Главная  | О журнале  | Авторы  | Новости  | Конкурсы  | Вопросы / Ответы

К содержанию номера журнала: Вестник КАСУ №5 - 2010

Авторы: Шерьязданова Хурлан Токтамусовна, Ерментаева Ардах Ризабеккызы, Аубакирова Жанат Канашкызы

1970-ші жылдардың аяғынан бастап қарым-қатынасты жан-жақты қарастыратын зерттеулер пайда бола бастады.

Қарым-қатынас мәселесін Б.Д. Парыгин, И.С. Кон, А.А. Леонтьев, Б.Ф. Прошнев, Г.М. Андреева, В.С. Мухина, Я.Л. Коломинский, М.Н. Щелованов, Н.М. Аксарина, М.С. Каган, Г.А. Балл, В.Н. Брановицски, А.М. Довгиалло, Б.Ф. Ломов, М.И. Лисина, К. Обуховский, К.А. Абульханова-Славская, Х.Т. Шерьязданова, А.Р. Ерментаева, С. Елеусізова т.б. ғалымдар қарастырған.

С.И. Ожегов сөздігінде қарым – қатынас ұғымы өзара келісім, іскерлік және достық байланыс арқылы дәйектеледі. Нақты әлеуметтанулық, психологиялық, педагогикалық зерттеулерде қарым - қатынас ұғымы өзара әрекеттестік, байланыс ұғымдарымен жақын мағынада қолданылады. Сонымен қатар қарым-қатынас контекстінде өзара әрекеттесуді, қатынасты тиімді жүзеге асырудың тәсілдері, дағдылары, құралдары, адамның қабілеті мен қасиеттері жүйесінде қарастырылады. Қазіргі кезде қатынас мәселесін философия, психология, әлеуметтану, этика, психолингвистика - осы сияқты, әр саладағы ғылымдар әр жақты зерттейді. Л.П. Буева, М.С. Каган және т.б. қарым-қатынасқа философиялық тұрғыдан талдау жасайды және әрқайсысы ғылыми позицияларына сәйкес, қарым-қатынас пен іс-әрекеттің ерекшеліктеріне, өзара байланысына орай әр бағытта қарастырады.

Олардың әрқайсысына, біздің зерттеу мақсатымыз - қарым-қатынастың философиялық бағыттарын қарастыру болмағандықтан, жекелей сипаттама беруді жөн көрмедік. Қарым-қатынас мәселесін психологиялық, педагогикалық тұрғыдан зерттеу әлемдік ғылымда Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін кезеңде өзекті мәселе болып көтерілді. Осы уақыттан бастап қарым - қатынасқа анықтамалар беріліп, оны зерттеуде бағыттар пайда болды.

А.Н. Леонтьев іс-әрекеттің қай түрін болмасын қарым-қатынаспен қабаттас болады деп түсіндіреді. Ол іс-әрекетті қарым-қатынастың қажетті шарты ретінде қарастырады. А.Н. Леонтьевтің қарым-қатынасты іс-әрекеттің өзгеше түрі деп талдау концепциясы, біздің зерттеуіміздің әдіснамалық негізі болды.

Қарым - қатынас мәселесін талдауда оның құрылымдық компоненттерін анықтап алу зерттеуге арқау болатынын білдік. Бұл мәселені 1977 ж. В.В. Давыдов көтергенді. Г.М. Андреева, П. Яноушек зерттеулерінде қарым-қатынас мақсат бағдарлы, индивидтердің бір-бірін қабылдай алуы, түсіне алуы, өзара бірлесіп іс-әрекет жасауы және ақпарат алмасу үрдісі (үрдістер) деп қарастырылады.

Қарым - қатынастың топтық жағдайдағы әлеуметтік психологиялық эффектілерін, механизмдерін талдау мақсатымен В.С. Агеев теориялық және эмпирикалық зерттеу жүргізген. Алайда қарым - қатынастың этникалық жақтарын зерттеу теория мен тәжірибеде әлі де болса жеткіліксіз деңгейде. Педагог – ғалымдардың қарым-қатынасты зерттеулерінде өзіндік бағыт бар. Мұнда оқушының психикалық дамуы, жетілуі, нақты бір білім, дағды және біліктілікті игеруі қарым-қатынас арқылы іс-әрекет барысында жүзеге асатындығы аксиома ретінде саналады. Осы мәселеге кезінде А.В. Луначарский, Н.К. Кpyпская, С.Т. Шацкий, А.С. Макаренко және т.б. аса көп назар аударған.

