Главная  | О журнале  | Авторы  | Новости  | Конкурсы  | Научные мероприятия  | Вопросы / Ответы

Сапалы білім берудегі ақпраттық коммуникациялық технологияның тиімділігі

К содержанию номера журнала: Вестник КАСУ №6 - 2011

Автор: Жаханова Толкын Ануарбековна

Қазіргі техниканың дамып жатқан заманында өскелең ұрпаққа білім беру талаптары өзгерді. Педагог мамандар заман ағымына байланысты алдындағы отырған оқушыға саналы емес сапалы білім беруге көшты. Нәтижеге бағытталған білім беру жағдайында мұғалімдердің ақпараттық-коммуникациялық құзырылығы мен ақпараттық мәдениетін қалыптастыру қазіргі таңда үздіксіз педагогикалық білім беру жүйесіндегі ең көкейтесті мәселелердің біріне айналып отыр.

Білім беру сапасы – қоғамдағы білім беру үрдісінің жағдайын, нәтижесін, сондай-ақ жеке тұлғаның кәсіптігінің қалыптасуы және даму болашағының қажеттілігін анықтайтын әлеуметтік категория. Бі-лім беру сапасы білім беру мекемелеріндегі жастарды оқыту мен тәрбиелеу қызметтерінің әртүрлі көрсеткіштерінің жиынтығы, яғни білім беру мазмұны, оқыту формасы мен әдістері бойынша анықталады. Сондықтан педагогика ғылымының ерекшелігі де – баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруы болып отыр.

Қазіргі кезде білім беру саласында 50-ден астам педагогикалық технологиялардың қолданылып жүргені мәлім. Бұл технологиялардың бәрін бір сабақта қамту мүмкін емес. Сондықтан, әрбір пәнді оқыту технологиясын таңдап, іріктеу және оны іс-әрекеттік тұрғыда жетілдіру арқылы оқушының білім жетістіктерін арттыруға болады. Мұнда оқушының әрекеті – технологияны қабылдауы, ынтасы, құштарлығына көңіл бөлінуі тиіс.

“Баланың ынтасын арттыру үшін оқылатын нәрседен бір жаңалық болуы керек” – деп Жүсіпбек Аймауытов айтқандай, әрбір сабақта оқушының алатын мағлұматтары жаңалық екені рас. Бірақ сол мағлұматтарды алу тәсілдері де әр түрлі болса оқушылардың сабаққа деген белсенділіктері де арта түседі. Ұрпақ үшін кітаптың маңызы қандай болса, компьютер де оқушы үшін қоршаған әлемді танудың табиғи құралы болып табылады. Олай болса, барлық сабақтарды компьютерлердің қуаттануымен жүргізуді үйрену – бүгінгі күннің кезек күттірмейтін өзекті мәселелерінің бірі.

Соңғы жылдары білім беру аясы жүйесінде компьютерлік техниканы пайдалану белсенді түрде жүзеге асырылуда. Білім беру жүйесіндегі жаңа ақпараттық технология дегеніміз – оқу және оқу-әдістемелік материалдар жинағы, оқу қызметіндегі есептеуіш техниканың техникалық құралдары, олардың ролі мен орны туралы ғылыми білімнің жүйесін және оқытушылар еңбектерін жүзеге асыру үшін оларды қолдану формалары мен әдістері деген анықтама беруге болады. Яғни, ақпараттық технология – білім беру мекемесі мамандарының жұмысын жүзеге асырушы әдістер мен формалар және балаларға білім беруші құрал.

Ақпараттық – коммуникативтік технология құралдары оқушыларға жаңа ақпарат көздеріне жол ашады, жеке жұмыс пен білім алудың нәтижелілігін, тиімділігін көтереді, кәсіби дағдыларды қабылдау және бекіту үшін мүмкіндіктер береді, қашықтықтан оқытудың жаңа формалары мен әдістерін жүзеге асыруға мүмкіндіктер ұсынады.

Ақпараттық технология қызметінің құралы ретінде жаңа ақпараттық технологияның компьютерлік құралдары қолданылып жүр, алайда заман талабына сай компьютерлік техниканың дамып жетілуіне байланысты ғылыми сипаттағы компьютерлік бағдарламаларды жасау керек және ол оқушының іс әрекетінің интеллектуалды құрылысымен сәйкес келуі тиіс.

Ақпараттық – коммуникативтік технология – мұғалімнің өз жұмыстарының әдістері мен ұйымдастыру түрлерін түбегейлі өзгертуге, оқушылардың жеке қабілеттілігін дамытуға, оқудағы пәнаралық байланысты күшейтуге, оқу процесін ұйымдастыруды үнемі жаңартып отыруға мүмкіндік береді. Педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерде оқытуда ақпараттық технологияларды пайдаланудың бірнеше бағыттары көрсетілген, солардың ішінде мектептегі оқу практикасында қажет тілерінің негізгілері мыналар: компьютер - оқушы білімін бағалау құралы; компьютерлік модельдеуді қолданатын зертханалық практикум; мультимедиа-технология, жаңа материалды түсіндірудегі иллюстрациялық құрал; дербес компьютер, білім жетілдіру құралы.

