Update site in the process

   Главная  | О журнале  | Авторы  | Новости  | Вопросы / Ответы


К содержанию номера журнала: Вестник КАСУ №1 - 2012

Автор: Данияров Талгат Абубакирулы

Дәстүрлі және инновациялық педагогикалық технологиялардың ара-жігі болғанымен, бұл оларды тұтас бір-бірінен ажыратып алу деген сөз емес. Олардың әрқайсысына тән ерекшеліктерімен қатар бірін-бірі өзара байланыстырып тұратын ортақ сипаттары да болады.

Тұлға, өмірдің тарихи коғамдық жағдайларының өнімі болып, әрекетте қалыптасады, көрінеді. Әрекет қоршаған ақиқаттың белсенді әрекеттестігі ретінде анықталады, оның барысында тірі жан объектке мақсатты бағытталатын және өзінің қажеттіліктерін қанағаттандыратын субъект [1]. Әрекет адамның белсенділігін, оның әлеуметтік белгіленуін көрсетудің негізгі формасы болғандықтан, осы проблеманы зерттеумен философтар, психологтар және педагогтар айналысқан. Сонымен қатар, ғалымдармен әрекеттің жалпы феноменінің маңызды ерекшеліктері көрсетілді: мақсатты болжау; қайта құрушы сипат; өнімділік; ұғынылған сипат.

Адамның әрекет субъектісі ретінде болу қабілеті оның әрекет процесіне негізгі қатысушыларын ажырату қабілетімен және алдымен өзін әрекетті және оған талаптарды, мақсаттарға жетуді, қойылған мақсатты шешуді қанағаттандыруға бағытталған әрекетті еркін таңдайтын қайраткер ретінде көрінуімен анықталады [2]. Әрекетке қатысушылардың бұлай бөлуді аңдар білмейді, себебі оның мінез-құлқы сезіммен реттеледі. Керісінше, бұндай реттеушіден тыс қалған адам өзінің мінез-құлқын қоршаған ортағаға және әрекет бойынша әріптес адамға қатысты өзі анықтау керек. Осылайша, әлеуметтік тәжірибеде субъективті - объектілі және объекті аралық қатынастар пайда болды, олар адам әрекетінің саласын қамтиды. Барлық бастамалардағы адамның әрекетке қабілеті оған ғана тән ерекшеліктермен анықталады, ол К. Маркстің адамның «маңызды» күштері деп аталады.

Тұлға болудың маңызды шарты және шешуші механизмі болып онымен әрекеттің әлеуметтік, тарихи формаларын игеру табылады. Осының барысында адам болашақ ұрпақ әрекеті көрсетілген қатынастарды, әлеуметтік білімдерді игереді [3]. Сонымен қатар ол қоршаған ортаны қайта құрады және өзі сол уақытта өзгереді, себебі бұл процеске оның жекелігінің барлық компоненттері қатысады: сезу, ойлану, талап, қызығушылық және т.б. органдары. Психологтар (А.Н. Леонтьев, С.Л. Рубинштейн, А.А. Смирнов, Б.М. Теплов және т.б.) осы сұрақты зерттеген кезде кез келген әрекет процесінде тұлға нақты себептер және мақсаттармен басшылық ететінін көрсеткен. Себеп ретінде еркін күштерді және мақсатқа жетуге итеретін білімдер, сезімдер, қажеттіліктер шыға алады. Мақсат - бұл адам әрекеті бағытталған объект. Кез-келген әрекеттің сонымен қатар заттық мазмұны, әрекеті және нәтижесі бар. Барлық компоненттер өзара байланысты және өзара келісілген. Кез-келген әрекетте субъект оның мақсаттарын анықтап, оларды іске асырады және нәтиже алады. Жүргізілген зерттеулер [4, 5, 6 7] әртүрлі психикалық процестердің жүруі және дамуы әрекеттің мазмұны мен құрылымына, оның себептеріне, мақсаттарына және іске асыру әдістеріне байланысты. Тарихи даму кезінде адам әрекетінің мазмұны және техникалық құралдары өзгереді, бұл оның санасының қалыптасуын анықтайды. Балалық шақ кезінде әрекет баланың психофизиологиялық мүмкіндіктеріне, оның өмірлік тәжірибесінің кеңеюіне, қоршаған адамдардың күрделі талаптарын орындау қажеттілігіне байланысты өзгереді. Жастық дамудың әр сатысында нақты әрекет жаңа психикалық процестердің және жеке тұлға қабілеттерінің қалыптасуында маңызды орын алады.

