Главная  | О журнале  | Авторы  | Новости  | Конкурсы  | Вопросы / Ответы

К содержанию номера журнала: Вестник КАСУ №3 - 2011

Автор: Джемпеисова Гульнара Ислямовна

Ұлттық экономикадағы бәсекеге қабілеттілік ұғымының эволюциясы зерттеліп, оның мазмұны жағының жеке көзқарастары дәлелденді. Отындық және шетелдік тәжірибелердің қорытындыларының негізінде бәсекеге қабілеттіліктің факторларының трансформациялық барысы көрсетілді. Ол әлемдік экономиканың қозғаушы күштерінің негізінде пайда болып отыр.

Қазіргі таңда бүкіл әлем елдері экономиканың және оның ішінде ұлттық экономиканың артуын, дамуын басты мақсаты етіп, нысанаға алып отыр. Бұл Қазақстан үшін күрделі, бірақ әбден реа-лизмге негізделген мақсат болып табылады.

Бәсекелестік қабілеттің жоғары деңгейі экономикалық бизнестің дамуымен, әлемдік сұраныстың дамуына экономиканың және оның құрылымының бейімделуімен; ұлттық мамандандыруды анық таңдауымен; қатаң және мәні жоқ бәсекелестік күрестен бас тарта білумен; жаңа тауарлар шығаруға тез өтумен; жаңа рыноктарды игерумен; әлемдік сұраныстың ғаламдық құрылымын білумен және қажетті бағытта белсенді қалыптасуымен сипатталады. Әлемде қазіргі таңда бірінші орынға мақсаттық емес факторлар қойылады, ал олардың ішінен басты мағынаға тауар мен оның жаңалылығы алынады. Ресурсты үнемдеу технологияларын енгізу, есептеулер көрсетіп отырғандай, техника санын 2 есеге дейін қысқартуға мүмкіндік береді, оны жаңартуға инвестицияны көп талап етпейді, ЖЖМ-ын тұтыну 1,5 есе төмендейді, ал қаражаттарды үнемдеу 1 гектарға 15 долл. құрайды. Өсімдік және мал шаруашылықтары өнімдерін өндіруге шығындар қысқарады. Өнімдерді сатудан алынатын пайда 2010 жылға 2004 жылмен салыстырғанда 2,4 есе артады, өсімдік шаруашылығы өнімдері – 2,3 есе, мал шаруашылығы – 2,5 есе; өсімдік шаруашылығы өнімдерінің рентабельділік деңгейі 24,1%-дан 41,8%-ға дейін, мал шаруашылығы – 7,2%-дан 16,0%-ға дейін жоғарылайды. Тамақ өнеркәсібі өнімдерін өндіру көлемі кластерлік құрылымдар қалыптастыру негізінде 1,4 есеге дейін артады.

Қазақстанның бәсекеге қабiлеттi ғылымының өркендеуі үшiн екi мәселенің шешiлуiн атап кеткен орынды. Бiрiншiден, ғылымның жаңа жетiстiгiн өндiрiске енгi-зудiң тетiгiн қалыптастыру керек. Бiз осы уақытқа дейiн ондай тетiктiң жоқ екендiгiн дәлелдеумен келдiк. Ендi оны дәлелдеудiң керегi жоқ, ондай жүйенi құру керек. Ол үшiн:

- монополияға қарсы саясатты жетiлдiру; бәсекелестiктi қамтамасыз ету;

- амортизациялық саясатты жетiлдiру; өндiрiстiң өндiруге қабiлеттi жақтарындағы тепетеңдiктi сақтай отырып, ғылыми прогрестi енгiзу;

- нанотехнологиялық саясатты жетiл-дiру; фирмалар мен ғылыми құрылымдарды ынталандыра отырып инновациялық өнiмдердi енгiзу;

- зияткерлiк меншiк саласына қатысты саясатты жетiлдiру; ғылыми жаңалықтарды материалдық қолдау арқылы ғалымдардың ынтасын ояту мен қорғауды жолға қою.

