Главная  | О журнале  | Авторы  | Новости  | Конкурсы  | Научные мероприятия  | Вопросы / Ответы

Моделдеу арқылы болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің риторикалық құзіреттілігін қалыптастыру

К содержанию номера журнала: Вестник КАСУ №1 - 2011

Авторы: Мынжанов Нурлан Адильбаевич, Макшиева Гульмира Курманбаевна

Жоғары білім берудің түпкілікті мақсатын маман моделін жобалау түрінде түсінісуге болады. Ғылыми таным категориясы ретінде, модель ойша елесте тілетін немесе материалды түрде жүзеге асатын жүйе, ол зерттеу пәнін адекватты көрсетеді және моделді зерттеу арқылы сол объект жайлы ақпарат алуға болатындай етіп оны алмастыра алдады. Модельдеу - моделді жасау мен зерттеу әдістер.

Модельдер үлгі ретінде практикалық қызметте немесе іс-әрекет барысында әртүрлі ситуациялар мен проблемаларға анализ жасау қолайлы.

Ұйымдастырылған моделдің уақыттық өзгерісіне анализ жасау мекеменің дамуын бақылауға және болып жатқан өзгерістерді анықтайтын ішкі тенденцияларды ажыратуға мүмкіндік береді. Модельдер болашақ ситуацияларды құрастыру мен оны әрі қарай дамытуға мүмкіндік беретін жолдарға анализ жасауда тиімді.

Жеке тұлға білім беру процесстерінің өзінде де, оны басқаруда да үлкен роль атқарады. Сондықтан болашақ маман тұлғасын модельдеу жоғары мектептегі білім сапасын тиімді басқаруға қамтамасыз етуге қажетті процесс болып табылады. Маман моделіне бір жағынан, кәсіби даярлық кірсе, екінші жағынан – физикалық, психикалық және рухани саулық, білімділік, жалпы мәдени сауаттылық тәрізді жеке тұлғалық қасиеттер кіреді.

Бұл тәрізді сипаттамалар мұндай модельдің бірнеше нұсқаларын барлығын көрсетеді. Олардың негізін құрайтындар – маман тұлғасының нарықтық қатынастар жағдайында еңбектенуі мен қоғамдық және ғылыми-техникалық прогрестің талаптарына сай нәтижелерге қол жеткізу қабілетін анықтайтын кәсіби білім, білік, дағдылары, әлеуметтік-психологиялық және рухани-шығармашылық салалары.

Осылайша, мемлекеттік стандарттарда егжей-тегжейлі қарастырылған біліктілік талаптарынан басқа, ЖОО оқытушысының кәсіби моделіне төмендегі белгілер де кіреді:

1) интеллектуалдық құзыреттілік, яғни бұл білімнің ұйымдастырылуының ерекше түрі – құрылымдылық, категория-лық, жалпылаушылық, ситуацияларға анализ жасаудағы икемділік пен оперативтілік – бұлардың барлығы белгілі бір қызымен саласында тиімді шешімдер қабылдауға мүмкінік береді;

2) интеллектуалдық инициатива – бұл бүтін тұлғаның танымдық және түрткілік (мотивациялық) ұмтылыстарының органикалық бірлігін, белгілі шектен асуға және қажетті қолдау берілмеген интеллектуалдық әрекетті дамытуға деген даярлығын көрсететін қасиеті;

3) өзін-өзі ұйымдастыру, бұл ситуацияға анализ жасау, міндет қоя білу, алынуы мүмкін нәтижелерді және өз іс-әрекетінің салдарын болжау мен жоспарлау, өзіндік рефлексия негізінде өз шешімдерінің тиімділігін бағалау мен өзін-өзі шешімдерінің тиімділігін бағалау мен өзін-өзі бақылау;

4) өзін-өзі реттеу, яғни өзінің интеллектуалдылық әрекеттерін еркін басқара алу, өзіндегі өзгерістерді көру қабілеті, мәдениет механизмдерін тұсіну және өзін-өзі түзетуде оларды қолдана білу.

Қазіргі заманғы жағдайларда өзгермейтін жалпы адамзаттық құндылықтарды бағдарлау өте маңызды. Сондықтан маман моделіне мәдениет аралық байланыстар мен этникааралық қатынастардың гуманизациялануының дамуына ықпал ететін коммуникативтік элементтің енгізілуі қажет.

