Главная  | О журнале  | Авторы  | Новости  | Конкурсы  | Научные мероприятия  | Вопросы / Ответы

Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу және қолдау

К содержанию номера журнала: Вестник КАСУ №3 - 2010

Автор: Жакибаева Лаура Бейгамбековна

Шағын кәсіпкерлік бәсекелесу рыногының өте маңызды әрі таптырмас факторы болып саналады.

Кәсіпкерліктің негізгі қағидасы: "мұқтаждықты сұраныс арқылы табу және оны өнім шығару немесе қызмет көрсету арқылы қанағаттандыру" тек шағын кәсіпкерлік арқасында айтарлықтай дәрежеде жүргізіледі. Оның себебі, біріншіден, рыноктардың қажетті бөліктерінде әрекеттенеді; екіншіден, олар әрқашанда тұтынушыларға жақын тұрады; үшіншіден сұраныстарды қанағаттандыруға өте бейімделген; төртіншіден, олардың тұрғылықты халықты жұмыспен қамтамасыз етуі; бесіншіден, бұл кәсіпкерлік түрі тікелей кәсіпкердің басқаруымен қызметін жүргізе береді (басқа басқарушы кадрларды қажет қылмайды).

Заңды тұлға құрмаған, жұмыскерлерінің саны 50-ден аспайтын дара кәсіпкерлер және жыл бойындағы активтерінің орташа құны 60 мың еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспайтын заңды тұлғалар шағын кәсіпкерлік субьектілері болып табылады.

Шағын кәсіпорынның негізгі проблемалары – ресурстық базасының жетіспеушілігі; материалдық-техникалық және қаржылық. Бұл проблемаларды шешуге мемлекет тікелей қатысуы керек.

Кәсіпкерлікті дамыту проблемаларын шешу жолдары ҚР Президентінің "Қазақстан-2030" атты көпжылдық бағдарла-масында көрініс тапқан болатын. Мысалы, Н.А. Назарбаев: «Үкіметтің әлі де орын алып отырған сауда мен өндіріске әкімгершілік араласуын жоюға; жылжы-майтын мүлікті, қалған ұсақ және орта кәсіпорындар мен агроөнеркәсіп кешенін қоса алғанда, жекешелендіру процесін аяқтауға тиіспіз...", "ең алдымен фермерлер мен нағыз жеке шаруашылықтар үшін кредиттерді арзандатамыз; ... шағын және орта бизнесті дамытамыз; ... қызмет көр-сету саласын, әсіресе туризмді белсенді дамытамыз» деп стратегиялық бағыттарды атап көрсеткен болатын.

Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің профессоры, экономика ғылымдарының кандитаты Әділбек Смағұлов кәсіпкерлікті қолдаудың ең тиімді үлгісі – лизинг дейді. Кәсіпкерлікпен шұғылданғысы келетін кез келген адам лизинг компаниялары арқылы өзіне керекті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіледі.

Шағын кәсіпкерліктің іс- әрекеттерін терең зерделейтін жүйе жоқ. Басты проблеманың бірі–ол кадр мәселесі. Кәсіпкерлік сүйекке біткен қасиет дейді. Ол мүмкін дұрыс болар, бірақ оңдай адамдар аз. Қоғамға керекті кәсіпкерлерді даярлау керек. Ол үшін оларды таңдап алып оқыту қажет.

Қазақстан кәсіпкерлерінің 4 форумы ел Президентінің қатысуымен 1998 жылғы 27 сәуірде Алматыда өткізілді. Форумға республиканың түпкір –түпкірінен 1600 делегат қатысты, шағын бизнесті дамытудың көптеген мәселелері жан –жақты талқыланды.

Осы бас қосуда Президент Нұрсұлтан Назарбаев мінберде тұрып «Азаматтар мен заңды тұлғалардың кәсіпкерлік қызмет еркіндігінің құқығын қорғау туралы» жарлыққа қол қойды. Президент жанынан шағын кәсіпкерлікті қолдау жөнідегі ҚР агенттігі және қоғамдық бірлестік – «Қазақстан кәсіпкерлерінің форумы» құрылды.