Әрекетті талдаудың екі жолы бар: психологиялық және әдістемелік. Әрекет жеке тұлға әрекетіне енгізіледі оның негізгі атрибуты ретінде түсіндіріледі (субъект әрекетті іске асырады), ал білім психология көзқарасымен бірі бірінің әрекетін ауыстыратын жүйе ретінде анықталады. Адамдар әрекеті әртүрлі. Алайда бұл айырмашылық негізгі үш топқа жиналады: еңбек, оқу, ойын.

Еңбек әрекеті - материалды және рухани байлықтарды құруға бағытталған әрекет. Білім еңбек әрекетіне дайындық сатысын көрсетеді және білімдерді игеруге бағытымен, нақты білімдер мен дағдыларды шығарумен сипатталады. Ойын балалар әрекетінің негізгі түрі. Ойын кезінде бала ақиқат құбылыстарын және заттарды таниды, ойлануы, есі, көңілі, қабілеттері дамиды, тұлғаның еркіндік ерекшеліктері және мінезі қалыптасады.

В.В. Белич [8] әрекеттің жіктелуін ұғыну белсенділігі ретінде қарастырады, әрекетке сипаттама береді. Автордың пікірінше әрекеттің негізгі түрі болып, оқушылар тұлғасының гармоникалық дамуының қажетті шарты ретінде еңбек табылады. Еңбек білім, ойдың қатысуынсыз мүмкін емес. Тану объективті нақтылықтың көрінісін қамтамасыз етеді. Ойын адамның эмоционалды, сезім саласына тікелей байланысты.

М.В. Гамзо, И.А. Домашенко [9] әрекетті психологиялық ғылым негізінде қарастырады. Әрекеттің барлық түрлерінің жалпы құрылымдық компоненттері - мақсаттар, себептер, әрекеттер. Зерттеушілер зерделі әрекеттерді қарастырады және зерделі әрекеттерге моторлы қозғалу компоненттері қосылуының тәжірибелі бекітілгенін көрсетеді. Әрекет әдістері ретіндегі дағдылар және іскерліктер әрекеттің нақты түрлеріне қосылған. Олар оқу, спорттық, гигиеналық болып бөлінуі мүмкін. Әрекеттің әр түрлі түрлерінде қолданатын дағдылар және іскерлер бар, мысалы: қозғалу дағдылары еңбек, спортпен айналысу, оқу кезінде; іскерлі дағдылар байқау, жоспарлау, ауызша және жазбаша есептеулер, кітаппен жұмыс және т.б. кезінде қалыптасады.

Г.И. Щукиннің келесі әрекет түрі болып қоғамдық пайдалы әрекет табылады. Бұл әрекет әлеуметтік ынтаның оқу әрекетін байытуға, адамдардың пайдасына тәжірибелі әрекеттің бағалығын ұғынуға оның өнегелі мәніне әсер етеді. Көркем әрекеті, ойындар, дене шынықтыру элементтері автормен оқу процесін тиімді ұйымдастырудың қажетті әрекет түрлері ретінде қарастырылады. Сондай-ақ оқу әрекетіндегі гимнастика элементтері ой тығыздығын бәсеңдетуге, иықтарды белсенді қозғалту бойынша дене шынықтыруға әсер етеді. Сабақтағы физкультминуткалар шаршауды басады, еңбекке қабілеттікті жоғарылатады. Оқытушы оқу процесіне әрекеттің әр түрлі түрлерін қосудың мағынасы келесіде тұратынын анықтайды: оқу процесіне әрекеттің әртүрлі түрлерін қосу оның нәтижелерінің тиімділігіне әсер етеді; оқушылардың белсендіреді; олардың өз еркінше жұмыс істеуіне ықпал етеді; нақты заттық аумақтағы ынталардың дамуына ықпал етеді; жалпы білімге деген қызығушылықты тереңдетеді; оқушылардың көптеген қажетті ерекшеліктерін тәрбиелеуге және дамытуға ықпал етеді: оқушы өзінің жеке қажеттіліктерінің жолын табады, өзінің мүмкіндіктерін көрсетеді, творчестволық күштерді дамытады [10].