Бәсекеге қабілеттілікті анықтайтын факторлар – экономикалық әлеует және экономиканың өсу қарқыны; өндіріс тиімділігі; халықаралық еңбектің бөлінуінде қатынасуы; ішкі рыноктың серпінділігі мен сыйымдылығы; ғылым мен техниканың даму деңгейі, техникалық жетістіктерді игеру қарқыны; қаржылық жүйенің айқындылығы мен икемділігі; экономиканы мемлекеттік реттеудің ықпалы; еңбек ресурстарының біліктілік деңгейі мен олармен қамтамасыз етілуі; әлеуметтік-экономикалық және ішкі саяси ахуал.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа он жылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақ-станның жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында экономиканы диверсификациялау және ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру арқылы Қазақстан экономикасының тұрақты және біркелкі дамуына ерекше көңіл бөлген болатын. Тауар өндірушілердің (өнеркәсіптер, ұйымдар, азаматтар) басым бөлігі өз шаруашылық қызметтерінде және кәсіпкерлікте еркін болған жағдайда ғана бәсекелестік – нарықтық механизмнің жұмыс істеуінің маңызды бөлшектерінің бірі ретінде қызмет ете алады. Бұл дегеніміз, тауар өндірушілердің еркін түрде жабдықтаушылар мен тұтынушыларды таңдауына, салық төлегеннен кейін қалатын пайданы жұмсауына, шаруашылық қызметтерімен және өнеркәсіптің дамуымен байланысты басқа да мәселелерді өз беттерінше шешуіне мүмкін-дік береді. Ал 2011 жылдың 28 қаңта-рындағы «БОЛАШАҚТЫҢ ІРГЕСІН БІРГЕ ҚАЛАЙМЫЗ!» атты Жолдауында ЖІӨ өсімі 2010 жылы 7 пайыз, өнеркәсіп өн-дірісі – 10 пайыз, өңдеу өнеркәсібі 19 пайыз мөлшерді құрады. 2010 жылғы қаңтардағы Жолдауында Индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасын жария етті. Қазірдің өзінде оны іске асырудағы бірінші жылда нақты нәтижелер бар. Мемлекет 152 кәсіпорынын іске қосты. Елімізде барлығы 800 әртүрлі өндіріс орындары құрылды. 2014 жылға дейін құны 8,1 триллион теңгені құрайтын 294 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда. Жаңа өндіріс орындарының пайда болуы Қазақстан нарығындағы жаңа бәсекелестердің пайда болуына ықпал жасайды. Бүгінде ұлттық дәулетіміздің үштен бір бөлігі шағын және орта бизнестен құралады. Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі – ұлт пен жастар білімінің бәсекеге қабілеттілігіне байланысты.

Бәсекелестік - шаруашылық міндеттердің шешімдерін тиімді табуға түрткі болып табылады, әсіресе, ол, неғұрлым сапалы өнім шығару, қызметтер ұсыну және оларды неғұрлым тез өткізуге ықпал етеді. Сонымен қатар, бәсекелестікті дамыту - қоғам үшін де пайдалы болып табылады.

Біріншіден, материалдық, еңбек, қаржы және басқа да қорларды орынды пайдалануды ынталандырады, өндірушілерді тұрақты түрде ассортиментті жаңартып тұруға, ғылыми – техникалық жаңашылдықтарды үнемі қадағалап отыруға және сол жаңашылдықтарды өндіріске енгізулеріне мәжбүр етеді.

Ал, мұндай бәсекелестік нәтижесінің аражігін қарапайым сатып алушы, тұтынушы ғана тап басып айырып бере алады. Қазіргі заман жағдайында неғұрлым дамыған тәсілдерге негізделген, яғни олардың бірі болып, терең диверсификация болып табылатын, бәсекелестікке қол жеткізу қажет.

Экономиканы диверсификациялау және бәсекелестікті арттыру үшін жаңа өнімдер өндірісін ретке келтіру қажет, бұл экономикалық қызметтің кеңейіп, қызмет көрсетудің басқа да салаларына енуіне себеп болады.

Шикізат экспортынан тез пайда алуға бағдарланған ірі қазақстандық бизнес өсуінің қарқынды сипаты әлемдік конъюнктураның өзгеруі кезінде барынша жоғары қайта бөлулерге және ішкі нарыққа ауысуға мүмкіндік бермеді.

