Главная  | О журнале  | Авторы  | Новости  | Конкурсы  | Вопросы / Ответы

К содержанию номера журнала: Вестник КАСУ №3 - 2010

Автор: Суйеубаева С.Н.

Қарыз алушының несиелік қабілеттілігі бұл – қарыз алушының алған ссудасы бойынша қарызды уақтылы және толық көлемде қайтару қабілеттігін бағалаумен сипатталады. Несиені қайтара алмау тәуекелі көптеген факторлардың әсерінен болуы мүмкін, сондықтан да, банк клиентке несие беруге шешім қабылдаудан бұрын оның несиелік қабілеттілігін талдайды. Бұл көрсеткіш банктің өтімділігіне ықпал етеді.

Қарыз алушының несиелік қабілеттілігіне талдау жасау барысында мынадай факторлар есепке алынады.

1) Ссудаға қатысты қабілеттілігі. Қарыз алушыға ссуданы бере отырып, қарыз алушының атынан шығатын тұлғаның құқықтық қуатын анықтайтын Жарғысы және нұсқауымен танысуға тиіс.

2) Қарыз алушының іскерлік беделі. Несиелік мәмілеге тиісті беделі деп – қарыз алушының қарызды қайтаруға дайындығын ғана түсінбейді, сондай-ақ келісім-шартқа байланысты барлық міндеттемелерді орындауы түсіндіріледі.

3) Табыс алу қабілеті. Банк қарыз алушының ссуданы қайтаруға жеткілікті қаражатты табу қабілетіне баға беруі қажет [1, 35 б.].

Қарыз алушының табыс алу қабілеттілігін анықтау барысында сату көлеміне, баға шығындарына, шығыстарға әсер ететін факторлар есепке алынады. Бұл факторларға: қарыз алушы кәсіпорынның орналасқан жері, оның тауарлары мен қызметтерінің сапасы, шикізат құны, қызметкерлерінің біліктілігі жатады. Несиелеудегі шетелдік тәжірибеде бұл факторларға қоса жарнамалау тиімділігі, бәсеке сияқты факторлар ескеріледі.

Несиелік операциялардың табыстылығының артуы несиелік тәуекелді бағалаудың сапасымен тікелей байланысты. Клиенттердің тәуекелділік топтары бойынша жіктелуіне байланысты банк несиені беру, несие шегін анықтау және проценттерді белгілеу туралы шешім қабылдайды.

Қазіргі уақытта еліміздің несие нарығы жоғары қарқынмен дамып, кемелдену дәрежесіне жетті деуге болады. Несие нарығының дамуының бірден бір себебі – депозиттерді сақтандыру жүйесінің құрылуы болып табылады. Бұл жүйенің қалыптасуы халықтың банк жүйесіне деген сенімін арттыра түсіп, банк қарамағында қаржы ресурстарының шоғырлануына ықпал етті. Ал, банктер өз кезегінде осы ресурстарды тиімді орналастыру мақсатымен тұтыну несиесі нарығында белсенді саясат жүргізе бастады. Банктердің дәл осы нарықты таңдауы бірқатар себептермен түсіндіріледі:

- біріншіден, бұл әлде де болса, кең көлемді нарық. Мұнда бәріне де орын бар;

- екіншіден, жеке тұлғалар банктің саясатына, оның қаржылық өнеркәсіптік топтарға кіруіне баса назар аудармайды. Жеке тұлғалар үшін банктің жарнамасы мен несиені рәсімдеудің жылдамдығы, жеделдігі маңыздырақ;

- үшіншіден, қарыз алушы жеке тұлғалар корпоративті клиенттерге қарағанда жоғары пайыздық мөлшерлемені төлеуге дайын. Бұл мәселе жеке тұлғаның қарызға алған сомасының абсолютті мөлшеріне байланысты. Себебі, жеке тұлғалар корпоративті клиенттерге қарағанда аз көлемде несие алады, ал бұл кезде несие бойынша төленетін сыйақы қарыз алушыға айтарлықтай әсер етпейді;

- төртіншіден, тұтыну несиесінің тәуекелі корпоративті несиеге қарағанда төмен. Себебі, тұтыну несиесінің есебінен қалыптасқан несиелік қоржынның диверсификациялану дәрежесі жоғары болады;

- бесіншіден, тұтыну несиесі тек қана банктер емес, сонымен қатар банктердің клиенттері болып табылатын сауда ұйымдарына да тиімді [1, 37 б.].

