Главная  | О журнале  | Авторы  | Новости  | Конкурсы  | Научные мероприятия  | Вопросы / Ответы

Педагогтың кәсібилігінің психологиялық аспектілері

К содержанию номера журнала: Вестник КАСУ №5 - 2010

Авторы: Оракбаева М.К., Саданова Ж.К.

Қоғамдағы материалдық және рухани өмірде жан-жақты жүріп жатқан терең өзгерістер білім беру жүйесінің алдына мүлде жаңа кәсіптік сапада - жоғары білімді, шығармашылықпен ойлай алатын, ел жанды, ғылыми-техникалық және қоғамдық өркениеттің алдыңғы қатарына шыға алатын болашақ мамандарды әзірлеу – еңбек нарығының қойып отырған өзекті талабы. Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында, Қазақстан Республикасының 2005-2010 жылдарға арналған білім беруді дамыту Мемлекеттік бағдарламасында және басқа да нормативтік-құқықтық құжаттарда оқу-тәрбие жұмысын жетілдірудің жолдары «Қазақстан – 2030» даму стратегиясымен өте тығыз байланыста көрсетілген. Бұл құжаттардың ішінде елдің, оның ішінде жалпы білім беретін мекемелердің білім беру жүйесін дамытудың негізгі бағыттары дәлелденген.

Қазіргі таңда үздіксіз білім беру жүйесінде білім беруді дамыту, дүниежүзілік білім беру кеңістігіне кіру мақсатында елімізде білім берудің жаңа жүйесі құрылуда.

Сондықтан болашақ ұрпаққа бәсекеге қабілетті деңгейде білім беретін педагогтың кәсіби қалыптасуы, мамандық іс-әрекетінің әр түрлі жақтарын заман талабына сай зерттеуді, жүйелеуді қажет етеді. Осыған байланысты зерттеуіміздің негізгі мәселесі туындайды.

Қазіргі заман бәсекелестік пен инновациялық технологиялардың және ғылым мен білімнің заманы десек, сол заманға икемді де жан жақты дамыған жас ұрпақты оқытып, тәрбиелейтін педагог та осы талаптарға сай болуы керек.

Сонда ғана өмірге жан жақты дайындалған, ынталы, шығармашылықпен ойлайтын, рухани ақыл ой тұрғысынан бай, бәсекеге қабілетті, жоғары сапалы білімді студентті тәрбиелейді.

Алайда бұл мақсатымызға педагогтың білімі мен кәсіби біліктілігін дамытып, жетілдіру арқылы ғана көздеген мақсатымызға жете аламыз.

Қазіргі кезде іс әрекеттің кәсібилігі жоғары дамыған қоғамның көрсеткіші болып табылады, өйткені «кәсібилік» мәселесін зерттеу өз өзектілігін жоғалтпайтын мәселелердің бірі болып табылады.

«Кәсібилік» түсінігі әртүрлі мағынада қолданылады. Кейбір жағдайларда адамның жеке тұлғасына мамандықтың қоятын нормативтік талаптар десе, ал басқа - адамда психикалық қасиеттердің нормативтік жиынтығының болуы және «кәсібилік» адамның ішкі сипаттамасы болып табылады.

«Кәсібилік» бұл еңбекті табысты орындау үшін адамға қажетті тұлғалық қасиеттердің жиынтығы ретінде түсін-діріледі.

«Кәсібилік» түсінгі әртүрлі аспектілерде қарастырылады : психологиялық (А.К. Маркова, Л.М. Митина, Н.В. Кузь-мина, Б.Г. Ананьев, В.В. Давыдов, В.П. Зинченко, Е.А. Климов, Б.Ф. Ломов, B.C. Мерлин, С.Л. Рубинштейн); акмеологиялық (А.А. Деркач, В.Г. Зазыкин, Н.В. Кузьмина, А.П. Ситников және т.б.); әлеуметтік-психологиялық (Ю.А. Карпова, В.П. Зинченко, К.А. Абульханова-Славская, Г.М. Андреева, А.Г. Асмолов, Т.Ю. Базаров, А.И. Донцов, Б.Д. Парыгин, Л.А. Петровский, Б.Ф. Поршнев және т.б.).

