Главная  | О журнале  | Авторы  | Новости  | Конкурсы  | Научные мероприятия  | Вопросы / Ответы

Жаңа оқыту технологияларды қолдану процесіндегі студенттердің өздік жұмыстарын ұйымдастыру

К содержанию номера журнала: Вестник КАСУ №1 - 2010

Автор: Нигметжанова Г.К

Қазіргі жағдайда ғылымның, техника мен экономиканың дамуы кез келген елдің қоғамының тұрақты өсуін қамтамасыз ету-дегі негізгі факторларының бірі-білім беру-дің тиімді жүйесі болып табылады. Барлық қызмет саласындағы қарқынды өзгерістер күрделі процестерді іске асыруга қабілетті инновациялық түрде ойлайтын, білікті және құзыретті мамандарды даярлауда жаңа продуктивті тәсілдерді талап етеді.

Осыған байланысты қазіргі кездегі білім берудің міндеті күтпеген жағдайлардатез, әрі білімді шешім қабылдайтын, өз ісін жетік білетін және әр істе белсенді шығар-машылық жасауға қабілетті, кәсіби білігі жоғары мамандарды даярлау болып отыр.

Қазіргі кезде біздің елімізде жалпы білім беретін мекемелерде оқытудың сапа-сын көтеруге зор көңіл бөлінуде. Осыған орай білім берудің даму бағыты мен тенденцияларын қамтитын көптеген педагогикалық технология қолданылып жүргендігі мәлім.

Соның бірі – оқытудың модульдік технологиясы. Технологияның түп нұсқасы модульдік сипатта (модуль дегеніміз –қан-дай да бір жүйелік, ұйымның анықталатын, біршама дербес бөлігі).

Модульдік технология – дегеніміз оқулықтағы әр компоненті (мәтіндер, сұрақтар, жаттығулар) бір жүйенің бөлшектері ретінде қарастырылады және оқулық қызметтерін жүзеге асыруға тиіс.

Модульдік оқыту технологиясы өздігінен білім жетілдіруді жүзеге асыратын және де тек жұмыс қарқынын реттейтін ғана емес, сонымен қатар оқу материалдарының мазмұнын да реттейтін жекелей - саралап оқытудың бір бағыты болып табылады. Модульдiк технология студент өз бетімен толық және ішінара мақсатты дараланған бағдарлама бойынша оқып үйренетін білім беру процесін түрлендіреді.

Бұл технологияның басты ерекшелігі оқытудың негізі - оқу модулі. Студент-тердің өздік әрекет жасауының дамуына, оқу материалын, жеке тұлға қабілетін еске-ре отырып меңгеруге байланысты жұмыс жасау іскерлігін дамытуға жәрдемдесу. Оқытушы мен студенттің әрекет жүйесі модульдік бағдарламаны құрастырғанда бі-різді әрекет жасауында болады. Мазмұнды саралау және студентке көмегін мөлшер-леу, сонымен қатар оқу іс-әрекетін әр түрлі формаларда ұйымдастыру арқылы жүзеге асады.

Сонымен модульдік технология төмендегі 5 қадамға байланысты ұйымдастырылады:

1) Модульдің интеграциялау мақсатын анықтау;

2) Оқу сабағының типінің логикасына байланысты оқу элементіне бөлу;

3) Әр оқу элементінің мақсатын қалыптастыру;

4) Әр оқу элементінің мазмұнын анықтау;

5) Студентке арналған нұсқаулар мен кеңестерді құрастыру.

Оқу элементінің формасының ең оңай түрі былай құрастырылуы мүмкін:

Оқу модулін құрастыру тапсырмалардың студенттер мен оқытушының іс-әрекетінің алдына қойған талаптар жүйесіне сай болуы тиіс. Тапсырмалар: пән ішілік, пәнаралық байланыстарға сай болуы тиісті. Мазмұнына байланысты және танымдық, өздік әрекет сатысына байланысты саралануы тиіс. Проблемаларды және оларды шешуді іздеуге бағытталуы тиіс. Білімді меңгеру механизміне сай болуы тиіс. Модульдің мақсаттарымен интеграциялануы тиіс. Студенттердің іс-әрекеті, оны жақындағы даму аймағында өту тиіс. Өзін-өзі басқаруға бағытталуы тиіс. Тілдесу, қарым-қатынас жасау дағдыларын қалыптастыруға тиіс. Әр сабақта студенттің рефлексивті қабілетін іс-жүзіне асыруға тиісті:

