Главная  | О журнале  | Авторы  | Новости  | Конкурсы  | Научные мероприятия  | Вопросы / Ответы

Оқушылардың қызығушылығын арттыруда сто технологиясын қазақ әдебиет сабағында қолдану

К содержанию номера журнала: Вестник КАСУ №1 - 2012

Автор: Амерханова Лаура Бауржановна

Халықты халықпен, адамды адаммен теңестіретін - білім», - деп М. Әуезов айтқандай, қазіргі заманғы ғылыми-техникалық үрдіс барлық дамыған өркениетті елдерге білім бері жүйесін адамзаттық құндылықтарға, ұлттық әдет-ғұрыпты, салт-сананы, мәдени мұрамызды, төл мәдениетімізді, тарихымызды құрметтеуге негізделіп, болашақ ұрпаққа жүйелі білім беру міндеті қойылып тұр. «XXI ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық» - деп Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев айтқан ұлы сөздің өзі бұл мәселесінің қаншалықты маңызды екендігін түсіндіріп және оны іске асырушы болашақ мамандарға жауапты міндет артады.

Бірақ жақсы маман тек білімді болып қана қою жеткіліксіз. Әлжанды, Отаның шексіз сүйетін, ол үшін барлығына да дайын, өз ісіне шебер кәсіп иесі, сонымен қатар адамгершілік, моральдік, тұрғыдан үйлесімді дамыған тұлға болуы керек.

Жаңа уақыт өткен сайын қуса жеткізбестей қарқынмен дамып жатыр. Бүгін үйренген білімің ертеңгі күні жарамсыз болып қалса, таң қалуға болмайды. Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Занның сегізінші бабында: «Қазіргі кезеңде білім берудегі негізгі мақсат – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық коммуникациялық желілерге шығу, жан-жақты білімді, өмір сүруге икемді, іскер, өзіндік ой толғамы бар, адамгершілігі жоғары, қабілеті жанды қалыптастыру... Республикадағы әлеуметтік экономикалық құрылымың өзгеруі білім мазмұнында жаңалықтар енгізуді қажет етеді» - деп айтылғаны белгілі. Осындай мақсатты жүзеге асыруда жаңа технологиялардың маңызы айрықша.

«Технология» терминнің тү тамыры «techne» - өнер, шеберлік, «logos» - ғылым мағынаны білдіреді.

Ғалым В.М. Монахов: «Педагогикалық технологиялар дегеніміз – оқыту үрдісін жобалау, ұйымдастыру мен жүргізудің ойластырылған моделі» - деп айтты. В.П. Беспалько «Оқу үрдісін жүзеге асырудың мазмұндық техникасы» - деді.

Педагогикалық технология – мұғалімнің кәсіби қызметін жаңартушы және сатыланып жоспарланған нәтижеге жетуге мүмкіндік беретін іс-әрекет жиынтығы. Педагогикалық технологиядағы басты міндеті – оқушының оқу танымдық әрекетін жандандыра отырып, алға қойған мақсатқа толық жету.

Білім негізінен пән арқылы берілгендіктен, әр пәнді заман талабына сай өз деңгейінде игерту, қай кезде болмасын, ең маңызды мәселе болып келгені даусыз. Әрине, терең білімде, материалдың игеруге қолайлығы да, оқулық деңгейімен шектелу де мүлде нәтижесіз болды деп айта алмаймын. Технология мен әдістеменің мақсаты бір – «қалай оқыту мәселелерін қарастырады».

«Сабақ беру жай ғана шеберлік емес, ол жаңадан жаңаны табатын өнер» - деп Ж. Аймауытов айтқандай, бүгінгі оқыту жүйесінде әртүрлі жаңа технологияларды пайдалану тәжірибеге еніп, нәтижелер беруде. Бұлар оқушының жеке қасиетін аша отырып, азамат етіп тәрбиелеумен қатар оқушының танымдық күшін қалыптастыру және білімін кеңейтуге, тереңдетуге жағдай жасайды. Ұстаз үшін ең басты мәселе – оқыту әдісін дұрыс таңдау. Жаңа педагогикалық технологиялар оқушының жеке тұлғалық күшін арттырып, шығармашылық ойынының дамуында басты рөл атқарады.

