Главная  | О журнале  | Авторы  | Новости  | Конкурсы  | Научные мероприятия  | Вопросы / Ответы

Оқу-тәрбие процесіндегі педагогикалық қарым-қатынастың кейбір аспектілері

К содержанию номера журнала: Вестник КАСУ №1 - 2011

Автор: Тусипбекова Эльмира Курманбайкызы

Психология - педагогикалық ғылымда педагогикалық қатынас проблемалары әр түрлі бағыттар мен аспектілерден қарастырылады. Кейбір зерттеулерде қатынастың әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік адамгершілік «координаталарына», оның функционалды танымдық мақсаттарына және эмоциялы - психологиялық сипаттамаларына назар аударылғанда, педагогтың білім алушылармен қатынасы оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың шарты, маңызды факторы ретінде анықталады [1,16]. Басқа зерттеулерде басты назар педагогикалық аспектінің өзіне, яғни білім алушылармен қатынасты құрайтын мағынаға ауыстырылады. Берілген жағдайда ол біртұтас жеке тұлғаның қалыптасу шарты мен құралы ретінде қарастырылады, сондықтан да қатынастың әлеуметтік-мәдени «параметрлері» және диалогқа қатысушылар мәдениеттің (субмәдениеттің) өкілдері (субъектілері) ретінде алға шығатын, ал олардың диалогының тақырыбы тұрмыс проблемалары болатын диалог түбегейлі мәнді иеленеді.

Аталған бағыттар педагогикалық қатынастың бірыңғай процесінің әр түрлі жақтарын айқындайды, олар білім беру және тәрбиелеу практикасында, сондай-ақ теориялық зерттеулерде айқындалады.

Педагогикалық қатынас, ең алдымен, педагог пен студенттің тікелей қатынасы ретінде қарастырылады. «Педагогикалық қатынас - бұл оқытушының студенттермен кәсіптік қатынасы (білім беру және тәрбиелеу процестерінде), оның белгілі педагогикалық функциялары бар және ол қолайлы психологиялық климат жасауға, сондай-ақ педагог пен студенттер арасындағы қызмет пен қатынастарды психологиялық оңтайландырудың басқа түріне бағытталған (егер ол толық бағалы және оңтайлы болса)», - деп атап өтті А.А. Леонтьев.

Ол педагогикалық қатынасты оқытушының білім алушылармен кәсіптік қатынасы ретінде қарастырады, сонымен бірге студенттердің бойында оңтайлы өзара қатынастарды қамтамасыз ету, ұжымдағы әлеуметтік-психологиялық процестерді басқару, өзінің қатынасы мен тәртібіне ие болу шеберліктерін қалыптастыруға назар аударады, бұл білім беру процесіне қатысушылардың эмоциялы - адамгершілік көңіл күйіне белгілі түрде әсер етеді. Осыдан, педагогтың кәсіптік шеберлігі — педагогикалық қатынас процесінде білім алушыларға әсер етудің теңдессіз қабілеті баса айтылады.

Қарым-қатынас - тілдің өмір сүруінің, тілдік болмыстың басты өлшемі. Қарым-қатынас сөйлеу, сөйлесі арқылы жүзеге асады. Сөйлеудің ең маңызды құралы - тіл, сөйлесімді жүзеге асыратын да - тіл. Сондықтан да тіл қатысымды құбылыс болып саналады.

Тіл - адамдар арасындағы тілдік қатынасты қамтамасыз ететін, дыбыстық таңбалар жүйесінің жиынтығы арқылы ойды жарыққа шығарудың құралы.

Тіл сияқты сөйлесім де әлеуметтік құбылыс. Өйткені сөйлесімді жеке бір адам жүзеге асыра алмайды, ол бірнеше адамдардың тілдік түсіністігі арқылы іске асады. Сөйлесім адамдарды біріктіреді, оларды өзара байланысқа түсіреді. Мұндай байланыс қоғамның құрылысына әсер етеді.