Оқытушының ең маңызды міндеті – модульдік бағдарламалар мен модульдердің өзін құрастыру. Ал сабақ барысында ол мотивтейді, ұйымдастырады, бақылайды, яғни модульдік оқытудың потенциалын қолдана отырып, оқытуға рефлексивті басшылық жасалады. Бірақта модульдік оқытудың мынадай шегі бар:

1) Студенттердің оқу әрекетін өздік орындауға дайын болу сатысы;

2) Білім беру мекемелерінің материалының мүмкіншіліктері;

3) Модульге іс-әрекет мазмұнының өте үлкен көлемі енгізіледі. Ол уақыт дефицитін туғызады. Сондықтан ғалымдардың айтуы бойынша білім беру процесіне модульдік технологияны біртіндеп енгізу керек [1, 2, 3].

Қазіргі таңдағы педагогикалық технологияларды сипаттауда, яғни оқыту процесін жобалау және ұйымдастыруда А.С. Границскаяның ұсынған оқытудың адаптивті жүйе технологиясын қолданамыз. Ұйымдастырылған оқыту концепциясының негізінде оқытуды ұйымдастырудың жаңа моделі жатыр. Сабақтың ұйымдастыру құрылымы студенттердің өздік жұмыстарының уақытының көбеюіне мүмкіндік береді.

Сабақтың бір бөлігінде ғана оқытушы студенттерге білім береді, қалған уақытта студенттер өз бетімен жұмыс жасайды. Студенттер өз бетімен жұмыс жасап жатқанда, оқытушы кейбір студенттермен жеке жұмыс жасайды.

Оқытушы жаңаны түсіндіреді, студенттерге өздік жұмысқа тапсырмалар береді, сосын өзі бір студентпен тақтада жұмыс жасайды. Әр сабақта оқытушы бір нәрсеге үйрете отырып (жаңаны түсіндіреді, көрсетеді, жаттықтырады), жеке жұмыс жасайды (өздік жұмысты бақылайды, студенттерді өздік жұмыстан кезекпе-кезек босатып, жеке жұмыс жасайды). Студенттер бұл уақытта үш режимде жұмыс жасайды: оқытушымен біріге, оқытушымен дара, оқытушы бақылауымен өз бетімен. Студенттердің өздік жұмысы үйде жалғасады.

ОАЖ-ның шартында оқыту – тек қана жаңа информациямен қамтамасыз ету ғана емес, сонымен қатар өз бетімен жұмыс істеуге, өздік бақылауға, өзара бақылауға, білімді таба білуге, қорытындылар жасауға үйретеді. Өз бетімен жұмыс жасай білу – бұл студент жоғары оқу орында неге үйрену керектігі.

Оқыту үш этапта жүреді. Бірінші этапта оқытушы жаңа материалды түсіндіре отырып, студенттермен бірге талқыланған схема құрады.

Екінші этапта оқытушы студенттермен бірге жұмыс жасайды, Сосын түсіндіре отырып, студенттердің өздеріне схеманы аяқтауды ұсынады.

Үшінші этапта, бірігіп жұмыс істеу мүлдем болмайды. Ауызша жауап бергенде осы схеманы студенттер шпаргалка ретінде пайдалана алады.

Сонымен қазіргі таңда педагогикалық технологиялардың аса маңызды орын алып келетін қашықтық оқыту технологиясының өзіндік ерекшелігіне де тоқталып өтелік.

Қашықтық оқыту технологиясы – ол оқу мекемелеріне бармай білімді электронды почта, теледидар және интернет сияқты телекоммуникация жүйелері арқылы алу.

Қашықтық оқыту технологиясының негізгі ерекшелігі: барлық оқу материалдарын электронды жүйе немесе жазбаша түрде алғаннан кейін, студент өз жұмыс орнында немесе арнайы компьютерлі кабинеттерде меңгереді. Қашықтық оқытуда кеңес берулер мен студенттердің жұмыстарына басшылық жасау мен оларға пәнді өздік оқып меңгеруіне көмектесу оқытудың бір түрі ретінде болады.

Қашықтық оқыту технологиясының мүмкіншілігі болашақта лабораториялық практикумдарды өткізу мәселесін мульти-медиатехнологияларды, ГИС-технологияларды, имитациялық модельдеуді т.с.с қолдану арқылы неғұрлым жеңілдетеді.

