Главная  | О журнале  | Авторы  | Новости  | Конкурсы  | Научные мероприятия  | Вопросы / Ответы

Студенттердің құндылықтары мен қызығушылықтарының теориялық мәселелері

К содержанию номера журнала: Вестник КАСУ №5 - 2010

Автор: Хасенов Саяхат Сатарович

Қазіргі психологияның өзекті бөлімдерінің бірі – жас өспірімдер психологиясы. Бұл тақырып өте күрделі және бірнеше аспектілерді қарастырады, бұл: психологиялық жас ерекшеліктер, оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық және әлеуметтік мәселелері, жанұя, топ әсері және тағы да басқа көптеген аспектілер. Жастардың мәселесі және олардың қоғам өміріндегі орыны тәуелсіздікті енді ғана алған Қазақстан үшін ең ерекше ұшқыр мәселелердің бірі. Тәуелсіз Қазақстандағы барлық салаларда болып жатқан ауқымды реформалар бұрын қалыптасқан мораль жүйесін толығымен өзгертіп, оны адамгершілік құндылықтарға айналдырды. Ересек ұрпақтың жас ұрпаққа беретін әлеуметтік нормалар мен дәстүрлері бұзылды, өйткені кординалды түрді идеология өзгерді. Ересек ұрпақ адамдарында «өткен күндер» елесі әлі жақсы сақталған, олар бұрынғы құндылық бағдарды сақтай отырып, қазіргі өмірге, нарыққа бейімделуі күрделірек; ол жас ұрпақ үшін оданда күрделірек, өйткені оларда өзіндік құндылық бағдар жүйесі жоқ, егер бар болғанның өзінде, тек шартты түрде.

Жастар үшін құндылықтар салыстырмалы. Жастардың жүйе лестіруші қасиеті ретінде психологиялық қалпын анықтайтын өмірлік бағыт бағдары болып табылады. Адамның қылығының психологиялық түсінігін құрастыру үшін «құндылықтар бағдары» және қызығушылықтарының маңызы зор.

Сондықтан, қазақ жастарының құндылық бағдары мен қызығушылықтарының дұрыс ұйымдастырылуы, олардың психологиялық және тұлғалық қасиеттерінің дамуының нәтижелі болуына жетелейді. Тұлғаның қоғамдағы материалды және рухани мәдени қажеттіліктері құндылық бағдар түсінігі ретінде қарастырылады.

Қазіргі қалыптасып келе жатқан қарым – қатынас стилі, өмірлік қабылдаулар, құндылық басымдық өтпелі Қазақстан қоғамының әлеуметтік психологиялық құрылымының дамуының негізгі тенденциясы болып келеді. Бүгінгі жастардың құндылық бағдары қандай болса, біздің қоғамымыздың болашағы соған байланысты болмақ, сондықтан өмірлік қоғамдық – пайдалы құндылықтарды олардың санасына бекіту маңызды болып табылады.

Жастық шаққа, оның құндылықтарына деген сенімсіздік. Бүгінгі жастардың өмірлік құндылықтары біздің «ертеңіміздің» бейнесін анықтайды.

Келтірілген көптеген себептер психология ғылымында құндылықтар мен қызығушылықтардың өзекті мәселелердің бірі екендігін дәлелдейді.

Демек, психологиялық теория мен практикада құндылықтар мен қызығушылықтар жайлы аз зерттелінбеген. Алайда, қазіргі қазақ студенттерінің құндылықтар мен қызығушылықтар мәселесі аз қарастырылмаған.

Қызығушылықтар сұрақтамасындағы факторлы анализдің мысалы ретінде Дж. Гилфорд және оның серіктестерінің жұмысын атауға болады. Олар еңбектерінде жеке тұлғаның мінез – құлқының маңызды аймақтарымен қызығушылығының арасындағы байланысты көрсетті. Осындай қызығушылықтар сұрақтамасының көрсетулері, Стонг және Кьюдер сұрақтамалары, олар-дың пәнге корреляцияларын зерттеді және индивид жайлы жалпы мәліметтерге сүйенген, MMPI, жеке тұлғаны зерттеу формасы, қосымша бақылау тізімі, құндылықтарды зерттеу тесті және Рокичтің догматизм шкаласының жалпы факторларының сұрақтамадағы көрсеткіштердің болуы. Бұл зерттеулердің көмегімен жекелеген кең эмоционалды және тұрақтылық факторлардың арасындағы мәнді байланыс дәлелденді.