Алайда, тұтыну несиесіне тән негізгі кемшілік – тұтыну несиесінің шағын көлеміне байланысты. Егер корпоративті несиені бір дана ретіндегі жұмыспен салыстырса, тұтыну несиесі жаппай түрде берілуі қажет және бұл жағдайда несиелік арызды қарастыру мен қабылдау қағидаларын түбегейлі қайта қарастыру қажет.

Шетел банктерінің тәжірибесінде жеке тұлғаның несиелік қабілеттілігін анықтаудың өзара байланысты екі әдісі қолданылады. Біріншісі (логикалық), болжамды эксперттік бағалауға сүйенеді және потенциалды қарыз алушының қаржылық жағдайы мен жеке қасиеттерін талдауды көздейді. Эксперттік бағалау бір көрсеткіштердің басқа көрсеткіштер алдындағы басымдылығын сипаттайды. Қолда бар ақпарат негізінде банк маманы тапсырыс берушінің «жалпы бейнесін» құруға тырысады және оны несиелік тәуекелі әртүрлі қарыз алушылардың «стандартты бейнелерімен» салыстырады. Логикалық әдіс потенциалды клиенттердің несиелік тарихын ашып көрсететін мониторинг жүйесінің дамуымен күшейе түседі. Осы мақсатпен көптеген экономикалық дамыған елдердің банктері потенциалды қарыз алушылардың қаржылық және мүліктік жағдайы туралы ақпаратты жинақтайтын несиелік бюроның ақпараттық қызметтерін пайдаланады. Осылайша, АҚШ-та 2000-нан аса жеке меншік ұйымдар, бұрын несие алған жеке тұлғалар жайлы мәліметтерге ие.

Банктердің кәсіпорындармен және ұйымдармен жүргізетін операцияларындағы тәуекелділікті анықтаудың негізгі құралдарының бірі - қарыз алушының банк алдындағы міндеттемелерін адал түрде орындау туралы ақпаратты анықтап көрсететін жүйені (несиелік бюро) қалыптастыру болып табылады. Несие бюролары несиелік ұйымдар мен олардың клиенттерінің мүдделеріне қызмет атқаратындай етіп, тәуелсіз құрылымдар ретінде қалыптасуы мүмкін.

Әлемнің көптеген елдерінде кредиторлар үнемі қарыз алушының төлем қабілеттілігі туралы ақпаратпен несиелік бюро арқылы тұрақты түрде алмасып отырады. Қаржылық емес сектордағы жағдайдың нашарлауы тәуекелдерді бағалау мен қарыз алушыларды таңдау мүмкіндігін күрделендіреді, пайыздық мөлшерлемелер өсіп, мықты және ірі қарыз алушыларды нарықтан кетуге мәжбүр етеді. Ал, қаржылық жағдайы тұрақсыз клиенттер жоғары мөлшерде ақы төлеуге даяр болады, себебі олар ссуданы қайтармауы да мүмкін. Мұның нәтижесі ретінде тәуекелді несиелік саясат пен кредиторлардың қаржылық тұрақтылығына қауіп төндіруі мүмкін, немесе нарықта сенімді қарыз алушылардың бар болуына қарамастан, ссудаларды беруді шектеуі мүмкін. Бұл нақты сектордың да, қаржы секторының да жағдайына кері әсер етеді.

Шетелдік тәжірибеден көріп отырғанымыздай, бұл проблемалардың шешілуі, кредиторлар арасында қарыз алушылар туралы ақпаратпен алмасу мақсатымен құрылған, несиелік бюролардың қызметімен тығыз байланысты.

Несиелік бюро кредиторлар есебінен құрылуы және басқарылуы мүмкін немесе тәуелсіз түрде құрылып қызмет атқаруы мүмкін. Несие бюросы ол ақпараттарды басқа көздерден (сот, мемлекеттік тіркеу және салық органдары т.б.) алынған мәліметтермен сәйкестігін тексеріп, әрбір қарыз алушыға жеке картотека қалыптастырады. Кредиторлардың несиелік бюродан кез келген уақытта потенциалды қарыз алушылардың несиелік операциялары туралы есепті алуға мүмкіндігі бар. Басқа сөзбен айтқанда, несиелік бюролардың қызметі, бюро мен кредиторлар арасында қабылданатын келісімді бекітілетін, өзара айырбас принципіне негізделген.