Бүгінгі техниканы қолдану студенттердің оқу материалдарын теориялық және практикалық меңгеру қорытындысын тексеруде де мүмкіншілік береді. Бұл педагогикалық технологияның тиімділігі қашықтық оқыту технологиясы студенттің инди-видуалды қабілетін, қасиетін, темпера-ментін ескеруге және студент оқу курс-тарын әр түрлі дәйектілікте, тезірек немесе баяуырақ оқуына мүмкіншілік береді. Бұның өзі қашықтық оқыту технология-сының артықшылығын керсетеді.

Өздік жұмысқа оқытудың арнайы бағдарламасы төмендегілерді қамту керек:

- үйренушілердің мектепте, жоғары оқу орнында алған білімдер жиынтығын тереңдетуде, кеңейтуде өз танымдық қа-жеттіліктерін диагностикалауы;

- өздерінің интеллектуалдық, тұлға-лық және физикалық мүмкіндіктерін анық-тау, соның ішінде оқу орнында оқуынан тыс уақытын объективті бағалау;

- өздік жұмыстың мақсатын анықтау - жақын немесе алыс мақсатын, яғни, ол танымдық қажеттілікті қанағаттандыру үшін немесе мысалы, оқуды жалғастыру үшін керек деген сұраққа жауап;

- үйренушінің зерттеу объектін немесе осы таңдаудың өзі үшін дәйектемесін өз бетімен еркін таңдауы (осындай таңдау негізінде, мысалы шет тілін оқуда, Англия тарихын, Германияның поэзиясын, музыка-сын, Францияның өнерін және т.б. таңдау болуы мүмкін);

- нақты жоспарды, өздік жұмыстың қысқа және ұзақ мерзімді бағдарламасын жетілдіру. Егер, сабақ кезіндегі ұстазбен жұмыс осындай бағдарлама құруға үлгі болса, өте тамаша болар еді;

- өзін-өзі бақылау формасы мен уа-қытын анықтау. Бақылау формасы ретінде студент біреуге керек (сызба, жоба, аударма, реферат және т.б.), яғни, жұмыс нәти-жесі өзі үшін, өзгелер үшін тұлғалық мәнді жұмысты таңдап алғаны өте орынды болар еді [2, 4, 5, 6].

Жаңа технологиямен жұмыс жасау үшін төмендегідей алғы шарттар қажет: оқу процесін интенсивтендіруді жаппай қолға алу; студенттердің сабақтастығын болдырмау шараларын кешенді және жүйелі түрде қарастыру, оның ғылыми-әдістемелік, оқыту-әдістемелік, ұйымдастырушылық себептеріне үнемі талдау жасап, назарда ұстау, пәндік білім стандартымен жете танысу, білімді деңгейлес беру технологиясын игеру арқылы студенттерге білімді мемлекеттік стандарт деңгейінде игертуге қол жеткізу, оқыту процесін ізгілендіру және оны үнемі басшылыққа алу. Жаңа технологиялардың педагогикалық негізгі қағидалары: студентке ізгілік тұрғысынан қарау; оқыту мен тәрбиенің бірлігі; танымдық күшін жетілдіру және дамыту; танымдық және шығармашылық икемділігін дамыту; жүйелі жұмыс істеу және тағы басқалары. Сондықтан жоғарыда айтылған педагогикалық технологияларын талдау барысында мына факторлар ескерілуі керек:

- алынып отырған технологияның сабақтың тақырыбы мен мазмұнына сай болуы;

- тиімділігі, жүйелілігі және тағы да басқалары.

Қазіргі кезде оқу технологиясы өзі техникалық құралмен оқытуды қарастырып, бүгінгі таңда педагогикалық технологияны педагогикалық тапсырмаларды шешумен байланысты, педагогтің іс-әрекеті ретінде немесе алдын-ала жобаланған педагогикалық процестің тәжірибеде тұрақты және жалғастырмады шығаруы ретінде түсіндіріледі.