Жаңа технологияларды меңгеру мұғалімнің зияткерлік, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және де басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін – өзі дамытып, оқу – тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. «Өз еңбегін талдай білген адам ғана тәжірибелі ұстаз бола алады» - деген В. Сухомлинскийдің сөзін оқытушының талмай ізденген еңбегінің нәтижесінде ғана көрінетіні белгілі. Қазіргі кезде білім мен техниканың даму деңгейі әрбір оқушыға сапалы және терең білім беруіне жағдай жасап отыр. Оқытушы баяндайды, әңгімелейді, түсіндіреді, ал оқушы тыңдайды, қабылдайды, ойлайды т.б. таным әрекетерін жасайды.

Жаңа технологиялармен жұмыс істеу үшін мынандай алғы шарттар қажет:

- оқу үрдісін интенсивтендіруді жаппай қолға алу;

- оқушылардың сабақтастығын болдырмау шараларын кешенді түрде қарастыру.

Оның ғылыми-әдістемелік, оқу-әдістемелік, ұйымдастырушылық себептеріне үнемі талдау жасап, назарда ұстау, жаңа буын оқулықтарының мазмұнын зерттеп білу, пәндік білім стандартымен жете танысу, білімді деңгейлер беру технологиясын игеру арқылы оқушыларға білімді мемлекеттік стандарт деңгейінде игертуге қол жеткізу, оқыту үрдісін ізгілендіру мен демократияландыруды үнемі басшылыққа алу. Жаңа технологияны пайдаланудың тиімді тұстары:

- Оқушының пәнге деген жеке қызығушылығын оятады;

- Танымдық қабілеттілігін қалыптастырады;

- Әлеуметтік мәдени тәрбиені қалыптастырады;

- Оқушыны шығармашылық жұмысқа баулиды;

- Оқытушының уақытын үнемдейді;

- Қосымша мәліметтер береді.

Бүгінгі таңда педагогика ғылымында елуден астам оқыту технологиялары қолданысқа енгізілгені белгілі. Оқу-тәрбие үрдісінде қолданып, айтарлықтай нәтиже беріп жүрген жаңа педагогикалық технологиялар мыналар: дамыта отырып оқыту әдістемесі (Л. Занков, Д. Эльконин, В. Давыдов, В. Репин, В. Левин); оза отырып оқыту (С. Лысенкова); іс-әрекетті бағалау (Ш. Амонашвили, И. Волков); тірек және тірек конспектілері арқылы оқыту (В. Шаталов); саралап оқыту; шоғырландырып қарқынды оқыту; жобалап оқыту технологиясы, сыни тұрғысынан ойлау.

Біз ұстаздар қауымы қандай болмасын жаңалыққа құлақ түре жүретініміз айқын. Жаңа технологияларды сабақта қолданудың тиімділігін қашан да жолға қоярымыз анық. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін өзім қазақ әдебиет пәні бойынша оқытудың «Оқу және жазу арқылы сыни ойлауды дамыту» технологиясын жиі қолданып, сабақты барынша түрлендіріп өткізуге тырысамын.

Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы – әлемнің түкпір-түкпірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі. Тәжірибені жүйеге келтірген Джинни Л. Стил, Куртис С. Мередит, Чарльз Тэмпл.

Бұл бағдарламаның мені қызықтырғаны сол баланың өзі ізденіп, дәлелдеуі. Ол бұрын тыңдаушы болса, енді ізденуші, ойлаушы, өз ойын дәлелдеуші, ал мұғалім осы әрекетке бағыттаушы, ұйымдастырушы.

Сын тұрғысынан ойлау – өз алдына сұрақтарға ауа тіздеп, жан-жақты пікірлесу, талдау жасап отыру, яғни оқушының санасын сол тақырыпқа байланысты ояту, ой шақыру, ойын жеткізу оны дәлелдей алу. Сонымен қатар қасындағы оқушының пікірін тыңдау,сол пікірлерді салыстыру.

