Главная  | О журнале  | Авторы  | Новости  | Конкурсы  | Научные мероприятия  | Вопросы / Ответы

Криминалистикадағы жаңа инновациялық технологиялар мен әдістерінің қолданылуы

К содержанию номера журнала: Вестник КАСУ №4 - 2011

Авторы: Айтказина Салтанат Васильевна, Жазыкбаева Кымбат Кабылкаковна

Қоғамдық қатынастардағы пайда болған осы құбылысты, жаңалық енгізу деген техникалық мағынаны білдіретін «инновация» термині деп атайды. Сонымен қатар ғылыми қызмет нәтижелерінің мол болуын білдіреді.

Криминалистік техника жалпы екі мағынада қолданылады. Бірінші мағынасы, криминалистика ғылымының бөлімі ретінде болса, екінші жағынан - техникалық құралдар жиынтығы.

Жұмыстың мақсаты тақырыптың актуалдығы мен шешілетін мәселесінің маңыздылығынан туындап отыр. Қылмысты ашу және тергеу, іздестіру мен дәлелдеу, криминалистік.

Техниканы қолданушы субъектілердің ақпараттың жетіспеушілігіне, оны алудың қиындығына, уақыттың тығыздығына, кәсіби деңгейі мақсатында арнайы инновациялық технологиялар қолданылады.

Нақты бір қылмыстық іс бойынша тергеудің тиімділігі тергеуші мен олардың арасындағы ара қатынасқа тартылған тұлға орнатқан ақпараттың криминалистік маңызының көлеміне байланысты.

Қылмысты зерттеуші тұлғаның ақпараттық – аналитикалық жұмысы жинақтау, сақтау, жүйелеу және шешім қабылдау мақсатындағы дәлелді сараптау мен ақпаратты болжаудан тұрады

Мұндай ақпараттардың көзі болып табылады:

а) қылмыс туралы өтініш пен хабарлама;

б) тексеру ісінің және оперативті – іздестіру шараларының қорытындылары;

в) сараптамашылар мен қорытынды мамандар қорытындылары;

г) криминалдық және басқа да есептер мәліметтері;

д) қылмыстық сот ісіне қатысушылардың берген әртүрлі мағлұматтары;

е) бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлары;

ж) қылмыстық іс материалдары мен бас тарту материалдары;

з) оперативтік мәліметтердің, болжамдардың мәліметтері;

и) әртүрлі ұйымдар, мекемелер, өндірістер, т.б. түскен ақпараттар.

Тергеуші ақпараттар тобын өңдеп, одан криминалистік маңыздыларын ерекшелеуі керек. Бұл жерде ақпараттың жетіспеушілігіне, оны алудың қиындығына, уақыттың тығыздығына, кәсіби деңгейдің төмендігіне қарамастан қателік жібермеуі қажет. Мұндайда уақыттың көп бөлігі әртүрлі құжаттарды: хаттамалар, қаулылар, сұраныстар, т.б. құрастыру сияқты жұмыстарға жұмсалады. Криминалистикада қылмыстық іздерді алу, ашу және зерттеуді инновациялық технологиялар көмегімен жүзеге асырып, қолданады.

Мынандай әдіс құралдарды көрсететін болсақ:

Компьютерлік техниканың көмегімен ақпараттық үрдістер ғана емес, судьялардың шешімдеріне сәйкес тергеушілердің, сараптамашылардың, оперативті қызметкерлердің шешімдерін қолдау компьютерлендіру жүйесіне енгізілуде.

Нақты бір істерді тексеруде қылмыстың құрамы, әрекеті, қылмыстық қастандық, жапа шегуші, т.б. туралы компьютерде диалогтық кестеде мәлімет енгізіледі. Өңдеуден кейін экранға тексеру барысында қолданылуы мүмкін мәліметтерді эпизод бойынша, қатысушылар бойынша тексеру ісін топтауға болатын, тексеру ісін қалай жүргізу керектігін нақты айтып беретін, тектерін, есімдері, мерзімдерін, т.с.с. қатысты эпизодтарды құрауда кепілдеме беріледі.

