Главная  | О журнале  | Авторы  | Новости  | Конкурсы  | Научные мероприятия  | Вопросы / Ответы

Шығыс Қазақстан облысындағы бал ара шаруашылығын кластер негізінде дамытудың алғышарттары

К содержанию номера журнала: Вестник КАСУ №3 - 2010

Автор: Байгужинова Алма Жумагалиевна

Қазақстан Республикасы бүгінгі таңда агроөнеркәсіптік кешен кластері қалыптасуының бастапқы кезеңін бастан өткізуде. Ұлттық агроөнеркәсіптің бәсекеге қабіліттілігін арттырудың мемлекеттік тұжырымның жоқтығы, сонымен қатар ойластырған кластерлік саясатты әзірлеуді кешіктіру АӨК кластерлік ұйымдарды қалыптастыруда көптеген қиындықтарды тудырады. Үкіметке жаңа экономикада және кластерлеу үрдісінде жаңа роль қызметтерін орындау туындайды. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына 2010 жылғы «ЖАҢА ОНЖЫЛДЫҚ – ЖАҢА ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨРЛЕУ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІК-ТЕРІ» Жолдауында «Әртараптандырудың басқа бір маңызды сегменті агроөнеркәсіп-тік кешенді дамыту болып табылады. Негізгі салмақ еңбек өнімділігінің артуына түсірілуі тиіс».

Қазіргі заман талаптарына сай ара шаруашылығын кластер негізінде дамыту Қазақстан ауылшаруашылығының алдында тұрған негізгі бағыт. Халықтың әл-ауқатының артуына байланысты бал өнімдеріне сұраныс та арта түсуіне шүбә келтіруге болмайды. Балға деген сұраныс тек қана оның тағамдық және дәрілік қасиеттерінде емес, одан тамаша ашытқылар, алкогольсіз ішімдіктер өнді-руге болатындығында да жатыр. Өнеркә-сіптің 50 ден астам түрлеріне қажетті ара балауызының өзі ара шаруашылығын өркендетуге итермелейді.

Кластерлік дамыту ұлттық және аймақтық бәсекелестікті көтерудің факторы ретінде қазіргі таңдағы инновациялық – экономикалық сипатты белгісі болып табылады.

Кластер – бұл соңғы бәсекеге қабілетті өнімді өндіру үшін, келісіп іс-қимылдар жасайтын бір-бірімен тығыз байланысқан компаниялар тобы.

Өндірістік кластер – бұл жақын орналасқан және бәсекелестік өнім өндірісінде бір-біріне әсер ететін экономикалық байланыстағы фирмалардың және басқа заңды тұлғалар мен институттардың тобы.

Кластердің әрқилы элементтерін суреттеуде әйгілі модель болып Майк Портер және Гарвард бизнес мектебінің моделі саналады. Бұл модельде компания құрылымы мен бәсеке жергілікті тұтыну; аралас компаниялар және қолдаушы компаниялар; факторлық жағдайлар (инфрақұрылым, ғылыми зерттеулер, капитал) карастырылған.

Кластер кәсіпорындарының құрылуы, негізгі тәртіп бойынша келесі үш субъекттердің біреуінің бастамасы бойынша құрылады: жеке меншік кіші кәсіпорындар, аймақтық билік органдары және үлкен корпорациялар. Кәсіпорындар арасындағы кластерлік байланыстар жасырын түрде орнығуы мүмкін, немесе саналы түрде болуы да мүмкін. Он бір елде жұмыс жүргізіп жатқан кластер жүйелеріне жүргізілген зерттеу жұмыстарының нәтижесінде және олардың тәжірибелерін үйрену ЮНИДО (UNIDO) мамандарына, кәсіпкерлік байланыс желілерін қолдауға бағытталған, аймақтық саясаттың жалпы тұжырымын өңдеуге ықпал жасайды.

