Главная  | О журнале  | Авторы  | Новости  | Конкурсы  | Научные мероприятия  | Вопросы / Ответы

Спорттық педагогтың кәсіби-педагогикалық құзыреттілігін қалыптастыру (әдіснамалық тұрғыдан қарау)

К содержанию номера журнала: Вестник КАСУ №1 - 2010

Автор: Жумашева Светлана Сатыбалдиевна

Қазіргі таңда қазақстандық педагогикалық қоғамды толғандырып отырған мәселелердің қатарында болашақ маман иелерін жаңаша инновациялық, құзыреттілік тұрғысынан кәсіби даярлау мәселесі аса өзекті болып табылады.Осы аталған мәселелерге байланысты болашақ дене шынықтыру пәні мұғалімі және спорт түрлері бойынша жаттықтырушының кәсіби-педагогикалық даярлығын жетілдірудің жекелеген аспектілері әртүрлі деңгейлерде қазіргі көптеген ғылыми зерттеулері нәтижелерінде өз шешімін табуда (Н.Ә. Ахметов, Ж.М. Есиркепов, Ж.К. Оңалбеков, И. Қанағатов, Н. Мамиев, А. Қарақов, т.б.). Алайда, «дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша 1994-2010 жылдары аралығында жүргізілген ғылыми зерттеулерге жасалған талдау мен қорыту көрсеткендей, спорттық педагогтың кәсіби-педагогикалық құзыреттілігін қалыптастыру мәселесі осы кезге дейін ғылыми тұрғыдан арнайы зерттелмеген. Көрсетілген мәселені зерттеуде біз әдіснамалық негіздемесі ретінде жүйелі, жеке тұлғаға бағдарлы және құзыреттілік тұрғыларынан қарауды жөн көрдік. Жүйелі тұрғысынан қарау кезінде объект толық, біртұтас білім беру ісі ретінде қарастырылады,оны құрайтын элементтер бір-бірімен тығыз байланысты және өзара әсер етеді. Ең басты педагогикалық жүйелердің бірі - тұтас педагогикалық процесс, ол жүйенің құрамында: «мұғалім-оқушы», «жаттықтырушы - жас спортшы», «жаттықтырушы - спорт ұжымы» кішігірім жүйелері бар. Осы кіші жүйелердің сапасы педагогтың жеке тұлғасына, оның кәсіби құзыреттілігіне байланысты. Әлемдік спорттық білім беру саласында жүйелік көзқарас қазіргі кезде өте кең тараған, сондықтан да қазақстандық дене шынықтыру мен спорттық құндылықтары туралы жаңа жүйе қалыптастыру қажеттілігі туындап отыр. Осы алғышарт негізінде біз спорттық педагогтың кәсіби құзыреттілігін жүйе ретінде қарастырамыз. Жеке тұлғаға бағдарлы тұрғыдан қарау спорттық педагогтың кәсіби құзыреттілігін оның тұлғалық ұстанымы тұрғысынан қарастыру үшін қолданылады. Мұндағы қарастырылатын объект педагог тұлғасының педагогикалық қызметі жүзеге асыруға дайындығы секілді сипаттама болып есептелінеді. Біздің зерттеумізде жеке тұлғаға бағдарлы білім беру - бұл жаттықтырушы мен жас спортшы арасындағы субъект - субъектік, ынтымақтастық қарым-қатынас, оқыту процесінде студенттің субъектілі тәжірибесін есепке алуға бағытталған және таңдау еркіндігіне, өзін іс жүзінде көрсетуге негізделген білім беру. Құзыреттілік тұрғысынан қарауды біз әдіснамалық негіз ретінде таңдаған болатынбыз. Бұл мәселе соңғы жылдары көптеген қазақстандық, ресейлік және шетелдік ғалымдар тарапынан көп зерттеліп жүр (К. Грей, Дж. Равен, Э. Хэрр, В. Болотов, А. Вербицкий, Э.Ф. Зеер, О. Лебедева, В. Сериков, Ю.Г. Татур, А. Хуторской, Е. Федотова, Ж. Тұрсынова, Ш. Жантлеуова, Б. Кенжебеков, К. Аубакирова, С. Байхонова және т.б.). Cондай-ақ педагогтың кәсіби құзыреттілігі деген ұғымдардың мағыналарын анықтау тәсілдерін талдау қажет. Ғылыми еңбек-терді зерттеу нәтижелері төмендегідей қорытынды жасауға көмектесті:

1) Философиялық және психологиялық сөздіктерді құзыреттілік ұғымы түсіндірмеген.

