Главная  | О журнале  | Авторы  | Новости  | Конкурсы  | Вопросы / Ответы

К содержанию номера журнала: Вестник КАСУ №3 - 2011

Авторы: Джемпеисова Гульнара Ислямовна, Жамелова Нургуль Бекдайынкызы

«Инновация» термині жалпы қолданыста кең мағынаға ие. Инновация (жаңашылдық енгізу) туындыларға, ашуларға, ескіні жаңартуға бағытталады. Соның нәтижесінде қоғамның дамуына және тұтастай прогреске алып келеді. Экономикалық теорияда инновация жаңа технологияларды, өнімдерді, индустриалды ұйымдардың формаларын енгізумен түсіндіріледі.

Инновация жүйе үшін жаңа, қабылданатын және пайдаланылатын идея, қызмет және материалдық нысандар сияқты заттық ұғым мағыналарын білдіреді. Сонымен бірге инновация жаңа пайда болған нәтижелердің үрдісі, зерттелуі, бейімделуі және пайдаланылуы болып табылады. Индустриальды-инновациялық үрдістің кең қолданылатын қабылданған пікірлерден ерекшелігі ол жаңа өнімнің, қызметтің және технологияның пайда болуымен шектелмейді. Бұл үрдіс өндіріске енгізілгеннен кейін де үзілмейді, өйткені жаңа енгізуімнің тарауына байланысты ол жетіледі, тиімділігі арта түседі, жаңа қасиетке ие болады, яғни пайдалану салаларында жаңа қолданыстар, тұтынушылар пайда болады.

Инноватика – жаңаенгізім теориясын қарастыратын ғылым саласы - жаңаның қалыптасуы, оның таралуы, жаңалыққа қарсылық, индустриальды-инновациялық ұйымдардың үйренісуі, индустриальды-инновациялық шешімдердің қабылдануы.

Инновация:

1. Техника мен технологияны алмастыратын қаржыны экономикаға салу;

2. Ғылыми техникалық прогрестің нәтижесі болып саналатын жаңа техника мен технология.

Сонымен бірге, «инновация» мен «жаңашылдық» ұғымын ажыратылады.

Жаңашылдық–тұтынушыларға иелік етуге немесе қолдануға бағытталып жасалған шығармашылық қызмет нәтижесіндегі жаңа немесе жаңа артылған өнім. Ол жаңа материал, бұйым, әдіс, технология, қызмет түрінде болуы мүмкін. Жаңалық ашу, туынды, патент, тауарлық белгі және басқадай түрде енгізіледі.

Кәсіпорынның индустриальды-инновациялық қызметін қалыптастыруға бірнеше ішкі және сыртқы факторлар ықпал етеді (Сурет 1).

Индустриальды-инновациялық жүйе келесі негізгі ішкі жүйелерге бөлінеді, сәйкесінше олардың әрқайсысы мынадай элементтерді қамтиды:

Ғылыми потенциал қолданбалы зерттеулер салаларын дамыту арқылы негізгі әзірлемелерді коммерциялық қолданыс деңгейіне дейін жеткізетін индустриальды-инновациялық дамудың маңызды факторы.

Сурет 1. Кәсіпорынның индустриальды-инновациялық қызметін қалыптастыратын ішкі және сыртқы факторлар сыныптамасы

Ғылыми потенциал құрамына: мемлекеттік ғылыми ұйымдар - ұлттық ғылыми орталықтар, ғылыми-зерттеушілік институттар, жоғарғы оқу орындары, жобалық институттар; ұлттық компаниялардағы ғылыми ұйымдар, ірі кәсіпорындардағы зертханалар; жеке ғылыми-зерттеушілік және жобалық институттар; ғылыми зерттеулермен айналысатын шағын және орта кәсіпкерліктер; ғылыми кадрлар және жекеленген өнертапқыштар; материалдық-техникалық база енеді.

Қазіргі таңда елдің ғылыми потенциалын Білім және Ғылым министрлігінің, салалық министрліктердің ғылыми ұйымдары, жеке ғылыми-зерттеушілік ұйымдар, ғылыми зерттеулер жүргізуге бағытталған зерттеу орталықтары, сондай-ақ ұлттық компаниялар қарауындағы ғылыми-зерттеушілік институттар қамтиды.