Өндірістің кластерлік тұжырымын енгізу көптеген мемлекеттерге өздерінің экономикасының қайта өндірісін неғұрлым жақсартуға мүмкіндік тудырады. Экономист – ғылымдардың аса қызығушылығы нәтижесі түрлі саяси және әлеуметтік экономикалық эксперименттермен, инновациялармен біршама өсуі ғана болған емес, сонымен қатар бүкіл дүние жүзіндегі 10 мыңдаған кластерлердің қалыптасуы болған үлкен зерттеулер жүргізу бастамасына әкеледі.

Кластерлік үлгіні меңгерудің шешуші проблемалардың бірі – аймақтық жақындық, әлеуметтік ерекшелік, технология артық шылары, өндірістік бағыттары және т.б берілген желілік қалыптасуының өндірістік байланысын нақты сызбасының көптеген түрлі кластерлер байланыстар ішінен анықтау ерекшелеу болып табылады. Кластерлер мүшелерінің айтылған құраушыларды бойынша жаһандық дәрежесінің дәл өзі берілген нақты кластерлік өндірістік жүйесінің нормативті әрекет етуінің бекемдігімен тиімділігін анықтайды.

Кластерлеу - бұл бірігіп «жұмыс атқаратын кәсіп құрылымдарының алдында өндірістің жоғарыда көрсетілген белгілері бойынша күш біріктіруі, мүшелерге пайда әкелетіні жайлы логикамен алдын ала болжамдалған қорытындының нақты жүзеге асуы.

Инновациялық экономикада кластерлер нәтижелі құрастырушы рөл атқарады. Кең мағынада кластерлер «агломерация» фирмасының жабдықтаушылар ретінде аймақтық топтасқан еңбек нарығын құруға мүмкіндік тудырады. Аймақтардағы фирмалардың кластерлеуі жеке фирмаларға операцияның неғұрлым кең масштабын ұсына отырып мамандану процестерімен фирмалар арасындағы еңбек бөлінісін нығайтуға мүмкіндік береді. Тұтынушылар мен сатушыларды жүйелік әрекеттесуге тарту, біріккен іскерлігі арқасында дайындаған өнім бірлігінің құнын төмендетуге болады, сонымен қатар кластерлер мүшелеріне көрсетілген техникалық қызмет бірлігінің құнында төмендету мүмкіндігі туады.

Бір-бірімен тығыз байланыста жұмыс істей отырып фирмалар орындалуы өндірістік күштердің жоқтығынан қиындайтын тапсырыстар бойынша субконтрактацияны ұсынып және жүргізе алады. Фирмалардың географиялық жақындығын барлық құрастырушылардың потенциялын қолдану есебіне оларға көп мүмкіндік тудырады. Мұндай мүмкіндіктер фирмаларға тұрақты тапсырыс берушілер шеңберлік берік сақтауға жол ашады. Экономика кластерлерді фирмалар арасындағы білім, ойлар мен ақпараттар ағынын күшейтуге мүмкіндік береді. Мұңдай ағымдар, ереже бойынша, формальді түрде жүзеге асады және бірігіп жұмыс жасаған фирмалар арасында заңсыз жолмен идея алмасуы, ортақ жеткізудің арасындағы байланыс, әлеуметтік фирмааралық - коммерциялық байланыс. Сонымен қатар, мұндай айырбасқа коммерциялық немесе басқа іскерлік ассоциацияда біріккен мүшелік коммуналдық деңгейде пайда болған түрлі құрылымдар мен институтар. Мұндай ассоциялардың ең маңызды міндеттерінің бірі ақпарат ағының нығайту, трансакция құны мен кластерлер мүшелерін басқада шығындарын төмендету үшін әлеуметтік негіз құру болып табылады.

Кластерлердің қалыптасу орталығы ретінде университеттер немесе ғылыми зерттеу құрылымдық топтары және оқу орындары жиі болады.

Бүгінгі таңда нарықта құнды бәсеке қабілетті өнімдерді өндіруде бал ара шаруашылығы агроөнеркәсіптік кешеннің маңызды саласы болмақ. Сондықтан бал ара шаруашылығын аз шығынды және шығындарын жылдам сақтайтын сала ретінде дамыту, оның тиімділігін арттыру, бал ара ұяларының санын арттыру, балды өсімдіктер қорларын ескере отырып, омарталарды орынды орналастыру арқылы жоғары сапалы бал ара өнімдерін өндіруді жоғарылату өте өзекті болып отыр.

