Главная  | О журнале  | Авторы  | Новости  | Конкурсы  | Научные мероприятия  | Вопросы / Ответы

Тиімді электр энергетикасы

К содержанию номера журнала: Вестник КАСУ №3 - 2010

Автор: Кудабаев Асхат Тлеубекович

2009 жылғы 20 сәуірде Астана қаласында «Тиімді электр энергетика – Қазақстанның экономикасын орнықты дамытудың негізі» атты тақырыпқа арналған Қазақстан энергетиктерінің V-ші республикалық кеңесі болып өтті.

Кеңеске қатысушылар өздерінің сөйлеген сөздерінде энергетикалық кәсіпорындардың жай-күйіне қатты алаңдаушылық білдірді.

Нарық жағдайындағы жылу мен электр энергетикасының он жыл ішіндегі жұмысына қарағанда практика барысы көрсеткеніндей, осы кезең ішінде энергетика объектілерінің жабдықтарын толығымен жаңғырту және қайта құру жүргізілмеді, жаңа энергетикалық қуаттар іске қосылмады, көптеген мамандандырылған жөндеу, құрылыс-монтаж кәсіпорындары тарап кетті және біліктілігін жоғалтты, энергетикаға арнап инженерлік және жұмысшы кадрларды жүйелі дайындау жоқтың қасы, ғылыми әлеует қажет болмай қалды. Мына факторлар айтылғандарға растау негізі болып табылады:

- барлық қолданыстағы станциялардың негізгі өзекті мәселелері негізгі қорлардың моралдық және табиғи тозуы (50-80 пайыз) болып табылады;

- энергетика жүйесіндегі маңызды звено өңірлік электр тораптары болып табылады, олардың іс жүзіндегі нормативтік қызмет ету мерзімі толығымен және моралдық жағынан ғана емес, табиғи жағынан да тозып (65 пайыз астамы) бітті. Электр тораптарын күрделі жөндеу есе-бінен қалыпты жұмыс жағдайында одан әрі ұстау барынша мейлінше өзекті әрі іс жүзінде мүмкін болмайтын мәселе болып отыр;

- электр тораптарын, таратушы электр және жылу тораптарын қайта құрудың қанағаттанғысыз қарқыны өндіруші қуаттарды (ағымдағы жылдың басына 18992,7 МВт белгіленген қуат жағдайында қуаттың болуы 14558 МВт, сол сияқты қуаттың ысырабы – 4435 МВт құрайды немесе барлық белгіленген қуаттың 23 пайыз) апаттық істен шығаруға әкеп соғады;

- энергетиканың өндірістік-технологиялық инфрақұрылымның өндірістік және кадр әлеуеті айтарлықтай жойылды;

- энергетикалық қауіпсіздік, энергетикалық тәуелділік пен еліміздің өмір тіршілігін қамтамасыз етудің негізгі қағидаттары бұзылады.

Қолданыстағы энергетика өте-мөте қанағаттанғысыз техникалық жағдайда тұр. Теңгерімділік пен үйлесімділік жұмыстары ешқашан жоғары ұйымшылдықпен, шоғырландыра отырып жүргізілмеді, саланың тиімділігі мен жеткілікті дамуы жойылды.

Кеңеске қатысушылар осындай жағдайдың себептерінің бірі ретінде өткен он жыл ішінде энергетикадағы тарифтерді мемлекеттің ұстап тұрғандығы болып табылатынын атап өтті әрі сала табиғи тозу жағдайында жұмыс істеді. Қолданыстағы қуаттар ресурстарды шапшаң өндіреді және ауыстыруды қажет етеді. Энергиямен сенімді және қалыпты жабдықтау мәселелері жөніндегі ұстанымның жойылуымен қатар қуат пен электр энергиясының айтарлықтай тапшылығы белгіленді.

Ұзақ уақыт бойы бір министрлікте электр энергетикасы және минералдық ресурстар сияқты ірі көлемдегі салаларды қоса атқару тиімді басқаруды қамтамасыз ете алмау фактісі болып табылады.

