Главная  | О журнале  | Авторы  | Новости  | Конкурсы  | Научные мероприятия  | Вопросы / Ответы

СЫНИ ТҰРҒЫДАН ОЙЛАУДЫ ДАМЫТУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ

К содержанию номера журнала: Вестник КАСУ №5 - 2009

Авторы: Саданова Ж.К., Абдрахманова Еркежан Жабаевна

Педагогтың әр балаға жеке тұлға ретінде қарап, оның өзіне тән санасы, еркі, өзіндік әрекет жасай алатын ортасы бар екенін ескере отырып, оқушының білімге, ғылымға деген ынтасын арттыру, олардың ақыл-ой қабілетін, диалектикалық дүние-танымын, өмірлік мақсат-мүддесін айқын-дауға, жеке басының қасиеттерін дамытып оны қоғам талабына сай іске асыруға көмектесу мектеп өміріндегі үздіксіз оқу-тәрбие үрдісінің ғана жемісі болып табылады. Қазіргі таңда мектептің алдында тұрған үлкен мақсат – жан-жақты білімді, шығармашыл тұлғаны тәрбиелеп шығару. Шығармашылық деген сөздің сырына үңілсек ол адамның мақсаттағы ісіне жету жолындағы талаптануы мен талпынысынан, жігері мен сабырынан, сұранысы мен ізденісінен құралып, ақыл ойы мен сезімнің қиялының ерекше бітімінен көрінеді. Бұл мәселені көптеген педагог-психолог ғалым зерттеушілер егжей-тегжейлі зерттеп қарастырғанымен, зерттелмей жатқан тұс-тары да жоқ емес. Шығармашылық – бұл адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі қажет. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол бермеу, оның рухани күшін нығайтып, өмірден өз орнын табуға көмектеседі. Адам туынды ғана емес, жаратушы да. Ол өзін-өзі жетіл-діруге де, сонымен қатар өзін-өзі жойылуға қабілетті. Адамның өз болмысын тануға ұмтылысына көмектесіп, тереңде жатқан талап-тілегін, қабілеттерін дамыту, сол арқылы толыққанды өмір сүру үшін рухани күш беру – білімнің басты мақсаты.

Шығармашылық әрекет өте күрделі үрдіс және ол адамға ғана тән. Шығар-машылық адам іс-әрекетінің түрі. Мұндай әрекеттің ерекшелігі, даму деңгейі тек әлеуметтік факторлаға ғана емес, табиғи, биологиялық факторларға да байланысты. Бұл мәселе төңірегінде жазылған ойлар, тұжырымдамалар, көзқарастар, еңбектер баршылық. Дегенмен, біздің көтеріп отыр-ған мәселеміз зерттеуді қажет ететін тың тақырыптардың қатарына жатады. Біздің мектеп-гимназияның басты бағыты – шығармашылықты дамыту.

Білім беруде оқу процесін интен-сивтендіру, оны ұйымдастыру неғұрлым тиімді жолдарды табуды талап етеді. Соның бірі – «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» жобасы. Мақсаты барлық жастағы оқушыларға кез-келген мағлұмат, ақпаратқа сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға, саналы шешім қабылдауға сабақ-тарда үйрету. Сын тұрғысынан ойлау – сы-нау емес, шындалған ойлау. Бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған кезде ғана балалар-дың даму деңгейіне сәйкес ойы шындалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз.

Мектепке дейін кез-келген баланың оқуға, білуге деген талабы өте жоғары болады. Бұл таңқаларлық нәрсе, сол бала мектепке келген соң бұл әдетті қояды, өйткені мұнда мұғалім өзі баяндап, кейде тіпті өз сұрағына өзі жауап та береді. Бұл кезде балаға ойлануға рұқсат жоқ, ол тек дайын нәрсені жаттауға, есте сақтауға ғана машықтанады. Қазіргі кезде мектепке оқу материалын меңгеру үшін негізінен екі әдіс – еске сақтау және жаттығу ғана қолда-нылып жүр. Ендеше, қазіргі оқушы – мұға-лімге интеллектуалды түрде тәуелді, тек соның қамқорлығымен ғана жұмыс істей алатын, өз бетінше шешім қабылдауы төмен жан иесі. Ұлы ойшыл педагог Дистервегтің айтуынша: «Нашар мұғалім ақиқатты анықтап жеткізе алады, ал жақсы мұғалім оны қалай табуды үйретеді». Осы айтылған ой, оқытуды ізгілендіру мұға-лімнен өз бетімен жұмыс жасай алатын оқушыларды дайындауды талап ететіндігін меңзеп тұрғаны анық. Қазіргі қолданылып жүрген оқыту әдістерінің бір кемшілігі – ол сабақта берілген материалды оқушылардың меңгеру, игеру сапасын бақылау мүмкін-дігінің жоқтығы.

