Главная  | О журнале  | Авторы  | Новости  | Конкурсы  | Научные мероприятия  | Вопросы / Ответы

Акушер мамандардың кәсіби іс-әрекетінің психологиялық ерекшеліктері

К содержанию номера журнала: Вестник КАСУ №5 - 2009

Автор: Байтемирова К.Б.

Акушерлік- жер бетіндегі ең көне мамандықтардың бірі болып табылады. Жүктілікті анықтау және одан ары жүк-тілікті жалғастыру, біздің өміріміздегі ма-ңызды жайттарды қорықпай-ақ медицина-лық орталықтардағы акушерлердің кәсіби шеберлігіне сенуге болады. Баланы дүниеге әкелу ана үшін өте ауыр жағдай.

Акушер-гинеколог ұрықтандыру мә-селесі бойынша сұрақтармен жүктілік ппроцессімен, баланың дүниеге келуімен айналысады. Жүктіліктің алдында әйел ең алдымен акушер-гинекологпен кеңесу керек. Дәрігер қажетті зерттханалық жұ-мыстарды және жалпы тексеруді өткіз-геннен кейін, бұл әйел бала көтеруге бола ма, жок па сол сұрақты шешеді. Тоғыз ай барысында акушер-гинеколог пациентпен құрсақтағы нәрестенің жалпы жағдайын тексеріп, сол үшін жауапты болады.

Жалпы акушер маманның компе-тенттілігі қандай сұрақтарды қамтиды дегенге тоқталсақ, ол төмендегідей. Бұл жүктілік пен босану барысын қамтитын түрлі мәселелер:

- баланың ұрықтануы;

- ұрықты көтеруі;

- босану барысы;

- босанғаннан кейінгі кезеңді қам-титын түрлі клиникалық жағдайлар.

Құзыреттілікке қатысты еңбектер басшылық, мемлекет қызметкерлері мұға-лім іс-әрекеттерінде кеңірек қарастырыл-ған. Медицина қызметкерлерінің кәсіби іс-әрекеті жайлы әдебиеттерде жалпы мағлұ-маттар ғана беріледі.

Әрбір медицина қызметкері өз ісінің кәсіпкері ғана емес, сонымен бірге зейінді, мейірімді, бақылаушы адам, психолог болуы тиіс.

Акушер мамандығы шығармашылық мамандық. Акушер маманы пациенттердің психологиясын оқып, білу, олардың ауру-ларына қатынасын және оларды емдеу әдістерін, пациенттердің ерекшеліктері мен мінезін, көңіл – күйін, эмоцияларын және т.б. білу қажет. Акушер мамандардың еңбе-гінің өзіндік ерекшеліктері бар. Ең бірінші ерекшелігі адамдармен өзара әрекеттестік процесі.

Медицина қызметкерінің еңбегінде еңбек пәні – адам, еңбек құралы – адам, өнімі де адам болып табылады. Мұнда ем-дік – диагностикалық әдістер жеке бастық қатынастармен бірлесе жүреді. Сондықтан медицина қызметкерінің адамгершілік жә-не психологиялық аспектілері өте маңызды орынға ие. Медицина қызметкерінің ма-ңызды сапасы – пациентпен өзін бір қатар-ға қойып, оны қиналдырған ауруды түсіне алуы [1].

И. Хардидің «Дәрігер, медбике, пациент» атты кітабындағы пікірінше, көп-шілік психологиялық құбылыстарға рухани өмірдің абстрактілі өнімі ретінде мұра-жайлық сиректік сияқты қарайды, ал кейбі-реулер шектен тыс бос еместіктеріне сілтейді.

Психологиялық факторлар барлық жерде ескерілуі тиіс, әсіресе, емдеу іс-әрекетінде. Медицина қызметкері пациент-тің әртүрлі өмірлік жағдайларымен кезде-седі, онымен күрделі психоэмоционалды өзара әрекеттестікте болады. И. Хардидің жазуынша, психотерапия барысында жүргі-зілген бақылаулар микроскоп сияқты дәрі-гер – медбике – пациенттің қатынасындағы барлық эмоциялық жіңішке жіптерді көрсете алады.