2005-2010 жылдарға арналған Мем-лекеттік бағдарламасына сәйкес, білім беру жүйесінде Қазақстанның Болон процесіне енуіне жағдай жасалынады және оқу про-цесін ұйымдастырудың дәстүрлі жүйесінің орнына студенттердің өздік белсенді жұ-мыс істеуін ынталандыруды, жеке білім траекториясын таңдауды, мобильділікті, академиялық еркіндіктің кеңдігін қамта-масыз ететін, әлемдік білім кеңістігінде білім беру құжаттарын тануға мүмкіндік беретін оқытудың кредиттік жүйесі енгі-зіледі.

Кредиттік жүйемен оқытудың басты ерекшелігі: әлемдегі білім берудің ең үздік технологиялық тәжірибелерін қолдана отырып, елімізге қажетті мамандарды сапалы дайындап шығару. Мұнда бұрыннан қолданылып жүрген оқытудың әдіс-тәсіл-дерімен қатар жаңаша көзқарас тұрғысында студенттің ізденуіне, сапалы білім алуына жағдай туғызу қарастырылған.

«Кредиттік технология» атауы сту-денттердің оқу жұмыстары көлемінің бі-рыңғайланған өлшеу бірлігін білдіретін «кредит» сөзінен шыққан. Кредит сөзінің мағынасы - сенім, яғни студентке сенім біл-діру арқылы оның білімін көтеруіне, өздік ізденісіне, әрбір өтілген тақырыпты шығар-машылықпен меңгеруіне жол ашу. Кре-диттік оқыту окытудың бірізді емес (сы-зықтық) жүйесіне жатады. Оқытудың біріз-ді емес жүйесі - студенттердің белгілі бір деңгейде (оқытудың қосымша түрі мен таңдауы бойынша компоненті) білім алу процесін жүйелі түрде жекелей жоспарлау мүмкіндігін белгілейтін, оқу процесін ұйымдастыратын тәсіл [7, 8, 9].

Оқытудың бірізді жүйесі студент-терге оқытудың логикасына сәйкес нақты мерзімде қатаң белгіленген көлемде жүйелі түрде кәсіптік білім бағдарламалары пәнде-рін оқуды көздейді.

Бірізді емес оқыту жүйесінің бірізді жүйеден айырмашылығы төмендегідей:

- оқу жоспарындағы әрбір пән бой-ынша оқытушылар мен студенттердің еңбек шығындарын бағалау үшін кредит жүйесін енгізу;

- жеке оқу жоспарын қалыптастыруда оқу жұмыс жоспарында қамтылған пәндер-ді студенттер еркін таңдай алады;

- жеке оқу жоспарын жасауға студент тікелей қатыса алады;

- оқу орнында профессор-оқытушы құрамы жеткілікті болған жағдайда студент өзі қалаған оқытушыны тандай алады, студент кейбір қосымша кредитті өздерінің қалаған уақыттарында алуға құқығы бар;

- студенттерге оқу траекториясын таңдауларына көмек көрсететін эдвайзер-лерді оқу процесіне қатыстыру;

- студенттердің әр пән бойынша оқу жетістіктерін бағалауда баллды-рейтингтік жүйені қолдану.

Оқу процесін ұйымдастыруда орта кәсіптік білім берудің білім беруге арнал-ған кәсіптік бағдарламаларының мазмұны орта кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті стандарттарына сәйкес анықталып, оқу жоспарлары мен бағдарламалары арқылы жүзеге асыры-лады.

Оқу жоспары үш түрлі формада дайындалады: 1) типтік оқу жоспары, 2) оқу жұмыс жоспары, 3) әp студенттің жеке білім траекториясын анықтайтын жеке оқу жоспары.

Кредиттік технологияның негізгі ерекшелігі - студенттің жеке оқу жоспарын құруында. Студенттің жеке оқу жоспары дегеніміз - эдвайзердің көмегімен әр оқу жылына берілген форма бойынша әрбір жеке студенттің білім траекториясын айқындауы. Ал эдвайзср (Advisor) - оқыту ба-рысында білім беру бағдарламасын меңге-руде және (жеке оқу жоспарын қалыптастыруда) оқу траекториясын таңдауға көмек көрсететін, студенттердің мамандықтарына сәйкес жетекшілік қызметін атқаратын кафедра оқытушысы.

