Главная  | О журнале  | Авторы  | Новости  | Конкурсы  | Научные мероприятия  | Вопросы / Ответы

Ғылыми тілмен сөйлеу мәдениетін қалыптастыру

К содержанию номера журнала: Вестник КАСУ №2 - 2010

Автор: Еруланова Д.Е.

Ғылым - табиғат, қоғам құбылыстары және адам жайындағы теория түрінде бір жүйеге келтірілген білімдер. Сонымен қатар, ғылым - бұл адамның білімді тек-серіп, жүйелеудегі танымдық қызметінің ерекше формасы, адамзат мәдениетінің бір сатысы, ғылым дүниені танып білудің негізгі формасы. Ғылымның әр саласы өзіндік жасанды тілімен, оны құраушы атауларымен ерекшеленеді. Ғылыми ойлар адамнан - адамға ғылыми тіл арқылы беріледі. Ғылыми тіл-тұйық жүйе емес, ол әдеби тіл лексикасын қолданып, грам-матикалық заңдылықтарға сүйенеді, бірақ өзінің арнайы жүйелілігі мен ұйым-дастырылу ерекшелігі болады. Ғылыми тіл – ғылым жетістіктерін, зерттеулер нәти-жесін, өмірде алатын орны туралы баян-даушы тіл.

Ғылыми тіл - ұғымдардың атау сөз - терминдердің көмегімен ұғындырып, қыр-сыры мен қасиеттерін ерекше тілдік жүйемен жеткізу. Термин - ғылыми, техно-логиялық, мәдениет пен өнер және т.б. салалардың ұғымдардың белгілейтін мағынасы, белгілі бір қолдану аймағы бар сөз тіркесі немесе сөз. Термин ғылымның мәліметтерін, әсіресе, қарапайым тілде оны білдіретін атауы жоқтарын тура және бір мағыналы сөз түрінде беру қажеттігінен туатын ғылым тілінің элементі.

Б.Н. Головин: «терминді екі түрлі қырынан көруге болады, ол белгілі бір затты және осы затқа тән белгілерді көрсететін ұғымды білдіреді»,-дейді. Әр терминнің дәлдігі, ұтымдылығы-ұығымды және заттың атын білдіретін қызметін, ресми-іс, көркем, т.б. стильдегі мәтіндерді салыстырғанда анық байқалады. Демек, терминдер екі түрлі қызмет атқарады: ол ұғымның таны, әрі ұғымның мазмұнын білдіреді.

Термин – ғылымның, жинақталған білімдердің негізгі құрамдас бөлігі, ол заттың немесе құбылыстың жалпы қаси-еттеріне негізделіп, белгілеріне қарай қыс-қа да түсінікті болып келеді. Термин – сөз, сондай-ақ, белгілі бір ғылыми ұғымды білдірумен қатар өзінің нақты ерекшелігі болады. Ғылыми еңбектерді саралау нәтижесінде ғылыми тілдің терминоло-гиялық және ұғымдық айқындығына әлі жете зерттелмегендігі (И.Н. Нұғыманов) анықталды. Әр пәннің тілі, яғни оқулық тілі ғылыми тілдің синонимі ретінде қолданылады. Кез-келген ғылыми тіл табиғи тіл негізінде қалыптасып, ғылым-ның қажеттілігін қанағаттандыру үшін жинақталған білімнің көрінісі.

Көптеген лингвистер ғылыми тілді-жалпы әдеби тілдің әр түрлі қызметінің бір түрі деп түсіндіреді. Сонымен қатар лингвистер ғылыми тілдің 3 қабатын бөле-ді: 1) терминологиялық емес лексика; 2) жалпы ғылыми лексика; 3) терминоло-гиялық лексика.

Термин ұғым арқауы болғандықтан, білімнің де негізгі көзі. Сондықтан қазіргі заманда оқытудың жаңа технологиясында терминология мәселесі-өзекті болып табы-лады (Г.А. Бордовский, В.И. Извозчиков) [1].

