Главная  | О журнале  | Авторы  | Новости  | Конкурсы  | Научные мероприятия  | Вопросы / Ответы

Әлеуметтік-психологиялық бейімделудіміріні теориялық тұрғыда қарастырылуы

К содержанию номера журнала: Вестник КАСУ №4 - 2005

Автор: Байтемирова К.Б.

Әрбір тірі жан туғаннан бастап өмірінің соңына дейін қоршаған ортасына жақсы икемделуге тырысады. Бұл қасиет барлық тірі ағзаға тән, яғни дем алу, қозғалу, көбею секілді қасиеттері бар ағзаға.

Көне грек философы Эпидокл өсімдіктер мен жануарлар эвалюциясы жайлы гипотезасын қозғағанда ең алғаш өмір сүру және икемделу түсінігін көрсеткен.

Қазіргі заманда әсіресе қарқынды өзгеруіне байланысты кез-келген жағдайда өзін жақсы сезіну, жағдайларға икемделе, бейімделе алу өте маңызды. Ғалымдар осы күрделі процестің түрлі шегін зерттеуге, бағалауға болатындығын көрсетуде.

Қазіргі ғылым медицина, биология тоғысында адамның қоршаған орта жағдайына икемделуіне, бейімделуіне жағдай жасайтын жаңа әдістерді қарастыруда [1].

Латын тілінен аударғанда «бейімделу» - икемделу, үйлесу деген мағынаны береді. Нақты уақытқа дейін «бейімделу» түсінігінің анықтамасы жоқ. Ағылшын ғалымы Проссердің айтуынша, оның көп мәнділігі сонша, қанша зерттеушілер бар, соншама түрлі жауап қайтарылады және соның барлығыда дұрыс болып табылады.

Адамның бейімделуінің төрт түрін көрсетуге болады: психологиялық, физиологиялық, биологиялық, әлеуметтік.

Дәрігер – жүрек, бауыр, бүйрек т.б ішкі ағзалар жұмысы арқылы физиологиялық бейімделуді бақылайды. Психолог – адамдар мен қарым-қатынас орната алуын, яғни психикалық бейімделуді зерттейді. Әлеуметтануші - қоғамдағы  адамның алатын орны, яғни бейімделудің әлеуметтік аспектісін қарастырады [2].

Бейімделу процесі аса динамикалы болып табылады. Оның жетістігі көбінде обьективті, субьективті оқиғаға, функционалды жағдайға, әлеуметтік тәжірибеге, өмірлік бағдарға және т.б. байланысты. Әрбір адамға сол әсер еткен стимул әр түрлі адамдарда түрлі жауап реакциясын  тудыруы мүмкін.

Тұлғаның әлеуметтік – психологиялық бейімделу мәселесі психология ғылымындағы және психология ғылымының басқада аймағындағы күрделі мәселелердің бірі болып табылады [3].

Адамды қоғамға, әләуметтік топқа және ұжымға енгізудегі, адам мен әлеуметтік тәжірибені меңгеру механизімінде, қарым – қатынас және мәдени тәжірибелерде бейімделу және әлеуметтену процесі маңызды механизм болып табылады.

Адамның бейімделу ерекшелігі «әлеуметтік әлемге бірте – бірте енуі мен» мінез – құлық, жүріс – тұрыстың әлеуметтік ережелерін менгеру процесі мен адамның әлеуметтенуі мен байланысты болады. Негізінде әлеуметтік бейімделу әлеуметтенудің маңызды механизімі болып табылады.

Әлеуметтену және тұлғаның бейімделуі жақын түсініктер, қоғам мен тұлғаның өзара әрекеттесуінің бірыңғай процесін сипаттайды, сондай-ақ әлеуметтену түсінігі бейімделу түсінігінен аумақты болып табылады.

Әлеуметтену – тек тұлға болуы мен жалпы дамуы мен ғана жиі байланысады, ал бейімделу – қалыптасып қойған тұлғаның икемделу процесі мен байланысады. «Бейімделу және әлеуметтену» түсінігінде мазмұнына байланысты мәнді айырмашылықтар бар. Бейімделу адамның жаңа заттық іс - әрекет жағдайына икемделуі, дағдылануы, әлеуметтенуі тұлғаның қалыптасу процесінен көрінеді [4].

