Главная  | О журнале  | Авторы  | Новости  | Конкурсы  | Научные мероприятия  | Вопросы / Ответы

Болашақ технология мұғалімін көркемдік-конструкторлық іс-әрекетке кәсіби даярлау

К содержанию номера журнала: Вестник КАСУ №1 - 2010

Автор: Килыбаева Г.К.

Қазіргі уақытта маман бойына қойылатын қатал талап пен мұғалім әрекеті арасында қарама-қайшылықтар байқалады және педагогикалық оқу орындары түлектерінің кәсіби деңгейіндегі айырмашылықтар жиі кездеседі, мұғалімдер дайындаудың типтік жүйесі мен оның жеке шығармашылық әрекеті арасында да қайшылықтар бар.

Бұл педагогтардің қоғамнан алшақтауы, студентпен және ұлттық мәдениетке көңіл бөлмеуінің салдары педагогикалық білімде технокреактивті зерттеу мен экстенсивті әдістер керектігін көрсетті. Білім беру құрылымында оқу-тәрбиелеудің жаңа типтегі мекемелері пайда болды (лицей, гимназия, тереңдетіліп оқытылатын жалпы мектептер), және білім беру қызмет аясы кеңейіп, оқыту мен тәрбиелеудің жаңа технологияларды қажет етті. Оқытушылардың кәсіби даярлығы мазмұнын жетілдірудің маңызды тұжырымдамалық бағыты болып білім, ғылым, өнер, өндіріс және өнеркәсіптің байланысы саналады. Бұл бағыттың жүзеге асуын ғалымдар көркем - конструкторлық іс-әрекетті жобалау саласындағы болашақ мамандардың шығармашылық даярлығымен байланыстырады. Кәсіби даярлықтың мазмұны мен мақсаты бағыттылығын анықтайтын сыртқы факторлардың бірі - болашақ технология мұғаліміне интеллектуалдық және пәндік- түрлендіргіш іс-әрекет бірлігін жүзеге асыратын қазіргі жасампаз еңбек түрлеріне белсенді араласуға алғы шарт жасау болып отыр.

Бұл мәселені шешудің бір жағы мұғалімнің құзыреттілігіне де байланысты. Сластенин В.А. тұлғаның кәсіби педагогикалық бағыттылығын мұғалімнің құзыреттілігінің белгісі деп санаған. Оның ойынша құзыреттілікке мыналар жатады:

- тұлғаның танымдық кәсіби-педагогикалық бағытын анықтайтын қасиеттері;

- оның психологиялық дайындығын талап ету;

- арнайы дайындығы көлемі мен құрамы;

- мамандығы бойынша әдістемелік деңгейінің мазмұны.

Ал А.К. Маркова болашақ мұ-ғалімнің кәсіби құзыреттілігіне мыналарды жатқызады:

- кәсіби-педагогикалық білім;

- кәсіби-педагогикалық шеберлік;

- кәсіби-негізгі қасиеттер, танымдық, мотивациялық сферасы;

- кәсіби-педагогикалық позициялары (тұрақты қатынас жүйесі, оқушыға, өзіне, әріптестеріне оның әрекетін анықтай-тындай болуы).

Сондықтан да біз кәсіби құзырет-тілікті жан-жақты және өзара бір-бірімен байланысты үш компоненттен құралған-дығын айтуымыз керек. Олар:

- кәсіби білім;

- кәсіби шеберлік;

- педагогикалық әрекеттегі кәсіби ерекше қасиеттер.

Осы аталған үш компонент маман тұлғасын дамытуда бір тұтас жүйе ретінде қолданылады. Сонымен қатар олар бір-бірін қайталамайды, күрделі диалекти-калық қатынасқа түседі, сол арқылы әр компонент педагогикалық әрекет кезінде не құрал, не сілтеме, немесе даму нәтижесі ретінде қолданылады. Кәсіби іс-әрекетін іске асыру барысында мұғалім түрлі педа-гогикалық әрекет түрін атқарады, жетекші, тәрбиеші, пән мұғалімі, ұйымдастырушы, ұжым мүшесі.

