Главная  | О журнале  | Авторы  | Новости  | Конкурсы  | Научные мероприятия  | Вопросы / Ответы

Студенттің кәсіби іс-әрекетке дайындығы

К содержанию номера журнала: Вестник КАСУ №1 - 2006

Автор: Назбиева А.Б.

Жиырма бірінші ғасырдың саясаткерін, басшысын, бизнесменін және қарапайым адамды бақылай отырып, олардың әрқайсысына кәсіби компетентті психологтың көмегі қажет екенін аңғаруға болады.

Әлеуметтік-психологиялық және жас ерекшелік кұрылымының ерекшелігі ретіндегі студенттік кезеңнің мәселесі Б.Г. Ананьев мектебінде көп қарастырылды. Б.Г. Ананьев, Н.В. Кузьмина, Ю.Н. Кулюткин, А.А. Реан, Е.И. Степанова зерттеулерінде бақылаудың эмпирикалық материалы эксперименттер мен теориялық жалпылаулар осы мәселе бойынша көптеп жиналды. Көптеген зерттеушілердің мәліметтері студенттерді әлеуметтік-психологиялық және психологиялық-педагогикалық қырынан оқу іс-әрекет субъектісі ретінде сипаттауға болатынын көрсетеді.

Студенттік кезең – бұл ерекше әлеуметтік мәдениет, жоғары білім беру институтымен біріктірілген адамдардың қоғамы. Тарихи жағынан бұл әлеуметтік-кәсіби құрылым бірінші университеттердің пайда болу уақытынан, 11-12 ғасырдан басталады. Студенттер бағыттылықпен білімді және кәсіби біліктілікті жүйелі меңгеретін, оқу еңбегімен айналысатын адамдар тобы.

Әлеуметтік топ ретінде ол кәсіби бағыттылықпен, келешек кәсібіне деген қатынастың қалыптасуымен сипатталады. Соңғысы мамандық қоятын талаптар мен кәсіби іс-әрекет жағдайларын білуді қажет етеді. Зерттеулер нәтижесінде студенттің мамандық туралы түсініктері оның сабаққа деген қатынасының деңгейімен сәйкес келетінін көрсеткен: өзінің мамандығы туралы неғұрлым аз білсе, соғұрлым сабаққа деген жағымды қатынасы төмен болатыны анықталған.

Әлеуметтік-психологиялық аспектте студенттер өзге топтармен салыстырғанда неғұрлым жоғары білімділік деңгейімен, мәдениетті белсенді пайдалану және таным мотивациясының жоғарғы деңгейімен сипатталады. Сонымен қатар студенттер - әлеуметтік белсенділіктің жоғарғы деңгейімен және жеткілікті түрде интеллектуалды және әлеуметтік зерделіліктің үйлесімділігімен сипатталатын әлеуметтік қоғам. Бұл студенттік ерекшеліктің негізінде әрбір студентке деген оқытушының педагогикалық қатынастың болуы жатыр. Жеке дара-іс-әрекеттік тұрғыдан студент өзінің іс-әрекетін өз бетімен ұйымдастырушы педагогикалық өзара әрекеттің субъектісі ретінде қарастырылады. Оған нақты кәсіби-бағдарланған тапсырмаларды шешу үшін танымдық және коммуникативті белсенділікке деген бағыттылық тән. Студенттік кезең – адамның қалыптасуындағы орталық кезең және түрлі қызығушылықтардың көрінуімен ерекшеленеді.

Бұл спорттық рекордтың орындалуы, шығармашылық, техникалық және ғылыми белсенді әлеуметтанудың жүзеге асатын кезеңі.