Тұлғаның әлеуметтік бейімделу процесінің субьективті бағыттылығы А.М. Растова мен көрсетіледі: «Егер әлеуметтену процесінде индивид ең алдымен қоғамның әсер ету обьектісі, ал тұлғаның әлеуметтік бейімделу барысында қарым – қатынас және іс - әр екеттің субьектісі болып табылады».

Бобнева М.И.  әлеуметтену мен әлеуметтік – психологиялық бейімделу процесі тығыз өзара байланысқан деп көрсетеді. Психологиялық механизімдер, бейімделу процесінде тұлғаның әлеуметтік орта мен өзара әрекет етуін жеке алғанда, жанама түрде тұлғаның мотивациялық құрылымы, психикалық құрылымы, кейбір даралық ерекшеліктер индивидтің әлеуметтеу процесінде әлеуметтік жағдайдың әсері мен құрылады. Тұлғаның әлеуметтенуі, тұлғаның  қоғамда, нақты бір ұжымда бейімделуі үшін қажетті жағдай болып табылады.

Столяренко Л.Д. тұлғаның әлеуметтеу сатысын қарастырғанда, бірінші сатыны – біріншілік әлеуметтену немесе бейімделу сатысы деп көрсетеді. Адамның әлеуметтік бейімделуі жеке позицияны, әлеуметтік статусын түсінуін, сондай–ақ оны мен байланысты ролдік мінез–құлық түрі ретінде жалпы топтық міндеттерді шешу процесінде тұлғаның дара ерекшкліктерін жүзеге асыруды қарастырады [5].

Тұлғаның бейімделуі немесе бейімделе алмауының сипаты мен денгейі көбінесе адамның биологиялық, физиологиялық, психикалық қасиеттеріне және оның әлеуметтік дамуына байланысты

Тұлғаның әлеуметтік бейімделуі ережелерді қайта орнатуға, әлеуметтік пайдалы қарым–қатынас, мінез–құлық, іс-әрекеттің өзгеруіне бағытталған. Психологиялық бейімделу - әлеуметтік қажетті құндылық бағдар және мінез–құлықты меңгеру, әлеуметтік ортаның күтілімдері мен тұлғаның бағыттылығын, бағдарын жақындаттыру. Бейімделудің әлеуметтік және психологиялық жақтары бір – бірі мен үздіксіз байланыста [6].

Әлеуметтік бейімделу процесінің негізі - әлеуметтік ортаның оған ұсынатын талаптарына тұлғаның мінез–қылық , жүріс–тұрысы және іс-әрекетінің сәйкестенуі, яғни әлеуметтік күтілімдер жүйесіне мінез – құлықтың сай болуы.

Әлеуметтік–психологиялық бейімделу түсінігіне қысқаша қарастыратын болсақ, жеке адам мен топтың өз ара қатынасының жағдайын жеке адам созылмалы емес ішкі және сыртқы қақтығыстарсыз басты әрекетке сәтті қосылуы, негізгі социогенді қажеттіліктерді қанағаттандыруы, оның топ ұсынатын ролдік күтілімдеріне қарсы шығуы, өзінің ісін көрсету және шығармашылық қабілеттерін еркін көрсету жағдайы - әлеуметтік–психологиялық бейімделу деп аталады [7].

Медицина ғалымының дәрігері А.П. Авыцын – «өмір сүру яғни – бейімделу», - деп санайды.

