Главная  | О журнале  | Авторы  | Новости  | Конкурсы  | Научные мероприятия  | Вопросы / Ответы

Педагогтің технологиялық компетенттілігінің теориялық аспектілері

К содержанию номера журнала: Вестник КАСУ №1 - 2006

Авторы: Килыбаева Г.К., Нагымжанова К.М.

Қазіргі кезде жоғары оқу орындарында мұғалімнің технологиялық компетенттілігін жетілдіру өзекті мәселеге айналуда. Оқыту стратегиясы мен технологиясын таңдаудағы кәсіби міндеттердің шешімі оқушының тұлғалық сапасының дамуынан көрініс табады. Педагог тудыратын сыртқы шараларды оқушы өзінің жеке іс-әрекетімен жүзеге асырады. Оқыту іс- әрекетін басқару - оған белгілі дәрежеде талап қою, педагогтың таным белсенділігін арттырып, шығармашылығын дамытатын және инновациялық білім беру мен инновациялық білім беру ортасын жасау.

Соңғы жылдары педагогикалық компетенттілік ұғымына деген көз-қарастардың ауқымы кеңейе түсті. Жоғары білікті маманның компетенттілігі ұғымының мән-мағынасын анықтауға бағытталған мәселелер педагогика саласындағы зерттеулерде, ғылыми-әдістемелік басылымдарда кеңінен қарастырылуда.

Жалпы компетенттілік ұғымына ғалымдар көптеген зерттеулер жүргізген.

Мысалы, В. Шепель компетенттілік ұғымына білім, біліктілік, тәжірибе, білімді пайдалануға теориялық-тәжірибелік дайындық ретінде анықтама береді. Ал В. Ландшеер компетенттілікті тереңдетілген білім деп түсінеді.

Сонымен қатар компетенттілік ұғымына, П. Симонов, М. Чошанов, В. Даль, В. Безруков, Н. Розов психологтерден А. Журавлев, Н. Талызина тағы да басқа ғалымдар өз ойларын білдіріп, талқылаған.

Кейбір зерттеушілер компетенттілік ұғымын «құзыреттілік» аталымымен нақтылайды. Компетенттілік – «істі біліп» іс-әрекет атқаруға қабілеттілікті білдіретін жалпы балама термин. Әдетте, белгілі бір әлеуметтік-кәсіби мәртебесі бар адамдарға қатысты қолданылады, оның орындайтын міндеттері мен шешетін күрделі проблемаларының нақты деңгейіне сай білім мен іскерлігінің сәйкесті мөлшерін анықтайды.

Латын тілінен аударғанда компетенттілік дегеніміз өз ісін жетік білу, танымы мол, тәжірибелі деген мағынаны білдіреді. Ал, түсіндірме сөздіктерде «компетенттілік» ұғымы компетенцияны меңгеруші ретінде қарастырылады. Компетенттілік, тұлғаның теориялық білімі мен практикалық тәжірибесіне сай белгілі бір міндеттерді орындауға дайындығы. Ал французша «компетентті», заңға сай, ағылшынша «қабілетті» деген мағынаны білдіреді.

В. Даль «компетенттілік» ұғымы тек әділет саласына тән деп санайды, оның ойынша, компетенттілік дегеніміз «заңға сәйкес», «толық құқылы» деген мағынаны білдіреді. В. Безруков компетенттілікті «кәсіби түрде сауатты талдау жасай алу, бағалай алу, белгілі бір ойын айта алу біліктігінің қалыптасуы» деп түсіндіреді. Э. Зсер мен О. Шахматова компетенттілікті кәсіби білім мен біліктің жиынтығы, сонымен қатар кәсіби іс-әрекетті орындай алу әдіс-тәсілдері деп санайды.

Компетенттілік теория мен практиканың бірлігі негізінде қалыптасады. Ол жансыз жаттанды білім түрінде емес, тұлғаның танымға деген әрекетін, ойлауға қатысын және әрекетке, белгілі мәселелерді ұсынып, шешім жасауға, оның барысы мен нәтижелерін талдауға, ұдайы түрде ұтымды түзетулер енгізіп отыруға деген іскерлігінің белсенділігінен көрінеді.

Н.С. Розов компетенттіліктің екі жағы болатынын анықтайды да, бірінші жағына танымдық және практикалық жаңалық енгізуді ассимиляциялау мүмкіндігімен, екінші жақты-жүйелерінің әр түрі, тип, профилі сатыларына қойылатын талаптарын анықтау мүмкіндігімен байланыстырады.