А.В. Луначарский тәрбиенің терең жолдастық қатынасқа негізделуін оқушының тәрбиесіндегі басты принцип болу керек деп көрсеткен.

Оқу - тәрбие жұмысының нәтижелі болуын қамтамасыз ететін педагогикалық техниканың құрамдас компонентіне Н.К. Крупская қарым - қатынасты жатқызған.

С.Т. Шацкий педагогтар, яғни ересектер мен оқушылар арасындағы өзара әрекеттестік жасау ситуацияларын терең талдап, педагогикалық әсер етудегі әдістемелер мен шеберлікті, оқушылар ұжымын ұйымдастыру тәсілдерін қарастырғанды.

Р.С. Немов зерттеуінде қарым-қатынасты адам психикасының қалыптасуы, дамуы және мәдени, саналы әрекеті деп тұжырымдайды. Адам психологиялық дамыған адамдармен қарым-қатынас арқы-лы, үйрену мүмкіндігіне сәйкес, өзінің жоғары танымдық қабілетін және сапасын меңгереді. Адам дамыған тұлғалармен белсенді қарым-қатынас арқылы өзі де тұлға ретінде дамыйды.

А.А. Леонтьев бойынша, біздің ғылым үшін адам қоғамы қарым – қатынассыз мәнсіз, өйткені, қарым-қатынас индивидтің тұрақталу тәсілі және олардың даму құралды болып табылады.

Соңғы кездерде қарым-қатынаспен адамның ішкі әлемінің психикасының тығыз байланысы тереңірек анықталуда.

Л.С. Выготский зерттеуінде бала дамуы үлкендермен жасалған қарым-қатынас барысында орындалады деп анық-тайды.

И.М. Сеченев жүз жыл бұрын атағандай, жалпы өмір сүруді реттейтін және оның негізін құрайтын көңіл-күй жиынтығы қарым-қатынастан туындайды.

Б.Ф. Ломовтың пікірінше, қазіргі кезде қарым-қатынас және психика іштей баланыста: қарым-қатынас барысында субъектінің екінші субъектіге «ішкі әлемін» көрсету жүзеге асады.

Қарым-қатынастың тұлғалық формаларын зерттей келе М.И. Бобнева мынадай пікірге келді: «Тұлғаның ішкі әлемі әртүрлі қарым-қатынас түрлеріне байланысты қалыптасады» және адамның ішкі әлемі тұлғалық қарым-қатынастың интериоализациаланған формасы (5, б. 41).

В.Н. Мясищев басқа адамдар мен қарым – қатынас және іс-әрекет процесінде дамитын тұлғаны күрделі қатынастар жүйесі ретінде көрсетті.

Отандық ғалымдарының еңбектеріндегі қарым-қатынас тұжырымдарын талдап, ол өз зерттеуімізде арқау болады. Х.Т. Шерьязданованың зерттеу жұмыстарында тұлғаның қарым-қатынасын жетіл-дірудің психологиялық - педагогикалық амалдарын дәйектеледі. С.Қ. Бердібаева зерттеуінде тұлғаның қарым-қатынас кезіндегі шығармашылық іс-әрекеттің дәйектеген. Б.Ә. Әмірова тұлғаны зерттеуді қазіргі теориялық және тәжірибелік психологиядағы ең маңызды бағыттардың бірі ретінде дәлелдейді. А.Р. Ерментаева қазақстанда алғаш рет тұлғаны психологиялық дайындаудың субъект-бағдарлы негізін зерттеуге байланысты дәйектеген. Н.Қ. Тоқсанбаева қарым-қатынасты бірлескен іс-әрекетті жүйелендіру факторы ретінде қарастырған. Қарым-қатынастың коммуникативтік, интерактивтік және перцептивтік үдерістермен бірдей жүйе ретінде көрінуінің өзі бірлескен іс-әрекетті жүйелендіру факторы ретінде анықтап, тұлғаның қарым-қатынастағы эмоциялық күйлерінің құзыреттілігі бірлескен іс-әрекетті жүйелендірудің факторы ретінде дәйектеледі.

Тұлға қоғамдық қатынастар жүйесінде қалыптасады. Қарым-қатынас қоғамдық қатынастардың жүзеге асыру тәсілі ретінде көрінеді.

