Главная  | О журнале  | Авторы  | Новости  | Конкурсы  | Научные мероприятия  | Вопросы / Ответы

Инновациялы? іс-?рекетті? теориялы? негіздері

К содержанию номера журнала: Вестник КАСУ №1 - 2006

Автор: Солтангалиева Г.М.

Инновациялық педагогикалық іс-әрекет белгілі оқытудың, тәрбие беру мен дамытудың стереотипіне қарама-қайшы, ол белгілі межеден шығып, жеке шығармашыл, өз бағытымен жұмыс істей алатын мұғалім қалыптастыруға бағытталады.

Шынында бұл мәселенің шешімі ұстаздың кәсіпкерлік шынайы іске асыруға тән сол бір ішкі объективті қайшылықты анықтаумен байланысты.

Ю.Н. Кулюткин [1, 15 б.] кәсіпкер ұстаздың іс-әрекетіндегі “мөлшерлік шығармашылық белсенділіктің” ара қатынасы мазмұны мен мәнінен бөлек, абстрактылы түрде қарастырылмайды дейді. Егер «іс-әрекеттің немқұрайлы іс-әрекеттік құрылымымен бірге ұстаздың шығармашылық белсенділігі де мөлшермен берілсе, жаңа педагогикалық ойлар және оларды шешу ұстаздың өзінен күтіледі».

Педагогикалық жаңалық-жаңа идеялар, әдістер, технологиялар ғана емес, педагогикалық процесс элементтерінің бірлігінің немесе жеке элементтерінің білім беру мен тәрбиелеудегі белгілі міндеттерді тиімді шешу жолы.

Осыған байланысты педагогикадағы жаңалықтарды жасаушыларды ерекше атап өту қажет. Себебі, инновациялық дамудың негізгі түсініктерін ашу жаңалықтарды іске асырушы адамдарсыз мәнсіз болып табылады. Педагог-новатор нақты жаңалықты жүзеге асырушы сонымен бірге, жаңалықты жасаушы немесе үлгісін көрсетуші.

Педагог-инноватор - субьект, үнемі инновацияны жасаушы, өз іс-әрекетін өзгертуге, жетілдіруге ұмтылушы. Инновациялық іс-әрекет субьектісінің басты мінездемесі-саналы түрде әрекет ете білу (өз инициативасының субъективті мүмкіндіктерімен қоғамдық тәжірибеге енгізу негіздерін өз әрекетінде көрсете білуі).

Инновацияның даму заңдылықтары білім берудегі дәстүрлі көзқарастан бас тартудан пайда болады. Прогрессивті идеялардың көпшілігі педагогикалық инновацияны белгілі дәрежеде тереңдетіп, енгізе алады. Алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибенің кеңейтілген құрылымын М.Ф. Харламов береді.

Алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибе генезисін әр кезеңдердің бірлігіне байланысты сипаттайды:

1 кезең - педагогикалық іскерлік (теориялық, практикалық даярлығы);

2 кезең - педагогикалық шеберлік (мұғалімнің гуманистік бағыты, педагогикалық қабілеттері, педагогикалық техникасы);

3 кезең - педагогикалық шығармашылық (оқу-тәрбие жұмысының тәсілінің түр өзгерісі, олардың модернизациясы);

4 кезең - новаторлық кезеңі (оқыту процесіндегі жаңа прогрессивті идеяларды ұсыну мен жүзеге асыру).

М.Ф. Харламов педагогикалық шығармашылық пен новаторлық түсініктерінің ерекшеліктерін саралап көрсетеді [2, 54 б.].

Инновацияның педагогика ғылымында дамуы, ғалымдардың айтуы бойынша, диалектикалық процесс. Оның дамуы басқа ғылымдармен тығыз байланыса отырып, мынандай өзгерістерге ұшырайды:

- кез-келген жаңалық, қоғамдық сұранысты өтегеннен кейін үйреншікті нәрсеге айналады;

- инновациялық процесс кезеңдеріне сәйкес инновациялық іс-әрекет;

- шығармашылық қабілет негізінде қаралатын репродуктивті, продуктивті қызметтердің диалектикалық бірлігі болып табылады;

- инновацияның дамуы бірқатар негізгі және қосалқы қарама-қайшылықтарды шешуге бағытталады.

