Update site in the process

   Главная  | О журнале  | Авторы  | Новости  | Вопросы / Ответы


К содержанию номера журнала: Вестник КАСУ №2 - 2011

Автор: Кикумова Ардана Зейнула

Тіл туралы, сөз өнері жайында, көрнекті қоғам қайраткерлері, сөз зергер-лері мен ғылым, өнер саңылақтары әр кезде аталы сөздер айтқан.

Тіл қоғамға қатынас құралы ретінде қызмет етеді. Тіл қызметінің когнитивтік (танымдық немесе экспрессивтік) қызме-тінің де ролі ерекше. Бұл – тілдің ойды жа-рыққа шығарудағы құралы. Тілдің эконо-микалық қызметі – сезім мен эмоцияны бейнелеуінің құралы болуы.

Тіл қарым-қатынас құралы ретіндегі қызметіне сәйкес дәл, анық, жалпыға түсі-нікті болуы шарт. Сондай-ақ, экспрессивтік қызметіне орай тілдің басқаға да (тыңдау-шыға, оқырманға, көрерменге) әсер етуінің маңызы жоғары. Себебі, тіл өзінің қарым-қатынас қызметінде тек ойды жеткізуге ғана қызмет етпейді, сонымен бірге эмо-цияны да, сезімді де, ерікті де білдіретін құрал болып табылады. Қандай да бір қоғамда өмір сүретін адам бір қалыпта болмайды, сырттан әр түрлі ақпарат қабыл-дау кезінде оның ішкі сезімі құбылып оты-рады. Осы құбылмалы ішкі сезімді сыртқа шығарудың бірден - бір жолы – эмоция мен тілдің бірге жұмсалуы. Осыған байланысты эмоция тілде лексикалық, грамматикалық, фонетикалық деңгейлерде көрініс табады.

Қазіргі тіл білімінде эмоционалды (эмотив-экспрессив) сөздер сөз мағынасы-ның қыры (аспектісі) ретінде тіл білімінің өзекті мәселелерінің біріне айналып отыр. Атап айтқанда, эмоционалдық мәселесі ағылшын, француз, литва, орыс, саха (якут), қазақ, нанай, өзбек, жапон, қытай т.б. тілдердің материалдары бойынша зерттелініп, оған арнайы және жанама көптеген еңбектер арналды. Бұлар әр түрлі тұрғыдан, жеке лингвистикалық (лек-сикологиялық және лингвостилистикалық), әлеуметтік лингвистикалық, психолинг-вистикалық негізде зерттелінді. Осылардың негізгілері ретінде шетел ғалымдары К. Эрдманның, Ш. Баллидің, орыс ғалымдары В.В. Виноградовтың, В.А. Звегинцевтің, А.М. Ефимованың, Е.М. Галкина – Федо-руктың, Н.А. Лукьянованың, сондай-ақ қа-зақ ғалымдары С.К. Кеңесбаевтың, М.Б. Ба-лақаевтың, Ғ.Ғ. Мұсабаевтың, М. Томанов-тың, Б.Қ. Момынованың, Е. Жанпей-ісовтың, Х. Нұрмұхановтың, Ф.М. Мұсабе-кованың, З.К. Ахметжанованың және т.б. ғалымдардың еңбектерін атауға болады.

Мысалы, тілдегі экспрессивті сөздер жайында ғалым Б.Қ. Момынова былай деп тұжырым жасайды: «Көркем шығарма тілі-не талдаулар жасауды шындап қолға алған лингвистер кейінгі жылдары жаңа шығармашылық табыстарға қол жеткізуде. Сондай соңғы жетістіктердің бірі – сөз бейнелілігінің уәжділігі жөніндегі ғылыми пайымдаулар. Бейнелі немесе көркемдеуіш сөздер, экспрессиялық бояуы қою сөздер – әр жазушының стильдік тұғырын айғақтай-тын тілдік категориялар. Көркем әдебиет стилі қарастыратын экпрессиясы бар сөздердің тілдік қорымызда мол екендігі экспрессиясы жоқ я болмаса экспрессивті емес сөздермен салыстырылғанда анық көрінеді.

