Главная  | О журнале  | Авторы  | Новости  | Конкурсы  | Научные мероприятия  | Вопросы / Ответы

БОЛАШАҚ БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМІНІҢ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ЖЕТІЛДІРУ МƏСЕЛЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ СИПАТЫ

К содержанию номера журнала: Вестник КАСУ №1 - 2007

Автор: Килыбаева Г.К.

Қазіргі уақытта маман бойына қойылатын қатал талап пен мұғалім әрекеті арасында қарама-қайшылықтар байқалады және педагогикалық оқу орындары түлектерінің құзыреттілік деңгейіндегі айырмашылықтар жиі кездеседі, мұға-лімдер дайындаудың типтік жүйесі мен оның жеке шығармашылық әрекеті арасында да қайшылықтар бар.

Бұл мәселені шешудің бір жағы мұғалімнің құзыреттілігіне де байланысты. Сластенин В.А. тұлғаның кәсіби педа-гогикалық бағыттылығын мұғалімнің құзы-реттілігінің белгісі деп санаған. Оның ойынша құзыреттілікке мыналар жатады:

- тұлғаның танымдық кәсіби-педагогикалық бағытын анықтайтын қасиеттері;

- оның психологиялық дайындығын талап ету;

- арнайы дайындығы көлемі мен құрамы;

- мамандығы бойынша әдістемелік деңгейінің мазмұны.

Ал А.К. Маркова болашақ мұғалімнің технологиялық құзыреттілігіне мыналарды жатқызады:

- кәсіби-педагогикалық білім;

- кәсіби-педагогикалық шеберлік;

- кәсіби-негізгі қасиеттер, танымдық, мотивацйялық сферасы;

- кәсіби-педагогикалық позициялары (тұрақты қатынас жүйесі,оқушыға, өзіне, әріптестеріне оның әрекетін анық-тайтындай болуы).

Сондықтан да біз технологиялық құзыреттілікті жан-жақты және өзара бір-бірімен байланысты үш компоненттен құралғандығын айтуымыз керек. Олар:

а) кәсіби білім;

ә) кәсіби шеберлік;

б) педагогикалық әрекеттегі кәсіби ерекше қасиеттер.

Осы аталған үш компонент маман тұлғасын дамытуда бір тұтас жүйе ретінде қолданылады. Сонымен қатар олар бір-бірін қайталамайды, күрделі диале-ктикалық қатынасқа түседі, сол арқылы әр компонент педагогикалық әрекет кезінде не құрал, не сілтеме, немесе даму нәтижесі ретінде қолданылады.

Кәсіби іс-әрекетін іске асыру барысында мұғалім түрлі педагогикалық әрекет түрін атқарады, жетекші, тәрбиеші, пән мұғалімі, ұйымдастырушы, ұжым мүшесі. Кәсіби міндетін атқару үшін мұғалімге педагогикалық ғылым негізінде әдіснамалық, теориялық білім талап етіледі. Білім теориясы, оқыту мен тәрбиелеу әдістемесі, жоғары мектепке жетекшілік етумен басқару теориясы.

Сондықтан жалпы педагогикалық білім жүйесін болашақ бастауыш сынып мұғалімдері өзара байланысты, өзара шартты, жеке мәнді тұтас жүйе ретінде меңгеруі тиіс.

Маркова А.К. «технологиялық құзыреттілік –іс-әрекет кезіндегі барлық субъективті қасиеттер» деп тұжы-рымдайды. Оның пікірінше технологиялық құзыретті мұғалім педагогикалық әрекетін жоғары деңгейде іске асыратын, оқыту мен тәрбиелеуде жоғары деңгейде жақсы нәтиже көрсететін адам. Ондай дәрежеден мұғалім: өзінің технологиясы, жеке тұлғалық қасиеті мен педагогикалық қарым-қатынасы (ол педагогикалық әрекеттің құралы) мен ерекшеленеді.

Осы аталған қасиеттер арқылы болашақ мұғалім- студенттердің «құзыреттілігін» анықтауға болады. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдердің технологиялық құзыреттілігі деп фунда-менталды пәндер бойынша психологиялық, педагогикалық білім, практикалық кәсіби шеберлігі, кәсіби біліктілігін, кәсіби қасиеттерін дамытуға қолдана алатындай деңгейді айтамыз.

Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің технологиялық құзыреттілігінің компоненттері:

- кәсіби білім (пәндер негізінде);

- арнайы психологиялық-педаго-гикалық, дидактикалық білімі;

- кәсіби шеберлігі;

- оқу орнындағы кезде жетілген кейбір тұлғалық кәсіби қасиеттері.

Технологиялық құзыреттілік болашақ бастауыш сынып мұғалімінің жеке тұлғасының іс-әрекетті орындауға деген қабілеті мен даярлығының, ішкі психи-калық қасиеттері мен күйінің күрделі жүйесі болып табылады. Бұл жүйені тікілей бақылау мүмкін емес, өйткені ол кәсіби іс-әрекет үдересі мен нәтижесінің жанама түрде көрініс береді, сондықтан оны зерттеу үшін моделдеу әдісі қолданылады

Болашақ бастауыш сынып мұғалімінің технологиялық құзыреттілігі жоғары мектеп оқу орнында, уақыт талабына сай теорияны-практикамен бай-ланыстыра оқу арқылы жетіледі. Тео-риялық пәндерден алған білім, ғылыми-теориялық мәселелердің негізі болып саналады.

Педагогикалық практикада мұғалімнен білімін қайта құруды талап етеді. Бір жағынан, ол бір проблемаға байланысты синтезделген, біріктірілген болса, екінші жағынан, ол тәжірибемен дәлелденуі тиіс, яғни шеберлік, практикалық міндеттерді шешу.

Технологиялық білім мен технологиялық құзыреттілікті, техноло-гиялық шеберлікті, технологиялық қаси-еттерді болашақ бастауыш сынып мұғалімдері педагогикалық практика кезінде жетілдіреді. Оған тікілей әдіскерлер, жетекші педагог, жоғары мектеп оқытушылары бағыт беріп отырады және практикада болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің технологиялық құзыре-ттілігін жетілдіруде түрлі факторлар ықпал етеді. Педагогикалық-психологиялық әде-биеттерде ғалымдар ішкі-сыртқы фактор-ларды атаған.

Ішкі факторлар тобына - ғалымдар (А.А. Леонтьев, С.Л. Рубинштейн, тағы да басқалары) психологиялық ерекшелікке: мотив, қызығу, тағы да басқа психологиялық процесстердегі ерекше орын алатындарын жатқызған.

Сыртқы фактор тобына – іс-әрекет кезіндегі шартты жағдайлар жатады, өйткені іс-әрекетті орындау үшін мақсат, міндет, реттілік талап етіледі. Сондықтан, ішкі факторлар сыртқы факторлар арқылы анықталады. Сыртқы факторлар екіге бөлінеді:

- әлеуметтік фактор, яғни әлеуметтік-экономикалық дамуға байланысты топтар;

- ұйымдастыру-педагогикалық фак-торлары, яғни оқу процесі кезіндегі тәрбиелік шараларды ұйымдастыра білу.

Болашақ бастауыш сынып мұға-лімдерінің технологиялық құзырет тілігін жетілдіруге факторлардың әсерін зерттеу үшін өзара байланысты компоненттен құралған әдістемені алдық:

- студенттерге сауалнама жүргізу;

- арнайы бағдарлама бойынша сту-денттермен әңгімелесу;

- білім беру мекемелерінің мұғалімдеріне сауалнама жүргізу;

- педагогикалық практика жетек-шілерімен әңгімелесу;

- жоғары мектеп оқу орнының оқытушылары, әдіскерлері және тағы да басқаларымен әңгімелесу;

- педагогикалық практика бойынша студенттердің есебіне, құжаттарына анализ жасау.

Оқытудың инновациялық және дәстүрлі құралсыз әдістемелер ақпараттық ағымға болжам жасауда, оқу материалын түсіну мен сараптауда, танымдық әрекеттерді біріктіре ұйымдастыруда қиындықтар туғызады. Оқу-танымдық әрекеттің тірек құралдары мен адекватты дидактикалық құралдары жоқ деуге болады. Білім беру технологияларының операциялы компонентінің арсеналы шектеулі және білімді меңгеру үрдісі мен басқаруының төмендеуінен әлі күнге дейін мұғалімдердің кәсіби-атқарушылық қабі-леті мен өнімді дамуына мән беріледі.