Көпдеңгейлі индустриальды-инновациялық инфрақұрылым индустриальды-инновациялық қызметті іске асыру үшін жағдайды қамтамасыз ететін және қызмет көрсететін өндірістік, консалтингтік, білім беру және ақпараттық құрылымдарды байланыстыратын кешенді анықтайды. Индустриальды-инновациялық инфрақұрылым мынадай келесі элементтерден тұ-рады: ұлттық технологиялық парктер; өңірлік технологиялық парктер; технологиялық бизнес-инкубаторлар;

Қаржылық инфрақұрылым индустриальды-инновациялық-технологиялық даму сферасында ғылыми-өндірістік және білім беру процестерін кешенді қаржыландыруды қамтамасыз етеді, ол индустриальды-инновациялық кәсіпкерлікті және инфрақұрылымды мемлекеттік қолдаудың тікелей және жанама түрлі механизмдерін үйлестіруге негізделеді. Қаржылық инфрақұрылым мынадай элементтерден тұрады: мемлекеттік даму институттары; венчурлық қорлар; кәсіпорын; жеке кәсіпкерлер; екінші деңгейлі банктер және басқалар.

Индустриальды-инновациялық процестерді басқаруға кешенді, жүйелі бағыт болмаса, мемлекеттің индустриальды-инновациялық потенциалы төмендейді және оның әрі қарай дамуының басым бағыттарын анықтауға мүмкіндік бермейді.

Елдің бәсекеге қабілеттілігі жағына келетін болсақ, халықаралық экономикалық форумда (WEF) жарияланатын бәс-келестік бойынша халықаралық есепте екі негізгі индекспен есептеледі: Джеффри Сакс пен Джон Мак Артур құрастырған бәсекелестік қабілеттіліктің өсу индексі (Growth Competitiveness Index), Майкл Портер құрастырған іскерлік бәсекеге қабілеттілік индексі (Business Competi-tiveness Index). 2005 жылдан бастап аталған ұйым бәсекеге қабілеттіліктің жаһандық индексін енгізді.

Қазақстан Республикасында өңірлердің бәсекеге қабілеттілігінің негізгі көрсеткіштеріне мыналар жатады: 1) халықтың өмір сүру деңгейін анықтайтын индекс 2) өңірдің бәсекеге қабілеттілік (өнімділік) индексі; 3) индустриальды-инновациялық индекс; 4) өңірдің инфрақұрылымының даму деңгейін бейнелейтін индекс.

Жаһандану және жедел ғылыми-техникалық прогресс жағдайында аймақтың бәсекеге қабілеттілігі өнеркәсіптік өндіріске индустриальды-инновациялық әзірле-мелерді дайындау мен енгізу арқылы анықталады. Егер бұрын өңірлік экономикаға тиімді араласудың тәсілі негізгі капитал мен инфрақұрылымды инвестициялау болып табылса, ал қазір өңірлердің индустриальды-инновациялық белсенділігіне және инновацияларды енгізуге ықпалдастық жасауға көп назар бөлінеді. Индустриальды-инновациялық индекстің жиынтық көрсеткіштері 1-кестеде көрсетілген.

Ғылыми ұйымдардың технологиялық даму деңгейі ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерге бөлінетін шығыстар көлемімен есептелетін болғандықтан, өңірдің индустриальды-инновациялық дамуының бір көрсеткіші ретінде ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерге жұмсалатын жиынтық шығындар көрсеткіші қолданылады.

Бүгінгі таңда, дамушы нарықтардағы бәсекелестік күшейгенде, ішкі және әлеуетті сыртқы нарықтарда тез орнығып, 170 млн. адамдық қолжетімді нарығы бар Кеден одағының әлеуетін барынша іске асыру қажет. Бұдан басқа, Қазақстанның бірегей географиялық орны Азия мен ТМД елдерінде (Ресей, Орталық Азия, Қытай, Иран, Үндістан) тиімді жаһандық серіктестік ұстанымын жүзеге асыру және иелену мүмкіндігін жасай алады. Қазақстан Республикасы кәсіпорындарының белсенді болуының қолжетімді нарықтарын кеңейту мақсатында агроөнеркәсіптік кешеннің, тоқыма өнеркәсібінің және туризмнің шикізаттық емес экспорттың белсенді қолдауын қамтамасыз ету.