Медицина қызметкерінің пациентпен қарым-қатынасында екі адам арасындағы өзара қатынастың күрделі мәселелері туын-дайды. Олардың дұрыс шешімін табу көп жағдайды анықтайды. Пациент медицина қызметкерінен көмек, түсіністік, күйзелісті жеңілдетуді күтеді. Ал медицина қызмет-кері оларды рационалды шешуді қамта-масыз етуі тиіс. Бұл қарым-қатынас тиімді, пайдалы және пациенттің күтулерін ақтау үшін медицина қызметкері медицина пси-хологиясы саласынан білімді болуы керек.

Пациенттермен қарым-қатынас жасау барысында медицина қызметкерлері әр түрлі ауру психиканың қанда да бір өзге-рістеріне әкелетінін ескеріп, есепке алғаны жөн. Медицина қызметкері мен пациент арасындағы қарым – қатынасты пациенттің тұлғалық ерекшеліктері және мүмкін болар психикалық реакциялар күрделендіруі мүмкін.қандай да бір жүйе немесе мүшенің ауруын анықтаудан басқа, медицина қыз-меткері өз ауруына деген пациенттің маза-сыздығы мен қатынасын да көре алуы керек. Пациенттің жас ерекшелік, жыныс-тық, ауру сипаты, ем алу және ұжымды ескере отырып, психикалық жағдайын есепке алған жөн.

Қазіргі медицинаның негізгі ереже-лерінде «тек ауырған жерді ғана емес, ауру адамды да емдеу қажет» делінген. Ең бірін-ші пациентті, одан кейін оның ауырған жерін. Ежелгі дәрігерлер «алдымен жанын, одан кейін тәнін емде» дегенді айтқан. Бірақ мұндай емдеу пациенттің физикалық ерекшеліктері ғана емес, сонымен бірге психикалық ерекшеліктері: оның қабілет-терінің ерекшеліктері, қызығушылықтары, темперамент, мінез, ес, ойлау және т.б. ескерілгенде жүзеге асады [5].

Емдеуді жүзеге асыру үшін пациент-тің түйсіну, және қабылдау, елестері мен қиялы, зейіні мен эмоциясының ерекше-ліктерін ескеру қажет. Ауру адамның психологиялық ерекшеліктерін психопато-логияның жалпы сұрақтарын білмейінше жүзеге асыру мүмкін емес. Ауырған адамның психикалық өзгерістері ауру деңгейіне байланысты түрліше - әлсіз көрінген невротикалықтан бастап, ауру сипатын өзгертетін психикалыққа дейін болуы мүмкін. Осы өзгерістер сипаты жиі жағдайда ауру адамның психологиялық ерекшеліктеріне байланысты және мұны ажырату медицина психологиясының білі-мінсіз жүзе асыру өте күрделі.

Қазіргі кезде психогенді әсерлердің аурудың себебі ретіндегі мәні жоғарылады. Жекелеген жағдайларда психикалық бұзы-лулар психикалық аурудың толық сипатын бермегенімен соматикалық, неврологиялық аурулардың көріністері ретінде көрінеді.

Медицина қызметкерлерінің меди-цина психологиясынан білімінің болуы соматикалық аурулардың пациент психика-сына қалай әсер ететінін білуі, пациент-термен, туғандарымен, әріптестерімен кәсі-би қарым – қатынасты дұрыс ұйымдас-тыруды жүзеге асырады.

Медицина қызметкерінің басты мін-деті адамның сау өмірін қорғау, ауру-лардың алдын алу және емдеу, пациент күйзелісін азайту болып табылады. Меди-цина қызметкерлерінің білім, дағды, ше-берліктері және практикалық кәсіби тәжірибесі кәсіби міндеттерді табысты жүзеге асырады.

Қазіргі медицина диагностика және емдеу әдістерінің жетілдірілуіне байла-нысты медицина қызметкерлерінің еңбек-тегі рөлі жоғарылағанын көрсетеді. Меди-цина ғылымының және ғылыми – техника-лық прогресс медицина қызметкерлерінің алдына үлкен талаптар қоюда.

Медицина қызметкері өз әрекетімен ауруға зиян келтірмеуі керек. Пациентке зиян келтірмес үшін медицина қызметкері өз білімін үнемі тереңдетіп, жаңаны меңгеріп, әріптестерінің тәжірибесін қа-былдай алуы тиіс. Емдеу мекемесіне түскен пациент медицина қызметкерінен тек медициналық негізделген көмек қана емес, сонымен бірге олардан пациентке ауруы-нан жазылуға сенімділік беретін, күйзелісін азайтатын, өмірлік серпіліс беретін адамдық сапаларды қажетсінеді. Сондық-тан пациетпен таза автоматикалық, фор-мальді түрде кәсіби іс-әрекетті жүзеге асыру, пациент пен медицина қызмет-керлері арасындағы қарым-қатынастың бұзылуына әкеледі. Қарым-қатынас кезінде информациялар мен эмоциялар ауысуы болады [2].

