Главная  | О журнале  | Авторы  | Новости  | Конкурсы  | Научные мероприятия  | Вопросы / Ответы

Кеден саласындағы қылмыстардың кейбір мәселелері

К содержанию номера журнала: Вестник КАСУ №4 - 2010

Автор: Майсатаева Айнур Шамшитденовна

Қазiргi уақытта Қазақстан Республикасындағы әлеуметтiк-экономикалық жағдай макро және микроэкономикалық көрсеткiштердiң жақсаруымен, индустриалдық-инновациялық даму стратегиясының iске асыру шегiнде сапалы жаңа кезеңге өтуiмен, әлеуметтiк мұқтаж-дықтарға, кәсiпкерлiктi дамытуға арналған мемлекеттік шығыстардың өсуiмен, халықтың тұрмыс деңгейiнiң артуымен, әлемдік экономикалық қоғамдастыққа одан әрi бiрiктiрумен сипатталады. Бұл факторлар экономикалық қылмыстың сапалы сипаттамасының өзгеруіне ықпалын тигiзедi. Қылмыстық әрекеттердің жаңа нысандары пайда болып, оның бұрынғы нысандары күрделене түсуде [1, 288 б.].

Кеден саласында жасалған қылмыстар үшін қылмыстық жауаптылыққа байланысты теориялық және тәжірибелік мәселелер бұрынғы КСРО елінде де, Қазақстан Республикасында да ешқашан арнайы және жан-жақты зерттелмеген. Демек, кеден саласында жасалатын қылмыстарға қарсы күресу қазіргі таңда өткір тұрған мәселе, яғни жан-жақты зерттеуді, әсіресе теориялық тұрғыдан іргелі зерттеуді талап етеді.

Қазақстандағы кеден қызметінің қалыптасу тарихына тоқталып кететін болсақ, қазақ даласы арқылы Ресей мен Қытайдан Орта Азияға және одан кейін қарай тауар жылжитын бірнеше маңызды керуен жолдары өтті. Сыртқы сауда әрдайым халықаралық қатынастардың жылжытушы күші болды. Жергілікті қазақ феодалдары керуендерден өз қарауындағы жерлер арқылы өткені үшін өз еркімен белгіленген баж талап етті.

XIX ғасырдың ортасында Кенесары хан құрған хандық Ресей империясының отаршылдық билігі үстем еткен Ертіс, Есіл, Орал бойы аудандарынан басқа Қазақстанның барлық территориясына өз билігін жүргізді. Ол салық жинауды тәртіпке келтірді: зекет - мал өсірушілерден, ұшыр - нан өсірушілерден жиналды.

Көпестік керуендерден алынатын кедендік алымдар елеулі табыстар алып келетінін көрген Кенесары хан, батырлар мен билерден керуендерді тонамауды талап етті. Өзіне қарайтын аумақ арқылы өзге керуендердің өтуін ынталандыру үшін хан кейде өзі керуенбасыларын қабылдады. Тауарларды тасығаны үшін алымдарды төлеуден жалтарғандарға хан қосымша салықтар салды.

Қазақ-қытай шекарасында кедендік шаралардың күшеюімен кедендік шараларды айналып өтуден пайда болған контрабанда өрістеді. Ел басшылығы шекаралық бекеттерден азиялық көпестердің өтуіне қолдау көрсете отырып, шекаралық биліктер тыйым салған тауарларды сату үшін өтіп кетпеуін тұрақты түрде бағып отырды.

Кеңес билігінің алғашқы жылдарында, (1917-1921 жж.) кеден баждарының рөлі мардымсыз болды. Ел ішіндегі құн механизмі айырбастың толығымен болмағандығы және сыртқы сауда айналымның ретсіздігі кедендік тарифті Кеңестік Ресейдің басқа мемлекеттермен сыртқы сауда құралы ретінде пайдалануын біршама қиындатты. Сол 1921 жылы заң шығарушы алғаш рет контрабанда түсінігін енгізді. Өте ауыр жағдайда кәсіпшілік секілді контрабанда түрін жасағандарға ең жоғарғы өлім жазасы қолданылды. Кейін контрабанда жасау бірен-саран болып, қоғамдық қауіптілігі аса жоғары болмағандықтан, 1958 жылы қылмыстық заңда контрабанда үшін өлім жазасы жойылды.