Сөз атаулының бейнелілігі үнемі бір деңгейде болмайды, бейнелілік бір-біріне ұқсас та болмайды. Барлық көркемдік атау-лы бір-бірінен айнымайтындай ұқсас болса, көркемдік деген ұғым болмас еді, оны зерттеудің қажеттілігі туындамас еді. Ал қажеттілікті тудыратын проза мен поэзия көркемдігі, бейнелілігі, оларды жеткізуші, сипаттаушы тілдік құралдардың, түрлі грамматикалық категориялардың және лексикалық бірліктердің сан алуандығы, бір-бірінен айырым белгілерінің айқын байқалып тұруы. Бейнеліліктің деңгейі әр жазушыда әр түрлі болатындығы өз алдына, бір жазушының шығармаларының өзінде әр қилы түрде кездеседі» [1].

Қоғамда адамдардың бір-біріне қа-рыс-қатынасы кезінде эмоционалды лекси-ка бірден-бір маңызды құралдардың біріне жатады.

Тіл біліміндегі эмоционалды сөздер деп аталатын сөздер тобы адамдардың бір-бірімен қарым-қатынасы кезінде ерекше қолданысқа ие болады. Сол себептен олар ауызекі сөйлеу тілі мен көркем әдеби шығармалар тілінде көрініс табады.

Эмотив сөздер мен экспрессив сөз-дердің ортақ және айырым белгілері бар. Нақтырақ айтқанда, олардың ортақ белгі-лері ретінде, эмотивтің де, экспрессивтің де негізінде эмоция жатады. Ал айырым белгілері ретінде, біріншіден, олардың білдіретін мағынасынан көрінеді: эмотив сөздер еліктіру, толқытуды берсе, экспрес-сив сөздерде көркемдік, мәнерлілік болады. Екіншіден, тілдік деңгейі: эмотив сөздер сезімді, эмоцияны білдіретін тіл элементі болса, экспрессив сөздер тіл бірліктерінің семантикалық-стилистикалық белгілерінің жинақталған түрі болады. Үшіншіден, тілдік қызметі: эмотив сөздер қоршаған ақиқат болмысқа деген адамның әртүрлі көңіл-күйін, сезімін, әсерін білдіреді, экс-прессив сөздер сөйлеп тұрған адамның сөз мазмұнына немесе ол сөз арналған адамға деген өзіндік көзқарасы мен қатынасын тілдің көркемдегіш құралдары арқылы бейнелейді. Төртіншіден, тілдік құралдары: эмотивтілік эмоциялық өң берілген лексика арқылы, ал экспрессивтілік тілдің барлық категориялары арқылы білдіріледі.

Қазіргі қазақ тіл біліміндегі эмоцио-налды лексика эмоционалды және экспрес-сивті болып екіге бөлінетіні белгілі.

Эмоция сөзі француз тілінің emotion; латын тілінің emovere – қыздыру, толқыту сөзінен шыққан. Эмоционалды сөздер дегеніміз – сезім негізінде шыққан эмоция-лар. Эмоционалды сөздер адамның сезім өрісінің бай екендігін дәләлдейді.

Экспрессия адамның сөйлеу кезінде ғана емес, сонымен бірге ым, дене, бет қимылдары, жұмыс кезіндегі адамның барлық мінезінде пайда болады. Тілде экспрессивті элементтер мен эмоционалды элементтерді айыру, олардың өзара байланысына қарамай, функционалдылық мақсатының бөлек болуымен түсіндіріледі. Эмоционалдылық ой және ерік бір қатарда тұрады және олардың тілде қолданылу тәсілдері бар. Экспрессия, экспрессивтілік ойдың және еріктің пайда болуындағы сияқты эмоционалды болып қабылдануы мүмкін.

Тіл білімі сөздігінде «Эмоционал-дық – (лат. Emovere – еліктіру, толқыту) фр. emation – қоршаған болмысқа деген адамның әртүрлі көңіл-күйі, сезімі, әсері.

Эмоциялық өң берілген лексика ұна-ту мен ұялту, үрей мен қуаныш, масаттану мен жек көру, қорқыныш пен батылдық, сенім мен сенімсіздік, қайғы, уайым, зарығу т.б. көптеген мағыналардың қолда-нылуы. Экспрессивтілік (лат. Expressio – выражение, мәнерлілік) ағыл. Expressivity expressivite expressivitat (мәнерлілік), яғни тіл единицаларының семантикалық-стилис-тикалық белгілерінің жинақталған түрі. Ол сөйлеп тұрған адамның сөз мазмұнына немесе сол сөз арналған адамға (адресатқа) деген өзіндік көзқарасы мен қатынасын көрсететін тілдік құрал ретінде қолданы-лады. Оның фонетикалық, морфологиялық, лексикалық, синтаксистік құралдары бар. Осы құралдар арқылы сөз сөйлеушінің психикалық, эмоционалдық күйін көрсете алатын қабілетке ие болады. Экспрессив-тілік айтылған сөзді эмоционалдық (сезім-дік) айшықты (аффекті) сөз ретінде жеткі-зеді. Экспрессивтілік құралдарын фоне-тика, грамматика, лексикология, стилис-тика және семантика зерттейді.