Студенттердің өздік жұмыстары – оқу-әдістемелік әдебиеттермен және нұс-қаулармен қамтамасыз етілген, тест, бақы-лау жұмыстары, коллоквиумдар, рефераттар, шығармалар және есеп түрінде тексерілінетін нақты тақырыптар тізімдері бойынша өз бетінше оқуға бөлінген жұмыс; студенттердің категориясына байланысты ол СӨЖ - студенттердің өздік жұмыстары және сабақ кестесінде белгіленген аудито-риядан тыс, оқытушының басшылығымен студенттердің өздік жұмыстары болып бөлінеді.

Студенттердің өздік жұмыстары (СӨЖ) студенттерден өзін-өзі дамыту мен өздігінен білім алудағы қажеттіліктің туын-дауына сәйкес және алынған білімдері, іскерліктері, дағдылары мен компетенция-ларының орнықтылығына және тереңдігіне әсер ететін оқу процесінің сапасын интег-ралды бағалаудың маңызды факторы болады. СӨЖ барысында студент өз бағы-тын, ынтасын қорғай алатын және дәлелдей білетін, еркін сын тұрғысынан ойлау дағдысына ие бола алатын оқу процесінің белсенді мүшесі болады.

Оқытудың кредиттік жүйесінің мақсаты бірыңғайланған білім дипломда-рының айқындығы мен танылым, отандық білім беру жүйесінің халықаралық білім кеңістігінде үйлесуі болып табылады. Оқы-тудың кредиттік жүйесінің негізгі міндет-тері - білім көлемін бір ізге келтіру, оқытуды барынша даралау үшін жағдай жасау және студенттердің өздік жұмыста-рының рөлдері мен тиімділігін күшейту [10, 11, 12].

Қазақстанның орта кәсіптік білім беру жүйесіне оқытудын кредиттік техноло-гиясын енгізудегі басты міндет - осы жүйенің тұжырымдамасын жасау мақса-тында ұлттық ерекшеліктер мен қажетті-ліктерге негізделген кредиттік жүйені қолданудағы шетелдік тәжірибені мұқият зерттеп, олардың оң және теріс жақтарын қарастыру қажет.

Кредиттік жүйе бойынша студенттің білімін бағалау баллдық – рейтингтік жүйе бойынша жүзеге асырылады. Баллдық – рейтингтік жүйе бойынша ағымдық, рубеждік бақылау, өздік жұмыстың орындалуын бақылау, қорытынды ағымдық аттестация өткізіледі.

Рейтингтік жүйе қазіргі Қазақстанның барлық оқу мекемелерінде студенттердің үлгерім дәрежесін бағалауда қолданылады. Рейтингтік жүйе мақсаты – барлық оқытылатын пәндер бойынша студенттердің білім дәрежесіне объективті баға беру. Рейтингтік жүйе әрбір топқа, оқу жоспары бойынша берілген пәннің сағатымен есептелінеді. Пән бойынша білімнің қорытынды бағасына семинарлық және практикалық сабақтар, лабораториялық жұмыстар, баяндама конспект, реферат, аудиториялық бақылау жұмыстары енеді және олардың нәтижелері кезеңнен өту барысында ұпайлары есептелінеді.

Білімді бағалаудағы рейтингтік жүйе студенттердің өздік жұмысына бағытталып, студенттердің өз бетімен оқуы, өзін-өзі тануы мен өзін-өзі тәрбиелеу қасиеттері дамиды. Ол үшін студенттердің өзіндік іс-әрекет түрлерін дұрыс ұйымдастыра алу мен өзара сәйкесуі аса маңызды. Студенттердің өздік жұмыс жүйесі семестрдің алғашқы күнінен бастап ұйымдасуы қажет. Студенттердің өздік жұмысына арналған тапсырмалар кешіктіріліп берілуінің өзі студенттерді селқостыққа, жұмысқа шыдамсыздығын, психологиялық ауыртпашылығын, семестрдің басында жеңіл болып, семестрдің соңында ауыртпашылық күшінің түсуін байқатады.

