Главная  | О журнале  | Авторы  | Новости  | Конкурсы  | Вопросы / Ответы

К содержанию номера журнала: Вестник КАСУ №3 - 2011

Автор: Суйеубаева С.Н.

Қазақстан Республикасында адам ресурстарының дамуын басқаруда жалпылықтан мақсаттылыққа көшуді меңзейді. Себебі, бүгінгі таңда адам ресурстарын дамыту мен басқаруға қатысты барлық мәселелер жаппайлығымен ерекшеленеді және сәйкесінше ауқымды масштабта шешіледі, ал әрбір индивидтің тұрақты дамуына әсер етуші факторлар тиісті деңгейде қарастырылмайды немесе мүлдем ескерілмейді. Атаулы проблеманы шешу үшін басқаруды кешенділік және жүйелік әдіспен жүзеге асыруы қажет. Біздіңше, ол әрбір адамның экономиканың дамуына салған үлесін болжайды, оның денсаулық жағдайын, кәсіби дағдылары мен интеллектуалдық қабілеттерін қарастырады. Және де адам ресурстарының дамуына әсер ететін факторлар мен алғышарттарды дер кезінде анықтап, әсер ету арқылы жағымды әлеуметтік-экономикалық нәтижеге қол жеткізіледі.

Адам ресурстарының тұрақты дамуының бірден-бір алғышарты оларға инвестиция салу болып табылады, себебі тек нысаналы жұм салымдар арқылы инновациялық экономика талаптарына сай білікті маман-кадрларға қол жеткізуге болады. Адам ресурстары өмірлік циклі барысында әртүрлі институттар тарапынан қаржыландырылады: жеке инвестициялар, отбасының инвестициялары, жұмыс берушінің инвестициялары және мемлекеттік инвестициялар. Адам ресурстарының дамуын белсенді қаржыландыру тұрақты экономикалық өсімге қол жеткізуге материалдық алғышарттарды қалыптастыруға ықпал етеді, себебі адам ресурстары жалпы ішкі өнімді өндірудің негізгі факторы болып табылады. Жалпы ішкі өнім көлемі өз кезегінде аймақ немесе республика деңгейінде адам ресурстарының тұрақты дамуын сипаттайтын бірегей көрсеткіш болып табылады [1]. Адам ресурстарын инвестициялаудың нәтижелілігі адамның өндірістік ерекшеліктерін қолданудың нақты шарттарына, адам ресурстарының параметрлерінің техникасының даму деңгейіне құрылымдық сәйкестігіне, сонымен қатар, оны инвестициялау сапасы мен құрылымына байланысты. Адам ресурстарын дамытуға жұмсалатын қаржылық ресурстардың тиімділігін, олардың аймақтың экономикалық өсуіне келтіретін әсерін және адам ресурстарының тұрақты дамуы мен экономикалық өсу арасындағы байланысты анықтау үшін математикалық статистика әдістерінің бірі – корреляциялық-регрессиялық талдау әдісін қолданамыз [2].

Бүгінгі таңда көптік регрессия – эконометриканың ең кең тараған түрі болып табылады. Көптік регрессияның негізгі мақсаты – нәтижелік көрсеткішке әрбір фактордың әсерін және де барлық факторлардың жиынтығының әсерін бағалауға мүмкіншілік беретін көпфакторлы үлгі құ-растыру. Көптік регрессия теңдеуін құрастыру үлгінің ерекшеліктері жайлы сұрақтарды шешіп алудан басталады. Ол келесідей сұрақтарды қамтиды: факторларды іріктеп алу және регрессия теңдеуінің түрін таңдау. Көптік регрессия теңдеуіне қандай да бір факторды қосу үшін зерттеуші нәти-желік көрсеткіштің басқа экономикалық құбылыстармен байланысын білу қажет. Көптік регрессияға қосылатын факторлар келесідей талаптарға сай болуы тиіс:

1) олар сандық өлшенуі тиіс. Егер де үлгіге қажетті фактордың сандық өлшенуі мүмкін болмаса, онда оған сандық сипаттама беру қажет;

2) факторлар өзара тығыз функционалдық байланыста немесе интеркоррелирленген болмауы тиіс.