Бұлардың біреуі әрі қарай тереңдетілуі, біреуі алынып тасталуы мүмкін жаңалықтарды іске асыруда инновация мәселесінінің жаңа қырлары ашылады да, инновация потенциалын жаңалықтарды енгізуде әр түрлі бағыттағы қажеттіліктерді толық қанағаттандырады.

Ғылыми талдаулар негізінде жасалған жалпы жаңалықтардың топтамасы төмендегідей:

- жаңалықтар: а) мүлде жаңа, бұрыннан белгісіз педагогикалық идеялар мен әрекеттер; ә) белгілі ортада көкейтесті мәселелерді шешетін, белгілі уақыт көлемінде білім беруді дамытатын, сыннан өткен, кеңейтілген немесе қайта өңделген идеялар мен әрекеттер; б) қайта өңделген (реадаптацияланған) педагогикалық жаңалықтар, яғни өзгерген жағдайларда бұрыннан белгілі идеялар мен әрекеттерді қайталау;

- радикалды: а) дәстүрлі бағдарларды жетілдіруші және дамытушы; ә) оларды модификациялау; б) жаңа бағыт ашушы;

- көлемді: жалпы, түбегейлі: білім беру жүйесін реформалау, жаңа білім стандартын енгізу; жаңа педагогикалық ашылымдар т.с.с., кіші, аз көлемді: жекелеген оқу орындарындағы өзгерістер, оқу пәндеріндегі мазмұндық немесе технологиялық өзгерістер, оқыту мен тәрбиелеудегі педагогикалық жаңалықтар;

- шығу тәсіліне байланысты және іске асу жолдары:

а) ұйымдастырылған арнайы жоспарланған, алдын-ала ойластырылған, мектеп немесе білім беру мекемесі ұсынған сыртқы ортадан келген жаңалықтар; ә) аяқ-асты пайда болған жаңалықтар, шығармашылықпен айналысушы ұстаздардың жұмысында пайда болған ішкі жаңалықтар;

- шығуы мен қолданылуы: білім беру мазмұнында (оқу бағдарламалары мен жоспарларындағы өзгерістер, жаңа оқу пәнін енгізу, кіріктірілген пәндер енгізу) оқу пәндері мазмұнындағы өзгерістер, оқыту әдістеріндегі және технологиялық жаңалықтар;

- мұғалімнің іс-әрекетінің тәсіліне байланысты: тәсілдері, техникасы, технологиясы (мысалы: сыныптан тыс жұмыстар) әдістемесі (мысалы: тәрбиелеу);

ұйымдастыру түріне жеке жұмыстар,сабақты ұйымдастырудың жаңа түрлерінің жаңа кешені мен жүйесі [3, 184 б.].

Қазіргі жағдайда инновациялық процестер, жылдам басқару мәселесі педагогикалық инноватиканың құрылымында негізгі түйіні болып табылады.

Ғылыми білімнің саралануы, олардың үздіксіз дамуы білім беру мазмұнына көлемді практикалық және теориялық материалды қосуды талап етеді. Алайда, мектепте жоғары оқу орнында оқыту уақыты шектеулі болғандықтан, заман талабынан шығатын маманды дайындауға жеткілікті білімді саралауды таңдап алу мәселесі көтерілуде.

Инновациялық процестерді олардың дамуындағы тенденциялары мен қайшылықтарды аша отырып талдау қажет.

Инновациялық процестер - бүкіл әлемнің білім беру жүйесі дамуының негізгі және қажетті тенденцияларының бірі болып табылады.

Педагогикалық жаңалықтарды жасау, игеру қолдауды біріктіретін инновациялық процесстер білім беруді және мектептегі оқу процесін жаңарта алатыны сөзсіз. Сондықтан да, инновациялық процестерді игеру, жасау, қолдану мәселелерін талдау және жүзеге асыру білім беру жүйесінің әр түрлі баспалдақтарында кеңінен қолдануда.