Бұл сөздіктегі келтірілген екі анықта-мадан мынадай нәрселерді байқауға бола-ды. Біріншіден, эмоционалдылық пен эксп-рессивтілік – бейнелі сөздердің бір деңгей-інде тұрған тілдік категориялар. Екіншіден, олар өзара байланысты, сондай-ақ жеке өздеріне ғана тән айырым белгілері де бар.

Яғни эмоция дегеніміз – адамның органикалық мұқтаждықтарын қанағаттан-дыруға не қанағаттандырмауға байланысты туатын психикалық күй. Сондықтан, эмоция – қоршаған ортадағы әсер туды-рушы ақпараттарды сезімге апаратын саты. Ол – сезім күйі және оның қысқа мерзімді айқын көрінісі, адамның жан дүниесінің жандануы мен тіршілік ағымында айтар-лықтай маңызы бар психикалық процесс. Ең алғаш адам баласы тілді меңгере баста-ғанда табиғаттағы, қоршаған ортадағы адам эмоциясына әсер ететін жағдайларға байланысты өзінің эмоциясын бет қимылы, дене қимылы және ең бастысы сөйлеу аппараттары арқылы сыртқы ортаға шығарып отырған. Бұл алғашқы дыбыс-тарды немесе дыбыстық шоғырларды, қа-зіргі тілмен айтар болсақ, бойында эмоциясы басым тілдік элементтер – одағай мен еліктеу сөздер деп атаймыз. Тарихи тұрғыдан жоғарыдағы адамның эмоциясы арқылы шыққан дыбыстар мен дыбыстық шоғырлар сөйленімнен тілге айналуына байланысты қазіргі тілдегі эмоционалды сөздер пайда болған деп шамалаймыз. Ал эмоционалды сөздерде эмоциямен бірге сезім қатысады. Сезім адамның өзіне, өзге адамдарға, айналасындағы заттар мен құбылыстарға көңіл-күйінің қатынасын білдіретін және оларды бейнелейтін психикалық процесс.

Яғни, сезім жалпы ұғым болса, эмо-ция сезімді қалыптастырудағы бір сәттік күй, жалқы ұғым болады. Ал тілде экспрессивтіліктің пайда болуына эмоция, сезім және ерік қатысады. Ерік дегеніміз – адамның өз мінез-құлқын саналы түрде меңгере алу қабілеті. Экспрессияның негізінде адамның саналы ойлау қабілеті жатыр. Эмоционалды сөздерде эмоция мен сезім басым болса, экспрессивті сөздерде бұлармен (эмоция және сезіммен) бірге ерік болады.

Қазақ тіл білімінде де аталмыш топтағы сөздерді әркім әртүрлі атайды. Ш.Ы. Нұрғожина, Х.М. Нұрмұхановтар эмоционалды-экспрессивті лексика деп атаса, ал қазіргі қазақ тілінің лексиколо-гиялық оқулығында мұндай сөздер тобын «экспрессивтік-эмоционалды» деп атайды.

Тіл білімі сөздіктерінде эмоционалды сөздер мен эмотив сөздер синоним ретінде қолданылған: «эмотивтік» (лат. еmovere – еліктіру, толқыту), фр. emotion – сезімді, эмоцияны білдіретін тіл элементі. Ал бұ-лардың категорияларын адамның қоршаған болмысқа деген әртүрлі көңіл-күйін, сезімін білдіретін сөздерді «эмотив» деп, адамның қоршаған ортаға деген әртүрлі әсерін білдіретін эмоцияның (кейде олар қатыспайды), сезім, ерік қатысуы арқылы, тілдің көркемдеуіш құралдары арқылы бейнеленген сөздерді «экспрессив» деп қолданамыз.

Орыс-қазақ аударма сөздігінде бұл сөздер былай аударылған: Экспрессивность – мәнерлілік, айқындық, бейнелілік; речи - сөздің мәнерлілігі. Экспрессия – мәнерлілік, дәлдік, бейнелілік; говорить с – ей мәнерлі сөйлеу. Экспрессивный, - ая, - ое мәнерлі, кестелі, бейнелі, айқын; ая – речь мәнерлі сөз; ая - лексика экспрессивті лексика. Эмоция – эмоция, сезім, әсер, жан толғанысы – радости қуаныш сезімі; - гнева ашу сезімі; интеллектуальные зияттық эмоциялар; отрицательные - жағымсыз эмоциялар [2].

