Главная  | О журнале  | Авторы  | Новости  | Конкурсы  | Научные мероприятия  | Вопросы / Ответы

Жеткіншектік кезеңнің өзіндік қиын-дықтары

К содержанию номера журнала: Вестник КАСУ №5 - 2009

Автор: Алипбек Ардак Зауирбеккызы

Жеткіншектік кезеңнің өзіндік қиын-дықтары – қоғамымызда білім беру және тәрбие ісінің өзекті мәселелерінің бірі болып табылады.

Педагогикалық-психологиялық тәжі-рибеде баланың жан-жақты дамуы мен мінез-құлқы жағынан қалыптасуында жет-кіншектік кезең ең қиын, әрі сыналатын және көптеген ерекшеліктермен сипат-талатын кезең болып есептеледі. Осы жас кезеңінде организмнің қайта құрылуымен байланысты жеткіншектер жаңа мәселе-лерді шешуі керек. Бала бұл мәселелерді өз бетімен шешуге мүмкіндігі болмай қалады. Сондықтан мектеп психологы және педагогтар жеткіншектерді жете зерттеп, оларға дер кезінде көмек көрсетуі қажет. Психологиялық және педагогикалық зерт-теулерде жеткіншек жас кезеңі бала өмірінде көптеген ерекшеліктермен сипат-талатыны атала отырып оны зерттеуге үлкен көңіл береді. Д. Байярд, Т.В. Драгунова, А.Е. Личко, Л.С. Выготский, П.М. Якобсон, А.В. Запорожец, И.С. Кон т.б. ғалымдар осы жас кезеңінің психо-физиологиялық ерекшеліктерін анықтай отырып, жеткіншек жасындағы балаларға ерекше көңіл бөлу керек екендігін атап өткен. Өйткені осы жас шағында жүретін өзгерістер кейде баланың бұрынғы ерекше-ліктерін, мүдделері мен қарым-қатынас-тарын, өмірге деген көзқарасын түбірінен өзгертетін сипатта болады.

Жеткіншектерге психологиялық қыз-мет көрсетудің тиімді жолдарын В.Г. Гиль-бух, И.В. Дубровина, З.А. Малькова, А.С. Овчинников, М.Р. Битянова, Л.И. Прихо-жан, Р.С. Немов, Е.И. Рогов, Р. Римский т.б. ғалымдар өз еңбектерінде көр-сеткен.

Олар жеткіншек жас кезеңін «өтпелі кезең», «қиын жас», «пубертаттық жас» деген аттармен атап, осы кезде балалардың ересектіккке өтуіндегі мәселелерін көрсет-кен. Бұл мәселелердің барлығы осы жас кезеңінде өтетін психофизиологиялық өзге-рістер, жыныстық жетілу процес-терімен байланысты екені дәлелденген. Мектеп психологтары осы қиындықтардың теори-ялық негіздеріне қанық болғанымен дәл кө-мек көрсетуге, әр баланың мәселесінің ерекшеліктеріне толық түсі-нуге негіз бола-тын қазақ тіліндегі оқулық-тар мен әдіс-темелік құралдардың тапшы-лықтары қо-сымша кедергі болып отыр. Осы жас кезе-ңінің ерекшеліктерін ата-ана-лар, мектеп мүғалімдері, сынып жетекшісі, басқа да жеткіншектің айналасындағылар жақсы түсінетін болса, барынша төзімділік көрсе-тіп, түсінушілік білдірсе, балалар жас қиындығын оңайырақ көтереді (Кесте 1).

Жеткіншектердің мінезіндегі мұндай қылықтардың негізі осы жастағы сомати-калық және психикалық дамуда жатыр. Бұл кезде баланың бойы тез өседі. Жеткін-шектік кезеңдегі бойдың өсуі бұрынғыға қарағанда, бір жылда екі есе шапшаң-дықпен өсетін болады. Баланың бойының шапшаң өсуіне әр түрлі жағдайлар әсер етеді, мысалы, баланың ішетін тағамы, еңбек, спорт. Алайда, әсер ететін осы жағдайлардың өзінде де белгілі бір заңдылықтар болады, мысалы, баланың аяғы кеудесіне қарағанда жылдам өседі де, ерекше ұзын сияқты болып көрінеді. Бала денесінің өсуіндегі осындай әркелкілік дененің басқа мүшелері мен органдарында да көрініс береді. Мысалы, сүйек етке қарағанда тез өседі. Сүйектің өте тез өсуі кейде жанға батарлықтай ауыратыны байқалады, денесі құрысып, қатты мазасызданып, баланың берекесі кетеді. Соның әсерінен баланың мінезінде ашушаңдық, қызбалық пайда болады.

Жүректің көлемінің өсуі бойдың өсуін қуып жете алмайды, сондықтан да қан жүретін тамырлар әлде қайда жіңішке болады, қан қысымы артады. Өсудегі морфологиялық тепе-теңдіктің болмауынан тамырдың соғуы да, жүректің жұмысы да қалыпты болмайды, басы ауырады, қаны аздықтан тез шаршайтын болады [1].

Бала жеткіншектік кезеңге өткен кезде оның жүйке жүйесінің құрылымы морфологиялық жағынан жетіліп болады. Оның одан ары қарай дамуы ағзаның барлық қызметіне және екінші сигналда жүйенің жетілуіне бақылау жасауды күш-тейді. Балалық жастан жүйке жүйесіне де оңайлыққа түспейді. Ағзаның тез өсуі әрі оның өсуінің бір қалыпты дамуы жүйке жүйесінің өзара байланысуымен өзара қарым-қатынасының қайта құрылуына мәжбүр етеді.