Жалғыз адам табиғаттан, қоғамнан тыс өмір сүре алмайтыны сияқты, жалғыз адам сөйлесім процесін де жүзеге асыра алмайды.

Адам жаратылыстан, табиғаттан тыс емес, сөйлеу адамнан тыс емес. Сөйлесім – адамдарды қауымдастыққа жетелейтін, коғамдық мәні бар күрделі әрекет.

Сөйлесім арқылы адамдар бірін-бірі түсінісіп қана қоймайды, сонымен бірге қоғамдық әлеуметтіқ маңызы бар мәселелерді шешеді, өзара бірлікте, ынтымақтастықта болады, түсініседі, сөйтіп, қоғамның дамуын жетілдіреді; не керісінше кері кетіреді. Бірақ қай жағдайда болсын сөйлеу адамның алдына қойған мақсатына қызмет етеді, сөйлеусіз, сөзсіз адамдар арасындағы ешбір тірлік жүрмейді. Осыдан келіп, сөйлесімнің қоғамдық-әлеуметтік мәні шығады.

Қарым-қатынасқа түсетін адамдардың тілді, сөзді қолдануында да өз ерекшеліктері бар. Әр адамның сөйлеу мәнері, стилі басқа адамға ұқсамайтын, тек өзіне ғана тән сөйлеу үлгісімен өзгешеленеді. Осының өзінен сөйлеудің жекелік мәні, даралық, ерекшелігі келіп шығады.

Сөйлеу қаншама дара түрлік болса да, сөйлеуде адамның өзіндік ерекшелігі болса да, ол адам сөйлесуімнің құрамды, бөлшектерін, тілді өз еркінше жасап, өзі құрай алмайды. Адам дайын тілдік тұлғаларды пайдаланады. Осыдан тағы да сөйлесуімнің қоғамдық орны көрінеді[1; 47].

Қарым-қатынасқа түсетін адамдардың тілді, сөзді қолдануында да өз ерекшеліктері бар. Әр адамның сөйлеу мәнері, стилі басқа адамға ұқсамайтын, тек өзіне ғана тән сөйлеу үлгісімен өзгешеленеді. Осының өзінен сөйлеудің жекелік мәні, даралық, ерекшелігі келіп шығады.

Сөйлеу қаншама дара түрлік болса да, сөйлеуде адамның өзіндік ерекшелігі болса да, ол адам сөйлесімнің құрамды, бөлшектерін, тілді өз еркінше жасап, өзі кұрай алмайды. Адам дайын тілдік тұлға-ларды пайдаланады. Осыдан тағы да сөйлесімнің қоғамдык орны көрінеді.

Сөйлесімнің мұндай екі жақты ерек-шелігін В.Я. Мыркин мынадай деп ажыратын көрсетеді. Сөйлесім мазмұны, мағынасы тарапынан әлеуметтік болады да, орындалуы жағынан жекелік құбылыс болып табылады:

Қарым-қатынас - бұл адамға адам қажеттіліктерін қанағаттандыру. Сондықтан педагогикалық ұжымның міндеті - жеке адам қарым-қатынас жасаудың негізінде басқа адамдармен бірігіп, қуанышты көңіл күйін жеңілмейтін тілекті сезуі тиіс.

Студенттер қарым-қатынасты бағалайды. Осы тұрғыдан және қатынастың тұрақты жүйесін және кіші топтың ролін еске алу қажет. Жеке қатынас жүйесінде әр бала өз орнын алады. Біреулері өзінің әйгілілігімен жолдастарының алдында беделді, ал екіншілерімен ешкімнің қарым-қатынас жасағысы келмейді. Бірақ барлық студенттер қатынас жасауды қажет етеді. Әсіресе сынып ұжымындағы студенттер қатынас арқылы ынтымақтық достықты тілейді.