Осы аталған қиындықтарды жоюға талпыну, білім меңгеру үрдісін басқаруға, білім сапасы мен педагогтың іс-әрекеттің нәтижелері кәсіби-білгірліктің жеке инновациялық технологиялық элемент-терінің пайда болуына әкелді. Олар, жобалау, стандарттау, мониторинг, оқу мен дидактикалық үрдісті құрал жабдықпен қамтамасыз ету.

Бірақ осының бәрі бір мәнді болмаса, тек техникалық тәсілдер мен құралдарды техникалық қабылдау ғана болып табылады. Білім жүйесін құрудың тиімділігі, оқытудың технология-ландырылған пәндік әдістемелер арқылы студенттердің жеке жетістіктерін көрсету.

Қазіргі болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің технология жағынан білімінің жетіспеушілігі педагогикалық іс-әрекеттің тиімділігін арттыруға мүмкіндік бермейді және олардың технологиялық құзыреттілігінің сапасын жаңа бөлімдер бойынша толықтырудың қажеттілігін көрсетеді.

«Технологиялық құзыреттілік» және оның жетілуіне осындай зерттеулер ұсынылады.

Ғылыми-әдістемелік және нормат-ивтік құжаттарда «технологиялық құзыреттілік» анықтамасы берілмеген. Оны былай түсіндіреміз, «педагогтың технологиялық құзыреттілігі» - бұл креативті-технологиялық білімдер жүйесі, қабілеттер мен педагогикалық объектінің инструменталды стереотиптерінің әрекеті.

Таным, қиналу, бағалау-білім беру саласы қызметкерінің жалпы құзы-реттілігінің арнайы бөлімі.

Технологиялық құзыреттіліктің - ғылыми талабы педагогтік әрекеттің түріне, деңгейіне қарай бөлінеді және дидактикалық функционалды матрица арқылы көрсетіледі.

Бұл нормативтік модель педагогтің технологиялық құзыреттілігін ғана көрсетпей, кәсіби дәрежеде өсуіне де ықпалын тигізеді. Матрица-структурасы деңгейлер мен технологиялық құзыреттілік бағыты мен шектеулері арасындағы байланысты көрсетеді.

Матрицаның бірінші координатында психоло-педагогикалық, технологиялық және әдістемелік деңгейі; екіншісінде-технологиялық әрекеттің базалық түрлерін көрсетеді. Бұнда педагогтің кәсіби дәрежесі мен кретивті шығармашылығы, ойлауы ескеріледі; педагогикалық жүйені жобалау мен кәсіби шығармашылығын қолдануды жатқызуға болады.

Кесте 1. Н.Н. Манконың технологиялық құзыреттілікті жетілдірудің функционалды дидактикалық матрицасы

Технологиялық құзыреттілік әрекетінің түрлері

Креативті - технологиялық ойлау

Құрылымды технологиялық әрекет

Кәсіби шығармашылық әрекет

Психологиялық-педагогикалық

Педагогикалық жағдайдың ішкі-сыртқы жоспарлары. Үйлесімділігі, өзара байланысы, дидак-тикалық құрал-дармен қамту КТО – динамикалық стереотип, креативті технологиялық қабілет

Түрлі моделдерді өз бетімен тех-нологияландыру алгоритмдеу мен типтік опе-рациялар, оқу тәсілдерін еркін басқару, КТӘ динамикалық стереотиптері

Педагогикалық шеберлікті құралдармен қолдау және эвристика заңдылығы негізінде шығармашылық үрдісті реттеу. Танымдық, эвристикалық әрекеттер әдісі. КШӘ операцияларын құралдандыру

Кесте 2. Жалғасы Н.Н. Манконың технологиялық құзыреттілікті жетілдірудің функционалды дидактикалық матрицасы

Технологиялық

Құралдандыру бағдарламалары негізінде өз бетімен үйренуді белсендіру. Ойлау мен іс-әрекет операцияларын орындалуын қолдау

Әдістемелерді меңгеруде дидактикалық жобалауды қолдану; КТӘ - технологиялық тәсілдері. Педагогтың әрекетінің түрлерін басқару;

Білім беру жүйесі элементтерін жобалау.

Педагогика жетілдіретін технологиялық арсеналды жаңарту. Проблемалды – модульді жобалау. Модельдердің шығарма-шылық дайындығын жобалау. Оқу мате-риалымен оқу үрдісінің қосымша құралдарын дайындау.