Сонымен, біз қарым-қатынастың не екендігін қарастырдық. Енді қарастырылғандарға қысқаша қорытынды берейік. Біз қарым-қатынасты екі адамның немесе одан да көп адамдарың өзара әрекеттесуі мен келісушілікке бағытталған қатынасты орнықтыру мақсатындағы күштердің біріктірілуі және жалпы нәтижеге қол жеткізуі ретінде анықтадық.

Қарым-қатынас үнемі іс-әрекетпен тығыз байланысты және іс-әрекеттің ерекше түрі ретінде қарастыра аламыз. Біз кеңестік психолог А.Н. Леонтьевтің іс-әрекет теориясын қолдандық. Адамдар өмірінде қарым-қатынас көптеген функциялар атқарады. Біз олардың үш түрін бөліп көрсеттік:

- бірлескен іс-әрекетті ұйымдастыру;

- тұлға аралық қатынасты қалыптастыруды дамыту;

- адамдардың бірін-бірі тануы.

Қарым-қатынас категориясының мәнділігі адамның және тұлғаның қоғамдық мәнділігін ашуға көмектеседі.

А.С. Макаренко қарым-қатынасты жеке теориялық мәселе ретінде қарастырған жоқ. Алайда оның еңбектерінде ұжымның қалыптасуындағы қарым – қатынастың рөлі, ұжымдағы іскерлік және жеке қатынастар мәселері, оқушылар ұжымымен өзара әрекет жасау аспектілері айқын сипатталады. Олай болса қарым – қатынас біріншіден оқу міндеттерін шешу құралдары, екіншіден тәрбие үрдісін әлеуметтік-психологиялық қамтамасыз ету шарты, үшіншіден оқу мен тәрбиені нәтижелі ететіндей педагогпен оқу-шылардың өзара қатынасын ұйыстыру тәсілі болады.

А.С. Макаренко оқушылармен қарым-қатынас жасауға педагог студенттік кезінде үйретілуі қажеттігін жетілдіру үшін арнайы дәрістерді жоғарғы оқу орындарында оқыту керек дегенді.

В.А. Сухомлинский еңбектерінде оптималды (тиімді) қарым-қатынас оқыту мен тәрбиенің басты мәселесі болып көтеріледі. Ол ұжым мүшелерінің бір-бірін қарым-қатынас жасауды қажетсінуін жатқызады.

Соңғы кездерде жас ерекшелік және педагогикалық психология салаларында қарым-қатынасты зерттеу мәселері барынша жиі көтеріледі. Ол оқушы психикасын дамыту тәжірибесіндегі сұраныс-қажеттілікпен түсіндіріледі. Қазір «қарым-қатынас» және «жеке адам», «қарым-қатынас» және «даму» ұғымдары параллель қарастырылады да, оқушылардың психикалық үрдістерінің, функцияларының, қасиеттерінің коммуникациялық детерминациясы ғылымда жан-жақты талданады. Бұл жағдайдың өзі қарым-қатынас бойынша теориялық және эксперименталдық зерттеулерді интенсификациялап қана қоймай, психология пәнінің принципиалды жаңаруына жағдай жасады (Г.М. Андреева). Осылайша адамның психикалық дамуы басқа индивидтермен қарым-қатынас, байланыс жасау арқылы психологиялық жағынан бағаланып, талданады. Сонда адам психикасының даму мәселесі «тері астындағы адам» (А.Н. Леонтьев) сипаттамасынан «асып шығады» да, басқа адамдармен қарым-қатынас жасау, әрекеттесу, коммуникация кеңістігімен қарастырылады.

Қарым-қатынастың бұл аспектісі, кезіндегі кеңес психологтары Л.С. Выготский, Е.Л. Рубинштейн, А.Н. Леонтьев, В.Н. Мясищев, Д.Б. Эльконин, Б.Ф. Ломов, А.В. Петровский, Г.М. Андреева, А.А. Бодалев, В.П. Панюшкин және т.б. еңбектеріне негіз болды.