1920-1930 жылдары аралығында кеден ісі басқармасының күрделі, көп сатылы жүйесі қалыптасып, сыртқы сауда саясаты мемлекеттік монополия кағидасына негізделді, ал кеден органы өзінің мәнді қызметінен айырылып, фискальді мекеме ретіндегі рөлін атқаруды қойды. 1930-жылдары қалыптасып, кейінірек 1964 жылғы КСРО Кеден кодексінде заңды түрде бекітілген кеден органдары жүйесі аз ғана өзгерістермен 80-жылдардың ортасына дейін сақталды. 1985-1991 жылдары өткізілген сыртқы экономикалық реформалар тұсында кеден жүйесі дамуының жаңа кезеңі басталды, оның ерекшелігі монополистік мемлекеттің кеден органдарының басқармасын қайта құрып, оның қызметін еркін нарық және демократиялық режим жағдайына бағыттау болды. Бұл кезеңнің аяғы болып 1991 жылы қабылданған кеден кодексімен КСРО-ның «Кеден тарифі туралы» заңы болып табылады. Дегенмен КСРО тәжірибесінде қағидалы жаңа кеден жүйесі құрылмады.

Қазақстанның тәуелсіз мемлекет болып әлем деңгейіне шыққаны жаңа кеден заңнамасының қалыптасуын талап етті. 1991 жылғы 12 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының Кеден комитетінің құрылуы туралы» Елбасы Жарлығы болды. Алғашқы уақытта 1995 жылға дейін кедендік заңнама, кедендік реттеу механизмінде бірталай кемшіліктер болды. Мемлекеттің кеден саласындағы құқықтық қамсыздандыру талабы 1995 жылғы 20 шілде де қабылданған «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» заң күші бар елбасының Жарлығында өз орнын алды. по состоянию на 27.11.2007 г.).

Жалпы тәуелсіздік алғаннан бергі оншақты жылдар ішінде кеден органдары күрделі ұйымдастырушылық құрылым ретінде қалыптасу дәуірін бастан өткерді.

Бүгінгі таңда еліміздің кедендік қызметінің қарқынды дамуы жаңа деңгейге түсуде. Қазақстанның сыртқы сауда айналымының өсуі, инвестициялық жағдайының жақсаруы, сондай-ақ Кеден кодексінің халықаралық стандарттарға сәйкестендіруі де осыған дәлел. Осыған орай, 2007 жылғы 26 маусымынан (жария еткен күннен бастап 10 күннен кейін заңды күшіне енеді) Заңмен Қазақстан Республикасының Кеден кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Енгізілген өзгерістер мен толықтырулар кеден процедураларын оңайлатуға көзделген. Жаңа өзгерістерге байланысты, яғни кодекстің 17 бабына сәйкес кеден органдарына тән міндеттер мен функцияларды уәкілетті органның құзыретіне берілген. Уәкілетті орган ретінде Қаржы министрлігін қарастыруымыз қажет. Енді кодексте жаңа 17-1 бабы пайда болды. Бұл бапқа сәйкес Қаржы министрлігінің құзырына кеден органдарын басқару, оның құрамына кіретін ведомстволардың өкілеттіктерін анықтау, кеден бақылауының техникалық құралдарын, сондай-ақ ақпарат жүйелерін өңдеу және құру, лицензиялауды жүзеге асыру және лицензия міндеттемелерін қамтамасыз ететін лицензиаттардың қызметін бақылау, кедендік әкімшілік басқаруды жүзеге асыру, шешімдерді беру туралы шешімдерді қабылдау, кеден шекарасы арқылы тауарлар мен көлік құралдарын өткізуге кедендік бақылау жасау және т.б.

Қазақстан Республикасында ұлттық кауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері ерекше маңызға ие. Демек, экономикалық контрабанда, кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтару, шетелдік валютадағы каражатты шетелден кайтармау, айналыстан алынған немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы, жаппай зақымдау қаруын, каружарақ және әскери техника жасау кезінде пайдаланылатын технологияларды, ғылыми техникалық ақпаратты және қызметтерді заңсыз экспорттау құрамы секілді кедендік бақылау аясында жасалатын қылмыс құрамдарымен күрестің маңызы өте зор.

