Главная  | О журнале  | Авторы  | Новости  | Конкурсы  | Научные мероприятия  | Вопросы / Ответы

КРЕАТИВТІЛІК ПСИХОЛОГИЯСЫНЫҢ ƏДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ МЕН ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ

К содержанию номера журнала: Вестник КАСУ №1 - 2007

Автор: Нургазиева Н.М.

Шығармашылық психологиясының негізгі міндеті шығармашылық процесс пен креативтіліктің психологиялық меха-низмдері мен заңдылықтарын ашу. Шет елдік зерттеушілер шығармашылық дарындылықты түсіндіру үшін, креа-тивтілік түсінігіне жүгінеді.

Креативтіліктің кейбір анықтамалары іс - әрекет нәтижесі, өнім терминінде жүйеленсе, басқалары – тұлғалық құрал процесінің терминінде жүйеленеді. Бір автор креативтілікті сирек кездесетін қабі-леттің арнайы түрімен түсіндірсе, екіншісі, барлық дені – сау тұлғалардың белгілі – бір деңгейде иемденетін жалпы креативті қабілетті назарға алады.

К. Спирмен креативтілікті адамзаттың ойының күші ретінде есептесе, Симпсон креативті ойлау процесіндегі идеялар қатарының жалпы қабылданған қатарының бұзылуы ретінде сипаттаған.

Е. Торренстің пікірінше, креативтілік – бұл арнайы емес, өнімді ойлау, зиятқа, жеке сипаттарға жүгінетін жалпы қабілет деп түсіндіреді. Ол шығармашылық про-цесті проблеманы қабылдау, шешім қабыл-дау, болжамды құру, түрлендіру, шешімін табумен сипатталады деген.

Кеңес психологиясында креативтілік адамның шығармашылық мүмкіндігі ретінде, адамның әлеуметті маңызды шығармашылықты белсенділік айқындай алу қабілетін қамтамасыз ететін адамның тұрақты әрі ерекше құралы ретінде қарастырылады (Н.М. Гнатко) [1].

Осыған орай, «шығармашылық» және «креативтілік» түсініктеріне сипат-тама беру үшін: процессуалды – нәтижелі (шығармашылықты айқындау үшін) және субъективті жүйелеуші (креативтілікті түсіндіру үшін) түсініктері қолданылады. Қазіргі таңда креативтіліктің өлшемдері ретінде зиятты іс - әрекеттің құрамдық ке-шені қарастырылады:

1) уақыт бірлігінде туындаған иде-ялар саны;

2) сонылық (жалпы қабылданған ұқ-сас сұрақтарға «сирек идеялар» құра білу қабілеті;

3) қабылдағыштық «ерекше бөліктерге сезімталдық таныту, бір идеядан екіншісіне жылдам, әрі икемді түрде ауыса алу);

4) болжамды өңдеуге қабілеттілік;

5) метаморфтылық (өз ойларын айқындауда белгісі бар, байланысқан құралдарды қолдану).

И.Н. Дубина «креативтілік» түсіні-гіне келесілерді жатқызады:

1) Әлеуметтік - мәдени ортаның құрған әсеріне қарамастан субъектінің өз проблемаларын жаңашылдықпен шеше алу қабілеті (жаңа әдіс, жаңа құрылым, жаңа шығармашылық бейне және т.б.);

2) Жаңа құрылымдық процесі «жаңашыл іс - әрекет пен жаңа идеялардың туындау процесі);

3) Жаңашыл іс - әрекет өнімдері.

Яғни креативтілік, шығармашылық сияқты жаңаны қабылдап, түсіну, танумен байланысты, жаңа қорытынды немесе сонылы шешім табу мен оны алу әдістерін алға қояды.

Креативтілік субъективті – маңызды жаңашылдықты сипаттаса, шығармашылық – креативтілікті біріктіретін әлеуметтік – мәдени жаңашылдықты біріктіреді. Яғни, креативтілік шығармашыл тұлғаның дамуындағы ең жоғары баспалдағы, ал шығармашылық дараланып, аса жоғары шығармашылық деңгейге көтеріледі.