Мамандардың кәсібилік мәселесін ғылыми тұрғыда танымал ғалымдар Э.Ф Зеера, Е.А. Климова, Т.В. Кудрявцева, А.К. Маркова, Ю.П. Поваренкова, В.Д. Шадрикова және т.б қарастырып, зерттеген.

«Кәсібилік» педагогикалық іс тәжірибеде педагогтың іс әрекетінің өнімділігі мен нәтижелілігінің көрсеткіші ретінде қарастырылады.

«Кәсібилік» түсінігінің мазмұны және мәні толығымен әлі ашылмаған. Бұл феноменнің интерпретациясы белгілі сөздік әдебиеттерде, педагогикалық энциклопедияларда, үлкен психологиялық сөздікте (Б.М. Бим-Бад, Г.М. Коджаспирова, Б.Г. Мещеряков, В.И. Зинченко) де жоқ..

Қазіргі ғылыми әдебиеттерді талдау негізінде «педагогикалық кәсібиіліктің» жалпы бір ауыздан шығатын ортақ анықтамасы жоқ, бұл оны мамандықта дамыту мен жетілдіру, оған жетуге ықпал ететін психологиялық факторлар мен шарттарды анықтауда қиындық туғызып, мекеменің кәсіби білім процесінің жетілдіруін шектейді.

Сонымен кәсібилік бұл адамның еңбек субьектісі ретінде кәсіби даму кезеңдерінің бірі, ол өзбетімен жұмыс істей отырып және өзінің іс әрекетінде қиындықтарды табысты жеңіп, жетістік шыңына жету болып табылады.

Кәсібиіліктің екі жағын бөліп қарастыруға болады: мотивациялық және операциондық.

Кәсібиіліктің жоғары деңгейі үшін мотивациялық компоненттің басты сипаттамасы мамандықты рухани толтыру болып табылады:

– мамандықтың басқа адамдардың игілігіне бағытталуы;

– өзінің еңбегінде жоғары жетісттіке жету мотивациясы;

– кәсіби мақсат қоюшылығы;

– мотивациялық сферада кәсіби де-формацияның болмауы;

– кәсіби бақылаудың ішкі локусы, яғни, сәттілік және сәтсіздік себебін өзінен іздеу;

- жүктемелердің, стресстердің бол-мауы.

Ал кәсібиліктің операциондық сферасының басты сипаттамасы мамандықтың руханилығын технологиялық қамтамасыз ету болып табылады :

- кәсіби сананың дамуы;

- жоғары еңбек өнімділігі, жоғары нәтижелердің сенімділігі және тұрақтылығы;

- кәсіби оқыту және ашықтық;

- мамандыққа шығармашылық қатынас.

Адам кәсіби қалыптасу процесінде әртүрлі деңгейлерден өтеді, әрбір адамның кәсіби өмірінде кризистер, бұрынғы деңгейіне қайта оралуы мүмкін.

Кәсібиліктің мынандай деңгейлерін бөліп көрсетуге болады:

Кәсібилікке дейін - мамандықтағы жаңа адам,бұл кезеңнен кез келген адам мамандықты меңгеру кезінде өтеді.

Кәсібилік - адамның өмірінің үлкен бөлігін қамтиды. Адамның мамандықты игеру процесінде кәсіби маманға айналуы.

Кәсібиліктің ішкі деңгейінде мынандай кезеңдерді бөліп көрсетуге болады:

а) адамның мамандыққа бейімделу кезеңі (мамандыққа қажетті әдіс тәсілдерді, техникаларды, технологияларды алғаш меңгеруі);

б) адамның мамандықта өзін жетілдіру кезеңі (мамандық құралдары арқылы өзін дамыту, кәсіби іс әрекетті орындаудағы жеке мүмкіндіктерді саналы түсіну, өзінің даралық стилін нығайту,кәсіби іс әрекетте өзін өзі жүзеге асыру мүмкіндіктері);

в) шеберлік түрінде көрінетін, адамның мамандықты еркін меңгеру кезеңі (адамның мамандықпен үндестікте болуы, әдістемелік нұсқауларды, ұсыныстарды жақсы деңгейде жасап шығару).