Біздің зерттеу жұмысымыздың негізгі өзекті мәселелерінің бірі, бастауыш мектеп оқушысына оқыту бағдарламасы бойынша белгілі бір білімді меңгертіп қана қоймай, «Сын тұрғысынан ойлауды дамы-ту» арқылы баланың шығармашылық әре-кетін арттыруға негіз болатын педаго-гикалық-психологиялық қосалқы бағдар-лама арқылы оқыту. Бұл мәселені В.В. Давыдов, Д.Б. Эльконин, Л.И. Айдарова, З.И. Калмыкова, Л.В. Занков, А.Л. Венгер, К.М. Гуревич, Т.Г. Богданова, Т.В. Кор-нилова, М.Р. Битянова, Т.В. Азарова, Е.И. Афанасьева, Н.Л. Васильева, Х.Т. Шерь-язданова, Т.И. Суркова, С.Т. Бусурманова т.б. зерттеген. Ал 90-жылдары Қазақстанда Америка Құрама Штаттарының оқу жүйе-сінде пайда болған «Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасы мұға-лімдер үшін әйгілі бола бастады. Мазмұны жағынан бұл бағдарлама оқыту әдістері бағытының бірі болып табылады.

Ауыз толтырып айтып отырған «Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдар-ламасының шығу тарихына тоқтала кетейік. Бұл жобаны жүйеге келтірген Джинни Л. Ситл, Куртис С.Мередит, Чарльз Темпл сияқты әлемге аттары танымал ғалымдар. Жобаның негізі Ж. Пиаже, Л.С. Выготский теорияларын басшылыққа алады. «Сын тұрғысынан ойлау» ұғымын белгілі бір идеяларды қабылдай отырып, оның неге қатысты екенін зерттеу, оларды жеңіл сеп-тикалық ойларға қарсы қоя білу, салыстыра алу, сол идеяларға қарсы көзқарастармен тепе-теңдікте ұстап зерттеу, оларға сеніммен қарау деп түсіндіреді авторлар. Біздің елімізге Джордж Соростың ашық қоғам институты «Сорос-Қазақстан» қоры арқылы келген бұл технология орыс және қазақ тілдерінде мектеп тәжірибелерінде қолданылып жүр. Біздің мектептің мұға-лімдері осы жобаны тәжірибеде қолдануға рұқсат алу үшін, семинарларға қатысып, сертификаттар алды.

«Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасын жаңа буын оқулықтарының талаптарын жүзеге асыруда оқушылардың білім деңгейін көтеруде, балаларды шығар-машылыққа баулуда, ойларын еркін айтуда, тез арада дұрыс шешімдер табуға ат салысатын бірден-бір тиімді бағдарлама деп есептейміз.

Осы бағдарламаны жүзеге асыруда күтілетін нәтиже:

- оқушылар қандай да бір құбылыс немесе әрекет туралы көзқарастарын қажеттілік туса өзгертеді;

- оқушылар өз ойларын ашық, айқын, жасқанбастан айта білуге үйренеді, яғни жеке адам болып қалыптасудың алғы шарттары орындалады;

- оқушылардың таным, оқу бел-сенділіктері артады;

- олар сарамандық іс-әрекетте бо-лады;

- өз ойын ортаға салып қана қоймай басқалардың пікірлерін тыңдап, оған көзқарастарын білдіруге жаттығады;

- таным теориясының белгілі бір кезеңі болып саналатын ой тұжырымдау, ой қорытындылау операциялары жүзеге асады, балалар оған машықтанады;

БІД берік қалыптасады.

Ал осындай нәтижелер алу үшін мұғалім бірнеше шарттарды орындауы керек. Оларды 3 кезеңге топтастыруға болады:

1) Дайындық кезеңі;

2) Жүзеге асыру кезеңі;

3) Қорытынды кезең.

Дайындық кезеңінде төмендегідей шарттар орындалады:

- сын тұрғысынан ойлауды тудыру үшін уақыт бөлу;

- сыни ойлауды үйрену барысындағы оқушылардың белсенді іс-әрекетін қолдау;

- қандай да бір күтпеген келеңсіз жағдайларды немесе қате, шатасып айтылған жауапты күлкі-келемежге айнал-дырмау.

Екінші, жүзеге асыру кезеңінде орындалатын шарттар:

- оқушыларға ойланып-толғануға, ойын ашық айтуға рұқсат беру;

- әртүрлі идеялар мен пікірлерді дұрыс, қате деп бөлмей қабылдау;

- оқушылардың бір-бірінің жауабына жасаған сынының дәлелді, дәйекті болуын талап ету.