Бұл технологияның негізгі ұстанымдар:

1) әлсін –әлі қайталау;

2) міндетті кезеңдік бақылау;

3) тіректерді пайдалану;

4) келіспеушіліктің болмауы;

5) оқушының жетістіктерінің жариялығы, қателерді түзеуге мүмкіншілік жасау;

6) барлық балалар дарынды, табысқа жетуге жағдай жасау;

7) оқытумен тәрбиенің бірлігі.

Сын тұрғысынан ойлауды дамыту күрделі процес болып келеді. Сыни ойлау ақпарат алудан басталып, қаралатын мәселеге байланысты шешім қабылдаудан аяқталады. Сыни ойлау кез – келген жас аралықтарына тән. Сыни ойлау күрделі үрдіс болғандықтан, оқушыға сыни ойлау ортасын жасау қажет. Мұнда әр оқушының ойы шыңдалып, өз даму деңгейіне сай жетістіктерге жетуге болады.

Сыни тұрғысынан ойлау қалыптасқан ортада оқушы:

- Нақты мақсат қоюға дағдыланады;

- Өзіне деген сенімді артады;

- Оқу процесіне белсенді қатысады;

- Жолдастарының пікірін сыйлайды;

- Өзін толғандыратын, проблемалық сұрақтар қоя біледі;

- Сараптауға, бағалауға дағдыланады;

- Пәнге деген қызығушылығын артады.

«Сын тұрғысынан ойлау» жобасы мынадай үш құрылымнан тұрады.

- Қызығушылығын ояту;

- Мағынаны тану;

- Ой толғаныс.

Осы кезеңдердің мақсат пен міндеттері:

I. Қызығушылығын ояту - үйрену процесі – бұрынғы білетін және жаңа білімді ұштастырудан тұрады. Оқушыларға жаңа ұғымдарды, түсініктерді, өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырып, кеңейте түседі. Сондықтан да, сабақ қарастырылғалы тұрған мәселе жайлы оқушы не біледі, не айта алатындығын анықтаудан басталады. Осы арқылы ойды қозғау, ояту, ми қыртысына әсер ету жүзеге асады. Осы кезеңге қызмет ететін «Топтау», «Ойлау», «Жұпта талқылау», «Болжау» және т.б. әдістер жинақталған. Сонымен қатар үйренушінің белсенділігін арттыру. Өйткені, үйрену - енжарлықтан гөрі белсенділікті талап ететін іс-әрекет. Оқушы өз білетінін еске түсіреді, қағазға жазады, қасындағы оқушымен бөліседі, тобында талқылайды. Яғни, айту, бөлісу, ортаға салу арқылы оның ойы ашылады. Осылайша шыңдалған ойлауға бірте-бірте бағытталады. Оқушы бұл кезеңде жаңа білім жайлы ақпарат жинап, оны байырғы біліммен ұштастырады.

II. Мағынаны тану (түсіне білу) – ойлау мен үйренуге бағытталған кезеңі. Бұл кезеңде оқушы жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды. Оның өзіне жұмыс жасап, белсенділік көрсетуіне жағдай жасалады. Оқушылардың тақырып бойынша жұмыс жасауына көмектесетін оқыту әдістері бар. Оқушы оқу, тақырыппен танысу барысында – «білемін», «мен үшін түсініксіз», «мен үшін жаңа ақпарат», «мені таң қалдырады» белгілері арқылы оқу тапсырылады. Оқығанын түсінуге, өз ойын басшылық етуге, ойын білдіруге үйрететін ұтымды құрал. Бір әңгіменің соңына тез жету, оқығанды есте сақтау, мазмұнын жете түсіну - күрделі жұмыс. Сондықтан да, оқушылар арасында оқуға жеңіл қарау салдарынан түсіне алмау, өмірмен ұштастыра алмау жиі кездеседі.