Суперкәсібилік. Адам кәсібиліктен және еңбек субьектісінен туындыгерге, жасампазға, суперкәсіби маманға айналады.

Бұл деңгей келесі кезеңдерге бөлінеді:

а) шығармашылық тұрғыдан мамандықты еркін меңгеру кезеңі (тұлғалық шығармашылық үлес есебі арқылы өзінің мамандық тәжірибесін кеңейту, кәсіби іс әрекетінде жетістікке жету);

б) бірнеше мамандықты еркін меңгеру кезеңі және бір мамандықтан басқаға ауысу тәсілдері;

в) кәсіби тұлға ретінде өзін шығармашылық өзіндік жобалау кезеңі (кәсіби және психологиялық қасиеттердің қалыптасуы, өзінің жеке тұлғасының дамуында («акме») шыңына жету).

Кәсібилік емес - адам сырттай белсенді еңбек әрекетін атқарады, алайда, оның кәсіби маман ретінде қалыптасуында қандай да бір деформациялар байқалады.

Кәсібиліктен кейін. Бұл деңгей зейнеткерлік жастағы бұрынғы кәсіби адамдарды «кеңесші, тәлімгер, сарапшы» ретінде сипаттайды.

Бұл деңгейлер кәсіби дамудың жалпы жолы ретінде ұсынылады, әрбір нақты жағдайда ол даралық ерекшеліктермен сипатталды [6].

Н.В. Кузьмина бойынша кәсібилік іс әрекет субьектісінің сапалық сипаттамасы, кәсіби міндеттерді шешуде қазіргі құралдарды білікті қолданатын мамандық өкілі және өнімді әдіс тәсілдермен оны жүзеге асырумен анықталады

Педагогикалық іс әрекетті талдай келе, Н.В. Кузьмина оның бес функционалды элементтерін бөліп көрсетеді:

Танымдық

Жобалық

Құрастырушылық

Ұйымдастырушылық

Коммуникативтілік.

Іс әрекеттің нәтижелілігіне байланысты әрбір педагогтың кәсібилігін деңгейдің біреуімен сипаттауға болады:

1) репродуктивті - өзі білетінді басқаларға айтып береді ;

2) адаптивті - өзінің хабарламасын тыңдаушылар қауымына бейімдей алады;

3) локальді - моделдеуші – бағдарламаның, курстың жеке бөлімдері бойынша білім, білік,дағды жүйелерін қалыптастыру стратегиясын меңгеру;

4) жүйелі - моделдеуші білім - толық курс бойынша білім, білік,дағды жүйелерін қалыптастыру стратегиясын меңгеру;

5) жүйелі - моделдеуші шығармашылық - өзінің пәні арқылы жеке тұлғаның шығармашылығын, жаңа жағдайларда өзін дамытуға қабілетін қалыптастыру құралына айналдыру стратегиясын меңгеру.

Репродуктивті деңгейдегі педагог толығымен өз пәніне жан тәнімен берілген. Ал іс әрекеттің адаптивті деңгейінде педагогикалық жүйенің құралымды элементтерінің саны және олардың арасындағы байланыстар қарқынды бола түседі. Педагог оқу ақпаратын аудиторияға қалай бейімдеудің жолдарын іздейді. Бірақ ақпарат ең бастысы болып қалады.

Іс әрекеттің локальді - моделдеуді деңгейінде педагогтың жеткілікті деңгейде ақпаратты меңгеруі, оны ұсынуда әртүрлі тәсілдерді іздеуге мүмкіндік береді. Топ пен жеке оқушылар туралы психологиялық білімді жинақтауға икемді болып келеді.

