ана тілі «Ағаштар неге ашуланды» тақырыбы. Жаңа сабақты бастамас бұрын «Орманда жүрміз деп елестетіңдер» деген тапсырма бердім. Жерімізде орман болмағандықтан оқушылар естіген, оқыған, теледидардан көргендерін пайдаланып, сезімдерін жеткізді.

«Мен орман ішінде келемін. Айналамда әр түрлі әсем ағаштар өсіп тұр. Ағаш жапырақтары желмен жайқалады. Сылдырап бұлақ ағып жатыр. Құлағыма құстардың сайраған даусы келеді. Мен орман ішінен тоқтамай жүре бергім келеді».

Міне, осы сияқты жұмыстар оқушыларды ойлануға, дәлелдер айта білуге жетеледі. Ойлауды үйрене бастаған балалардың тілі де дами бастады. Белгілі тақырыптағы ойды сын тұрғысынан қарай отырып, ой-толғау, суреттей алу, еске түсіру, болжау оқушыны да, жаңа бір әлемнің жаңалығын ашқандай қалыпқа жеткізеді. Әрі қарай ойын айтуға ынталандырады. Бұрынғы қолданылған оқыту әдістерінде мұғалім басты орын алып оқушы тек тыңдаушы ғана болса, қазіргі сын тұрғысынан шыңдалған ойлаудың арқасында оқушы білім негіздерімен толығып, болашақты ойлауға құлшыныс алады. Сондықтан сын тұрғысынан ойлау - өте күрделі маңызды құбылыс.

ӘДЕБИЕТТЕР

1. Тұрғынбаева Б.А. Дамыта оқыту технологиялары. – Алматы, 2000. – 5-44 бет.

2. Аймағамбетова К.А. Бастауыш сыныптарда ана тілін оқытудың теориялық негіздері. – Алматы: Балауса, 2003. – 111-118 бет.

3. Қабдықайырұлы Қ. Оқытудың педагогикалық жаңа технологиясы: Оқу құралы. – Алматы: РБК, 1999. – 30-39 бет.

4. Мұқанов М.М. Бақылау және ойлау. Алматы, 1959 – 120 б.



К содержанию номера журнала: Вестник КАСУ №1 - 2007


 © 2024 - Вестник КАСУ