Сонымен «бейімделу» - түсінігіне тоқталатын болсақ, жоғарыда айтып өткендей «бейімделу» түсінігінің нақты, бір мәнді анықтамасы жоқ. Әр саладағы ғалымдар, зерттеушілер өзінің зертеу бағытына байланысты анықтаманы ұсынады. Соларды қарастыратын болсақ В.Н. Дружинин –  «бейімделуді» - ағзаның орта мен нәтижелі әрекет ету процесі деп қарастырады. Ал Е.А. Ямбург «бейімделуді» - ағзаның құрылысы және функциясы, оның мүшелері және ұлпаларының орта жағдайына икемделуі дейді. Л.Д. Столяренко «бейімделу - адамның қоршаған ортаның түрлі талаптарына ішкі қолайсыздықты сезінбей және орта мен қақтығыссыз икемделе алу қабілеті» - деп қарастырады [8].

Сондай–ақ Ц.П. Караленко, Т.В. Кучер, М.И. Бабнева, Е.В. Шорохова, В.И. Курбатова және т.б. «бейімделу» түсінігіне өз анықтамаларын ұсынған.

Соны мен «бейімделу» дегеніміз – бұл тірі ағзаның қозғалмалы жүйесінің арқасында, жағдайдың өзгеруіне қарамастан өзінің өмір сүруіне, дамуына, ұрпағын жалғастыруға қажетті тұрақтылықты ұстайтын қозғалмалы процесс.

Көп жағдайда адам тағдыры оның кез келген жағдайда өмірінің туа біткен және қалыптасқан қабілеті, бейімделгіштігі мен анықталады. Жоғары, орташа, төмен бейімді адамдар болады. Бейімділіктің туа біткен негіздері – ол инстинктер, темперамент, дене құрылымы, эмоциялар, туа біткен интелектік талабы, ағзаның физикалық жағдайы және сыртқы көрсеткіштері болып табылады.

Әлеуметтік топтарда психикалық бейімделуді нәтижелі ететін маңызды фактор болып, әлеуметтік тұтастылық, тұлға аралық қарым – қатынасты орната алу қабілеті болып табылады [3].

Адамның психикалық бейімделуі күрделі икемделу процесі болып табылады. Жағымсыз жағдайлардың әсерінде осы бейімделудің түрі ең бірінші өзгеріске ұшырайды және басқа бейімделу денгейлерінің бұзылысына әкеледі. Психикалық жағдай және оны мен байланысты психикалық бейімделу жағымсыз әсерлердің бас миына бағытталуына байланысты бұзылуы мүмкін және ортаның психогенді әсерлерімен дә байланысты.

Бейімделусіз түрлі климаттық жағдайға, үнемі өзгермелі ауа – райына ағзаның қалыпты өмірлік әрекеттерін ұстап тұру мүмкін емес еді. Бейімделу – барлық тірі және адам ағзасы үшін үлкен өмірлік маңызы бар. Осы тұрғыда А.В. Петровский әлеуметтену процесінде тұлға дамуының үш кезеңін бөліп көрсетеді: бейімделу, даралану, интеграция.

Бейімделу денгейі – негізінен балалық кезеңге сәикес келеді, адам қоғамдық қарым–қатынас обьектісі ретінде қарастырылады. Бұл денгейде адам тұлға болуға бағытталады және ереже, талаптарды, белгілер жүйесін менгеру болады. Егер бала бейімделу денгейінен өтпесе және әлеуметтік өмірдің негізін менгермесе, ол одан ары икемделе, бейімделе алуы күрделене түседі [5].

Даралану денгейі – даралық, жекелік қажеттілігі арқылы туындайтын кейбір жекелену болады. Бұл жерде тұлға қоғамдық қарым–қатынастың субьектісі. Бұл кезең бір адамнан екіншісінің ерекшеленуіне мүмкіндік туғызады.

Интеграция денгейі – ол қоғам мен адам арасындағы белгілі байланысқа жетуді шамалайды. Бұл кезеңде адам тіршілік әрекетінің үйлесімді түрін табады, қоғамда өздігінен жүзеге асырылу процесіне мүмкіндік туғызады. Тіршілік әрекетінің үйлесімді тәсілдері бар, ол нақты адамның бейімделуіне біршама денгейде мүмкіндік береді.

А.Н. Жмыриков (1989) бейімделудің белгісі ретінде тек екі денгейді көрсетеді: толық бейімделу және бейімделудің бұзылысы [6].