И.С. Якиманская [11] оқу әрекетін білімді игеру кезіндегі баланың жеке тұлғасын қалыптастыру және дамытуды қамтамасыз ететін әрекеттің жетекші формаларының бірі ретінде қарастырады; оқу әрекетінің сипаттамасын береді және оның құрылымын қарастырады. Еңбек әрекетін зерттеуші онтогенездегі әрекеттің негізгі түрі ретінде көрсетеді. Нәтижесінде тұлғаның маңызды ерекшеліктері анықталады: еңбекке қабілеттілік, жұмысқа қабілеттілік, еңбек белсенділігі, ерекше көз қарас.

И.С. Якиманская қоршаған ортаны тануды, адамзатпен жинақталған білімдерді игеруді (тану әрекетін) оқу әрекетінің негізгі функциялары деп есептейді. Оның пікірінше, оқу процесіне әрекеттің әртүрлі түрлерін қосу, олардың байланысы тек білімдерді игеруге ғана емес, сонымен қатар оқушының көптеген жеке ерекшеліктерін дамытуға да ықпал ету керек. Осыған байланысты зерттеуші тұлғаның қалыптасуы терең мазмұнды, дәлелденген объективті және субъективті маңызды әрекет кезінде ғана мүмкін екенін көрсетеді. Сондықтан, әрекет тұлғаның қалыптасуының қайнар көзі болып табылады; әрекетте заттық әлемді көрсетіп, оқушының ойы осы әлемнің әртүрлі аумақтарын кең танудың негізінде қалыптасады; тұлғаның қалыптасуы үшін әрекет байлығы тек көріністе ғана емес, сонымен қатар бағалы бағытталған байланыстарда көрінеді; әрекетте, оқу процесінде көптеген тұлға аралық, субъекті қатынастар құралады, олар оқудың, қатынастың қолайлы жағдайын қамтамасыз етеді; оқу процесіндегі әрекет және қатынас оның әлеуметтік теориялық және тәжірибелік негізі.

В.А. Караковсский, Л.И. Новикова, Н.Л. Селиванова [12] еңбекті педагогикалық процессіндегі «тәрбиеленуші тұлғасы әлеуметтік маңызды байлықтарды құру арқылы өзін байытатын интеллектуалды, физикалық және рухани күштердің жиынтығы ретінде қарастырады. Сонымен қатар, еңбектің оның объективті нәтижелерімен байланысты сыртқы параметрлері және әрекеттің рухани жақтарын көрсететін ішкі еңбек параметрлері белсендіреді». Сонымен, жоғарыда көрсетілгендер арқылы бізге қажетті келесі маңызды қорытындыларды көрсете аламыз: адам әрекеті әртүрлі болғанымен, бала кезінде бұл әртүрлілік келесі негізгі түрлерге жүктеледі.

Ойын - тәрбиеленушінің өзін өзі дамытуға, өзінде әртүрлі ерекшеліктерді дамытуға, сезім және ой процестерін ашуға мүмкіндік беретін әлеуметтік қатынастарды дамытудың негізгі формасы. Сондықтан, тәрбиеленушінің ойын әрекеті тәрбиелеушімен мақсатты түрде іске асу керек.

Оқушылардың белсенділігін дамыту кезіндегі ойынның атқаратын қызметін бағалау өте қиын. Ойын баланының қасында үзіліссіз болады. Бірақ әр жастық кезең ойынды ұйымдастырудың өзінің ережелерін анықтайды, оның мазмұнын реттейді. Ойынның себептері, мақсаттары әрдайым ауысып тұрады: бұл ойындар - нәрестелік кезінде еліктеуден бастап жас өспірім жастағы сюжетті ролдік ойындарға дейін, творчестволық белсенділіктің әртүрлі ерекшеліктерін дамытуға, осы ерекшеліктердің спектрін кеңейтуге, тереңдетуге мүмкіндік береді.

Жас өспірімдік кезеңде ойындар міндетті әлеуметтік жүктеуден тұрады, олар тек жеке тұлғаның жеке қажеттіліктерін қамтамасыз етпейді, сонымен қатар коллективтің қоғамдық маңызды мақсаттарын іске асырады. Бұл тұлғаның көптеген ерекшеліктерінің оптималды өсуіне ықпал етеді, олар жас өспірімдік кезеңде тиімді дамиды: коллективті мақсаттарды қою қабілеті, жеке және коллективті қажеттіліктерді сәйкестіру қабілеті, коллективті орындалған жұмысқа сынды көзқарас, коллективте ұйымдастырушылық әрекет ету қабілеті, жауапкершілік және т.с.с.

