Главная  | О журнале  | Авторы  | Новости  | Конкурсы  | Научные мероприятия  | Вопросы / Ответы

Тілдік орта қалыптастырудың жолдары

К содержанию номера журнала: Вестник КАСУ №2 - 2010

Автор: Дусипбаева Карлыгаш Советхановна

Адам баласының арасындағы аса маңызды қатынас құралы – тіл. Тіл – адамдардың өмір сүруінуің негізі. К. Ахановтың «Тіл біліміне» кіріспе оқулығында тілдің онтологиялық, филосо-фиялық негіздері туралы толық мәлімет береді. Бұл оқу құралының «Тілдің дамуы» атты тараушасында тіл екі түрлі заңмен дамитынын айтады: жалпы және жеке заңдар. Қоғам тілдің дамуына әсер етеді, бірақ тілдің дамуы қоғамның даму заңдары бойынша емес, өз дамуының ішкі заңдары бойынша іске асады. Тілдің даму заңдары қоғамның даму заңдарына сәйкеспейді. Біз тілді тек қолдану керекпіз. Тілдің заңы айрықша қоғамдық құбылыс ретіндегі жалпы тілдің заңына сәйкес келе ме немесе жеке, нақты тілдің жаңына сәйкес келе ме – міне, осыған қарай тілдің заңын оның жалпы заңдары (общие законы) және жалқы (жеке) заңдары (частные законы) тұрғысынан сөз етуге тура келеді. Жалпы заңдардың қатарына тілдің әр түрлі құрылымдық элементтерінің даму қарқынының біркелкі болмауын жатқызуға болады. Мысалы, тілдің сөздік құрамы мен граммтикалық құрылысының тұрақтылық дәрежесі біркелкі болмайды да, сөздік құрам қоғамдағы өзгерістерді тікелей көрсетіп, өзгеріске өте-мөте бейім болады, ал грамматикалық құрылыс өте баяу өзгереді. Демек, ол (грамматикалық құрылыс) сөздің құрамға қарағанда, тілдің анағұрлым тұрақты саласы болып саналады. Бұл – тіл атаулының барлығына бірдей тән, күллісіне ортақ жалпы заң. Тіл дамуының жеке (жалқы) заңы оның барлық саласын – лексикасын да, грамматикасын да, фонетикасын да қамтиды. Тілдің әрбір саласының өз заңы болады. Мысалы, қазақ тілі және т.б. түркі тілдерінде жуан дауыстыдан кейін жуан дауыстының, жіңішке дауыстыдан кейін жіңішке дауыстының келуін немесе алтай, қырғыз тілінде ерін дауыстылардан кейін міндетті түрде ерін дауыстының келуі аталған тілдердің фонетикалық заңдарының қата-рына жатады. Сингармонизм заңы – басқа тілдерге қарағанда, түркі тілдеріне өте-мөте тән заң. Бұл заң өз ішінде тармақталып кетеді, оның түрлі жақтары әр түрлі түркі тілдеріне тән болып келеді. Мысалы, ерін дауыстысынан кейін соған үндесе ерін дауыстысының келуі, яғни сингармонизмнің лабиальдық сингар-монизм деп аталатын түрі қазақ, қарақалпақ тілдеріне қарағанда, алтай, қырғыз тілдерінде әлдеқайда басым, соларға тән заң деп саналады [1].

Қазіргі уақытта тілдің дамуының жалпы заңдылығы қарқынды болып отыр. Себебі еліміздің мәдени-экономикалық жағы қарқынды даму үстінде. Бұл қоғамдағы өзгеріс болғандықтан, тілге әсер етпей қоймайды. Өйткені қоғамның болмыс тіршілігі тілде көрініс табады. Тілдерді дамыту дегеннен гөрі, тілдердің дамуына байланысты атқарылатын шаралар десек, дұрыс болар. Жоғарыда айтып өткендей, тіл өзінің жеке және жалпы заңдары арқылы дамиды. Мақаламызда ана тіліміздің мемлекеттік тіл дәрежесінде дамуына, Шығыс Қазақстан бойынша атқарылып жатқан іс шаралардың әсерін сөз етпекпіз.