Шығыс Қазақстан облысында кластер негізінде тиімді бал ара шаруашылығын дамытуға барлық мүмкіндіктер бар. Атап айтсақ бай табиғи және мәдени балды өсімдіктер қоры, балды аралардың бірегей орта орыс ара популяциясы және тағы басқа.

Ара шаруашылығының жоғары табыстылығы мен болашағы көп жылдық озық омарташылардың тәжірибесі арқылы дәлелденген. Ара шаруашылығы шығыс қазақстандықтардың ежелден келе жатқан кәсібі.

Қазіргі Шығыс Қазақстан және Пав-лодар облыстарының аумағын алып жатқан Семей губерниясында кеңес өкіметі орнаған кезде яғни 1922 жылы 80929 ара ұясы бар еді. Отызыншы жылдары басталған ауылшаруашылығын ұжымдас-тыру науқаны кезінде қауымдастырылған жүйеге көп өзгерістер жасалып, қайта құрылды. Қарапайым кооперативтік бірлестіктер жабылып, орнына ұжымшар-лар келді. Араларды ұстаудың осындай ұжымдық түріне 1930-1932 жылдары Шығыс Қазақстанның көптеген арашылары көшті.1930-1934 жылдары Қазақстанның Ертісі аймағында ара шаруашылығының ұжымшарлық әдісінің кең етек жаюы десе де болады. Ұжымшарлардағы ара ұяла-рының саны 2 есе артты. Егер 1931 жылы ұя саны 33700 болса, 1934 жылы 60мыңнан асты. 1934 жылғы желтоқсан айындағы мәлімет бойынша, Шығыс Қазақстандағы 606 ұжымшардың 243-інде омарталар болды. Оларда 59282 рамалы ұя және 1242 бітеу ағаш ұялары бар еді. Рамалы ұяларға көшу, жаңа құрал-жабдықтар мен ғылым жетістіктерін пайдалану күрт өрге басты. 1937 ж. бітеу ағаш ұялары Қазақстанда құрып бітті.

Біріктірілген ірі шаруашылықтарда омарталар үнемі мамандардың бақылау-ында болып, қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіліп отырды. Осындай шаралар ара шаруашылығының тез даму-ына ықпал етті. Сан жағынан өсіп, халық шаруашылығының маңызды, пайдалы саласы болып қалыптасты. 1940 жылы Шығыс Қазақстан облысында 133717 ұя, Семей облысында 12459 ара ұясы болды.

Ұлы Отан соғысы жылдарында ара ұяларының саны белгілі себептерге байланысты азайып, 1949 жылы азаю үрдісі тоқтатылды. 1951 ж. Шығыс Қазақстан облысында 145408 ара ұясы, Семейде 15752-ге жетті. 5-6 бесжылдықтарда, ауылшаруашылығын қайта құру кезеңінде, ұсақ, әрі аз табысты ұжымшарлар біріктіріліп, осылардың негізінде іріленді-рілген астық өндіруге және етті-сүтті бағыттағы мал шаруашылығы мемлекеттік кәсіпорындары құрылды. Ара шаруа-шылығы назардан тыс қалып, ара ұялары-ның саны күрт азайып кетті 1959 жылы ұя саны 81185-ке дейін түсіп кетті.

Осы жағдайда Шығыс Қазақстандағы омарталардың күйі қорқыныш ұялататын халге жетті. Осы көзде ғана ірілендірілген ара шаруашылықтарының ауа райының қолайсыз жағдайына төтеп бере алатын-дығы дәлелденді. Мұндай мамандан-дырылған шаруашылықтың басшылары, арадан түсетін табыс шаруашылық экономикасына оң әсер ететіндіктен, қатты көңіл бөлуге мәжбүр болатын.