Ал жүйелі-моделдеуші білім деңгейінде педагогикалық жүйенің мақсаттары педагогтың негізгі назарында болады. Іс әрекеттің бұл деңгейінде педагог жұмысының дара жүйесі толық нәтижеге қалай бағынады деген сұрақ туындайды.

Жүйелі-моделдеуші шығармашылық деңгей педагогтың жоғары шеберлігіне сәйкес келеді. Оның назары үйренушінің тұлғасына бағытталған, педагог оқу пәнін үйренушінің шығармашылық тұлғаға қалыптастыру құралына айналдырады.

Кәсібилік - педагогикалық құзыреттіктің жоғары деңгейі.

Құзыреттілік - бұл психикалық қасиеттердің жиынтығы, өз бетімен және жауапты әрекет ететін психикалық жағдай, адамның белгілі бір еңбек функцияларын білікті орындау қабілеттілігінің болуы.

Адамның еңбек нәтижелері бойынша құзыреттігінің болуы туралы айтуға болады. Құзыреттіктің мынандай түрлерін бөліп көрсетуге болады:

Арнайы құзыреттілік – өзінің кәсіби іс әрекеті жоғары деңгейде меңгеру, өзінің кәсіби дамуын жоспарлай білу қабілеттілігі;

Әлеуметтік құзыреттілік – кәсіби қарым қатынастың әдіс тәсілдерін білу, өзінің еңбек нәтижелері үшін әлеуметтік жауапкершілік, ынтымақтастыққа даярлығы;

Тұлғалық құзыреттілік – өзін көрсете білу мен өзіндік дамытудың амалдарын және жеке тұлғаның кәсіби деформацияларына қарсы тұру құралдарын игеру;

Даралық құзыреттілік – мамандық шегінде өзі жүзеге асыру және даралықты дамыту тәсілдерін игеру, кәсіби өсуге дайын және өзінің еңбегін білікті ұйымдастыра білу біліктілігі.

Бұл құзыреттіліктің түрлері бір адамда болуы шарт емес. Ол өзінің саласында жақсы маман болып, бірақ қарым қатынасқа нашар болуы мүмкін.

Соңғы кездері кәсібиілікті дамытуды психологиялық қамтамасыз ету мүмкіндіктеріне үлкен қызығушылық тудыруда, психология ғылымның аймағында кәсібилік дамытудың теоретикалы негіздері және технологиялары жасалған.

Сондықтан қызметкерлердің кәсібилігін жетілдіру мәселесі білім бағдарламаларын қайта қарастыруды қажет етеді. Мамандардың кәсіби білім процесін жетілдіру білім бағдарламасының мазмұнынының маңызды деңгейімен анықталады, оқу сабақтарының әртүрлі түрлерінің оңтайлы үйлесімділігімен анықталады.

Білім үрдісі ең алдымен кәсіби іс-әрекеттің талаптары, кәсіби маңызды қасиеттері, білім,білік, дағды дамытуға бағытталған.

Демек, педагогтың кәсібилігі іс жүзінде жас ұрпақты өмірге әлеуметтік қажеттілік деңгейінде дайындап шығаруды қамтамасыз ететін оның психологиялық, педагогикалық және ғылыми пәндік білімде-рімен оларға сәйкес мәдени адамгершілік бейнесі және имиджінің жиынтығының жоғары сатысы болып табылады.

Кәсібилік мәселесін зерттеген А. Маркова педагогтың кәсіби деңгейге көтерілуінің мына төмендегідей психоло-гиялық критерийлерін анықтаған:

1. Обьективті критерийлер мұғалімнің өз мамандығына қаншалықты сәйкес, әлеуметтік тәжірибеге қосар үлесі қандай екендігі. Жоғары еңбек көрсеткіші, әр түрлі мәселелерді шығармашылықпен шеше алу біліктері, т.б. жататындығын атап өтеді.

2. Субъективті критерийлері: адамның мамандығы қаншалықты оның табиғатына, қабілеттері мен қызығуларына сәйкес. Мұғалім еңбегіндегі субъективті критерийлерге, сондай ақ, кәсіби педагогикалық бағыттылық, кәсіптің маңыздылығын, оның құндылығын түсіну, маман иесі ретінде өзіне позитивті көзқарастың болуын жатқызады.