Тілдік ортаны балабақшадан қалыптастыру - басты шаралардың бірі. Ана тілге деген сүйіспеншілікті балабақшадан бастасақ «Ел болам десең, бесігіңді түзе» деген халық даналығын толық мән-мағынасымен іске асырған болар едік. Осы орайда 26 мамыр 2009 жыл Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйыдастыруымен «Тіл бастауы - балабақ-шада» тақырыбында «дөңгелек үстел» оты-рысы болды. Дөңгелек үстелде «Мектеп жасына дейінгі балаларға мемлекеттік тілді оқыту жұмыстарын ұйымдастырудың ерекшеліктері» «Мектепке дейінгі меке-мелердегі тілдерді оқытудың шетелдік тәжірибесі» «Отбасындағы тәрбие және балаларды мемлекеттік тілге оқытудағы мектепке дейінгі мекемелердің рөліне» арналған мәселелер қамтылды. Тілдік орта үшін түсініктің қажеттілігін экономика ғылымдарының докторы Ерлан Арынның мына сөздерінен көруге болады. «Жапонияда болғанымда «Мицубиси-Корпорейшн» басшысынан «Сіздердің маман-менеджерлеріңіз қайда оқыған? Массачусетсте ме, Гарвардта ма?» деп сұрадым. Ол: «Біздегі ең үлкен менеджерлер өзіміздің ұлттық универ-ситеттерді бітірген. Олар тілді (жапон тілін – Д.Д.), мәдениетті, ұлт болмысын жақсы біледі, жапон қоғамымен жұмыс істесе алады» деп жауап қайырды. Әне, жапон түсінігі осындай…

Мен Павлодарға келгенде, «анау» деп, «мынау» деп кежегесі кейін тартқандар болды. Оларға айттым: «Бір ба-ла қазақша оқимын десе, жағдай жасаңдар. «Қазақша оқимын» деген талабы үшін бүкіл оқытушы оның айналасында жүгі-руіміз керек. Бұл – намысы бар, жүрегі бар, тілге сенімі бар бала деген сөз. Егер қазақ тобына қиянат жасасаңдар, сол күні жұ-мыстан қуамын» деп. Құдайға шүкір, бұл мәселе бізде реттелген». Бұл Е.Арынның тілдік орта қалыптастыруға қосқан үлесі.

Тілдік орта қалыптастыру үшін принципшіл, ана тілін құдірет тұтатын азаматтар керек. Мысалы, «Маған орыс-тілді БАҚ өкілдері сұхбат алуға келеді. Келісемін, бірақ қазақша деп шарт қоямын. Онда ала алмаймын дейді, мен де мейлі деп қоя саламын. Өйткені сұхбат маған емес, оған керек. Қажет болса, жолын тапсын. Бәріміз де сондай принципке көшуіміз керек. Дәрісті қазақша оқы, ешкім қуып шықпайды. Бұл Прибалтика мен Польша-ның принципі ғой…

Мен ойлаушы едім, Франция Еуро-палық одаққа кіргеннен кейін француз тілі қолда-ныстан қалған шығар деп. Қайдағы, барлығы тек французша сөйле-седі. Содан кейін ақшаны қайда шашады, дүние жүзіне француз тілін тарату үшін.» деген саясаттанушы Әзімбай Ғалидің пікірі әркімге де ой салары анық.