Қазақстан, басқа да дамушы нарықтық елдер сияқты қаржылық делдалдық саласында ақпараттардың қарама-қайшылығының әсерін сезінеді. Мұнай ақпараттардың басым болуы банктік тәуекелдерді басқаруды күрделендіре түседі.

Сондықтан қарыз алушының несиелік қабілеттілігін дұрыс бағалауға мүмкіндік беретін. Несиелік бюроны құру – күн тәртібінде тұрған басты мәселелердің бірі болып табылады [2, 32-34 б.].

Несиелік бюрода мәліметтердің келесідей түрлері болуы мүмкін:

- әлеуметтік - демографиялық сипаттамалар;

- Сот шешімдері (несие бойынша қарыздарды талап ету туралы істі берген жағдайда);

- банкроттық туралы ақпараттар;

- несиелік ұйымдардан «сен-маған, мен-саған» қағидасы бойынша жеке қарыз алушылар туралы мәліметтер, яғни банк басқа банктердің клиенттері туралы ақпарат алады, бірақ егер өзі сондай ақпарат берсе.

Клиентке несиелік бюродағы өз қаражаттарының жағдайы туралы ақпаратты тексеруге құқық беріледі және қателер болған жағдайда оны түзету үшін айту керек. Бюрода сақталатын ақпараттың көлемі мен сипаты әр мемлекеттің заңымен реттеледі.

Жеке қарыз алушылардың несиелік қабілеттілігін анықтаудың кең таралған екінші бір әдісі несиелік тапсырыстары таңдаудың «скорингтік» жүйесі деп аталады.

Өткен ғасырдың 50-ші жылдарында несиелік тапсырыстарды қарастыру процесін автоматтандыру қажеттілігіне несиелік карточкалардың өндірісін дамытатын американдық банктер тап болды. Мәселені шешу үшін жеке тұлғаларды "жақсы" және "жаман" қарыз алушыларға жіктеудің статистикалық әдістерін ұсынған әйгілі математиктер тартылды. Мұнай жіктеуді өткізу үшін әдетте сауалнамада көрсетілетін қарыз алушы туралы өте аз ақпарат және аз уақыт талап етіледі. Мұнай түрдегі барлық жүйелер скорингтік деген атқа ие болды (skore - жалпы балл).

Қазақстанда скорингті енгізу біртіндеп жүзеге асырылуда. Бастапқыда «нашар» тәуекелдерді автоматты түрде жоятын, ал несиелік комитетке тек «жақсы» және «шектеулі» тәуекелдерді шығаратын қарыз алушыларды алдын-ала бағалаудың автоматты жүйесін жасауға болады. Алайда, автоматтандыруды енгізбес бұрын, клиенттің жеке сипаттамаларының жеке тұлғалар сияқты заңды тұлғалардың да дефолт ықтималдығымен байланысты бағалауға болады. Мұнай сипаттамаларды білу несиелік инспекторларды қолдау ретінде бола алады.

Скоринг – жүйелердің барлығына тән сипаттамаларға қарамастан, батыс тәжірибесін біздің елге көшіру мүмкін емес. Еліміздің демографиялық, экономикалық, әлеуметтік және заңнамалық өзгешеліктері өз технологияларымызды енгізуді қажет етеді.

Елімізде скорингтік жүйені енгізу мақсатымен 2003 жылы тұтыну несиелерін кепілдендіру қоры құрылды. Бұл ұйымның негізгі міндеті - жеке тұлғалардың несиелік мәлімдемелерін сараптауға септігін тигізетін автоматтандаралған скорингтік жүйені ендіру және іске қосу болып табылады.

Скоринг потенциалды қарыз алушының сенімділігімен және сенімсіздігімен байланысты сипаттамаларды анықтайды. Маңыздысы мұнай сипаттамаларды дұрыс таңдауды қамтамасыз етеді және оған сәйкес салмақты коэффициенттерді анықтауға мүмкіндік береді. Модель жасалатын клиенттердің жиынтығы неғұрлым бірдей болса, соғұрлым ссуданың қайтарылу барысын болжау нақты болады.