Кәсіби міндетін атқару үшін мұғалімге педагогикалық ғылым негізінде әдіснамалық, теориялық білім талап етіледі. Білім теориясы, оқыту мен тәрбиелеу әдістемесі, жоғары мектепке жетекшілік етумен басқару теориясы. Сондықтан жалпы педагогикалық білім жүйесін болашақ бастауыш сынып мұғалімдері өзара байланысты, өзара шартты, жеке мәнді тұтас жүйе ретінде меңгеруі тиіс.

Еңбекке оқытуда еңбек мәдениетін қалыптастыру мәселелерімен бірқатар ғалымдар (В.В. Белич, С.Е. Матушкин, П.И. Чернецов, Г.Т. Хайруллин, Ш. Таубаева, Г.А. Уманов, В.В. Трифонов, М.С. Молдабекова, М.А. Құдайқұлов) айналысқан.

Еңбек (технология) пәні мұғалімін кәсіби даярлау мәселесі де (У.Н. Нышанәлиев, Қ. Дүйсенбаев, Ю.К. Васильев, М.Ж. Қозыбақов, Қ. Өстеміров, Г.Ш. Альназарова, Б.А. Альмухамбетов, З.А. Батыгов, Л.Н. Трубина, А.Ш. Манабаева және т.б.) зерделенген. Кәсіптік-техникалық білім жүйесіне инженер педагогтарды даярлау проблемасын А.П. Сейташов, О. Сыз-дықов, У.О. Мұсабеков, Б. Әбдікарімов, Б. Момынбаев, Л.Х. Мажитова қарастырған.

Конуструкторлық-технологиялық білім беру мәселесін Э.Ф. Зеер, В.И. Качнев, Г.В. Кирия, А.Ш. Байтанаева, Л.А. Болотина, К. Иллиаш және тағы басқа зерттеген. Мектептерде дизайнерлік білім беру проблемасымен айналысқан ғалымда да (Н.И. Алексахин, Г.П. Калинина, В.П. Сидоренко және т.б.) баршылық.

Оқу көркемдеп құрастыру көркем шығармашылық мәселелеріне Ю.М. Али-ев, А.И. Ковешников, Ф.Ф. Бадуристый, А.Л. Безмоздина, С.А. Гарибян және т.б. ғалымдардың еңбектері арналады.

Болашақ бастауыш сынып мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігі деп фундаменталды пәндер бойынша психологиялық, педагогикалық білімі; практикалық кәсіби шеберлігі; кәсіби біліктілігін, кәсіби қасиеттерін дамытуға қолдана алатындай деңгейді айтамыз.

Болашақ бакстауыш сынып мұғалім-дердің кәсіби құзыреттілігінің компоненттері:

- кәсіби білім (пәндер негізінде);

- арнайы психологиялық-педагогикалық, дидактикалық білімі;

- кәсіби шеберлігі;

- оқу орнындағы кезде жетілген кейбір тұлғалық кәсіби қасиеттері.

Дизайнерлік білім беру проблемасы Батыс мемлекеттерінде табысты шешімін табуда. Бұл тұрғыда Ұлыбритания мектептерінің тәжірибесі аса қызығушылық туындатады, олардың бағдарламасы дизайн-ды (жобалық мәдениет) ескере отырып жасаған. Бұл салада зерттеумен А. Ронольд, Дж. К.-Джонс және т.б. айналысқан. Олардың бағдарламаларының басты идеясы - дизайнды жалпы білім беру жүйесінің құрамдас бөлігі ретінде қарастыруды ұсынады. Ғалымдардың пайымдауынша, дизайн қоршаған ортаны танып – білудегі функциональдық әдістерді қарастырады.

