Update site in the process

   Главная  | О журнале  | Авторы  | Новости  | Вопросы / Ответы


К содержанию номера журнала: Вестник КАСУ №5 - 2011

Авторы: Кадырова Алия Еркайраткызы, Маширбаева Нурганым Сейткамзакызы

Елімізді мекендеген өзге ұлт өкіл-дерінің мемлекеттік тілді меңгеруі - бүгінгі күннің өзекті мәселесі екендігі баршамызға белгілі. Бұл іс біріншіден, әлеуметтік сұранысқа негізделген мемлекеттік қажеттілікті нысана еткен жағдайда, екіншіден, бүгінгі оқыту жүйесіндегі қазақ тілінен берілетін білім нәтиже берген жағдайда ғана алға басады.

Орыс тілді мектепте қазақ тілін оқыту әдістемесінің мақсаты – мұғалімдерді қазақ тілін оқытудың ғылыми негізімен қаруландыру, қазақ тілін екінші тіл ретінде оқытудың өзіндік ерекшелігін меңгерту, қазақ тілін орыс мектебінде оқытудың түрлі әдіс-тәсілдері мен тиімді жолдарымен таныстыру, оқушыларды қазақша сөйлеуге дағдыландыруда қолдана білуге бейімдеу, бағыттау. Заман ағымына сай, білім беруді дамыту, білім сапасын әлемдік деңгейге көтеру – кез-келген оқу орнының және ұстаздың басты міндеті. Әр ұстаз өз оқушысының білікті, білімді азамат болғанын қалайды.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы заңында»: «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау» делінсе, басым міндеттерінің бірі ретінде – «жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, жеке басының дамуы үшін жағдай жасау арқылы интеллектінің байыту», - деп көрсеткен.

Қазақстан Республикасының «Тіл туралы заңында»: «Тіл – ұлттың аса ұлы игілігі әрі оның өзіне тән ажырамас белгісі, ұлттық мәдениеттің гүлденуі мен адамдардың тарихи қалыптасқан тұрақты қауымдастығы ретінде ұлттың өзінің болашағы – тілдің дамуына, оның қоғамдық қызметінің кеңеюіне тығыз байланысты» делінген.

Осы алған тәжірибелі – эксперименттік жұмысының (ТЭЖ) «Білім беру үрдісінде субъектінің коммуникативтік құзыретін және жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыру» атты тақырыбы өткен ізденіс тақырыбының жалғасы іспетті. 2008-2009 оқу жылынан бастап, жаңа ТЭЖ тақырыбы бойынша жұмыс істеуге кірістік. Біз қала, гимназия және мектепішілік әдістемелік бірлестігінің (МӘБ) тақырыптарына сай өзіміздің жеке тақырыбымызды таңдап алдық. Осы тақырыпты алудың себебі, қазіргі таңда білім беру үрдісіндегі құзыреттілік мәселесі. Қазіргі заманға сай мектептерге оқытудың тиімділігін арттырып, оң нәтижелерге қол жеткізуге көмектесетін бәсекеге қабілетті, құзыретті мұғалім аса қажет. Қазіргі білім беру үдерісі дара тұлғаға бағытталып, оқушының қатысымдық, зияткерлік, ақпараттық, сөйлеу құзыреттіліктерін, әлеуметтенуге бейімділігін дамыту міндеттерімен ұштасып жатқандықтан, білім мазмұны жеке тұлғаны жан-жақты дамытуға бағытталуы тиіс. Ғалым Ф. Оразбаева: «Қазақ тілін оқытуда әр түрлі амалдар мен жолдар қолданылғанымен, әр оқытушы үшін ең ұтымды, ең пайдалысы – оқушының қоғамдық ортада пікір алмасуын, адамдардың түсінісу қажеттілігін өтейтін, басқа ұлт өкілдері үшін, қазақ тілінде сөйлесе білуді қамтамасыз ететін түрі», - деп жазады (1; 141-142).

Осы үрдістер ұстаздың қызметін эксперимент сипатына тең жаңа құндылықтарға бағыттайды, ал ол кәсіби құзырлықты арттырудағы негізгі мәселені ашады, яғни эксперименттік мәдениетті қалыптастырады.