Өзінің сөзінде ел басы Н. Назарбаевта осы саланың дамуына бөгет жасап отырған, шешуі табылмаған мәселелер көп екенін айтып, олардың негізгі екі себебіне тоқталды.

Бірінші – қызмет бабы бойынша шағын және орта кәсіпкерлікпен байланыс жасайтын мемлекеттік қызметкерлер мен ұйымдар тарапынан тыйылмай отырған үздіксіз, негізді негізсіз тексерулер.

Екіншісі – орталықтан қаржыландырудың және сауда айналымына ғана емес, ұзағырақ мерзімге несие беру мүмкіндігінің жоқтығы. Сондай – ақ кәсіпкерлер мүддесін қорғайтын сот ретінде енгізу керек, кәсіпкерлер мен тексерушілер органдар арасындағы даулы мәселелерді ашық процесстерде қарайтын сот арнайы әкімшілік сот жүйесін құру да қажет және ондай соттың әкімшілік жаза қолданатын құқығының болуы шарт.

Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік ре-ттеу кезінде мына мақсаттар көзделеді:

- кәсіпкерлікті мемлекеттің, қоғам-ның мүддесін сақтай отырып дамыту;

- кәсіпкерлердің заңды мүдделері мен құқықтарын қорғау;

- барлық шаруашылық субьекті-лерінің заң алдындағы теңділігін қамта-масыз ету.

Шағын кәсіпкерлік субьектілерін мемлекет тарапынан қолдаудың мына келе-сідей шаралары заң жүзінде белгіленген:

- Шағын кәсіпкерлік субьектілеріне шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қаржымен қолдау шеңберінде тиісті жылға арналған мемлекеттік бюджетте көзделген қаражат шегінде жеңілдікті жағдайларда статис-тикалық және ақпараттық қызмет (кұрал-дар), сондай-ақ ғылыми - техникалық талдамалар мен технологиялар беріледі.

- Шағын кәсіпкерлер үшін кадрлар даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру шағын кәсіпкерлікті дамытуға жұмсалатын барлық қаражат көлемінің кем дегенде 2 проценті мөлше-рінде шағын кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік және аймақтық бағдарла-маларыңда көзделген қаражат есебінен жаңа оқу және зерттеу орталықтарын, мамандырылған консалтингтік ұйымдар және шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың ақпараттық жүйелерін құру және жұмыс істеп тұрғандарын дамыту арқылы жүргізіледі.

- Өндіріспен айналысатын шағын кәсіпкерлік субьектілері мемлекеттік тіркеу кезінен бастап үш жыл бойына, жылжы-майтын мүлікке құқығын төлеу үшін ақы төлеуден босатылады.

- Өндірістік қызметпен айналысатын шағын кәсіпкерлік субьектілеріне (заңды және жеке тұлғаларға) жер учаскелерін беру (сату, жалға беру) олардың жергілікті атқарушы органдарға жазбаша өтініші бойынша жерді пайдалану (жерді иелену) актісін бергені үшін ақы алмастан және жерді сатып алған немесе оны жалға алғаны үшін төленетін соманы үш жыл кейінге қалдыра отырып жүргізіледі.

- Шағын кәсіпкерлік үшін мемлекет қатысатын екінші деңгейдегі банктерде шот ашу ақысы алынбастан жүргізіледі.

- Өндіріспен айналысатын шағын кәсіпкерлік субьектілері кәсіпорындардың - табиғи монополистердің қызметін монополияға қарсы реттеу қолданыла отырып, электр эиергиясы, жылумен, сумен жабдықтау және канализация бойын-ша біріктірілетін қуат үшін ақы төлеуден босатылады.