Үлгіге интеркоррелляциясы жоғары факторларды қосу жағымсыз нәтижелерге соқтыруы мүмкін – қалыпты теңдеулер жүйесін нашарлатады, ол өз кезегінде регрессия коэффициенттері бағаларының тұрақсыздығына және сапасыздығына әкеледі.

Егер де факторлар арасында күшті корреляция болса, олардың нәтижелік көрсеткішке оқшауланған әсерін көре алмаймыз.

Адам ресурстарының тұрақты дамуын инвестициялау үдерісі бірқатар маңызды бағыттарды қаржыландыруды қамтиды, атап айтқанда: денсаулық сақтау жүйесін; спорт және салауатты өмір сүру салтын, мәдениет пен қауіпсіздік, әлеуметтік сала және білім беру жүйесі, экологиялық мәселелер, сапалы өмір сүру негіздерін жақсарту және т.с.с. Бұл факторлар адам ресурстарының сапасының жоғарылауына адамның физикалық қабілетінің дамуы, оның еңбек қабілеттілігінің өсуі арқылы айтарлықтай әсер етеді және мәдениет саласында қызметті реттеу; өмір сүруді жақсарту, өз кезегінде бұл жерде салауатты өмір салты жайлы, нашақорлықпен күрес, алкоголь өнімдерін қолданудан, темекі шегуден бас тарту, рационалды тамақтану, ол адамның психофизиологиялық және интелектуалдық мүмкіндіктерінің нығаюына көмектеседі. Ол еңбек өнімділігін жоғарылатуға, оның белсенді өмір сүру кезеңін ұзартуға жағдайлар жасайды.

Шығыс Қазақстан облысының жалпы аймақтық өнімінің жан басына шаққандағы құнының өзгерісіне регрессиялық талдау жүргізу үшін қатысты өлшем бірліктерімен берілген келесі факторлар таңдап алынды:

Х1 – білім беру жүйесін қаржыландыруға кеткен шығындар (жалпы шығындар сомасындағы үлесі, %);

Х2 – денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыруға кеткен шығындар (жалпы шығындар сомасындағы үлесі, %);

Х3 – әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыруды қаржыландыруға кеткен шығындар (жалпы шығындар сомасындағы үлесі, %);

Х4 – тұрғын үй, коммуналдық қызметті қаржыландыруға кеткен шығындар (жалпы шығындар сомасындағы үлесі, %);

Х5 - мәдениет, спорт және ақпарат салаларын қаржыландыруға кеткен шығындар (жалпы шығындар сомасындағы үлесі, %);

Х6 – көлік және коммуникация салаларын қаржыландыруға кеткен шығындар (жалпы шығындар сомасындағы үлесі, %);

Х7 – ауыл, балық, су, орман шаруашылығын және қоршаған ортаны қорғауды қаржыландыруға кеткен шығындар (жалпы шығындар сомасындағы үлесі, %);

Х8 – қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қаржыландыруға кеткен шығындар (жалпы шығындар сомасындағы үлесі, %);

Зерттеу кезеңі 1998 - 2009 жылдар аралығын қамтиды. Аймақтағы жалпы өңірлік өнім көлемінің өзгеруіне адам ресурстарын тұрақты дамытуды қаржыландыру шығыны әсерінің экономика - математикалық үлгісін жасау үшін қажетті мәліметтер Д Қосымшасында көрсетілген. Төмендегі 1-суретте Шығыс Қазақстан облысының жалпы өңірлік өнім көлемінің өзгеру серпіні көрсетілген.

1 сурет – ШҚО-ның ЖӨӨ көлемі, мың теңге

Үлгілеуге алынған факторлардың нәтижелік көрсеткішке әсер ету дәрежесін анықтау үшін коррелляцияның көптік коэффицентін қолданамыз. Нәтижесінде алынған көптік коррелляцияның жиынтық коэффиценті R = 0,92, адам ресурстарын дамытушы факторлармен ШҚО ЖӨӨ көлемінің өзгеруі арасында берік байланыстың бар болғанын көрсетеді. Көптік детерминацияның жиынтық коэффиценті аймақтың жалпы өңірлік өнім көлемінің өзгеруі 85% -ға үлгіге қосылған факторлардан, 15% үлгілеуге қосылмаған факторларға тәуелді. Регрессия теңдеуі ретінде көптік регрес-сияның сызықтық теңдеуі алынды (1 формула):

y = b0 + b1 x1 + b2 x2 + …+ bn xn , (1)

мұндағы y – нәтижелік айнымалы,

b0 ,b1, b2,bn – регрессияның эмпирикалық коэффициенттері,

x1, x2, … xn - факторлық айнымалылар.