Әдістемелік

Технологиялық құзыреттілік принциптерінің ішкі және сыртқы жоспарының өнімді байланысы;

КТӘ мен КШӘ-ге кешенді дайындықты жетілдіру;

КТО мен өзіндік оқу дағдысын жетілдіру;

Психикалық үрдістер мен ақпараттарды еркін басқару

Педагогикалық әрекетті моделдеу, түрлі құралдармен жабдықтау. Зерттеу тақырыбын техно-логиялау; модель, технология, педаго-гикалық әрекеттің педагогикалық кри-терийлердің талапқа сай болуы; КТӘ дағдысын жетілдіру; оқу әрекетінің жеке нұсқаларын құру

Педагогикалық әрекетті алдағы уақытта техно-логияландыру; педа-гогикалық әрекет компоненттері үйле-сімділігі (басқару, маз-мұны, операциялы, ком-муникативтік инстру-менталыд). Пәннің тәр-биелеу потенциалын моделдеу.

Инструменталды-әдістемелік аспектілері: әдістеме және оның жеке құралы, алгоритімдік процедуралары мен технологиялық жобалау тәсілдері, тағы да басқаларын жетілдіру критерийлері. Әдістеменің ерекшілігі-оның әмбебаптығы, яғни ойлау үрдісін дамытуға жан-жақты ықпал ету, логика-эвристикалық қабілеттер мен мотивациялар. Әдістеме мынадай мәселелерді шешуге қабілетті:

а) танымдық әрекеттердің ішкі және сыртқы жоспарларының өзара байланыс үйлесімділігі;

ә) көп мөлшерде қабылдау стереотиптерін жетілдіруге ақппаратты операциялы өңдеу мен рефлекция, өзіндік бағалау;

б) педагогикалық бейімделу мен технологиялық құралдадары жекелен-діруге, педагогтік шеберлікті жетілдіруге.

Технологиялық құзыреттілік басқы-шына жеке тұлғаны технологиялық білім беру жүйесінде жетілдіру жолымен жетеді. Мұның алдындағы басқыштарда технологиялық бағыттылық компоненттері айқындалған. Олар бастапқы еңбек дағдылары мен кәсіби бағдарды жетіл-діреді. Ал кейінгі басқыштарда техноло-гиялық құзыреттілік мәдениет пен тілдің кәсіби компоненттерінің жетілу мен даму тәсілі ретінде әрекет етеді. Демек, кәсіби құзыреттілікке үздіксіз білім берудің тұтас жүйесінің барлық басқыштарының сабақтасуы арқылы ғана қол жеткізуге болады.

Зерттеу әдіснамасы ғылыми әдістер жүйесіне негізделеді. Әдістерді іске асыру деген сөз — технологиялық құзыреттіліктің жетілу барысы мен нәтижесінде болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби іс-әрекетінің кәсіби құнды, жеке тұлғалық жаңа түзілімдер мен сипаттардың пайда болуының және жетілуіні басты үрдістері мен білімдендіру шарттарын айқындап, зерттеуді қамта-масыз ету деген сөз. Мұны қолданудың бірнеше жолы бар:

- аксиологиялық әдісте кәсіби құзыреттіліктің пайда болуы мен жетілу барысы маманның кәсіби іс-әрекет пен оның субъектілеріне деген құндылық қатынастарының жүйесімен түсіндіріледі;

- міндеттік әдіс бойынша кәсіби кұзыреттілік кәсіби іс-әрекеттің міндеттік құрылымын меңгеру мен жеке тұлғаның өзін іске асыру тәсілімен өзін-өзі айқындау барысында жетілдіріледі;

- жеке тұлғалық әдіс болашақ маманға кәсіпті меңгеретін және кәсіби кұзыреттілігін өзі дамытатын өзіндік санасы бар субъект ретіндегі көзқарасты білдіреді;

- іс-әрекеттілік әдіс кәсіби ойлау мен әрекет ету, жоғары кәсіби білімнің мемлекеттік стандарты белгілеген міндеттерді жетік шешу іскерлігін жетілдіру үдерісіне студенттерді тарту қажеттілігін анықтайды.