Аса маңызды бағыт ретінде шағын кәсіпкерлік аясындағы өзіндік реттеуді да-мытуды айтуға болады. Кәсіпкерлер одақтар, ассоциациялар, клубтар, бизнес орталықтарын құра алады. Ең тиімдісі қалалық әкімшіліктің жанында шағын кәсіпкерліктің өкілдігін құру. Шағын кәсіпкерлікке басқарушылық ықпалын ти-гізу жүйесіндегі пайдаланылатын негізгі реттеу нысандары мына келесідей болып келеді:

- муниципалдық тапсырыс;

- баға деңгейіне ықпал ету;

- несиелеу;

- салықтарды жіктеу және жеңілдік-тер беру;

- кәсіпкерлікті дамытуға қажетті қаржылық қорлар құру;

- кәсіпорындардың басы бос қаражаттарын ерікті түрде белгілі мақсатта бірік-тіру (жиыстыру).

Бұлардан басқа әкімшілік реттеу түр-лері қолданылуы мүмкін:

- негізді, негізсіз тексерулерді шек-теу, прокуратура қадағалауына берді;

- инспекциялау, салықтық және әкім-шілік бақылау;

- айыппұл санкциялары;

- қызметке тыйым салу.

Заңдық реттеу бағытына тоқталсам. Шағын кәсіпкерлікті дамытудың құқықтық базасы ҚР азаматтық кодексі сондай-ақ тағы басқа ҚР Зандары, Заңға сәйкес нормативтік актілері болып табылады.

1-кесте. ҚР кәсіпкерліктің құқықтық базасы (хронологиялық кесте)

Мерзімі

Заңдардың атауы

1

1990 жыл

2 желтоқсан

Қазақ ҚСР-ының «Қазақстан Республикасындағы шаруашылық қызмет еркіндігі және кәсіпкерлікті дамыту туралы» Заңы

2

1990 жыл

15 желтоқсан

Қазақ КСР-інің "Меншік туралы" Заңы Бұл заңға 1993 жылы 9 сәуірде қабылданған Заң арқылы өзгерістер мен толықтырулар енгізілген

3

1991 жыл

13 ақпан

Қазақ КСР-інің "Кәсіпорындар туралы" Заңы. (2 мәрте 1992 жылғы 23 желтоқсанда және 1993 жылғы 14 сәуірде қабылданған Заңдарға сәйкес өзгерістер мен толықтырулар енгізілген болатын

4

1992 жыл

4 шілде

Қазақстан Республикасының "Жеке кәсіпкерлікті қорғау және қолдау туралы" Заң;

5

1994 жыл

12 желтоқсан

Қазақстан Республикасының «Азаматтық кодексі». 16.12.98ж өзгерістер енгізілген

6

1995 жыл

2 мамыр

Қазақстан Республикасы Президентінің "Шаруашылық серіктестігі туралы" заң күші бар Жарлығы

7

1995 жыл

5 қазан

Қазақстан Республикасы Президентінің "Өндірістік кооператив туралы" заң күші бар Жарлығы

8

1997 жыл

19 маусым

Қазақстан Республикасының "Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы" Заңы

9

1997 жыл

19 маусым

Қазақстан Республикасының «Жеке кәсіпкерлер туралы» Заңы (29.11.99 өзгерістер енгізілген)

10

1997 жыл

8 сәуір

«Шағын кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі» ҚР Үкіметінің Қаулысы №499

11

1998 жыл

27 сәуір

"Азаматтар мен заңды тұлғалардың кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне құқығын қорғау туралы" ҚР Президентінің Жарлығы №3928

12

1998 жыл

10 шілде

«ҚР кейбір заңдық актілеріне өзгерістер мен қосымшалар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы №283-1

13

1998 ж.10 шілде

Қазақстан Республикасының "Акционерлік қоғамдар туралы" Заңы

14

1999 жыл

31 наурыз

«Жұмыстардың жеке түрлері және қызмет рыногын дамыту туралы» ҚР Үкіметінің Қаулысы 14.02.2000 ж өзгерістер енгізілген)

15

1999 жыл

29 қараша

ҚР «Шағын кәсіпкерлікті қорғау мәселелері бойынша заңдық актілерге бірсыпыра қосымша өзгерістер енгізу туралы» Заңы №489-1