Жекелеген өзінің мінез – құлқымен ерекшеленетін топ зерттеушілерінің арасындағы салыстырмалы зерттеулер профессионалды қызығушылық және жеке тұлғаның басқа аспектілері арасындағы мәнді сәйкестікті анықтайды.

Қазіргі кезде мамандық таңдауда индивид қандай да бір деңгейде өзінің жанына жақын мінез – құлықты реттеуші тәсілді өмір бейнесін, немесе рөлді таңдайды. Міне, сондықтан мамандану қызығушылықтарын зерттеу немесе бағдары және қызығушылығы арнайы, мамандық топтарының идентификациясы, яғни индивидке жақынырақ мамандықты таңдау жеке тұлғаны түсінудегі негізгі кезең болып табылады.

Құндылықтарды және онымен байланысты жеке тұлғалық қасиеттерді зерттеу.

XX ғ. 60 жылдарынан бастап құндылық және құндылық бағдары зерттеу қарқындап дами бастады (Л.В. Голдон, 1975; Ю.Х. Холзман, 1975). Осы мақсатқа бағытталған әдістемелер, өзінің методологиясымен, мазмұны жағынан, нақты мақсаттылығымен ерекшеленеді, бірақ қызығушылық пен бағдарды өлшеуге өте ұқсас. Осыған байланысты әдістемелерді қолдану шекарасы мен, әртүрлілігін көрсету мақсатында бірнешеуін көрейік.

Құндылықтарды зерттеу. Кеңінен қолданбалы және өмірлік қабілетті ең алғашқы осы әдістер типіндегі тесттердің бірі Г. Олпорт, П. Вернон және Г. Линдзе өңдеген құндылықты зерттеу тесті.

Ең алғаш Э. Шпрангер ұсынған оның «Адамдар типі» еңбегінде, бұл сұрақтама ең негізгі алты қызығушылық, мотв және құндылық бағдардың салыстырмалы күшін өлшеуге арналды. Э. Шпронгер оларды былай суреттейді:

Теоретиктер: шындықты іздеуге деген қызығушылықпен және эмпирикалық, критикалық, рационалды, «интеллектуалдық» қабілеттермен сипатталады.

Экономикалық: негізгі акцент пайдалы және практикалық құндылыққа жасалынады.

Эстетикалық: ең негізгі құндылық стиль және гармония болып есептелінеді, әрбір құбылыс жағдайға, әсемдік көз – қарасқа байланысты қабылданады және бағаланады.

Әлеуметтік: адамдарға деген сүйіспеншілік, «альтруизм» және «филантропия».

Саясаттық: жеке бастық басшылыққа, әсіресе танымдылыққа деген талпыныс қызығушылығы.

Дінилік: мистикалық күй, қабылданғанның барлығының бірлігімен анықталатын және космосты бүтін ретінде түсінуге талпыныс.

Бұл категориялардың Хоеанд тестінің мамандану білімімен аздап сәйкес келуі және Кьюдер тестінің қызығушылықтар сферасымен сәйкестенуі әбден дұрыс болуы мүмкін.

Құндылықты зерттеу тестінің тапсырмалары алғашқы Э. Шпронгердің теориялық концепциясының негізінде құрастырылған. Ең салығу саралау критерийі ретінде оның 6 категория бойынша ішкі келісушіліктері алынды. Тест дәптерінде тапсырмалар ретсіз тізіммен берілген. Әрбір тапсырма әр – түрлі құндылықтар жүйесіне қатысты 2 немесе 4 альтернативті пікір айтуды талап етеді.

Алғашқы суммалары әр бір 6 құндылық категориялары бойынша көрсеткіштері профильды көрсеткіштер түрінде белгіленеді. Бірақ салыстырмалы көрсеткіштер үшін нормативті мәліметтер беріледі. Сенімділік коэффицент көрсеткіші барлық алты категория бойынша 0,84 тен 0,95 диапазонын көрсетті. 1 – 2 айдан кейін осы әдістеме бойынша қай талап тетілеу нәтижесінде 6 шкала бойынша 0,77 ден 0,93 мәніне ие болды.

