Главная  | О журнале  | Авторы  | Новости  | Конкурсы  | Научные мероприятия  | Вопросы / Ответы

ВАЛЕОЛОГИЯЛЫҚ МƏДЕНИЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ МƏСЕЛЕСІНІҢ ҒЫЛЫМИ - ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ƏДЕБИЕТТЕРДЕ ЗЕРТТЕЛУІ

К содержанию номера журнала: Вестник КАСУ №1 - 2007

Автор: Ибраимова Б.А.

Адамзат өз тарихында сан алуан әлеуметтік және саяси құбылыстарды бастан кешіреді. Бірақ, ұрпақ тәрбиесі, жастар өмірі, олардың тыныс-тіршілігі қай кезде де барша жұртты толғандырғаны ақиқат.

Адамды жасынан түзу жолға, ақ ниеттілікке, адал іске, таза ар-ожданды етіп тәрбиелеуді барша әлем халқы өзінің ең биік мақсаты деп біліп, соның жолында тер төккен, ілім туғызған, аталы сөз қалдырған.

Әлемдегі барша адам баласы тәрбие-тәлімінің ұлағаттылығын бірдей қабыл-дағанымен, олардың жол-жобасын, маз-мұн-мағынасын әр халық өзінше тұжы-рымдаған.

Халықтың ұрпақ тәрбилеудегі тәжірибелері сол халықтың ой-тілегімен ұштасып келгендіктен озық үлгілерінің мәңгі сақталып, үнемі жетілдіріліп, тәрбие тәжірибесінің ұрпақтарға жалғасып отырылуына өткен ғасырлардағы ойшыл-дар Әл-Фараби, Ибн-Сина, Омар Хаям, Я.А. Коменский, И.Г. Песталоцци, К.Д. Ушинский, Н.Г. Чернышевский, Н.А. Доб-ролюбов, Л.Н. Толстой, Ы. Алтынсарин, Ш. Уалиханов, А. Құнанбаев және т.б. ерекше мән берген.

Бұл ойшылдардың еш қайсысы валеологиялық мәдениет жайлы тура ашып көрсетпегенімен оның құрамдас бөлшектерін әр авторлар сол заманнан бастап – ақ өз еңбектерінде жазып көрсеткен. Мысалы: И.Г. Песталоцци: “Бала тәрбиесі, оның дүниеге келген күнінен басталуы керек. Баланың дүниені түсінуі жанұяда басталып, мектепте ары қарай жалғастырылуы шарт» деген қағиданы ұсынады.

Ы. Алтынсарин, К.Д. Ушинскийдің оқу-тәрбиедегі халықтық принципін қуаттай отырып, тәрбие жұмысы бары-сында қазақ халқы ауыз әдебиетінің үлгілерін пайдалануды ұсынады. Осы принцип негізінде құрастырылған «Қазақ хрестоматиясында» ондай мысалдарды көптеп келтіруге болады.

Өткен ғасырлардағы ата-бабаларымыздың өмір салтына үңілсек, бұрын бүгінгідей жастар арасында жағымсыз іс-әрекеттер кең өріс алмаған, жастар рухани азғындалмаған, ұлттық сана дәл қазіргі кезеңдегідей төмендемеген. Оны біз халқымыздың ұлттық мұрасының даму тарихынан да, қазақтар туралы жазылған шетел зиялыларының еңбек-терінен де көреміз. Мысалы, ғалым Н.Л. Зеланд «Қырғыздар» атты этнографиялық очеркісінде былай деп жазды: «... Қазақ – қызу қанды жан. Оның рухына жайсаңдық, ізгілік тән, ол еліктегіш келеді, алайда, «жүйкесі» көнбісті, ашушаңдыққа бара бермейді. Оның қызу қанды болуының себебі, бәлкім, көшпелілердің өмір салтынан болса керек. Қозғалысы шапшаң, үнемі ат үстінде жүру қан айналымы мен зат алмасуына қолайлы болуы тиіс; дене қызуының жиі алмасуы, таза ауа, шөлейтте жол шеккенде сусынды көп ішпеуі, діни жоралғыларға байланысты тағамдар таңдауы, асқазан және ішек жолы қызметін жақсартуға жәрдемдеседі, бұлардың рух күшін сақтауға маңызды ықпалы бар; ақыр соңында арақпен және темекімен жүйкесін жұқартуға әдеттенбеудің де біраз пайдасы бар.