Экономикалық қызмет саласындағы мемлекет мүдделерін қамтамасыз етуде кеден қызметі аса маңызды рольге ие, ол аталған саладағы негізгі құқық қорғаушы институттардың бірі болып табылады. Сыртқы сауда айналымын, жалпы алғанда, сыртқы экономикалық қызметті реттеуге қатыса отырып және фискалды қызмет атқара отырып, кеден қызметі мемлекеттік бюджетті толтыруға, ол арқылы экономикалық мәселелерді шешуге ықпал етеді. Ал, кеден ісі аясында орын алатын қылмыс құрамдары сыртқы экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың бір тобын құрай отырып, кеден органдарының қалыпты қызмет етуіне қарсы бағытталады.

Кедендік қылмыстардың қылмыстық заңға енгізіліп, оларды жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтың бекітілуін келесі факторлармен байланыстырамыз:

- кеден ісі саласының дербес құқық саласы ретінде қалыптасуы;

- аталған қызмет саласындағы құқық бұзушылықтардың кеңінен таралуы және олардың өсу тенденциясының байқалуы;

- аталған қылмыс құрамдары келтіретін зардаптардың аса үлкен мөлшерде болатындығы;

- кеден ісі саласын, басқа да құқық салаларының жеткілікті дәрежеде қорғай алмауы, аталған саланы қылмыстық-құқықтық қорғаудың тиімділігі.

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы шекарасымен шектесіп жатқан мемлекеттер арасында кедендік шекараны қорғау, ол арқылы өтетін тауарлар мен көлік құралдарын толық декларациялауды қамтамасыз ету мақсатында кедендік бақылау мекемелері құрылған. Әрбір кедендік бақылау бекеттерінің ара қашықтығы 150-200 шакырымды құраса, орта есеппен әрбір кедендік бақылау кызметтері бақылауына 7 шақырым кеден шекарасы келеді. Демек осы аталған кедендік шекараның ұзақтығы кедендік қылмыстарының латентті сипат алуының бірден бір себебі болып отыр [2,б. 42].

Демек, бүгінгі күні елімізде кедендік қылмыстар мәселелеріне, жаңаша көзқарас қажет. Жасыратыны жоқ бүгінгі күні кедендік қылмыстардың жаңа себептері мен жағдайлары туындап, олардың кейбір түрлері азаймай керісінше көбейіп отыр. Мәселен, 2000 жылмен салыстырғанда 2006 жылы экономикалық контрабанда 4,2%-ға (2000 жылы - 499; 2006 жылы - 478), ал шетел валютасындағы күражатты шетелден қайтармау 15,78%-ға (2000 жылы -38; 2006 жылы - 32) кемісе, кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтару 33,7%-ға (2000 жылы - 83; 2006 жылы - 111), айналыстан алынған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы 25,49%-ға (2000 жылы -357: 2006 жылы - 448) өсті [3, б.7].

Сонымен қатар кеден аясындағы қылмыстар осымен шектелмейді. Кедендік қылмыстар деп Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы аркылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарының белгіленген тәртібіне, олардың кедендік бақылау және кедендік ресімдеу тәртібіне, және де кедендік төлемдер мен салықтарды алудың және төлеудің тәртібіне, яғни кеден саласына қол сұғатын, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде жазалау қатерімен тыйым салынған айыпты қоғамға қауіпті әрекеттерді (іс-әрекеттер немесе әрекетсіздіктерді) айтамыз [4, б. 156].

Кедендік қылмыстардың құрамдарының шеңберіне қатысты шиеленіскен көзқарастар көп екенін, әлі күнге дейін біздің елде және көршілес мемлекеттегі ғалымдардың арасында да кедендік қылмыстарға қандай қылмыстарды жатқызу туралы қалыптасқан бір пікірлердің жоқтығын атап өткен жөн.