2) Кейбір психологиялық-педагогикалық зерттеулер авторлары «қузыреттілік» және «құзырет» ұғымдарының ара жібін ашып көрсетпейді [1].

«Құзыреттілік» және «құзырет» ұғымдарының мағыналарын ажырату үшін «Орыс тілінің түсіндірме сөздігі» мен «Басқару терминдерінің түсіндірме сөздігінде» осы ұғым қалайша түсіндірілген анықтап алайық:

- «құзырет» ұғымы төмендегіші түсіндіріледі. Бұл:

- белгілі органның немесе қызметтегі жеке тұлғаның заңмен бекітілген, сол органның қаулы немесе басқа да қағидаларын да бекітілген (құқықтары мен міндеттерінің) өкіметтерінің жиынтығы;

- белгілі бір мәселе жақсы түсіндірілген сұрақтар жиынтығы (саласы);

- белгілі бір тұлғаның біліктіліге (білім, тәжірибе), жеке мүмкіндіктері,

- бұл мүмкіндіктер нақты игерілген білім, дағдырлар көмегімен белгілі;

- бір мәселерді шешу, өңдеуге қатысун қамтасыз етеді [2].

Жоғарылығы анықтамаларға сәйкес «құзырет» ұғымы бір мағынада түсіндіріл-мейтіндігі белгілі болды. Ал «қузыреттілік» ұғымының түсініктемесіне келсек, екеуі бір-біріне ұқсас, немесе бірін-бірі қайталайтындығын айта аламыз:

- Белгілі бір құбылыс пікір айтуға мүмкіндік беретін білімдер қорын меңгеруі;

- Құзыретті, хабардар бөлуі;

- Беделділік, құзыреттілік.

Дифференциялық (тұжырымдамалық) талдау көрсеткендей, «құзыреттілік» ұғымы «құзырет» ұғымынан шыққаны белгілі болды [2].

В.Н. Введенскийдің пікірі бойынша, бұл ұғым кез келген мамандықтың функционалды нақты сиппатаммаларының жиынтығы, яғни адамның игерген білім, дағды, машықтарының аясы [3]. Ал «құзыреттілік» М.В. Шустованың пікірінше, білімдер жиынтығын, жүйесін меңгеру болып табылады [2]. Отандық және шетелдік зерттеушілердің психологиялық – педагогикалық еңбектерінде «құзыреттілік» ұғымының түрліше түсініктемесі беріледі:

- жеке тұлғаның нақты бір міндеті шешуі үшін теориялық білім мен практикалық тәжірибені қолданудағы дайындағы мен қабілеті (Ю.В. Варданян);

- тұлға, субъект үшін маңызды қызметте көрініс табатын қабілеті, білімі мен шеберлігінің жиынтығы (Дж. Равен);

- танымдық, пәндік-практикалық және тұлғалық біліктіліктің күрделі синтезі, білім, қабілет, білімділіктің жүзеге асуының тәсілі (В. Болотов);

- адамдар тарапынан сәйкес біліктілігті, тұлғалық қарым-қатынасты меңгеру, үйрену (А.В. Хуторской және т.б.).

Міне, «құзыреттілік» ұғымының анықтамасы педагогтер мен психологтар тарапынан түрліше беріледі. Аталған ұғымның белгілерін педагогтар атап өтеді, табысты іс-әрекет үшін нақты білімнің болуы, осы игерілген білімдердің практика үшін түсіну және т.б. Психологтардың пікірінше, «құзыреттілік» - атқару мағынасындағы ғана шеберлік емес, қызметпен байланысты барлық мәселелерді жүйелі түсіну және ұйымдастыру мағынасында да қолданылады. Құрамына білім мен қабілет қамтитын жеке маманның тұлғасының ерекшеліктері мен ішкі психологиялық құраушылардың қүрделі жүйесі болып табылады. Қазіргі таңда педагогика ғылымында белсенді түрде өңделіп жүрген оқытушының кәсіби құзыреттілігі ұғымын анықтау тәсілдерін қарастырайық. Осылайша, біз мынадай анықтамаларды таптық:

- А.И. Ахулкова, В.С. Безрукова, Ю.В. Варданян, Б.С. Гершунский және т.б. ғалымдардың зерттеулерінде оқытушының кәсіби құзыреттілігі;