Біздің зерттеулер үшін айрықша маңызды жайт, ол жоғарыдағы қарым-қатынас детерминттілігін (себептілігін), яғни адам психикасын дұрыс қалыптастыру, дамуды психикалық дұрыс қалыптастыру, дамуды психикалық коррекциялау және реабилитациялау міндеттерін шешуде қарым-қатынастың әрі құралы, әрі мақсаты болып табылатындығы. Осы бағыттың негізінде Э. Фромм, Г.С. Салливен, Ж. Лакан, К.Р. Роджерс, А.Г. Маслоу, Р. Мэй, С.М. Джорард концепциялары, әсіресе оның психокоррекциялық және психо-терапиялық жақтары дамып отыр.

Психологиялық, педагогикалық зерт-теулерде педагог пен оқушылар арасын-дағы қарым-қатынас мәселесі басқы орын алады. Бұл қарым-қатынасты анықтауда арнайы «педагогикалық қарым-қатынас» деген ұғым қолданылады. Педагогикалық қарым-қатынас А.А. Бодалев, В.А. Кан-Калик, Я.Л. Коломинский, Е.А. Панько, В.А. Петровский, А.А. Леонтьев т.б еңбек-терінде мазмұны, формалары, тәсілдері бойынша сипатталады. Педагогикалық қарым-қатынас педагог пен оқушылар арасындағы нақты психологиялық контакт деп түсіндіріледі.

60-шы жылдардың аяғында әлеуметтік және педагогикалық психологияның қиылысында «педагогикалық қарым-қатынас» түсінігі пайда болып кеңестік ғалымдардың қызығушылықтарын тудырды.

80-ші жылдардың басында А.А. Бо-далев және В.Я. Ляудис педагогикалық қарым-қатынас тұлғаның қалыптасуының және оның дамуын басқару мүмкіндіктерін қарастыратын білімнің жаңа аймағы екендігін атап көрсетті.

А.А. Леонтьевтің педагогикалық қарым-қатынас мәселесінің оқыту және тәрбиелеу тәжірибесінде аса өзекті екендігіне көңіл аудартуы ерекше рөлге ие. Өз еңбегінде А.А. Леонтьев әрбір мұғалімге педагогикалық қарым-қатынас түсінігінің мәнін жан-жақты және түсінікті етіп жеткізді.

В.А. Кан-Калик өзінің және басқалардың педагогикалық тәжірибесіне сүйене отырып, мұғалім мен оқытушы, мұғалім мен сынып арасындағы, қатынастарда кездесетін қиындықтардың себебі, мұғалімнің педагогикалық қатынасының қыр-сырын әлі де болса бойына сіңірмегені туралы, әр мұғалім коммуникативтік іскерліктерді меңгеріп, оны оқыту және тәрбие үрдісінде қолданылу қажет екенін айтады. В.А. Кан-Калик мұғалімнің коммуникативтік іскерліктеріне: көпшілік алдында сөз сөйлей білу; қарым-қатынасқа түсе білу; әр түрлі жағдайлар туғыза отырып шығармашылық іс-әрекетті ұйымдастыру, оқу және тәрбие үрдісінде дұрыс қарым-қатынас құрып, оны басқара білу іскерліктерін қарастырады.

В.Н. Мясищев оқушы мен мұғалімнің, бастық пен қол астындағылардың, ата-ана мен баланың т.б. қарым-қатынастарын талдай келіп, қарым-қатынастың мазмұнды, мәнерлі және әрекетті, элементтері тек ғана тіл мен немесе ым ишаратты мен ассоциативтік байланыстарды (түрлі бейнелер немесе күшті эмоциялармен қанықтырылған) көрсетумен де байланысты екенін тұжырымдайды. В.Н. Мясищевтің негізгі идеясы бойынша, адамның жеке даралық қасиеттері: мінезі, тіпті бейімділіктері мен қабілеттері де адам аралық қарым-қатынаста көрінеді де, дамиды деп тұжырымдайды.

А.В. Мудрик қарым-қатынасты педагогикалық категория ретінде көрсетіп, оқушыларда бір мақсатты бағыттағы коммуникативті жағдайдан шығу жолдарында жаңа тәсілдерді, қолдана білу іскерліктерін жатқызады. Бүгінгі таңда қарым-қатынас мәселесі педагогика-психология саласында ең өзекті мәселелердің бірі болып саналады.

Педагогикалық қарым-қатынас негізінде оқушылардың мінез-құлқы, таным дүниесі, адамгершілік позициясы қалыптасып, жетіледі (Х.Т. Шерьязданова, В.Ф. Моргун т.б.).