Қазақстанда өндіруші қуаттардың тапшылығы қазіргі таңдағы әлеуетті ғана емес, шын мәніндегі қауіп болып табылады. Сала қажетті резервтерсіз жұмыс істеп келеді. Қолданыстағы қуаттар тиісінше перспективалық энергетикалық жүктемелерді жабуды қамтамасыз ете алмайды – жаңа электр станцияларын салу және қолданыстағыларын жаңғырту қажет.

Өндіруші жабдықтың істен шығуы, электр жеткізу желілерін пайдаланудың нормативтік мерзімінің асып кетуі, жабдықтардың қанағаттанғысыз техникалық жай-күйі – бүгінгі Қазақстан энергетикасындағы шынайы ақиқат.

Электр энергетикасы экономикада нағыз қайта құрылған салалардың бірі болып табылғанына қарамастан бүгінгі күні онда дағдарыстық жағдай қалыптасты.

Электр энергиясы құнының төмен болуы (әлемдегі ең төменгілердің біреуі) экономиканы дамыту кезеңінде отандық өнеркәсіпті қолдауға, бірқатар әлеуметтік мәселелерді шешуге мүмкіндік берді. Енді Қазақстан энергетикасының өзі қолдауды қажет етеді.

Электр тұтынудың өсуін, энергетикалық қауіпсіздік пен Қазақстан БЭЖ-нің сенімді жұмысын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметі 2007 жылғы 31 мамырда «2007-2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы электр энергетикалық саласын дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспарын» бекітті.

Іс-шаралар жоспары мыналарды көздеген іс-шаралар құжаты болып табылады:

- 2007-2015 жылдарға арналған электр энергиясының болжамдық теңгерімін әзірлеу;

- қайта құруға, жаңғырту мен кеңейтуге жататын электр энергетикасы объектілерінің, сондай-ақ жаңа энергетикалық объектілері құрылысының тізбесін жасау;

- саланың инвестициялық тартымдылығын арттыру;

- электр энергиясын өндіруге, тасымалдау мен жеткізуге арнап болжамдық бағалар деңгейін әзірлеу;

- энергия үнемдейтін технологиялар мен энергия ресурстарын ұтымды пайдалануға көмек жасау.Қайта жандандырылатын энергия көздерін дамыту және еліміздің энергия теңгеріміне тарту;

- атом энергетикасын дамытудың негіздері жасау мен негізгі бағыттарын анықтау;

2015 жылға дейінгі кезеңге әзірленген жоспарға сәйкес жалпы қуаты 8164 МВт жаңа өндіруші қуаттарды іске қосу, оның ішінде жаңаларын салу есебінен – 5456 МВт және қолданыстағы электр станцияларын кеңейту – 2708 МВт, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ҰЭТ-ды дамыту жөніндегі жобаларды іске асыру және ӨЭК электр тораптарын оңалту жорамалданып отыр.

Іс-шаралар жоспарына енген Қазақстанның электр энергетикалық саласын дамыту жөніндегі жобалар қатарынан Үкімет серпінді жобаларды, оның ішінде өндіруді дамыту жөніндегі жобаларды анықтады:

- Балқаш ТЭС құрылысы, қуаты 2640 МВт;

- Екібастұз ГРЭС-2 құрылысы, қуаты 1050 МВт;

- Мойнақ ГЭС құрылысы, қуаты 300 МВт;

- Кербұлақ ГЭС құрылысы, қуаты 50 МВт.

Іс-шаралар жоспарына сәйкес жаңа электр станцияларын іске қосу қарастырылған:

1) Қарағанды ТЭЦ-4 қуаттылығы 360 МВт;

2) Астана қаласындағы ЖЭО-3 – 240 МВт;

3) Ертіс өзеніндегі Бұлақ ГЭС – 68 МВт.

Бұған басқа, 2708 МВт жаңа өндіруші қуаттардың іске қосылуына орай қолданыстағы электр станцияларын кеңей-ту жоспарлануда, оның ішінде:

а) Астана қаласы, ЖЭО-2 г. – 240 МВт;

б) Алматы қаласы, ЖЭО-2 – 240 МВт.