Терминология - әр түрлі қырынан зерттейді (картологиялық, психологиялық, тарихи, лингвистикалық). Ғылыми тер-минологияны зерттеген ғалымдар: С.А. Чаплыгин, Д.С. Лотте (ғылыми техни-калық терминология) т.б. (физика-математика), Н.Д. Велинский (химия), С.Г. Струмилин (экономика), И.И. Мещаников, С.П. Обнорский, А.С. Орлова, Г.О. Вино-кур, А.И. Моисеев, В.П. Даниленко, О.С. Ахманова, В.В. Виноградов, М.В. Серги-евский, т.б. (тіл білімі). Чех лингвисті К. Сохордың зерттеуі бойынша термино-логияның 90%-ы ғылыми - техникалық терминдер деп көрсетеді.

Д.С. Лоттенің еңбектерінде тер-миндердің лингвистикалық қыры терең зерттелген [2, 4]. Терминологиялық жүйе-дегі терминдерде белгілі бір талаптар қойылады. Д.С. Лоттенің көрсетуі бойын-ша ол талаптар: терминнің дәлдігі, жүйе-лілігі, түсініктілігі, қысқалылығы т.б.

Білімгерлердің ғылыми тілмен сөйлеу дағдыларын дамытып жетілдірудің, пәнге қызығушылығын арттырудың ең басты негізгі жолдарының бірі - ғылыми мәтінмен тиянақты талдау жұмыстарын жүргізу. Пәндегі олқылықтардың тұына себеп оқушылардың ғылыми тілін дамыту жұмыстарының өз деңгейінде болмауы салдарына келіп тіреледі.

Материал неғұрлым көп болса, мәтіннің ғылымилығы артады, ал жатты-ғулар мен тапсырмалардың молдығы мәтін-нің ғылыми тілде жазылу сапасын көтереді деген ұғымнан аулақ болған жөн. Себебі білімгерлердің пән мәтінінің мазмұнын меңгерудегі қиындық оқулық тілінің ауырлығынан, терминдердің аударма-ларын түсінбеушіліктен туады. Сондай-ақ білімгерлердің ғылыми тілмен сөйлеу дағдыларын дамытудың жолы – оқыту үрдісінде оқулықпен немесе компьютермен шектелу емес, мұғаліммен педагогикалық бірлестікке негізделген тілдік қарым-қатынасқа түсір. Білімгердің ғылыми тілмен сөйлеуінің қалыптасуы мынадай белсенді ойлау әрекетімен байланысты: сараптау, саралау, салыстыру, талдап қорыту.

Ғылыми тілдің ұғымдары, атаулары туралы түсініктер беріп отыру мен мазмұнын айқындап отыру да мұғалімнің педагогикалық іс-әрекетіндегі басты орын алатындығын айқындайды. Өзара қарым-қатынас үрдісі бірлескен іс-әрекет негізінде орындалады. Жоғарғы деңгейдегі білім-герлердің ғылыми тілмен сөйлеу әрекеті оларға өздерінің ой-пікірі, сана-сезімі, талдау құқығы бар оқу үрдісінің белсенді мүшесі ретінде қатынас жасауға мүмкіндік береді.

Плакаттар, кестелер, сызбалар, сурет-тер, бейнефильмдер, терминологиялық катаралар, үнтаспаларды сабақта қолдану білімгерлердің көңіл күйі мен ынта, зейініне жағымды әсер етеді. Олардың сыртқы көрінісі талғампаздыққа, ішкі мазмұны ғылыми ойлылыққа жетелеп, пәнге деген құштарлықты ұштай түседі.

Мұғалімнің білімгерлердің сөйлеу әрекетіне белгілі бір талап қоюынан оқушыларда өзін-өзі бақылау дағдыларын пайда болады. Олар өздерінің ойларының дәлдігін, сөздіңайтылу жүйесін қадағалап, дұрыс сөйлеудің мазмұнына, айтылуына көңіл аударады. Осылайша білімгерлердің сөйлеу әрекеті дами отырып, олардың жауап беруі мұғалімнің сұрақ қоюымен шектелмей, енді қойылған сұраққа байла-нысты ой алмастыру, қорытынды жасау, пікірталас жасауға ұласады. Сөйлеу бел-сенділігі білімгерлердің мотивациясынан пайда болып, белсенді сөйлеу әрекеті бір әрекетінен екіншісіне ауысып, сөйлеу мәдениетін жетілдіре түседі.