Креативтілікке берілген анықта-маларға талдау жасай келе Р. Холлменн креативтілік жаңа тәсілмен жүзеге асқан қабылдау ағымы (Маккеллар), жаңа байланыстар табу қабілеттілігі (Кюби), жаңа қарым – қатынастың пайда болуы (Роджерс), жаңа шығармашылық негізі пайда болуы (Миррей), жаңалықты жасау, тануға ұмтылу (Лассуэль), жаңаны дүниеге әкелетін ақыл – ой әрекеті (Жерар), жаңа ұйымдастыруға тәжірибені трансфор-мациялау (Тейлор).

Креативтілік тұжырымдамасы әмбе-бап шығармашылық таным процесі ретінде Дж. Гильфорд еңбегінен кейін кеңінен тарала бастады [2].

Бұл тұжырымдаманың негізі болып, үшбұрышты үлгі зияттың құрылымын көрсетеді: материал Х, операциялары Х, нәтиже Х (structure of the intellect) Дж. Гильфорд ақыл – ой операцияларының екі түрінің конвергентті және дивергенттілігі арасындағы айырмашылықтарын ашып көрсетеді.

Конвергентті ойлау адамға көптеген міндеттерді шешуде бір ғана дұрыс шешімін табуда қажет болады. Дегенмен де, нақты шешімі бір ғана емес бірнеше болуы да мүмкін, бірақ шешім көптігі шектеулі болады.

Дж. Гильфорд конвергентті ойлауға қабілетті зияттылық тестімен, яғни, жоғары өлшемді тестілермен IQ өлшеу мүм-кіндіктерін ашып көрсетеді.

Дивергентті ойлауды «әр бағыттағы ойлау типіне жатқызады». Дж. Гильфорд: «Бұл ойлаудың түрі мәселені шешуде нұсқалардың әртүрлі болуы, ойламаған нәтижелер мен қорытындыларға әкеледі», - дейді.

Дж. Гильфорд дивергенция опера-циясын қайта жаңару немесе импликация, шығармашылық қабілеті ретінде креатив-тіліктің негізі деп түсінген.

Гильфорд креативті өнімнің 2 түрін айырады: сипап-сезілетін, мәдениетпен мойындалған және «психологиялық», ғұла-малар тудыратын емес, міндетті түрде сезілетін емес, бірақ сонымен қатар айтылған идеялар немесе ойланған идеялар да болуы мүмкін.

Біз жекеше және қоғамдық креативтілікті айырамыз: жекеше креативтілік жекелеген адам өмірі тәжі-рибесінен өзін табады, ол қоғамдық креативтілік бүкіл мәдениетке көзін салады. Бұрын ешқашан осыны істей алмаған, қазір соны орындаған бала, жекеше алғанда креативті, бірақ кең көлемде көрінбейді. Дара креативтілік жеке адамның дамуы үшін өте қажет. Сонымен қатар, ол қоғамдық креативтіліктің бөлшегі тәріздес, қоғамдық процестерге әсер ету негізі, сондықтан креативті бастамаларды дамытудың маңызы өте зор.

Зиятты зерттеушілер шығармашылық қабілеттерімен зиятты оқыту байла-нысының әлсіз екенін дәлелдеген.

Бүгінгі күнде креативтілік процесте (проблеманы шешудегі сияқты 4 фазасын айырады:

1) проблеманы ашып, мәліметтер жинақтаудың дайындық фазасы;

2) инкубациялық фаза, мұнда бар білім проблема және жинаған мәлімет-термен араласып, жаңа қатынастар жасай-ды;

3) шешім келетін, түсіну фазасы;

4) тексеру фазасы, түсінік жаңа екенінің шыншылдығы сыналады және тексеріледі, жекеше аймақтарды кеңейте ме және ол қолданыла ма?

Осы фазалардың әрқайсысы тұлғаны белгілі бір психикалық күйге түсіреді, ол қынжылу, ренжу, қуаныш және ең соңында концентрация ретінде бастан өтеді.