Интеркорреляция коэффициенттері үлгіден бірін бірі қайталайтын факторларды алып тастауға мүмкіндік береді. Егер болса, үлгідегі екі айнымалы бір бірімен анық коллинеарлы немесе сызықтық тәуелділікте деп айтуға болады. Мұндай факторлар анықталған жағдайда олар-дың біреуін регрессиядан алып тастауға тура келеді, себебі олар бірін бірі қайталайды. Бұл жерде басымдық нәтижелік көрсеткішпен тығыз байланыстағы факторға емес, регрессиядағы басқа да факторлармен ең аз байланысы бар факторға беріледі. Дәл осы жерде, көптік регрессияның – бір бірімен тәуелсіздік шарттарында факторлардың кешенді әсерін зерттеу әдісі екендігі көрінеді (1-кесте).

1 кесте – Корреляцияның жұп коэффициенттер матрицасы

 

Y

X1

X2

X3

X4

X5

X6

X7

Х8

Y

1

               

X1

0,141072

1

             

X2

0,661194

0,182872

1

           

X3

-0,54121

0,50153

-0,73015

1

         

X4

0,80145

0,264505

0,752443

-0,43043

1

       

X5

0,474978

0,66499

0,435088

0,049772

0,502834

1

     

X6

-0,32867

-0,891

-0,3658

-0,29328

-0,45215

-0,80517

1

   

X7

0,887279

0,11786

0,547734

-0,45912

0,6537

0,414501

-0,29953

1

 

Х8

0,255481

0,858163

0,405089

0,236811

0,374789

0,802184

-0,96209

0,174811

1

Коррелляция айнымалыларының жұп коэффициенттер матрицасын Microsoft Excel бағдарламасындағы Корреляция құралын қолданып шығарамыз.

Жүргізілген корреляциялық талдау нәтижесінде үлгіден бір бірімен коллинеарлы Х4, Х6, Х7 факторларын алып тастап, регрессиялық талдауды төмендегі кестеде берілген бастапқы мәліметтер негізінде жасаймыз (2-кесте).

2 кесте – Регрессиялық талдау жүргізу үшін бастапқы мәліметтер

Зерттеу кезеңі

Жан басына шаққандағы ЖӨӨ

Білім беруге шығындар

Денсаулық сақтауға шығындар

Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыруға шығындар

Мәдениет, спорт және ақпаратқа шығындар

Ауыл, балық, су, орман шаруашылығына және қоршаған ортаны қорғауға шығындар

Жылдар

Y

X1

X2

X3

X5

X7

1998

112,4

36,27

10,85

30,83

4,15

1,26

1999

125,6

29,81

19,43

9,70

3,08

1,11

2000

140,3

21,79

15,26

6,34

3,13

1,49

2001

164,4

28,39

17,97

9,61

3,67

1,90

2002

175,3

33,32

22,08

12,22

5,01

1,32

2003

199,6

33,13

22,06

11,02

4,00

2,80

2004

243,4

32,28

24,80

10,06

4,04

2,77

2005

291,5

32,84

27,01

6,87

4,37

1,60

2006

430,8

30,61

26,35

5,38

3,95

3,29

2007

563,6

31,88

25,74

4,88

4,16

2,90

2008

632,2

31,96

23,77

5,37

4,59

5,01

2009

603,3

31,47

25,33

5,96

4,57

4,77

Нәтижесінде келесі теңдеуді аламыз:

У = –276,24+12,31 x1 – 4,81 x2 – 12,16 x3+42,23 x5+100 x7

Үлгілеу нәтижесінде алынған регрессия теңдеуі бойынша келесі қорытынды жасауға болады:

1) жалпы шығындар сомасы шегінде білім беру саласына кететін шығындар 1% өссе, жалпы өңірлік өнімінің жан басына шаққандағы құны 12,31 мың теңгеге өседі;

2) жалпы шығындар сомасы шегінде денсаулық сақтауға шығындар 1%-ға өссе, ЖӨӨ көлемі 4, 81 мың теңгеге төмендейді;

3) жалпы шығындар сомасы шегінде әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыруға шығындар кететін шығындар 1% өссе, жалпы аймақтық өнімінің жан басына шаққандағы құны 12,16 мың тенгеге төмендейді.