Тіл білімінде сөздік құрам қабатындағы бұл сөздер барлық деңгейде де жасалынады. Қазіргі дәстүрлі тіл білімінде сөздік құрам қабатындағы мұндай сөздердің жасалу жолының негізінен бес түрі көрсетіледі. Олар фонетикада – интонация арқылы, сөзжасамда - қосымшалар арқылы, лексикада – сөздердің ауыспалы мағынада қолданылуы арқылы, ал синтаксисте – сөз тіркестері арқылы беріледі.

Көркем шығармаларды оқыған кезде бұлардан басқа да адамның көңіл-күйін, ішкі тебіренісін, сезімін, яғни эмоциясын беретін сөздер бар. Олар түбір қалпында ақ ешқандай қосымшасыз, жеке тұрып адамның қандай жағдайда тұрғандығын білдіре алады. Бұларға тілдегі одағай сөздер мен еліктеуіш сөздерді жатқызуға болады. Мысалы, пахпах, ух, шіркін, уа, әттең, ойбай десек, адамның қатты қуанышын немесе ренішін байқаймыз. Бұл сөздерді адамның ішкі сезіміне, көңіл-күйіне байланысты шыққан сөздер деп атауға болады. Мысалы: «Ура! – деді санын сабалап, - Ура!, машина келе жатыр!»

Ойбай-ай, ойбай! – деп құлындаған даусы құраққа ұшты [3]

Әттең, буаз қайнаға екеуіңді жаратқан құдай да бөлек қой!.. [4]

Суреткер жазушы осындай сөздерді қолдану арқылы сөйлемдердің экспрессивті-эмоционалды қуатын арттырып, айтар ойын оқырмандар көңіліне бірден, нақты жеткізеді.

Р. Сыздық: «Нағыз жазушы кейіпкерін өздері беріп тұрған образға сай сөйлетеді. Кейіпкер сөзі оның бейнесін жасауға тікелей қызмет ететін көркемдік тәсілдің бірі болып саналады» дейді [5].

Ғалым Х. Кәрімов өз ойын: «Көркем мәтінді өнер туындысы ретінде зерттегенде таза – лингвистикалық әдіс-тәсілдермен шектеліп қалу жеткіліксіз.

Себебі, көркем туынды (көркем мәтін), даралық көркем стиль жазушы шығармаларының көркем құрылысы ғана емес, әр жазушының шығармаларына тән мазмұн мен түрлі ерекшеліктері. Көркем әдебиет стилистикасында шығарманың тілін оның идеялық мазмұнынан бөліп алып қарауға болмайды.

Көркем шығармада кейіпкердің көрінуіне тілдік ерекшеліктердің қосар үлесі аз емес», - деп түйіндейді [7].

Тілдегі эмоционалдылықтың семантикалық ерекшеліктерін анықтау екі аспектіде жүзеге асуы керек, біріншісі – денотативті мағына да, екіншісі коннотативті мағына. Хабарлаудың бірінші бөлігі сөздердің денотаттық мағынасымен сәйкес келеді де, ол ұғым деп аталады. Ұғым арқылы денотаттық мағына сыртқы әлеммен байланысқа түседі. Пікір алысудың екінші бөлігі сөйлеушілермен және олардың жағдайларымен байланысты болып, коннатацияға тең келеді. Оған эмоция, экспрессия және мағынаның стилистикалық компоненттері енеді. Эмоционалды сөздер семантикада негізінен денотаттық мағына мен коннотаттық мағыналарда кездеседі және эмоционалды-экспрессивті сөздердің семантикадағы орны негізінен коннотацияға тең.

Тілде эмоционалды сөздер эмоционалды емес сөздерден коннотативті мағына арқылы айқындалады.