Ірілендірілген ара шаруашылық-тарында тәжірибелі мамандар жұмыс істей-тін, жеткілікті мөлшерде көлік бөлінетін. Ірі шаруашылықтарға дер кезінде қосымша азық алу, жасанды балауыз алу, үйшіктерді жаңалау, омартаны жаңа жерге көшіру, т. б. жұмыстар жеңіл тиетін. Қажетті құрал-саймандарды уақытында жеткізуді бригада басшысы қамтамасыз ететін. Ірілендірілгөн арашылар бригадаларына өз күштерімен ағаш дайындау, құрылыс жұмыстарын жүргізу, шеберхана жұмыстарын ұйымдас-тыру, қажетті қарапайым құралдар жасау, жол салу жұмыстарын атқару экономи-калық тұрғыдан тиімді еді. Іріленген ара фермасында ара ұясын көбейту және бір арашының көбірек ұяны бақылауға алуына мүмкіндіктер мол еді.

Осыдан 200 жылдай бұрын Шығыс Қазақстанда пайда болған ара шаруашы-лығы Қазақстанның Оңтүстік-шығыс, Оң-түстік, Солтүстік, Орталық аймақтарына таралды. Қазақстанның қазіргі 14 облы-сының 11-де ара бар; тек қана Атырау, Маңғыстау және Ақтөбе облыстарында жоқ. Ара шаруашылығының дамуы жөнінен Шығыс Қазақстан жетекші орын-да. Қазақстанның барлық араларының 75% жуығы Шығыс Қазақстанда шоғырланған.

Төменде Шығыс Қазақстан облысы бойынша (1 сурет) және ара шаруашылығымен айналысатын шаруашылықтардың барлық санаттары бойынша (1 кесте) тауарлы бал өндірісінің соңғы бес жылдықтағы өндіріс көлемінің өзгерісі келтірілген.

Сурет 1. ШҚО бойынша барлық санаттағы тауарлы бал өндірісінің өзгеру динамикасы, тонна

1 Кесте ШҚО және аудандар бойынша барлық шаруашылық санаттарындағы тауарлы бал өндірісінің көлемі, тонна

Аудандар атауы

Жылдар

Барлығы

Ауыл шаруашылық кәсіпорындары

Шаруа қожалықтары (фермерлік)

Үй шаруашылықтары

Өскемен қаласы

2004

18,5

-

2,5

16,0

2005

26

-

6,0

20,0

2006

14

-

3,0

11,0

2007

29,8

-

11,8

18,0

2008

30,7

-

11,3

19,4

Семей қаласы

2004

0,4

-

-

0,4

2005

0,4

-

-

0,4

2006

0,9

-

-

0,9

2007

0,9

-

-

0,9

2008

0,7

-

-

0,7

Риддер қаласы

2004

5,9

-

0,8

5,1

2005

6,4

-

1,5

4,9

2006

6,0

-

1,6

4,4

2007

3,9

-

1,6

2,3

2008

3,5

-

0,7

2,8

Бородулиха

2004

22,2

1,0

-

21,2

2005

21,0

-

1,0

20,0

2006

19,1

-

1,4

17,7

2007

22,0

1,0

0,5

20,5

2008

20,9

1,0

0,8

19,1

Глубокое

2004

81,8

4,0

3,8

74,0

2005

95,7

6,5

3,4

85,8

2006

126,6

4,2

3,1

119,3

2007

105,2

4,6

4,5

96,1

2008

115,4

3,9

1,2

110,3

Жарма

2004

0,8

-

-

0,8

2005

0,8

-

-

0,8

2006

2,0

-

-

2,0

2007

2,0

-

-

2,0

2008

1,2

-

-

1,2

Зырян

2004

164,3

2,8

17,6

143,9

2005

150,3

6,1

10,9

133,3

2006

160,9

0,6

0,7

159,6

2007

151,4

3,6

2,9

144,9

2008

117,5

0,3

3,2

114,0

Катон-Қарағай

2004

268,5

1,1

31,6

235,8

2005

328,4

4,8

56,8

266,8

2006

204,3

0,4

10,6

193,3

2007

177,0

2,5

4,9

169,6

2008

70,7

 