Компьютерлік техниканы тіпті қолдану «жасанды зият» әдісі негізінде күрделі формада қолдану компьютер қабылдаған шешімді орындауда тексеруші немесе сараптамашы ойланбай әрекет ететіндіктерін білдірмейді. Біріншіден, компьютерлік «зият» бұл жағдайда тексерушілік (сараптамалық) әрекеттің озық әдіс – тәсілі болып табылады, ал екіншіден, сөз міндеттілік белгілері жоқ түрдегі кеңестер туралы болып отыр.

Тәжірибе көрсеткеніндей, компьютерлендірілген ақпараттар жүйесі төмендегідей ережелерді сақтауда еңбекке қабілетті болды:

1) барлық енгізілген ақпараттар арнаулы сөздікті қолдану тілінде жазылуы қажет;

2) ақпаратты өңдеу бір типті міндеттер тобына жататын, шыққан шешімі өзгеруі ықтимал кез келген нақты міндетті шешуге мүмкіндік беретін нақты анықталған операцияның жүргізілу алгоритмімен сәйкес жүргізілуі қажет.

Жоғарыда айтылғандардың барлығы қазіргі компьютерлік жүйелердің жоғарғы оқу орындарында, сондай – ақ судьялардың, тексерушілердің, оперативтік қызметкерлердің біліктілігін арттыруда криминалистиканы оқыту үрдісінде кең қолданылуы қажеттігін білдіреді. Осы мақсатта зерттеу әрекеттерінің жеке түрлері (мысалы, оқиға болған жерді тексеру), сондай – ақ тексерудің толық: «Кісі өлтіру», «Тексе-руші», «Рекет», «Мираж» бағдарлама – жаттығу құрылғыларының қатары құрылды.

Оқыту үрдісінде компьютерді қолданудың тиімділігі студентке немесе ақпаратты басқарушыға олардың қабылдау, өңдеу, жіберу қабілеттіліктерін арттырумен байланысты. Бұл орайда алдын ала бағдарлама жасалған.

Криминалистиканы оқуда компьютерді қолданудың келешегін анықтай отырып, төмендегілерді атап өтуге болады:

1) аталмыш техника құралдарын қолдану мен автоматтандырылған ақпараттық – сұраныстық жүйесін қолдану;

2) компьютерлік база жүйесіндегі шешім қабылдауды қолдау, әртүрлі міндет атқарушы қызметкерлерінің, құқық қорғаушы органдарының құрылымдарының автоматтандырылған жұмыс орындары;

3) криминалистік техника, тактика, әдіс – тәсіл бойынша тәжірибелік сабақтарда компьютерді қолдану;

4) қылмыстың жекелеген түрлерін (имитациялық оқу жүйесі базасында) ашу мен тексерудің тәжірибелік дағдысында компьютерлерді қолдану;

5) криминалистиканың әртүрлі бөлімдері мен салалары бойынша компьютерлік білім бақылауын қолдану.

Үшінші бағытқа «Қару - жарақ» және «Суық қару» автоматтандырылған ақпараттар жүйесі қызметі мысал бола алады. «Суық қару» жүйесіне назар аудара отырып, белгі, құрылым, әртүрлі суық қаруларды ұстау әрекеттері, дайындалу әдіс – тәсілдері туралы ақпарат алуға болады. «Қару - жарақ» жүйесі қазіргі отты қарулар мен бүгінгі қарулар туралы мәліметтер бар.

Автоматтық баллистикалық сәйкестендіру жүйесі (АБСЖ) «Таис». Бұл құрылғы оқтың үстіңгі жағының электрондық көшірмелерінің және гильзаның үстіңгі жағының дон насын сәйкестендіру жағдайын анықтаумен базаға енгізу мақсатында қолданылады.