Мұғалімдер мен практикалық қызметкерлердің педагогикалық жаңа білімге деген қажеттіліктің күшеюінен келесі тенденция туындайды. Педагогикалық жаңалықтарға объективті баға бере алатындай, инновацияларды игере алатындай педагогикалық қауымның құрамын және құрылысын жаңарту жүзеге асып жатыр. Келесі тенденция - жаңалықтарды практикаға енгізу кезеңімен байланысты. Жаңаны қолданудың жалпылама сипаты өседі. Бұны педагог - новаторлардың іс-тәжірибелерін таратудан көруге болады.

Жоғарыда аталған тенденцияларда қазіргі білім беру жүйесіне тән сан алуан қайшылықтар жатыр. Біз инновациялық процестердің негізгі кезеңдерін сипаттайтын қайшылықтарға жеке тоқталайық. Бірінші қайшылық - білім беру жүйесін және оның құрамының өзгеруін қажет ететін ескі мен жаңаның арасындағы әлеуметтік- педагогикалық қайшылықтар болып табылады. Қазіргі заманда бұл қайшылықтардың шешілуі адам өмірінің жаңа сапасымен сипатталады.

Осының бәрі білім беру мен тәрбиелеу процестерінің мазмұнын жаңартуды талап етеді. Барған сайын көбейіп келе жатқан білім мен оқу тәрбиелеу үрдістері арасындағы туындайтын дидактиканың негізгі мәселесін тудырады. Базалық білім беру және оның түйіні - жеткілікті білім минимумы

Оқу материалын таңдау және жаңарту инновациялық процестердің бір қайнар көзі болып табылады. Енді бір айта кететін қайшылықтың бірі - педагогикалық қауымның “жаңаны” игерудегі мүмкіндіктері мен шынайы жағдайының арасындағы қайшылық. Бұл қайшылықты жою мұғалімдердің инновациялық қызметтерін жаңа сатыға көтереді.

Тенденциялар мен қайшылықтар инновациялық заңдылықтар туралы мәселені қарастыруды талап етеді. Зерттеушілердің айтуы бойынша, білім беру жүйесінде инновациялық процестерді сипаттайтын жалпы заңдылықтардың бірі-педагогикалық инновациялық ортаны қайырымсыз дестабилизациялау заңы. Бұл заңдылықтың мәні мынада: қандай болмасын білім беру жүйесіндегі инновациялық процесс жүзеге асу барысында инновациялық әлеуметтік ортаға, педагогикалық дедуктивтік өзгеріс әкеледі. Бұның салдарынан:

- педагогикалық процестер және құбылыстар жайлы біртұтас көзқарас жойылады;

- педагогикалық жаңалықтардың ортаға енуі педагогикалық сана-сезімнің, бағаның бөлінуіне, полеризацияға әкеліп соғады және де қайта орнына келтіру мүмкіндігі жойылады.

Келесі заңдылықты инновациялық процестің түпкілікті жемісті жүзеге асуы деп атауға болады. Басқаша айтқанда, қандай болмасын инновациялық процесс ерте ме, кеш пе әйтеу ең соңында саналы түрде болсын, болмасын жүзеге асуы қажет. Алғашында енгізуге, игеруге үмітсіз жаңалықтар ең соңында өздеріне жол ашып, жүзеге асып жатыр.

Сонымен, инновация мәселесі педагогикада ғылыми тұрғыда қойылып отырғанын қарастырып, әр мектепте инновациялар банкін құрып, олар мұғалімдердің іс-әрекеттерінде ғылыми дәлелденіп, әдістемелік жағынан дұрыс орын алуы қажет.