4) жалпы шығындар сомасы шегінде мәдениет, спорт және ақпаратқа кететін шығындар 1% өссе, жалпы аймақтық өнімінің жан басына шаққандағы құны 42,23 мың теңгеге өседі.

4) жалпы шығындар сомасы шегінде ауыл, балық, су, орман шаруашылығына және қоршаған ортаны қорғауға шығындар 1% өссе, жалпы аймақтық өнімнің жан басына шаққандағы құны 100 мың теңгеге өседі.

Корреляцияның көптік коэффициенті R = 0,92 факторлар арасында тығыз байла-ныс бар екендігін көрсетеді, яғни берілген факторлар жалпы аймақтық өнімінің жан басына шаққандағы құнына әсері зор. Детерминацияның көптік коэффициенті R2 жалпы аймақтық өнімінің жан басына шаққандағы құнының өзгеруі 85% үлгіге қосылған факторлардан тәуелді, ал үлгілеуге қосылмаған 3 фактордың үлесіне тек 15% келеді. Коррелляциялық-регрессиялық талдаудың қорытындылары Е Қосымшасында жүйеленген.

Регрессия теңдеуінің статистикалық маңыздылығы жөніндегі гипотеза расталған жағдайда, аталмыш үлгінің болжамдауға қолдануға мүмкін болады. Фишер критерийінің талдау нәтижесінде алынған мәні 6,57, яғни бұл нормативтік шекті мәннен (4,95) әлдеқайда жоғары, сондықтан бе-рілген үлгі статистикалық тұрғыдан маңызды әрі сенімді болып табылады және болжам жасауға қолданылуы әбден мүмкін деген қорытынды жасауға болады. Зерттеу барысында алынған үлгінің шынайылығы сонымен қатар аппроксимацияның орташа қатесі көрсеткіші арқылы тексерілді. Біздің жағдайда ол 10% көлемінде, ол үлгі бастапқы мәліметтерді жақсы аппроксимация - лайтындығын көрсетеді.

3-кестеде Шығыс Қазақстан облысының жалпы өңірлік өнім көлемінің өзгерісін болжау нәтижелері көрсетілген. Бұл болжау жасаудың мақсаты, болашақта адам ресурстарын дамытудың қай саласына басымырақ көңіл бөлу қажеттілігін айқындау үшін және де үлгілеуге алынған факторлардың өзгерісі қаншалықты жалпы өңірлік өнім көлемінің өзгерісіне тигізетін әсер-ықпалын бағалау болып табылды. Үлгілеуге алынған көрсеткіштердің болжанған мөлшерлерін Microsoft Excel бағдарламасындағы «Тенденция» функциясы көмегімен есептеп шығардық.

3 кесте – Жалпы аймақтық өнімінің жан басына шаққандағы құнының өзгеруін регресиялық талдау негізінде болжау

Жыл-дар

Жан басына шаққан-дағы ЖӨӨ

Білім беруге шығын-дар

Денсау-лықсақ-тауға шығындар

Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздан-дыруға шығындар

Мәдениет, спорт және ақпаратқа шығындар

Ауыл, балық, су, орман шаруашылы-ғына және қоршаған ортаны қорғауға шығындар

2010

615,51

32,19

29,25

1,65

4,63

4,60

2011

663

32,35

30,40

0,39

4,72

4,91

2012

710,48

32,51

31,56

0,88

4,80

5,23

Болжау нәтижесі бойынша зерттеліп отырған көрсеткіштің оң өзгерісі байқалып тұр. Сонымен, алынған регрессия теңдеу мен экономикалық-математикалық есептеулерді негізге алып, Шығыс Қазақстан өңіріндегі адам ресурстарының тұрақты дамуына әсер ететін маңызды факторлардың қатарына экология және қоршаған ортаны қорғау; мәдениет, спорт және туризм салаларын қаржыландыруды қосу негізделді. Сондай-ақ, денсаулық сақтау саласы мен әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыруға бөлінетін қаржының жеткіліксіз тиімді қолдануда деп көрсетеді. Өз кезегінде бұл өкілетті мемлекеттік органдар мен мекемелердің нәтижесіз жұмысымен негізделеді.