16

1999 жыл

26 сәуір

«ҚР Агенттігінің шағын бизнесті қолдау мәселелері жөніндегі» ҚР Үкіметінің Қаулысы №475

17

2001 жыл

7 мамыр

«Шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың 2001-2002 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы» ҚР Президентінің Жарлығы

18

2007-2009 жыл

«Кәсіпкерлік қызмет туралы» заң

Елбасының пікірінше, кез келген мәселе бойынша ШОБ субъектілерінің үстінен қылмыстық іс қозғауға тосқауыл қою қажет. Бизнес жұмысын жүргізу ережесін бұзғандарға айыппұл салу тәсілін кеңінен қолдану керек.

ШОБ-тардың шаруашылық жүргізу кезеңіндегі ұсақ түйнек келіспеушілік мәселесін төрелік соттардың қарауына беру керек. Негізінен ШОБ субьектілерін салық органдары тексеруі қажет. Жалпы барлық тексеріс кестесі нақты реттеліп отыруы керек.

Мемлекет басшысы президент әкімшілігіне әрбір кәсіпкер заңға қайшы келетін әрекеттер фактілері бойынша немесе құқық қорғау органдарының тексерісі жөнінде өтініштерін білдіру үшін арнайы интернет-блог ұйымдастыруға тапсырма берді. Ол әкімшілікке, бас прокуратураға және «Нұр Отан» партиясына жолданған әрбір өтініш бойынша шаралардың қабылдану қажет екенін айтты.

Қаржыландыру бағытына келсем, еліміздің экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі ҚР Мемлекеттік комиссиясының шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыру туралы (10.02.2009) шешімін іске асыру мақсатында және ҚР Үкіметінің (13.02.2009) қаулысына сәйкес 2009 жылдың 16 ақпанда «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ 3 млрд. теңге мөлшерінде қаражат бөлді.

Бағдарлама шарттарын республикалық және аймақтық БАҚ-та және Қор сайтында жариялау нәтижесінде, сонымен қатар аймақтық мемлекеттік атқару органдарымен, қоғамдық ұйымдармен және екінші деңгейдегі банктермен өзара әрекеттесу нәтижесінде, өткен жылдың бірінші шілдесінен бастап 300-ге жуық шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері Қорға кеңес сұрап, өтініш білдіріпті. Мамандардың айтуынша, жалпы сомасы 40 млрд. теңгеге дейінгі 143 жобаны қарастыруға өтініш келіп түскен.

Келіп түскен өтініштердің ішінен жалпы сомасы 22 464 млн теңгеге сәйкес келетін 37 жоба, оның ішінде Қордан бірлесіп қаржыландыру шартымен 12 836 млн. теңге мақұлданған.

Өткен жылы «Даму-Қолдау» қор 12 жоба бойынша жалпы сомасы 5 584 млн. теңгеге Қарыз шарттарын кредит желілерін ұсыну туралы келісімдер жасасқан. Оның ішінде Қордан 3 254 612 мың теңге мөлшеріндегі қаржы бірлесіп игерілген.

Қолдағы мәліметтерге қарағанда, 5 жоба бойынша жалпы сомасы 1 853 470 мың теңгеге қарыз берілген. Қалған 1 401 142 мың теңге қаражат қарыз шарттарын несие желілерін ұсыну туралы келісімдерге сәйкес 2010 жылы белгіленген мерзім бойынша берілмекші.

Сондай-ақ, жалпы сомасы 16 880 млн теңгеге сәйкес 25 жобаны қаржыландыру, оның ішінде Қордан бірлесіп қаржыландыру шартымен 9 582 млн. теңгені «Даму» Қоры» АҚ өз қаражаты есебінен қаржыландыруды жоспарлап отыр. Қазіргі уақытта Қордың ішкі регламентіне сәйкес осы жобаларға сараптама жүргізілуде екен, ал 5 жоба бойынша Банктерден алдын ала кепілді хат алынды.