3,7

67,0

Көкпекті

2004

27

-

0,9

26,1

2005

32,9

0,9

-

32,0

2006

27,4

0,6

-

26,8

2007

36,6

0,2

-

36,4

2008

24,3

2,5

-

21,8

Күршім

2004

10,1

-

2,6

7,5

2005

9,2

-

0,4

8,8

2006

10,4

-

0,2

10,2

2007

3,4

-

0,1

3,3

2008

3,3

-

-

3,3

Ұлан

2004

17,2

-

3,0

14,2

2005

17,3

-

3,3

14,0

2006

17,8

-

2,1

15,7

2007

16,3

-

0,4

15,9

2008

12,4

-

-

12,4

Үржар

2004

53,1

4,5

0,5

48,1

2005

54,6

5,3

0,5

48,8

2006

47,8

3,4

-

44,4

2007

49,1

4,7

-

44,4

2008

22,9

-

-

22,9

Шемонаиха

2004

92,5

2,9

4,6

85,0

2005

45,3

3,3

2,0

40,0

2006

77,5

4,9

2,6

70,0

2007

104,2

7,0

3,0

94,2

2008

82,0

3,1

1,0

77,9

Облыс бойынша барлығы

2004

762,5

16,3

67,9

678,3

2005

788,3

26,9

85,8

675,8

2006

714,7

14,1

25,3

675,3

2007

701,8

23,6

29,7

648,5

2008

505,5

10,8

21,9

472,8

* Қазақстан Республикасы Статистика агентігі мәліметтері негізінде автор құрастырған

Кестедегі мәліметтерге сүйене отырып, 2008 жылы 2004 жылмен салыстырғанда жалпы облыс бойынша тауарлы бал өндірісінің көлемі 257 тоннаға немесе 33,7% - ға төмендеп кеткенін көре аламыз. Бұл соңғы жылдағы төмендеу бал ара ұяларының санының артуына қарамастан сақталып отыр, себебі 2008 жылдың жазы өте жаңбырлы және ылғалды болды. Мұндай табиғат тарапынан болтын құбылыстар әрине алым жинауға қатты әсерін тигізеді. 2008 жылы облыс бойынша жалпы тауарлы бал өндірісінің 472,8 тоннасын немесе 93,5% жұртшылықтың жеке меншігіндегі үй шаруашылықтарынан алынған тауарлы бал көлемі құрады. Қалған 32,7 тонна немесе 6,5% ауыл шаруашылық кәсіпорындары мен шаруа қожалықтары үлесінде. Ара ұяларының көпшілігі жеке адамдардың қолында шоғырланғандығын ескере отырып, бір жүйеге келтіру, реформаға дейінгі деңгейге жеткізе алмасақ та мемлекет тарапынан қаржылық демеу нәтижесінде жандандыра аламыз деген сенімдеміз. Әйтпегенде омарташыларды басқару, жеке меншіктегі ара ұяларының жағдайына бақылау жасап, көмек беру өте қиын. Бұл омарталардағы зоотехникалық және зооветеринарлық жұ-мыстардың деңгейі өте төмен. Жақын және алыс шетелдерден таңдау-талғамсыз әке-лініп жатқан бал ара тұқымдарының сапасы төмен. Омарташылар ішінде бал ара аналықтарын шығару және ара репродук-циясымен (ара тұқымдарын өсірумен) айналысатын әуесқой омарташылар пайда болуда. Олар тегі белгісіз аналық аралар мен будан тармақтарын еш бақылаусыз өсіріп, сатуда. Бұның салдары ШҚО және жалпы республика бойынша бал ара ұяларының тектік қорын бүлдіруге әкелуде.