Білімді бағалаудағы рейтингтік жүйені қолдану тәжірибесі тиімді нәтижені бере алады. Рейтингтік жүйенің ерекшелігі:

- Студенттердің өздік жұмыс жасау дағдылары дамып, шығармашылық потенциалы жоғарылайды;

- Сәттілікке апаратын жолдарды студент алдын ала және нақты біле алады (қажетті ұпайлар санын жинау);

- Жинаған ұпайлар санына, көлеміне байланысты студент пәннен немесе семестрлік емтиханнан босатылуы мүмкін;

- Студент топтағы рангтен жоғары болуға тырысады;

- Рейтинг жарысу элементін көрсетіп, оқудағы жағымды мәнге ие болады;

- Студенттің семестр бойы атқарылған жұмыстарын нақты бағалайды;

- Ағымдық және аралық бақылау рөлдері ерекше орын алады, себебі студент осы кезеңде 80% ұпайды алуға мүмкіндік туады және студенттің күнделікті жүйелі жұмысқа деген стимулы пайда болады;

- Бұл жүйе студенттердің оқу іс-әрекетін жүйелі басқаруға ынта береді;

- Рейтингтік жүйе студенттердің ақпараттық оқыту технологияларын меңгеру дағдылары қалыптасады;

- Студенттер өз іс-әрекетін стратегиялық түрде таңдауға мүмкіндік береді.

Рейтингтік жүйені модульдік және қашықтық оқыту технологияларында қолдану тиімді болып келеді. Себебі, олар бір-бірін толықтырып, оқыту процесін жетілдіруді қамтамасыз етеді [13, 14].

Модульдік-рейтингтік жүйе оқыту процесін ұйымдастырудың тиімді әдістердің бірі және студенттердің жұмысқа деген қызығушылығын оятады. Бұл жүйе оқытудың жетекші мақсаты ретінде өзін-өзі жетілдіру мен өзін-өзі дамытуына репродуктивті білімді алумен байланысты. Мұның өзі адекватты (дұрыс) өзін-өзі бағалауы дамиды және білімді бағалаудағы объективтілікті жоғарылатады. Модульдік-рейтингтік оқыту жүйедегі жетекші рөл төмендегі мақсаттармен байланысты:

1) Соңғы алынған нәтиженің жоғары деңгейге жетуі;

2) Студенттің жұмысқа деген комфортты жылдамдығы;

3) Студенттердің өз мүмкіндіктерін анықтай алуы;

4) Оқыту мазмұнының оңтайлы құрылуы;

5) Оқытудың түрлері мен формаларының интеграциясы [5, 14].

И. Унт тұжырымдамасында өздік жұмыс үшін дербес оқу тапсырмаларын орындауға басшылық ету деп қарастырады.

А.С. Границкая бойынша сабақта ерекше сызықтық емес түрде құру: бірінші бөлім – барлығын оқыту, екінші бөлім – екі процесті қамтиды. Студенттердің өздік жұмысы мен оқытушының жекеленген студенттермен дербес жұмысы. Тірек схемаларын пайдалану, жұппен жұмыс жасау, бейімделген көп деңгейлі тапсырмаларды орындау іске асырылады.

В.Д. Шадриковтың айтуынша әрбір студенттің қабілетіне қарай оқытуды көздейтін алты деңгей үшін оқу жоспары, бағдары және әлеуметтік құралдар жасалған қиындықтың алты деңгейі барлық студенттерді қамти отырып, әрбір студенттің қабілетіне қарай бейімдеу арқылы оқу процесін ұйымдастыруды көздейді [5, 13].

Қазіргі таңда кредиттік оқыту жүйе-сіндегі студенттердің өздік жұмыстарын ұйымдастыру рөліне көңіл бөлінуде. Сондықтан біз кредиттік жүйеде білім алатын студенттердің бейнесін сипаттауды жөн көрдік. Олардың дәстүрлі оқыту жүйе-сінен айырмашылығын көрсету және білім беру жүйесіндегі кредиттік оқыту бары-сында студенттің өздік жұмысын ұйым-дастыру мәселелерін де қарастыру қажет. Олай болса, студенттердің өздік жұмыс-тарын ұйымдастыру және өздік жұмысты орындауда іскерлік, дағды мен икемділік қасиеттерін қалыптастыру білім беру жүйе-сінде маңызды орын алады. Кредиттік оқы-ту жүйесіндегі студенттердің іс-әрекетін төмендегі кестеден (4 кесте) көре аламыз.