Тест валидтілігі шығарылған топ әдістемесімен тексеріледі. Таңдау мүшелерінің профильді көрсеткіштері, яғни білім алу мен мамандық деңгейіндегі бөлінулер мәнді айырмашылыққа ие болды. Мысалы, медик – студенттер құндылықтың теориялық категориясы бойынша жоғары көрсеткіштер көрсетсе, теолог – студенттер діни категория бойынша жоғары көрсеткіш көрсеткен. Құндылық категориясы және академикалық үлгерім көрсеткіштері профильдері арасында байланыс орнаған, әсіресе білімнің әр – түрлі аймақтарында көрсеткен жетістіктерді қарастырғанда байқаған. Сонымен бірге құндылық шкаласы көрсеткіштерінің өзіндік бағамен және бірге оқитын достарының берген бағасымен корреляция алынған. Құндылықты зерттеу тестінің көрсеткіштері, бағдардың басқа тікелей мінез – құлық көрсеткіштерімен, яғни, газет оқу, «идеалды жеке тұлға» сипатын беру, клуб мүшесі болу т.б. салыстырылды.

Мамандық құндылығы сұрақтамасы. Мамандық құндылығы бойынша Сьюпер сұрақтамасын құрастырушылар нақты мақсатты басшылыққа алды. Білім беру және мамандану практикасына арналған, сонымен бірге қызметкерлерді сарамандауда қолданылатын, бұл сұрақтама, индивид өз жұмысынан іздейтін қанағаттанушылық жайлы мәліметтерді қолданып, индивид деректеріне сүйенеді. Жауап беруші, 45 құндылығын әрқайсысын 5 балдық шкала бойынша бағалайды, өзі үшін берілген құндылық қаншалықты маңызды екендігін көрсетті (мысалы, басқаларға көмек, қызмет бойынша асу, өз шешімін жүзеге асыру).

Мамандық құндылығы сұрақтамасы 15 көрсеткіш берді: шығармашылық, интеллектуалды іс - әрекет, қарым – қатынас, экономикалық эффект, сенімділік, мәртебе және альтруизм. Құндылық 15 шкаласы 3 тапсырмадан тұрады. Зерттеуге қатысқан жоғары сынып оқушыларының шкала көрсеткіштерінің сенімділік коэффиценті 0,83–ке тең. Коэффицент медианды көрсеткіш бойынша анықталды. 1970 жылы жарық көрген бұл сұрақтама 20 – жылдық зерттеу нәтижесі болды.

Адамгершілік пікір шкаласы. Адамгершіліктің дамуын бағалаудың қандай да бір стандарттаған әдістемесі жоқ, Л. Кохлбергтің ұсынылған жол мамандардың қызығушылығын туғызды. Ж. Пиаже теориясына сәйкес Л. Кохлберг адамгершілік дамуының 6 деңгейін көрсетті: адамгершілікке дейінгі деңгейден адамгершілік келісім конформизм арқылы өзіндік жекеленген адамгершілік принциптерінің қалыптасуына дейін. Л. Кохлберг адамгершілік дамуының когнитивті моделін ұсынады. Ол индивидтердің түсініктері бойынша ең жоғары түсінікті даму деңгейін қалауға негізделеді. Адамгершілік пікір шкаласы 9 гипотезалық дилеммаға негізделген. Л. Кохлберг өзінің адамгершілік пікір шкаласын ең алдымен индивидтің өзін жақсы түсіну үшін және оның даму бағытын стимуляциялау үшін қолдану керектігін айтады. Бірақ шкала методологиялық көз қарас бойынша психометриялық құрал ретінде әлсіз, сондықтан бұл нәтижелердің жалпылау дәрежесін шектейді. Сондықтан Кохлберг шкаласы эвристикалық бағаға ие.

Ішкі – сыртқы бақылау (I – E шкала) Д. Роттер ұсынған шкала, әр түрлі мәселелерді зерттеуде, жалпыланған баға беруге, индивидтің ішкі және сыртқы бақылауын күшейтуде қолданылады. Бұл әдістеме әлеуметтік психология негізінде құрастырылған. Дж. Роттер шкаласы 29 тапсырмадан тұрады. Шкала ерікті таңдау жасау арқылы индивид жайлы мәліметтер жинауға негізделген. І – Е шкаласы бойынша көптеген мәліметтер жиналған. Кьюдер – Ричардсон формуласы бойынша есептелген сенімділік коэффиценті 0,7–ге тең болған. 1–2 ойдан кейін қайталанған тестілеу нәтижесінде сенімділік сол деңгейді көрсеткен. Әлеуметтік тілекпен қызығушылық тесттерімен корреляция төмен. Конструкты валидтілік бойынша көптеген мәліметтер алынған.