Қазақстанда скоринг жүйелерді несиелеудің төмен көлемімен тежейді. Бірақ, экономикалық өсумен жағдай ауыса бастайды.

Несиелік бюросыз скорингтің дамуы мүмкін емес. Несиелік бюроның маңызы үлкен, олардың болуы несиелік ұйымдарға, бұрын банктер қызмет көрсетілмеген несиелік ұйымдарға да ссуда беруге мүмкіндік береді. Сонымен бірге, дефолттың ықтималдығын болжау үшін бұрынғы несиелік тарихының құндылығы жалпы мойындалған болып табылады [2, 15-21 б.].

Скорингті енгізу объективті сияқты, банктік менеджерлердің математикалық және статистикалық әдістеріне сенімсіз қарауымен байланысты субъективті себептер тежейді. Өз клиенттерін - несиелік тарихы мен статистикалық пакетін талдауды бастау көп уақытты қажет етеді, ал одан көп пайда келеді. Скорингтік жүйенің артықшылықтары арасынан батыс банкирлері, бірінші кезекте несиенің қайтарылмау деңгейін төмендетуді көрсетеді. Ары қарай шешім қабылдаудағы жылдамдық, несиелік қоржынды тиімді бақылау мүмкіндігі, персоналды ұзақ оқыту қажеттілігінің жоқтығы айтылады.

Осылайша, скоринг АҚШ-та және Батыс Европада кеңінен қолданылатын несиелік тәуекелді автоматты бағалауды білдіреді. Скоринг үшін бастапқы материал ретінде клиенттердің өткені туралы ақпарат пайдаланады. Оның негізінде әртүрлі статистикалық және статистикалық емес әдістердің көмегімен болашақ қарыз алушылардың несиелік қабілеттілігі туралы болжам жасалады.

Қазақстандық банктерде жеке тұлғаларға деген несие қабілеттілігінің скорингтік бағалау жүйесі дами бастады. Қазіргі уақытта бес банк экспресс несиелерді ұсынуда. Алайда, скоринг негізінен банк қызметтері міндетті түрде дүкенде бола тұра, тауарды несиеге сатып алғысы келетін клиенттен қажетті ақпаратпен толтырылған сауалнамаларды (дербес мәліметтер, тұлғаны куәландыратын құжаттар, тұрғылықты жерінің тіркелу мекежайы, нақты тұрғылықты мекен-жайы, әлеуметтік дәрежесі, жанұялық жағдайы, балаларының және асырауындағы адамдар саны, жеке және жанұялық табыс мөлшері, жылжымайтын мүлік түрі, қызмет орны және білімі жөніндегі мәліметтер және т.б.) жинақтай отырып, несиелік және сауда ұйымдарының әріптестік байланыстарының нығаюы үшін пайдаланылады. Тез өңдеуге бейімделген мұндай сауалнамалар тез арада материалдардың жеке мұрағатын ескере отырып, несиенің берілуі немесе берілмеуі жөнінде шешім қабылданатын банк бөлімшесіне беріледі. Бұл процедура бір сағат алуы мүмкін. Оң шешімді несиелеу параметрлері (пайыз мөлшері, ссуда көлемі мен уақыты, алғашқы жеке салым көлемі) балл түрінде бағаланған қарыз алушының сенімділігі мен онымен алынатын тауардың әлеуметтік мәніне байланысты белгіленеді.

Ал, шетелдік тәжірибеде клиенттің несиелік қабілеттігін анықтау үшін әртүрлі тәсілдер қолданылады. Мысалы, 5С мен 6С ережелері, Альтман формуласы, Компари ережесі, Раrts ережесі, Батыс елдерінде кеңінен қолданатын «несиелік Скоринг» жүйесі.

Біздің мемлекетімізде Батыс елдер тәжірибесінде кең қолданыс тапқан «несиелік Скоринг» жүйесіне көп көңіл бөлінбейді. Бұл жүйе жеке және заңды тұлғалардың беделін анықтау процесін жеңілдетеді және де «несиелік Скоринг» жүйесі әрбір банктің саясатына, қолданатын заңдылықтарына, несие алушылар сипатына байланысты жасалуы қажет [2, 16 б.].