Дайындық фазасы. Кез келген оған дайын емес жағдаят тудырады. Әсіресе ол сабақ үстінде, мұғалімнің берген жауабына оқушылардың әр деңгейдегі дарындылықтарына қарай жылдам немесе керісінше ақырын жауап беруі кезінде айқын көрінеді. Мұғалім бұл айырмашылықтарды, оларды қызық-тыратын және қиялын оятатын сұрақтар қою арқылы теңестіре алады. Сонда әрбір оқушы тақырыпқа өз мүмкіншілігіне сай қарайды. Бұл фазада бала сыртқы әлеммен (мұғалім бейнесінде) және де тәжірибе, ақпараттар сақталынған ішкі әлемімен де қатынасқа түседі. Бұл кезде бала өзін белсенді-ұстамсыз ұстап, шыдамсыздық көрсетеді. Егер осы тұста мұғалім тыныш отыруды талап етсе, ол креативті процесті тоқтатады.

Инкубациялық фаза. Бұл фазада жаңа жағдайлар таныс тәжірибе аймағымен кездескенде, балаға қиындау соғады. Ол ұстамсызданады да, оңай шаршап қалады. Қарым-қатынас тұлғаішілікке ауысады, яғни бала тек өзіне ғана сене алады. Мұғалім осындай жағдаятта түсініктілік көрсетіп, балаларды тыныштандыруға тырысуы қажет.

Түсініктілік фазасы. Түсініктілік көбінесе тосыннан келеді, сондықтан қатынас тұлғаішілік болып қала береді, себебі бала әлі ешқандай бекіту алған жоқ. Бұл әдетте сыныпта дарынды балалар қолдарын көтеріп, көбінесе жауапты айқайлап айтып қойғанда болады. Мұғалім мұны қабылдаса да, ол дистанция ұстауы тиіс, себебі түсінік әлі ойластырылып, тексерілген жоқ.

Тексеру фазасы. Жауаптың дұрыстығын анықтау үшін проблема мен шешім салыстырылуы керек. Балалар көбінде мұны шыдамсыздана орындайды, себебі олар енді тез ары қарай жылжығысы келеді. Мұғалім өзін мейірімді ұстағанымен, өз талабын орындатуы қажет. Бұл кезеңде қатынас тұлғааралық болады: субьективтік түсінік обьективті анық-талады, басқаларға ұғынықты болу үшін.

«Оқыту - өнер ме, әлде ғылым ба?», - деп жиі сұрақ қойылады. Менің ойымша, бұл екеуі де. Алғашқы үш фазада мұғалім мен оқушылар бірге жаңа оқу тәжірибесін қалыптастырып, құрайды, ал төртінші фаза ғылыми, мұнда сынайды және тексереді.

Психологтар қабілеттің екі түрлі деңгейі болатындығын дәлелдейді. Өнімсіз – іс - әрекетті не білімді берілген үлгі бойынша қабылдай, меңгере алу деңгейі.

Шығармашылық – жаңа нәрсе ойлап табуға бағытталған қабілет деңгейі.

Шығармашылық белсенділіктің негізділігі креативтіліктің мәнін басқа бір нәрсе арқылы жеткізе алмау.

«Дағдарыс белгісіздік нышаны ретінде креативті іскерлерге кеңістік тазалай береді». Бірақ жаңа білім қайдан және қалай пайда болады? «Шығар-машылық бастауының құпиясы транс-цендентті проблема», - деп жазған К. Юнг [3]. Құрылымның дүниеге келуінің ше-шімді сәтін В.Г. Буданов «мистикалық» деп атайды.

«Шығармашылық және көріп-білу құпиясы ...Бұл табиғат құпиясы... Танымның ең үлкен құпиясы», - деп жазады В.В. Василькова. Олай болса, бұл құпия ғылыми зерттеуге келе ме? «Біз... қатерлі жолға тұрдық, шығармашылық бастаманы эволюциялық үрдіске қос-қанда», - деп мойындады В.В. Налимов.

Е.Н. Князеваның айтуынша, «Шығармашылық жұмбағы-байланыс және шоғырлану процестерінің жинақтауының, қосылуының жұмбағы».