Қазіргі таңда «KEGOC» компаниясы іске асырып жатқан Қазақстанның ҰЭТ-ты дамыту жобасы – Солтүстік-Оңтүстік транзитінің екінші 500 кВ ӘЖ салудың маңыздылығын ерекше атап өткен жөн, ол еліміздің оңтүстік өңіріндегі электр энергиясы мен қуатының тапшылығын жабуға, Солтүстік-Оңтүстік транзитінің өткізу қабілетін арттыруға, Қазақстанның ҰЭТ транзиттік әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді. Жобаның аяқталуы – 2009 жыл.

Алдағы перспективада республика үшін стратегиялық маңызы бар Қазақстанның ҰЭТ бойынша тағы үш жобаны іске асыру жоспарланып отыр:

- Ұлттық электр торабын жаңғыртудың екінші кезеңі. Жоба жұмыстарының көлеміне ҰЭТ жаңғыртудың бірінші кезеңіне қамтылмаған қосалқы станциялар мен жабдықтар кіреді. Жобаны іске асыру мерзімі – 2008-2017 жылдар;

- «Мойнақ ГЭС қуатын беру туралы» жобасы. Іске асыру мерзімі -2011 жыл;

- кернеуі 500, 220 кВ желілерді Қазақстанның ҰЭТ-на жалғай отырып Алма ҚС-ны салу. Іске асыру мерзімі – 2008-2014 жылдар. Жобаны іске асыру Алматы қаласы мен Алматы облысын сенімді энергиямен жабдықтаумен қамтамасыз етуге, сондай-ақ Балқаш ТЭС (1320 МВт) құрылысына жоспарланып отырған бірінші кезектің қуатын беруді қамтамасыз етуге арналды.

2015 жылға дейінгі кезеңде Қазақстанда ресурсін өтеген негізгі жабдықты: қуаттылығы 3265 МВт 66 турбоагрегатты, 60 қазандық агрегатты ауыстыра отырып, ЖЭО жаңғырту мен қайта құруды, сондай-ақ станциялар мен өңірлік электр тораптарында күрделі жөндеудің ауқымды көлемін жүзеге асыруға тура келеді.

Белгіленген іс-шараларды іске асыру үшін (жылу тораптарындағы инвестицияларды есепке ала отырып) электр энергетикалық салаға 2015 жылға дейін кемінде 2,8 триллион теңге (ұлттық валютаның құнсыздануын есепке алмағанда) көлемінде инвестиция қажет, оның ішінде:

а) өндіріс секторына салынатын инвестицияның қажетті көлемі – 1,55 триллион теңге;

б) Ұлттық Электр Торабын дамытуға – шамамен 200 миллиард теңге;

в) тарату тораптарын жаңғырту мен дамытуға – 963 миллиард теңге.

Осылайша, қазіргі таңда электр энергетикасы саласына инвестиция тарту проблемасы туындап отыр. Электр энергиясы мен оны жеткізу, тарату жөніндегі қызметтер тарифтеріне бағаның қазіргі деңгейі әлеуетті инвесторлар үшін тиімді жағдайда шығынның орнын толтыру мен пайданың қолайлы нормасын қамтамасыз етпей отыр.

Кеңеске қатысушылар Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің энергия өндіретін станциялар үшін электр энергиясына баға белгілеудің жаңа тетігін енгізу туралы қабылдаған шешімін қажет шешім деп атап өтті және толығымен қуаттайды. Бұл шара энергетика компанияларының инвестициялық тартымдылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар кеңеске қатысушылар қазіргі қалыптасқан жағдайда энергетика саласына басымдық берілетінін атап өтті. Энергиямен қамтамасыз етуге қарқын беретін дамыған энергетикасыз ел экономикасының тұтастай дамуын сөз ету мүмкін емес.

Кеңеске қатысушылар энергия үнемдеу мен жаңғыратын энергия көздерін пайдалану мәселелеріне көңіл бөлді.

Энергияны тиімді пайдалану энергия ресурстарының қорларын пайдалану мерзімін ұзартуға мүмкіндік беретін ең тез, арзан әрі таза тәсіл болып табылады. Қазақстан Республикасы пайдалы қазбалардың (көмір, мұнай, газ, уран) энергия ресурстарының елеулі әлеуеті бар ел болып табылады, қазіргі таңда бұрынғы кеңестік кеңістікте энергия үнемдеу саласында соңғы орынды иеленеді. Бұл энергия үнемдеуді мемлекеттік реттеуге баса көңіл бөлмемен байланысты болып отыр.