Эксперименттің жағымды да, жағымсыз нәтижелерінің бар екенін естен шығармау керек. Себептері әр түрлі болуы мүмкін: жағымсыз, жетілмеген жағдайлар, педагогикалық әрекет жобасының дұрыс болмауы, ойланбағандық және т.б. Егер эксперимент нақты дайындалған, әдістемелік сауатты қамтамасыз етілген, ғылыми дәлелген болса, оның нәтижесі де жоғары болады.

І ТАРАУ

Зерттеу нысаны: 5 «Г», «М» сынып оқушыларына қазақ тілін екінші және шет тілі ретінде оқыту үрдісі.

Зерттеу пәні: Қазақ тілі сабағында оқушылардың коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру теориясы мен әдістемесі.

Зерттеудің мақсаты:

- Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін үйрену үрдесін оңтайлы етіп, ғылыми-тәжірибелі дәйектеме негізінде табиғи мүмкіндіктерді туғызу;

- Өнімді моделдерді анықтай отырып, зерттеудің жүзеге асуына тиімді жағдайларды туғызу.

Зерттеудің міндеттері:

- оқушылардың тілді меңгерудегі психологиялық кедергісін жою;

- оқытудың психологиялық және дидактикалық негіздерін анықтау;

- жалпы коммуникативтік құзыретке жататын лингвистикалық, тілдік, әлеуметтік, мәдени-әлеуметтік және стратегиялық құзыреттерін қалыптастыру бойынша тапсырмалар мен жаттығулар жүйесін құру;

- оқушылардың қазақ тілінде сөйлеу бойынша коммуникативтік құзыреттің білім, білік дағдыларын анықтау өлшемдерін құру;

- ұсынылған оқыту жүйесінің тиімділігін тексеру мақсатында педагогикалық экспериментті жүргізу;

- аудио және электронды түрінде жасалған тапсырмалар жүйесін дайындау;

- ұлттық және мәдени құндылықтарды оқушылардың бойына сіңіру;

- Қазақ халқының көрнекті педагог-ағартушылары А. Байтұрсынов, Ы. Алтынсарин және т.б. ұлы ағартушылардың педагогикалық идеяларын қолдану, жүзеге асыру;

- қазақ тілі сабағында аймақтық компонентті қолдану;

- қазақ тілі бойынша оқу материалдарының үштілдік салыстырмалы түрде ерекшеліктерін анықтау;

- қабілетті және дарынды балаларды анықтау;

Зерттеу жұмысының жаңашылдығы: Бұл зерттеу жұмысында оқушы жеке тұлға ретінде танылып, жеке тұлғаның коммуникативтік құзыреттілігінің даму заңдылықтары қазақ тілін оқыту процесінің байланыстырыла келе, әдіснамалық-теориялық негіздерге сүйіне отырып, анықталады. Зерттеліп отырған жұмысының тақырыбы бұрын зерттеу нысаны болмағандықтан, қазақ тілін өзге ұлт өкілдеріне нәтижеге бағыттап оқытудағы коммуникативтік құзыреттілік мәселесін қарастырылып отыр. Қазіргі кезде оқу орыс тілінде жүргізілетін мектеп оқушыларының коммуникативтік құзыреттілігінің сапалы дамытылуы басты нысанға айналып отыр, әрі білім беру үрдісінде құзыреттілік мәселесіне көп көңіл бөлінуде. Бұл жұмыстың жаңашылдығын көрсетеді.

Зерттеу болжамы: Қазақ тілінде еркін сөйлейтін бәсекеге қабілетті және жан-жақты дамыған тұлға қалыптастыру.

Зерттеу оқу әрекетінің жалпы педагогикалық принциптері:

- жеке тұлғаны қалыптастыруға жағдай туғызу;

- өзін-өзі жетілдіру;

- таңдау;

- бірізділік;

- жетістік;

- субъектілік;

- жеке тұлғаны қалыптастыруға жағдай туғызу;

- құнды бағдарлар т.б.

Зерттеу әдістері: Теориялық талдау әдісі, жүйелік әдісі, сұрау әдісі (анкеталау, тестілеу, интервью алу), бақылау жүргізу (тікелей және жанама түрдегі), бағалау әдісі, тәжірибе жүргізу және т.б.