Н.С. Розовтың пікірінше, компетенттіліктің мынадай қырлары бар:

- мәндік аспект, неғұрлым жалпы мәдени контекстегі ахуалды жете түсінудің барлығын көрсетеді: бұл контекстік аясына осы сияқты ахуалды бағалау, оны ұғыну мен оған деген қарым-қатынас кіреді;

- проблемалық-практикалық аспект, бұл – осы бір жағдайда ахуалды айқындай білудің мақсат, міндет, нормаларды алға қою мен орындау тиімділігінің бара-барлығын сипаттайды;

- коммуникативтік аспект, бұл – осы тәріздес ахуалдағы қатысымның және адамның осындай жағдайға қатысын және өзара ықпал жасауға тиісті мәдени үлгі деңгейінің барлығын қамтамасыз етеді. Компетенттілікте жетекші рөл проблемалық-практикалық аспектіге беріледі.Сондықтан осы үш аспектінің қалыптасқандығы, жалпы мәдени компетенттілікке ие адамның сипатын береді. Өйткені, бұл қарап отырғанымыздай, адамдардың өз мүмкіндігін жүзеге асыруға жол ашады.

Қазіргі түсіндірмелерде «компетенттілік» ұғымы екі түрлі аспектіде: компетенттілікті меңгерген және белгілі бір нәрсеге білімі бар деген мағынада қарастырылады. Ол «білім, біліктілік, пікір айта алатындай дағды» сияқты ұғымдарды қамтиды. Біз жоғарыда көрсетілгендерге сүйене отырып, педагогикалылық компетенттіліктің қалыптасу мазмұны мен құрылымдадарына байланысты блоктарын құрдық.

1 блок. Бұл блок адам, оның қоғамда алатын орны туралы білімдер комплекісінен құралады.

2 блок. Жүйелілік, модельдеу негізі жөніндегі білімдер, яғни педагогикалық жүйесін модельдеу бойынша тәжірибелік жұмыс. Ол педагогикалық процестерді моделдеу, білім беру институттары, жеке кәсіби әрекет.

3 блок. Пәнді оқыту теориясы мен методикасы жөніндегі білімді толықтыру, таңдау дағдысын қалыптастыру,түсіндіру,өңдеу, сақтау және оқу ақпарат хабарларын ұйымдастыру.

4 блок. Негізгі әдістері мыналар:жаңа пәннің мазмұнын түсіну және жеке жұмыстар құрастырудан теориялық апробациядан ұжымдық әрекет жасау педагогикалық техналогиялар үш бағыт бойынша түсіндіріледі:

1. Педагогикалық коммуникация технологиясы.

2. Өзара пәнаралық байланыс технологиясы.

3. Оқыту технологиясы.

5 блок. Теориялық курстар.

6 блок. Педагогтың креативтілік қабілетін дамыту мен қалыптастыру. Негізгі әрекеттері мыналар:

- педагогикалық эксперименттік ойындар моделі, тәжірібелік эксперименттік әдіс.

7 блок. Педагогтің рефлексивті мәдениетінің қалыптасуы. Негізгі әдістері - рефлексивті әрекетті меңгерудің әдістемелік және әлеуметтік психологиялық тренингтері. Міне, осындай педагогикалық компетенттіліктің жеті негізгі блогын анықтадық.

Сонымен айтылғандарды қорытындылай келе компетенттілік ұғымына мынадай анықтама беруге болады: «Компетенттілік – оқудың және өздігінен білім алудың нәтижесінде қалыптасатын және адамның әлеуметтік бейімділігін анықтайтын, білім және нәтижеге, құндылықтар мен бейімділіктерге негізделген жалпы қабілеттіліктер».

Бүгін педагогикалық технологияны, педагогикалық тапсырмаларды шешумен байланысты, педагогтің жалғастырмалы жүйедегі іс-әрекеті ретінде немесе алдын-ала жобаланған педагогикалық процестің тәжірибе де тұрақты және жалғастырмалы шығаруы ретінде түсіндіріледі. Педагогикалық технология туралы бұндай көріністер былай анықталады:

- өте жоғары деңгейде теориялық дайындығы және бай тәжірибесі бар мамандардың әр түрлі таңдаулы педагогикалық технологияларды дайындау мүмкіндіктері;

- мақсатқа сай педагогикалық технологияларды өзіндік таңдау мүмкіндіктері, мұғалім және оқушылар іскерліктерінің өзара байланысты мүмкіндіктерімен және шарттарымен байланысты.