А.А. Кобляков шығармашылық про-цестің тиімді теориясын құру міндетін қояды, оны метажүйелік бағытта шешу мүмкіншілігін көреді және осы процестің логика-семантикалық және логика-алге-бралық бейнеленуін ұсынады.

Креативтілікті тестілеу оңтүстік Колифорния штатындағы университет психологтарының зерттеуімен байланысты.

Дж. Гильфорд креативтіліктің төрт маңызды көрсеткішін береді:

1) төтендік – алыс байланыстарды қамтамасыз ету қабілеттілігі;

2) ерекше бөлек жауап қайтару;

3) семантикалық қабілеттілік – объективті қызметін айқындап, жаңа қолданыс ұсыну;

4) бейнелердің бейімделу қолайлығы – түрді қолдануға қажетті жаңа белгілерін байқау үшін стимул өзгерту;

5) семантикалық аяқ астылық қолайлылық - әртүрлі жағдайда әртүрлі идеяларды ойлап табу.

Жалпы зият креативтілік құрамына енбейді. Кейінірек Дж. Гильфорд креа-тивтіліктің алты параметрін көрсеткен:

1) проблеманы қою және байқау қабілеттілігі;

2) көп идеялар қабілеттілігі;

3) бейімділік – қабілеттілік әр түрлі идеяларды еске алу;

4) төтендік – қабілеттілік дәстүрден тыс жауап беру;

5) нысанды бөлшектер қосып же-тілдіру;

6) проблеманы шеше білу қабі-леттілігі, яғни талдау мен жинақтау қабілеттілігі.

Осы теориялық талдау негізінде Дж. Гильфорд қабілеттерді тестілеуде жасаған бағдарламасы (ARP) өнімді дивергенттік ерекшелігін көрсетеді.

Көптеген зерттеулерде креа-тивтілікке әр адамда бар психологиялық креативтілік механизмдер және шығар-машылық әлеуетке назар аударады. Бірақ, әр адамда әр түрлі сан мен сапа да кездеседі, сондықтан проблема деңгейі даму сатысына және байқау мүмкіндіктерін қарастырады. Креативтілік табиғатын ашу эксперименттік тұрғыдан талдау негіздеріне сүйеніледі дей отыра, А.В. Морозов бірінші топқа жалпы психо-логиялық және тұжырымдамалық бағыт-тылықты (С.Л. Рубинштейн, 1941; К. Дункер, 1965) жатқызады [4].

Бұл топтағы психологтар шығармашылық психологиясының әдіс-намалық негізін, оның заңдылықтарын және шығармашылық іс - әрекеттің меха-низмін зерттейді.

Шығармашылық психологиясында (Б.Ф. Ломов), педагогика мен психологияның әр бағыттағы зерттеулерінде әлеуметтік мәнді нәтижелерін біріктіруге қабілетті жалпы психология теориясын жасауға ұмтылады.

Екінші топты сараланған психо-логиялық типтегі шығармашылықты эксперименттік – эмпирикалық зерттеу, тұлғаның шығармашылық іс - әрекетінің мінездемесі мен қабілеттілігін айқындауға бағыттайды.

Креативтілік – жаңа өнім немесе шығармашылық ойлау нәтижесі (К. Тейлор, В.А. Терехов, О. Тихомиров) деп көрсетеді. Басқа зерттеулерде шығар-машылық процестің басымдылық нәтижесі жаңаны ойлап табу (А. Арнгейм, А.В. Брушинский).

Бұл Р. Арнгейм еңбектерінен айқын байқалады «шығармашылықты сол нысанмен бақылауға болмайды, ол өндіретін нәтиже. Креативтілік – ол білімнің толық ашылуы, эвристикалық іс - әрекет деген атқа ие болады».

Эвристика проблемасын зерттеу арқылы психолог В.Н. Пушкин: «Проблеманы шешетін психологиялық процес, жаңа стратегияны шығарады, белгілі бір жаңалық ашылады, атауы табылатын эвристикалық іс - әрекет», - дегенді айтады.

Креативтілік мінездемесі белгілі бір өнімді немесе кәсіби іс - әрекет пайда болатын психологиялық белгілер кешенінен тұрады. Дж. Гильфорт әртүрлі қабілеттерді креативтіліктің бірліктері ретінде қарайды.