Зертеудің әдіснамасын құраушылар ретінде Л.С. Выготскийдің, А.П.Леонтьев, К.К. Платоновалардың еңбектерінде сөйлеу мен сөйлеу іс-әрекеттерінде педагогикалық теория және оқытудың тұлғалық бағыттауы мұғалімнің субъекті мен субъектіге қарым-қатынасы туралы философиялық көзқарасы атап көрсетілуі – жұмыстың әдіснамалық негізі болып табылады. Сол сияқты М.М. Жанпейісова, Қараев, И. Кубаева, А. Астафьев, П.К. Анохин т.б. педагогикалық ғылымының докторлар мен ғалымдардың баланың жаңа ақпаратты қабылдау, сараптау, есте сақтау және сөйлеу үрдісі туралы ілімдері де жұмыстың әдістемелік негізін құрайды.

Зерттеудің практикалық маңызы: Зерттеу жұмысы нәтижелері оқытушыларға, болашақ қазақ тілі мамандарына ұсынуға болады. Сондай-ақ, 5-8 сынып оқушыларына қазақ тілі пәні бойынша бақылау жұмыстарының жинағы, 5-9 сынып оқушыларына арналған электрондық оқулық құрастырылып, ресми түрде қабылданды; оқушылардың қазақ тілінде сөйлеу бойынша коммуникативтік құзыреттілігінің білім, білік дағдыларын анықтау өлшемдері құрастырылды; эксперименттік алаңдағы оқушылардың психологиялық, педагогикалық ерекшеліктері анықталып, практикалық жүзеге асырылды.

Зерттеу жұмысының сарапталуы мен талқылануы: ӘБ (әдістемелік бірлестік) отырысында, педагогикалық кеңесінің отырысында талқыланып, сайысқа түскен жұмыстардың арасында 1 жүлделі орынға ие болды, «Ең үздік ӘБ жетекшісі – 2009» атты қалалық қашықтық тыс сайысында зерттеу жұмысының нәтижелері көрсетіліп, жоғары бағаға ие болды.

Зерттеу жұмысының құрылымы: Ғылыми жұмыс кіріспеден, негізгі екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

ІІ ТАРАУ

ТЭЖ кезеңдері:

І. Ізденіс кезеңі (2008-2009 ж.ж.)

Іс-шаралары:

- идеяны қабылдау, эксперименттің мақсаты мен міндеттерін нақты түсіну;

- ТЭЖ-ды тиімді ұйымдастыру және баға берудің көрсеткіші мен белгілерін білу;

- жобалау - іске асыру қызметін ойлана анықтау (жоспарлар, бағдармалар, жағдай жасау, педагогикалық іс-әрекеттер, нұсқаулар);

- өздік диагностика және педагогикалық-психологиялық диагностиканың негізінде эксперименттің мақсатты мониторингі;

- психологиялық, әдістемелік, медициналық және валеологиялық қызметтер мен ынтымақтастықта болуы;

- ТЭЖ аралық және қорытынды нәтижелерін объективті белгілеу;

- Зертеу жұмыстың тақырыбын енгізу мен ресми түрде қабылдау ретінде эксперименттік алаңдарды анықтау,

- «Оқытушы–оқушы–ата-ана» одақтығын құру;

- қабілетті және дарынды балаларды анықтау.

ІІ. Эксперименттік кезеңі (2009-2012 ж.ж.)

Іс-шаралары:

- қалалық, облыстық теориялық семинарларға, шығармашылық сайыстарға қатысу, оқу-әдістемелік кешені қалыптастыру;

- авторлық бағдарлама жасау, оқушылардың құзыреттіліктерін қалыптастыру бойынша тапсырмалар мен жаттығулар жүйесін құру;

- эксперименттің портфолиосын құру;

- анықталған нәтижелерді салыстырып, психологиялық-педагогикалық тестілеуді жалғастыру;

- оқу-тәрбие үрдісінде белгілі бір лексикалық және грамматикалық тақырыптары бойынша әзірлеген оқу-әдістемелік кешенін қолдану;

- ТЭЖ арлық кескінін өткізу және түзету жұмысын жүргізу.

Кескін 1. Коммуникативтік оқытудың сөйлеу әрекетінің мониторингі

Кескін 2. Жан-жақты дамыған тұлғаның білім, білік, икем дағдыларын анықтау өлшемдері

- үлгерім деңгейі;

- қорытынды жасау деңгейі;

- сөйлеу әрекеті дамуының деңгейі;

- баяндама жасау деңгейі;

- шығармашылық деңгейі;

- өзін-өзі бағалау деңгейі;

- оқушының белсенділік деңгейі;

- ізденіс жұмысымен айналысу деңгейі;

- шет тілі мәдениетін игеру деңгейі;

- әртістік шеберлігінің деңгейі;

- пән бойынша ООД (оқушылардың оқу деңгейі);

- өзін-өзі жетілдіру деңгейі,

- көркем оқу шеберлігінің деңгейі.