Кесте 1– Тұтыну кезінде барлық тәуекелдердің деңгейін анықтау

Факторлар атауы

Тәуекел деңгейін анықтайтын баллдар

Жасы

20 жастан асқан әрбір жылға – 0,1 балл беріледі;

Жынысы

әйелдереге - 0,4 балл, ерлерге - 0 балл;

Тұрғылықты жерде өмір сүру мерзімі

берілген жерде тұрған әрбір жыл үшін - 0,042 балл;

Мамандығы

тәуекелділік дәрежесі төмен мамандықтар үшін - 0,55 балл, тәуекелі жоғары мамандықтар үшін – 0 балл, басқа мамандықтар үшін -0,16 балл;

Салаға байланысты

егер мемлекеттік мекеме, банк немесе брокерлік фирмалар болса - 0,21 балл;

Жұмыс бастылығы б/ша

бір кәсіпорында жұмыс істеген әр жыл үшін - 0,059;

Қаржылық

көрсеткіштер

банктік шоты болса - 0,45 балл, қозғалмайтын мүлкі болса - 0,35 балл, өмірін сақтандыру полюсі бар несие алушыларға – 0,19 балл беріледі.

Несиелік Скоринг әдісін 1941 жылы американдық Д. Дюран ұсынған болатын. Скоринг қарыз алушының сенімділігімен және сенімсіздігімен тығыз байланысты сипаттамаларды айқындап көрсетеді. Оның көзқарасы бойынша төмендегі факторлар тобы тұтыну несиесін беру кезінде барлық тәуекелдердің деңгейін анықтауға мүмкіндік береді, оны төмендегі кестеден көруге болады.

Әр банк өзінің клиенттерінің ерекшеліктеріне, мемлекеттің дәстүрлеріне, әлеуметтік - экономикалық жағдайларының өзгеруіне қатысты скоринг әдісін жүргізудің дербес саясатын құру қажет. Скорингті қолдану үшін әрбір банк қызмет етіп отырған модельдің тиімділігіне талдау жасау керек. Және де, скорингтік әдіс әлеуметтік - экономикалық жағдайлардың жиі өзгеруіне байланысты үнемі жаңарып, қайта құрылып отыруы керек.

Енді Германия, АҚШ елдеріндегі коммерциялық банктердің қолданатын қарыз алушының несиелік қабілеттілігін анықтаудың Скоринг жүйесіне тоқталайық [2, 16 б.].

Неміс банктерінің «Скоринг – формуляры» келесідей болады.

1) Клиенттің қаржылық мүмкіншіліктері:

- басқа банктерден жағымсыз ақпараттың түспеуі - 20 балл;

- қарызды қайтару мүмкіншілігіне байланысты: егер 60 пайызға дейін - 0 балл, 80 пайызға дейін - 10 балл, 100 пайызға дейін - 20 балл;

- қамтамасыз етуге байланысты: қарыздың 25 пайызын жабатын болса - 1 балл, 50 пайызға дейін - 4 балл, 75 пайызға дейін - 7 балл, 100 пайызға дейін - 20 балл;

- банктердегі салымдар сияқты меншіктері бар болған жағдайда - 10 балл беріледі;

- өткен уақытта қалған несиелеріне байланысты: несиені қолданбаған жағдайда - 5 балл, несие келісімінің шартын бұзып, қайтару мерзімінен кешіктірген болса - 0 балл, несиені уақытында қайтарса - 15 балл;

2) Мамандану дәрежесіне байланысты: егер несие алушының білімі болмаса - 7 балл, қызметкер - 9 балл, зейнеткер - 13 балл;

3) Соңғы жұмыс берушідегі еңбек ету мерзіміне байланысты: 1 жылға дейін - 0 балл, 2 жылға дейін - 3 балл, 3 жылға дейін - 5 балл, 5 жылға дейін - 8 балл, 5 жылдан жоғары - 12 балл;

4) Қызмет ету саласына байланысты: мемлекеттік қызметкер болса - 10 балл, басқа сала қызметкері болған жағдайда - 6 балл;