Енді бейімделу бұзылысына тоқтала кетпекпіз. Ал бейімделуге бұл жерде қарастырмауымыздың себебі, алдынғы және осы бөлімдерде қарастырылып кеткен.

Сонымен бейімделу бұзылысы дегеніміз – қоршаған орта мен өзара әрекет етуінің бұзылуы, мәселелі жағдайдың күрделенуі және тұлға аралық, тұлға ішілік қақтығыстардың болуы мен көрінетін процесс.

Тұлғаға әсер етуінің ұзақтығына байланысты уақытша, тұрақты жағдайлық және жалпы тұрақты тұлғаның бейімделуінің бұзылысын көрсетеді. Уақытша бейімделудің бұзылысы – жаңа жағдайға ену мен байланысты міндетті түрде бейімделуі керек (мектепке келу, жұмысқа тұру, баланың дүниеге келуі т.б.) жағдай. Тұрақты жағдайлы бейімделудің бұзылысы – мәселені шешу барысында арнайы жағдайға бейімделуде қолайлы әдіс–тәсілдерін таба алмауы мен байланысты (кәсіби іс-әрекет жағдайында, жан–ұя қарым–қатынасы аймағында). Жалпы тұрақты бейімделудің бұзылысы қорғаныс механизімін белсендендіруде тұлғаның тұрақты икемделе алмау жағдайы.

Бейімделу бұзылысының пайда болу себептері болып:

1) Созылмалы ауру мен кәсіби мәселелер мен ажырасу мен т.б шақырылған психо - әлеуметтік стресті басынан өткізуі.

2) Басынан өткізген экстремалды жағдайлар – жарақатты дағдайлар, яғни адамның қайғылы оқиғаларға  тікелей өзінің қатысуы болған жағдай.

3) Жаңа әлеуметтік жағдайға сәтсіз, қолайлы емес енуі немесе топтағы өзара әрекет етуінің бұзылысы.

Қорыта келгенде өмір бойы барлық тірі ағза, соның ішінде адам үздіксіз – климатқа, қоректенуге, қоршаған адамдарға тіпті кәсіби зияндылықтарға және стресске икемделеді дедік. Яғни барлығы қоршаған ортамен үйлесімді болуға тырысады. Ортаның талабына біртіндеп бейімделеді. Сонымен отандық ғалымдардың Дружинин В.Н., Маклаков А.Г., Столяренко Л.Д., Ямбург Е.А., Бобнева М.И., Кучер Т.В., Караленко Ц.П. т.б. ғалымдар бейімделу түсінігіне берген анықтамаларын қорыта келсек былайша анықтама беруге болады. Сонымен бейімделу дегеніміз – тірі ағзаның қозғалмалы жүйесінің арқасында, жағдайдың өзгеруіне қарамастан өзінің өмір сүруіне, дамуына, ұрпағын жалғастыруға қажетті тұрақтылықты ұстайтын қозғалмалы процесс. Сондай-ақ осы бейімделу жоғарыда қарастырылып кеткендей психологиялық, биологиялық, физиологиялық, әлеуметтік денгейлерде жүзеге асады [9].

Бейімделу процесі барлық тірі ағзаға тән деп айтып кеттік, бірақ адамның беиімделу ерекшелігі ол тек ортаға икемделуіне байланысты емес, сондай-ақ ең алдымен ол өзін қажеттілігіне сәйкес икемдей алуына байланысты болып табылады.

Кез келген тірі ағзаға белгілі ортада өмір сүреді, ол сыртқы ортадан міндетті түрде өмірге қажетті компоненттерді үнемі алуға мәжбүрлі. Тірі ағзаны сыртқы ортадан шектеу, оның өлуіне әкеледі. Сондықтан тірі ағза ішкі теңдікке жетуге талпынуда, ол бір уақытта тұрған орта жағдайына бейімделуі керек. Осы құбылыс «бейімделу» түсінігінің сипатын анықтайды. К. Бернар жұмысынан бастап бейімделуді теңсіз жүйелер аралығындағы қатынас ретінде қозғалмалы құрылудың жиынтығы деп қарастырылады [7].

