Главная  | О журнале  | Авторы  | Новости  | Конкурсы  | Научные мероприятия  | Вопросы / Ответы

Қазақ тілі пәнін басқа ұлт өкілдеріне оқыту кезінде әртүрлі тәсілдерді қолдану

К содержанию номера журнала: Вестник КАСУ №2 - 2006

Автор: Катренов Б.К.

«Ұстаздық қылған жалықпас үйретуден балаға» деп Абай кемеңгеріміз айтқандай, ұстаз өмірі баламен өтеді. Соның өзінде сол өмір қалай өтіп жатыр? Яғни, бір сарынмен бе, әлде әрқилы ма? Әр ұстаздың өз таңдауы бар.

Алдыңда сізден бір жаңалық күтіп отырған балаларға сабақты қалай жеткізесіз? Сіз сол жаңалықты жеткізіп, баланың санасына сіңіре алдыңыз ба? Әрине, көп қиналмай дайын нәрсені оқушылардың алдына жайып салуға да болады. Осы әдісті қолдана беруге болады. Бірақ, одан шығатын қорытынды қандай болады? Сіз сол арқылы балаға бір жаңашыл нәрсе бердім деп ойлайсыз ба? Осы тектес күнделікті бірізділік жаныңызға батпай ма? Алдыңызда отырған балалардың алдында қандай мәртебеге көтеріліп жүрсіз?

Қазіргі таңда білімге деген жол ашылды деп ойлаймын. Демек, білімге деген жол ашылса, сол білімді берудің бірнеше түрлері де бар. Сондай-ақ жаңа технологиялар көптеп шығып жатыр. Сол технологияларды қолдана отырып, оқушылардың сабаққа деген қызығуышылығы мен ынтасын дамытасыз, сондай-ақ сіздің сол пәннің мұғалімі ретінде тәжірибеңіз де артады. Озық мұғалімдердің сабақ беру әдіс-тәсілдері газет, журнал беттерінде де көптеп басылып, шығып жатыр. Соны оқып, өз сабағыңа қолдан. Сол арқылы бірізділіктен, әрқилылыққа көш. Алдыңда отырған оқушылардың беделіне ие бол. Тәжірибе алмасу арқылы өз деңгейіңді көтер, бір сатыға жоғарыла.

Әр ұстаз сол білім ордасының айнасы. Сол айнаға оқушы қалай қарайды? Айнаға қарау арқылы сізден нені көреді?

Қазіргі таңда тілді үйрету мәселесі қолға алынып жатыр. Себебі қазақ тілінің мәртебесін көтеру Қазақстан Республикасында тұратын, мен қазақпын деп, кеудесін соғатын, қазақ тіліне жаны ашитын әр азамат пен азаматшаның борышы мен міндеті. М.О. Әуезов былай деген: «Кімде-кім қазіргі уақытта ана тілін, өзінің әдебиетін сыйламаса, бағаламаса, оны сауатты, мәдениетті адам деп санауға болмайды». Демек, біз қаншалықты дәрежеде өз тілімізді сыйлап, бағалап, өзімізді мәдениетті деп санап жүрміз? Әрине, тілім деп жүгіріп, шынымен жаны ашып, жылап жүрген азаматтар жоқ емес. Тек қана сондай жандарды қолдап, бірлесіп жүрген азаматтар табылып жүр ме? Сондай азаматтардың қатарына қазақ тілі пәнінің тәлімгерлерін жатқызуға болатын шығар. Қазіргі кезде, білім саласында қазақ тілін үйрету және соны оқушылардың саналарына сіңіруге деген жол ашылған тәрізді. Мемлекеттік тілімізде басқа ұлт өкілдері сөйлеп тұрса, тіліміздің өскені емес пе? Осы мәселені мұғалімдер мектептен, орта кәсіптік оқу орындарынан бастағандары абзал. Алдындағы отырған оқушыларға тілді үйрету әрине оңай шаруа емес. Дегенмен де, сол тілді сабақта әртүрлі формалар арқылы жеткізу ыңғайлы да, ұтымды. Біз қаншалықты сабағымызда әртүрлі формаларды, жаңа технологияларды қолданып жүрміз? Қандай көрнекілік құралдарды пайдаланып, сабағымызды тартымды өткізіп жүрміз? Көптеген тәсілдер де бар. Мысалы, баяндау, әңгімелеу т.б осы тектес тәсілдер баршылық. Сабақ түрлеріне тоқталсақ, аралас сабақ, жаңа материалды меңгерту, материалды бекіту және т.б толып жатқан түрлері бар. Соның ішінде қазақ тілін басқа ұлт өкілдеріне үйрету кезінде сабақта қандай тәсілдерді қолдана аламыз. Әрине, басқа ұлт өкілдеріне қазақ тілін үйрету біраздаған қиындықтарды туғызады. Олардың сөйлеу мәнеріне назар аудару, сауаттылығын бақылау және т.б. жақтарына көбірек назар аудару қажет. Ең бірінші оларға қазақ тілінің мемлекеттік тіл екендігін және сен қай елде өмір сүресің, сол елдің тілін, мәдениетін білуге тиісті екендіктерін саналарына сіңіру қажет сияқты. Сондай-ақ олардың тіл сауаттылығын дамыту ең бірінші орынға қойылуы тиіс. Сабақта осы мақсатпен әртүрлі мәтіндер беру, ауызекі тілді (диалог) дамыту жұмыстарын жүргізу де игі әсерлерін тигізеді.