Педагогикалық технология – бұл педагогикалық іскерліктердің жетістігіне жеткізетін ғылыми жобалау және нақты өндіру. Сонымен педагогикалық процесс белгілі жүйе принциптерінде құрылатын болғандықтан, педагогикалық технология сыртқы және ішкі, осы принциптерді жалғастырмалы орындаудың бұл принциптер олардың объективті қарым-қатынасында және педагогтің тұлғасын толық көрсететін жинағы ретінде қарастырылуы мүмкін.

Мұғалімнің инновациялық іс-әрекеті өз қызметіне жаңа технологияларды енгізуі. Білім беру жүйесінде қазір технологиялардың сан алуан түрлері бар.

Материалды түсіндіру әдісін таңдау әдістерінің тиімділігі өз кезеңінде, оқыту мақсатына жету мүмкіндіктеріне байланысты болады.

Оқытудың басты мақсаты, материалдарды түсіндіруде білім мазмұнының объектісі мен әрекеттерін және студенттердің логикалық шығармашылық іскерліктерін дамыту. Бірінші мақсатта - білім мазмұнын түсіндіру - дайын білімді хабарлаудағы тиімді әдістемелерге ақпараттық және проблемалық мазмұндау жатады. Басқа да жағдайларда, егер білім мазмұны нақты әрі толық болса, басқа әдістемелерге қарағанда түсіндіру әдісі жиі қолданылады. Сонымен қатар, белгілі мөлшерде логикалық іскерліктерді дамытуға жағдай жасалады, өйткені мазмұнды айқындауда репродуктивті қажеттілік қарастырылған. Бірақ, логикалық іскерліктерді белсенді дамытуда және қандай да шығармашылық тәсілді дамытуда дайын білімді хабарлауға жағдай жасалмайды.

Екінші мақсатқа жетуде баяндау әдістемесінің мүмкіншіліктері жоқтың қасы.

Инновациялық бағдар оқытушының кәсіби педагогикалық мәдениетін қалыптастыру іс-әрекетке ойлап табу, меңгеру, педагогикалық жаңалықтарды оқыту практикасында қолдану, инновациялық аймақ тудыру.

Инновациялық бағдардың педагогикалық іс-әрекетте қажеттілігі төмендегідей:

1) әлеуметтік –экономикалық өзгерістер, білім беру жүйесінің әдіснамасын оқыту процесін ұйымдастыру технологияларын түбегейлі өзгерту қажеттілігін тудыруда. Инновациялық бағдарлылық білім беру жүйесінің жаңарту құралы болып табылады;

2) білім беруді ізгілендіруді нығайту, білім жүйесіндегі түрлі өзгерістер үнемі жаңаны ұйымдастыру формаларын, оқыту технологияларын қажет етеді;

3) педагогтардың педагогикалық жаңалықтарды меңгеру және қолдану факторының өзіне қарым-қатынастарының өзгеруі Оқу-тәрбие процесінің мазмұнының қатаң регламентіне тек педагогикалық әрекетте дәстүрлі әдіс – тәсілдерді пайдалануға ғана мүмкіндік береді. Егер, бұрын инновациялық іс-әрекет жоғарыдан ұсынылған жаңалықтарды қолдану болса, қазір таңдау зерттеушілік мүмкіндіге ие.

Оқыту процесінде бұл блоктарды меңгеру арқылы кәсіби іс-әрекетінде пайдаланылады. Аталмыш іс-әрекет блоктары жан-жақты. Олар педагогтың оқытушылық іс-әрекетінің пәндік мазмұнын игереді.

Педагог іс-әрекетінің құрылымын іс-әрекеттің психикалық кезеңдеріне байланысты талдауға болады: болжау, шешім қабылдау, орындау, бағалау және бақылау. Оқыту процесінде педагогқа басты назарды іс-әрекеттің рефлексивті кезеңінде жоспарланған және шығарылған әрекеттерді талдау, коррекция мен өзіндік бақылау, өз әрекетін нәтижеге байланысты бағалау керек. Осы процесс оқу – педагогикалық жүйені қадағалауға мүмкіндік тудырады.