Тілдік орта қалыптастыруда э.ғ.к., Қойшымова Ғайни Қасымқызы көптеген семинар, конференция, ғылыми кеңестерде өз ойын қазақша жеткізеді. Ол деген біріншіден тілге деген сүйіспеншілік, құрмет, екіншіден мемлекеттік тілдің қажеттілігін арттырады. Егер осындай тіл қолданушылары көбейсе, тілдік орта Өскемен қаласында тез қалыптасар еді. Өкінішке орай екі тілді меңгерген жоғары лауазым иелері «Құрметті, әріптестер!, - деп бастап, Назарларыңызға рақмет!» деген штамп сөзбен аяқтайды. Сонымен сол шарадағы мемлекеттік тілдің өмірі осылай қысқа болады. Әрине жүрегің қан жылайды, өз еліңде, өз жерінде билік құра алмаған ана тіліміздің тағдыры осындай. Шығыс Қазақстанның әлеуметтік-демо-графиялық жағдайына байланысты және «тағдыры осындай» деп қарап отыруға болмайды.

Бұл бағытта Облыстық тілдерді дамыту басқармасында көптеген шаралар атқарылуда.

«Тіл ақпарат кеңістігінде: Тәжірибе және мәселелер» дөңгелек үстел өтті.

Көрнекі ақпарат тілі мемлекеттік тіл саясатының маңызды бір бөлігі болып саналатыны өздеріңізге белгілі. Жаңа экономикалық қарым-қатынастар қоғамдық өмірдің күнделікті тыныс-тіршілігінде жарнаманың маңыздылығын арттырып отыр. Онсыз жарнама беруші мен тұты-нушының арасында байланыс орнату мүмкін емес. Жарнама мәтіндерін ресім-деуде дизайнерлік, психологиялық талап-тармен қатар оның тілдік ресімделуі де өте маңызды [2].

Жарнама тілін реттейтін заңдар мен заңнамалық актілер елімізде жоқ емес. Мысалы «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Жарнама туралы» Заңдары мен ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодекстің арнайы баптарында жарнама мәтіндерінің ресімделуі анық көрсетілген, талап етілген. Өкінішке орай, аталмыш заңдардың талаптары барлық жерде мейілі ол мемлекеттік орган болсын, жеке меншік ұйым болсын сақталмайды. Бүгінде сауда, халыққа қызмет көрсету тағы басқа нысандардағы жөнсіз жарна-малардың көптеп шығуына жол берілуі жиілеп кетті. Еліміздің жаңа мемлекет-тігіне сай емес атаулар облыс орталығында қаптап тұр.

Міне осы себепті облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарма үстіміздегі жылдың 22 наурызынан – 22 сәуірі аралығында көрнекі ақпарат пен жарнама мәтіндерін біріздендіру мақсатында «Тілге құрмет – елге құрмет» айлығын өткізуде. Айлық аясында «Тілбұзарға - тосқауыл» тақырыбымен рейддер ұйымдастырылып, онда «Нұр Отан» ХДП-ның «Жас Отан» жастар қанатының, қоғамдық ұйымдардың өкілдерінен, мемлекеттік қызметшілерден, жоғары оқу орындары студенттерінен құ-рылған мобильді топтар көшелердегі көр-некі ақпарат мәтіндерін тәртіпке келтірді.

Облыс бойынша барлығы 60-тан астам рейд ұйымдастырылып, 2 мыңдай нысан қамтылды. Оның ішінде тек қана облыс орталығында 3 рейд ұйымдас-тырылып, қамтылған 500-ден астам нысанның 40 пайызында заңбұзушылық фактілерінің орын алғанын анықтадық.

Айлық барысында жүргізілген жұ-мыстар нәтижесі бүгінгі күні барлық аудан, қалаларда қорытындыланып жатыр. Соның бірі міне бүгін Өскемен қаласында «Көрнекі ақпарат тілі: тәжірибе және өзекті мәселелер» тақырыбымен өткізілуде. Семинар-кеңес күн тәртібіндегі мәселеге тікелей жауапты мемлекеттік органдар басшыларының, қоғамдық ұйымдардың, партиялардың, шағын және орта бизнес нысандары мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің басын қосып басты тақырыпты талқыламақшы.