Жүйке салауаттылығы адамның иманды, өнегелік бейнесінен де жақсы көрінеді. Жаны жайсаң адам өзгелерге де іш тартады. Қазақ шынайы ниетімен ақ көңіл; ол сондай-ақ қастерлі, қасиеттерге адал, басқаның қайғы қасіретіне ортақтас, қонақ жай, күйзелген-күйінген кезде салауатты және төзімді.

Ал аса көрнекті этнограф Г. Потанин «Қазақтың соңғы ханзадасының киіз үйінде» деген шығармаларында «қазақтар еті тірі, дені салауатты, өмірге іңкәр халық» деп сипаттай келіп, «... Оның адамды жерлеу мен үйлену салт-дәстүрлерінде және төрелік айту әдет-ғұрыптарында, аңыздарында, халық этносында, мінез-құлық белгілерінде бірегейліктің көптігі соншалықты, ғалым-дар зерттеу үшін мол мағлұмат бере алатын осы тарихи мұрадан «Қазақ өмірі» кейінде неғұрлым салауатты бағытта даму үшін элементтерді таба алады. Осы зерттеуші ғалымдардың пікірінен-ақ қазақ халқының бұрын салауаттылыққа ерекше мән бергені айқын байқалады. Бұрын күшәла, апиынды үлкендер егіп, дәрі орнына пайдаланған, ал қазір ол жаппай етек алды. Есірткінің кейбір атасы шетелдерден келіп жатыр. Күні кеше ғана атын тек баспасөзден ұшырастыратын нашақорлар мен XX ғасырдың обасы «ЖИТС» қазіргі өмір тіршілігімізге деп еніп кеткен сияқты.

Ұлттық мұрамыздың даму тарихына шолу жасасақ, ол сонау Орхан-Енисей жазуынан басталып Қорқыт ата, Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, Махмұд Қашқари, Ахмет Яссауи, Ахмед Жуйнеки, Хайдар Дулати т.б. сияқты орта ғасыр ойшылдарының шығармаларында, асанқайғы бастаған XV-XVIII ғасырлардағы ақын-жыраулар поэзия-сындағы тәлімгерлік ой-пікірлерде, сондай-ақ XIX ғасырды II жартысындағы қоғам қайраткерлерінің (Ш. Уалиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев), одан бертін келе ортамызға XX-ғасырдың I-ші шире-гіндегі қайта оралған қазақтың ұлы зиялылары Ш. Құдайбердиев, А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, М. Дулатов, С. Сейфуллин, М. Әуезов, Н. Құлжанов, Ж. Аймауытов және т.б. педагогикалық шығармаларында жалғасын табуда.

Бұлардың бәрі салауатты өмір салты, нашақорлық, маскүнемдік деп ашып көрсетпегенімен, оларды болдырмаудың жолдарын, мәдениеттілікке тәрбиелеудің қағидаларын, адамгершіліктің басты белгілерін өз шығармаларына арқау еткен. Олар өздерінің көзқарасында, шығар-маларында салауатты өмірді алдын-ала жастар өміріне орнықтыру мақсатын көздеген. Ауырып-сауығудың жолын іздегенше, ауырмайтын жол іздедегендей, біздің ғұламаларымыз дұрыс берілмеген тәрбиенің зардабын алдын-ала болжаған, соны болдырмаудың жолын қарастырып, оны ұрпақтан-ұрпаққа өсиет етіп отырған.