Өткен жүзжылдықтың 70-жылдары индустриялық дамыған елдердің дағдарыстан шығу тәжірибесі энергия үнемдеу саласында бірқатар маңызды міндеттерді шешу және энергия үнемдеуді, әсіресе материалдық өндіріс саласында энергия пайдалануды ғылыми және техникалық негізделген азайтуға бағытталған жобалар кешенін жүзеге асырудың үздіксіз процесіне айналдыру қажеттілігін көрсетті. Шаруашылық қызметке энергия тұтынушылықтың өсуіне байланысты энергия үнемдеу проблемасы ресурстық, саяси және экономикалық маңызға ие болды. Елдің халықаралық беделін бағалау, оның ішінде инвестициялық климатты бағалау критерийлерінің бірі болып отыр.

Қазіргі таңда Қазақстанда жылу, электр энергиясы бойынша 30-35 пайыз энергия үнемдеудің елеулі әлеуеті бар. Энергия үнемдеу әлеуетін іске асыру үшін мынадай негізгі бағыттар бойынша тұтас кешенді орындау қажет:

Тұтыну саласында энергия үнемдеу (көлікте, өнеркәсіпте, тұрғын үй-коммуналдық кешенде, құрылыс салу кешенінде, тұтыну нарығында және қызмет көрсету саласында энергия үнемдеуді қоса алғанда, экономиканың барлық саласын қамтиды).

Энергия ресурстарын өндіру мен таратуда энергия үнемдеу. Сонымен қатар "бip жол бар — алыс, алыс болса да жақын" дегендей, еліміздегі алда болуы мүмкін электр қуатының тапшылығын түбегейлі жоюдың ең бip тиiмдi де сенімді жолы сол қуат кезін үнемдеуге жету болып табылады. Дамыған елдердің барлығы міне, осындай жолмен жүріп келеді. Мәселен, Қазақстанда жалпы ішкі өнімнің 1 долларын өндіруге 2,8 киловатт-сағат жұмсалатын болса, Ұлыбритания, Герма-ния, Италия, Жапония секілді елдерде бұл көрсеткіш 0,22,-0,3; АҚШ, Франция, Туркия, Кореяда - 0,4-0,6; Канада мен Қытайда - 0.8-1,2 киловатт - сағатты құрайды. Сөйтіп біз ЖІӨ-нің 1 долларына электр қуатының жұмсалу деңгейі бойынша кейбір индустриялды дамыған елдерден 7-10 еседен астам артық шығын жұмсап отырмыз.

Мұның себебі, дамыған елдерде ресурс үнемдегіш технологиялар пайдаланылатын және олар заман ағымына сай жаңартылып отыратын болса, біз көп жағдайда кезіндегі Кеңес одағынан калған құралжабдыктарды әлі күнге пайдаланып келеміз. Соның салдарынан бірқатар салаларда негізгі құралдардың тозуы 50 пайызға жетіп отыр. Соның ішінде машиналар мен жабдықтар, өндіріс құралдары саласында тозу көп. Міне, осылардың барлығы электр энергетикасы кәсіпорындарына түсетін жүктеме салмағын ауырлата беретіні анық.

Әрине, тұтас өнеркәсіптік салалардағы технологиялық үрдістерді жаңарту дегеніміз оңай міндет емес. Оған бір ғана электр және жылу энергетикасы таяудағы уақыттары қажет етіп отырған жоғарыдағы 6 миллиард доллардан әлдеқайда көп қаржы қажет. Демек, электр энергетикасын тиімді дамытудың перспективалы жолы дегеніміз, ол біздің тұтас экономикамызды жаңаша даму үрдістеріне түcipy деген сөз. Өйткені жоғарыда айтылып кеткендей, электр қуатын пайдаланбайтын сала жоқ.