Мемлекет бастамалары бизнес-қоғамдастықтан қажетті қолдау таппады, өйткені жас ұлттық бизнес әртараптандырудың белсенді ойыншысы болып көрінетіндей және Қазақстан үшін жаңа инновациялық бизнесті құру, әлемдік нарыққа шығу және бәсекеге түсу үшін стратегиялық әріптес ретінде әлемнің жетекші компанияларын тарта алмады.

Жеделдете индустриялық-инновациялық дамыту – ұлттық экономикамыздың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың өрісті жолы. Экономиканың шикізаттық бағытынан ойысудың, оны әртараптандырудың алғашқы қадамдары бұдан бірнеше жыл бұрын басталған болатын. 2003 жылы үкімет 2015 жылға дейінгі елді индустриялық-инновациялық дамыту стратегиясын жүзеге асыруды бастады. Стратегияның үшінші кезеңі – 2011-2015 жылдар. Бұл үшінші кезең бойынша мұнай өңдеуді және мұнай-газ секторының инфрақұрылымын дамыту алға мақсат ретінде қойылып отыр. 2014 жылға қарай отандық мұнай өңдеу зауыттары жоғары сапалы мұнай өнімдері – бензин мен авиакеросинге ішкі қажеттілікті толық қанағаттандыруы тиіс. Отын-энергетика кешеніндегі жалпы қосылған құн кемінде 30 пайызға артпақ. Әлемдік тәжірибе индустрияландыруға қатысты әртүрлі әдістердің бар екенін көрсетіп отыр: «қуып жетуші даму», «дәстүрлі мамандандыру», «индустрияландырудан кейінгі даму» стратегиялары. Ұлттық экономика құрылымына сүйенетін болсақ, Қазақстан экономикасының ең қолайлы индустрияландыру стратегиясына шикізаттық өндірістерді жоғары бөліністерге ауыстырумен шикізат секторына сүйене отырып «дәстүрлі мамандандыру» стратегиясы болып табылады. Бұл стратегияның ақырында, басымдық бағыттар бойынша барлық ресурстарды теңдестіре жұмылдыру экономикаға қосымша 7 триллион теңгеден астам жылдық қосымша құн жасауы тиіс.

Атқарушы биліктің ағымдағы жылғы экономикалық саясатының негізгі бағыттары қандай, соған тоқталсақ. 2011 жылы Үкімет, Ұлттық Банк және Қаржы нарығын қадағалау агенттігінің жүргізетін экономикалық саясат ең алдымен Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталатын болады. «Бәсекеге қабілеттілікті арттыруға макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету, инвестициялық және бизнес ахуалды, институционалдық дамуды, технологиялық және инновациялық даму деңгейін, елдің адами ресурстарының даму сапасын жақсарту, сондай-ақ Кеден одағы мен Біртұтас экономикалық кеңістік шеңберінде сауда кедергілерін азайту және экономикалық ықпалдасуды кеңейту есебінен қол жеткізілетін болады. екіншіден – индустриялық-инновациялық даму жөніндегі мемлекеттік бағдарлама шеңберінде экономиканы әртараптандыруға бағытталған бағдарламаларды іске асыруға күш салынады. Бұл орайда 2011 жылы Индустрияландыру бағдарламасын іске асыру шеңберінде экономиканың қайта өңдеу секторларына және елдің инфрақұрылымын дамытуға ішкі және сыртқы инвестициялық ресурстары барынша жандандырылатын болады, Индустрияландыру картасы шеңберінде жаңа индустриялық және инновациялық жобалар қосымша іске қосылатын болады. Үшіншіден – экономикалық саясат жұмыспен қамтудың тұрақтылығын және халық табысының өсуін қамтамасыз етуге бағытталады. «Үкiмет халықтың әл-ауқатын арттыру және халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау жөніндегі шараларды қабылдауды жалғастырады. 2011 жылы бюджет саласында жалақыны және әлеуметтік шығыстарды өсіру көзделген. 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақының 30 пайызға артуын ескере отырып, оның ең төменгі мөлшері 24047 теңгені (базалық зейнетақыны ескере отырып), орташа мөлшері – 36205 теңгені (базалық зейнетақыны ескере отырып) құрайды. төртіншіден атқарушы биліктің экономикалық саясаты – білім беруді, денсаулық сақтауды және тілдерді дамытуды қоса алғанда, адами капиталды дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын іске асыруға бағытталатын болады. Бүгінде, қарапайым халықты азық-түлік өнімдері бағасының негізсіз өсіп жатқаны қатты алаңдатып отыр. Үкімет 2011 жылы ЖІӨ-нің 4-5 пайыз нақты өсуін, инфляцияны 6-8 пайыз деңгейде ұстап тұруды қамтамасыз етуді көздеп отыр.