- мәдениеттанушылық әдіс оқу және кәсіби іс-әрекеттің мазмұнын кәсіби құзыреттілікті сырттан колыптастыру мен іштей жетілдірудің мақсатын, мазмұнын, қүралдары мен нәтижелерін жеке тұлғаның өзі анықтай білу қабілетін дамытуға бағыттап отырады;

- дара шығармашылық әдіс жоғары кәсіби білімді лектік-қайталамалық деңгейден дара шығармашылық деңгейге көтерудің негізі болады;

- акмеологиялық әдіс маманның кәсіби құзыреттілігінің жетілу үдерісін сырттан басқарудан іштей өзіндік басқаруға көшіруге, табиғи және әлеуметтік-мәдени факторлардың ықпалын анықтауға мүмкіндік береді;

- антропологиялық әдіс педагог пен психологтың гуманитарлық кәсіп маманы ретінде практикалық адамтануды игеруге дайындығы мен қабілетін зерттеуге жол салады.

Болашақ бастауыш сынып мұғалімінің технологиялық құзыреттілігін зерттеу бірін-бірі толықтырып, таразылап тұратын әдістер кешенін пайдалану арқылы жүзеге асады. Теориялық талдау амалдарының (салыстырмалы-салғас-тырмалы, ретроспективті-перспективті, моделдеу) екі жақты функциясы бар.

Біріншіден, ғылыми дерек көздерін зерттеудің аспаптық (құрал-жабдық) негізін жасайды.

Екіншіден, жиналған эмпирикалық (тәжірибелік) материалды жете ұғыну мен қорытындылау кезінде қолданылады. Бұл - кәсіби іс-әрекетті атқара білетін және оған дайын мамандар шығарудың басты үрдістері мен шарттарын айқындайды.

Бұл әдістер тәжірибелік-экспе-рименттік зерттеудің пилотаждық, конста-тациялық және ізденушілік-жасампаздық кезеңдері оқу-танымдық және кәсіби-практикалық тапсырмалар жүйесіне бірік-тірілді. Сондықтан мұны студенттер қо-сымша жасанды қиындық ретінде емес, кері байланыстың табиғи арнасы ретінде қабылдады. Бұл әдістер зерттеу материалдарын жинаумен катар, оқытушылар мен студенттерге оқу мен кәсіби үдеріс туралы ақпарат алып, оны өндеуге мүмкіндік ашты. Осы арқылы кәсіби кузыреттіліктің жетілуі мен дамуы үдерісін дер кезінде реттеу мен түзету мақсатында сыртқы және ішкі бақылауға жол ашылды.

Болашақ мұғалімнің технологиялық құзыреттілігін жетілдіруде ойлау мен іс-әрекеттің креактивті-технологиялық стереотиптеріне көп мән беріледі. Стереотиптер мұғалімнің шығармашылық потенциалын актуалдандыруды (өзек-тендіру) жеделдетеді. Ішкі және сыртқы жоспарланған жұмыс еркін басқарылады, жүйелі-ұйымшыл, үнемді және тиімді болады. Сенсорлы-инсрументтік жүйе қарапайым операцияларды орындаудан бейнелі технологияланған әрекетке көшеді. Ғылыми тәжірибелі-эксперименттік жұмыс мыналардан құралған:

- констатциялық бөлім-эксперимент алдында педагогтың бастапқы старттық деңгеиіне диагностика жүргізу, ол педагогтың базалық білімін көрсетеді (жалпы, ғылыми, педагогикалық) оқу-білімнің деңгейі мен мотивациясы;

- бастапқы технолого-педагогикалық дайындығы-педагогтың технологиялық құзыреттілігін жетілдірудің теориялы-әдістемелік аспектілерін зерттеу; Мұғалімнің кешенді дайындығын жетіл-діруге арналған семинарлар мен ғылыми-әдістемелік шаралар өткізу; Эксперименттік модельдерінің эскизінің нұсқалары мен оны қорғауды ұйымдастыру;

- жетілдіруші – технолого-педаго-гикалық бөлім-модельдерді жобалау тәсіл-дерін меңгеру (әр түрлі типтер) экспе-рименттік сабақ жүргізу; педагогтарды аттестацияға дайындау, конкурс пен конференцияларға қатысу.