Тәрбиелеудің барлық жүйесінің негізі болып оқушылардың қоғамдық пайдалы еңбегі табылады, ол дегеніміз мектеп өміріне белсенді қатысу бойынша іске асатын жалпы барлығына мақсатқа бағытталған еңбек әрекеті ретінде түсіндіріледі. Оқушылардың еңбек әрекетінің барлық түрлері тәрбиелеудің маңызды мақсаттарының бірін - еңбекке деген позитивті қатынасты іске асыруға бағытталған. Позитивті қатынасты қалыптастырудың негізгі шарты болып келесілер табылады: тәрбиеленушімен орындалған еңбектің қоғамдық маңыздылығын түсіну; сол жастағы оқушылар еңбегінің сипат және көлем бойынша қол жетерлігі; дағдыларды үйрену және олардың пайда болуы; еңбекте интеллектуалды элементтердің болуы; оқушымен ынтаны, творчествоны, дербестілікті көрсету, еңбекке жарысты енгізу мүмкіндігі; ұжымдық жұмысты нақты ұйымдастыру.

Оқу әрекеті - әртүрлі формаларда, білімдерде, дағдыларда, тану және алынған білімдерді жаңа мәселелердің шешу үшін қолдану және тану әдістерінде қоғамдық тарихи тәжірибені игеруді сипаттайтын әрекет түрі. Оқу әрекетінің ерекшелігі бір жағынан мақсатты бағытталған процесте, жүйелік реттелген талаптардан (ойынға қарағанда), ал екінші жағынан қоғамдық еңбекті материалдардан (еңбекке қарағанда) тұрады. Бірақ әрекеттің осы түрлерінде жалпылық қасиет те бар - оқу ойын түрінде ұйымдастырылуы мүмкін, ал білім беру, оқу пәндерін игеру процесінің өзін еңбек процесі деп көрсетуге болады.

Мектеп жасындағы оқу әрекеті - жетекшілік, тұлғаның дамуына әсер етеді. Оқу процесі оқу шарттарына байланысты (оқу процесін жоспарлау, білім бағдарламасы, оқу әдістері, мектеп коллективін ұйымдастыру және т.б.), бірақ бұл олармен біркелкі анықталмайды, тұлға ерекшеліктеріне, оқушылардың жеке психологиялық ерекшеліктеріне, олардың даму деңгейлеріне, тәжірибесіне, білімдер запасына, қалыптасқан білімдер және дағдыларына, оқушылардың әрекеттің осы түріне қатынасына байланысы. Оқуда маңызды орынды интеллектуалды білімді игеру, өзінің оқу әрекетін жоспарлау қабілеті, өзін өзі бақылауды жүйелі қолдану, қойылған мақсаттарды шешу кезінде өзін өзі бақылауды жүйелі қолдану, есте сақтаудың рационалды әдістерін қолдану, ой операцияларын (талдау, синтез, қатынас) орындау алады. Егер осы білімдер әртүрлі дәрежелерде және әртүрлі әрекет түрлерінде анықталса, онда жалпы білім дамуының жоғары деңгейі, оқушылардың белсенді қатысуының жоғары деңгейі туралы айтуға болады.

Психологиялық педагогикалық әдебиетті талдау негізінде әрекет мәселесі бойынша келіс қорытынды жасалынды:

1. Әрекет түрлерінің және формаларының көп түрлілігі білімді байытады, оның барлық қызметтерінің іске асуына ықпал етеді (білім, тәрбие, даму).

2. Оқу процесіне қосылуға көп түрлі, жан жақты әрекет оқушыға өзін көрсетуге, неге қабілетті екенін көрсетуге мүмкіндік береді.

3. Әрекеттің әртүрлі түрлерінің өзара байланысы келесі талаптар негізінде іске асу керек: оқушы және оқытушылар әрекетінің бірлігі; еңбек, тану, араласу бірліктері, оларды байытуға затты - тәжірибелік, көркем, ойын, қоғамдық және әрекеттің басқа түрлері ықпал етеді; қатынас әрекет түрлерінің кез келген үйлестірулерінің өзара байланысына негіз болып табылады.