Сондай-ақ жаңа мағұлматтарды оқу-шы қабылдауының келесі түрлерін атап өтуге болады: мәтін, графика, бейне, ани-мация, дыбыс.

Мұндай қабылдау түрлері оқушы қа-былдайтын жаңа ұғымдарды тиянақты, әрі берік түсінуіне көмегін тигізері сөзсіз. АКТ көмегімен мұғалім оқушының алған білім-дерін де жан жақты тексере алатынын айт-пасқа болмайды. Қолданбалы бағдарла-малардың көмегімен оқушы білімін тексе-рудің тәсілдері де сансыз. Мұғалім жұмысы практикада оқушы білімін бағалау үшін алатын тақырыптық тестерден көрінеді. Тест көзі мультимедиа компакт-дискілер немесе интернет желісі болуы мүмкін.

Біз колледжде ADTester бағдарла-масының мүмкіндіктерін пайдаланып, көп-теген сабақтардан тест құрастырдық. Бұл бағдарлама көмегімен балалар тест жауап-тарын бірден немесе барлық тест сұрақ-тарына түгелдей жауап бергеннен кейін көруіне болады. Бұл балаларды қызық-тыруға мүмкіндік жасайды, сондай-ақ білімдерін бағалаудың әділ жолы деп санайды.

Бұл бағдарламаның көмегімен тесті-леудің бірнеше түрлерін (дұрыс жауабын таңдау, сәйкестендіру, өздік жауап, бірне-ше таңдау, әрекетер тізбегі) қолдануға бо-лады.

Қазіргі кездегі ақпараттық техноло-гиялар оқу материалдарын иллюстрация жасау кезінде (мысалы анимациялы слайд-фильмдер) қолданылады. Бұл оқу үрдісін қозғалыста бейнелеуге мүмкіндік береді. Компьютердің көмегімен дыбыстық және бейнефрагменттерді де демонстрация жасауға болады.

Қазіргі заманғы ақпараттық техноло-гияларды пайдалану өз білімін көтеру тиім-ділігін де арттырады. Бұл бірінші кезекте сандық түрде жазылған ақпараттарды пай-далану кезінде қажетті мәліметтерді оңай табуға мүмкіндік береді. Қазіргі кезде көп-теген әлемге танымал энциклопедиялар, сөздіктер электронды түрге айналды-рылған.

Білім берудегі ақпараттық техно-логиялар оқытуда қолданылатын электрон-ды құралдар мен оларды функционалдау тәсілдерінің жиынтығын анықтайды. Білім беруде қолданылатын бағдарламалық-техникалық құралдардың классифика-циялық белгілері ретінде мыналарды ай-туға болады:

- дидактикалық бағыт;

- бағдарламалық ұсыныс;

- техникалық ұсыныс;

- пәндік аумақта қолданылуы.

Дидактикалық бағыт бойынша классификация

Бағдарламалық-аппараттық комплекстің дидактикалық бағыты бойынша классификация белгілерін кейбір әдебиеттерден кездестіруге болады. Мысалы, үйренушілерге компьютер арқылы берілетін білімді келесідей классификациялау керек. Біріншіден, білімді анықыталған және анықталмаған деп бөлу қажет болып табылады. Ал, кейінірек жасанды интеллект аумағында зерттеулердің дамуымен бұл білімдер артикулденетін және артикул денбейтін болып аталатын болды.

Білімнің артикулденетін бөлімі – бұл үйренушілерге ақпараттарды (мәтіндік, графикалық, бейне, т.б.) бірнеше бөлік-терге бөлу арқылы беруге болатын және оңай құралатын білімдер.

Білімнің артикулденбейтін бөлімі – интуиция, өтіл (опыт) негізінде құралған білімдер. Бұл бөлімнің білімі үйрену-шілерге берілмейтін, практикалық есеп-терді шығаруда жеке тапсырмаларды орын-дау кезінде қол жеткізуге болатын іскер-лікті, тапқырлықты және адам өтілінің бас-қа бөлімдерін қамтиды. Білімнің мұндай классификациясына сүйене отырып, оқыту бағдарламалық-аппаратық комплекстерді классификациялауға болады. Осы комп-лекстер негізінде құралған және білімнің артикулденген бөлімін оқытуда қолда-нылатын технологиялар декларативтік деп аталады. Декларативтік технологияларға мыналарды жатқызуға болады: компью-терлік оқулықтар; оқытылатын мәліметтер қоры; үйренушілерге белгіленген ақпа-ратты ұсынатын, дұрыс меңгеруін тексе-ретін, сақтауға мүмкіндік беретін мәтіндік және бақылау бағдарламалары мен басқа компьютерлік құралдар.