Педагогтің өзін-өзі белсендіруі, кәсіби іс-әрекет сапасын жақсартуға, шығармашылық ойлау мен креактивті-технологиялық әрекеттерін жүзеге асыруға пайдалы. Сондай-ақ жоғары мектептерде инновациялық жұмыстар ұйымдастыру, технологиялық мүмкіндіктерді пайдалана отырып, сабақ беру үрдісіне жаңалық еңгізуге болатыны анықталды.

Педагогикалық шығармашылық сатысына жетуде болашақ бастауыш сынып мұғалімінің-оқыту мен тәрбиелеу үдерісінде жаңа озат идеялар, технологиялар мен жаңа мазмұн ұсынып, оларды енгізеді. Бұл оқыту мен тәрбиелеу сапасын елеулі деңгейге көтеруге әкеп слады. Іс-әрекеттің едәүір кең саласын қамтитын іскерлік пен шеберлікке қарағанда, инновацияшылдық көбіне оқыту мен тәрбиелеудің жекелеген түйінді проблемалары мен міндеттерін шешу кезінде көрінеді.

Болашақ бастауыш сынып мұ-ғалімінің технологиялық құзыреттілігін жетілдіру мәселесі өте күрделі үрдіс екендігі ескеріліп, болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің технологиялық құ-зыреттілігінің жоғары оқу орны кезеңінде жетілуін зерттеуге қызығушылық артып отыр. Бұған дәлел - В. Адольв, Ю.В. Койнова, Н.Е. Костылева, С.В. Мельшина, Л.А. Петровская және тағы басқаларының жарияланымдары мен диссертациялық жұмыстары. Бұл еңбектердің негізгі міндеттері болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің технологиялық құзыреттілігі жетілуінің әр түрлі әлеуметтік-психологиялық, дидактикалық, маркетингтік мәселелерін шешуге бағдарланған. Бірқатар ғалымдар бұл мәселелерді жоғары технологиялық білім берудің неғұрлым іргелі міндеттерін шешу аясында зерттейді.

Әдебиеттерді теориялық тұрғыдан талдау көрсеткендей, жоғары білімді маманның технологиялық құзыреттілігінің пайда болу проблемасы қазіргі ғылымда тоқтамды шешімін тапқан жоқ. Бұл осы санаттар мен оны қолданылу аясының ерекшеліктерін тұжырымдай түсіндірудің әр алуандығымен байланысты.

ӘДЕБИЕТТЕР

1. Төленова Ұ. Білім беруде жаңа технологияны қолдану-өмір талабы/ Ұ. Төленова. - Бастауыш мектеп. 2005.- № 5. - Б. 3-4.

2. Нағымжанова Қ.М. Бастауыш білім берудегі жаңа технологиялар / Қ.М. Нағымжанова, Н.М. Нұрғазиева. - Өскемен, «Медиа-Альянс». - 2005. – 95 б.

3. Нағымжанова Қ.М. Инновациялы-креативті технологиядар / Қ.М. Нағымжанова. - Өскемен: «Медиа-Альянс». - 2005. – 191 б.

4. Таубаева Ш.Т. Оқытудың қазіргі технологиялары / Ш.Т. Таубаева. Б.Т. Барсай. - Бастауыш мектеп. – Алматы, 1999. - №3. - Б. 3-8.

5. Көшербаев Қ.Е. Қазақстан республикасында жоғары білімді дамыту стратегиясы / Қ.Е. Көшербаев, Ә.Қ. Ахметов, А.Е. Әбілқасымова, Х.М. Рахымбек. – Алматы: «Білім», 1998. - Б. 8-15.

6. Шәкілікова С. Білім берудегі компетенттілік тәсіл / С. Шәкілікова, Д. Қазақбаева, Ш. Кәрібаева, Қ. Жұмағұлова. - Қазақстан мектебі. 2004.-№ 4. Б. 14-17.

7. Кенжебеков Б. Маманның кәсіби құзыреттілігінің теориялық негізі / Б. Кенжебеков.-Бастауыш мектеп. 2004.-№7.-Б. 3-7.

8. Жантлеуова Ш.К. Профессиональная компетентность будущего учителя в условиях педагогической практики / - Вестник КазНУ, серия «Педагогические науки», 2000.- №12.-С. 25-29.



К содержанию номера журнала: Вестник КАСУ №1 - 2007


 © 2024 - Вестник КАСУ