Жоғарыда айтылған нәрселердің барлығын қорыта келе, өз тілімізді сыйлағымыз келсе, сол тілді басқа да сыйлата білуіміз керек. Сондай-ақ сабақта әртүрлі тәсілдерді қолдану мақсатында мына бір ашық сабақтың өту барысын ұсынғым келеді.

Топ: 1 ОГХ

Пән: Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Сан есім. Қазақстан Республикасы.

Сабақтың мақсаты:

1. Оқыту: Сан есімді басқа сөз таптарымен және басқа тілдермен салыстыра отырып, сан есімді және түрлерін ажырата отырып оқыту.

2. Дамыту: Сабаққа деген ынталарын, қызығушылықтарын және ауызша ауызекі тілдерін дамыту.

3. Тәрбиелеу: Оқушылардың бойында патриоттық сезімді дамыту, Отанға, елге деген сүйіспеншіліктерін дамыту, өз еліңді сүю.

Сабақ түрі: Ертегі, саяхат – сабақ.

Сабақ көрнекілігі: Қазақстан Республикасы жайлы оқулықтар, ҚР Президентінің портреті, қазақ халқының ұлттық киімдері, киіз үйдің макеті, қазақтың ұлы жазушылары.

Сабақ барысы: Ұйымдастыру, сәлемдесу, түгендеу, сабақтың мақсатын түсіндіру.

Мұғалімнің сөзі: Бүгін біз сіздермен бірге ашық сабақ өткіземіз. Ашық сабақтың тақырыбы Сан есім. Лексикалық тақырып «Қазақстан Республикасы».

Сабақты бастамас бұрын, бүгінгі лексикалық тақырып Қазақстан Республикасы болғандықтан, біздің әнұранымызбен бастайық (Оқушылар орындарынан тұрып, ҚР әнұраны орындалады).

Сабақтың мақсаты сөз табы Сан есімнің жасалу жолымен танысу және елге, жерге деген патриоттық сезімді дамыту. Өз елімізді мақтан тұтып, қадірлеу.

Жаңа материал түсіндіру: Автор сөзі: Ерте-ерте ертеде қазақ тілі елінде бір бай өмір сүріпті. Оның аты Сан есім болыпты. Ол өзін таныстырыпты.

Сан есім: Имя числительное – это часть речи, обозначающее число, количество и порядок следования предметов и отвечающих на вопросы сколько? (қанша? Неше? Нешеу?) который по счету? (нешінші?) Имя числительное имеет только ему свойственные грамматические показатели. Это суффиксы: ыншы, інші, ау, еу, ер.

Слова автора: сан есім ұлдарын шақырыпты.

Бірінші ұлы: есептік, екінші ұлы реттік, үшінші ұлы жинақтық, төртінші ұлы топтау, бесінші ұлы болжалдық, алтыншы ұлы бөлшектік.

Мұғалімнің сөзі: Сан есім жайлы түсіндіріп кетеді.

Автор сөзі: ол ұлдарын шақырып алып, былай деді: Сендерге өз байлығымды үлестіріп беремін, алыңдар (раздает дидактические материалы) және тапсырма беремін, орындасаңдар, бір қымбат нәрсені табасыңдар. (раздает задание).

Мұғалім сан есімнің алты түріне тоқталып кетеді.

Өзіндік жұмыс: Мына есептерді оқыңыз: 10+10= 20; 25+25= 50; 13-3= 10; 10х3= 30; 25:5= 5; 9+1= 10; 100-20=80;

Мұғалімнің сөзі: Я Вам сейчас прочитаю о священных числах.

У казахского народа числа семь, девять, двенадцать, сорок считаются священными.

С числом «семь» связаны словосочетания семь сокровищниц, семь дней недели, семь влюбленных, семь джутов и другие. Указ Тауке хана, изданный в 16 веке, назывался «Жеті жарғы» - семь указов». Когда кто-то умирает, справляют семь дней, пекут семь лепешек. Число «семь» упоминается и в пословицах. Например «Жетіге келгенше жеті жерден таяқ жерсің», «Жеті қабат жер астында».