Педагогикалық қарым-қатынастың формасы - оқушылар мен педагогтың «субъект-субъект» жүйесіндегі бірлескен әрекеттестіктері болып табылады.

Сондықтан келешек педагог және психологтар оқушылармен педагогикалық қарым-қатынас ұйымдастыра білуі керек. Осыған сәйкес келешек педагог және психологтарды даярлауда, педагогикалық қарым - қатынасқа даярлауды бірінші критерий деп білеміз.

Педагогикалық қарым-қатынас педагогтың жеке басы, оқушылар психикасына әсер етудегі рөлі, яғни қарым-қатынас стилі арқылы әр деңгейде көрінеді.

В.С. Мухина қарым-қатынас стилін педагогтың оқушыларға әлеуметтік психологиялық әсер етуінің дара типологиялық ерекшелігі деп анықтайды.

Әдебиеттерге талдау жасағанда педагогтық қарым-қатынас стилінде коммуникациялық тәсіл, қатынас сипаты, даралық, оқушылар ерекшелігі, әлеуметтік-адамгершілік құндылықтар, әлеуметтік рөлі мен статус көрінеді.

Ал К. Левин қарым-қатынастағы стилдің үш түрін авторитарлы, яғни басқарудағы қатал тәртіп; демократиялы тәсіл, бұл әріптестік, әркімнің белсенділігін арттыру; немқұрайлы тәсіл деп нақтылайды.

А.А. Бодалев және В.Я. Ляудис педагогикалық қарым-қатынас тұлғаның қалыптасуының және оның дамуын басқару мүмкіндіктерін қарастыратын білімнің жаңа аймағы екендігін атап көрсетті.

Х.Т. Шерьязданова қарым-қатынасты болашақ педагогтерді кәсіби дайындау негізі ретінде дәйектеген.

А.Р. Ерментаева педагогикалық қарым-қатынасты дамытудың этнопсихологиялық негізін, ұлттық психологияның педагогикалық қарым-қатынасқа әсерін қарастырған.

Қарым-қатынастың психологиялық ерекшелігі және психологиялық әдістерді «адам-адам» саласы бойынша байланыс жасайтын мамандық иелері үшін аса маңызды. Мұндай мамандықтардың бірі – педагог және психолог мамандық иелері.

А.А. Леонтьевтің педагогикалық қарым-қатынас мәселесінің оқыту және тәрбиелеу тәжірибесінде аса өзекті екендігін атады. Мұғалім мен оқушының өзара қатынасын гуманизациялауды Беларусь психологтары Н.А. Березовина, Я.Л. Коломинский, С.В. Кондратьев және олардың шәкірттерінің еңбектерінде қарастырылған.

Оқу-тәрбие қарым-қатынасы мәселесін қарастыруда В.А. Кан-Калик, Х.Т. Шерьязданова, А.Р. Ерментаева т.б. ғалымдардың еңбектерінің маңызы зор. Т.Н. Мальковская мұғалімнің жоғары сынып оқушыларымен қарым-қатынасының аспектілерін қарастырды.

А.В. Мудрик оқушылар мен тәрбиелік әсердің өзара әрекеттестігін, В.В. Чечета ата-аналар мен балалар арасындағы қарым-қатынас ерекшелігін қарастырды. Ғалымдар мұғалімнің оқушымен байланыс жүйесінің жетілдіру міндетін алдыға қояды. Педагогикалық қарым-қатынас мұғалімнің көп бейнелік коммуникациясын біріктіретін кең түсінік – тек қана оқушылармен емес, олардың ата-аналарымен, әріптестерімен, әкімшілікпен қарым-қатынас.

Л. Колбергтің айтуы бойынша келешекте өзінің қызметі мен функциясын атқарып қоғамның алға басуға жағдай жасап, әділ қоғам құру үшін, жастарға мектептер мен жоғарғы оқу орындары көмектесу қажет.

Қазіргі кездегі жоғары оқу орынын дарында болашақ педагог және психолог студенттерді даярлауда қарым-қатынас жасау деңгейін жоғарылатуға байланысты курстар, үйірмелер жұмыстары қарастырылмайды.

А.И. Шербетенко зерттеулері педагогикалық жоғары оқу орны студенттерінің әртүрлі психодинамикалық қарым-қатынастыққа байланысты екенін өз зерттеуінде анықтайды.