Кәсіби берудегі жалпы гуманитарлық даярлық жоғары оқу орны түлектерінің жеке тұлғасына қойылатын жоғары талаптардан келіп шығады. Соған орай, жоғары оқу орны оқытушысының моделінде келесі қабілеттер де байқалады:

- Проблемалық жағдайға жүйелі анализ жасауды жүзеге асыру;

- Анықталмаған проблемалық жағдайлың міндеттерін ажыратып алу және оны ұғынықты етіп жеткізу;

- Қарама-қайшылықтарыды көру мен дұрыс бағалау және стандарттан тыс шешімдер қабылдап оларды мақсатты түрде шешу;

- Қайталанбас идеялар мен шешімде шығару;

- Болжамдар ұсыну;

- «мінсіз нәтижені» адекватты жеткізу;

- Шығармашылық міндеттер немесе проблемалардың көп вариантты шешімдерін іздестіру мен саралау;

- ойлау инерциясын саналы түрде жеңе білу;

- Проблемалар төңірегінде қажетті ғылыми ақпараттарды мақсатты түрде іздестіру және т.б.

ЖОО моделінің жеке – тұлғалық сипаттамасы анағұрлым күрделі, әрі болжауға қиын болып саналады. Егер модельдің функционалдық және заттық кәсіптік құрамдас бөліктерін зерттеуде аса айырмашылықтар болмаса, ал жеке – тұлғалық жағы турасында мейілінше түрлі түсініктер болуы мүмкін.

Ең алдымен мынаны ескеру қажет, жеке тұлғаның әлеуметтік және психологиялық сапалары оның белгілі бір әлеуметтік міндеттерді орындауына бағдар беретін дүниетанымдық ұстанымдарын көрсетеді. Маманның жеке тұлғалық жағы адамның мүмкіндіктерін ашуды көздейді, оның қызығушылықтары мен ынта – түрткілерін қалыптастырады, оқытушы мен студенттің өзара бірге орындайтын мақсатты әрекеттері процесі кезіндегі қажеттіліктерді қалыптастыруды көздейді. Осыдан келіп маман моделіне төмендегідей талаптар қойылады:

1) өз мамандығының әлеуметтік маңызы мен мәнісін ұғыну;

2) қоғамның этикалық және құқықтық нормаларын сақтау;

3) аксиологиялық ұмтылыстардың құқықтық нормаларын сақтау;

4) тұлғаралық қатынастар заңдарын білу және оларды практикада пайдалана білу;

5) шешімдер қабылдау қабілеті мен олардың жауапкершілігін мойынға алу;

6) адамзаттық, гумандық түрткілердің – әділдік, жанашырлық, сүйіспеншілік сезімдерінің т.б. болуы;

7) патриотизм, салауатты өмір сүру салттарын сақтау, ұжымда жағымды психологиялық климат орната білу және т.б.

Жеке тұлғаның қалыптасуы оған әлеуметтік – мәдени ортаның ықпал етуі процесінде жүзеге асады. Көрнекті, шығармашылығы жағынан жетілген, дамыған маман тұлғасын тәрбиелеу үшін жоғары оқу орындарында гуманитарлық орта құрудың маңызы зор.

Көптеген оқытушыға деген көзқарасындағы қағидаға сүйенуден гөрі, жеке басының ерекшеліктеріне сүйену сипаты басым болып келеді. Студенттер педагогтың талапшылдығынан, өзіне талап қоя білуінен адамгершілік негіздер іздеуге бейім, әдетте, оқытушының әлсіз жақтары кемшіліктерін кешірмейді. Сондықтан студенттермен қарым-қатынас жасау мен педагогикалық қызмет тұтастай алғанда ізгіліктік қағидалары негізінде құрылады, ал ізгілікті – адамгершілік құндылықтарының бірі болғандықтан, ЖОО оқытушысының кәсіби сапасы болып саналады.

«Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы студенттерінің оқу жағдайында риторикалық құзіреттіліктің нәтижелі болуының маңызды алғы шарттарының бірі болып келесі міндетті компоненттерден тұратын мұғалімнің интегративті қасиеттерін қалыптастырудың моделі жасалынды:

- мақсаттылық, біздің негізгі мақсаты «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы студенттерінің риторикалық құзіреттілігін қалыптастыру, осы мақсатты жүзеге асыру үшін түрлі міндеттерді шешу қажет;

- мазмұндылық, риторикалық білімдер жүйесін, риторика - педагогикалық іс-әрекетті сәттілігін қамтамасыз ететін, саналы және мақсатты түрде риторикалық білімдер мен дағдылар парадигмасын құру;

- технологиялық, іс-әрекет түрлері: оқу-танымдық; ғылыми-зерттеушілік; өзін -өзі талдау және өзін-өзі оқыту іс-әрекеті, негізгі формалары мен құралдар мен әдіс-тәсілдері тиімді пайдалану;

- бақылау-бағалау, риторикалық құзі-реттілікті қалыптастыру барысында ұдайы білім, білік, дағдыны тексеріп үнемі қадағалау;

- нәтижелік, біздің зерттеуіміздің басында жарияланған және алынған нәтижелерді салыстыруды қорытындылау.