- Т.Г. Браже, Д.Н. Гришин, В.А. Метаева, А.И. Панарин және т.б. ғалымдардың зерттеулерінде оқытушының кәсіби құзыреттілігіне анықтама берілген. Көпте-ген авторлардың зерттеуі бойынша, кәсіби құзыреттілік – нақты бір деңгейдегі кәсіби маңызы бар қабілеттері, білім, қабілет, дағдылар, икемділіктер жүйесі (Н.И. Запрудский, Э.Ф. Зеер, В.С. Безрукова). Кейбір авторлар (А.И. Ахулкова, Л. Никитина)» кәсіби құзыреттілік» ұғымын кәсіби қызметті жүзеге асыруға дайындығы және қабілетімен тығыз байланыстырады. Соған сәйкес «педагогтың кәсіби құзыреттілігін» педагогикалық әрекетті жүзеге асыруға қабілеттілігі мен дайындығымен өзара байланыста қарастырады (Т.А. Крюкова, А.И. Панарин, т.б.). Осы байланыстың мәнін талдап көрелік. Психологиялық сөздікте қабілеттер «белгілі бір қызметті табысты атқару шарты болып табылатын жеке психологиялық ерекшеліктер ретінде анықталады. Олар «қызметтің тәсілдері мен әдістерін меңгерудегі жылдамдық, тереңдік және беріктікпен анықталады». Педагогикалық қызметті жүзеге асыру үшін субъект педагогикалық қабілеттерді игеру қажет, мұны Л.М. Никитина былайша анықтайды - бұл кәіби маңызды тұлғалық қасиеттер мен қабілеттердің ерекше комбинациясы (мазмұндық және динамикалық қабілеттер), баланы тәрбиелеуі, оқыту және дамытуға бағытталған педагогтың ерекше белсенділігін арттыру болып табылады [2]. Педагогта педагогикалық қабілеттердің бар болуы кәсіби-педагогикалық қызметті жүзеге асыруға деген жалпы қабілетті анықтайды, көптеген ғалымдардың пікірін-ше (Т.Г. Браже, Д.Н. Гришин, А.К. Маркова, В.А. Метаева және т.б.) бұл-педагогтың кәсіби құзыреттілігін құрайтын маңызды бөлігі болып табылады [3].

Психологиялық-педагогикалық ғылыми зерттеулерде «дайындық» ұғымы барынша жан-жақты кең қарастырылады (Б.Г. Ананьев, К.М. Дурай-Новакова, Б.Ф. Райский, т.б.). Алайда, бүгінгі таңға дейін ол бір мағынаға ие емес. Бір топ авторлар түрлі негіздемелер бойынша дайындықтың түрлі типтерін ерекше атап көрсетеді: функционалды және тұлғалық, арнайы және жалпы (Б.Г. Ананьев), әдіснамалық-теориялық және практикалық (Б.Ф. Райский), кәсіби (К.М. Дурай-Новакова, т.б.). Осы мәселені қарастыру үшін Б.Г. Ананьев ұсынған екі негізгі тәсілді алып қаралық: функционалды және тұлғалық, олар, біздіңше, «дайындық» ұғымын біздің зерттеу көлемінде кеңірек қарастыруымызға мүмкіндік береді, яғни, құзыреттілік және жеке тұлғаға бағдарлы қарау тұрғысынан қарастырған жөн [3].

Құзыреттілік тұрғысынан қарауға сәйкес кәсіби дайындық В.А. Мижерико тарапынан психологиялық қызмет деп қарастырылады, яғни, нақты бір кәсіби қызметті атқаруға қабілеттілігі және дайындығымен өлшенетін тұлғаның субъективтік жағдайы ретінде көрініс табады. Сондай-ақ автор «дайындық» пен «даярлық» ұғымдарын шектеп көрсетеді, себебі, оның пікірі бойынша, «дайындық» субъективті жағдай ретінде объективті кәсіби «даярлықпен» әрдайымда келісе бермейді [1]. «Дайындық» термині «даярлық» ұғымының мазмұнын кеңейтеді, сондай-ақ мамандыққа дайындық оған даярлықтың қалыптасуынан өзгеше. Сонымен бірге кәсіби даярлық - кәсіби дайындықтан тек қана нәтижесі емес, сондай-ақ басты мақсаты болып табылады.

Екінші - жеке тұлғаға бағдарлы тұрғысынан қарауға сәйкес «даярлық» ұғымы жеке тұлғалық қасиет ретінде қарастырылады. В.А. Крутецкий, В.А. Сластенин, А.И. Щербаков және т.б. даярлықты жеке тұлғаның кәсіби тұрғыдан маңызды қабілеті деп анықтайды, бұл қызметке деген оң қарым-қатынастың жиынтығын көрсетеді және де даярлық қызметін тұрақты мотивтерімен, кәсіби қызметтің сипаттама белгілеріне қоятын адекватты талаптарымен анықталады. Ол білім, қабілет пен машық, кәсіби тұрғыдан маңызды ойлау және көрініс табу процесстерінің ерекшеліктері үшін қажет болып табылады.