Қазіргі уақытта үлкен дабыл қағатын радиациялық заттардың контрабандасы мәселесі тек Қазақстанды ғана емес, сонымен қатар бүкіл дүние жүзін де алаңдатып отыр. Себебі аталмыш жағдай тек жеке адамдардың ғана денсаулығына тікелей және нақты қауіп төндіріп қана қоймай, сонымен бірге қай мемлекетті алып қарасақ та, сонда тұрып жатқан халықтың болашағына қауіп төндіретіні бәрімізге белгілі.

Бұрынғы кеңес заманында адамдар үшін азғантай радиациялық дозаның айтарлықтай зияны жоқ деген теріс түсінік кеңінен етек жайған болатын. Оның зиянды құпиясы кейінгі уақытта ашылып отыр. Алайда, осындай бір жалған тұжырым жасау талай адамдардың тағдырын тәлкекке түсірді. Себебі сол кездері қабылданған ереже бойынша радиация көңіл аударуға тұрмайтын болмашы ғана дүние еді. Сөйтіп, халық оның қауіптілігіне онша көңіл аудармай жүре берді. Қазіргі уақытта жаңағы болмашы деген радиацияға көзқарас мүлдем өзгерген. Кейбір мәліметтерге сүйенсек, дәл осындай доза алған клетканың қайтадан қалпына келуі мүмкін емес көрінеді. яғни, ол біржолата жойылады. Мұның үстіне ағзаның мутацияға ұшырауы әлгіндей орташа дозада 200 есе жылдам жүреді.

Радиациялық заттардың контрабандасының таралуының ең бастысы болып радиоактивті заттарды сатудан түсетін едәуір көлемдегі материалдық пайда болып табылады. Мәселен, Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметтеріне сүйенетін болсақ, әлемдегі дәл осы радиоактивті заттарды (тории, уран, актинии және олардың қоспалары) заңсыз жолмен сатудан сомалық кірісі, соңғы ресми бағасы бойынша жылына 300 млрд. АҚШ доллары шамасын құрайды екен, яғни бұл дегеніміз қаружаракты заңсыз сатумен тең түседі [5,б. 608.].

Сонымен қатар, кеден бекеттері мен шекара қызметінің әлсіз техникалық жабдықтануы осы қылмыстың жасалуына бірден-бір себеп болып отыр. Мәселен, оның айқындылығын біздің елден Қытайға темір жол арқылы барған темірді бірнеше уақыттан соң біздің жаққа радиоактивті жүк жібердіңдер деп хабарлай отырып жүкті қайтарып жіберуінен көруге болады. Өкінішке орай, Казакстан экологиялық таза темірді өз елімізден жібере отырып, өзімізге қайтіп радиоактивті қокысты алып отыр. Әрине осыдан келетін зиян зардаптардың көлемі едәуір екеніне ешкімнің күмәні тумайды. Соңғы уақытта осы жағдайдың алдын алуға қатысты шекарада радиациялық бақылау жүйесінің орнатылуы осындай қылмысты мақсат еткен қылмыскерлердің әрекеттерін қиындатып отыр.

Радиациялық материалдардың Контрабандасымен күресті жетілдіру үшін төмендегідей шараларды жүзеге асыруымыз керек:

- Қазақстан Республикасының радиациялық кауіпсіздік концепциясын жасау;

- заң мен нормативті-құкықты реттеуді жетілдіру, сонып ішінде химиялық элементтердің және олардың қоспаларының тізімін жасау;

- радиациялық материалдарды табуға байланысты кеден және шекара кызметінің техникалық жабдықтануын күшейту, сондай-ақ осындай құрылғылармен

мемлекеттік органдардың, банктердің ғимаратын, байланыс және ірі компания мекемелерін қамсыздандыру;

- осы саладағы шетел мамандарын тарту арқылы қызметкерлердің кәсіби дайындық деңгейін көтеру;

- радиациялық бақылауды жүзеге асыруға байланысты арнайы орган құрудағы шетелдің тәжірибесін оқу мен қолдану;

- кеден мен шекара қызметкерлерінің штаттық санын көбейту;

- шетелдік және еліміздің құқық қорғау органдары арасындағы өзара тығыз байланысты әрі қарай жақсарту;

- осы мәселелерге қатысты терең ғылыми зерттеу жүргізу және олардың нәтижелерін тәжірибеге енгізу [6, б.98].