Оқушылардың тұлғалығын жалпы тәрбиелеудің мазмұнды сипатын жасау үшін және салауатты өмір салтына икемдеу үшін оның жалпы құрылымдық элементтерін бөлу және тіркеу керек – функционалды жүйелер - әсер ету механизмдерінің, өзара әрекет етуінің, жеке тұлғаның қалыптасуында балалар тұлғасын қалыптастырудың негізгі элементтері. Салауатты өмір салтын сақтаудың жалпы механизмі көптеген қоғамдық қатынастар және әрекет түрлерінен тұрады.

Жас өспірімдердің салауатты өмір салтын қалыптастыру ерекшелігі біздің түсінік бойынша жағдайлардың 2 тобымен анықталады: жас өспірімдерде салауатты өмір салтын қалыптастыру ерекшелігі және жан жақты дамыған тұлғаны қалыптастыру маңызы; жас өспірімдер жасында салауатты өмір салтын қалыптастыру процесінің ерекшелігі, бұл кіші және жас өспірімдерде осы тәрбие мақсатын іске асыру ерекшелігімен анықталады. Жалпы, жас өспірімдердің салауатты өмір салтын қалыптастыру процесі келесі ерекшеліктерден тұрады. Осылайша, жалпы педагогикалық жүйелердің қызмет етуінің құрылымдық компоненттерінің бірі болып жас өспірімдердің салауатты өмір салтын қалыптастыру процесі осы бағалы педагогикалық жүйелерге тән жалпы факторлар әсерінен құралады.

Тәрбие жүйелерінің қызмет ету маңызы - осы негізде оқушыларда білімдердің, дағдылардың, әлеуметтік ерекшеліктердің қалыптасуында педагогтармен әлеуметтік тәжірибені игеру және беру. «Тек қана ұжым нақты ұйым ретінде, мақсатқа бағытталған тәрбие ортасы болып тәрбие факторы, тәрбие жүйесінің қызмет ету формасы табылады [13].

Педагогикалық әдебиетті талдау бізге оқушыларда салауатты өмір салтын қалыптастыру оқу тәрбие процесінде келесі шарттарды сақтауды қажет ететінін анықтауға мүмкіндік береді.

Денсаулықты сақтайтын білім процесінде денсаулықты сақтауды ескере отырып ұйымдастыру. Білім мазмұнын таңдау және активті және интерактивті әдістерді қолданумен қатар ол келесілерді болжайды: оқушылар және оқытушылар үшін психологиялық жағдай жасау; оқушы ден саулығын рационалды сақтау; білім процесін ұйымдастыру. Бұл үшін құрылымдық бөлімдер құрылуы мүмкін: оқушылар ден саулығын сақтау бойынша мектеп орталығы, әлеуметтік психологиялық адаптация қызметтері, экология, дене тәрбиесі орындары, спорт залдар, білім гуманизация, творчестволық лабораториялар, пән оқытушыларының әдістемелік ассоциациялары және т.б.

Сыныптан тыс жұмысқа оқушылармен бірге әртүрлі тәрбие білім сабақтары жатады. Олар оқудан тыс уақытта өзін өзі басқару органдарымен және педагогикалық ұжым басшылығы көмекшімен ұйымдастырылады. Осыған байланысты, педагогикалық әдебиеттерде көрсетілген сыныптан тыс тәрбие жұмысының ұйымдастырылу және іске асуының маңызды принциптерін көрсетуге болады.

Сыныптан тыс жұмыс мазмұны бойынша әртүрлі болады. Оған кіреді: дене шынықтыру, еңбек, көркем эстетикалық, қоғамдық пайдалы әрекет және т.б. Сыныптан тыс жұмыстың формаға енгізілген көптеген түрлері бар: ұжымдық (мектеп кештері, конференциялар, конкурстар), топтық (клубтарға, спорт ұйымдарына қатысу), оқушылармен жеке жұмыс (сыныптан тыс оқу, өнермен өз бетінше айналысу).

Сыныптан тыс тәрбие жұмысының формаларының әртүрлілігі мектеп өмірінің өзгермелі қоғамдық жағдайларымен, жаңа әдістермен толықтырылады. Олардың мазмұны және әдістемесі теледидар бағдарламаларының атақты ойындарымен байланысты («Дөңгелек стөл», «Аукцион», «Не? Қайда? Қашан?»)