Бюджетінің бүйірін мұнаймен бүлкілдетіп отырған Қазақстанды шикізатқа тәуелділіктен құтқарып, ғылымы озық, өндірісті елге жетелейтін индустриалды-инновациялық бағдарлама болып отыр. Бұл стратегияның қанат қақты жобасы 5-6 жыл бұрын басталған. Кейін билік кластерлік әдіс, 30 корпоративті жетекші, сол арқылы 50 дамыған елдің қатарынан көріну секілді асқақ міндеттерді алға қойғанда дағдарыс төніп, индустриализацияға ұлттық жоба тұрғысынан қарауға тура келді. Қазақстанның әлемдік экономикалық күйзелістен кейінгі дамуы да осы өндірістендіруге байланысты. Сондықтан 7 бағытқа басымдық бе-ріліп отыр. Агроөнеркәсіп кешені, құрылыс индустриясы, мұнай және газ өндірісі, металлургия, химия өнеркәсібі, энергетика, көлік және коммуникация, сосын, автомобиль магитральі. Бағдарламаның іске асуын Үкіметтен құрылған арнайы штаб ба-қылайды. Өткен жылы тиімді шыққан «Жол картасы» бағдарламасынан жинақ-талған тәжірибе өндірістендіруді іске асыруда үлгі болмақ. 2010 жыл Қазақстан үшін дағдарыстан кейінгі даму жылы. Биыл Үкімет экономиканы жедел дамыту жө-ніндегі индустрияландыру бағдарламасын бастайды. Индустриялды картаға енген жобалар бойынша Үкімет екі бағытта жұмыс істейді. Бірінші бағыт – бұл биыл іске қосылатын нысандар. Қазір мұндай жобалардың саны 70-ке жетіп жығылады. Бұл нысандар бойынша негізгі мәселелер шешімін тапты. Енді, құрылысты уақы-тында аяқтау қажет. Ал, жобалардың мері-зімінен кешікпей тапсырылуы әкімшілік-тердің жанынан құрылған арнайы штабқа жүктеледі. Ал, екінші бағыт бойынша барыс жылында тағы 44 жоба қолға алынады. Оның ішінде, 37 ірі жобаны министрліктер мен ұлттық холдинг жетекшілері қадаға-лайды. Жергілікті жердегі жобаларға облыс әкімінің орынбасарлары жауапты. Сәуір айында бірқатар нысандардың құрылысы басталуы тиіс. Премьердің пайымдауынша, индустрияландыру бағдарламасын оңтайлы жүзеге асыруға үкімет мүшелерінің де, аймақ басшыларының да шамасы жетеді.

Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдарға арналған индустриальды-инновациялық-индустриалдық даму стратегиясының негізгі бағыты сервистік-технологиялық бағыттағы экономиканы қалыптастыру болып табылады. Стратегияға сәйкес міндеттердің бірі бәсекеге қабілетті және экономиканың шикізаттық емес саласында экспортқа бағытталған өнімдерді шығаруға негізделген экономикалық дамудың жаңа, сапалы деңгейін қамтамасыз ету болып айқындалған.

Қабылданған Қазақстанның индустриальды-инновациялық-индустриалдық даму стратегиясының өндірістік даму саласында қабылданған басқа құжаттардан басты айырмашылығы–оның экономиканың дамуына мемлекеттің араласуының заңнамалық негіздері арқылы мемлекет пен шағын сектор арасындағы белсенді келісімге бағытталуында болып саналады.

Елдің индустриалдық-индустриальды-инновациялық дамуының негізгі қозғаушы күші шағын сектор, ал мемлекет экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселелерінде бастамашылық жасап, кәсіпорындардың индустриальды-инновациялық қызметін ынталандыруы қажет.

Дегенмен қабылданған стратегия экономиканың дамуында анықталған басым секторларды нақты анықтамаған. Негізгі басымдық – шикізаттық емес бағыттағы экономика салаларындағы бәсекеге қабілетті, экспортқа негізделген өндірістерді құру және дамыту. Бұл бағыт экономиканың әртүрлі салаларындағы кәсіпкерлер үшін өндірісті жетілдіруге техникалық және ұйымдастырушылық жол ашуға және экспортқа бағытталған жаңа өнім түрлерін жасауға мүмкіндік туғызбайды.

Бәсекеге қабілеттілігі мүмкіндігіне ие болу үшін төртінші және бесінші технологиялық өңдеу деңгейіне өту қажет. Нәтижесінде тиімсіз салалардан бас тартып, 6-технологиялық өңдеу деңгейіне өту үшін дайындық жұмыстары жүргізілуі керек. Ол ізденістердің негізін биологиялық, химия, ғарыштық техника және т.б., жоғары технологиялық салалық зерттеулер құрайды.