Число «девять» как священное число вошло в казахский язык из арабского и связано с религией. Например, «Тоғыз ай, тоғыз күн бала көтеру», «Тоғыз жолдың торабы».

Число «двенадцать» у казахов тоже почитается. Согласно казахскому календарю, двенадцати месяцам года даны названия двенадцати животных: мыши, коровы, барса, зайца, дракона, змеи, лошади, овцы, обезьяны, курицы, собаки, кабана. Двенадцать лет являются первым циклом в жизни человека, второй цикл – следующие двенадцать лет и так далее. Каждый цикл или каждые двенадцать лет являются опасными и значимыми. С этим числом связаны следующие выражения: «он екі мүшең сау болсын», «он екіде бір нұсқасы жоқ».

Еще одно священное число - «сорок». Первые сорок дней младенца являются важными и ответственными. Когда младенцу исполнятеся сорок дней, отмечается праздник «Қырқынан шығару». Когда умирает человек, справляются поминки «Қырқын беру». Уважаемых гостей встречают со словами «Қырықтың бірі – қыдыр».

Мына сұрақтарға жауап беріңіздер?

1. Сенің жасың нешеде?

2. Сен нешінші курста оқисың?

3. Елбасыны сайлау қашан өтті?

4. Аудиторияда неше парта, терезе, орындық бар?

5. Ертең неше сабақ болады?

6. Бүгін нешесі?

7. Біздің колледж неше қабатты?

8. Топта неше студент бар?

9. Сенде неше саусақ бар?

10. Сен колледжге нешінші автобуспен, трамваймен келесің?

Сан есімге 5 сөйлем құраңыздар.

Ойын: Әр оқушы шығып, 1-6-ға дейін санап шығу қажет. Мысалы, бір, два, үш три, төрт, пять, алты.

Мұғалім сөзі: Қазір біз сіздермен бірге Қазақстан Республикасына саяхатқа шығамыз. Кәне кім, саяхатқа шығып, таныстыратын болады?

ҚР жайлы таныстыру жасайды. (Ұлттық ақша, Рәміздері, тұңғыш Президенті, Конституциясы, ұлттық киімдері, халық жазушылары).

ҚР жайлы баяндап беру.

Қазақстан Республикасының рәміздері жайлы.

Туы, елтаңбасы, әнұраны.

Тудың авторы, суретшісі – Шәкен Ниязбеков.

Елтаңбаның авторлары, сәулетшілер – Шота Уәлиханов пен Жандарбек Мәлібеков.

Әнұранның сөзін жазғандар: М. Әлімбаев, Қ. Мырзалиев, Т. Молдағалиев, Ж. Дәрібаева. Әні: М. Төлебаев, Евгений Брусиловский, Латиф Хамиди.

Мына мақалдарды оқып, өз ойларыңызды айтыңыздар.

Отанды сүю – отбасынан басталады.

Ел іші – алтын бесік.

Егілмеген жер жетім

Елінен айрылған ер жетім.

Отан – ана, Отан – жер.

Опасызда – Отан жоқ.

Отан – елдің анасы,

Ел – ердің анасы.

Нет земли лучше Родины,

Нет людей лучше, чем на Родине.

Цветы лишь на родной поляне цветы, человек лишь на Родине человек.

Мұғалім сөзі: біз өз Отанымызды сүюіміз керек және де құрметтеуіміз қажет. Бұл әр ҚР азамытынң борышы және міндеті. Отанға деген сезімімізді арттыруымыз қажет.

Біз қалай құрметтей аламыз?

Осы айтылған сөйлемнен мына таныс емес сөздерді жазып, жаттап алыңыздар.

СҮЮ – ЛЮБИТЬ

БОРЫШЫ – ДОЛГ

МІНДЕТ – ОБЯЗАННОСТЬ

СЕЗІМ – ЧУВСТВО

ҚҰРМЕТ - УВАЖЕНИЕ

Сабақ бекіту:

1. Бүгінгі сабақтың тақырыбы?

2. сан есім неше бөлінеді?

3. сан есім қалай жасалады?

4. Бір-бір сөйлем құраңыздар?

Үйге тапсырма: Сан есімнің жасалу жолдарын оқып келіңіздер және «Қазақстан» атты тақырыпқа сөзжұмбақ құрастырыңыздар.

Бағалау.

ӘДЕБИЕТТЕР

1. Бектурова А.Ш., Бектуров Ш.К. Казахский язык для всех. – Алматы: Атамұра, 2004.

2. Педагогический мир // 2005, февраль №2.

3. Рысбаева Г.Қ. Қазақ тілі грамматикалық анықтағыш. – Алматы: Сөздік – Словарь, 2000



К содержанию номера журнала: Вестник КАСУ №2 - 2006


 © 2024 - Вестник КАСУ