Главная  | О журнале  | Авторы  | Новости  | Конкурсы  | Научные мероприятия  | Вопросы / Ответы

Педагогтың психологиялық мәдениетін қалыптастыру мәселелері

К содержанию номера журнала: Вестник КАСУ №5 - 2009

Автор: Токтарбекова Куралай Токтарбеккызы

Педагог - дәрігер мамандығы сияқты ең көне мамандықтардың бірі болып саналады. Бұл мамандықта ұрпақтар сабақтастығының мыңжылдық тәжірибесі жинақталған. Шын мәнінде, педагог – бұл ұрпақтар арасындағы байланыстырушы буын, қоғамдық-тарихи тәжірибені тасушы. Халықтың қоғамдық-мәдени тұтастығы, жалпы өркениет, ұрпақтардың мираскерлігі көп жағынан мектеп-мұғалім рөлімен шартталған (1, 148-149 б.). Иә, сондықтан «Адам-адам» типінде қызмет жасайтын педагогтың субъективті сипаттамасында үнемі аксиологиялық (құндылықтық) және когнитивті (білімдік) жазықтықтар бірігеді. Когнитивті жазықтық жалпы мәдениеттік және пәндік-кәсіби білімдерді қамтиды. Даралық субъект бола отырып, педагогтар әрқашан, даралық-психологиялық, мінез-құлықтық және коммуникативтік сапалар-дың алуан түрлілігі тұсында да тұлға болып табылады. Жалпы алғанда, педагог-тардың психологиялық мәдениетін қазіргі білім беру жүйесіндегі өзекті мәселелердің бірі деп тұжырымдауға болады. Жалпы педагогтың психологиялық мәдениетін ашу үшін, ең алдымен «мәдениеттің» жалпы категориядағы орынын анықтау қажет.

Мәдениет – адамзат баласының ұлт, халық болып қалыптасқаннан бергі жинақ-таған ұлы байлығы. Бұл шығармашылық күштер мен адамның адами мүмкін-шіліктерінің шарықтау шегінің көрінісі.

Мәдениет дегеніміз – адамның ойлау, өзіне де, айналасындағыларға да талдау жасай білу қабілеті. Адамдарды ізгілікті, ақылды, моральдық міндеттемелерді мой-нына алатын, сыншыл жанға айналдыратын да – мәдениет. Сол арқылы адамдар құн-дылықтарды ажыратып, өзіне талдау жа-сайды. Мейлінше, кең мағынасында алған-да, мәдениет қоғамды немесе әлеуметтік топты, ұлт пен адамды сипаттайтын рухани және материалдық, интеллектуалдық және сезімдік айқын аңғарылатын белгілердің жиынтығы ретінде қарастырылуы тиіс. Кез-келген мәдениет өзіндік ерекшелігі бар және теңдесі жоқ қазыналардың қоймасы болып табылады, өйткені әрбір халық өз дәстүрі мен рухани бейнесі арқылы таны-лады.

Философияның және басқа да ғылымдардың ең негізгі категориясы – мәдениет категориясын қарастырамыз. Өйткені осы ұғым контекстінде жалпы білім беру мәселелерінің адамға тәрбие беру және оның қалыптасуының неғұрлым адекватты құрылымын көреміз. Білім берудегі мәдениеттану тұрғысына сүйен-сек, жалпы білім берудегі ең негізгі атқарушы мақсаттардың бірі – жаста-рымыздың жалпы мәдениетін дамы-ту. Ал, осы жалпы мәдениетті құрайтын құрылым бөлімдері: тарихи, математикалық, ақпараттық, лингвистикалық, экологиялық, психологиялық, валеологиялық, шығарма-шылық-эстетикалық т.б. Психологиялық мәде-ниетті тұлғаның жалпы мәдениетінің бөлімі деп қарастырып, оның қалыптасып дамуына және диагностикасына білім беру жүйе-сінде жеткілікті назар аударылғаны жөн болар еді дейміз.

Тар мағынада мәдениет адамның түбір, мәнді күштерінің дамуының қандай да бір деңгейі деп тұжырымдалады. Бұл тұрғыда мәдениет – жеке адамның өмір салтының қоғамдық өмірдегі құндылықтар мен нормаларға – қоғам мәдениетінің идеалды бейнесіне сәйкестілігі туралы айтылады. Мәдениетті - өмір стилі немесе өмірлік іс-әрекет ретінде сипаттауға болады. Осындай ұғымдағы мәдениет (жал-пы мәдениет) мінез-құлықты ғана емес, сонымен қатар адамның бүкіл өмірлік іс-әрекетінің әмбебап рухани реттеушісі болып саналады (3, 12 б.).