Б.С. Иванова қарым-қатынастың психологиялық құрылуы адамның психо-физиологиялық ерекшеліктеріне ғана емес әлеуметтік факторлардың әсеріне де байланысты екенін қарастырады. Әлеуметтік фактордың әсері қарым-қатынастың мазмұндылық және динамикалық жағына, оның стиліне әсер ететіндігін тұжырымдайды.

Отандық ғалым А.Р. Ерментаева педагогикалық қарым-қатынаста тренинг әдістерін қолданудың этнопсихологиялық бағытын алғашқылардың бірі болып қарастырған. Ғалым зерттеулерінде студенттерде субъектілікті дамытуға ықпал ететін психологиялық тренинг мәселелерін дәйектейді, қазақ топтарында алғаш рет психологиялық тренинг жүргізу ерекшеліктері талданды.

Оқу тәрбие қарым-қатынасы мәселесін қарастыруда В.А. Кан-Калик [8] еңбектерінің маңызы зор.

Т.Н. Мальковская педагогтардың жоғары сынып оқушыларымен қарым-қатынасының аспектілерін қарастырды.

Я.Л. Коломинский берген қарым-қатынастың психологиялық анықтамасы: «ақпараттық және заттық өзара әрекеттестік» ескере отырып педагогикалық қарым-қатынасты коммуникативті және заттық аспектілерге бөлуге болады. Олар бір-бірімен органикалық өзара байланысты. Заттық өзара әрекеттестік коммуникативтілікті тудырады. Коммуникативтілік өз кезегінде заттық өзара әрекеттестіктің өнімділігін қамтамасыз ететіндігін дәйектеді.

Коммуникатвитілік өзара әрекеттестіктің мақсаты мен мазмұндылығын заттық іс-әрекет пен детерминант-талатындығын ескере отырып кейбір жағдайларда оның өзіндік бағалы екендігін ескеруіміз керек. Сенімді қарым-қатынастың педагогикалық мәні тұлғалық рухани құндылықтармен өзара алмасуда, оқушылар осындай қарым-қатынасқа зәру болады.

Тұлғаның дамуына А.А. Бодалевтің пікірінше, заттық іс-әрекет және қарым-қатынас бірлесе әсер етеді. Бірақ дәстүрлі педагог оқушылардың білімдік даярлығына шоғырланған. А.А. Бодалевтің пікірінше, қарым-қатынас «қатынастардың күрделі шиеленуі», яғни субъект аралық қатынас педагогикалық үдеріс барысында толық бағаланбады. Бұл оқыту және тәрбиелеудің нәтижелілігінің төмендеуіне әкелді. Тұлғааралық өзара қатынас жүйесі педагогикалық мәнді болып саналмады. Педагогикалық қарым-қатынастың тұтастай үдерісінде коммуникативтілік аспектіні бөліп көрсету шартты болып табылады. Бұл феноменнің теориялық талдауы, оның мәнін бөліп көрсету және жетілдіру жолдарын анықтау үшін қажет. Ең алдымен оның мақсат қоюын анықтау маңызды. А.А. Леонтьевтің пікірінше, кез-келген қарым-қатынас рецензенттің мәндік аймағында оның объектісін өзгертуге бағытталған мақсатқа ие болатындығын анықтайды.

А.А. Леонтьевтің көзқарасынша, педагогикалық қарым-қатынас бірлескен іс-әрекетті жоспарлауға, бағыттауға және белсендендіруге мүмкіндік жасайды.

Оқу тәрбие үдерісінде педагог тек қана танымдық, еңбектік және іс-әрекеттің басқа түрлерінің ұйымдастырушысы ғана емес, сонымен бірге қарым-қатынас басшысы ретінде көрінеді.

Директивті нұсқаулар және басшылық көмегімен жүзеге асатын оқу-тәрбиелік іс-әрекет педагогикалық тиімділікті қамтамасыз ете алмайды. Қарым-қатынастың тәрбиелік нәтижелілігі оқушылардың педагогпен белсенді өзара әрекеттестікке түсуіне итермелейтін қажеттіліктерге тәуелді. Әлеуметтік психологияның беделді ғалымы А. Маслоу байланыс, махаббат, мойындау, өзіндік актуализация қажеттіліктерін базалық, яғни адамның алғашқы қажеттіліктеріне жатқызды.