Кескін 3. Жалпы оқу икем мен дағдылары

Кескін 5. А.Ф. Фидпердің методикасы (кестедегі «0» таңбасы – оқушылар ұжымының жағымды және жағымсыз жақта тұрғанын анықтайтын белгі, біздің көрсеткіш бойынша көбі жағымды жағында)

Кескін 6. Оқушылардың қабілеттіліктерін анықтау

Кескін 7. Оқушылардың ойлау және интеллектуалдық іс-әрекеттері

Қорытынды кезеңі (2012-2013 ж.ж.)

Іс-шаралары:

- нәтижелерді ресімдеу (белгіленген мәселе бойынша ғылыми есеп, баяндама, журнал, газеттерде жарияланымдар, зерттеу бағдарлама бойынша дидактикалық материал, әдістемелік құрал, әдістемелік нұсқаулар, мұғалімдер, оқушылардың шығармашылық, зерттеу немесе жобалау жұмыстарының жинақтары және т.б.)

- жаңа ізденіс тақырыбын таңдау.

Қорытынды: Гимназияның 5 «Г», «М» сыныптарында қазақ тілін тиімді оқыту арқылы оқушылардың коммуникативтік құзыреттіліктерін қалыптастыру және дамыту мынадай жағдайларды басшылыққа алғанда ғана мүмкін болады:

- тілді терең меңгеріп, тілдік қатынаста қолдану дағдыларына ие болуы тек осы мақсатқа лайықталып, құрылған арнаулы оқыту технологиясы арқылы ғана жүзеге асады;

- оқушылардың өзін-өзі басқару, өзін -өзі жетілдіру, өзінің ақыл-ой қызметінің мүмкіндіктерін ізденімдік-зерттеу және өз бетімен танып-білу барысында толық түрде іске қосу, алған біліміне рефлексикалық тұрғыдан сыни баға бере алу, өзін-өзі тексеру дағдыларына ие болғанда мүмкін бо-лады.

ӘДЕБИЕТТЕР

1. ҚР Білім және ғылым министрлігі, ОБД, АҚББ нормативті құжаттары; ҚР заңдары мен құқықтық – нормативті актілер;

2. Жанпейісова М.М. Модульдік оқыту технологиясы;

3. Карманова Н.А. Формирование вторичной языковой личности в условиях использования новых информационных технологий в преподавании иностранных языков / АКД. – М., 2005. – 28 б.

4. Кубаева И. Казахский язык / Просто о невероятно сложном. - Алматы: Маркет, 2005. – 104 б.

5. Қадашева Қ. Қазақ тілін оқыту әдіс-темесі. - Астана: Атамұра, 2006. – 240 б.

6. Қасымова Р.Т. Тезаурусно–ориентированная технология формирования русской лексической компетенции учащихся начальных классов в школах с казахским языком обучения / АДД. – А, 2005. – 52 б.

7. Құнанбаева С. Современное иноязычное образование: Методология и теория. – Алматы, 2005. – 352 б.

8. Қараев Ж. Оқытудың педагогикалық технологиясы.

9. Қазақ тілі бағдарламасы. 5 сынып. (Халықаралық стандарттарға сәйкес жасалған) / УМИ. –Алматы, 2006. – 11 б.

10. Оразахынова Н. Сатылай комплексті талдау.

11. Орыс мектептерінде қазақ тілін еуростандарт негізінде оқытудың тиімділігі / Академик Ш.Ш.Сарыбаев және қазақ тіл білімі мәселелеулері. – Алматы, 2005. –677-681 б.

12. Педагогический эксперимент // Открытая школа. – Алматы, 2005. - № 2. – 50-52 б.

13. Педагогический эксперимент // Открытая школа. – Алматы, 2005. - № 3. – 49-52 б.

14. Сүлейменова Ж. Қазіргі қазақ тілі морфологиясын оқытуда белсенді әдістерді қолдану. Монография / Алматы, 2006. – 252 б.

15. Хуторской А.В. Негізгі және пәндік құзыреттілікті жобалау технологиясы.



К содержанию номера журнала: Вестник КАСУ №5 - 2011


 © 2017 - Вестник КАСУ