А.В. Морозов креативтілік тұлғаның зияттылық және тұлғалық ерекшеліктерінің кешені, проблеманы өз бетімен шешетін, жаңа сонылы идеялардың туындауы және проблеманы қалыптан тыс шешуі деген.

Егер креативтілік мәселесін қарым – қатынас арқылы қарастыратын болсақ, субъект – пән (шығармашылық процесс), сондықтан бұл жерде өнімді ойлау процесінің зерттелуіне тереңірек тоқталу керек (А.В. Брушлинский, И.П. Калошина, О.К. Тихомиров).

Жоғарыдағы айтылғандарды ескере келе, креативтілік педагогикалық – психологиялық тұлғаның категориясы екендігіне дау тудырмайды, мәселе креативтілік анықтамасын нақтылауда даулы жағдайлар кездеседі. Креативтілік дивергентті ойлау (Дж. Гильфорт, О.К. Тихомиров) жеке зиятты белсенділік (Д.В. Богоявленская, Л.Б. Ермолаева – Томина) немесе тұлғаның біріктірілген сапасы (Я.А. Пономорев).

Ғалымдардың әр көзқарасы терең дәлелденген және мойындауды қажет етеді. Дегенмен, жоғары оқу орындарының кәсіби педагогикасы мен (креативті андрогогикада) оның сапалық көрсет-кіштері мен негізгі байқау деңгейлері анық емес. Егер креативтілік аталған ұста-нымдардың бірімен ғана айқындалатын болса, оның зерттеу проблемалары ауқымы тарылып, біржақты ғана қаралар еді. Әсіресе, білім беру жүйесінде тек нәтиже алу ғана емес, оқыту мен тәрбиелеу процесіндегі шығармашылықты басқару мен ұйымдастыру барысында тұлғаның шығармашылық әлеуеті және тұтас креативтілік дамуы керек. Сондықтан да, бүгінгі таңда тұлға категориясы ретінде, креативті оқыту мен тәрбиелеу мүм-кіндіктерін ашу аса маңызды.

Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігінің «Педагогика және психология» бөлімінде А., «Мектеп» 2002 КРЕАТИВТІЛІК (лат. Creatio - жасау) – адамның шығармашылық дарын деңгейі шығармашылық қабілеті деп көрсетіледі [5].

Философиялық сөздік креативтілік – Creatio – ойлап табу, жасап шығару. Ойлап табу қабілеттілігі, проблема мен жағдаятты жаңа өзгеше көзқараспен қарайтын шығармашылық қабілет. Шығармашылық тұлға үшін қиял мен эмпатияның даму қабілеттілігі сипатталады, яғни өзінің «менің», идентификациялау қиялдағы «мен», мен – кейіпкер, образ, өзін - өзі сендіру. Олардың ақыл ой стратегиясы – мысалы аналогия пайдаланады, кейіптеу, оппозиция мен теріске шығару осы жерден шығармашылық ойлауды екі бетке «Менді» ақыл ойды айтады.

Зерттеулер шығармашылық тұлғаға тек когнитивтіліктің жоғары деңгейі ғана емес, мотивациялық белсенділік те жатады. Олар автономиялыққа, тәуелсіздікке, өзін-өзі, аз зерттелген немесе «қызу» проблемаларға ұмтылады.

Белгілі білім немесе өнер түрлерін қалыптастыруға жалпы қабылданған дүниеге жаңалық жасау үшін талпыныс жасау.

Сонымен қатар, сынға шыдамдылық, сонылық, екі ұштылық, контексті көпшілігіне артықшылық береді.

Шығармашылық қабілет тұлғаның ойлау қабілетінен олардың еңбек әреке-тінен, өнер туындыларынан және мате-риалдық жан дүние әрекетінен көрінеді.