М.И. Лисинаның зерттеулерінің көрсетуінше, алғашқы жеті жыл өмірде келесі қажеттіліктер пайда болады:

1) мейірімді зейін;

2) бірлесе іс атқару;

3) үлкендердің сыйлы қатынасы;

4) өзара түсіністік пен жанашырлық..

А.И. Божович зерттеуінде баланың өкпелеуін, негативизімін, агрессивтілігін қарым-қатынас қажеттілігінің қанағаттан дауымен байланыстырып дәйектейді.

А.В. Мудрик оқушылардың қарым-қатынасын зерттей отырып жеткіншектік және жасөспірімдік кезеңде ол жаңа ақпараттар, эмоционалды байланыстар және әлеуметтік тұлғалық бекітілу қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталатынын көрсетеді.

Педагогикалық үдерістің компоненті ретінде өзара әрекеттестік педагогпен оқушының бірлескен бастан кешулері қарым-қатынас жағдайының жаңғыртылуы ерекше педагогикалық мәнге байланысты болатындығын нақтылайды.

Педагогикалық қарым-қатынастың маңызды сипаттамасы оның құрылымы деп қарастырылады. Қазіргі кезде әлеуметтік психологиялық блок жеткілікті қарастырылған болып табылады.

Қарым-қатынастың нәтижелілігі біріншіден, оқушы мен педагог бірін-бірі қалай қабылдайды.

Екіншіден, соған байланысты қандай сезімдер кешеді.

Үшіншіден, олар қалай өзара әрекеттестік жасайтындығына тәуелді болады деп нақтылайды.

Г.М. Андреева қарым-қатынастың коммуникативті, интерактивті, перцептивті;

А.А. Бодалев аффективті, перцептивті, праксикалық;

Б. Ф. Ломов ақпараттық, аффективті және реттеушілік;

Я.Л. Коломинский когнитивті, аф-фективті және мінез-құлықтық құрылымдарын бөліп көрсетті.

Ғылымда қарым - қатынастың дең-гейлері де қарастырылады. Б.Ф. Ломов үш - макродеңгей, мезадеңгей және микродеңгейді сипаттайды.

Макродеңгей индивид басқа адамдармен қалыптасқан қоғамдағы қатынастарға, дәстүрге, салтқа сәйкес қарым-қатынас жасауынан көрінеді.

Мезадеңгей тақырып мазмұнымен анықталады.

Микродеңгей - мазмұны және сыртқы көрсеткіштері (сұрақ-жауап, ымишара т.б.) арқылы көрінетін контактілік байланыс.

Қарым-қатынас үдерісін басқару құрылымын В.А. Кан-Калик теориялық және практикалық қызығушылыққа бөледі:

1) болашақ қарым-қатынастың нақты жоспарланған жүйесі;

2) болашақ қарым-қатынастың шарттары және құрылымының нақтылануы;

3) тікелей қарым-қатынастың бастапқы кезеңінің жүзеге асуы;

4) басталған қарым-қатынас жүйесін басқарудың бастамашылдығы.

Педагогикалық қарым-қатынастың басты компоненті гуманизм принципіне негізделген әрбір баланың жеке басын сыйлау, оның тұлғалық ерекшеліктерін және өзіндік бағасын бағалау, педагогикалық тактіні сақтауға бағытталған кәсіби адамгершілікке байланысты.

В.И. Писаренко және И.Я. Писаренко тұжырымдағандай, кәсіби этика нормативтері педагогтың мінез-құлқы мен қарым-қатынасын реттеуші ғана емес сонымен бірге педагогикалық еңбектің құралы болып табылатындығын тұжырымдайды.

Педагогикалық қарым-қатынас педагогпен оқушылардың оқу үдерісі барысындағы өзара әрекеттесу, ынтымақтастық формасы. Педагогикалық қарым-қатынас вербалды, бейнелік, символдық және кинетикалық құралдардың бүкіл жиынтығын пайдалана отырып, бір мезгілде коммуникативтік, перцептивтік және интерактивті функцияларды жүзеге асырады. Функционалды түрде бұл білім беру үдерісінің барлық субъектілерінің қатынастарын орнатушы контактік, ақпараттық, түрткі болушылық, үйлестіруші өзара әрекеттесу болып анықталады.



К содержанию номера журнала: Вестник КАСУ №5 - 2010


 © 2018 - Вестник КАСУ