5) Жасына байланысты: 20 жасқа дейін - 0 балл, 25 жасқа дейін - 2 балл, 30 жас - 4 балл, 35 жас - 8 балл, 50 жас - 9 балл, 60 жас -11 балл, 60 жастан жоғары - 16 балл;

6) Жанұя жағдайына байланысты: басы бос болса - 8 балл, үйленген болса - 14 балл, ажырасқан болса - 8 балл, түл ер (вдовец) болса - 8 балл;

7) Тұрғылықты жеріне байланысты: өз баспанасы болса - 10 балл, не өтерді, не үйді жалдап тұратын болса - 5 балл, өз баспанасы мүлдем болмаса - 0 балл;

8) Асырауындағы адамдар санына байланысты: егер асырауында адам болмаса - 10 балл, біреу болса - 7 балл, екеу болса - 5 балл, үшеу болса - 2 балл, үшеуден көп болса - 0 балл.

Банктің шешімі келесідей анықталады: егер несие алушы 80 балл жинайтын болса, несие беру туралы шешімді несиелік қызметкердің өзі қабылдай алады. Ал егер несие алушы 61-80 балл жинаса, несие беру туралы шешімді қабылдау үшін жоғары лауазымды тұлғаның келісімі қажет. Ал егер несие алушы 6 баллдан төмен жинайтын болса, несие бермеу туралы шешім қабылданады.

Американдық банктерде несие алушының несие қабілеттілігін анықтау.

Осындай әдіспен несие алушының несиелік қабілеттілігін анықтау барысында 30 балл жиналатын болса, онда несие беру өте үлкен тәуекелге әкеледі. Ал егер баллдар сомасы 13-тен аз болса, онда несиені бермеу туралы шешім дәл сол ретте қабылданады.

Кесте 2 – Американдық банктерде несие алушының несие қабілеттілігін анықтау

Факторлар атауы

балл

Кәсіп түрі бойынша

- Бизнесмен, дәрігер, мүғалім - 7 балл;

- Ғалым, фермер, мекеме жұмысшысы - 5 балл;

- Медбике, білікті қызметкер, журналист -5 балл;

- Әскери қызметкер — 4 балл;

- Шаштараз - 3 балл;

- Коммивояжер- 0 балл.

Жұмыс істеу стажы бойынша

- Жұмыста екі жылдан астам уақыт жұмыс істесе - 2 балл;

- Жеті жылдан астам уақыт жұмыс істесе - 5 балл;

- Он жылдан аз уақыт жұмыс істесе - 5 балл.

Пәтер - үй жағдайлары бойынша

- Өз үйі болса - 5 балл;

- Пәтерді немесе түрғын үйді жалға алатын болса - 3 балл;

- Ата - анасымен бірге түрса - 3 балл.

Берілген жерде тұруына байланысты

- Бес жылдан артық уақыт түрған болса - 3 балл;

- Екі жылдан бес жылға дейін — 2 балл;

- Екі жылға дейін -1 балл.

Жанұя жағдайына байланысты

- Үйленген болса - 5 балл;

- Жалғыз әйел - 5 балл;

- Жалғыз ер адам болса — 3 балл;

- Ажырасқан әйел — 2 балл;

- Ажырасқан ер адам - 0 балл.

Апталық ақысына байланысты

- 200 АҚШ долларынан жоғары болса - 5 балл;

- 101 АҚПІ долларынан 200 АҚШ долларына дейін - 4 балл;

- 91 АҚШ долларынан 100 АҚШ долларына дейін - 3 балл;

- 76 АҚШ долларынан 90 АҚШ долларына дейін - 2 балл;

- 61 АҚШ долларынан 75 АҚШ долларына дейін - 1 балл;

- 61 АҚШ долларынан төмен - 0 балл.

Банктік шотының болуына байланысты

- Ағымдағы және жинақтаушы шоттар -6 балл;

- Жинақтаушы шоттар - 3 балл;

- Ағымдағы шоттар - 2 балл.

Сонымен қатар, АҚШ-тың банктік жүйесінде клиенттің қаржылық жағдайын талдаудың «алты Си» ережесі қолданылады.

1 С - сһаracter (қарыз алушының мінезі);

2 С - сарасity (қарызды өтеу қабілеті);

3 С - соllateral (қамтамасыз етілуі);

4 С - саsh (ақша қаражаттары);

5 С - соnditions (жалпы экономикалық жағдайлар);

6 С - соntrol (бақылау).