Халқымыздың ұрпақтар қамын ойлаған, жастарды жан – жақты сауат-тылық пен мәдениеттілікке тәрбиелеудегі тіжірибесі ерекше. Оның озық үлгілері, белгілі жүйелері халық шығар-машылықтарында инабаттылық, мәде-ниеттілік түрінде қалыптасқан. Халықтық дәстүрлердің тәлім-тәрбиелік мәні зор, мағынасы кең. Олардың ішінде адам баласы қанша өмір сүрсе де ешбір ескерілмейтін, қадір-қасиет, қажеттілігін жоғалтпайтын, тозбайтындары бар, олар бүкіл адамзаттық мәнге ие болып қалыптасқан. Сондай бүкіл адамзаттық мәнге ие болған салауатты өмір салты мәдениетіне байланысты қағидалар. Олар келешек қоғамда да өз мәнін жоймайды. Себебі өзінің болашақ ұрпағының қамын ойламаған бірден-бір ұлт болмаған, олардың бәріне де ортақ құнды пікір, ұрпағының дені сау, білімді, мәдениетті, адамгершілігі мол, мейірімді, ақылды, ар-ожданды болуын қалайды. Сондықтан халықтық педагогика мұрасына, оның ғасырлар бойы жинақталған тәжірибесіне тек өткен ғасырдың ескерткіші ретінде қарауға болмайды. Оның ұлттық әдет-ғұрып мұрасынан прогресшіл мүмкіндіктерін жинақтап ұрпақ тәрбиесінде сонымен қатар валеологиялық мәдениетті қалыптастыруда пайдалану бүгінгі күн талабы.

Қазақ топырағындағы ұлы ойшыл, әмбебап ғалым Әбу-насыр Әл-Фарабидің педагогикалық трактаттарында да салау-аттылыққа байланысты ой-пікірлер өте көп.

Әл-Фараби өзінің «Мемлекеттік қайраткерлердің нақыл сөздері» деген трактатында жан мен тәннің саулығы жөнінде де қазіргі кезде мәні бар біршама құнды пікірлер айтады.

Дені сау сияқты жанның да дені сауы және науқасы болады. Жанның саулығы сол, оның өзінің және оның бөлшектерінің жайлы жақсы болуының әсерінен әрдайым жақсы қылықтар, игілікті істер істеледі және тамаша әрекеттер жасалады.

Ал жанның науқастығы сол, өзінің және оның бөлшектерінің жай нашар халде болуының әсерінен әрдайым жаман қылықтар, азғындық істер істеледі және сорақы әрекеттер жасалады.

Адамның игі қылықтары мен жақсы әрекеттерін жасауға көмектесетін жан қасиеттері – ізгілікті қасиетттер, ал адамның пасық істер мен оңбаған әрекеттер жасауына себепші болатындары сұрқиялық немесе опасыздық болып шығады, - деп айта келіп, сондықтан да жанның саулығына ерекше мән береді. Ішкі жан дүниесі таза адам өзіне де, өзгеге де тек жақсылық тілейді. Ал жанның науқастығы, ол адамның дене бітімінде ешқандай кемшілік болмаса да, оның сорақы іс-әрекеттерінен көрініп тұрады. Жағымсыз қылықтарды болдырмаудың бірден-бір жолы, сауаттылыққа тәрби-елеудің төте жолы – рухани тәрбие.

Осы тақырыпты сөз еткен шығыстың тағы бір ұлы ғалымы Әбу Әли Ибн-Сина шығармаларында әр адам өзінің денса-улығын сақтау үшін не істеу керек, нені білу керек, оның жолдары қандай деген мәселелерді қарастыра отырып, әсіресе адамның тамақтану тәртібіне баса көңіл бөліп, өзінің ой нұсқауларын былай тұжырымдайды:

Өте қажет алдымен шынықтыру денені,

Ереже тұт осыны, сонда ісің өнеді.

Шынықтырсаң денені күннен күнге біртіндеп,

Тазарады сонда тән, айтам әркім білсін деп.