Қазіргі білім беру теориясы ақпарат-та-репродуктивті оқытудың орнына бел-сенді-шығармашылықка, танымдық-нәти-желілікке оқытуды көздейді. Білім беру жүйесінің әрбір кезеңінде шарттарды, ұй-ымдастырылған формаларды, оқыту әдіс-тері мен амалдарының талаптарын таңдау қажет.

Психологиялык-педагогикалық әде-биеттерге жасаған талдау оқу-шыгарма-шылық әрекеттердің мәнін ашатын белгі-лердің жиынтығын атап көрсетуге мүмкін-дік береді, олар, М. Махмутов пен А. Мати-нин айтқандай, оку, проблемалық тапсыр-маларды шешуге бағытталады. В.И. Андре-ев пен А.Ф. Эсауловтың пікірінше, оқу-шы-ғармашылық әрекеті - педагогикалык. тұрғыда басқаруға болатын іс-әрекет, алай-да баскару жанама және перспективалық басқару құралдарының негізінде жүзеге асады. В.И. Андреев пен Я.А. Пономарев оқу-шығармашылык (дизайнерлік) әрекет-тің тиімділігі формальды-логикалық даму деңгейімен шектелмей, көбінесе эвристи-калық, сезімдік ой-өріс әрекетіне де байла-нысты болады деген пікір айтады. Олардың бүл ойымен толық келісуге болады.

Педагогикалық оқу орындарында көркемдеп құрастыруға оқыту тұжырым-дамасы болашақ технология мұғалімін кә-сіби даярлауда мәдени құрастырушы факторы ретінде қарастырылады. Педаго-гика мен дизайнның байланысы мұғалімде шығармашылық, педагогикалық және ди-зайнерлік сипатгағы іскерлік ойды қалыптастыруға бағыттаумен анықталады. Педа-гогикадағы дизайн - болашақ технология мұгалімнің ой-өрісін дамыту, жетілдіру деген түсінікті береді.

Арнайы әдебиеттерде құрастыруды екі түрге бөліп қарастырады: кәсіптік және оқу. Кәсіптік көркемдік құрасты-руды жобалык іс-әрекет процесі деп қабыл-дау қалыптасқан. Оның объектісі болып суретші-конструктор бақылауында индустриалды әдіс арқылы шығарылатын тұрмы-стық және өндірістік бұйымдар саналады.

Оқуды құрастыру дегеніміз студент-тердің әлі жететін оку, көркемдік-конс-трукторлық және техникалық тапсырма-ларды шешуімен байланысты. Оку, көркемдік-конструкторлық іс-әрекеті кәсіптік әре-кеттен мынандай белгілер бойынша ерек-шеленеді:

1) объект міңдетті түрде жаңашыл сипатта болады және бұл, жоба міндетін шешетін субъектіге тән қасиет, әйтсе де осы дәлелдеме психологиялық тұрғыда көркемдік-конструкторлық тапсырмаларды өнертапқыштықпен бір қатарға қоюы мумкін;

2) ізденіс жобасының мақсаты конс-трукторлық идеяларды табумен шектеледі және күрделі емес тапсырмалар арқылы жалғасын табады;

3) студенттер құрастырудың кешенді әдістері мен тәсілдерін меңгеру процесінде көптеген тапсырмаларды басынан аяғына дейін өздері жеке шешеді, немесе топтасып шешеді.

Болашақ бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби құзыреттілігі жоғары мектеп оқу орнында, уақыт талабына сай теорияны-практикамен байланыстыра оқу арқылы жетіледі. Теориялық пәндерден алған білім, ғылыми-теориялық мәселелерді негізі болып саналады.

Педагогикалық практикада мұғалімнен білімін қайта құруды талап етеді. Бір жағынан, ол бір проблемаға байланысты синтезделген, біріктірілген болса, екінші жағынан, ол тәжірибемен дәлелденуі тиіс, яғни шеберлік, практикалық міндеттерді шешу.

Технологиялық білім мен кәсіби құзыреттілікті, технологиялық шеберлікті, технологиялық қасиеттерді болашақ бастауыш сынып мұғалімдері педагогикалық практика кезінде жетілдіреді.