А.В. Беляев атқарған кәсіби қызметке даярлық ұғымының интегралды сипаттамаларының зерттеулеріне ерекше назар аудартады. Осы зерттеу негізінде кәсіби даярлықты 2 деңгейде қарастыру жатыр. Бірінші деңгейде дарылық қандай да бір мамандықты меңгеруге деген талпыныспен анықталады, төмендегі құрылымдық элементтерге ие: мотивациялық, танымдық, эмоционалды, ерікті. Екінші деңгейде даярлық кәсіби қызметке деген дайындық және қабілетпен анықталады, сондай-ақ төмендегідей құрылымдық элементтерден тұрады: жеке тұлғаның кәсіби бағытының көрсеткіштері (оның кәсіби ұстанымы, мотивтері, қажеттіліктері, мақсаттары және т.б.), кәсіби біліктілік, психо-физиологиялық тұрақтылық, сенімділік, әлеуметтілік тұрғыда маңызды және кәсіби тұрғыда өзекті қабілеттердің тұрақты жүйесі [2, 3].

Жоғарыдағы зерттеулерде кәсіби құзыреттілік даярлықтың құрылымдық элементтері ретінде қарастырылған. Осы бағытта көптеген ғалымдар (О.Е. Ломакина, А.И. Панарин, т.б.) кәсіби қызметті жүзеге асыруға деген даярлықты оқытушының кәсіби құзыреттілігінің құрамдас бөлігі ретінде атап өткен. Сондай-ақ кәсіби құзыреттілік ғалымдар тарапынан жалпы әлеуметтік, саяси, экономикалық, экологиялық, құқықтық сабақтар ретінде, кәсіби білім, қабілет және машықты игеру ретінде жалпы мәдениет деп түсіндіріледі. Ал Н.Я. Канторовичтің пікірінше, мұндай екі дең-гейлі тәсіл оның қалыптасу кезеңінде даярлықты зерттеу, бағалауға мүмкіндік бере алмайды [2, б. 64]. Н.Д. Левитов, М.И. Дьяченко сипаттаған даярлықтың динамикалық маңызын анықтауда басқа тәсіл оңтайлы болып келеді. Олар ұзақ уақыттың және бір мезгілдік уақытша даярлықты ажыратып көрсетеді. Біз мезгілдік уақытша даярлық дегенде М.И. Дьяченко психикалық функцияларды алдын ала өзектендіруді ретінде түсіндіреді, жеке тұлғаның мүмкіндіктерін табысты қызмет үшін маңызын арттыруды көздейді. Бұл тұлғаның оқу және еңбектегі міндеттерді шешудегі басты әрекеті болып табылады [2, б. 63]. Оның ойы бойынша ұзақ мерзімді даярлық алдын ала меңгерілген білім, қабілет, машық, тәжірибе, әрекеті, мотиві, тұрақты психологиялық жағдайды білдіреді, қызмет үдерісінде бұл педагогтың жеке тұлғасының қабілеттеріне ұласады, қалыптастырады.

Жоғарыда талданған түсініктерден «педагогикалық қызметке даярлық» ұғымы екі түрлі жағдаймен қарастырылады: алдымен психикалық жағдай ретінде, сондай-ақ жеке тұлға қабілеті ретінде. Даярлықтың мұндай түсініктемесін біз спорттық педагогтың кәсіби-педагогикалық құзыреттілігін анықтауда есепке аламыз. Жоғарыда айтылғандардан біз мынадай қорытынды жасай аламыз: маманның кәсіби құзыреттілігін бір уақыттың өзінде қабілет және дайындықпен байланыс-тырады, себебі кәсіби қызметті жүзеге асыруға даярлық көптеген зерттеушілердің пікірі бойынша (А.В. Беляев, В.А. Крутецкий, В.А. Сластенин, А.И. Щербаков және т.б.) оған деген қабілеттілікті қамтиды [4].