Өлеңнің әрбір жолдары салауатты өмір сүрсем деген адамға баға жетпес ақыл, нұсқау.

Кең байтақ қазақ даласында талай ғұмырлар өмір сүріп, әлем мен адам сырын ашуға талаптанған, тіршіліктің мәнін іздеп, құдіретті күштердің ықпалын талдауға ұмтылған. Солардың бірі – XII ғасырда өмір сүрген қазақ даласының ойшылы, ғұлама Қожа Ахмет Яссауи. Орта ғасыр діні мен мәдениетін, дағдылары мен күйзелістерін жақсы білген Яссауи өзін қоршаған әлеуметтік ортаның кемшіліктері мен күнәларына барынша жан-тәнімен күйзеледі. Автор әйгілі мұрасы «Диуани хикмет» атты жинағында жастардың бойында табылуы қажетті білім алу, ақыл-парасатқа жетілу, жақсы мен жаманды айыра білу, еңбек, денсаулық, әсемдік, адамгершілік сияқты салауатты өмір сүру үшін қажет-ақ деген қағидаларды уағыздайды.

Сонымен қатар Яссауи қазір үйреншікті әдетке айналып кеткен, ал бұрын масқара істер саналған өтірік айту, алдау, жезөкшелік, маскүнемдік сияқты құбылыстардың етек алуын рухани дағдарыс деп есептеген. Бұдан құтылудың жолы – халқымыздың ұрпақтар қамын ойлаған жастарды мәдениеттілік пен адамгершілікке, салауаттылыққа тәрбие-леудегі озық үлгілерін ұрпақ тәрбиесінде пайдалану.

Келесі кезекте бұл проблеманың бүгінгі күні әдебиеттерде зерттелуіне тоқталатын болсақ, Л.Г. Татарникова, З.Н. Тюмасова еңбектерінде баланың денсаулыққа деген қажеттілігі туғаннан пайда болмайды, оны мектеп өз іс - әрекетін валеологиялық негізде құрастыра отырып қалыптастыруы тиіс деп жазған.

Оқу – тәрбие үрдісінің валеологиялық бағыты баланы сауық-тыруға байланысты валеологиялық негізді жүйе құрылымынан тұрады. Бұл құрылымдар өзіне бала мектепке келгеннен бастап денсаулығын сақтауға үйретуге бағытталған техналогиялармен, сауықтыру шараларымен, әр түрлі профилактикалық дағдылармен қамтамасыз етеді.

Өзіне және басқа да адамдарға деген валеологиялық қатынас белгілі бір педагогикалық әсердің нәтижесінде қалыптасады. Осыған орай өмірлік іс - әрекетті валеологиялық құрылыммен қамтамасыз етуде ерекше орынды педагогикалық компоненті алады, оның негізін И.И. Брехманның «денсаулығын сақтауға үйрету ерте кезден басталуы тиіс» деген сөзі құрайды.

Валеологиялық білім беру теориясын жасауға негіз болатын факторлардың бірі ретінде, ең алдымен оқыту практикасында кездесетін мектеп оқушыларының (соның ішінде жоғары сынып оқушыларының) арасындағы «валеологиялық мәдениет деңгейлерінің әр түрлілігі» дәйегінің болуын айтамыз. Мектеп оқушыларының санасына ғылыми валеологиялық көзқарастар элементімен қатар ғылымға дейінгі және ғылыми емес типтегі көзқарастардың болуы тән. «Валеологиялық мәдениет деңгейлерінің әр түрлілігі» феноменінің себептері өзара байланысы жоқ сипатта: адам санасында тарихи болған және қазір де байқалатын валеологиялық түсініктердің, көзқа-растардың негізгі типтерінің деңгейлері мен формаларының қалыптасуына барлық мүмкіндіктер бар. Келесі бір жағы жағынан, валеологиялық мәдениет көзқа-расын, оның философиялық бөлігін қалыптастыру теориясы мен практи-касында әлі де кемшіліктер бар.