Оған тікілей әдіскерлер, жетекші педагог, жоғары мектеп оқытушылары бағыт беріп отырады және практикада болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің технологиялық құзыреттілігін жетілдіруде түрлі факторлар ықпал етеді. Педагогикалық-психологиялық әдебиеттерде ғалымдар ішкі-сыртқы факторларды атаған.

Ішкі факторлар тобына - ғалымдар (А.А. Леонтьев, С.Л. Рубинштейн, тағы да басқалары) психологиялық ерекшелікке: мотив, қызығу, тағы да басқа психологиялық процесстердегі ерекше орын алатындарын жатқызған.

Сыртқы фактор тобына – іс-әрекет кезіндегі шартты жағдайлар жатады, өйткені іс-әрекетті орындау үшін мақсат, міндет, реттілік талап етіледі. Сондықтан, ішкі факторлар сыртқы факторлар арқылы анықталады. Сыртқы факторлар екіге бөлінеді:

- әлеуметтік фактор, яғни әлеуметтік-экономикалық дамуға байланысты топтар;

- ұйымдастыру-педагогикалық факторлары, яғни оқу процессі кезіндегі тәрбиелік шараларды ұйымдастыра білу.

Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің технологиялық құзыреттілігін жетілдіруге факторлардың әсерін зерттеу үшін өзара байланысты компоненттен құралған әдістемені алдық:

- студенттерге сауалнама жүргізу;

- арнайы бағдарлама бойынша студенттермен әңгімелесу;

- білім беру мекемелерінің мұғалімдеріне сауалнама жүргізу;

- педагогикалық практика жетекшілерімен әңгімелесу;

- жоғары мектеп оқу орнының оқытушылары, әдіскерлері және тағы да басқаларымен әңгімелесу;

- педагогикалық практика бойынша студенттердің есебіне, құжаттарына анализ жасау.

Оқытудың инновациялық және дәстүрлі құралсыз әдістемелер ақпараттық ағымға болжам жасауда, оқу материалын түсіну мен сараптауда, танымдық әрекеттерді біріктіре ұйымдастыруда қиындықтар туғызады. Оқу-танымдық әрекеттің тірек құралдары мен адекватты дидактикалық құралдары жоқ деуге болады. Білім беру технологияларының операциялы компонентінің арсеналы шектеулі және білімді мең-геру үрдісі мен басқаруының төмендеуінен әлі күнге дейін мұғалімдердің кәсіби-атқарушылық қабілеті мен өнімді дамуына мән беріледі.

Осы аталған қиындықтарды жоюға талпыну, білім меңгеру үрдісін басқаруға, білім сапасы мен педагогтың іс-әрекеттің нәтижелері кәсіби-білгірліктің жеке инновациялық технологиялық элементтерінің пайда болуына әкелді. Олар, жобалау, стандарттау, мониторинг, оқу мен дидактикалық үрдісті құрал жабдықпен қамтамасыз ету.

Бірақ осының бәрі бір мәнді болмаса, тек техникалық тәсілдер мен құралдарды техникалық қабылдау ғана болып табылады. Білім жүйесін құрудың тиімділігі, оқытудың технологияландырылған пәндік әдістемелер арқылы студенттердің жеке жетістіктерін көрсету.

Қазіргі болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің технология жағынан білімінің жетіспеушілігі педагогикалық іс-әрекеттің тиімділігін арттыруға мүмкіндік бермейді және олардың технологиялық құзыреттілігінің сапасын жаңа бөлімдер бойынша толықтырудың қажеттілігін көрсетеді.