Топтардың құрамы тұрақты немесе тұрақсыз болуы мүмкін. Кіші топтардың маңызды ерекшеліктері өзара қатынасының тартымдылығы. Егер мұндай ерекшелік болмаса топты сақтау мүмкін емес. Әрбір студент бір топтың студенттерімен немесе құрдастарымен ынтымақты қатынас жасау үшін олардың арасында өзара ұнатушылық, бір-біріне сүйіспеншілік болуы қажет. Студенттердің түрлі тақырыптарға өзара әңгімелесуі, достық кездесуі, ақпарат алмасуы, әрбір баланы қызықтырады, ынталандырады. Бұл студенттердің әлеуметтік тәжірибесін молайтады.

Студенттердің дербес аралық қатынастарын және олардың мақсаттылығын оқытушы зерттеп, студенттердің қарым-қатынасын реттеуде және дамытуда қамқоршы болуы тиіс. Дербес қатынас жүйесінде мұндай шығармашылық тәсіл ұжымда педагогикалық меңгеру жолдарының бірі.

Өзара жауапкершілік қатынас жүйесінде қабылданған мақсатқа сәйкес жалпы істі орындау үшін ұжым мүшелерінен жауапкершілік және өзара тәуелділік талап етіледі.

Өзара жауапкершілік қатынастың мынадай жағдайларды еске алған жөн: ұжым мүшелері тең құқықты болады;

басқарушы міндетін орындаушы ұжым мүшесі тарапынан студенттерге қысым жасалмайды;

жауапкершілік және өзара тәуелділік жүйесінде жалпы істі орындаудың барысында әр түрлі бейімдеушілікке жол бермейді.

Тіл мен сөйлеуге тілші тағы да мынадай анықтама береді. «Язык - это система знаков и правил из комбинирования: речь же - это использование нашей знаковой системы в целях общения» [2, 57].

Ф. де Соссюр тіл мен сөйлеуді ажырата келіп, олардың әрқайсысына тән айырмашылықтарды нақтылап көрсетеді.

Автордың айтуынша:

1 тіл әлеуметтік, ал сөйлескім – жеке дара құбылыс.

2 тіл тұрақты және ұзақ өмір сүретін процесс, ал сөйлеу тұрақсыз және жиі өзгеріп отырады.

3 тіл адамның миымен, санасымен бірге өзі қалыптасатын процесс, ал сөйлеу әркімнің өзі дамытып отыратын процесс.

4 тіл адамның қарым-қатынасында және бәріне ортақ, ал сөйлеуде автордың өз қолтаңбасы болады.

5 тіл - психикалық құбылыс, ал сөйлеу – психофизикалық құбылыс.

Осы тәріздес бірнеше өзгешіліктерін ажырата келіп, Ф. де Соссюр сөйлеу де, тіл де өз алдына күрделі құбылыстар, сондықтан олардың екеуін лингвистикада екі ғылым: Тіл лингвистикасы - тіл құбылысын. Сөйлесім лингвистикасы - сөйлесім құбылысын зерттеу керек дейді.

Ғалым тіл мен сөйлеудің ара жігін ажырата келіп, оларды екі ғалымның объектісі ретінде зерттеу керек дей отырып, олар тіл мен сөйлесім өзара тығыз байланысты екенін де атап өтеді: «Язык и речь тесно связаны между собой и предпо-лагают друг дрyгa: язык необходим, чтобы речь была понятна тем самым была эффе-ктивна; речь в свою очередь необходима для того, чтобы сложился язык» [2 ;58].

Фердинад де Соссюрдің көзқарастары кейде қайшылықты болғанымен, өзінен кейінгі лингвисттердің пікіріне әсер етпей қоймады. Кейінгі тұжырымдардың көпшілігі осыдан келіп шыққанын тіл мен сөйлеуге берілген анықтамалардан аңға-руға болады.