Көрнекі ақпарат пен жарнама мәтін-дерін ресімдеуде заң бұзушылықтардың алдын алу, кемшіліктерді жою мақсатында қандай жұмыстар жүргізілуде? Біздің бүгінгі басты мақсатымыз осы болмақ. Сондықтан Сіздер семинар – кеңес жұмы-сына жауаптылықпен қарап, қажетті ше-шімдер шығарады деген сенімдемін.

2010 жылдың 9 сәуірінде Облыстық тілдерді дамыту басқармасымен С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың қазақ тілі және әдебиеті кафедрасының ұйымдас-тыруымен «Сауатты жарнама – тіл мәде-ниетінің көрінісі» атты «дөңгелек үстел» отырысы өтті. Дөңгелек үстелге ғалым-дармен қатар жарнама агенттіктерінің директорлары, қызметкерлері қатысты.

«Дөңгелек үстелге» қатысушылар ұсынған тақырыптарды талқылай келе, Өскемен қаласы бойынша жарнамалардың қателері көрсетіліп, оларды болдырмаудың жолдары ұсынылды. Лингвоэкологиялық орталық құру студенттер, ғалымдар және басқа мамандар арасынан қолдау тапты.

Облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен және «Нұр Отан» партиясы жастар қанатының қатысуымен мемлекеттік тілді насихаттау және ҚР «Қазақстан Республикасының тіл туралы» Заңының 21-бабының талаптарын түсіндіру үшін өткізіледі.

Акцияның басталуы - 15 қазан, аяқталуы 2008 жылдың 15 қарашасы.

Акцияның міндеті: көрнекі ақпарат құралдарында тіл заңнамаларының бұзылу себебін анықтау, оларды жою туралы ұсыныстарды әзірлеу, мәдениеттілік пен тіл тазалығын насихаттау, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту.

Акцияның мақсаты: ҚР «Қазақстан Республикасының тіл туралы» Заңының 21-бабы талаптарын түсіндіру арқылы тілдік ортаны қалыптастыру, мемлекеттік тілді насихаттау, оның қолдану аясын кеңейту. Көрнекі ақпаратта тіл заңнамаларының бұзылуын болдырмау.

Ономастикалық жұмыс және талдау бөлімінің бастығы Р. Төлемісованың Шы-ғыс Қазақстан облысындағы «Тілге қолдау-ататектен басталады» акциясы аясында өткізілген іс-шаралар туралы ақпаратына сүйенсек көрсеткіш төмендегідей:

Бұл көрсеткіш тілдік орта қалыптастыруға өзіндік үлесін қосады, дегенмен бұл акцияны басшылық үшін, жоғарыға беретін ақпарат үшін емес, рухани байлығымыз үшін, елдігіміз үшін іске асыру қажет. Құжат рәсімдейтін орындарға тіл жанашырларын, сауатты адамдарды қою керек. Олай болмағанда тілім, ұлтым деген азаматтардың жігеріне құм құйылады.

Облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарма мен С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті мемлекеттік ономастикалық жұмыс тұжырымдамасының талаптарына және үстіміздегі жылы «Нұр Отан» ХДП-ың бастамасымен өткен республикалық ғылыми-практикалық конференцияның ұсынымдарына сүйене отырып аталмыш конференцияны ұйымдастырды.

Конференция жұмысына облыстық ономастикалық комиссияның мүшелері, аудандық, қалалық ономастикалық комис-сиялардың төрағалары, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің бастықтары, облыстағы жоғары оқу орындарының ғалымдары, мемлекеттік қызметшілер, қоғамдық ұйым өкілдері мен журналистер қатысты.

Конференцияның мақсаты мен міндеттері:

Ономастиканың өзекті проблемалары бойынша және оның – антропонимия, топонимия, эргонимия, ойкономия сияқты негізгі салаларында ғылыми зерттеулерді дамыту; нормативтік құқықтық базаны жетілдіру және оның іске асырылуы жөнінде қабылданып жатқан шаралардың тиімділігін бағалау; ежелгі халықтық және тарихи қалыптасқан атауларға тұрғын-дардың құрметпен қарауын қалыптастыру мақсатында халық арасында түсіндіру жұмыстарын үйлестіру.