Гештальт психологиясының теориясы бойынша – барлық ағзаны функциялау, өзін реттеу принципіне бағынады деп тұжырымдайды. Адамдар табиғи жағдайда пайда болып, қажеттіліктерді саналы түсіну ретінде және оларды пайда болу шегіне, қанағаттануына байланысты өмірде қозғалмалы теңдікті (немесе гомеостазды) ұстап тұрады деп қарастырады.

Гештальт бағытының психологы және щвейцар психологы Ж. Пиаженің интелектуалды даму теориясында, бейімделуді баланың интелектуалды дамуындағы маңызды процесс ретінде қарастырады. Жаңа мәселелі жағдайда икемделу барысында аккомадация және ассимиляция процесі бірігеді, ал олардың қосылуы бейімделуді білдіреді. Ж. Пиаже аккомадацияны – жаңа пқпаратты меңгеру мақсатында ақыл-ой белсенділік механизімін қайта құру ретінде қарастырады, ал ассимиляция – сыртқы жағдайды иемдену және оны ойша қайта құру деп түсіндіріледі [4].

Адам ағзасы және жануарлар ағзасы қоршаған ортаға туа біткен  және жүре пайда болған акт жиынтықтар негізінен икемделеді. Бұл икемделулер дәлме-дәл немесе дәлме –дәл емес болуы мүмкін, олардың көмегімен  ағза өзінің өмір сүруін жеңіл – желпі ұстап тұрады.

Медицина дененің кез келген ағзасы қандай да бір функцияны орындауға икемді деп санаса, бихевиорист ғалымдар – біздің ойымыз және мінез – құлқымыздың образы бейімделу ролін алады деген болжам ұсынады.

Психоанализ бейімделу мәселесінің үш түрі мен түйіседі: эго-психология мәселесі ретінде, терапиялық мақсат және педагогикалық мәселе ретінде.

Эго аймағындағы қақтығыстан тәуелсіз зерттеуде, нақтылықты меңгеру міндеттері мен өте немесе аз тығыз байланысты функцияларды, яғни бейімделуді аңғара аламыз. Бейімделу концепциясы қарапайым болғаны мен, ол едәуір көптеген мәселелерді талқылайды.

Негізінен адамды жақсы бейімделген деп егер оның іс-әрекетінің өнімділігі, өмірмен рахаттана алу қабілеті және оның психикалық теңдігі бұзылыссыз болғанда айта аламыз. Бейімделу ең алдымен ағза мен қоршаған ортаның өз ара байланысы болып табылады. Бейімделу процесінің толық дамуы өмір сүру үшін қолайлы қоршаған орта және генотип арасындағы өзара байланыстан туады деп айта аламыз.

Психоанализ ерте қалыптасқан адамның бейімделу құралының және осы бейімделу процесінің арасындағы өзара қарым–қатынасты зерттеу және индивид пен қоршаған орта арасындағы бейімделу жағдайы индивидке себепкер болу, қоршаған орта мен белсенді тікелей әсер ету процесін талқылауға мүмкіндік береді.

Бейімделу өзгеріспен болуы мүмкін, яғни индивид ойы оның психо физиологиялық жүйесінде тепе-теңдік өзгерістер болады. Бұл жерде Фрейдтің аллопластикалық және аутолпластикалық өзгеріс жайлы концепциясы орынды болып табылады.

Жануарлар белсенді және мақсатқа бағытталған түрде өзінің қоршаған ортасын өзгертеді (ұя, ін салуда). Бірақта аллопластикалық бейімделу кең түрде тек адамға ғана тән. Бұл жерде екі процесс мәнді болып табылады: адам іс-әрекеті қоршаған ортада адамды функциялауға бейімдейді; ал одан кейін (екіншілік) ол құруға көмектескен қоршаған ортаға адам бейімделеді. Ал үшіншіі бір түрі ол аллопластикалық және аутопластикалық түр пішінге байланыссыз және онымен толығымен бірегейлі емес, ол ағзаның функциялануы үшін қолайлы болып табылады. Парр өзінің «адаптациогенез» теориясында осы түр пішінге «шешуші ролді» екіргізеді [3].