Адамдармен қарым-қатынас жасау жеке адамды интеллектуалдық және эмо-ция жағынан байыта түседі және қарым-қатынас үрдісінде адамдар бір-біріне ықпа-лын тигізеді.

Толыққанды қарым-қатынас жан-дүниені көтереді, адамның психологиялық – жанды потенциалдық толық жылуына жол ашады және керісінше қарым-қатынастың жетпеуі, оған деген қажыған қажеттілік адамдардың жалпы психоло-гиялық өзгерісіне әкеледі. Бәрі болмаса да, адамдағы көптеген рухани, психикалық немесе әлеуметтік аномалиялар – толық-қанды қарым-қатынастың жетпеуінен деп толық айтуға болады [3].

Медицина қызметкерінің негізгі тұлғалық сипатын бөліп көрсетуге болады:

1) Адамгершілік: жанашырлық, мейірімділік, еңбек сүйгіштік, батылдық, нәзіктік, оптимизм, ерлік, шешімділік, қарапайымдылық, принциптік, өз абырой-лылығы сезімі, жауапкершілік, шеберлік, бірлесіп әрекет істей алу;

2) Эстетикалық: ұқыптылық, таза-лық;

3) Интелектуалды: эрудиция, бай-қампаздық, логикалылық, құбылыстарды ашуға талпыныс.

Жанашырлық. Жақсы медицина қыз-меткері пациенттің ауырғанын өзі сезіне алуы керек.

Батылдылық. Медицина қызметкері кәсіби іс-әрекетте батылдық көрсетіп, адамдардың өмірін сақтайды.

Адалдық – медицина қызметкеріндегі ең маңызды сапалардың бірі. Н.И. Пироговтың пікірінше, қателесулерді де, сәтсіздіктерді де жасырмау керек.

Пациентке деген мейірімділік пен зейін-ділік – тек этикет ережесі емес. Пациентке деген мейірімсіз қатынас, оны тегімен атау, оның психикасының жарала-нуына әкеледі.

Ерлік пен шешімділік. Медицина саласында тәуекелділік жасауға өзіңде бар білім мен тәжірибе көлемінде бару керек. Ауру адамның өмірі мен денсаулығына қатысты тәуекелшілікке баруға болмайды. Ал ерлік жасау – бұл жұмыс барысындағы қиыншылықтардын қашпау, жауапкер-шілікті мойынға алу.

Аталып кеткен сипаттардың бәрі тәрбие, тәжірибе барысында қалыптас-тыруға болатын психологиялық сипаттар.

Медицина қызметкерінің іс-әреке-тінің принциптері:

1) пациентті сыйлау;

2) зиян келтірмеу;

3) мейірімділік жасау;

4) өзіне зиян келтірмеу;

5) сөзінде тұру;

6) парызға адал болу.

Медицина қызметкерінің функцио-налды міндеті – кәсіби құзыреттілік бары-сындығы мінез-құлқы мен әрекеттерінің ережесі.

И.В. Давыденконың пікірінше, білім-ді медицина қызметкері ауру адамды интеллектуалды жақсы көреді, яғни пси-хологиялық жағдайын түсініп, білікті көмек көрсете алады.

Қазіргі кезде медицина қызмет-керінің функционалды міндетіне басқа мамандармен бірлесе отырып, денсау-лықты сақтаудың басты міндеттерін шешу, аурудың алдын алу, адамның инди-видуалды мүмкіндіктеріне сәйкес макси-малды деңгейде тәуелсіздігін қамтамасыз ету болып табылады [4].

Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйы-мының Еуропалық бюросы медицина қыз-меткерлерінің келесі кәсіби міндеттерін белгілейді:

Бірінші функция – ауру адамды күтуді жүзеге асыру. Бұл профилактикалық шаралар, реабилитациямен байланысты медицина қызметкерінің іске араласуы, адамның өзіне және туғандарына психоло-гиялық қолдаулар көрсету - медицина қызметкерінің кәсіби іс-әрекеті барысында жүзеге асқанда тиімді болып табылады. Бұл келесі функцияларды біріктіреді:

1) адамның өзі және туғандарының қажеттіліктерін бағалау;

2) медицина қызметкерінің арала-суымен тиімді жүзеге асатын қажет-тіліктерді анықтау;

3) медицина қызметкерлерінің ара-ласуымен байланысты жүзеге асатын денсаулыққа қатысты бірінші орындағы мәселелерді анықтау;

4) қажетті медициналық күтуді жос-парлау және жүзеге асыру;

5) ауруды күтуге қажет болған жағдайда жақындарын және туыстарын араластыру;

6) қабылданған кәсіби стандарттарды қолдану.

Екінші функция - пациенттерді және медицина қызметкерлерін оқыту. Бұл:

1) адамның денсаулығын сақтауға және қалпына келтіруге қатысты білімі мен дағдысын бағалау;

2) қажетті ақпараттарды сәйкес дең-гейде даярлау және жеткізу;

3) медицина қызметкерлеріне және пациенттерге және басқа персоналдарға бі-лім алуға және жаңа дағдыларды қалып-тастыруға көмектесу;

4) қабылданған кәсіби стандарттарды жүзеге асыру.

Үшінші функция – медицина қызмет-керлері бригадасында пациентке қызмет көрсету үшін тәуелді және тәуелсіз рол-дерді атқару. Бұл функция біздің елімізде енді ғана қолданылып жүрген функция-лардың бірі. Бұл функциясыз медицина қызметкерінің ролін денсаулық сақтау жүйесінде нақты белгілеу мүмкін емес.

Төртінші функция – медицина қыз-меткерлерінің практикасын ғылыми ізде-нушілік іс-әрекетпен дамыту. Бұл функци-яда жаңа ғана қалыптасып келе жатқан функциялар қатарына жатады [5].

Медицина қызметкері үшін диагнос-тикалық жұмыс пациенттің көрінуінен басталады: оның сырт бейнесі, жүрісі, сөйлеу ерекшелігі және т.б. Бірақ бірінші минуттан бастап пациентте медицина қызметкерін бағалайтынын ұмытпаған жөн. Сондықтан медицина қызметкерінің меди-циналық деонтологияға сай болуы талап етіледі. Өзін қарым-қатынаста дұрыс ұстау, эмоциясын реттей алу медицина қызмет-керлерінің кәсіби қасиеті болуы тиіс.

Сонымен, «адам-адам» жүйесінде жұмыс істейтін медицина қызметкері үшін эмоционалды тұрақтылық мәнді ерекше-ліктердің бірі. Медицина қызметкерінің кәсіби іс-әрекеті әртүрлі эмоционалды қысымдарға толы. Күрделі стрестік жағдай-да кәсіби іс-әрекетті орындау барысында тиімді орындау үшін эмоционалды тұрақ-тылықты жоғарылату шарт.

Эмоционалды тұрақтылық медицина қызметкерінің іс-әрекетіндегі маңызды қа-сиеттердің бірі. Эмоционалды тұрақтылық жұмысқа қабілеттілікті сақтауға, пациент-термен және әріптестермен тиімді өзара қатынас орнатуда, жұмыстан қанағат-танушылық алуда, физикалық және психо-логиялық форманы қолдауда, кәсіби деформациядан сақтауға көмектеседі.

Эмоционалды тұрақтылық эмоцио-налды жағдайды майыспалы басқарумен бірлесе отырып, ырықты көңіл күй туды-руға, ашулықты, тітіркенушілік пен маза-сыздықты меңгеруге қабілетті [2].

ӘДЕБИЕТТЕР

1. Вегерчук И.Э. Социально-перцептивная компетентность в профессональном общений. - М.: 1999.

2. Горчакова В.Г. Формула професси-онализма. – Челябинск, 1997.

3. Елина И.Е. Компетентность как интегральная характеристика профес-сиональной деятельности госслужащих. - М., 1999.

4. Зазыкин В.Г. Проблема профес-сионализма специалистов службы заня-тости // Кадровый потенциал. - № 1, 1997.

5. Кяэрст М. Рассмотрение компетентности в психологической концепций совер-шенствования управления произ-водственной организаций // Актуальные проблемы психологий труда: Отв. ред. М. Котик. - Тарту, 1980. – 160 с.

6. Маркова А.К. Психология профес-сионализма. - М., 1996.



К содержанию номера журнала: Вестник КАСУ №5 - 2009


 © 2024 - Вестник КАСУ