Конференция барысында тарих ғылымдарының докторы С. Игібаевтың, Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы университеттің профессоры Қ. Шаяхмет-ұлының, филология ғылымдарының канди-даттары Б. Бияровтың, Ш. Сейітованың, О. Сапашевтың баяндамалары тыңдалды. Ономастика мәселелерін шешудегі мемле-кеттік органдардың рөлін облыстық тілдерді дамыту басқармасы ономас-тикалық жұмыс және талдау бөлімінің бастығы Г. Құсманова айтып өтті. Күн тәртібіндегі ономастиканың өзекті мәселелері және оның құқықытық - заңнамалық қамтамасыз етілуі, қазақ антропонимиясындағы келелі проблемалар, титулатуралық және лауазымдық атау-лардың қазақ тіліндегі терминдену мәселе-лері секция отырыстарында өз жұмыс-тарын тыңғылықты орындады. Секция отырыстары филология ғылымдарының кандидаттары О. Сапашевтың, А. Әлім-ханның, Қ. Дүсіпбаеваның басшы-лығымен өткізілді.

Конференция қорытындысында тал-қыланған мәселелер бойынша ұсыным-дар қабылданып Қазақстан Республикасының Үкіметіне жолданды. Баяндамалар жинақ болып шықты [3].

29 қаңтар 2010 жыл Өскемен қалалық Достық үйінде «Мемлекеттік тіл - халық бірлігінің негізгі факторы» атты «дөңгелек үстел» отырысы болып өтті. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назар-баев Қазақстан халқы Ассамблеясының 2009 жылғы 26 қазанда өткен ХV сессиясында сөйлеген сөзінде мемлекет барша қазақстандықтардың қазақ тілін біртіндеп үйренуі үшін барлық жағдай-ларды жасап отыр. Енді Қазақстан халқы Ассамблеясы ел халқының мемлекеттік тілді меңгеруінің жалпыұлттық үдерісіне басшылық жасауы керек. Ол үшін ешкімге қысым жасамай және ешкімді төмендетпей, қажетті шаралар кешенін жүйелі де табанды жүзеге асыру қажет. Өзге этностардың өкілдерін қазақ тіліне оқытуда этномәдени бірлестіктердің бастамшылық танытуларына болады. Мемлекеттік тіл-ол халық бірлігінің негізгі факторы екенін баса айтқан болатын.

Қазақ тілін меңгеру әрбір азаматтың табиғи ұмтылысына айналуы тиіс. Алдағы жылдары барлық қазақстандықтар, әсіресе өскелең ұрпақ, мемлекеттік тілді меңгеруі қажет.

Мемлекеттік тілді білу азаматтың жеке бәсекелестікке қабілеттілігінің, мансаптық жылжуы мен қоғамдық-саяси өмірге белсенді қатысуының маңызды фак-торына айналуы тиіс. Мемлекет мемле-кеттік тілді оқып-үйренуге барлық жағдай-ды жасап отыр.

Бүгінгі күні облыста тұратын этнос-тардың қазақ тілін білу деңгейі мынаны көрсетіп отыр: татарлардың жалпы саны 24,5 мың болса, оның 68,7%-ы мемлекеттік тілді меңгерген, 26,1%-ы төмен деңгейде біледі. Орыс ұлты өкілдерінің 11%-ы ғана мемлекеттік тілді меңгерген, 86,5%-ы төмен деңгейді көрсетіп отыр. Ал, облыстағы белорусь ұлты өкілдерінің жалпы саны 4.525 болса, соның 8,1%-ы ғана мемлекеттік тілді меңгерген, қалған 73,3%-ы тілді білу деңгейінің төмен екенін көрсетті. Сондай-ақ, немістердің 16,1%-ы ғана мемлекеттік тілді меңгергенін көрсетсе, оның 68,9% -ы төмен деңгейде біледі. Украиндардың мемлекеттік тілді меңгергені 9,9%, 76,9%-ы төмен деңгейді көрсетіп отыр.