Елімізде электр қуатын үнемдегіш технологияларды енгізуде табысқа жетіп отырған салалар да бар. Олар — мұнай мен газ секторы. Осы салаға құйылған батыстық мемлекеттердің инвестицияларымен бірге олардың ресурс үнемдегіш технологиялары да келді. Соның нәтижесінде еліміздегі негізгі құралдарды жаңарту коэффиценті 1999 жылы - 8 пайызды, 2000 жылы 13,8 пайызды құраған болатын. Осы үрдіс жылдан жылға жалғаса түсуде. Енді осыны басқа салаларға да жұғысты ету қажет.

Қазіргі қалыптасқан жағдайды ескере отырып, Қазақстанда энергия үнемдеу мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық базаны құру мен әзірлеу жөнінде жұмыс істеу керек. 1997 жылдан бастап қолданыстағы «Энергия үнемдеу туралы» Заң декларативтік болып табылады және көптеген заңға тәуелді актілер әзірленбегендіктен орындалмай отыр. Заңда әлеуметтік бағыт көзделмеген, бұл энергия үнемдеу проблемасына тек ірі өндірушілер мен энергия тұтынушыларды ғана емес, сонымен қатар барлық қоғамдық тапты тартуды қамтамасыз етпейді.

Бұдан басқа, энергия үнемдеу саласында нормативтік және құқықтық құжаттардың, техникалық регламенттердің, стандарттардың, талаптардың, жаңадан салынатын құрылыстарға, қайта құруға, күрделі жөндеуге арналған энергия тиімділігінің өлшемдері жөніндегі нормативтердің, сондай-ақ тұтынушылар мен өнім түрлеріне арналған пайдалану нормаларының тізбесін қалыптастыру қажет. Осының негізінде «Энергия үнемдеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жаңа редакциясын дайындау қажет.

Мемлекеттік техникалық саясат басымдықтарының бірі жаңғыратын энергия көздерін пайдалануға негізделген энергетиканы еңгізу мен дамыту болып табылады. Қазақстан гидроэнергия, жел, күн энергиясы, биомасса түріндегі жаңғыратын энергияның елеулі ресурстарына бай ел. Бұл ресурстар қазіргі уақытта дейін қолданылмай келді. Бұған негізгі себеп қазбалы отын-энергетика ресурстарының бай қоры, ЖЭК қолдау мен дамыту жөнінде мемлекеттік саясат пен заңнамалық базаның жоқтығы болып табылады.

Қалыптасқан электр энергиясы нарығы жағдайында Қазақстанның жел энергетикасы ресурстары іс жүзінде игерілмей отыр. Мұның негізгі себебі электр энергиясы нарығында жел энергетикасының бәсекеге қабілетті еместігі болып табылады. Инвестицияның орнын толтыруды есепке алғанда, ЖЭК-дан өндірілетін электр энергиясының құны шамамен 8-10 тг/кВтс құрайды. Энергия өндіретін ұйымдардың шиналарындағы электр энергиясының құны қазіргі таңда 2-4,5 тг/кВтс құрап отыр. 2015 жылдарға қарай дәстүрлі электр энергиясын өндіретін ұйымдарда электр энергиясының құны Оңтүстік аймақта-5,5 тг/кВтс, Батыс аймақта – 5-6 тг/ кВтс, Ақмола облысында – 5,5-7,9 тг/кВтс, Қарағанды облысында – 6-7 тг/кВтс құрауы мүмкін. Салынған инвестицияны қайтарып алғаннан кейін жел энергетикасының электр энергиясы нарығында бәсекеге қабілетті бола алатынын атап өту керек.

Электр энергиясы мен өндірілетін қуатқа сұраныстың артуына байланысты тарифтер өседі және алдағы перспективада алыс өңірлер үшін 7-10 теңге/кВтс құрауы мүмкін. Осылайша, жел энергетикасын пайдалану қазіргі таңның өзінде сенімді орталықтандырылған электрмен жабдықталмаған немесе оған қосылмаған шағын елді мекендерді энергиямен жабдықтауға, яғни республиканың алыс жатқан ауыл аймақтарын электрмен жабдықтауды жекелеп орталықсыздандыруға экономикалық негіз болып табылады.

2008 жылы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі 2024 жылға дейінгі перспективамен 2015 жылға дейін жел энергетикасын дамытудың Ұлттық Бағдарламасының жобасын дайындады.