1) Қарыз алушының мінезі немесе сипаттамасы. Несиелік инспектордың несие алушының несиені мақсатты жұмсайтыны және қайтаратындығы туралы күмәні болмауы керек. Егер инспектордың сұралып отырған несиенің жұмсалу мақсатын түсінбеу орын алса, бұл мәселе нақтыланып, қарастырылуы қажет. Бұл жағдайда да несиелік инспектор клиенттің алған несиесіне жауапты қарайтынын, қойылған сұрақтарға шынайы жауап беретін және несие бойынша міндеттемелерін қайтаруға бар күш-қуатын салуға дайын екенін анықтауы қажет.

2) Қаржыларды қарызға алу қабілеті. Несиелік инспекторлар несие алушының несиелік арыз беруге және несиелік келісім шартқа қол қоюға құқы бар екеніне көз жеткізуі керек. Осы қаржыларды - қарызға алу қабілеттілігі деп атайды.

3) Ақша қаражаттары. Несиелік өтінішті қарастырғанда қарыз алушының несиені өтеу қабілеттілігі анықталады. Жалпы қарыз алушы үшін несиені өтеудің үш көзі бар:

- қолма-қол ақша ағыны;

- активтерді сату;

- қаржыларды тарту.

Аталған қайнар көздердің кезкелгені несиені өтеуге қажетті қаржылардың қалдық сомаларын қамтамасыз ете алады. Бірақ банктер үшін ең тиімдісі қолма-қол ақшалар болып табылады. Себебі активтерді сату барысында қарыз алушының балансы бұзылып, ал қаржыларды тарту банктің кредитор ұстанымын нашарлатуы мүмкін.

4) Қамтамасыз етілуі. Несиелік инспектор несие алушының берілген несиені қамтамасыз ететін жеткілікті капиталы немесе сапалы активтері туралы мәліметтердің шынайы екенін анықтауы қажет. Ол мынадай сипаттамаларға: қарыз алушының активтерінің жағдайы мен құрамына, жұмыс істеу мерзіміне көп көңіл бөлуі керек.

5) Жағдайлар. Несиелік инспектор қарыз алушының және сәйкес саланың экономикалық жағдайын, сонымен қатар экономикалық және басқа да өзгерістердің несиені қайтаруға әсерін зерттеп отыруы керек. Құжаттар бойынша несие қамтамасыз етілу жағынан сенімді болып көрінуі мүмкін. Саланың экономикалық жағдайын анықтау үшін көптеген банктер мәліметтер базасы бар информациялық орталықтар құрады.

6 Бақылау. Қарыз алушының несиелік қабілеттілігін бағалаудың соңғы факторы - бақылау болып табылады. Ол мынадай сұраққа жауап береді: қарыз алушының қызметіне және оның несиелік қабілеттілігіне жаңа заңдардың, құқықтық, экономикалық, саяси өзгерістердің әсері қандай болады?

Ал Англияда несиелік қабілеттілікті бағалауда «РАRTS» ережесі қолданылады. Бұл сөз қарыз алушыға несие бермес бұрын банктер тарапынан қойылатын талаптардан тұрады. Оған жаттатыңдар:

1 Рurpose - мақсаттылық;

2 Аmount - сомасы, мөлшері;

3 Repayment - қарыз және пайызды қайтару;

4 Тerm - мерзім;

5 Security - қамтамасыз етілуі.

Қорытындылай келе, шетел тәжірибесінде несиелік қабілетті анықтаудың негізгі әдістері мен тәсілдеріне - қарыз алушының несиелік қабілетін бағалаудың «несиелік скоринг» әдісі, «6 Си», «РАRTS» және «САМРАRІ» ережелері жатады.

ӘДЕБИЕТТЕР

1. Багиров А.Э. Организация эффективного управления рисками банковского роз-ничного кредитования // Финансы и кредит. – 2008. – №22(310). – С. 27-35.

2. Ширинская Е.Б. Операции коммерческих банков: российский и зарубежный опыт // М.: «Финансы и статистика». – 2005. – С. 32-34.



К содержанию номера журнала: Вестник КАСУ №3 - 2010


 © 2018 - Вестник КАСУ