ЭВМ–ді қолдану криминалистік тексеру әдісі арқылы жекелеген қылмыс түр-лерін тексеру мен ашуда тәжірибелік дағды алу үшін тиімді. Оқытудың имитациялық жүйелері ("Тексерущі", "Өлтіру", "Мүрде-сіз өлтіру", "Рэкет", "Зорлауды тексеру") қылмыстық істі тексерудің жетістігі негізінде құрылған, сондықтан студенттерде жекелеген қылмыс түрлерін ашу мен тексеруде дұрыс шешім қабылдай білу дағдыларын қалыптастырады.

Сонымен, желілік жоспарлау әдеттегі күнтізбелік жоспар алдында басымды екендігі сөзсіз. Оны қолданудың мақсаты жоспарлау сапасын арттыру, уақытты рационалды қолданудың есебінен тексеру мерзімін қысқарту және әрекет жоспарының орындалуын үнемі қадағалау. Персоналды компьютердегі желілік графика параметрінің есебі уақыт пен құралды жұмсау тұрғысынан әрекет нұсқасын таңдауға көмектеседі. Бұл әдіс барлық міндеттер мен мақсаттар арасын нақты қалыптастыруға, қылмыстық істі зерттеудің алғашқы кезеңі мен келесі кезеңдерін бақылауға көмектеседі, тексерудің әрбір күніне қатысты істің мән – жайы туралы тексерушіге уақтылы ақпарат беруге мүмкіндік туғызады. Желілік жоспарлаудың әдіс – тәсілдерін оқыту кезеңінде меңгеру жоғарғы оқу орындарында криминалистиканы оқытуда маңызды міндеттердің бірі болып табылады. Оқыту ісі студенттік аудиториямен арадағы байланыстың үнемі болғандығын, білімді сапалы да саналы терең меңгеруді, тексеру әрекетінде тәжірибелік міндеттерді шешуде оны қолдана білуді қажет ететіндігі белгілі. Сондықтан оқыту үрдісінде студенттер білімін бақылау бағдарламасын енгізу компьютерді қолданудың негізгі формаларының бірі болып табылады. Криминалистикадағы жаңа инновациялық технологиялар мен әдістерді ұйымдастыру саласындағы тиiмдiлігін одан әрі арттыруға, кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыруға, техникалық құралдарды жаңғырту мен жетiлдiруге себеп болатын іс-шараларды, деректер банкiнiң жалпыға бiрдей қол жетiмдiлігін қамтамасыз ететін бiрiктiрiлген автоматтандырылған сәйкестендiру жүйелерiн құру жолымен құқықтық статистика мен арнайы есепке алуды пайдалану жөнiндегi құқық қорғау органдарының мемлекетаралық ықпалдастығын қамтамасыз етеді.

Автоматтандырылған дактилоскопиялық идентификациялық жүйе (АДИС) - бұл программалық техникалық кешен, дактилоскопиялық есептер жүргізу мен қол іздерін алу үшін арналған, ашылмаған қылмыстар орнынан алынған тұлғаның дактилокарт сілемі арқылы дактилоскопиялық септерінен құрылған жүйе. Соңғы жылдары бірнеше «АДИС» өңделіп және енгізілген, айрықша жетілген жүйелердің бірі Папилон пайда болды.

«Адис Папилон» ең бірінші отандық – компьютерлік жүйесі, әр түрлі дактилокарт сілемесін, олардың сапасын алдын алусыз іріктеу мерзімді мінездемелерді қамтамасыз етеді.

Бүкіл дактилоскопиялық мәліметтерге тексерулер жүргізіліп, нәтижелер шығарылады. Қылмыскерді сәйкестендіру тірі сканер «Папилон»-нан өткізіледі, дактилоскопияны бояусыз шығаратын оптоэлектрондық құрал болып табылады.

Криминалистикалық мүмкіндіктер үлкен ЭВМ-ді қолданумен алмастыратын аналитикалық жүйе «Квадрат» өндірілген. Жүйе қаладағы бүкіл қылмыстың түрін, оның шекарадан бөлінуін және нақты қылмыс түрлерін береді. Анализ қылмыстық орындарды айқындау үшін көмектеседі.