Бағдарламаның мақсаты Қазақстанның жел энергетикасы әлеуетін 2015 жылға қарай жылына 900 миллион кВтс көлемінде және 2024 жылға қарай 5 миллиард кВтс көлемінде электр энергиясын өндіруге пайдалану болып табылады.

Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі «Жаңғыратын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» Заң жобасын әзірледі, қазір жоба Қазақстан Республикасы Парламентінің қарауында жатыр. Бұл Заң Қазақстанда жаңғыратын энергия көздерін пайдалануды дамытудың құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық негізін анықтауға тиіс.

ЖЭК пайдалану жөніндегі заңнамалық база осы саладағы мемлекеттік техникалық саясаттың қуатты құралы болуы тиіс.

Соңғы он жылдың ішінде біздің қоғамда Қазақстанда атом энергетикасы керек пе жоқ па деген пікірталас жүргізіліп жатыр. Қоғамда бұл мәселеге әртүрлі көзқарас бар. Осы мәселе туралы пікірталас пен түрлі көзқарастар аясында білікті мамандардың, ғалымдардың аргументтелген көзқарасы қалыптаспаған.

Қазақстан уранның барланған қорына бай, уран кен орындары өндіріліп жатыр. Бұл ретте өндірілген кенорындары, мысалы жұмыс істеп тұрған атом станциясына қарағанда қоршаған ортаға елеулі теріс әсер етеді. Халықаралық ұйымдар мен мамандардың пікірі бойынша атом энергетикасы планетада климаттың өзгеру проблемасының балама шешімі болып табылады. Атом станциясы іс жүзінде бу газдарын шығармайды. Атом станциясының жалғыз проблемасы – бұл радиоактивтік қалдықтарды қайта өңдеу мәселесін шешу. Шетелдік тәжірибе бұл проблеманың шешілетінін көрсетті. Басқа елдердің тәжірибесі туралы айтатын болсақ, Жапонияның Хиросима мен Нагасаки аралдарының тәжірибесін алуға болады. Қазіргі таңда бұл елде шамамен 50 атом станциясы бар. Қазақстанға Жапонияның бұл көрсеткішіне жету үшін бірнеше ондаған жыл қажет.

Сондықтан Қазақстанда атом энергетикасының қолайлылығын бағалау кезінде саясатқа, эмоция мен популизмге мән бермей, ғылыми, кәсіби және тәжірибелік аргументті негізге алу керек. Атом станциясын ядролық полигонмен шатастыруға болмайды. Қазақстанда атом энергетикасын дамытудың келешегі пен перспективасы бар.

Энергетика саласын дағдарыстан шығару және орнықты дамуды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар кешенін орындау қажеттілігі мен болған ахуалды ескере отырып, мәжіліске қатысушылар ұсынады.

Электр энергетикасы саласын басқару тиімділігін арттыру мәселелері қаралсын. Мұндай жолдардың бірі электр энергетикасы саласында барлық мемлекеттік функцияларды бір дербес мемлекеттік органға институционалдық бекіту болып табылады.

«Қазақстан Республикасының экономикасын индустриалды-инновациялық дамытудың 2007-2015 жылдарға арналған бағдарламасына» және «Электр энергетикасы саласын дамыту жөніндегі 2007-2015 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына» сәйкес Бюджеттік, Салықтық, Кедендік кодекстерге және «Жергілікті мемлекеттік басқару туралы», «Электр энергиясы туралы», «Инвестициялар туралы», «Табиғи монополиялар туралы» ҚР Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жолымен электр энергетикасы саласының инвестициялық тартымдылығын арттыру үшін ынталандыру шарттары қамтамасыз етілсін.

Электр энергиясы нарығында тариф белгілеуді жетілдіруге, энергия кәсіпорындарының қызметкерлеріне жалақы төлеуді еріксіз шектеуді болдырмауға, қосылған қуат үшін төлемді алып тастауға байланысты электр желілерін дамыту үшін қаржыландыру көздерін анықтау, нарық субъектілеріне реактивтік қуатты компенсациялау құрылғысын орнатуды міндеттейтін әдістеме әзірлеу бөлігінде энергетикалық компаниялардың ұсыныстарын есепке ала отырып, «Электр энергетикасы мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасы нормативтік-құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы дайындалсын.