III. Ой-толғаныс - сабақты қорытындылау кезеңі. Күнделікті сабақ барысында оқушының толғанысын ұйымдастыру, өзіне, басқаға сын көзбен қарап, баға беруге үйретеді. Оқушылар өз ойларын өздері байқаған ақпараттарды өз сөздерімен айтып берулері тиіс. Бұл кезеңде оқушылар бір-бірлерімен ой алмастырады, ой түйістіреді, өз кестелерін жасап, басқалардың да кестелерін үйреніп алуға тырысады. Нәтижесінде бұл, үйрену сатысы – ойды қайта түйіп, жаңа өзгерістер жасайтын кезең болып саналады. Әр түрлі шығармашылықпен ой түйістіру болашақта қолданылатын мақсатты құрылымға жетелейді. Осы кезеңде тиімді етуге лайықталған «Бес жолды өлең», «Венн диаграммасы», «Еркін жазу» және т.б. әдістер әр сабақтың ерекшелігін, ауырдан жеңілдігіне қарай қолданылады.

Жоғарыда стратегиялар (әдіс) туралы сөз қозғадық. Жоба 60-қа жуық стратегиялардан тұрады. Түсініктірек болу үшін солардың біразына сипаттама берейік.

«Еркін жазу стратегиясы». Бұл әдісті сын тұрғысынан ойлау жобасындағы сабақтың үшінші ой толғаныс кезеңінде пайдалану тиімді. Мұғалім сабақ бойын қарастырылған жаңа ақпарат жайлы, одан алған әсерін, не үйренгенін, нені әлі де біле түсу керек екенін тағы басқа жайлы өз пікірін қағаз бетіне түсіруді тапсырады. Жазуға уақыт береді. Уақыт аяқталған кезде оқушылар өз жазғандарымен топ мүшелерін таныстырады. Ең жақсы деп танылған жұмысты ұжымда оқуға болады. Оқушыларды алған білімдерін қорытуға оған сын көзбен қарап, ойын түйіндеуге үйрететін бұл әдісті кез келген сабақта қолдануға болады.

«Венн диаграммасы». Бір-бірімен айқасқан екі шеңбердің екі жағына салыстыруға берілетін объектілердің сипаттамалары жазылады. Ал айқасқан жерген екеуіне ортақ сипаттар тізіледі. Салыстыруға арналған тапсырмаларды осы диаграммаға салып оқушылар қызыға толтырады, яғни салыстыру сияқты күрделі ойлау операциясын меңгереді.

«Көп деңгейлі сұрақ» стратегиясы. Тұра сұрақтар (Litera level). Мұндай сұрақтар қандайда бір фразаны немесе түрлерін еске түсіру үшін қойылады. Сұрақтардың жауаптары мәтіннің ішінде кездеседі, оқушыдан оны жаттап алып, айтып беру талап етіледі. Өзгертуді талап ететін сұрақтар (translation questions) жауап берушіден мағлұматты басқа формада жеткізуді күтеді. Мұндай сұрақ қою кезінде оқушы ойша болатын жағдайды елестетіп, көріністі суреттеп берулері керек. Яғни, оқушылар ойша елестеткен кейіптер мен дыбыстарды талқылайды. Олар ең алдымен елестету тәжірибесін жинайды, содан кейін сөйлеу арқылы басқаларды өз қабылдауымен таныстырады. Интерпретациялау-сұрақтары (interpretation) оқушыларды идеялар мен фактілер, анықтамалар мен құндылықтар арасындағы байланыстарды табуға үйретеді. Сұрақ - тіркеме (application questions) оқушыларға мәселені шешуге немесе келесі мәселенің логикасы мен себептерін зерттеуге мүмкіндік береді. Сұрақ – баға (Evaluation questions) оқушыларды жақсы, жаман деген сияқты қорытынды шешім қабылдатады.

«Қос жазба күнделігі» стратегиясы. Қандай да бір мәтін, әңгіме оқыған кезде оқушылар дәптерлерінің ортасынан вертикаль сызық жүргізеді. Мәтінді оқу барысында олар сызықтың бір жағына әсер еткен тұстар мен үзінділерін жазса, екінші жағына пікірін, яғни, нені еске түсіретінін, себеп салдарын жазады. Барлық оқушы тапсырманы орындап болған соң жұпта, топта талқылау ұйымдастырылады. Жұмыс аяқталған кезде мұғалім қорытуға арналған әзірлеп келген сұрақтарын қойып, жауаптар алады.