Біздің көзқарасымызша, осындай радиоактивті материалдарды шекарадан тауып ұстаған кездерде кеден органдарының қызметкерлеріне қатысты кауіпсіздік шараларын қабылдау қажет. Ол үшін арнайы құралдар мен құрылғылар қолдану қажет.

Кедендік қылмыстардың құрылымы қазіргі таңда толығымен өзгеріске ұшыраған. Мәселен, контрабандалық жолмен тауарларды тасымалдау үлкен жүк автокөліктерімен, теміржол вагондарьшен, транспорттық ұшақтармен кедендік бақылаудан жасырудың жетілген жолдарын қолданумен, кедендік теңдестірудің жалған қ-жаттарын пайдалану арқылы, кедендік құжаттарда декларацияланатын тауарлардың атаулар өзгерту арқылы, заңсыз өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарының жүк кедендік декларацияларда көрсетілгеннен артық жөнелту сияқты әдістермен жүзеге асырылады.

Кеден аясындағы қылмыстар осымен шектеліп қалмайды. Олардың қатарына сыртқы экономикалық қызметтің қалыпты жүзеге асырылуын, кедендік бақылау мен кедендік шекарадан тауарлар мен көлік құралдарын өткізу тәртібі, кеден органдарының қалыпты қызметін, мемлекеттік бюджетке салықтар мен өзге де төлемдердің түсуі нысанындағы бюджетті қалыптастыруға байланысты құқықтық қатынастарды жатқызуға болады. Кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтарудың бірнеше құқық салаларына, дәлірек айтсақ, түрлі нормативтік құқықтық актілермен реттелетін құқықтық қатынастарға қол сұғатындығына, жанасатындығынан байланысты құқық теориясында оның объектісін анықтау барысында қиындықтар туындап отыр.

Аталған қылмыс құрамы сыртқы экономикалық қызметті қалыпты жүзеге асыру барысындағы құқықтық қатынастарға қол сұға отырып, ішкі экономикалық қауіпсіздікке де қауіп тудырады. Сыртқы экономикалық саясатты және Қазақстан Республикасының ішкі нарығын мемлекеттік реттеудегі маңызды құралдардың бірі ретінде кедендік шекарадан өтетін тауарлар мен көлік құралдарынан кеден төлемдері мен алымдарын алу тәртібін қалыптастыру танылады. Сәйкестелген түрде кеден төлемдері мен алымдарын төлеу тәртібін және механизмін бұзу – мемлекеттік қаржылай қорды қалыптастыру саласындағы еліміздің экономикасына елеулі шығын келтірумен ұштасады, мемлекеттік бюджетті қалыптастыруға қарсы бағыттала отырып, экономикалық тұрақтылыққа қол сұғады. Бұл пікірмен ресейлік көптеген ғалымдардың пікірлері сәйкес келеді. Олар бұл қылмыс құрамын ішкі экономикалық қауіптердің қатарына жатқызады.

Біздіңше, кеден ісі саласындағы қылмыс құрамдарының ерекше түрі ретінде кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтару құрамын қарастыруға болады және аталған қылмыс құрамымен қылмыстық-құқықтық күресу - Қазақстан Республикасы мемлекеттік бюджетінің кіріс бөлігін толтырудың маңызды құралы болып табылады.

Кедендік қылмыс ретінде кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтару келесі белгілермен анықталады:

- бұл қылмыс құрамының пәні болып, тек кеден төлемдері мен алымдары танылады;

- ол кедендік шекарадан тауарлар мен көлік құралдарын өткізу барысындағы өткізу шарттары мен тәртібін бұзуға бағытталады;

- сыртқы экономикалық қызметтің жүзеге асырылуы барысында жасалады [7, б.199].