Валеологиялық білім беру бұл үздіксіз оқыту процесі, ол адамның денсаулығына бағдарланған, яғни өз денсаулығы мен қоршаған ортадағы адамдардың өз денсаулығына деген жауапкершілігін қамтамасыз ету, сонымен қатар ғылыми – практикалық білім, іскерлік, қарым – қатынас және іс - әрекетін қалыптастыруға бағытталға-ндығымен түсіндіріледі.

Валеологиялық білім беру процесінің мектептегі жұмыс жүйесін А.В. Ахаев бойынша сурет 1 – ден көре аламыз.

Сурет 1. Мектептегі валеологиялық білім беру жүйесі

Валеологиялық білім берудің нәтижесі валеологиялық мәдениетті адам болуы тиіс, ол яғни өзінің гигиеналық, генетикалық, физиологиялық және психологиялық мүмкіндіктері жайлы, өз денсаулығын сақтап нығайтудың әдістері мен жолдары жайлы сонымен қатар өзінің валеологиялық білімімен айналасын-дағылармен бөлісе алатындай болуы керек.

Мектептегі валеологиялық білім беру жүйесін ұйымдастыру оның негізгі компаненттерінің бір – бірімен өзара байланысының негізінде құрылады. Сондықтан да ол оқу тәрбие процесіне қатысушыларда валеологиялық мәдениетті қалыптастыруға толық жағдай жаса-лынатындай етіп оқу тәрбие процесін құрады, олар: оқушылар, мұғалімдер, жалпы педагогикалық ұжым сонымен қатар ата – аналар. Және де мектеп қабырғаларында оқушыларға денсаулықты сақтауға бағытталған орта құруға мүмкіндік туады, ал бұл дегеніміз өз кезегінде өсіп келе жатқан ұрпақты салауатты өмір салтына тәрбиелеудің бір бөлшегі болып есептеледі. Яғни валеологиялық білім нәтижесі оқушының индивидуалды денсаулығы, бұл дегеніміз психофизиологиялық қасиеттер мен тұлға қасиеттерінің динамикалық кешенін құрайды, ол салауатты өмір стилі мен өзін - өзі жетілдіруге бағытталады.

ӘДЕБИЕТТЕР

1. Мұқанғалиев Е. Салауатты өмір салтының рухани – имандылық негізгімақсаттары / Е. Мұқанғалиев // Ұлт тағылымы. - № 6. – 120-124 б.

2. Потанин Г.П. Қазақтың соңғы ханзадасаның киіз үйінде / Г.П. Потанин. – Русское богатство. – 1996. – 48 б.

3. Нагавкина Л.С., Татарникова Л.Г. Валеологические основы педагогической деятельности: Учебно-методическое пособие / Л.С. Нагавкина, Л.Г. Татарникова. – СПб.: КАРО, 2005. – 272 с.

4. Ахаев А.В. Валеологический подход в системе школьного образования / А.В. Ахаев. – Усть-Каменогорск, 2004. – 135 с.

5. Гвоздева Н.В. Воспитание культуры здорового образа жизни через школьное образование / Н.В. Гвоздева // Валеология. Физвоспитание. Спорт. – 2003. - № 11. – С. 14 – 15.

6. Мырзабаев А. Салауатты өмір салты – жан саулығы, рух тазалығы / А. Мырзабаева // Қазақстан мектебі. – 2003. - № 11. – Б. - 36 – 37.

7. Тәуірбекова С.Ж. Салауатты өмір салтын қалыптастыру – бүгінгі күннің өзекті мәселесі / С.Ж. Тәуірбекова // Білім берудегі менеджмент. – 1999. - № 4. – Б. 70 – 75.

8. Момынбаев Б. Салауатты өмір салтын қалыптастырудың ғылыми – теориялық жүйесі / Б. Момынбаев, Б. Мұхамедова // Ұлт тағылымы. – 2003. - № 3. – Б. 177–178.



К содержанию номера журнала: Вестник КАСУ №1 - 2007


 © 2024 - Вестник КАСУ