1. Қазіргі бар ғылыми-техникалық әлеуетті постиндустриалды экономикада қолдану мақсатында елдің ғылыми-техникалық капитал жағдайына мониторинг биотехнология, биохимия; ядролық технология; сирек металдар негізінде жаңа материалдар жасау өндіріс салаларында жасалуы қажет.

2. Жаңа материалдар мен химиялық технологиялар; ақпараттық технология; «тірі» жүйелер технологиясы ғылыми-техникалық бағыттарды жүзеге асыру үшін басымдық негізде мемлекеттік деңгейде қолдау жасау қажет.

3. Өндіріс саласына индустриалды –индустриальды-инновациялық қызметті ендіруді жылдамдатуға бағытталған заңнамалық базаны жетілдіру мақсатында мемлекеттік қолдауға бағытталған қолданыстағы құқықтық базаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу және заңдар мен нормативтік актілерді шығару үрдісі қарастырылады.

Қорытқыға келе экономикамыздың жаңа даму кезеңіне өту процесі халық шаруашылығының нақты секторын, әсіресе, ең басты саласы болып табылатын индустрияны қайта құру мен дамытуда маңызды да сапалы өзгерістер енгізумен басталды.

Барлық әлеуетте бәсекеге қабiлеттi, оның iшiнде экономиканың шикiзаттық емес бағытындағы салаларда жұмыс iстейтiн экспортқа бағдарланған өндiрiстер индустриялық-индустриальды-инновациялық саясаттың басымдықтары болып табылады. Ұзақ мерзiмдi стратегиялық мiндеттердi шешу мақсатында ғылымды көп қажет ететін және жоғары технологиялық өндiрiстердi дамыту үшiн жағдайлар жасауға ерекше көңiл бөлу қажет.

Әлемдiк тәжiрибе көрсеткендей, нарықтық экономикалы мемлекет экономикада құрылымдық өзгерiстердi жүзеге асыруда жеке сектормен ынтымақтастық орната алады. Осындай ынтымақтас-тықтардың көрнекi мысалдары Жапонияда, Оңтүстiк Кореяда, Малайзияда және соңғы отыз жылда өздерiнiң экономикалық даму саласында iрi бетбұрыс жасаған басқа да елдерде бар.

Индустриалды-инновациялық қыз-метті нақты шаралармен толықтыру мақсатында және оны жүзеге асырудың ұйымдық-экономикалық жетістіктерін қалыптастыруға қажетті негізгі шарттар мен қағидаларды қамтитын, индустрияны қарқынды түрде дамуын қамтамасыз ететін тұжы-рымдама әзірленді. Осы тұжырымдамада индустрия саласының бірінші кезектегі мақсаттары, отандық өндірушілерді мемлекеттік қолдау және дамыту бағыттары, әрі олардың мүдделерін қорғайтын заңдық нормативтерге жүгіну механизмдерін жақсарту шаралары қамтылады.

Қорытындылай келе, жүргізілген зерттеу төмендегідей қорытындылар мен ұсыныстарды жасауға мүмкіндік береді:

1. Проблемаларды шешу және стратегия аясында алға қойылған мақсаттар мен мiндеттерге қол жеткiзу үшiн Даму Банкiнiң қызметiн жандандырумен қатар Қазақстанның инвестициялық қоры, Экспортты сақтандыру жөнiндегi корпорация, Индустриальды-инновациялық қор сияқты ар-найы даму иеституттарын құрылды. Стратегия елде ғылымды және индустриальды-инновациялық қызметті ынталандыруға бағытталған белсендi мемлекеттiк ғылыми және индустриальды-инновациялық саясат жүргiзудi көздейдi. Стратегияны ойдағыдай iске асыру экономиканың адам капиталын, өңдiрiлген және табиғи капиталды тиiмдi пайдалануға негізделген тұрақты өркендеуіне алып келетін оның құрамында сапалы өзгерістер жасауға, Қазақстанның әлеуметтік дамуының құрылысының сапалық жаңа деңгейіне шығуына ықпал етуi керек.

2. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, индустриализациядағы жетістіктер ұлттық дәстүрлер мен менталитетке тәуелді. Әрине, қазақстандық басқару жүйесінің және экономиканың ұлттық моделінің ерекшеліктері мен қасиеттерінің барлығы дерлік постиндустриалды экономикаға көшу үшін жағымды жағдайлар құрмайды. Индустриалды-инновациялық даму Стратегияның сапалы және уақытылы орындалуына бағытталған әдістер мен факторлардың қолдануын талап етеді:

– индустрияда инновациялық белсенділікті жоғарылату;

– елдегi индустриальды-инновациялық күштердi қалыптастыру және нығайту; индустриялы-инновациялы дамуды халық арасында насихаттау; бәсекелі артықшылықтарды қалыптастыру.