Бағдарламалық-аппараттық комп-лекстерді құруда және білімнің арти-кулденбеген бөлімін меңгеруде қолданы-латын технологиялар процедурлік деп ата-лады. Бұл топтың компьютерлік ақпарат-тық технологиялары білімнің ақпараттарын бірнеше бөліктерге бөліп тексермейді және ақпарат бөліктерін қамтымайды. Олар әр-түрлі модельдер негізінде құрылған. Бұл жағдайда компьютерлік ақпараттық техно-логияларға мыналар жатады:

- қолданбалы бағдарламалар пакеті (ҚБП);

- компьютерлік тренажерлер (КТ);

- зертханалық практикумдер;

- ойындардың бағдарламалы;

- үйренушілерге зерттеу кезінде оқытылатын пән бойынша білім алуына (қосуына) мүмкіндік беретін экспертті үйрену жүйелері (ЭҮЖ) және басқа да компьютерлік құралдар.

Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі - білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін жағдайлар жасау керек» - деп көрсетілген. Солардың бірі білім беруді ақпараттандыру барысында дидактикалық және оқыту құралы болып компьютер саналады. Сондықтан кез келген білім беру саласында мультимедиялық электрондық оқыту құралдары барлық пәндерді оқытуға пайдаланады. Бұл бағытта ақпараттық технологияны оқыту үрдісіне екпінді түрде енгізу бағытында және қолданылатын жаңа құралдардың бірі – бағдарламалық – техникалық кешен болып саналатын «Активті экран» болып табылады.

Білім берудегі интерактивті технология - мұндағы интерактивті сөзі - inter (бірлесу), act (әрекет жасау)ұғымын білдіреді, сабақ барысында оқушының топпен жұмыс жасауға қатыспауы мүмкін емес, бірін бір толықтыратын, сабақ барысында барлық оқушылардың қатысуын ұйымдастыратын оқыту барысы.

Интерактивті тақтаны қолданудың тиімділігі:

1) Сабақтың қарқынды өтуі

2) Қызығушылықтың артуы

3) Әр балаға жеке білім беру

4) Берілетін материалдың тиімділігі

5) Шектеусіз ресурстар

Интерактивті тақта –дегеніміз не?

Интерактивті тақта – бұл компьютердің қосымша құрылғыларының бірі және де дәріс берушіге немесе баяндамашыға екі түрлі құралдарды біріктіретін: ақпараттың кескіні мен қарапайым маркер тақтасын біріктіретін құрал. Бүгінгі күні бірнеше ИТ түрлері бар.

Активті қалам – дегеніміз не?

Aктивті қалам – бұл меңзерді басқару құрылғысы және компьютер мен тақта арасындағы байланысты іске асырушы құрылғы.

Флипчарт – бұл бірнеше қажетті беттерден тұратын негізгі жұмыс аймағы. Бұл аймақта презентацияны құруға және оны көрсетуге қажетті құралдардың барлығы көрсетіледі. Бірнеше флипчарттарды бірден ашып, бір флипчарттан келесі флипчартқа, объектілерге сілтемелер қоюға немесе объектілерді бір мезетте келесі бетке көшіруге болады. Флипчартты басу құрылғысынан шығаруға немесе әр түрлі форматтарда экспорттауға болады.

Ақпараттық – коммуникациялық технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті құралдарды қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді.

Ақпараттық – коммуникациялық технологияның келешек ұрпақтың жан – жақ-ты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол.

ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір.

Білім беру үрдісін ақпараттандыру – жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарлатуды көздейді.

Заманымызға сай қазіргі қоғамды ақпараттандыруда педагогтардың біліктілігін ақпараттық – коммуникациялық технологияны қолдану саласы бойынша көтеру негізгі міндеттерінің біріне айналды.

ӘДЕБИЕТТЕР

1. Ақпараттандыру туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы N 217 Заңы

2. Бөрібаев Б, Балапанов Е. Жаңа ақпараттық технологиялар. – Алматы, 2001.

3. Мұғамежанова С.Т. Информатика пәнін оқыту әдістемесі. - Алматы, 2006.

4. Каймин В.А. Курс информатики: состояние, методика и перспективы. Информатика и образование; 1990; №6.

5. Зимин А.Л., Хеннер Е.К. Повышение квалификаций работников образования в области информационно-коммуникационных технологий. Информатика и образование; 2004; №12.

6. Хеннер Е.К., Шестаков А.П. Информационно-коммуникационная компетентность учителя: структура, требования и система измерения. Информатика и образование; 2004; №12.



К содержанию номера журнала: Вестник КАСУ №6 - 2011


 © 2024 - Вестник КАСУ