Адам ағзасындағы бейімделудің сыртқы құрылымы қандай? Деген сұрақта, әлеуметтік концепциядан биологиялық концепцияны бөлектей алмаймыз. Баланың алғашқы әлеуметтік қарым – қатынасы оның биологиылық тепе – теңдігін сақтау үшінде маңызды, сондықтан адамның бейімделу міндеті адамға туғаннан бастап тән. Сонымен қатар адам қоршаған ортаға адамдармен және өзі мен құралған бөлікпен бейімделеді. Адам қоғамға тек бейімделіп қана қоймайды, ол өзі бейімделетін жағдайды құруға белсенді қатысады. Жаңа әлеуметтік жағдай бейімделушінің жеке басына көптеген талаптар қояды – яғни ортаға сәтті, жекелеген түрде сәтті, сәтсіз енуіне байланысты.

Ф.Е. Эмери және Акофаның «мақсатты әрекеттер жүйесі» мақаласында индивидті қоршаған ортасына байланысты екі қатынаста қарастырады, яғни ортаға бейімделу денгейіне байланысты сол және басқа денгейді тудыруы.

Жағымсыз әсерлерге ағзаның бейімделу реакциясының қарқындылығы бірқатар жалпы арнайы емес сипатқа ие және ол бейімделу синдромы деп аталады. «Бейімделу синдромы» - стрессордың – яғни жағымсыз әсерлердің созылуы мен күшіне жауап беретін және жалпы қорғаныс сипатына ие жануарлар мен адамдар ағзасының бейімделу реакциясының жиынтығы. Стрессор әсерінен дамитын функционалды жағдай – стресс деп аталады. 1936 жылы Канадалық физиолог Г. Селье «бейімделу синдромының» негізгі симптомдары болып бүйрек үсті қыртысының өсуі, айырша бездің кішіреюі, зат алмасудың бұзылысы жатады. Адамның бейімделу мәселесін қарастырғанда психикалық денгейін ескермеи кете алмаймыз. Адамның психикалық бейімделуі күрделі икемделу процесі болып табылады. Осы бейімделу түрі жағымсыз жағдайлар нәтижесінде ең бірінші өзгеріске ұшырап, басқада бейімделу денгейлерінің бұзылысына әкеледі.

ӘДЕБИЕТТЕР

1. Туршинский З. Многоликая адаптация / З. Туршинский // Биология в школе. – 1996. – № 5. – С. 77-80.

2.  Шайхова М. Жастардың әлеуметтік–психологиялық бейімделу мәселелері / М.Шайхова // Ұлағат. – 2004. – № 1. – 49-51 б.

3. Соляренко Л.Д. Основы психологии / Л.Д. Столяренко. - 2-е изд. - Ростов н/Д: Феникс, 1997.

4.  Чичулин А.А. Социальная психология / А.А. Чичулин. – Новосибирск: Наука, 1992.

5.  Маклаков А.Г. Общая психология / А.Г. Маклаков. -  СПб.: Питер, 2002.

6.  Агаджанян Н.А. Адаптация и резервы организма / Н.А.Агаджанян. – М.: Физкультура и спорт, 1983.

7.   Ямбург Е.А. Школа для всех / Е.А. Ямбург. - М.: Новая школа, 1997.

8. Караленко Ц.П. Вселенная внутри себя / Ц.П. Караленко; Отв. ред. А.Н.Кочергин. – Новосибирск: Наука, 1979.

9. Кучер Т.В. Медицинская география / Т.В. Кучер, И.Ф. Колпашикова. - М.: Просвещение, 1996.

10. Жайтапова А. Әлеуметтік–педагогикалық бейімделу / А. Жайтапова // Ұлағат. – 2001. - № 1. – 12-16 б.



К содержанию номера журнала: Вестник КАСУ №4 - 2005


 © 2024 - Вестник КАСУ