Оқушылармен тәрбие жұмыстарының әртүрлі формасын үш топқа бөлуге болады:

1) мектеп өмірімен басқару және өзін өзі басқару формалары (жиналыстар, сынып жетекшісінің сабақтары, жиналыстар);

2) тану формалары (экскурсиялар, фестивальдар, ауызы журналдар, газеттер, тематикалық кештер);

3) көңілді формалары (кештер, «капустниктер»).

Сыныптан тыс жұмыстың мазмұны және формалары оқушының қызығушылықтары және сұраныстарымен анықталады. Сыныпта тәрбие жұмысының кең таралған түрі болып сынып сағаты табылады. Осы түрдің пайда болу қажеттігі оқушыларды тәрбиелеуді эстетикалық, құқықты және т.б. әрекеттер бойынша жинақталған әрекетті жүргізуден байланысты болды. Атақты педагог В.А. Сухомлинский сынып жетекшісі оқушылармен тек қана өткен кезеңге ғана емес, сонымен қатар алдын ала болжанған тақырыптар бойынша әңгіме – денсаулық, жанұя, өнер ету керек деп айтты.

Тәрбиеленушілердің салауатты өмір салтын қалыптастыру процесін үйлесімді белсендіруге мүмкіндік беретін сыныптан тыс жұмыстың келесі түрлерін көрсетуге болады:

- оқушылар, ұжым, әртүрлі әлеуметтік ұйымдар, қоғамның актуалды талаптарына ықпал; барлық қатысушылардың әртүрлі белсенділік дәрежесі бойынша қатысуы; тәрбиеленушілердің жастық және жеке ерекшеліктерін, олардың қызығушылықтарын есептеудің максималды мүмкіндігі; өзін өзі басқаруға, ынталандыруға, әріптестікке тірек; процестің және оған қатысушылардың және сыныптан тыс жұмыс жүйесін дамыту және жетілдіру мүмкіндіктері.

И.С. Марьенконың, М.М. Поташни-ктің, В.О. Кутьеваның, А.В. Енинның, Б.Т. Лихачеваның, И.И.Маслоның, Э.М. Моносхонның теориялық концепцияларына негізделіп сыныптан тыс әрекетті мектеп коллективінің өмір әрекетінің құраушы бөлігі ретінде, өз еркімен, мақсатты бағытталған, творчестволық әрекеттің құраушы бөлігі ретінде қарастырамыз.

Сыныптан тыс әрекеттің маңызын іске асыру жас өспірімдердің салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін қосымша мүмкіндіктер ұсынады: оқушылармен салауатты өмір салты факторларына қатысты сыныптан тыс әрекеттің формаларын, құралдары және әдістерін еркін таңдау мүмкіндігі; оқушылармен салауатты өмір салты факторларына қатысты жеке тәжірибені кеңейту және тереңдету мүмкіндігі; оқушылардың және оқытушылардың өзара әрекетін дамыту мүмкіндігі; салауатты өмір салты аспектілеріне қатысты жан жақты дамыған қажеттіліктерді қалыптастыру мүмкіндігі.

Типтілік түрлерінің көптігіне қарамастан, жіктелудің кез келген категориясының жетекші факторы болып оларды әрекет түрлеріне қарай қалыптастыру табылады (Кесте-1). Сыныптан тыс жұмыстың әрбір түрі дәстүрлі түрде анықталады, сонымен қатар түрдің ерекшелігіне сәйкестендірілген формаларды жазу арқылы іске асады. Осылайша тәрбие жұмысының сандық көрсеткіштері және оның сипаты, бағыты тәрбиеленушілердің әрекет түрлерімен анықталды. Олардың орындалуын бақылау оқушылардың әрекеттің әрбір түріне қатысуын есепке алуды білдіреді.

Кесте-1. Ауыл мектептері оқушыларының салауатты өмір сүру дағдыларын инновациялық технологиялар арқылы қалыптастырудың теориялық нобайы

Бұл көрсеткіштер инновациялық технологиялар әсері арқылы әр түрлі деңгейлерде қалыптасатынын ескеріп, жоғары, орта, жеткілікті және төмен көрсеткіштерді анықтадық.

Оқушылардың салауатты өмір салты көрсеткіштерінің әр критерий құрамына енуін талдау оның келесі деңгейлерін көрсетуге алып келді: төмен, орташа, жеткілікті және жоғары. Көрсетілген деңгейлердің негізіне - салауатты өмір салты көрсеткіштерінің нақты саны: неғұрлым белгілер аз табылса, соғұрлым оқушылардың салауатты өмір салты деңгейі төмен. Деңгейлердің сапалық көрсеткіштері төменде көрсетілген.