3. Мемлекеттiк мекемелердiң қызметiн индустриялық-индустриальды-инно-вациялық дамудың мақсаттарына сәйкес қайта құру. Бұл – бiлiм, ғылым, қаржы фискальдық және тарифтiк саясатты жетiлдiрудi қажет етедi;

4. Отандық өнiмдердiң халықаралық рыноктарда бәсеке қабiлеттiлiгiн арттыру үшiн әлемдік стандарттар мен сертификаттарға көшу; индустриальды-инновациялық қызметке мемлекеттік қолдау көрсету, шағын индустриальды-инновациялық бизнестi ынталандыру

5. Жаңадан құрылған индустриальды-инновациялық кәсіпорындарға Қазақстанның индустриальды-инновациялық жүйесін дамыту бағдарламасында қарастырылған келесі механизмдерді тиімді қолдану ұсынылады:

- капитал мен кепілдікке ұзақ мерзімдік тәуекелдікті қамтамасыз ететін мемлекеттік қаржылық құралдардың бірыңғай жүйесін құру;

- индустриальды-инновациялық бизнестің бастапқы капиталын қамтамасыз ететін арнайы инвестициялық компания құру;

- жоғары технологиялық компаниялар қорлары және жаңа технологиялар үшін венчурлық капитал қорларын құру;

- жаңа кәсіпорындарды бастапқы қаржыландыру үшін қаржылық құрылымдарды және технопарктер мен бизнес-инкубаторлар үшін бастапқы қаржыландырудың құралдарын құру;

- шағын және орта кәсіпорындар несиелерге қол жетімді болуына жағдай жасауға кепілдіктердің келісімді жүйесін әзірлеу.

Индустриальды-инновациялық қызметтің даму жағдайында ең басты қоғам-ның өндіруші күшіне айналған жоғары интеллектуалды, еңбегінің өнімділігі жоғары адамның рөлі айқындала түседі. Жоғары білікті мамандардың индустриальды-инновациялық экономикадағы ролі өте үлкен және ол тұрақты өсуде. Сондықтан индустриальды-инновациялық процестерді тиімді басқаратын, индустриальды-инно-вациялық жобаларды құрып және енгізетін кадрларды даярлауға аса назар аудару керек.

Әрине дамыған елдер қатарына қосылу үшiн сол елдердiң даму жолын зерттеп, олардың ұлттық экономикамызға тиiмдi жақтарын ала бiлуiмiз қажет. Бiздiң елiмiзге әсiресе Оңтүстiк Азияның бiрнеше жаңа индустриялы елдерiнiң ұстанған саясаты ыңғайлы болып отыр. Яғни “Азия айдаһары мен жолбарысы” атанған елдер қысқа мерзiмдi аралықта индустриялы-инновациялы саясатты тиiмдi жүргiзу арқылы үлкен жетiстiктерге қол жеткiздi. Яғни, инновация – экономикалық өсуде негiзгi қозғаушы күш болмақ.

Отанымыз Қазақстан Республикасы алдағы кезеңде тиiмдi реформалар жүргiзу арқылы және индустриялы-инновациялы саясатты iске асырып тұрақты экономикалық өсу арқылы әлем таныған, алдынғы қатарлы дамыған 50 елдер қатарына кіру стратегиясының орындалуына сенiмiм мол. Ол үшiн әрбiр Қазақстандық азамат осы шара үшiн аянбай еңбек етуi керек.

ӘДЕБИЕТТЕР

1. Назарбаев Н.Ә. Инновациялар мен оқу-білім жетілдіру арқылы білім экономикасы (лекция). - Астана, 2006.

2. Наука и инновация в рыночной экономике: мировой опыт и Казахстан.- Алматы, ИЭ МОН РК, 2005.

3. Фатхутдинов Р.А. Инновационный менеджмент: Учебник для вузов. - М.: Бизнес-школа Интел-Синтез, 2004.

4. Аньшина В.М., Дагаева А.А. Инновационный менеджмент. - М., 2003.



К содержанию номера журнала: Вестник КАСУ №3 - 2011


 © 2018 - Вестник КАСУ