И.С. Торопцев: «Речь - это звуковая материализация языка. Как внешняя, так и внутренняя речь психофизиологична» - деп, сөйлеудің тілмен байланысы оның дыбысталу ерекшелігінде десе, В.Я. Мыркин: «Речь социальна по значению и индивидуальна по исполнению» - деп, сөйлеудің кызметіне, атқаратын коғамдық жүгіне на-зар аударуға тырысады.[3; 64].

Ал, Т.П. Ломтев: «И язык, и речь имеют общественную, социальную при-роду. Но в акте общения социальная при-рода языка принимает форму речи. Язык в акте общения не существует иначе, как в форме индивидуального говорения»-деп, сөйлеу мен тілдің қоғамдық-әлеуметтік табиғатына көңіл бөледі [4; 89]

Ю.В. Фоменко Ф. де Соссюрдің тіл лингвистикасы мен сөйлесім лингвистикасы деген пікірін жоққа шығара отырып, Ф.де Соссюр тіл мен сөйлесімді бір-біріне қарама-қарсы қояды және олардың екеуі бір-біріне ешбір қатысы жоқ екі түрлі мәселе деп айтады деп түсінеді.

Сондықтан да Ф.де Соссюр олардың әрқайсысының айырмашылықтарын жеке-жеке бөліп көрсеткен дей келіп, Ю.В. Фоменко сол көрсетілген айырмашылықтардың барлығына дау айтады. Сөй-те тұра, бұл автор да Ф.де Соссюрдің тіл мен сөйлеудің әлеуметтігі жөніндегі көзқарасын құптайды [5;12].

Оқу-тәрбие процесіндегі педагогикалық қатынастың жетекші ролін айта отырып, В.А. Возчиков оған адамдар арасында байланыстар орнатуға қарағанда, аса маңызды функцияны бөледі, атап айтқанда, «педагогикалық қатынас әр түрлі коммуникативтік құралдардың көмегімен іске асырылатын және педагогикалық этиканың қолданыстағы нормалары шеңберінде әрекет ететін педагогикалық міндетті шешуге бағытталған, күрделі коммуникативтік өзара әрекеттер жүйесімен алда тұрады» [6; 36]; педагогикалық қатынастың өзгеше ерекшеліктерін атап көрсетеді, ол:

- оқу міндеттерін шешу құралы ретінде;

- тәрбие процесін әлеуметтік-психологиялық қамтамасыз ету ретінде;

- тәрбиелеу мен оқытудың сәттілігін қамтамасыз ететін педагог пен тәрбиеленушілердің өзара қатынастарын ұйымдастыру тәсілі ретінде;

- студенттердің әлеуметтік тәртібін қалыптастыру факторы ретінде алға шығады.

Аталған ерекшеліктер оқу-тәрбие процесінің негізгі мазмұнын өзіне қабылдайтындықтан, қатынас педагогикалық қызметтің негізін құрайды деп айтуға болады.

Жеке тұлғаның қатынаста, бірлескен қызметте, диалогта субъект ретінде емес, қатысушы және серіктес (үлестік субъект) ретінде қарастырылуы тиіс екендігі баса айтылады, себебі егер жеке тұлға онда субъект болса, қатынас болуын қояды. Ұсынылған тұжырымдама бойынша, педагогикалық қатынас тақырыбы — педагог пен білім алушының ынтымақтастығы, олар қатынасқа «қатысушылар» ұғымымен біріктірілген, тең құқықты өзара әрекеттесу субъектілері болып табылады. Коммуникативтік өзара әрекеттесу ретіндегі ынтымақтастық барысында қатынас нәтижесі «қатынастардың диалогтығы» болады, ол қатынас процесінде ақпаратпен алмасуды ғана емес, жалпы ұстанымдарды бірлесіп іздеуді, серіктестердің көзқарастарын түсінуді жорамалдайды. Диалогта әрбір қатынас оның әңгімелесушімен түсіндірілуіне және байытылған түрінде кері қайтуына шамаланған.