В.С. Библер мәдениетті үш контекст-те анықтайды: қарым-қатынас, рухани құн-дылық, шығармашылық іс-әрекет. Олар диалог формасы, тәуелсіз шешім, өмірлік іс-әрекеттің санадағы жетілуі мен жалпы жауапкершілік ретінде анықталады.

«Тұлға мәдениеті», «Адам мәде-ниеті» түсініктеріне толық және жеткілікті түрде анықтамалар ғылыми әдебиеттерде өте аз мөлшерде қарастырылғанын айта кеткен жөн.

Біз адам мәдениетін оның үш негізгі бөлімін біріктіру арқылы қарастырамыз: аксиологиялық, процессуальды - іс-әрекет-тік және шығармашылық.

Осы позицияға сәйкес жеке адамға тән мәдениеттің нақты аспектілері, түрлері талдануы мүмкін (психологиялық, эколо-гиялық, саяси, құқықтық, экономикалық, педагогикалық, адамгершілік, валеологи-ялық, дене тәрбиесі мәдениеті т.б).

Адамның жалпы мәдениетінің көпте-ген түрлері бар. Кейбір зерттеу жұмыс-тарында жіктеу шарттары бөлінбегені туралы қорытынды жасасақ, кейбір тізбектерде олардың әр түрлі негіздерге сай бөлінгенін кездестіруге болады. Қазіргі философиялық, психологиялық, әлеумет-тану, педагогикалық және басқа да әдебиеттерде «коммуникативті мәдениет», «рухани мәдениет», «дене тәрбиесі мәде-ниеті», «адамгершілік мәдениеті», «педаго-гикалық мәдениет» тағы басқа да түсінік-тер кеңінен қолданылады. Сондай-ақ мәде-ниетті бөлуде феноменологиялық тұрғы кеңінен таралған: «мінез-құлық мәдениеті», «қарым-қатынас мәдениеті», «ақыл-ой еңбек мәдениеті» т.б (1, 10-11 б.).

«Психологиялық мәдениет» психоло-гия ғылымындағы жаңа ұғым. Сондай-ақ, ғылыми әдебиеттерде сирек қолданылады. Әрине, бұл ұғым психологиялық болса дағы, әр түрлі ғылыми облыстар аймағында құрылады: философия, мәдениеттану, әлеу-меттану, этика, психология. А. Зимняяның айтуынша: «жалпы мәдениет адамның әлемге, өзіне деген қатынас аймағындағы негізгі бағыттарының тұрақтылығымен, жинақтылығымен және олардың мінез-құлықта көріну сипатымен анықталады... Ол ішкі мәдениетті болжайды (басқаларды сыйлау, жауапкершілік, өзіндік реттелу, т.б.)» (3, 18 б.). Біздің ойымызша, бұл «ішкі мәдениет» ұғымы, «психологиялық мәде-ниеттің» нақ өзі, яғни, адамның субьект, тұлға және даралылық ретіндегі ішкі психикалық өмірінің анықталған сапасы. Сонымен, «психологиялық мәдениет - адамның жалпы мәдениетінің ядросы» болып табылады (3, 19 б.).

Нақ осы психологиялық мәдениет білім беру мекемелеріндегі кәсіби қаты-настарды реттейді. И.В. Дубровина бойын-ша, психологиялық мәдениет екі компонен-ттен тұрады: психологиялық білім және адамның жалпы мәдениеті (2, 12 б.). Қазіргі біздің қоғамымызда бірінші компонент өте маңызды. Осы контексте педагогтың пси-хологиялық мәдениетін жоғарлату сұрағы ерекше өзекті. Бұл жерде «педагог-психологтың» орыны қандай деген сұрақ туады? Педагог-психолог - білім беру мекемелері ұжымына кәсіби психоло-гиялық мәдениетті алып келетін маман. Маман ретінде педагог-психологтар про-цестің жанама түрде де жүруіне себепші болуы ықтимал: өз әрекеттерімен, мінез-құлқымен, адамдарға, өмірге деген өз қатынастарымен.