Педагог іс-әрекеті кәсіби міндеттерді шешуге бағдарланады. Шешім мақсатты айқындаудан, іс-әрекет мотивіне түрткі болудан басталады. Мақсаттылық - іс-әрекеттің алғашқы кезеңі, екінші кезең іс-әрекет бағдарламасын жоспарлау, жобалау. Іс-әрекет бағдарламасын құру үшін, қандай әрекеттер және қандай оқыту процесінің афференттік синтезінен өткізу қажет. Нәтижесінде әрекет бағдарламасы – педагог іс-әрекетінің моделі пайда болады. Іс-әрекетін бағдарлау педагогтың интеллектуалдық қабілетіне байланысты, қандай білім мен іскерліктерді игерген, педагогтың кәсіби міндеттерін эвристикалық жолмен шеше алуы, оқыту технологияларын қаншалықты меңгергендігіне байланысты айқындалады. Іс-әрекеттің бұл кезеңі педагог компетенттілігінен шешіледі.

Кәсіби іс-әрекет құрылымы өзгеріссіз қалып, мазмұндық жаңаруға түседі. Оқытылатын пән ерекшелігі оқу ақпараты құрамына, әрекетіне ал таным ғылыми зерттеу әдістеріне әсер етеді.

Оқыту технологиялары өзара бір-бірімен тығыз байланыста болуы, жүйелі мақсатқа жетуді көздеуі керек. Әр технологияның өзінің ерекшелігі бар. Егер проблемалық технологиялардың міндеттері мен диалогтық формалары, эвристикалық тәсілдер, ал ақпараттық технологияларда танымдық логикалық тәсілдер басты орын алады. Ал түсіндірмелі көрнекілік технологиялар оқыту технологиясы болып табылады. Оның негізгі сипаты оқушыларға ғылыми факторлар мен заңдылықтарды үйрету.

Бұл технология тек ақпарат беру ғана емес, құбылысты түсіндіру, дәлелдеу және логикалық қорытынды жасауға негізделеді. Оқушылар білім алуда өзінің тұлғалық мәнділігін бейімделуден өтудің терең ғылыми мазмұнын меңгереді.

Педагог жұмысы тұтас психологияны жүзеге асырумен ғана емес, оқытудың технологиялық әдістері мен тәсілдерін меңгеруден де тұрады. Мысалы, лекция, әңгіме, түсіндірудің ортақ белгілері - ақпаратты жеткізудің монологиялық құрылысын ақпараттық хабарлау болғанымен, оқу материалын ақпарат құрылымында, логикалық мазмұндаудың да, проблема қою мен оны шеше білуді де, ақпараттың логикалық блоктарын монтаждауда эвристикалық процедуралар жасау.

Студенттердің кәсіби тұлғалық компетенттілігін дамытудың негізгі міндеті кәсіби ойлау мәдениетін қалыптастыру. Біздің түсінігімізде маманның кәсіби компененттілігі деген - ол ойлаудың тұрақтылығы, кәсіби мәселелерді шеше білуге болжам жасау, ойлау шығармашылығы, жүйелі ойлау, нақты ойлау, логикалық ойлау, ғылыми негіздерге сүйене білу, оқыту мен тәрбиелеу әдістерін тиімді пайдалана білу, ойлау операцияларын қолдану, өзгелердің пікірімен санасып, өзгелермен қарым-қатынас жасай білу.

ӘДЕБИЕТТЕР

1. Бастауыш мектеп. Маманның кәсіби құзыреттілігінің теориялық негізі. Б. Кенжебеков, № 7. - 2004.

2. Бастауыш мектеп. Білім берудегі компетенттік тәсіл. Шәкілікова С., Қазақбаева Д., Кәрібаева Ш., Жұмағұлова Қ . № 3-2004.

3. Білім берудегі менеджмент. Профессиональная компетентность учителя как условие развития системы образования. № 1 - 2001.

4. Білім. Образование. Білім беру бағыттарын дамыту және компетенция. № 3 - 2004.

5. А. Маслоу. Новые рубежи человеческой природы.- М., 1999.

6. Коджапсирова Г.М.., Коджапсиров А.Ю. Педагогический словарь.- М.: Изд. Центр «Академия» 2001.

7. С.И. Гессен Основа педагогики/ отв.ред. П.В. Алексеев. - М.: Школа- Пресс, 1995.

8. Е.И. Машбиц. Психологические основы управления учебной деятельностью / Е.И. Машбиц.- Киев: Высшая школа, 1987.



К содержанию номера журнала: Вестник КАСУ №1 - 2006


 © 2024 - Вестник КАСУ