Қазір облыстағы 65 этномәдени орталықтардың жанында 10 топта 180 адам қазақ тілін оқып үйренуде. Бұл әрине аздық етеді. Оның 6 тобы 120 адам облыс орталығында оқиды. 2010 жылы облыстағы ересектердің мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін 68%-ға жеткізу көзделіп отыр.

Дегенмен, облыстағы этномәдени орталықтар негізінде жексенбілік мектеп-терде мемлекеттік тілді оқытудың жағдайы қандай, халықтың мемлекеттік тілді меңгеруін ұйымдастыруда шешілмей отырған қандай проблемалар бар, оларды оңды шешудің қандай жолдары бар? Міне, осы мәселелер бүгінгі «дөңгелек үстелдің» өзекті мәселесі болып табылады.

«Дөңгелек үстел» отырысының мақсаты: Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаетың Қазақстан халқы Ассамблеясының ХV сессиясында берген тапсырмасын орындауды ұйымдас-тыру. Ал, міндеттері: біріншіден, халықтың мемлекеттік тілді меңгеруінің жалпыұл-ттық үдерісін ұйымдастырудың рөлін айқындау; екіншіден, басқа ұлт жастарын қазақ тілін терең меңгерудің жолдарын қарастыру; үшіншіден, үйірмелердің сапа-сын жақсартудың жолдарын іздеу. Жалпы мемлекеттік тіл мәселесіне барлық этномәдени орталықтардың жетекшілері, Шығыс Қазақстан облыстық мемлекеттік органдардың басшылары, қала, аудан әкімдіктерінің қызметкерлері, саяси пар-тиялар мен мемлекеттік емес ұйымдардың басшылары, жоғары оқу орындарының және бұқараттық ақпарат құралдарының өкілдері «түртпек» үшін қатыспау керек. Осы дөңгелек үстел барысында осыдан 10-15 жыл бұрынғы мәселелер сөз болды. Бұл күнде әдістемелік құралдар жеткілікті. Мемлекеттік тілге бүгінгі көзқараспен қарау қажет. Кешегі ақпарат бүгін ескіріп жатыр. Қазақ тілін үйренем деген жанға Өскемен қаласында барлық жағдай жасалынған. Тек ниет болса болғаны. Кейбір жоғары лауазымды өзге ұлт өкілдері қазақ тілін, мемлекеттік тілді үйрену керек деп жалаулатсақ, өзімізден ары ұстаймыз деген сынай танытады..

Жоғары айтылған мәселелердің барлығы тілдің дамуын қамтамасыз ете отырып, лингвоэкология мәселелеріне жатады. Лингвоэкология ғылым ретінде экология мен лингвистиканы біріктіреді, тілдердің, адамдардың арасындағы тілдік тұлға мен оның қоршаған ортасы ретіндегі өзара байланысты оқытады. Бұл жерде тіл, адамның, қоғамның және табиғаттың араларындағы өзара қарым-қатынастардың тізбегінің алынбайтын компоненті ретінде қаралады. Тілдің дамуы мен жұмыс істеуі экожүйе ретінде ұсынылады, ал қоршаған әлем – тілдік концепт.

ӘДЕБИЕТТЕР

1. Аханов К. Тіл білім інің негіздері. Алматы, 2002.

2. Қазақстан Республикасының Заңы: Жарнама туралы. // Егемен Қазақстан.- 2003. - 26 желтоқсан

3. «Тәуелсіздік және өңірдегі ономастика мәселелері» атты өңірлік ғылыми-практикалық конференцияның мате-риалдары. - Өскемен: Рекламный Дайджест, 2009. -186 б.



К содержанию номера журнала: Вестник КАСУ №2 - 2010


 © 2024 - Вестник КАСУ