Отандық инновацияларды әзірлеу, енгізу және заманауи технологияларды алу кезінде инновациялық қызмет субъектілерін мемлекеттік қолдауды жүзеге асыру тетігін нақтылайтын заңдық негіз бар. Сондай-ақ ішкі сұранысты ынталандыру үшін отандық тауар өндірушілерді қорғау жөнінде шаралар қабылданған мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша толықтырулар енгізілді. Елімізде биржалық сауданы дамытуға, стратегиялық тауарлармен сауданы реттеуге, ұсақ тауар өндірушілерді биржалық сауда үдерісіне тарту есебінен бәсекелестікті дамытуға және қамтамасыз етуге бағытталған тауар биржалары туралы заңдар жетілдірілді.

Елімізде технопарктердің екі деңгейлі жүйесі – ұлттық ғылыми-технологиялық парктер және өңірлік технологиялық парктер қалыптасуда. Келешекте Қазақстандағы технопарктер ғылымның өндіріспен байланысын нығайту міндеттерін шешуді, қазіргі заманғы технологиялар, жоғары технологиялы және бәсекеге қабілетті өнім өндірісін енгізуді көздейді. Осы орайда биылғы Жолдауда «Біздің экономикамыздың бәсекеге қабілеттілігі қуат шығындарын азайтуды қамтамасыз ететін тиімді технологияларға негізделуі керек», делінгенін айта кету керек. «Техникалық реттеу туралы» заң қызметке, өнімдердің циклдік үдерістеріне міндетті және ерікті талаптарды айқындау, техникалық реттеу саласында сәйкестікті растау, аккредиттеу және мемлекеттік бақылау жөніндегі қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған. Заң ережелерінің іс жүзінде толық қолданылуы адам өмірі мен денсаулығы және қоршаған орта, оның ішінде, өсімдік және жануарлар дүниесі үшін өнім қауіпсіздігін қамтамасыз етуді көздейді. Сондай-ақ өнім мен қызметтер қауіпсіздігі мен сапасына қатысты тұтынушыларды жаңылыстыратын іс-әрекеттерді ескертуді, саудада техникалық кедергілерді жоюды, отандық өнімнің бәсекеге қабілетін арттыруды, табиғи және энергетикалық ресурстарды үнемдеуді мақсат еткен.

2009 жылы жекелеген банктердің кредитке қабілеттілігі көбінесе мемлекеттік қолдау есебінен қамтамасыз етілді, ал бұл мұндай қолдау көрсетілмеген басқа банктерден айырмашылығы олардың бәсекелестік басымдылықтарды алуын білдіреді. сыртқы нарықтарда бәсекелес болу үшін Қазақстан темір жол инфрақұрылымының тиісті деңгейін ұсынуы тиіс. Қазақстанның темір жол көлігі қазіргі заманғы талаптарға толығымен бейімделуі, тең құқықты бәсе-кеге қабілетті қатысушы ретінде тасымалдаудың ғаламдық нарығына үйлесімді кіруі тиіс.

Халықаралық бәсекелестіктің күшеюін ескере отырып, Қазақстан Республикасының темір жол саласы үшін мемлекеттік қолдау шараларын қабылдау қажет. Сол уа-қытта мемлекеттік қолдаудың мұндай шаралары осы салаларды монополияландыруға бағытталмауы тиіс. Аталған мәселелер, оның ішінде нарықтың осы саралан ымында бәсекелестікті дамытуды әзірленіп жатқан көлік инфрақұрылымын дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған салалық бағдарламасы шеңберінде шешу ұсынылады.