Педагогтың психологиялық мәдение-тін қалай жоғарлата аламыз?

Бұл сұрақ бойынша бірнеше бағытты көрсетуге болады: біріншіден, білім беру мекеме жағдайларындағы неғұрлым адек-ватты мінез-құлық пен әлеуметтік өзара әрекетті қамтамасыз ететін психологиялық білім және іскерліктердің біраз мөлшері ретінде психологиялық сауаттылықты қалыптастыру. Педагогтарды адамдардың ғылыми психологиялық мәдениет білімі жүйесімен, өзінің ішкі психологиялық әлемі және тұлғалық индивидуалды сапа-лары туралы түсініктер жүйесімен таныс-тыруды, әлеуметтік интеллектіні, креа-тивтілікті дамытуды белсенді түрде жүзеге асыру қажет. Екіншіден, мінез-құлық, іс-әрекет немесе әлеуметтік өзара әрекеттің тиімділігін қамтамасыз ететін психологи-ялық құзіреттілікті қалыптастыру. Бақы-лаушылық, адамдарға зейін аудара білу, психологиялық қырағылық, өз-өзін адек-ватты түрде қабылдай алу, эмпатияның дамуы, эмоционалды тұрақтылыққа талпы-ныс, мейірімділік, әр түрлі адамдармен қарым-қатынастарды орната алу, ақпаратты адекватты қабылдай алып, бере алу.

Осы екі бағыт бойынша жоғарыда көрсетілген барлық қасиеттерді дамытуды студент тұлғасында, яғни, болашақ педа-гогтардан бастап, дамытып, бегілі бір деңгейде тұрақтак қажеттілігі туындайды. Болашақ педагогтардың психологиялық мәдениетін дамытудың тиімді жолдарының әдіс-тәсілдерінің жүйесін құру шарт. Пси-хологиялық мәдениетті жоғарлатудың қазіргі уақыттағы және өзекті формаларын өңдеп, қолдану қажет. Бұл жұмыстар жүйелі сипатқа ие болу үшін, іс-әрекет түрін сауатты түрде жүзеге асырылу тиіс. Педагогтардың психологиялық мәдениетін қалыптастыру жұмыстары ағартушылық та, сонымен қатар, коррекциялық-дамытушы сипатта да болады.

Сонымен, қорытындылай келе, білім беру мекемелеріндегі педагогтардың пси-хологиялық мәдениетін қалыптастыру мә-селелері қазіргі біздің қоғамымызда өзекті болып қала береді. Жалпы психологиялық мәдениетті жоғарлату бойынша жұмыс-тардың тамыры – осы мамандықты таңда-ған болашақ педагогтармен педагогикалық-психологиялық жұмыстар жүйесін нақты бағдарлап, толығымен өңдеу.

ӘДЕБИЕТТЕР

1. Зимняя И.А. Педагогикалық психология. - М.: «Логос М», 2005. – 365 б.

2. Колмогорова Л.С Диагностика психологической культуры школьников: Практ. пособие для школьн. психологов. - Изд-во Владос-Пресс, 2002. - 360 с.

3. Крупник Е.П., Сизова Т.Б. Теоре-тические аспекты психологической культуры межличностных взаимо-действий // Мир психологии, 2001, № 3, 40-50 с.

4. Колмогорова Л.С. Становление психологической культуры школьника // Вопросы психологии.1999, №1. 83-91 с.

5. Белик. А. А Культура и личность. - М.: РГГУ, 2001.-378С.

6. Формирование личности в переходный период от подросткового до юношеского возрасту / АГН СССР; под. ред. И.В. Дубровиной. - М.: «Педагогика», 1987.-182 с.

7. Цукерман Г.А Психология саморазвития / Цукерман Г.А., Мастеров Б.М. - М.: «Интерпракс», 1995. - 288 с.

8. Ерментаева А.Р. Студенттерді субьект-кәсіби бағытта психологиялық дайындау мәселелері // Региональный Вестник Востока, №1 (21), 2004.

9. Л.С. Колмогорова, О.Г. Холодкова Особенности становление психоло-гической культуры школьников // Вопросы психологии. 2001, №1.- 47-57 с.



К содержанию номера журнала: Вестник КАСУ №5 - 2009


 © 2024 - Вестник КАСУ