Әрине, кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтару мемлекеттің қаржы саласындағы, оның ішіндегі мемлекеттік бюджетті қалыптастыру барысындағы құқықтық қатынастарға қол сұғатындығы белгілі. Аталған қылмыс құрамының жоғарыда аталып өткен белгілермен сипатталуы оны салықтық қылмыстардан ажыратып қарастыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл қылмыс құрамын кедендік қылмыс ретінде тану барысында, оның қол сұғатын объектісіне сүйенетіндігіміз белгілі. Біздің пікірімізше, кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтарудың топтық объектісі ретінде кеден заңдарымен реттелетін кеден органдарының қызметі, кедендік шекарадан тауарлар мен көлік құралдарын өткізуге байланысты қоғамдық қатынастар танылады. Ал, оның тікелей объектісі ретінде мемлекеттік бюджетті қалыптастыруға байланысты қаржы мен кеден-тарифтік реттеу аясындағы қоғамдық қатынастар танылады. Аталған қылмыс құрамының топтық және тікелей объектілерінің жоғарыда аталғандай анықталуы оның кедендік реттеу аясындағы қылмыс екендігін дәлелдейді.

Шын мәнінде, кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтару құрамы Салықтық және өзге де кедендік қылмыстармен тығыз байланысты. Мысалы, ҚК-нің 209-бабында көзделген экономикалық контрабанда құрамының жасалуының түпкі мақсаты ретінде кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтару, сыртқы экономикалық қызмет қатысушыларының өз тауар айналымы мен оның көлемін, кедендік құнын жасыру танылады. Осы мақсатта тауарлар мен көлік құралдары Қазақстанның кедендік шекарасынан кеден бақылауын жанай немесе одан жасырын, не құжаттарды немесе кедендік теңдестіру құралдарын алдап пайдалану арқылы өткізу, не декларациялаумен немесе күмәнді декларациялаумен ұштасқан кедендік шекарадан өткізуге тиым салынған немесе өткізу шектелген кедендік шекара арқылы өткізудің арнайы ережелері белгіленген тауарларды, заттар мен құндылықтарды ірі мөлшерде өткізу, яғни экономикалық контрабанда орын алады.

Кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтарудың топтық және тікелей объектілерін анықтай отырып, В.Д. Ларичев және Н.С. Гильмутдинова бұл қылмыс құрамын салықтық қылмыстардың қатарына жатқызады. Олардың пікірлерінде, кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтарудың топтық объектісі ретінде сыртқы экономикалық қызметтің қалыпты жүзеге асырылуы барысында және мемлекеттік бюджетке заңмен белгіленген салықтар мен өзге де төлемдердің түсуі барысында туындайтын, қылмыстық заңмен қорғалатын құқықтық қатынастар танылады. Ал, тікелей объектісі ретінде қаржы саласындағы мемлекеттік бюджетті қалыптастыру барысындағы мемлекет мүддесін қамтамасыз ететін құқықтық қатынастар танылады. Аталған қылмыс құрамының қосымша объектісі ретінде кедендік шекарадан тауарлар мен көлік құралдарын алып келу, алып кету және кедендік территориядан алып өтумен байланысты экономикалық қызметтің ерекше аясын таниды.

АҚШ заңнамасында бұл қылмыс құрамы салықтық қылмыстар құрамынан бөлініп қарастырылмаған, ол, салық төлеушіге белгілі бір федералдық салықты толық немесе оның бір бөлігін төлеуге қатысты міндеттемелерді қасақана орындамау әрекеттері ретінде сипатталады.

Европалық Экономикалық Одақ құрамына кіретін мемлекеттерде кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтару үшін қылмыстық жауаптылық салықтарды төлеуден жалтару үшін белгіленген қылмыстық жауптылық мазмұнында қарастырылады (ГФР-де 1972 жылы қабылданған Aussensteuergesetz заңымен, Ұлыбританияда 1976 жылы қабылданған Taxes Management Act заңымен, Испания ҚК-нің 307-бабымен, Қытай Халық Республикасы ҚК-нің 210-бабымен көзделген) [8, б. 4].

Өкінішке орай кеден саласында жасалатын қылмыстарға қатысты күрестің құқықтық шараларын қатаңдату да осы салада қызмет ететіндердің заң бұзушылық жасауын тоқтатпауда, себебі кеден саласында жасалатын заңға қайшы әрекеттер осы жолмен алынатын пайда тәуекел етуге тұрарлық соманы кұрайды. Осыған байланысты кеден саласында жасалатын қылмыстармен сатысында бірлескен жедел тергеушілік топтар құру, жазбаша сұратусыз, модемдік байланыспен, тиісті бұйрықтармен бекітілген нақты қызметкерлер арқылы ақпарат алмасуды ұйымдастыру, тауарлық-материалдык кұндылықтарды заңсыз алып өту фактілеріне қатысты жедел ақпаратты тексерудегі өзара әрекеттесу ережелерін әзірлеу, кедендік бақылау ауданында бірлескен тексеріс іс-шараларын жүргізу тәртібін реттейтін нормативтік кұқықтык келісімдер әзірлеу.