Дизайнерлік іс-әрекеттің мәні мен жобалық тапсырмаларды шешу квзең-деріне де бірқатар еңбектер арналған (Н.П. Валькова, Ю.А. Грабовенко, Е.Н. Лазарев, П.Е. Шпара жөне т.б.). Олардың біразы жобалық іс-әрекетке өздерінің анықта-масын береді. Бірқатар зерттеулерде көр-кемдеп құрастырудың бірізді кезеңдері, суретші-конструкторлардың жұмыс түрлері қарастырылады. Зерттеу барысында біз жобалық іс-әрекетке берілген анықтамаларды және көркемдеп құрастыруға берілген кезеңдерді жүйеге келтіріп, топтасты-рамыз. Аталған зерттеулерде бізге қажет-тісі құрастыру процесі емес, конструктор-лық түпкі ойдың дамуына талдау беру, яғни оның жүзеге асырылуы болып саналады. Өйткені түпкі ой тапсырмаларды жобалау шарттарын меңгеру мен түсіну нәтижесінде туындайды. Ол суретші-конструктордың ақыл-ой белсенділігіне байланысты. Алғашкы кезде олар ерікті, яғни сезімдік түрде байқалады. Келесі сатыда қойылған мәселе мақсатқа бағыт-талады. Ең соңында үздіксіз ойдын нәти-жесінде "жетекші идеялар", бейнелер таңдалады, олар түпкі ойдың немесе белгілі бір варианттың негізін құрайды. "Жетекші идеялардың" негізінде суретші-конструк-тор өзінің үлкенді-кішілі келесі іс-әре-кетінде алдағы уақытта істелетін ісінің жоспарын болжайды. Нәтижесінде көркем-дік-конструкторлық ұсыныста көрініс тапқан түпкі ойдың іске асуын дизайнердің іс-әрекеті деп атауға болады. Көркемдік-конструкторлық ұсыныс жобалаушының келесі іс-әрекеттеріне даярлығын анық-тайды.

Қазіргі жағдайда оқу-дизайнерлік әрекеті мотивациясын зерттеу студенттің өзінің шығармашылық мүмкіндігін неғұр-лым жоғары деңгейде көрсете алатындай шарттарын қарастыру қажеттігін туын-датады. Студенттердің дизайнерлік іскерлігін қалыптастырудың дидактикалық мақсаттарын жүзеге асыруда елеулі нәтижеге практика жүзінде мынадай үш тапсыр-маның шешімін практикада тапқанда ғана жетуге болады: а) сабақта студенттің мұға-лімге деген сенімділігін арттыру үшін пси-хологиялық жағдай жасау; ә) студенттің алдына қойған мақсатына жетуіне та-нымдық әлуметін белсендендіру; б) кәсіби-дизайнерлік іс-әрекетке моделдер арқылы оқыту.

Болашақ технология мұғалімі тұлға-сының белсенді кәсіби ұстанымын дамы-тудың шарты болып ең алдымен топтас-тырылған өзара әрекеттестіктің кәсіби да-мытудағы және оқытудағы әсерін жетілдіру саналады. Оқу тобы талапқа сай ұйым-дастырылған әлеуметгік-психологиялық құрылым болуы керек. Өйткені онда болашақ мұғалімнің кәсіби түлғалық танымы калыптасады.

Студенттерді көркемдік-конструк-торлық іс-әрекетке даярлау технологиясы "талдау + жобалау + талдау + бағалау + ұдайы өндіріс" принципі бойынша жүзеге асады. Ол "Арнайы сурет", "Көркемдеп құрастыру және жобалау негіздері", "Сәндік-қолданбалы шығармашылық" сияқ-ты арнайы курс көлемінде оқытудың проб-лемалық-жобалық және эвристикалық әдіс-терінің бірлігі негізінде жүргізіледі. Көр-кемдеп құрастыруға оқыту кәсіптік-дизай-нерлік іс-әрекеттің ұйымдастырылған формалары, құралдары мен әдістеріне психо-логиялык-педагогикалық талдау беру негізінде ұйымдастырылады.