Бұл саланың маңызды экономикалық көрсеткішін бал, балауыз, гүл тозаңы, ара уы, аналық сүт сияқты өнімдерді өндіру арқылы арттыруға болады. ҚР аумағында бал ара өндірісі үшін қажетті құрал-жабдықтарды дайындаумен айналысатын кәсіпорындар мүлдем жоқ, сондықтан мемлекетте қазіргі заман талаптарына сай жаңа технологиялық жабдықтар шығаратын ұйымдар қажет. Осы қойылған мақсатты жүзеге асыру үшін омарташылардың инновациялық кластерлік ұйымдарын құру жолымен бал ара шаруашылығы жүйесін түрлендіру бойынша зор күш салу қажет. ҚР қазіргі заман талаптарына сай ірі ара шаруашылық ұйымдарын құру мемлекеттің қолдауынсыз мүмкін емес. Кластер үлгісіне негізделген ара шаруашылығының қуатты өндірістері ара ұяларының санын арттыруға ғана емес, сонымен қатар ара шаруашылығы өнімдерін терең өңдеуді қамтамасыз етуге, өз өнімін ішкі, сондай-ақ сыртқы нарықта да сәтті сатуға қабілетті. Әлемдік тәжірибеде қалыптасқан өндірістік кластерлердің қалыптасу механизмін ШҚО-да ара шаруашылығы кластерлерін құруда да қолдануға болады. Мұндай құрылудың негізгі кезеңдерін атап кететін болсақ:

1) Мүмкіндіктер мен әрекеттерді ашу, сонымен қатар омарташылар бірлестігі мен кластерге серіктес құрылымдардың ынтасын қолдау;

2) Кластерлік бірлестік мүшелерінің бірігуінің мақсаты мен міндеттерін анықтау;

3) Ара шаруашылығы кластерінің жобасын дайындау, оның құрамына кіретіндерді, яғни кластердің орталық компаниясының қалыптасуы мен басқару құрылымын дайындау; кластер мүшелері арасындағы міндеттерді бөлу қажет;

4) Кластердің құқықтық құжаттарын өңдеу;

5) Кластердегі қаржылық-несиелік байланыс жүйелерін қарастыру;

6) Ара шаруашылығы кластерінің қалыптасу жобасының техникалық экономикалық негіздемесін дайындау қажет.

Жоғарыда көрсетілген кластер қалыптасуының негізгі кезеңдері аймақтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын, оның тарихи және институтты мамандануын, сонымен қатар мамандарды даярлауға қажетті уақытты ескере отырып жүзеге асады.

Қазақстан жері әлі пайдаланылмаған бал беретін өсімдіктердің қорына бай. Осыны пайдалану, бал өндірісін бірнеше есе арттыруға жеткізеді. Осындай табиғат-тың байлық қоры тек ішкі сұранысты ғана емес, басқа елдерге де ара шаруашылығы өнімдерін шығаруға мүмкіндік береді.

Шетелдік дәрілердің тым қымбат бағасы, іс жүзінде бұл дәрілерді қарапайым адамдардың пайдалана алмауы, осы дәрі-лерді алмастыру жолдарын қарастыруға мәжбүр етеді. Бұл орайда ара өнімдері, олардың қоспалары, биологиялық белсенді өнімдері таптырмас алмастырғыштар. Ара шаруашылығы, ауылшаруа-шылығының барлық салаларымен салыстырғанда қар-жыны аз шығындайтын сала. Оның үстіне арашының үнемі омартада болуы міндетті емес, белгілі бір уақытта келіп ағымдағы жұмыстарын атқарса жетіп жатыр. Сондықтақ ара шаруашылығы ірі бизнес ұйымдастыруға да, қосымша табыс көзі ретінде де пайдалы.

ӘДЕБИЕТТЕР

1. Төртінші сайланған ҚР парламенті мәжілісі екінші сессияның 2008 жылғы 2 қыркүйек – 2009 жылғы 1 ақпан кезеңіндегі қызметінің қорытындылары

2. Барышников С.И., Риб Р.Д., Башмаков А.И. Книга пчеловода. - А: «Кайнар», 1990. - 304с.

3. ШҚО Әкімінің арнайы сайтының мәліметтері / www.akimvko.kz

4. ШҚО статистикалық есеп орталығы мәліметтері /www.shygys.stat.kz



К содержанию номера журнала: Вестник КАСУ №3 - 2010


 © 2024 - Вестник КАСУ