Психометрикалық көз қарас бойынша І–Е шкала типті сұрақтамалар жеткілікті деңгейде өңделіп – бағаланған.

Енді зерттеу жүргізудің мақсатына қатысты қолданылатын әдістемелер мен оның процедурасын сипаттайық.

1. «Құндылық бағдар» әдістемесін қолданамыз. Бұл әдістемені М. Рокич құрастырған. Құндылық бағдар жүйесі жеке тұлғаның мазмұндық жағын анықтап, оның қоршаған ортаға көз қарасын басқа адамдарға, өзіне, көз қарасының түбірін және өмірдегі белсенділік мотивациясын өмірдегі «өмір философиясына» деген көз қарасын көрсетеді.

М. Рокич құндылықтарды 2 сыныпқа бөледі:

1) терминалды – бұндағы сенімділік, жеке тұлғаның өмір сүруі үшін талпынысы

2) аспапты (инструментальные) – бұнда қандай да бір әрекет бейнесі немесе жеке даралық қасиеті кез – келген жағдаятта басты болуына сенім.

Бұл дәстүрлі мақсат – құндылығы мен… құндылығына бөлінеді.

Зерттеушіге құндылықтардың 2 тізімі, әр қайсысы 18 – ден (Тіркеме А), бір бет қағазға алфавиттік ретпен, карточка түрінде ұсынылады. Тізімде зерттелуші құндылықтың әрқайсысына рангты номер береді, егер карточка болса, құндылығына байланысты ретпен орналастырады. Материалдың соңғы формасы үмітті қорытынды береді. Бірінші терминалды, содан кейін аспапты құндылықтар тізімі ұсынылды.

Нұсқау: «Қазір сізге 18 құндылықтар белгіленген карточка ұсынылады. Сіздің мақсатыңыз, сол құндылықтарды сіздің өміріңіздегі маңыздылық ретімен қоясыз. Құндылықтардың әрқайсысы әр карточкада көрсетілген. Карточкаларды зейін салып қарап шығып, сіз үшін ең маңыздысын бірінші орынға қойыңыз. Содан кейін сіз үшін маңыздысын екінші орынға қойыңыз. Барлық карточкаларды маңыздылығы бойынша қойып шығыңыз. Сіз үшін маңызды азы 18 орынға ие болады.

Таңдауды ойланып, асықпай жасаңыз. Егер таңдау барысында өз пікіріңізді өзгертсеңіз, жауапты өзгертіп карточкалардың орынын өзгерте аласыз. Қорытындының соңғы нәтижесі сіздің нақты өмірлік ұстанымыңызды көрсетуі керек».

Қорытынды: құндылықтар шекарасына анализ жасап, зерттеушінің әр негізгі блоктарға топтастырған құндылықтарына көңіл аударамыз. Мысалы, «нақты» және «абстракты» құндылықтар жіктеледі, өзінің мамандық ретіндегі құндылығы және өз өмірі т.б.

Аспапты құндылықтар этикалық бағалықтарға топтастырылады, қарым – қатынас, іскерлік, жеке бас, конформистік, альтруистік, өзіндік бекіту және басқаларды қабылдау құндылығы және т.б.

Әдістеменің басты абыройлығы оның әмбебаптығында және жүргізгендегі ыңғайлылығы мен аз уақыт ішінде өткізіп және қорытынды жасауға болатындығында. Бұл әдістемеде басты орынды диагностика мотивациясы алады.

Зерттеуді әр адаммен жеке жүргізген дұрыс, бірақ топтастырып та жүргізуге болады.

2. Келесі алынатын зерттеу әдісі «Құндылық бағдар бірлігінің көрсеткіші». Бұл әдістеменің авторы Р.О. Немов.

Топ мүшелеріне қазіргі қоғамда кеңінен таралған он оң және он теріс құндылық түрлерін тізіп қалауларына жазып шығу тапсырылады. Содан кейін осы жауаптардың негізінде оң және теріс сипаттарға ие екі жіктеме жазылады. Топтың мүшелерінің жауаптарында қайталау жиілігі көп қайталанған құндылықтар алынады.

Топтың әр мүшесіне осы жіктемегің арасынан олардың пікірінше құнды және қажетсіз 5 оң және 5 теріс сипатты.

Содан кейін таңдаулар саны есептеліп, ең көп таңдау алған бес оң және бес теріс сипат бөлініп көрсетіледі.



К содержанию номера журнала: Вестник КАСУ №5 - 2010


 © 2024 - Вестник КАСУ