2010 жылы әзірленген облыстарды, республикалық маңызы бар қалаларды, астананы дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған бағдарламасы өзіне өңірдегі бәсекелестік ортаны жақсартуға бағытталған жалпы шараларды, жекелеген нарықтардың ерекшеліктері мен проблемаларын ескеретін бәсекелестікті дамытудың салалық шараларын (салалық индикаторларын), сондай-ақ сауда саласын дамытуға бағытталған шараларды, оның ішінде өңірде сау-да қызметін жүзеге асыратын әр түрлі форматтарды енгізген.

2011 жылы Үкімет, Ұлттық Банк және ҚНРА жүргізетін экономикалық саясат:

1) Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға;

2) Индустриялық-инновациялық даму жөніндегі мемлекеттік бағдарлама шеңберінде экономиканы әртараптандыруға бағытталған бағдарламаларды іске асыруға;

3) жұмыспен қамтудың тұрақтылығын және халық табысының өсуін қамтамасыз етуге;

4) білім беруді, денсаулық сақтауды және тілдерді дамытуды қоса алғанда, адами капиталды дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын іске асыруға бағытталатын болады.

Бәсекеге қабілеттілікті арттыруға макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету, инвестициялық және бизнес ахуалды, институционалдық дамуды, технологиялық және инновациялық даму деңгейін, елдің адами ресурстарының даму сапасын жақсарту, сондай-ақ КО мен БЭК шеңберінде сауда кедергілерін азайту және экономикалық ықпалдасуды кеңейту есебінен қол жеткізілетін болады.

Бизнес ахуалды жақсарту мақсатында орталық деңгейде, сондай-ақ өңірлік деңгейде әкімшілік кедергілерді азайту және рұқсат беру жүйесін оңтайландыру жұмысы жалғасатын болады.

2011 жылы Қазақстанның экономикалық мүдделерін әзірлеу және жылжыту әрі КО мен БЭК шеңберінде ашылатын жаңа мүмкіндіктерді пайдалану мақсатында бизнес қоғамдастықпен белсенді бірлескен жұмыс жалғасатын болады. Жаһандық сауда-экономикалық жүйеге одан әрі ықпалдасу мақсатында сыртқы экономикалық саясатта басым мақсаттардың бірі КО бойынша әріптес елдермен тығыз үйлестіре отырып, ДСҰ-ға Қазақстанның кіруі үдерісін жылдамдату болып табылады.

Бизнес үшін қосылған құны жоғары өндірістерді қолдаудың тұтастай жүйелі шаралар жиынтығы, жаңа технологиялар трансферті, отандық инновациялық шешімдерді әзірлеу, өнім экспортын ілгерілету, өнім шығаруға ұзақ мерзімді тапсырыс қамтамасыз етілетін болады.

Инвесторлар үшін экономиканың шикізаттық емес салаларында қосымша ынталандыру шаралары, соның ішінде арнайы экономикалық аймақтар есебінен де жасалатын болады.

Кәсіпкерлікті, соның ішінде шағын және орта бизнесті дамытуды қолдау үшін Бизнестің жол картасы 2020-ны жүзеге асыру төрт: бизнес-бастамаларды қолдау, кәсіпкерлік секторды сауықтыру, кәсіпкерлердің валюталық тәуекелдерін төмендету және кәсіпкерлік әлеуетті күшейту бағыттарында жалғасатын болады.

Мұнайлық емес тапшылықты қысқарту, Ұлттық қор активтерін арттыру және бюджет қаражатын тиімді пайдалану арқылы теңгерімді бюджетті қамтамасыз ету фискалдық саясатты іске асыру барысында басым міндеттер болып табылады.

Ішкі нарықта бірінші кезекте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына баға белгілеуді реттеу және баға тұрақтылығын қамтамасыз ету 2011 жылғы экономикалық саясаттың негізгі басымдықтарының бірі болады.

Бұл үшін Үкімет және жергілікті атқарушы органдар тарапынан көтерме (коммуналдық) азық-түлiк базарларын және сауда инфрақұрылымын дамыту, ішкі нарықты отандық өніммен молықтыру, табиғи монополия субъектілерінің қызметіне баға белгілеуді реттеу жұмыстары жалғас-тырылады.

2011 жылы баға тұрақтылығын және жылдық инфляция деңгейін 6-8% аралығында ұстап тұруды қамтамасыз ету Ұлт-тық Банктің ақша-несие саясатының басым бағыты болады.