Оқушылардың салауатты өмір салтына бейімделуінің төмен деңгейін келесідей етіп сипаттауға болады: жалпы оқушы денсаулықтың маңызды өмір байлығы екенін, оны сақтау және күшейту қажеттігін түсінеді, алайда оның нормаларын және принциптерін сақтауға ынтасы жоқ. Бұл салауатты өмір салтының, оның аспектілерінің және денсаулық сақтау механизмдерінің халықтық тәжірибесінің мәні туралы білімдердің төмен деңгейімен түсіндіріледі. Салауатты өмір салтын ұйымдастыру дағдылары жоқ, оқушылар әрекетінің салауатты өмір салты принциптерін және нормаларының кейбіреулерін ғана сақтағанын көрсетеді (Кесте-2).

Кесте-2. Оқушылардың салауатты өмір сүру дағдысының деңгейлері құрылымдық моделі

Оқушылардың салауатты өмір салтына бейімделуінің орташа деңгейі. Оқушы салауатты өмір салтына оңтайлы қарайды, денсаулықты сақтауға және күшейтуге, нормаларды сақтауға, салауатты өмір салты принциптерін және аспектілері сақтауға ынтасы бар. Жалпы салауатты өмір салты мәнін дұрыс түсінеді,оның құраушы бөліктерін, салауатты өмір салты аспектілерін біледі, ұйымдастырудың жеке білімдері бар. Бірақ оларды толық қолданбайды, бұл оның өз бетінше жоспарлау, әрекетін реттеу бойынша дағдылары және білімдерінің аздығымен түсіндіріледі. Осыған байланысты салауатты өмір салтының жеке стилін жасау кезіндегі нақты қиыншылықтарды тудыру мүмкін. Жалпы осы деңгей оқушылардың әрекетінде және мінезінде салауатты өмір салтының негізгі принциптерінің пайда болуымен сипатталады.

Оқушылардың салауатты өмір салтына бейімделуінің жоғары деңгейі салауатты өмір салтының нормаларына және байлықтарына оңтайлы қатынаспен, әрекетте оның принциптерін сақтауға ықпалмен сипатталады. Салауатты өмір салты білімдерінің, оның аспектілерінің жоғары деңгейі салауатты өмір салты принциптерін іске асыруға мүмкіндік береді. Қорытындыда әрекетте салауатты өмір салтының барлық компоненттерінің жоғары деңгейін көрсетуге ықпал етеді.