«СТО» үйрету үшін:

1. Оқушылардың ойлауына, ойын ашық айтуына рұқсат беру;

2. Оқушылардың белсенді іс әрекетін қолдау;

3. Оқушының пікірін күлкіге айналдырмау;

4. Оқушылардың бір-бірінің жауабына жасаған сынның дәлелді, анық болуын талап ету.

Сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін мына төмендегі шаралар орындалуы шарт:

- Сын тұрғысынан ойлауды тудыру үшін уақыт керек;

- Оқушыларға ойланып-толғануға, ойын ашық айтуға рұқсат беру;

- Әртүрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау;

- Үйрену барысындағы оқушылардың белсенді іс-әрекетін қолдау;

- Кейбір оқушылар тәспі қалған қолайсыз жағдайларды әжуаға айналдыру;

- Оқушылардың бір-бірінің жауабына жасаған сынының дәлелді, дәйекті болуын талап ету;

- Сын тұрғысынан ойлауды бағалау.

Ал оқушылардан осыған байланысты:

- Сенімділікпен жұмыс жасау;

- Бар ынтасымен оқуға берілу;

- Пікірлерді тыңдау, құрметтеу;

- Өз пікірін ашық білдіруді талап ету қажет.

Тек сонда ғана олар:

- Мен осы мәселе туралы не ойлаймын?

- Осы мазмұнын алған ақпарат менің бұрынғы осы мәселе туралы білетініме сәйкес пе?

- Осы ақпаратты үйрене отырып мен бірдеңе жасай аламын ба?

- Маған бұл жаңа ойлар, идеялар қаншалықты әсер етті? Деген сауалдар төңірегінде ойлауға үйренеді.

Бұл жоба кез келген ұстазға сапалы білім беруге мүмкіндік береді. Сабақта «оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлау» технологиясын қолдану оқушылардың білімін жетілдіруге тиімділігі зор екеніне көз жеткізуге болады. Менің мақсатым қазақ әдебиеті сабағында СТО жобасын қолданудың тиімді жолдарын анықтау. Ең бастысы, қазақ әдебиеті сабағында СТО жобасын қолдануда әдіс-тәсілдерін таңдап аламын. Әрбір стратегияны қолданудың өзінің тиімділігі бар.

«Сын тұрғысынан ойлау» технологиясының әдістерін тиімді пайдаланған кезде жеткен жетістіктерім:

- Тақырыптың ең негізгі түйінің табуға дағдыланады;

- Оқушылар өз бетінше ізденуге үйренеді;

- Сұрақ қойып, сұрақтарға жауап беруге машықтанады;

- Тақырыпқа деген жан-жақты түсінігін аңғара отырып, ынтасын одан әрі дамытуға мүмкіндік жасайды;

- Ой идеясының ішкі астарына үңілуге, өзекті мәселеге терең барлауға бағыт береді;

- Ақпаратты саралауға, жүйелі жүргізуге үйренеді;

- Оқушылардың шығармашылық белсенділігі мен сын тұрғысынан ойлау әрекеттері бағаланады;

- Сын тұрғысынан ойлай отырып, өзіндік белсенділіктің болуы да білімге құлшынысты, жаңалықты ашуға, ізденуге, қиындыққа төзуге үйретеді.

ӘДЕБИЕТТЕР

1. Әбеуова И. «Сын тұрғысынан ойлау мен дамытпалы оқыту»;

2. Әбілқасымова А.Е. Студенттердің ізденімпаздығын қалыптастыру. - Алматы: Білім, 1980.

3. Мирсейтова С., Иргебаев А. Профессиональное развитие: из опыта учителей. - Алматы, 2004.

4. Мирсейтова С. Философия и методы RWCT в действии. – Алматы, 2004.

5. «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарлама жобасы үшін дайындалған І-ІІ әдістемелік құрал

6. Профессиональное развитие из опыта учителей. - Алматы, 2005.

7. Ташенова А. Сын тұрғысынан ойлауды оқу мен жазу арқылы дамыту // Білім - Образование. - 2006. - №6.



К содержанию номера журнала: Вестник КАСУ №1 - 2012


 © 2024 - Вестник КАСУ