В.А. Кан-Калик өзінің зерттеулерінде білім беру процесін басқаруда педагог пен білім алушылардың коммуникативтік байланыстарын анықтау мен дамытудағы педагогикалық қатынастың ролін қарастырады. Педагогикалық қатынасты кәсіптік қатынастың алуан түрлілігі ретінде қарастырып, ғалым педагогтың коммуникативтік қызметінің көп қырлылығын атап көрсетеді. Оның пікірінше, педагогикалық қатынас - бұл педагог пен тәрбиеленушілердің негізгі әлеуметтік-психологиялық өзара әрекеттесу жүйесі (тәсілдері мен дағдылары), оның мазмұны ақпаратпен алмасу, тәрбиелік әсер ету, коммуникативтік құралдардың көмегімен өзара қатынастарды ұйымдастыру болып табылады, педагог бұл процесті ұйымдастырып және оны басқарып, оның активаторы ретінде алға шығады [7; 24].

Н.С. Батракова білім алушының белгілі мәдени-тарихи қызметтен тыс субъективтілігі шығармашылық перспективасын жоғалтады деген ұстанымға ортақтасады. Оның пікірінше, әлеуметтік-мәдени мұрагерлік механизмі ретінде мәдениеттегі қатынас және білімдегі қатынас өзінің мәні бойынша емес, мәдениеттің қамтылатын «массивінің» көлемі мен кеңдігі бойынша ғана ажыратылады. Мәдениет өзінің мәні бойынша педагогикаға қатысты. Педагогикалық қатынас өзінің білім беру-тәрбиелеу, жеке тұлғаны жасау функциясында қатынастың мәдениетте қалыптасқан түрлері мен «модельдері» ескеріліп құрылады. Педагогтың білім алушылармен диалогында оқутанымдық проблемалар шеңберімен шектелмей, ғылымды дамытудың оларды адамның түсінуіне шығаратын, адамның мәдениетпен және мәдениетте өзін-өзі дамытуы, өзін-өзі анықтауы үшін импульстер беретін аспектілерімен негізгі үйлестіру маңызды [8;45 ].

Н.С. Батракованың ғылыми зерттеулерінде педагогикалық қатынас мәдени құндылықтарды беру, мәдениеттегі диалог ретінде алға шығады.

Педагогикалық қатынастың келтірілген анықтамалары оған білім беру-тәрбиелеу процесінде бөлінетін маңызды роль туралы тұжырым жасауға, педагогтың тұлға ретінде, педагогикалық қатынаста айқындалатын жеке тұлға аралық және субъект аралық қатынастарды анықтауда педагогикалық өзара әрекеттесу субъектісі ретінде маңызды ролін баса айтуға мүмкіндік береді.

ӘДЕБИЕТТЕР

1. Оразбаева Ф.Ш. Тілдік қатынас. – Алматы: Ғылым, 2002

2. Соссюр Ф. де. Труды по языкознанию. - М., 1977.

3. Ломтев Т.П. Язык и речь. — Вестн. МГУ. Серия 7. Филология, журна-листика, 1961, № 4.

4. Торопцев И.С. Язык и речь. – Воронеж: Изд-во Воронеж. ун-та, 1985. – 200с.

5. Фоменко Ю.В. Типы речевых ошибок: Учеб. пособие. - Новосибирск, 1994. С. 14, 17.

6. Возчиков В.А. Общение и коммуникации.- Бийск 2000.

7. Кан-Калик В.А. Техника педагоги-ческого общения / Учителю о педагогическом общении: книга для учителя. - М.: «Просвещение», 1987.

8. Батракова Н.С. Педагогическое общение как диалог в культуре / Педагогика. - 2002. -№4.



К содержанию номера журнала: Вестник КАСУ №1 - 2011


 © 2024 - Вестник КАСУ