Мұғалімге сөйлеу мәдениетімен психологиялық және арнайы біліммен қаруланумен қатар кәсіби бағытына қарай тілдік қарым-қатынасқа түсу дағдысын меңгеру – ең маңызды шарт. Мұғалімнің сөйлеу әрекетінің маңыздылығын Г.И. Щу-кина [3], А.Н. Ксенофонтова [4], өз еңбектерінде терең зерттеген.

Мұғалімнің тәжірибесі, іс-әрекеті, мінез-құлқы, тілдік қатынасқа түсуі, сөйлеу әрекеті, педагогикалық қарым-қатынастың ерекшелігіне байланысты. Мұғалімдердің тілдік қарым - қатынасты жетілдіру жұмыстарында Ж.Р. Бәшірованың «Педаго-гикалық қарым - қатынас» курсының бағдарламасын пайдалануға болады [5].

Сөйлеу дағдылары ауызша және жазбаша орындалған жұмыстарды орны-мен қолданылатын дағдылар жүйесінен, сұраққа сай қысқа да толық, қисынды жауап беруінен, оқыған немесе байқаған, көрген жайды тиянақты, ойды сөйлеу процесімен ұштастырып, ауызша да, жазбаша да мазмұндап беру дағдысынан құралады. Демек, адамның тіршілігінде тілдік қарым-қатынас процесі 3 түрлі ай-мақта тіл, ойлау, болмыс аймақтарында өтетіндігін көрсетеді. Сөйлеу – осы аймақ-тар жұмысының жиынтығы. Егер болмыс ойлауда көрініс тапса, ой – сөз арқылы сыртқа шығады. Ой мен өмір шындығының арасындағы шекара адам әрекеті болып табылады.

Бұл адамның қатесіз сөйлеуімен қатар кез-келген жағдайда кімге көңіл аударып қарауына байланысты, қарым-қатынас мақсатына сай, жеңіл түсінікті түрде тілдік қатынас орната білуіне қатысты болады.

Психологиялық - педагогикалық әде-биеттерде білімгерлердің көңілін бұруға әсер ететін мынадай бағыттар бөліп көрсетіледі: 1) оқытудың көрнекілік және техникалық құралдарын қолдану; 2) сұрақтар қою; 3) сөйлегенде мәтін арасына мақал-мәтел, сықақ, әзіл қосып отыру; 4) сөйлеудің жылдамдығы мен көтерің-кілігінің ауысып отыруы; 5) көңіл ауда-ратын арнайы этикеттік сөз орамдарын қолдану (өтінемін, көңіл аударыңыздар, есте сақтаңыздар, т.б.).

Бұл талаптар, әр мұғалімнің есте сақтағаны дұрыс. Мұғалімнің оқу-тәрбие жұмысында мәнерлі сөйлеуі мен оқуынаң мәні, сөйлеу техникасы: мақамы, дауысы алдыңғы орында тұрады.

Бұл талаптарды орындауда, ең алдымен әсер ететін ағдайды және ақпарат беретін обьектіні (сыныпты, аудиторияны) жақсы білу керек. Сөйлеу-әрекеттіңтұйық жүйесі емес, білімгерлер мен мұғалім-дердің мақсатты әрекеттерінің жиынтығы.

Мұғалімдердің бойындағы қаруы - терең білімі мен мағыналы сөзі. Білімді білімгерлерге тек сөз арқылы ғана жеткізе алады.

Д. Карнеги еңбегінде шешен сөйлеу үішн 4 ереже ұсынылған: а) өз мақсатына жету үшін сөзіңді табанды ұсыныспен бастау; ә) не туралы айтаныныңды нақты білу; б) өз - өзіңе сенімді болу; в) сөйлеуге жаттығу. Кімде-кім мейлі ол мұғалім, оқушы, ғалым болсын, өз сөйлеу тілінде осы 4 ережені сақтаса сөзден, істен ұтылмайтыны анық.

Сабақ түсіндіруде шебер сөйлеу шарт, айтылатын терминдерге көңіл бөлу ғана емес, сонымен қатар ол терминдердің қалай айтылатынына, мазмұнына, баяндау түріне көңіл бөлу керек. Сонда ғана сөздің дәлдігі мен айқындығы сөйлемнің шұба-лаңқы болуынан сақтайды. Сондай-ақ, білімгерлердің білім мен тәртіп деңгей-лерін, олардың жеке басның құқығын құрметтей отырып, әрбәрәмен тіл табыса білу мұғалім мәдениеттілігінің қажетті элементі.