3. Нәтижелі критерийлер: педагог өз ісінде қоғам талап етіп отырған нәтижелерге қол жеткізіп отыр ма деген мәселе. Бұған қатысты ретінде оқушылардың білімдерінің стандартқа сай болуын алса, енді біреулері олардың қарым қабілетін дамытуды алады, ал кейбіреулері оқушылардың өмірге дайындығын басты назарда ұстайды [4].

Осы тұста өз көзқарасымызды білдірсек, оқыту нәтижесі біз үшін баланың психикалық функцияларының жетіліп, өзінің тәжірибелік әрекеті арқылы алған білімдерін өз өмірлік мәселелерін шешуде қолдана алуы.мұны қазір құзырлықтар деп те атап жүрміз. Құзырлылық ұғымының қазақ тіліндегі түсіндірмесі жасай алуы деген мағынаны білдіреді. Тек сонда ғана мектеп бітіруші мына өзгермелі қоғамда өзін өзі дамытуға, өз бетінше өмір сүруге дайын болады.

4. Шығармашылық критерийлеріне: мұғалімнің өз кәсібінің шекарасынан шыға алу, сол арқылы өз тәжірибесін, еңбегін өзгерте алуы жатқызылады. Шындығында да шығармашыл мұғалім үшін біреудің тәжірибесін қайталағаннан гөрі өз жаңалықтарын, білгендері мен түйгендерін басқаларға ұсына алудың шығармашылық бағыттылықтың болуының мәні зор. Тек сонда ғана ол шәкіртінің дамуына қол жеткізіп, өзінің кәсіп иесі ретіндегі ішкі сұраныстарына жауап бере алады.

Жаңа әлеуметтік экономикалық шарттарды педагогикалық тұрғыдан талдай алатын, шығармашылық ойлау қабілетін меңгерген, инновациялық ақпараттарды тез меңгеруге қабілетті, өмірдің қиындықтарына төзімді және педагогикалық пен жаңалықты өз жауапкершілігіне алатын білікті кәсіби маман қажет.

Қазақтың ойлы ұстазы дарынды тұлға Ахмет Байтұрсынұлы: «Мұғалім нашар болса, сайлы мектепте отырып сабақ бере алмайды. Мұғалімдік оңай нәрсе емес. Тәртіппен жасалған оқу құралдарымен оқытуға тәртіппен оқыта білетін мұғалім керек. Оны білмейтін мұғалімдер тәртіппен жасалған оқу құралдарын тәртіпсіз жасалған құралда орнында тұтынады», деген екен.

Демек, ел іргесі мықты, еңсесі биік болуы бүгінгі педагогтар қауымының кәсібилігіне, шеберлігіне байланысты.

Педагогтың кәсібилігін арттыру және дамыту мәселесінің қай кезеңде болмасын психология, педагогика ғылымдары мен іс тәжірибесінде өзекті орынға ие болып қала береді.

ӘДЕБИЕТТЕР

1. Гиппенрейтер Ю.Б. Введение в общую психологию. Курс лекций. -М., 1996

2. Джордж Дж.М., Джоунс Г.Р. Организационное поведение. Основы управ-ления: Учеб. Пособие для вузов. -М.: ЮНИТИ – ДАНА, 2003.

3. Маркова А.К. Психология профессионализма. -М., 1996.

4. Самоукина Н.В. Психология профессиональной деятельности. - СПб.:Питер. 2003.

5. Сорочан В.В. Психология профессиональной деятельности: Конспект лекций. - М.: МИЭМП, 2005. - 70 с.

6. Пряжников Н.С. Методы активизации профессионального и личностного само-определения. - Москва–Воронеж, 2002.

7. Турчинов А.И. Профессионализация и кадровая политика: проблемы развития теории и практики. -М., 1998.



К содержанию номера журнала: Вестник КАСУ №5 - 2010


 © 2024 - Вестник КАСУ