- жоғарыдағы мақсаттылық компонент жеткілікті түрде сипатталған, ал қалғандары арнайы түсіндіруді қажет етеді.

- мазмұндылық компоненттеріне ерекше назар аудару қажет, өйткені ойластырылған риторикалық білім жүйесі негізінде тиімді педагогикалық қатынастың нәтижелілігін анықтайтын біліктер мен дағдылар қалыптасады.

Педагогикалық білім риторизациясын алдын-ала қарастыратын эксперимент бағдарламамызбен жүре отырып, біз оқу курсына «Тіл мәдениеті»және таңдау бойынша «Шешендік өнерге үйрету әдістемесі» жаңа - риторикалық мазмұн тәртібін енгіздік. Педагогикалық өзекті риторикалық біліктер мен дағдылар негізгі риторикалық білімдерге, біздің ойымызша келесіні жатқызу керек:

- қазіргі риторика - педагогикалық идеал туралы түсінік [1; 284];

- педагогикалық риториканың әдіснамалы негізі болған жалпы риторика заңдары;

- риторикалық ереже –педагогикалық сөйлеудің кез келген жанрын айту кезінде ойдан сөзге қарай жол;

- педагогикалық қарым-қатынастың стратегиясы мен тактикасы туралы түсінік [2; 12].

Оқу бағдарламаларына енгізілген дәстүрлі тақырыптар: сөйлеу стилі мен сөйлеудің коммуникативтік сапалары-оларды риторикалық мақсаттылық тұрғысынан қарастыру керек.

Ал, дидактикалық моделдің технологиялық компонентіне келер болсақ, онда ол өзіне риторикалық құзіреттіліктің қалыптастырудың дәстүрлі түрлерімен қатар, инновациялық формалары, әдістері, құралдары мен түрлерін қамтиды.

Сурет 1. Риторикалық құдіреттілікті қалыптастырудың дидактикалық үлгісінің технологиялық компонентінің мазмұны

Біздің ұсынып отырған моделдің бақылау-бағалау компоненті көзделіп отырған сапаны қалыптастырудың барлық сатысында: анықтау, қалыптастыру және Бақылау эксперименттер сатыларында жүйелі бақылауды, талдау мен бағалауды қажет етеді.

Мотивациялық компонент студенттің жеке риторикалық тұлға ретінде қалыптасуы бойынша жұмысына ықпал ететін риторикалық білімдерді меңгеру және риторикалық дағдылар мен біліктерге үйрену процесін қарқынды дамытатын стимулдар жүйесін ресім дейтін арнайы қызметті ұйғарады. Ынталандыру жағдайының негізінде қалыптасатын түрткілер мұғалімнің кәсіби құзіреттілігін қалыптастыру процессінің тиімділігінің қажетті шарты болып табылады.

Моделдің жоғарыда аталған компоненттерінің барлығы оның өзіндік кіші жүйелері болып табылады, олардың іс жүзінде табысты іске асырылуы бірқатар міндетті шарттардың болған жағдайында қамтамасыз етіледі, олардың ішінде:

- риторикалық құзіреттлігін қалыптастырудың жүйелі технологиясын қолдану;

- студент тұлғасының интеллектуалдық, мотивациялық және іс-әрекеттік салаларына кешенді түрде әсер ету;

- риторикалық негізде пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру;

- студенттердің барлығын әртүрлі оқу танымдық және ғылыми қызметке тарту.

Жоғары білім берудің түпкілікті мақсатын маман моделін жобалау түрінде түсінімге болады. Ғылыми таным категориясы ретінде, модель ойша елестететін немесе материалды түрде жүзеге асатын жүйе, ол зерттеу пәнін адекватты көрсетеді және моделді зерттеу арқылы сол объект жайлы ақпарат алуға болатындай етіп оны алмастыра алдады. Модельдеу-моделді жасау мен зерттеу әдістер.

Модельдер үлгі ретінде практикалық қызметте немесе іс-әрекет барысында әртүрлі ситуациялар мен проблемаларға анализ жасау қолайлы.

Ұйымдастырылған моделдің уақыттық өзгерісіне анализ жасау мекеменің дамуын бақылауға және болып жатқан өзгерістерді анықтайтын ішкі тендецияларды ажыратуға мүмкіндік береді. Модельдер болашақ ситуацияларды құрастыру мен оны әрі қарай дамытуға мүмкіндік беретін жолдарға анализ жасауда тиімді.