ҚР-ның ұзақ уақыт бойы құқық қорғау органдарында бейнетаспа және фото түсір ілімдерді автоматтандыру бағыты бойынша жұмыс жүргізілуде. Тұлғаларды фото бейне базаларында автоматтандырылған түрде іздеу жаңашыл технологиялар енгізілген. Автоматтандырылған ақпараттар жүйесі (АИПС) “образ ++”. Бұл отандық өнертапқыштардың жұмысының нәтижесі.

Алматы және Астана қалаларының ІІД-ң ДНК зертханалары құрылған. Бұл бағыттың дамуында ең басты мақсат ашылмаған қылмыс орынан табылған генетикалық куәлік, биологиялық іздер тіркеу бойынша республикалық бөлімшесін құру. Жаңашылдық болып криминалистикалық тіркеуге дауыс биометриясын енгізу болып табылады. Құқық қорғау ойрандарының бөлімшелерінің ішінде орталықтандырылған тұлғалардың сөйлеу мәнеріндегі фонограммаларға тіркеу базасын құру.

Шетел мемлекетімен қатар, бізде де автокөлікте орнатылған жылжымалы лабораториялар бар. Фототүсірілімге автоматтық фотокамералар қолданылады, фотобасылым процестерін қоспағанда, видео-бейнетаспаны теледидардан көру мүмкіншілігін береді.

Криминалистика мен иіс сезгіш иттерді асырау үйлесімінде пайда болған криминалистикалық одорология әдісі қылмыстардың бетон ашу мен тергеудегі адам иісін қолданудың жаңа сатысы болып табылады.

Одорологиялық әдіс адамды сипаттайтын иіс заттарын оқиға болған жердің бейне көрінісінің заттарын жинауға, оларды тергеудің бүкіл аралығында сақтау мен белгілі бір субъектінің жасалған қылмысқа қатыстылығын тексеріп, анықтауға мүмкіндік береді. Одорологиялық объектілерді кинологиялық зерттеу, иттердің сезім анализаторларының оларға берілетін адамдардың жануарлардың жеке иіс кешендерін есте сақтау мен жаңа үлгілер сияқты басқа иістермен аралас күйінде де тез арада есте сақтау спецификалық қабілетіне негізделген. Оқиға болған жерде иіс іздерін қамтитын мынандай объектілері болуы мүмкін: кепкен қан дақтары, шаш, тырнақ, адам ағзасының бөлінгіш және кепкен шіру процестері жоқ бөлшектері; жеке заттар, темекі қалдықтары; қылмыс құралы немене тірі адам денесімен жарты сағаттан аз емес уақыт аралығында қатынаста болған заттар; аяқ, аяқ киім іздері.

Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарында иттердің жүйке қызметі мен сезу ерекшеліктерін пайдалану арқылы Ресейдің сараптама – криминалистика орталығында ойлап табылған адамның жеке иісін зертханалық идентификациялау әдісі қолданылады.

Қорытындылай келсем, біздің ойымызша инновациялық технологиялардың тиімділігін одан әрі арттыруға, кадрлардың біліктілігін арттыруға және ұйымдастыруға, техникалық құралдарды жаңғырту мен жетілдіру, оның ары қарай дамуына қаражатпен және арнайы жоғарғы оқу орындарымен қамтамасыз ету.

Қылмыстарды ашу, тергеу мен оның алдын алудың тиімділігін арттыруды қамтамасыз ететін инновациялық технологиялардың дамуына үлкен жол ашуымыз керек.

ӘДЕБИЕТТЕР

1. Криминалистика. Учебник для юридических вузов. / Под ред. И.Ф. Пантелеева, Н.А. Селиванова. - М., 2007.

2. Минаев В.А. Информатика и вычислительная техника в деятельности органов внутренних дел: Учебное пособие. - М., 2006.

3. Федеральный научно-практический Жур-нал «Эксперт – криминалист», ИГ «Юрист», 2010.

4. Криминалистикалық техника тарауы бойынша қысқаша дәрістер жинағы. – Алматы, «Жеті Жарғы», 2005. - 144 б.



К содержанию номера журнала: Вестник КАСУ №4 - 2011


 © 2024 - Вестник КАСУ