Бүгінгі күні құқықтық қорғау кеден қызметінің негізгі бағыттарының бірі контрабанда және кеден ережелерінің бұзылуымен, есірткі, қару-жарақтың, оқ-дәрілердің заңсыз айналымымен, халықтың мәдени және тарихи мұраларын заңсыз алып кетумен күрестен бастап, валюталық бақылауға, стратегиялық материалдарды алып кетуге экспорттық бақылауға, адам өмірі мен денсаулығына, флора мен фаунаның экологиялық тазалығьша, қоршаған ортаға қауіпті заттарды алып келуге жол бермеуге бақылау жасауға дейінгі міндеттер.

Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы тауарлар мен көлік құралдарын өткізгендегі заң актілерімен сәйкес кеден органдары құқықкорғау, бақылау, фискальді функцияларын жүзеге асыруымен қатар мемлекет тарапынан жүргізілетін сыртқы экономикалық саясаттағы өзінің рөлін нығайта түсуде.

Жалпы кеден қызметінің болашақта жетілдірілуі оның сапалық деңгейіне, сауда операцияларын жүргізудегі халықаралық тәжірибеге сәйкестілігіне қатысты талаптарымен айқындалатыны сөзсіз.

Сонымен бірге, кедендік қызметінің сапалы дамуына басты себепкер болатын мәселе – ол кеден саласындағы жемқорлықтың алдын алу және жемқорлықпен күресу. Демек, кеден органдарындағы орын алған жемқорлық, құқық қорғау жүйесін әлсірете қоймай, қойылған мақсаттарға кедергі жасауы әбден мүмкін. Осыған орай, қазіргі уақытта Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті осы мәселені шешу барысында көптеген шаралар жасап жатқаны баршамызға мәлім. Оған дәлел ретінде 2006-2010 жылдарға арналған кең ауқымды жемқорлыққа қарсы Мемлекеттік бағдарлама бойынша көптеген жұмыстар атқарылып жатыр.

Қорыта келе, Кеден кодексіндегі қандай да болмасын өзгерістер мен толықтырулардың нәтижесін уақыт белгілейді. Демек, кеден заңнамасындағы болып жатқан жаңалықтар – ол бүгінгі күннің талабы, яғни кеден заңнамасын жетілдірудегі жетістік.

ӘДЕБИЕТТЕР

1. Ағыбаев А.Н. Қылмыстық кұқық. Жалпы бөлім. - Алматы, 1998.- Б. 288.

2. Ларичев В.Д., Гильмутдинова Н.С. Проблемы совершенствования уголовного законодательства за уклонения от уплаты таможенных платежей // Государство и право., № 6. 2001. Б.42.

3. Нарикбаев М.С. Казахстан: судебно-правовая реформа и дальнейшие пути ее совершенствования // Проблемы реализации - судебно-правовой реформы в постсоветских государствах: опыт и суждения. - Астана, 1998. Б.7.

4. Молдабаев С.С. Проблемы субъекта преступления в уголовном праве Республики Казахстан: Монография. - Алматы, 1998. - Б. 156

5. Ларичев В.Д., Гильмутдинова Н.С. Таможенные преступления. - М.: «Экзамен», 2001.- Б. 608.

6. Александров И. Налоговая преступность как часть организованной преступности. // Уголовное право. № 4. 2002. - Б.98.

7. Голованов И.Н., Перекислов В.Е., Фадеев В.А. Теневая экономика и легализация преступных доходов. – СПб., 2003. - Б. 199.

8. Гармаев Ю. Преступления в сфере ВЭД как объект уголовного права и криминалистики // Уголовное право. № 2, 2002.



К содержанию номера журнала: Вестник КАСУ №4 - 2010


 © 2024 - Вестник КАСУ