Қорытынды кезеңде балалардың сын тұрғысынан ойлауын бағалау шарты орын-далады.

Міне осы аталған шарттарды ұстаз-дар жүйелі орындағанда оқу үрдісінде жақ-сы нәтижелер алары сөзсіз. Оқу үрдісінің әдістемелік негізі таным теориясы екені белгілі. Ал таным үрдісі өз кезегінде қабылдау, ой елегінен өткізу, бекіту, тәжі-рибеде қолдану сияқты кезеңдерден тұрады. «Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағ-дарламасы негізінде құрылған сабақта таным үрдісін ұйымдастыру үшін оқушы-ларға сенімділікпен жұмыс жасау, бар ынтасымен оқуға берілу, пікірлерді тыңдау, құрметтеу, өз пікірін ашық білдіруді талап ету сияқты бірқатар талаптар қойылады.

Сын тұрғысынан ойлау бағдар-ламасындағы мұғалімнің ролі қандай дей-тін болсақ, ол таным үрдісінде оқушыларға серік болып бірге жұмыс жасап, оларға сеніммен қарап өз ойын, ақылын көрсететін, ашық сөйлеуге қолдау көрсетіп отыратын, бүкіл қайнаған істің ортасында білім алу (үйрену) ісін ұйымдастырушы деуге бо-лады.

«Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасы бойынша ұйымдастырылған сабақ құрылымы қызығушылықты ояту, мағынаны тану, ой толғаныс сияқты кезең-дерден тұрады. Енді осы кезеңдердің мақ-сат-міндеттеріне толығырақ тоқталып өтейік.

Қызығушылықты ояту. Сабақ қарастырғалы тұрған мәселе жайлы оқушы не біледі, не айта алатындығын анықтаудан басталады. Осы арқылы ойды қозғау, ояту, ми қыртысына тітіркенгіш арқылы әсер ету жүзеге асады. Осы кезеңде «Топтау», «Түртіп алу», «Ойлану», «Жұпта талқы-лау», «Болжау», «Әлемді шарлау» сияқты стратегияларды қолдануға болады. Соны-мен қатар осы кезеңде үйренушінің белсен-ділігін арттыру аса маңызды. Оқушы өз білетінін еске түсіреді, қағазға жазады, көршісімен бөліседі, тобында талқылайды. Осылайша шыңдалған ойлауға бірте-бірте қадам жасала бастайды. Оқушы бұл кезеңде жаңа білім жайлы ақпарат жинап, оны байырғы білімімен ұштастырады.

Мағынаны тану (түсіне білу). Бұл кезеңде үйренуші жаңа ақпаратпен таны-сады, тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды. Оның өз бетімен жұмыс жасап, белсенділік көрсетуіне жағдай жасалады. Оқушылардың тақырып бойынша жұмыс жасауға көмектесетін оқыту стратегиялары бар. Соның бірі INSERT. Ол бойынша оқушыға оқу, тақы-рыппен танысу барысында «V» - «білемін», «-» - «білмеймін», «+» - «мен үшін жаңа ақпарат», «?» - «мені таңқалдырады» белгілерін қойып отырып оқу тапсырылады. INSERT – оқығанын түсінуге, өз ойына басшылық етуге, ойын білдіруге үйрететін ұтымды құрал. Үйренушілер білетіндерін анықтап, білмейтіндерін белгілеп сұрауға әзірленеді. Оқушылар бұл әрекет арқылы жаңаны түсіну үшін бұрынғы білім ара-сында көпірлер құрастыруға, яғни байла-ныстар құруға дағдыланады.

Ой толғаныс – бағдарламаның үшін-ші кезеңі. Күнделікті оқыту процесінде оқушының толғанысын ұйымдастыру, өзіне, басқаға сын көзбен қарау, баға беру назардан тыс қалып жатады. Одан гөрі, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру, баға қою сияқты шараларға уақыт жіберіп аламыз. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасында бұл сабақтағы аса қажетті мәнді, маңызды әрекет болып табылады. Дәл осы кезеңде үйренуші не үйренгенін саралап, салмақтап, оны қандай жағдайда, қалай қолдану керектігін ой елегінен өткізеді. Белсенді түрде өз білім үйрену жолына қайта қарап, өзгерістер енгізеді, яғни нағыз білім шыңына көтеріледі, үлкен әлемге енеді. Сол білім арқылы өзінің өзгергенін сезінеді, өзгеше сенім, тәрбиелік, даналыққа бастау алады. Толғануды тиімді етуге лайықталған «Венн диаграммасы», «Еркін жазу», «Семантикалық карта», «Т кестесі» сияқты стратегиялар әр сабақтың ерекшелігіне, ауыр-жеңілдігіне қарай лайықтала қолданылады. Олар оқушы-лардың бір-бірімен ой алмастыруын, ой түйістіруін қамтамасыз етеді. әр оқушы өз шығармашылығын көрсете алады.

«Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» жобасында жұмыс жасауды бастаған мұғалімдер бұл сабақтар баланың шығар-машылығын қалыптастыруға, танымдық белсенділігін арттыруға, өз бетінше білім алуға ықпал ететіндігін атап өтсе, оқушы-лар – оқудың (сабақтардың) қызықты, же-ңіл өтетіндігін, ұжымды бірлесіп жұмыс жасауға үйрететіндігін, білімнің тереңдігі әрі тиянақтылығы артатындығын баян-дайды.

Педагогикалық және психологиялық әдебиеттерде адамның қабілетпен емес, қабілетке деген бейімділікпен, нышанмен туатындығы жайлы көптеп жазылып жүр. Бейімділік – адамның белгілі бір іс-әрекет-пен айналысуға бет бұрысы, оған көңіл аууы, оянып келе жатқан қабілеттің алғашқы белгісі. Сондықтан, оқушылардың бейімділіктерін дер кезінде көре біліп, сол нышандарының қабілетке айналуына мұға-лімдердің қосар үлестері көп. Шығар-машылық қабілет әр баланың таби-ғатында болуы әбден мүмкін. Біздің міндетіміз – оқушының бойында жасы-рынып жатқан мүмкіндіктерін ашып көрсету. Кезкелген оқушы мұғалімнің басшылығымен орын-даған шығармашылық жұмысының нәти-жесінде өзінің ішкі мүмкіндіктерін дамы-тады. Баланың қабілеті мен талантын ашуды неғұрлым ертерек бастаса, соғұр-лым оның қабілеті толық ашылуы мүмкін.

Қорыта айтқанда, ойлаумен ұштас-тыра білім алуды бағыттайтын оқыту тех-нологиясы - сын тұрғысынан ойлау екен-дігіне көзіміз жетті. Өйткені, белгілі тақырыптағы ойды сын тұрғысынан қарай отырып, ой-толғау, суреттей алу, еске түсіру, болжау оқушыны да, жаңа бір әлемнің жаңалығын ашқандай қалыпқа жеткізеді. Әрі қарай ойын айтуға ынталан-дырады. Бұрынғы қолданылған оқыту әдістерінде мұғалім басты орын алып оқушы тек тыңдаушы ғана болса, қазіргі сын тұрғысынан шыңдалған ойлаудың арқасында оқушы білім негіздерімен толығып, болашақты ойлауға құлшыныс алады. Сондықтан сын тұрғысынан ойлау - өте күрделі маңызды құбылыс.

«Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні» егеменді еліміздің ертеңі болар жеткіншектерді жаңа заман талаптарына сай оқытып, тәрбиелеу, өмірге әзірлеу сияқты жауапты міндеттер – ұстаздарға жүктелетін іс. Қоғамның ой-санасының биіктеп өсуі, жаңа сапалық деңгейде шарықтау кезеңі, еліміздің егемендік алып, өркениетті елдердің қатарына қосылуы – жаңа заманның жастарынан өзіндік таланты мен табиғи қабілетін жетілдіріп қана қоймай, олардың жаңашыл болуын, үнемі шығармашылық ізденістер үстінде болуын талап етеді. Ал осы айтылған мақсаттарға жетудің тікелей жолы оқу үрдісінде «Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» жобасын дұрыс, жүйелі қолдану деп білеміз.

ӘДЕБИЕТТЕР

1. Ана тілі 3-сынып оқушыларының тіл байлығын молайту үшін пайдаланатын дидактикалық материал жинағы. – Алматы: «Білім», 2003. – 24 б.

2. Әбдікәрімұлы Б., Әлібекова М. Білім берудегі педагогикалық технологиялар. // Педагогикалық ізденіс. – 2002. - №4. – 200-203 б.

3. Бұлғиев Б. Оқушылардың шығар-машылық қабілетін дамыту жолдары // Қазақстан мектебі. –2003. – 8 қараша.

4. Серімбетова С. Оқушылардың шығар-машылық қабілеттерін дамыту // Баста-уыш мектеп. - 2003.-№7.-32 б.

5. Сағымбаев Ә. Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту // Бастауыш мектеп. – 2001. № 6, - 12-13 б.

6. Қоянбаев Ж.К. Педагогика. – Алматы, 2001. – 384 б.

7. Подласый И.П. Педагогика. Новый курс: Учебник для студ. пед. вузов. –М.: «Владос», 2002. - Кн.1. - 576 с.



К содержанию номера журнала: Вестник КАСУ №5 - 2009


 © 2024 - Вестник КАСУ