Мұғалімнің құлаққа жағымды, мәнерлі дауысты игеруіне А.С. Макаренко көп көңіл бөлген. Ол «жақсы дауыс – мұғалімнің негізгі құралы» деп есептеген. Мұғалім білімді жеткізу барысында, өзінің сөйлеу мәдениетінен хабар береді. Себебі біреулері керемет таңқалдырып сөйлесе, кейбірі көркем де сұлу, ашық та жарқын сөзбен сөйлеп, қайсыбірі дәлелді сөзімен көзге түсіп тұрады.

Көпшілігі қарапайым сөзбен сөйлесе, кейде жеңіл жай сөзбен, кейде көмескі, дүдәмәл сөзбен сөйлейтіндері де кездесіп қалады. Дұрыс сөйлеуге мұғалім тәжіри-бесімен қатар білім қоры, сөздік қоры да қажет. Мұғалім сабақтың мазмұнының ерекшелігіне, сабақтың әдістемелік саты-ларына қарай сөйлеу деңгейін де көтеріп отыруына болады. Мұғалім тілінде көріксіз көмескі сөздердің көп болуы және басқа ұлт тілдерін араластырып сөйлеуі сабақ мазмұнын түсіндіруде қиындық тудырары сөзсіз.

Қорытындылай келе, ғылыми тілмен сөйлеу ғылым саласындағы білім мен ойлау операцияларының жетілуіне алғы-шарт ретіндегі әсер тигізеді. Ол білімнің сатылап дамуына, тақырыптың тез, әрі жеңіл меңгерілуіне, жаңа ұғым-түсінік-тердің оқушының білім қорын байытуына, білімді практикалық дұрыс әрі белсенді түрде қолдана білуге көмектеседі.

Ғылымның дамуы мен оның жетіс-тіктерін халық игілігіне пайдалану білім негіздерін ғылыми ұғымдар мен атаулар жүйесінің пайда болуына және оның қорының баюына әкеледі. Сондай-ақ осы ғылыми ұғымдарды игеруден адамның таным үрдісінің дамуы бастау алады. Ғылыми тіл – пән курсының тасымал-даушы құралы, мұғалім мен білімгердің бірлескен іс-әрекетінің нысаны. Ғылыми тіл – білімнің көзі іспетті сөйлеу әдісі ретінде қызмет атқарады. Ғылыми тіл –оқыту үрдісінің негізгі бөлігі ретінде пәндік білімнің негізі және мұғалім мен білімгердің сөйлеу әрекетін іске асырушы құрал қызметін атқарушы тіл.

Педагогика ғылыми тілдің, оның таным үрдісіндегі гносеологиялық және психологиялық маңызына сүйене отырып, білім мазмұнының басты құрылымдық бірлігі ретінде анықтайды. Ғылыми тілді саныл да терең меңгергенде ғана білімгерлердің қоршаған дүниені толық, бүтін қабылдауларына жағдай туғызуға және өз бетінше жан-жақты, белсенді әрекет ететін жеке тұлға ретінде қалып-тастыруға болады.

Білімгерлердің ғылыми тілмен сөй-леу мәдениетін қалыптастыруда оқу-тәрбие ісін ұйымдастыру жолдары мен оның ерекшелігі, мән-маңызы туралы мәселе күрделі де сан қырлы болғандықтан тереңдей зерттеуді қажет етеді.

ӘДЕБИЕТТЕР

1. Бордовский Г.А., Извозчиков В.А. Новые технологии обучения: вопросы терминологии. - М., 1993, №5.

2. Лотте Д.С. Основы построения научно-технической терминологии: Вопросы теории и методики. - М., 1961, 105 с.

3. Щукина Г.Н. Роль деятельности в учебном процессе. – М., 1986, 144 с.

4. Ксенофонтова А.Н. Совершенствование речевой деятельности учителя и учащихся в учебном процессе. Автореф. канд, пед. наук. - М., 1993, 27 с.



К содержанию номера журнала: Вестник КАСУ №2 - 2010


 © 2024 - Вестник КАСУ