Жылумен жабдықтауға және жылу тораптарына, жылу нарығының құрылымы мен қызметіне, жұмыс режимі топтастырылған станциялардың орны мен рөліне байланысты қатынастар заңды түрде реттелсін. Электр және жылу энергиясының өндірісі топтастырылған станциялар үшін тарифтерді есептеу әдістемесін түзету жөніндегі ұсыныстар дайындау бойынша жұмыс тобы құрылсын.

Мемлекеттің, энергетика субъектілерін және қызметті тұтынушылардың қатынасын құқықтық реттеуді жетілдіру мақсатында қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін. Мемлекеттік энергия қадағалау комитеті жанында тұрақты жұмыс істейтін нормативтік-құқықтық құжаттама мәселелері жөніндегі техникалық кеңес құрылсын. Электр жабдығын пайдалану және жөндеу кезіндегі шикізат пен материалдардың шығыс нормативтерін, энергия кәсіпорындарының персоналы санының, соның ішінде энергиямен жабдықтайтын ұйымдар үшін арналған нормативтерін қоса алғанда Қазақстан Республикасы барлық аумағындағы барлық электр энергетикасының субъектілері қолдануы үшін бірыңғай болып табылатын нормативтік-техникалық құжаттама әзірлеу қамтамасыз етілсін.

Түзетілген «Электр энергетикасы саласын дамыту жөніндегі 2007-2015 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары» Қазақстан Республикасын дағдарыстан шығару бойынша басым (дағдарысқа қарсы) жоспар деп жариялансын.

Аталған Жоспарды қаржыландыру республикалық бюджет, Ұлттық қор, «Самұрық-Қазына» ӘҚ, басқа да көздердің қаражатынан қамтамасыз етілсін, отандық және шетел инвесторларын тарту, мемлекеттік кепілдемелер мен кепілдіктердің барлық қажетті көлемін ұсыну қамтамасыз етілсін.

Білікті кадрларды сақтау мақсатында энергетикалық кәсіпорын қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің қажетті деңгейін қамтамасыз ету туралы өтініш жасалсын.

Энергетиканың отандық сервистік инфрақұрылымын дамытуды ынталандыру мақсатында энергетикалық объектілердің негізгі қорларын жөндеу жөніндегі мердігерлік жұмыстарға деген бастаушылық өткізілетін тендерлердің шарттарына осы талаптарды енгізу жолымен білікті мамандандырылған жөндеу кәсіпорындарына берілсін.

Энергетикадағы ғылымның рөлін арттыру және дамыту мақсатында бар институттар базасында акционерлік қоғам нысанында электр энергетикасының ғылыми-зерттеу орталығы құрылсын.

Электр энергетикалық компаниялар Қазақстан Республикасы Еңбек кодекстеріне сәйкес шарт негізінде өз қажеттіліктері үшін инженерлік және жұмысшы кадрларды дайындауды қамтамасыз етсін. Жуық арадағы 5 жылға Қазақстандағы жел энергетикасы мен жел энергия құрылысты дамытудың нақты жоспарлары әзірленсін.

Қоғамның барлық саласында бұдан әрі іске асыру үшін «Энергия үнемдеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жаңа редакциясы қабылдансын. Энергия үнемдеудің мемлекеттік басқару жүйесі анықталсын.

ӘДЕБИЕТТЕР

1. Әліпбай С. Электр энергетикасы: бүгіні мен болашағы [Мәтін] // Егемен Қазақстан. - 2007. - 30 мамыр. - Б. 4.

2. Бердалиев К.Б. Қазақстан экономикасын басқару негіздері:оқу құралы. - Алматы: «Экономика», 2001. - 127 бет.

3. http://www.Kegoc.kz (“KEGOC” АҚ ресми сайты).

4. http://www.expert.kz/ (“Энергетик KZ” журналы, “Шығыс Қазақстан энергетикалық газеті”).



К содержанию номера журнала: Вестник КАСУ №3 - 2010


 © 2024 - Вестник КАСУ