Сонымен инновациялық іс-әрекет- педагогикалық еңбектің өнімділігін сапалы өзгертетін оқыту мен тәрбиелеудің жаңа үлгілері мен әдістерін құру процесіне ықпал жасайды. Көпшілік ғалымдардың айтуы бойынша мұндай нәтижеге жетуі үшін педагогтың инновациялық іс-әрекеті келесі талаптарға сай болуға тиісті:

- өзінің жеке қасиеттерін есепке ала отырып, басқалардың инновациялық тәжірибесін өзгерту, жетілдіру, қабылдау қабілетіне;

- жаңа ғылыми идеялар мен басқалардың тәжірибесімен хабардар бола отырып, өз жұмысын ұғыну қажеттілігіне;

- жаңа ғылыми зерттеулер, олардың әдістемелік жүзеге асуын үздіксіз тәжірибеге енгізуі;

- педагогикалық инновацияның жаңа әдістерімен тәсілдерін өз бетінше жасау;

- педагогикалық кертартпалықпен, артта қалушылықты болдырмау.

Инновациялық іс-әрекет - қазіргі мектептің даму тәртібінің бір аспектісі. Инновациялық іс-әрекет әлеуметтік-экономикалық жағдай тудырған басқа білім беру сфераларынан белгілі бір стандарттың межесінен ауытқу мен балама жүйе енгізу шараларын атқарады. Инновациялық іс-әрекет жаңалықтарды ойлап шығару, зерттеу, қолданысқа дайындау, іс жүзінде пайдалану сияқты процестермен сипатталады [4, 78 б.].

Осы айтылғандар инновациялық процестің мынадай факторлары мен байланысты:

1) Мектеп басшыларының шығармашылық потенциялы, даярлау процесіне қатысушылардың жаңа технологиялармен оқытудағы инновациялық іс-әрекеттері;

2) Инновациялық процесс көрсеткіштерін даярлаған кешенді бағдарламалармен жоспарларды ғана көрсетіп қоймай, оны қабылдаушы ортаның ықпалын анықтау;

3) Бағдарламалар мен жоспарларға қосымша кеңес беру, баламалық нұсқалар әзірлеу, өз мерзімінде түзету жасап отыру. Бұл фактор маңыздылығы кез-келген жаңалық барлық уақытта тиімді нәтиже көрсете бермейді. Сондықтан, инновациялық іс-әрекетте егер жаңалық сәтсіздікке ұшыратар болса, оны тез арада ретке келтіру шаралары ойластырылу қажет;

4) Әлеуметтік-экономикалық орта. Инновациялық іс-әрекеттің психология-педагогикалық, ғылыми-әдістемелік қамсыздану кепілдігі болуы шарт.

Инновациялық процеске қатысушылардың рөлдік позициялары: инициативалы жәрдем берушілер қарсы әрекет жасаушылар, мүлде әрекетсіздер болып бөлінеді.

Осылардың әрқайсысының приоритеті мектептің инновациялық потенциалда да белгі беретіні айқын.

Аталмыш топтама жаңалықтың авторын анықтауға, салыстырмалы талдау жасауға нәтижесін алдын-ала білуге мүмкіндік береді. Қызметінің ерекшеліктеріне байланысты инновациялық процесті мектепішілік және мектепаралық (іштей ұйымдастырылатын, аралық ұйымдастырып) топтауға болады. Аталмыш топтама жаңалықтың өмір сүруінің белгілі мектеп көлеміндегі деңгейі және аймақтағы деңгейі мен өзара байланысы мен өзара тәуелділігін анықтауға көмек көрсетеді.

ӘДЕБИЕТТЕР

1. Инновационное обучение: стратегия и практика. /Под.ред. В.Я. Ляудис. - М.: Изд-во МГУ, 1994.

2. Внутришкольное управление: теория и опыт педагогических управленческих инноваций / Под ред. Н.В. Горбуновой. М.: Новая шк., 1995.

3. Слободчиков В. Новое образование-путь к новому сообществу// Нар. образование. - 1988.- № 5. - С. 3-5.

4. Кларин М.В. Инновационные модели учебного процесса в современной зарубежной педагогике: Автореферат дисс. док. пед. наук. - М., 1984.



К содержанию номера журнала: Вестник КАСУ №1 - 2006


 © 2024 - Вестник КАСУ