Қазақ тілі энциклопедиясында коннотацияға былай деп анықтама беріліп жүр: «Коннотация (лат. сonnotation, connote – қосымша мағынасы бар) ағыл. Сonnotation, фр. Сonnotation – тілдік единица мағынасындағы жасырын әрі қосымша ерекше компонент; дүние туралы біліммен белгіленетін заттың эмотивті қабылдануы. Коннотация тілдік единицалардың бағалылық, эмоциялық, стильдік параметрлерімен сипатталады. Коннотация әрбір тілге тән маңызды ұлттық ойлаудың ерекшеліктерімен айқындалады. Коннотация - тіл бірлігінің эмоциялық, бағамды немесе стилистикалық рең білдіруі. Кең мағынасында: тіл бірлігінің грамматикалық және заттық – ұғымдық мағынасын толықтырып, оған экспрессивті сапа беретін бөлігі. Коннотация – сөйлеушінің тәжірибелік, тарихи, мәдени, танымдық біліміне, олардың сөз болып отырған нәрсені ұнатуы не ұнатпауына, бағалауына, стильдік деңгейге, тіл қызметінің саласына, олардың әлеуметтік қатынасына және т.б. байланысты болатын құбылыс. Тар мағынасында: коннотация тіл бірлігі мағынасының бөлігі, сол мағынаның ассоциотипті–образдық ішкі тұлғасын түсінуден туындайтын қосымша мағынасы, яғни троп не сөйлеу фигурасы болып табылады. Коннотацияның субъектілігін бір сөздің қарама-қарсы мағынада қолданыла алуынан байқауға болады. XIV ғ. аяғынан бастап коннотация термині эмоциялық бояуы бар сөздерге байланысты қолданылады [7].

Эмоционалды сөздер қарым-қатынас құралы ретінде адам сөйлеуінің барлық аясын қамтиды да, теориялық тұрғыдан көптеген тұжырымдардың негізі бола алады.

Тіліміздің өсіп, дамуы мен нәрленіп, құнарлануына, баюына көркем әдебиет тілінде қолданылып жүрген көптеген сөздер мен сөз тұлғаларының қолданылу ерекшеліктерінің көркем үлгілерінің қосар үлесі өте мол. Жалпы алғанда, әдеби тілдің болсын, көркем шығармалар тілінің немесе халық тілінің болсын, негізгі тірегі - жеке сөздер. Олар - тілдің ең басты, ең негізгі элементі. Тіл сөзден құралады, сөз тілді сөйлетеді. Көркем образ жасауда қажетті көптеген амал-тәсілдер қатарында үлкен маңызға ие нәрсе – кейіпкер тілі. Кейіпкер тілі, кейіпкер бейнесі арқылы әлеуметтік топтың келбетін танимыз. Бұдан кейіпкер бейнесін сомдау – тілдік құралдардың қаншалықты маңызды екендігін, сондай-ақ тіл мен әдебиет арасындағы байланысты айқын аңғарамыз.

Әдеби тіл мәселесін зерттеу жұмысының маңыздылығы жөнінде академик Р. Сыздық: «Көркем әдебиет тілін зерттеудің негізгі мұраты – тілдің өзін ғана емес, оның мүмкіншілігін көрсету. Көркем әдебиет қазақ әдеби тілінің қалыптасып, дамуы барысында басты орын атқарып келгені мәлім» - деп көрсетті [5].

Прозалық шығармалардағы суреткер-жазушылардың сөз қолданыс мәдениеті, сөйлеу тілі әлеуетін көркем тілде тиімді қолдануы қазақ тілінің әдеби тіл нормасын шыңдай түсуде қызмет етеді. Көріктеу тәсілдерін пайдалану сөздің қолданыстағы табиғи мағыналық бояуын күшейте алады.

ӘДЕБИЕТТЕР

1. Момынова Б.Қ. / Дидар. Оралханды оқығанда (Көркем шығармадағы бейнеліліктің тілдік амалдары). 5 шілде 2005 жыл. № 66

2. Орысша-қазақша сөздік. А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты. Алматы: «Дайк-Пресс». 2005 жыл. - 1134, 1137 б.

3. Бөкей О. «Өз отыңды өшірме». – Алматы: «Жазушы», 1996. – 183 бет.

4. Ысқақов Қ. Ақсу жер жаннаты. – Алматы: «Жазушы», 1989. - 524 бет.

5. Сыздық Р. Сөз құдіреті. – Алматы, 1997. – 224 бет.

6. Кәрімов Х. Көркем тексті өнер туындысы ретінде зерттеудің өзекті мәселелері / Көркем шығармалар тексін талдаудың мәселелері. – Алматы, 1993. – 17-18 бет.

7. Қазақ тілі. Энциклопедия. «IDK-TIPO» Редакциялық - баспа орталығы. – Алматы, 1998. – 176 бет.



К содержанию номера журнала: Вестник КАСУ №2 - 2011


 © 2017 - Вестник КАСУ