Жоғарыда айтылғандай, жеке тұлға білім беру процесстерінің өзінде де, оны басқаруда да үлкен роль атқарады. Сондықтан болашақ маман тұлғасын модельдеу жоғары мектептегі білім сапасын тиімді басқаруға қамтамсыз етуге қажетті процесс болып табылады. Маман моделіне бір жағынан, кәсіби даярлық кірсе, екінші жағынан – физикалық, психикалық және рухани саулық, білімділік, жалпы мәдени сауаттылық тәрізді жеке тұлғалық қасиеттер кіреді.

Бұл тәрізді сипаттамалар мұндай модельдің бірнеше нұсқаларын барлығын көрсетеді. Олардың негізін құрайтындар – маман тұлғасының нарықтық қатынастар жағдайында еңбектенуі мен қоғамдық және ғылыми-техникалық прогрестің талаптарына сай нәтижелерге қол жеткізу қабілетін анықтайтын кәсіби білім, білік, дағдылары, әлеуметтік-психологиялық және рухани-шығармашылық салалары.

Осылайша, мемлекеттік стандарттарда егжей-тегжейлі қарастырылған біліктілік талаптарынан басқа, ЖОО оқытушысының кәсіби моделіне төмендегі белгілер де кіреді:

1) интеллектуалдық құзіреттілік, яғни бұл білімнің ұйымдастырылуының ерекше түрі – құрылымдалық, категориялық, жалпылаушылық, ситуацияларға анализ жасаудағы икемділік пен оперативтілік – бұлардың барлығы белгілі бір қызымен саласында тиімді шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді;

2) интеллектуалдық инициатива – бұл бүтін тұлғаның танымдық және түрткілік (мотивациялық) ұмтылыстарының органикалық бірлігін, белгілі шектен асуға және қажетті қолдау берілмеген интеллектуалдық әрекетті дамытуға деген даярлығын көрсететін қасиеті;

3) өзін-өзі ұйымдастыру, бұл ситуацияға анализ жасау, міндет қоя білу, алынуы мүмкін нәтижелерді және өз іс-әрекетінің салдарын болжау мен жоспарлау, өзіндік рефлексия негізінде өз шешімдерінің тиімділігін бағалау мен өзін-өзі шешімдерінің тиімділігін бағалау мен өзін-өзі бақылау;

4) өзін-өзі реттеу, яғни өзінің интеллектуалдық әрекеттерін еркін басқара алу, өзіндегі өзгерістерді көру қабілеті, мәдениет механизмдерін түсіну және өзін-өзі түзетуде оларды қолдана білу.

Қазіргі заманғы жағдайларда өзгермейтін жалпы адамзаттық құндылықтарды бағдарлау өте маңызды. Сондықтан маман моделіне мәдениет аралық байланыстар мен этникааралық қатынастардың гуманизациялануының дамуына ықпал ететін коммуникативтік элементтің енгізілуі қажет.

Кәсіби берудегі жалпы гуманитарлық даярлық жоғары оқу орны түлектерінің жеке тұлғасына қойылатын жоғары талаптардан келіп шығады. Соған орай, жоғары оқу орны оқытушысының моделінде келесі қабілеттер де байқалады:

- проблемалық жағдайға жүйелі анализ жасауды жүзеге асыру;

- анықталмаған проблемалық жағдайлың міндеттерін ажыратып алу және оны ұғынықты етіп жеткізу;

- қарама-қайшылықтарыңды көру мен дұрыс бағалау және стандарттан тыс шешімдер қабылдап оларды мақсатты түрде шешу;

- қайталанбас идеялар мен шешімдер шығару;

- болжамдар ұсыну;

- «мінсіз нәтижені» адекватты жеткізу;

- шығармашылық міндеттер немесе проблемалардың көп вариантты шешімдерін іздестіру мен саралау;

- өзіндік ойлау инерциясын саналы түрде жеңе білу;

- проблемалар төңірегінде қажетті ғылыми ақпараттарды мақсатты түрде іздестіру және т.б.

ӘДЕБИЕТТЕР

1. Михальская А.К. Педагогическая риторика. История и теория. – М.: Academia, 1998. - 432 с.

2. Гурье Л.И. Состав и структура профессиональной компетентности преподавателя вуза // Слагаемые профессиональной компетентности преподавателя вуза. - Казань: Таглимат, 2001. - 4-24 с.



К содержанию номера журнала: Вестник КАСУ №1 - 2011


 © 2024 - Вестник КАСУ