Қазіргі денсаулық сақтау жүйесі орталықтандырылған әкімшілік басқару негізінде қалыптасқан және қызмет етуді жалғастырып келеді. Ал бұл, тәжірибе көрсетіп отырғандай, медициналық қызметтің сапасы мен пайдасын жоғарылату және бәсекеге қабілеттілігін дамытуға әсерін тигізбейді. Бүгінгі күні министрлік деңгейінде лицензиялау, аккредитация, мемлекеттік сатып алу және тағы сол сияқты барлық негізгі қызметтері орталықтандырылған, бұл атаулы саланы басқару тиімділігінің жеткіліксіздігін анықтап береді.

Зерттеу көрсетіп отырғандай, өмір сүрудің орташа ұзақтығы, адам денсаулығының басқа да көрсеткіштері біршама мөлшерде қоршаған ортаның ластану дәрежесіне байланысты, ал халық денсаулығы жағдайының көрсеткіштері табиғи орта жағдайының қызметі ретінде алға шыға алады.

Халықтың денсаулық жағдайына әсер етуші әлеуметтік-экономикалық факторларға ең алдымен салауатты өмір салты жатады. Қазақ ұлты тұрақты әлеуметтік дамуды қамтамасыз ету үшін салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша міндеттерді жаппай шешуді қажет етеді. Бұл темекі тарту, алкогольді теріс пайдалану, стресс, дене қимылы белсенділігінің төмен болуы, дұрыс тамақтанбау салдарынан туындайтын аурулармен сырқаттану деңгейін қысқартуға мүмкіндік береді.

Адамның зиянды дағдыларына қарсы күрестің тиімді тәсілдерінің бірі елдегі бұқаралық дене тәрбиесі-спорт қозғалысын дамыту болады. Ол үшін спорт пен дене шынықтыру бойынша бөлімді қоса отырып, аймақтарда «Өмір сүру сапасы» бағдарламаларын жасау және жүзеге асыру қажет. Расында да, республикада 100 ересек адамның 8-і ғана дене мәдениеті және спортпен шұғылданады, балалар мен жасөспірімдердің 5% ғана мектептен тыс мекемелердің спорт секцияларында шынығу мүмкіндігіне ие. Ұйымдар мен мекемелерде, сонымен қатар тұрғылықты орны мен халықтың демалу орындарында шынықтыру-сауықтыру және профилактикалық жұмыстарды жүргізу жүйесі мүлдем жоқ.

Демек, дене тәрбиесін, жаппай спорт және дене мәдениеті мен спортты дамытуға қосымша қаражатты тарту үшін материалды ынталандыру және салық жеңілдіктері жүйесін жеткілікті қаржыландыру жоқ. Себебі, денсаулық жағдайына, өмір сүру салтына әсер етуші факторлардың ішінде жетекші орынды 50% дейін 20% және 10% дейін басқа факторлардың үлесі құрайтыны белгілі. Сондықтан халық денсаулығын жақ сарытудағы басты міндет салауатты өмір салтын қалыптастыру және адамның өз денсаулығына жаңа көзқарасты қалыптастыру, мәдениет пен спортты дәріптеу болып табылады. Аталған мәселелердің өзектілігі «Қазақстан–2030» Стратегиясында да басымдықтардың бірі ретінде айтылған болатын.

ӘДЕБИЕТТЕР

1. http://www.shugus.stat.kz /

2. Сейтказиева А.М. Перспективы человеческого капитала в инновационной экономике // Вестник UIB. – 2007. – №4. – С. 102-104.

3. Баскаков, Д.Н. Социально-экономическая эффективность управления развитием человеческого потенциала // Д.Н. Баскаков, Н.Я. Синицкая // Социальная политика и социальное партнерство. – 2008. – № 7.



К содержанию номера журнала: Вестник КАСУ №3 - 2011


 © 2018 - Вестник КАСУ