Б.Г. Ананьев мектебінің зерттеушілерінен алынған мәліметтер студенттік кезеңнің – интеллекттің күрделі құрылымдарының уақыты екендігін көрсетеді. Жоғары оқу орнындағы оқу уақытында еңбектік, кәсіби іс-әрекеттің негізі қалыптасады. Оқу барысында меңгерілген білім, біліктілік, дағды оқу іс-әрекетінің пәні ретінде емес, кәсіби іс-әрекеттің құралына айналады. Бірақ техникалық жоғарғы оқу орындарындағы студенттердің жартысында жоғары мектепті таңдаған кезде кәсіпке деген қызығушылық мотиві жоқ. Студенттердің үштен бір бөлігінен көбі өзінің мамандығын дұрыс таңдағанына күмәнданады (А.А. Вербицкий, Т.А. Платонова).

Студенттің мәнді көрсеткіші – оқу іс-әрекетінің түрлері мен түр пішіндерін орындай алу біліктілігі.

Оқытушылардың алдында жауапкершілігі мол психологиялық-педагогикалық тапсырма тұр. Ол студентті өзінің әрекетін жоспарлап, ұйымдастыра алуды білдіретін оқу іс-әрекет субъектісі ретінде қалыптастыру мәселесі.

Студентке әлеуметтік зерделі тұлғаға қатынас ретінде қарау адамның әлемге деген көзқарасы емес, дүниедегі өзінің орынына деген пікірдің де қалыптасуына әкеледі. Студенттің әлемді тануын қалыптастыру оның рефлексиясының дамуын, өзін іс-әрекет субъектісі, әлеуметтік пайдалы тұлға ретінде сезінуін білдіреді.

Практикалық психологтың тұлғалық-кәсіби даму процесінің жүзеге асуы объективті, субъективті, субъективті-объективті жағдайлардың орындалуын талап етеді

Жантанушыларды дайындауда психологиялық-акмеологиялық тұрғы мәселенің негізі бола алады (Б.Г. Ананьев, К.А. Абульханова, А.А. Бодалев, А.А. Дергач, А.С. Гусева, В.Г. Зазыкин, Н.В. Кузьмина, И.Н. Семенов, А.П. Ситников, Е.А. Яблокова).

Жантанушы-студенттің тұлғалық-кәсіби дамуы дайындық процесінің ғылыми-әдістемелік, мазмұндық және ұйымдасқан қамтамасыздануы негізінде мүмкін болады.

Жантанушы-студенттің тұлғалық-кәсіби дамуының алғышарты болып өзін-өзі танудың дамуы және өзін-өзі жетілдіру тілегінің деңгейі болып табылады. Өзін-өзі тану іс-әрекетін жоғары деңгейде меңгеру өзіндік жетілу мен кәсіби даму әрекетіне белсенді қосылуға мүмкіндік береді. Сол себепті тұлғалық жетілудің жоғарғы деңгейі практикалық психологтің кәсіби дамуының бірінші және екінші деңгейімен байланысты. Өз-өзін тану, өзін-өзі қабылдау және өзіндік жетілдіру деңгейі дайындық процесінде іс-әрекет субъектісі жантанушы-студенттің тұлғалық-кәсіби дамуы маңызды болып саналады.

Практикалық психологтерді жүйелі-құрылымдық дайындауда тұлғалық-кәсіби өсуіндегі жағымды өзгерістерді қамтамасыз етеді. Жантанушының кәсіби «Менінің» қалыптасуы мен дамуы кәсіби іс-әрекеттің жүзеге асуына бағытталады.

Жантанушы-студенттің тұлғалық-кәсіби дамуы тұлғалық, іс-әрекеттік және әлеуметтік-мәдени өзгерістердің үзіліссіз процесі ретінде түсіндіріледі. Бұл ерекшеліктер теориялық, практикалық білім, біліктілік, дағдының қалыптасуын қамтамасыз ететін өзіндік даму мен дайындықтың бірлігі ретінде қарастырылатын үздіксіз процесс.

Жантанушы-студенттің тұлғалық-кәсіби дамуының өзіндік үлгісі кәсіби маңызды қасиеттердің өзіндік бағалануы.