Салауатты өмір салты құрылымдық мазмұнды сипаты, критерийлері және көрсеткіштері, жас өспірімдердің салауатты өмір салтына бейімделу деңгейі сыныптан тыс жұмыс кезінде оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастыру әдістері, формалары және мазмұнын анықтау үшін қажет. Оқушы тұлғасының дамуы, оның әрекетінің дамуы болғандықтан, Жас өспірімдер әрекетінің әртүрлі түрлері оқу процесінде және оқудан тыс уақытта іске асады. Сонымен қатар оқушылармен оқудан тыс уақытта орындайтын әрекеті болып сыныптан тыс жұмыс табылады. Дұрыс ұйымдастырылған сыныптан тыс жұмыс әр Жас өспірімге өзін көрсетуге және бекітуге, табыс сеземін сезінуге, өз күштеріне сенімділігін түсінуге, өзін өзі тәрбиелеуге мүмкіндік береді. Осыдан технологиялық ықпалды ұйымдастыру және жоспарлау қажеттігі туады. Б.Т. Лихачев, И.С. Марьенко, Э.М. Моносзон, М.М. Поташкин, В.О. Кутьев, А.В. Енин, И.И. Маслоның теориялық концепцияларына сай сыныптан тыс әрекетті мектеп ұжымы әрекетінің құраушы бөлігі ретінде қарастырамыз. Жас өспірімдердің салауатты өмір салтын қалыптастыру кезіндегі сыныптан тыс жұмыстың мәні бірқатар жағдайлармен анықталады, олар осы әрекетті ұйымдастыру принциптеріне негізделеді: шараларға қатысу еркіндігі, тапсырмаларды алу еркіндігі және оларды іске асыру формалары; ұжымдық қажеттіліктерді ескеретін қызығушылық; жастық жеке-психологиялық ерекшеліктер деңгейіндегі қол жетерлік. Осыдан, тәрбиеленушілердің салауатты өмір салтын қалыптастыру процесін оптималды көрсететін сыныптан тыс жұмыстың келесі ерекшеліктерін көрсетуге болады: оқушылардың оптималды мәселелеріне көңіл аудару, барлық қатысушылардың сыныптан тыс жұмысына қатысуы; тәрбиеленушілердің және олардың қызығушылықтарының жастық және жеке ерекшеліктерін максималдық ескеру; өзін өзі басқаруға, тәрбиеленушілер және тәрбиелеушілер әріптестігіне тіреу; сыныптан тыс жұмыстың процесін және жүйесін жетілдіру және дамыту мүмкіндіктері. Сондықтан, сыныптан тыс жұмыс дегеніміз оқушы - жас өспірімдерге әртүрлі әрекет түрлеріне ену негізінде, салауатты өмір салты аспектілеріне адекватты, салауатты өмір салтының жан жақты дамыту мақсатында сыныптан тыс уақытта еркін бастамалар бойынша ұйымдастырылған, қозғалу белсенділігін, күн тәртібін сақтауда, дұрыс тамақтануда, зиянды әрекеттерден бас тартуда, мінез мәдениетінде көрсетілетін педагогикалық мақсатқа бағытталған әсері. Осылайша, сыныптан тыс уақытта оқушылардың салауатты өмір сүру дағдысын қалыптастыру проблемасын зерттеу сыныптан тыс тәрбие жұмысы кезінде салауатты өмір салтына ену бойынша инновациялық технологияларды ұйымдастыру және жобалау қажеттігі туралы қорытынды жасауға мүмкіндік берді. Сонымен қорытындылағанда: ауыл мектептері жағдайында оқушылардың салауатты өмір сүру дағдысын инновациялық технологиялар арқылы қалыптастырудың теориялық негізі арнайы тарихи-педагогикалық талдаулар, теориялық аспектілерді қарастыру арқылы инновациялық технологиялар арқылы әсер ету ерекшеліктері айқындалып бұл мәселедегі теориялық нобай жасалып көрсеткіштері мен деңгейлері анықталды.

ӘДЕБИЕТТЕР

1. Акиева Г.С. Педагогические основы развития и совершенствования системы охраны здоровья школьников в Кыргызстане. – Алматы, 1999.

2. Степашко Л.А. Философия и история образования. – М., 2003. - С. 6-44.

3. Абдильдин Ж.М., Абишев К.А. Формирование логического строя мышления в процессе практической деятельности. – Алма-Ата: Наука, 1981. - 212 с.

4. Леонтьев А.Н. Проблемы развития психики. - М.: Мысль, 1965. - 573 с.

5. Рубинштейн А.Н. Проблемы общей психологии. - М.: Педагогика, 1976.-416 с.

6. Смирнов А.А. Проблемы психологии памяти. - М.: Просвещение, 1966.-126 с.

7.Теплов Б.М. Психологическая характеристика деятельности // Сов. педагогика. – 1994.-№11-12.-С.44-53.

8. Белич В.В. Познавательная рефлексия. – Челябинск: Рос. центр пед. изобрет., 1991.-127 с.

9. Гамезо М.В., Домашенко И.А. Атлас по психологии. - М.: Просвещение, 1988.-272 с.

10. Якиманская И.С. Личностно-ориентированное обучение в современной школе. - М.: Сентябрь, 1996. - 96 с.

11. Караковский В.А. Воспитание? Воспитание... Воспитание – М.: Новая школа, 1996.- 160 с.

12. Хмель Н.Д. Теоретические основы профессиональной подготовки учителя. – Алматы: Гылым, 1998. - 320 с.

13. Гуманистические воспитательные системы вчера и сегодня: (в описаниях их авт. и исслед.) / Под общ. ред. Н.Л. Селивановой. - М.: Педагогическое общество России, 1998. – 336 с.

14. Сулейменова С.Н. Формирование валеологической образованности школьников средствами физического воспитания: автореф. ... канд. пед. наук: 29.05.04. - Шымкент: ЮКГУ им. М. Ауезова, 2002. - 32 с.



К содержанию номера журнала: Вестник КАСУ №1 - 2012


 © 2018 - Вестник КАСУ