Педагогтың құзыреттілігі туралы әр кезеңде әртүрлі ғылыми еңбектерінде түрлі пікірлер кездеседі. Соларға сүйене отырып, мұның өзі адамдардың, оның ішінде педагогтардың белгілі бір міндетті атқаруға икемділік пен білікті меңгеру жолындағы психологиялық жағдай және білімділіктің, жеке тұлғаның жалпы мәдениетінің деңгейі, педагогикалық іс - әрекеттегі теориялық және практикалық дайындығы мен тәжірибесінің тоғысуы, сол сияқты педагогқа қажетті көптеген сапалардың болуы деп тұжырымдауға болады. Осыдан келіп, кәсіби құзыреттілік деп педагогтың жеке бас сапалары мен оның психологиялық - педагогикалық және теориялық білімінің, кәсіби біліктілігі мен дағдысының, тәжіри-бесінің бірлескен тоғысуы деуге болады.

Сонымен,педагогикалық мамандық иелерінің кәсіби құзыреттілігі ұғымына берілген түрлі анықтамаларды талдай келе, әдіснамалық жүйелі, жеке тұлғаға бағдарлы және құзыреттілік тұрғыларынан қарастыра отырып, спорттық педагогтың кәсіби-педагогикалық құзыреттілігін біз қажетті психологиялық-педагогикалық, пәндіқ, пәнаралық және әдістемелік білімдер мен қабілеттерді, оларды практикалық тұрғыда қолдануға даярлығының, икемділіктері, тәжірибесі мен машықтарының жиынтығы деп қарастырамыз.

Осындай талаптарға сәйкес қазіргі заман спорттық педагогы жоғары деңгейде бірнеше құзыреттілігін жүйелі түрде игеруге міндетті, біздіңше олар:

- арнайы құзыреттілік - кәсіби қызметін жоғары дәрежеде атқару және өзінің кәсіби дамуын одан әрі жобалай білу қабілеті;

- әлеуметтік құзыреттілік - бірлескен кәсіби қызметпен шұғылдану қабілеті, кәсіби қарым-қатынас тәсілдерін қолдана білу;

- білім беру құзыреттілігі - білім беру қызметінде кәсіби білімді, біліктер мен дағ-дыларды, мақсатты қоюды игеруге деген қызығушылық және білім беру қызметінде жеке шығармашылықтың дамуына ынталылық, дене шынықтыру және спорттық педагогика негіздерін қолдана білу іскерлігі;

- ұйымдастырушылық құзыреттілік – оқыту - жаттықтыру іс-әрекетін жоспарлау, жүзеге асыру және бағалау, бақылау негізінде өз бетінше ұйымдастыруға дайындығы және қабілеті;

- коммуникативтік құзыреттілік - алға қойған мақсаттарға жетуге бағытталған, ынтымақтастық қарым-қатынасқа қабілеттері;

- әдістемелік құзыреттілік - оқыту-жаттықтыру әдістемесін толық меңгеру, оқыту - жаттықтыру әдістері мен тәсілдерін өз бетімен таңдауға және қолдануға дайындығы және қабілеті;

- ақпараттық құзыреттілік – ақпараттық қарым- қатынас технологиясын игеру және өз бетімен білім алу үшін қашықтықтан оқыту, мультимедиалық, электрондық технологияларымен жұмыс жасау дағдыларын меңгеру қабілеттері.

Қазіргі таңда 12-жылдық оқытуға көшу аяңында ең өзекті мәселелердің бірі - дене шынықтыру мұғалімдерін қайта даярлау мәселесі екені сөзсіз. Себебі жаңа формация спорттық педагогы білім алушылардың танымдық іс-әрекетінің ұйымдастырушысы және үйлестірушісі бола біліу, спорттың құндылық ретіндегі сипатына терең мән бере білуі, нәтижеге бағытталған инновациялық оқү-жаттықтыру жұмысын жүргізуде жаңаша формалар мен әдістер қолдануға дағдыланған спорт маманы болуы қажет.

ӘДЕБИЕТТЕР

1. Аубакирова К.Ф. Педагогические ус-ловия формирования этнопедагоги-ческой компетентности будущих учи-телей // Автореф. дисс. к.п.н. - Караганда, 2008, 25 с.

2. Шустова М.В. Профессиональная компетентность учителя // Педагогическое образование и наука. - 2009. - №1, с. 60-64.

3. Введенский В.Н. Моделирование профессиональной компетентности педагога // Педагогика. - 2003. - №10, с. 51-55.

4. Болотов В.А., Сериков В.В. Компетентностная модель: от идеи к образовательной программе // Педагогика. - 2003. - № 10, с. 8-14.



К содержанию номера журнала: Вестник КАСУ №1 - 2010


 © 2024 - Вестник КАСУ