Студенттерге және оқытушыларға қойылатын талаптардың өзгеруі педагогикалық процесті ұйымдастыруда негізгі мәселелердің бірі болып қала береді. Алайда, дәстүрлі оқыту жүйесінің қызметі жаңа дидактикалық мазмұндарға толықтырылып отыр. Дәстүрлі оқыту жүйесінің талаптарына: ұйымдастыру (жұмысты жоспарлау, т.б), дидактикалық (оқу материалдарын нақты таңдау мен дайындау іскерлігі, оны айқын жеткізу, рухани қажеттіліктері мен танымдық қызығушылықтарын дамыту), перцептивті (тәрбиеленушілердің жан-дүниесін түсіну, психикалық ерекшеліктерін айқындау және эмоционалды жағдайын объективті түрде бағалау), коммуникативті (студенттермен, әріптестерімен, білім беру мекемесінің қызметкерлерімен педагоги-калық қарым-қатынасты орнату іскерлігі), суггестивті (студенттерге эмоционалды-еріктік әсер ету), зерттеушілік (педагогикалық процестер мен жағдайларды объективті бағалау және тану іскерлігі), ғылыми-танымдық (талғамдылық саласында ғылыми білімді меңгеру қабілеті) және пәндік (пәндік оқытудың кәсіби білімі). Сондай-ақ кредиттік оқыту жүйесін енгізуде арнайы талдаулар мен зерттеу барысында өзіндік ерекшеліктерді көрсетті. Бұл жүйенің тиімділігі көптеген елдерде кеңінен таралған.

1 кесте. Кредиттік оқыту жүйедегі студенттердің өздік жұмыстарын ұйымдастыру мен іскерлік, дағдыларын қалыптастырудағы білім беру моделі

Кредиттік жүйені эксперименталды апробациядан өткізуде төмендегі нәтижелерге қол жеткізген:

1) Кредиттік оқыту жүйесінде білім беру процесін ұйымдастырудың әдістемелік негіздері анықталды;

2) Білім алушылардың білімін бағалау, бағдар жасау және есепке алу формалары өңделіп, негізгі критерийлері айқындалды;

3) Студенттердің оқу-әдістемелік құралдары, мамандықтар мен пәндер бойынша оқу-әдістемелік құралдардың құрылымы мен мазмұны өңделіп, ғылыми-әдістемелік талаптары құрастырылды;

4) Аралық және қорытынды мемлекеттік бағдарды жүргізудің негізгі формалары қарастырылды;

5) Мемлекеттік білім беру стандарттың жаңа буындары өңделді;

6) Кредиттік оқыту жүйесіне сәйкесінше профессорлық-оқытушылардың тәрбиелік және ғылыми-зерттеу жұмыстары, оқу-әдістемелік жұмыстардың көлемін есепке алу әдістемелеріне негіз болуы [7, 13].

Сонымен кредиттік оқыту жүйесін қолдану оқу процесін ұйымдастырудың басты міндеті болып табылады. Мұның өзі білім алушылардың өз бетінше (өздік) жұмыс жасау қабілетін қалыптастырып, белсендіреді.

ӘДЕБИЕТТЕР

1. Бабанский Ю.К. Оптимизация процесса обучения. – М., 1997.

2. Беспалько В.П. Педагогика и прогрессивные технологии обучения. - М., 1995.

3. Бордовский Г.А., Извозчиков В.А. Новые технологии обучения: Вопросы терминологии // Педагогика. - 1993. - №5.

4. Давыдов В.В. Теория развивающего обучения. - М., 1996.

5. Қабдықайырұлы Қ., Монахов В.М. Оқытудың педагогикалық жаңа технологиялары. - Алматы, 1999.

6. Кусаинов Г.М. Новая педагогическая технология: методология, теория и практика. - Усть-Каменогорск, 1997.

7. Мировые образовательные технологии: основные тенденции, проблемы адаптации и эффективность //Материалы респ. науч. - метод. конф. - Алматы, 1997.

8. Питюков В.Ю. Основы педагогической технологии. - М., 1997.

9. Воспитание детей в школе. Новые подходы и новые технологии. - М., 1978.

10. Давыдов В.В. Философско–пси-хологические проблемы развития образования. - М.: «Педагогика», 1981.

11. Данилов М.А. Процесс обучения в советской школе. - М.: «Учпедгиз», 1960.

12. Демин М.В. Природа деятельности. - М., МГУ. 1984.

13. Дьяченко В.К. Новая педагогическая технология и ее звенья. Демократическая система обучения по способностям: монография. - Красноярск: КГУ, 1994.

14. Щуркова Н.Е. Новые технологии воспитательного процесса. - М., 1994.



К содержанию номера журнала: Вестник КАСУ №1 - 2010


 © 2024 - Вестник КАСУ