Кеңес психологы Б.Г. Ананьев студенттік кезеңді «жеке қатынаста адамгершілік және эстетикалық сезімдердің және өзіне азаматтық, қоғамдық-саяси, кәсіби-еңбекті біріктіретін ересек адамның функцияларының қалыптасып, тұрақталуының айрықша белсенді мәнге ие» деп қарастырды.

Жоғары мектеп жасынан студенттік жасқа өтуі өмірдің үйреншікті көзқарастың өзгеруі мен қарама-қайшылықтарымен сәйкес келеді. Бұл қарама-қайшылықтар әлеуметтік-психологиялық сипатта болып келеді.

Студенттік кезеңдегі өзбеттілік әрекеттер туралы сұрақ көп жағдайда нақты практикалық сипатта болып келеді. Бір жағынан теориялық білім мен қызығушылықтар жиналған білім аймағындағы практиканың қолдануымен кездескенде тексеруден өтеді. Екінші жағынан қызығушылықтар мен қажеттіліктердің теориялы, абстрактілі аймағы оны тұрмыста қолдануға әкеледі. Өзбеттілік - жатақханадағы өмірге үйрену, өзінің ақшасын ұстау, өз уақытын дұрыс қолданумен байланысты практикалық іске айланады.

Бұл жас кезеңде идеалға, шындыққа деген бағыттылық мықты болады. Әртүрлі арнадан келіп жататын ақпараттың көптігі студенттің білімін кеңейтеді. Сонымен қатар бұл ақпараттың шектен тыс көптігі уақыттың жеткіліксіздігі мен оны ойша өңдеуге құлықтың болмауынан білім мен ойлаудағы үстірттікке, өзінің өмірін ұйымдастырудағы қателіктерге әкеледі.

Бұл іс-әрекеттегі профессионалдылық бөлек алынған еңбек және өмір субъектісінің, ұжымдағы жалпы әлеуметтік ұйымдағы байланыстар мен қатынастардың терең табиғатының сырын ашуға мүмкіндік береді. Осы негізде морфологиялық, психофизиологиялық, психикалық, әлеуметтік-психологиялық және әлеуметтік деңгейлерге нәтижелі әсер ету құралдары қолданылады. Осындай жолмен практикалық психологтың профессионалдылығын өзі таңдаған іс-әрекет түрінің негізгі құрылымы деп атауға болады.

Ал практикалық психологтың профессионалдылығының құрылымын не анықтайды? Бұл сұраққа жауап беру қиын. Жалпы ол нақты адамның барлық өзара байланыс қосындысын реалды детерминантары мен жеке дара ерекшеліктерімен негізделген.

Егер реальді жағдайдың сипатын ескерсек, онда практикалық психологтың алдында бірқатар мәселелер мен тапсырмалардың легі тұрады.

Мақсат пен оның реалды жүзеге асуына дейін келу үшін функция деп аталатын белгілі бір құрылымды орындау қажет. Бұл функцияларды субъект (белсенді), нақты адам орындайды.

Практикалық психологтың өзінің функцияларын орындау қабілеті нәтижелі болуы оның бірқатар қасиеттеріне байланысты.

Сонымен кәсіби құзырлылық практикалық психологтың білім, біліктілік, дағды, психологиялық ерекшеліктер, кәсіби ұстамдары мен акмеологиялық иннұсқалардың кешенінің қалыптасуымен сипатталады. Мұнда білім, дағды және біліктілікті психологтың кәсіби құзырлылығының рольдік сипаттамасы ретінде ұсынуға болады. Ал қалған құрылымдар оның субъективті сипаттамалары ретінде болады. Сонымен қатар кәсіби құзырлылықтың түрлі деңгейлеріне жету детерминанттармен анықталады. Олардың арасында кәсіби функцияларды орындау үшін қарсылық болатын жеке дара шектеулер бар.