Көркемдік-конструкторлық іскерлікті анықтау мен жіктемелеуде біз О.А. Абдуллинаның, В.А. Сластениннін, Н.А. Томин мен Н.Ф. Белокурдың, Н.М. Яковлеваның зерттеулерін негізге алдық. Көркемдік-конструкторлық іскерлік пен зерттеу іскерлігінде де (инженерліктен баска), практи-калық іс-әрекеттерде кездесетін кейбір өзгерістерді ескермегенде, ортақ мәселелер көп кездеседі. Біз болашақ технология мұғалімінің көркемдік-конструкгорлық, техникалық іс-әрекет түрлері бойынша көркемдік-конструкторлық іскерлігінін ал-ты топқа бөлінген жіктемесін ұсынамыз (Кесте-1).

- көркемдік-конструкторлық іскерлік-терді меңгерудегі міндеттердің кәсіби мәнін түсіну;

- нақты көркемдік-конструкторлық іскерліктерді меңгеруге дәлелдеме-себептер және мақсат қою;

- көркемдік-конструкторлық іскерлік-тер негізінде көрініс алған білімді қалыптастыру және көкейкестілендіру;

- әрекеттер мен операциялардың нақты бірлігі ретінде әр іскерліктің мазмұнын ашу; көркемдік-конструкторлық іскерліктерді меңгеруде теориялық және практикалык іс-әрекеттерді ұйымдастыру фор-маларын айқындау;

- көркемдік-конструкторлық іскер-лікгердің қалыптасу деңгейін қадағалау, шығармашылық әрекеттер нәтижесін баға-лау.

Сонымен қорытындылай келе болашақ бастауыш сынып мұғалімінің көркемдік-конструкторлық іс-әрекетке кәсіби даярлану мәселесі өте күрделі үрдіс екендігі ескеріліп, болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің технологиялық құзыреттілігінің жоғары оқу орны кезеңінде жетілуін зерттеуге қызығушылық артып отыр. Бұған дәлел - В. Адольф, Ю.В. Койнова, Н.Е. Костылева, С.В. Мельшина, Л.А. Петровская және тағы басқаларының жарияланымдары мен диссертациялық жұ-мыстары. Бұл еңбектердің негізгі міндеттері болашақ бастауыш сынып мұға-лімдерінің кәсіби құзыреттілігі жетілуінің әр түрлі әлеуметтік-психологиялық, дидак-тикалық, маркетингтік мәселелерін шешуге бағдарланған. Бірқатар ғалымдар бұл мәсе-лелерді жоғары технологиялық білім берудің неғұрлым іргелі міндеттерін шешу аясында зерттейді.

ӘДЕБИЕТТЕР

1. Еңбекті оқьпу әдістемесінен іс-тәжірибелік жүмыстары. Оқу құралы. –Алматы, Қаз. мемл. кыз. ПИ, 1997. - 30 б.

2. Кенжебеков Б. Маманның кәсіби құзыреттілігінің теориялық негізі. // Бастауыш мектеп. - 2004. - №7. - 3-7 б.

3. Мектеп оқушыларын еңбекке баулуда дәстүрлік ерекшеліктердің қалыптас-тыруы // Ғылыми және әдістемелік еңбектер жинағы. - Алматы, ҚазМемл-ҚызПИ, 2001. - Б. 137-139.

4. Болашақ еңбек пәнінің мұғалімдерінің кәсіби даярлығы // I Халықаралық ғылы-ми-практикалық конференциясы материалдары. - Алматы, "Сымбат" сән биз-несі академиясы, 2000. - Б. 244-247.

5. Варданян В.А. Теория и практика развития творческого потенциала личности: на материале изобразительной Деятельности учащихся художественно-гуманитарной гимназии. - Саранск, 1997.

6. Жантлеуова Ш.К. Профессиональная компетентность будущего учителя в условиях педагогической практики //ВЕСТНИК КазНУ, серия «Педагогические науки». - 2000, № 12. - 25-29 с.

7. Демин В.А. Профессиональная компетентность специалиста: понятие и виды //Мониторинг образовательного процесса. - 2000, №4. - 35-42 с.



К содержанию номера журнала: Вестник КАСУ №1 - 2010


 © 2024 - Вестник КАСУ