Ұлттық Банк ақша-кредит саясаты құралдарын жетілдіру және олардың тиімділігін арттыру әрі оның ақша нарығына ықпалын одан әрі күшейту жөніндегі жұмысты жалғастырады.

Екінші деңгейдегі банктердің Ұлттық Банктегі қысқа мерзімді ноталары мен де-позиттері қаржы нарығындағы сыйақы ставкасын, сондай-ақ банктердің артық өтімділігін стерилизациялаудың негізгі құралдары болып қала береді.

Экономикадағы ақша ұсынысы экономиканың өсуіне сәйкес деңгейде сақталады. Несие белсенділігін қалпына келтіру проблемасы банк секторындағы құрылымдық қайта құру жолымен шешіледі.

2011 жылы Ұлттық Банк ең төменгі резервтік талаптар тетігін жетілдіру және оны қолдану тиімділігін арттыру жұмысын бастайды.

Қазақстан экспортының негізгі тауарларына қолайлы әлемдік баға конъюнктурасы және ұлттық валютаның тұрақтылығы жағдайында Ұлттық Банк валюта бағамының басқарылатын құбылмалы режиміне көшуді жоспарлап отыр.

Ұлттық Банктің валюта саясаты саласындағы шаралары әлемдік конъюнктура өзгерген жағдайда отандық өндiрiстiң бәсекеге қабiлеттiлiгiне терiс әсер етуi мүмкін ұлттық валютаның нақты бағамының елеулi ауытқуына жол бермеуге бағытталатын болады.

Тұтастай алғанда, ақша-кредит саясаты қалыптасатын макроэкономикалық ахуалға барабар болады.

Қазақстанның қаржы жүйесінің дамуы саласындағы саясат қаржы секторының тұрақтылығын, ашықтығы мен тиімділігін қамтамасыз етуге бағытталады.

ҚНРА қаржы жүйесіне деген сенiмдi қалпына келтіру, қаржы қызметін тұтынушылар мен инвесторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, қаржы ұйымдарында тиімді ішкі бақылау жүйесін және тәуекел-менеджментті енгізу, сондай-ақ олардың қызметінің ашықтығын арттыру жұмысын жалғастырады.

Мемлекеттiк жеке меншiк әрiптестiкпен және исламдық қаржыландырумен күшейген қор нарығы одан әрі дамиды. Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығын дамыту және бағалы қағаздар айналымының барабар көлемін қамтамасыз ететін бағалы қағаздар нарығын дамыту да қор нарығының кеңеюіне ықпал ететін болады.

Тұтастай алғанда, елдің қаржы секторының дамуы Қазақстан Республикасының қаржы секторын дағдарыстан кейінгі кезеңде дамыту тұжырымдамасына сәйкес іске асырылады.

Осылайша, 2011 жылы Үкімет, Ұлт-тық Банк және ҚНРА жүргізетін экономикалық саясат ЖІӨ-нің 4-5 % нақты өсуін, инфляцияны 6-8 % деңгейде ұстап тұруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

«Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі заманауи әлемнің экономикалық дамуының негізі болып табылады», - деп есептейді ғалымдар. Экономикалық өзара қатынастың күрделену жағдайында, жаһандану үрдістерінің кеңеюімен байланысты ел экономикасын жеделдете жаңғырту қажеттілігін негіздейтін мәселелер кезек күттірмейді. Сонымен, біздің экономикамыздың алдында тұрған міндеттерді шешу қажеттілігі әлемдік қаржылық дағдарыстың дамуымен байланысты. Қазақстан үшін ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету - ең маңызды қажеттілік. Бәсекеге қабілеттіліктің ең басты кезі саяси еркіндік пен ұлттық консенсус болып табылады.

ӘДЕБИЕТТЕР

1. Воронов А. Конкуренция в XXΙ веке // Маркетинг – 2005- № 5-б. 16-25.

2. Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 ж. 17 мамырдағы № 1096 Жарлығы

3. «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылдың 28 қаңтарындағы Жарлығы



К содержанию номера журнала: Вестник КАСУ №3 - 2011


 © 2018 - Вестник КАСУ