Маман-профессионал – бұл өзі еңбек атқаратын ұжымдағы функциялау аймағында өзінің міндеттерін орындауда жоғары деңгейге жеткен адам. Мұндай маманның дайындығына оның профессиографиясымен сәйкес келетін білім, біліктілік және дағды негізге алынады. Егер психолог-маманның дайындығын алатын болсақ, ол оқу жоспарындағы пәндердің дәріс, семинар, зертханалық, практикалық сабақтар, тренинг, курстық және дипломдық жұмыстардың түрлері арқылы жүзеге асатын пәндердің меңгерілуі негізінде жүреді.

Осындай жолмен, егер «профессионалдылық» ұғымын маман терминімен қоссақ, онда жоспарлылық жетекші қасиет болып табылады. Одан кейінгі орында педагогтар көрсететін қарапайым біліктілік, тапсырманы шешуді қабылдау, оқытушылар түсіндірілген білімді меңгеру тұр. Оқыту процесі бағытталған мұндай бастапқы бағдар студенттердің жауапкершілігі мен оқытушылар берген оқу материалын қайта жаңғыртуға қабілеті болған жағдайда көрінісін береді.

Көптеген еңбек аймақтарындағы мамандарды дайындау практикасы мұндай бағдардың орындаушылық деңгейінің қалыптасуында көрінетін нәтиженің жеткілікті түрде жоғары нәтиже беретінін анықтаған. Психологияның объектісі адам болғандықтан жантанушы-маманды дайындауда психикалық әлем туралы жаңа білімді алуға бағытталған инттелекттің негізгісі ретінде сипатталатын креативтіліктің дамуы мен шығармашылық ізденіске деген бағдар беру жеткіліксіз. Студенттегі адамға деген қатынасты жоғарғы құндылық ретінде қалыптастыру мәнді. Мұндай нәтижеде адамның ішкі әлемімен жұмыстың механизмі мен заңдарына тереңдеп бойлауы жоғары адамгершіліктік императивпен анықталады. Осындай жолмен, зерттеуші-психологтың кәсіби интеллектісінің маңыздылығы мен оның жұмысының жалпы гуманитарлы бағыттылығы бір-бірімен тығыз байланысты. Сондықтан В.А. Пономаренко анық профессионал үшін рухани кеңістік – метафора емес, ол өзінің ар-ұятының өзара қатынасының әлеуметтік шындығы. Мұның өзі профессионалды маманнан айырып тұратын жүйелі қасиет. Өзінің іс-әрекеті ретінде психологияны таңдап алған адамдар қарапайым маманнан жоғары деңгейдегі профессионалға дейінгі кезеңдегі оның жүзеге асу үшін қажет әдістемелік түрпішіндерді және әрбір сатының мазмұнды толықтырылуын жақсы түсіну керек.

Бәрінен бұрын психологиялық бөлімдер мен факультеттерге интеллектісі жоғары, өзге адамның ішкі әлеміне деген қызығушылығы бар жастар баруы қажет. Олар үшін өзге адам - өмірдегі басты құндылықтардың бірі болуы маңызды шарт. Психиканы тереңірек зерттеу, адамдарға еңбекті, танымды, қарым-қатынасты саналырақ құруға көмектесу қабілеті бар жастар психология бөлімдеріне тапсырулары абзал.

Бүгінгі күні психологияға «адам-адам» аумағында жұмыс атқару мүлдем болмайтын адамдар өте сирек барады.

Психологиялық бөлімдерде оқу жоспарларының бір-бірімен тығыз байланысты пәндердің мазмұны бір ортақ жүйеге қосылатын болу қажет. Олардың жүзеге асуы оқу процесі арқылы студенттерге адамның барлық бағыттардағы тұлғасы мен жеке даралылығы мектептегі тәрізді емес, шындығында ғылымдағы өз өңделушілерін тосудағы шешілмеген мәселелердің көптігі туралы да айтылған жөн.