Бұдан басқа ШОБ субъектілерін «Даму-Колдау» қоры арқылы тікелей несиелеу бағдарламасын биыл әрі қарай іске асыру туралы кешенді хабардар ету жұмысы жүргізілуде.

2-кесте. ШОКС жобаларының экономика салалары бойынша құрылымы:

Сала атауы

Жобалар саны

Жобалардың жалпы сомасы

Қор арқылы берілген займның жалпы сомасы

мың. теңге

%

мың. теңге

%

1

Өңдеу өнеркәсібі

12

7 008 009

31,20%

4 382 514

34,14%

2

Тағамдық азықтар шығару

11

3 914 387

17,42%

2 314 612

18,03%

3

Байланыс және телекоммуникация

2

4 950 000

22,04%

1 500 000

11,69%

4

А/ш өнімдерін өңдеу

3

2 000 800

8,91%

1 454 470

11,33%

5

Туризм және қонақүй бизнесі

2

1 557 000

6,93%

975 000

7,60%

6

Автосервис қызметі

3

1 135 601

5,06%

906 480

7,06%

7

Көлік қызметі

1

1 200 000

5,34%

750 000

5,84%

8

Медициналық қызмет

2

498 443

2,22%

453 625

3,53%

9

Білім беру/оқыту қызметі

1

200 000

0,89%

100 000

0,78%

Жиынтығы

37

22 464 240

100%

12 836 701

100%

ШОКС жобаларын іріктеу кезінде басты басымдық әлеуметтік маңызы бар жұмыс орындарын ашатын және аймақ пен қалаларды дамытуды қарастыратын жобаларға жасалады. (2-кесте).

3-кесте. ШОКС жобаларының аймақтар бойынша құрылымы:

Аймақ

Жобалар саны

Жобалардың жалпы сомасы

Қор арқылы берілген займның жалпы сомасы

   

тыс. тенге

%

тыс. тенге

%

1. Алматы облысы

8

9 085 000

40,44%

4 178 730

32,55%

2. ОҚО

4

3 100 000

13,80%

1 900 000

14,80%

3. ШҚО

3

2 784 384

12,39%

1 573 984

12,26%

4. Алматы қ.

2

1 457 000

6,49%

1 150 000

8,96%

5. Қостанай облысы

4

1 228 987

5,47%

815 672

6,35%

6. Астана қ.

2

1 123 581

5,00%

895 480

6,98%

7. Жамбыл облысы

1

750 000

3,34%

750 000

5,84%

8. Қарағанды облысы

3

912 020

4,06%

385 800

3,01%

9. Атырау облысы

1

675 000

3,00%

329 000

2,56%

10. Қызылорда обл.

1

300 000

1,34%

280 000

2,18%

11. Маңғыстау обл.

1

150 000

0,67%

150 000

1,17%

12. СҚО

1

425 800

1,90%

150 000

1,17%

13. БҚО

1

161 325

0,72%

121 000

0,94%

14. Павлодар облысы

2

211 143

0,94%

83 625

0,65%

15. Ақтөбе облысы

2

75 000

0,33%

48 940

0,38%

16. Ақмола облысы

1

25 000

0,11%

24 470

0,19%

Жиынтығы

37

22 464 240

100%

12 836 701

100%

Екінші деңгейдегі банктер кәсіпкерлер қарызға алатын барлық сомаға және барлық мерзіміне сөзсіз және қайтарып алынбайтын кепілдік берулері керек. Қаржыландыру мерзімі: 2016 жылғы қаңтарға, 78 айға дейін инвестициялық мақсатқа және 36 айға дейін айналым капиталын толықтыруға беріледі. Бір қарыз алушыға берілетін лимит: 750 000 000 теңгеге дейін. Негізгі қарызды қайтару бойынша және есептелген сыйақыны кейінге қалдыру бойынша жеңілдік мер-зімі: 12 ай. Қарыз алушы үшін сыйақы мөлшері 12,5%.

«Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау» заңында (2009.20.02 берілген өзгерістер мен толықтыруларымен): «Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау мемлекеттік, салалық (секторальдық) және өңірлік бағдарламалар негізінде жүзеге асырылады және ол шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдауға бағытталған шаралар кешенін білдіреді», - деп көрсетілген.

2010 жылғы 29 қаңтарда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев «Жаңа онжылдық–жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Үкіметке 2010 жылдан бастап өңірлерде кәсіпкерлікті дамыту жөнінде бірыңғай бюджеттік бағдарлама енгізілуін қамтамасыз етуді тапсырамын. Оны “Бизнестің жол картасы - 2020” деп атауды ұсынамын. Бұл бағдарламаның мақсаты өңірлерде кәсіпкерліктің, бәрінен бұрын шағын және орта бизнестің жаңа тобын дамыту есебінен тұрақты жұмыс орындарын ашу болады.

Бұл бағдарлама қаражатын пайдалану мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылуы тиіс:

- несиелер бойынша пайыздық ставкаларды субсидиялау;

- шағын және орта бизнеске несиелерді ішінара кепілдендіру;

- бизнес жүргізуге сервистік қолдау білдіру;

- кадрларды қайта даярлау және біліктілігін арттыру, жастар практикасы және әлеуметтік жұмыс орындары.

“Бизнестің жол картасы - 2020” кәсіпкерлер үшін де, сол секілді банктер мен инвесторлар үшін де шикізаттық емес жобаларды қаржыландыру жөнінен жаңа мүмкіндіктер ашады», - делінген. Бұл негізде Президент тарапынан кәсіпкерлік жоғары дәрежеде тұрғанын көреміз.

Елбасы соңғы жолдауында кәсіпкерлікті тіркеуге, жүргізуге байланысты шығындарды бірінші бес жылдықта 30%-ға қысқартуға тапсырма берді. Кез келген жеке кәсіпті бастау үшін бірнеше мекемеден рұқсат алуы керек. Жұмыс басталмай жатып алынатын төлемдердің өзі үлкен соманы құрайды. Елбасы инвестиция тартуды жүктеді. Егер инвестиция көп мөлшерде тартылса, елімізге жаңа техника мен технологиялар, шетелдік тәжірибе келеді. Бұл шағын кәсіпкерліктің жоғары дәрежеге шығуына үлкен сеп. 2010 жылдан басталатын 5 жылдық жедел индустрияландыру бағдарламасын жүзеге асыру үшін 20 млрд.астам Доллар инвестициялық қаржы керек. Соның 10 миллиарды дайын өнім өндіруге жұмсалмақ.

Қорыта келіп айтсам, кәсіпкерліктің дамуын мемлекет тарапынан қолдау үш бағытта жүргізілуге тиіс: 1) жаңадан құрылған кәсіпорындар мен фирмалардың құрылу және қызмет атқару процестеріне бастапқы кездерде кеңес беріп отыру; 2) осы жаңадан құрылған құрылымдарға белгілі бір мөлшерде қаржылық көмек көрсету немесе салық салу аясында жеңілдіктер беру; 3) қаржы жағынан әлсіздеу кәсіпкерлік құрылымдарға техни-калық, ғылыми-техникалық немесе техно-логиялық көмек көрсету.

ӘДЕБИЕТТЕР

1. 2010 жыл 29 қаңтар ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев «Жаңа онжылдық жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауы.

2. Битемиров Қ.Т. Шағын және орта кәсіпкерліктің құқықтық негіздері. - Алматы, 1998.

3. Серікұлы А. Дайын өнімді шығаруды дамытуымыз керек //«Экономика» газеті, №10 (130) 11-17 наурыз 2010 жыл, 3 бет.

4. Саматқызы С. Кәсіпкерлік экономиканың қозғаушы күші, // «Экономика» газеті, №9 (129) 4-10 наурыз 2010 жыл, 3 бет.



К содержанию номера журнала: Вестник КАСУ №3 - 2010


 © 2024 - Вестник КАСУ