Креативті ұстанымның белгілерінің бірі - креативті ойлау. Біз іштен және сырттан қиялымызға әсер еткенде «ойлаймыз»; біз ойлағанда, жоспарлағанда, сезімімізді білдіргіміз келгенде «ойлаймыз»; біз проблеманы шешуге тырысқанда, ойластырылғанды қайта қарастырғанда «ойланамыз». Мұның барлығы креативті ойлау, полюстері логика және қиял болатын белсенділік, тұлғаішілік және тұлғааралық қатынастың қоры-тындысы. Бұл белгілі бір талапқа жауап қайыру, яғни қабылдаудың обьективті анықтамасы. Осы процесті біз тепе-теңдік ретінде көрсетуімізге болады.

Креативті ойлау полюстерді тепе-теңдікте ұстайды және қарама-қарсы көрінетін бірліктерді қосады.

Балаларды бақылай отырып, біздің аңғаратынымыз, олар көбінесе біз олардан күтетін жауаптар береді. Олар тек өздерінің жауаптарының дұрыс екеніне толық сенімді болғанда ғана айтады. Бірақ барлық жаңа креативтілік анықталмаған, «ақылды және тапқыр» мәртебесіндегі бала, креативті болудан қашады, себебі өз беделін жоғалтып алудан қорқады. Ал мұндай жағдай механикалық, конфор-мистикалық ойлауға әкеледі. Бұл тұрақтылық, сонымен қатар жалықтыруды туғызады. Механикалық ойлау креативті ойлаудың ең үлкен қатері, яғни ол жаңаны сезініп, ашу мүмкіншілігін жояды. Келесі қатер алдын-ала айтылған сын болуы мүмкін. Көбінесе ерекше, дұрыс келмейтін байланыстыру шығармашылық ойлауға негіз болады, ал ерте айтылған сын жаңа дамуды тұншықтырады.

Шығармашылық процесс шығар-машылық емес процестен қорытынды нәтижелеріне байланысты ажыратылады.

Креативтілік тұлғаның шығар-машылық қабілеттерімен сипатталады. Психометриялық тесттер (IQ – креативтілікке арналған) тұқым қуала-ушылық факторлар мен сыртқы орта әсерін жоққа шығарады. Көпшілік жағдайда адамзаттың креативтілік қабілеттілігін нақты өлшеу мүмкіндігі аз болғандықтан эксперименттік жағдаят тудыру қиын, психометриялық немесе биометриялық түрткілерді орталық жүйке жүйесі әрекетіне әсіре талдау параметрін қара-стыру жөн.

Тұлғаның тұлғалық когнитивті ерекшеліктері мидың ақпаратты игеруіне байланысты, қандай ақыл – ой стра-тегияларын көмекке алады, ол қаншалықты белсенді екенін қарастырады.

Нейрофизиологиялық параметрлердің жеке ерекшеліктері пси-хика, психологиялық айырмашылықта байқалады.

Креативті қабілеттер «жалпы зияттың» жоғары деңгейін көрсеткішімен, «тума дарынымен» тығыз байланыста, зияттың ерекше түрлері – лингвистикалық, музыкалық, логика – математикалық, кеңістік, кинестатикалық, тұлғаішілік және тұлғалық болып келеді (Г. Гарднер).

Креативтік көпшілік жағдайда санадан тыс оң жақ ми шарының ақыл – ой процесі мен стратегиясында жүзеге асады. Сондықтан ақыл – ойдың когнитивті түрі адамдардың жеке креативті қабілеттерін нақты сипаттайды.

ӘДЕБИЕТТЕР

1. Гнатко Н.М. Проблема креативности и явление подражания. – М., 1994.

2. Гилфорд Дж. Три стороны интеллекта // Психология мышления / Под ред. А.М. Матюшкина. – М., 1965. – С.433-456.

3. Юнг К.Г. Психологические типы. Психология индивидуальных различий. – М., 1952.

4. Морозов А.В. Креативная педагогика и психология. – М., 2001.

5. Асылов Ұ.Ә. Педагогика және психология: қазақ тілі терминдерінің салалы ғылыми түсіндірме сөздігі. – Алматы: Мектеп, 2002. – 45-46 бет.



К содержанию номера журнала: Вестник КАСУ №1 - 2007


 © 2024 - Вестник КАСУ