Оқу материалының осындай түрде берілуі әрбір студент тұлғасындағы шығармашылық бағыттылықтың қалыптасуының іс жүзінде жүзеге асуын білдіретін барлық оқытушылардың оқу жұмысының стилінде өз көрінісінің міндетті түрде табылуы таң қаларлық жайт емес. Әрине, егер студенттер олардың алдында тұрған тапсырмалардың шешілуіне деген қызығушылықтың жоғарылауы ғана емес, өз бетімен мәселені тауып қана қоймай, оны адекватты шешуде құралдарды қолдану мүмкіндігін беретін профессионал-зерттеуші интеллектісін қалыптастыратын күрделенген тапсырмаларды орындауға үйренбесе, тек осы мақсаттың ғана жүзеге асуы жеткіліксіз болады. Әрбір профессионалға қажет қасиеттерді студентте қалыптастырудың алғышарттарын курстық және дипломдық жұмыстар қамтамасыз етеді деген пікір үлкен қателік.

Практика көрсеткендей, дұрыс ұйымдастыру болған кезде олар бұл рольді бөлшектеп орындайды. Бірақ толығымен іс сәтті болу үшін оқу процесіндегі әрбір бөлім студентке тапсырманың шешілуі үшін қажет құралдардың байытылуы, қаталдықтың болуы маңызды.

Айтылған жайт утопия тәрізді болып көрінбеу керек: Б.Г. Ананьевтың басшылығымен ЛМУде психологтарды дайындаудың бүкіл процесінің тәжірибесі бұл тапсырманың орындалуына куә бола алады.

Профессионал-психолог үшін қажетті ақыл, сезім, ерік қасиеттерінің жүйесінің қалыптасуы, болашақ психологтың қырлары бар оның құрған ғылыми психологиялық мектебі факультетке түсуден бастап, оның докторлық диссертация жазуына дейін ойланылған түрде жүзеге асты. Бұл мектеп көптеген психологтарды дайындады.

Бүгінгі таңда психологияға деген қызығушылық өсуде. Жантанушыларды дайындау үшін жаңа факультеттер ашылуда, қысқартылған сырттай оқу курстары көбеюде. Бірақ кез-келген адам терең психолог-профессионал бола алмайды. Бұл біріншіден. Екіншіден, өзге адамның ішкі дүниесін шын мәнінде түсінетін, оған мәселелерін сәтті шешуге көмектесе алатын нағыз психолог-профессионалды дайындау үшін психологиялық білім мен тәрбиелеу жүйесі бөлшектей және тұтастай ойластырылған болу қажет.

ӘДЕБИЕТТЕР

1. Рабочая книга практического психолога / Под ред. А.А. Бодалева и др. – М.: Институт Психотерапии, 2003. – 640 с.

2. Пономаренко В.А. Страна Авиация. - М.: Наука, 1995.

3. Бабанский Ю.К. и др. Педагогика высшей школы – Алма-Ата: Мектеп, 1989. – 176 с.

4. Основы педагогики и психология высшей школы / Под ред. Акад. АПН СССР А.В. Петровского. - М., 1986.– 303 с.

5. Брушлинский А.В. Деятельностный подход и психологическая наука // Вопросы философии. - №2. - 2001. - С. 89-95.

6. Сергиенко Е.А. Становление субъекта: неоконченная дискуссия// Психол. Журн. - №2. - 2003. - С. 114-120.

7. Зимняя И.А. Педагогическая психология: учеб.пособие. – Ростов н/Д.: Феникс, 1997. – 480 с.

8. Максимова Н.Е. и др. Структура и актуалгенез субъекта с позиций системно-эволюционного подхода // Психологический журнал, № 1. – 2004. – С. 17-40



К содержанию номера журнала: Вестник КАСУ №1 - 2006


 © 2024 - Вестник КАСУ