Бұл кезде бала бойында бұрын қалыптасқан қасиеттерге көптеген жаңа сапалар немесе жаңа құрылымдар қосы-лады. Бұл құрылымдар бұрынғы психоло-гиялық және физиологиялық көріністерге жаңа сапа беріп, олардың бір-бірімен бітісуі әлі аяқталмаған кез болғандықтан баланың психологиясында көптеген екі жақтылық орын алады. Сондықтан жеткін-шек жасындағылар өздерінің алдына өмір қойып отырған мәселелерді шешуде қина-лыстарға ұшырайды: болашақта кім бола-тынын, өмірде орындайтын әлеуметтік ролін, қарым-қатынас ерекшеліктерін анықтау қажеттілігі туғанынан бала уайым шегіп, үлкендер ортасында өз орнын іздейді.

Үлкендер баланы барлық уақытта түсіне бермейді. Қарым-қатынас бары-сында жеткіншектерді өздеріне бағындыру, үстемдік көрсету, тіл алуды талап ету орын алады да, мұндай көзқарас баланың қырсықтығын туғызып, нәтижесінде үлкендер мен баланың арасында текеті-рестік орын алуы мүмкін.

Жеткіншек кезеңінің баланың даму-ындағы ерекше орын оның “өтпелі”, “бетбұрыс”, “қиын”, кезең деген атау-ларында бейнеленген. Бұл атауларда осы жастарда болатын, өмірдің бір дәуірінен екіншісіне өтуімен байланысты даму процестерінің күрделілігі мен маңыз-дылығы айтылыған. Балалық шақтан ересектікке өту осы кезеңдегі дене, ақыл-ой, адамгершілік, әлеуметтік дамудың барлық жақтарының негізгі мазмұнымен өзіне тән ерекшелігі болып табылады. Барлық бағыттарда сапалық жаңа құрылымды, организмнің сана-сезімнің, үлкендермен және жолдастарымен қарым-қатынастық, олармен әлеуметтік өзара іс-әрекет әдістерінің, мүдделердің іс-әрекет пен қарым-қатынасқа арқау болатын морльдық-этикалық нормалары мазмұнының қайта құрылуы нәтижесінде ересектік элемент-тері пайда болады. Жеткіншек кезеңнің маңыздылығы адамның жеке басының моральдық және әлеуметтік негіздері қолданады және олардың қалыптасуының жалпы бағыты белгіленеді. Бұлай бағалау, біріншіден, осы уақытта болатын көптеген сапалық өзгерістерге байланысты: бұл өзгерістер кейде баланың бұрынғы ерекшеліктерін, мүдделерімен қарым-қатынастарын түбірімен өзгеретін сипатта болады; мүдделермен қарым-қатынастарын түбірімен өзгеретін сипатта болады; мұның өзі біршама қысқа мерзімде болуы мүмкін, көбінесе күтпеген жерден болады да, даму процесі секірмелі, қауырт сипат алады. Екіншіден, болып жатқан өзгерістер екінің бірінде, бір жағынан жеткіншектің өзінде әртүрлі елеулі субъективтік қиыншылық-тардың болуымен қабаттасады, ал екінші жағынан, оны тәрбиелеудегі қиыншылық-тармен ұштасады: онда тіл алмаудың қарсылықпен наразылықтың түрлі форма-лары шығады (қиқарлық, дөрекілік, қарсы-лық, тұйықтық).

Өтпелі кезеңде балалардың сабағы өзгереді, жақсы оқып жүрген балалардың сабағы нашарлайды. Балаларда өзімдік “мен” сезімі пайда болады. Олар еркін жасауға құмар келеді. Тым еліктегіш болады. Жеткіншектік шақта өзін-өзі тануға күшті болады. Олардың өз көзқа-растары мен пікірлері әрекеттері бары-сында айқын байқалады. Сонымен қатар бұл кезеңде балалар отбасы мен мектептен оқшауланып, өз құрбыларының ықпалында болады. Олар әсіресе өздерін еркін сезінетін ортаға орналасуға бейім болып келеді. Олар спорт секциялары, техникалық үйірмелер болуы мүмкін, тіпті, темекі шегетін, арақ ішетін орын ретінде үйлердің под- валдары болуы мүмкін. Бұл кезеңде балаларды ересектермен, әсіресе ата-аналарымен көбірек ерегіске барып, ортақ тіл табыса алмайды. Балалар ата-аналарымен тең құрдастай қарым-қатынас жасауын қалайды. Бұл кезде балалар көбірек өз бетінше өмір сүруге тырысады. Олар өзіне кумир (пір) сайлап алады да, соған еліктейді, басқа балалардан ерек-шеленуге тырысады.

Демек, жас баланың мінез-құлқының қалыптасуына отбасы ерекше әсер етеді, солай болғандықтан оның көп қырлы, жан-жақты болуы отбасына байланысты.

Баланың алғашқы адами құнды-лықтары, әрине, отбасыда қалыптасады. Алайда, қанша дегенмен ешбір ата-ана өз баласының жаман болғанын қаламайтыны анық. Егер әртүрлі себептермен баласы тура жолдан шығып кеткеннің өзінде, ол ата-аналарды кінәләй бермей, бірлесіп жұмыс істеу үшін олармен дұрыс қарым- қатынас орнату керек, бұл біріншіден, ал, екіншіден ол отбасының барлық жағдайын зерттеу керек, Мінез-құлқында ауытқуы бар балаға айналу себептермен әртүрлі жолдармен анықтау, тәрбие жұмысын дұрыс ұйымдастыруға оң әсерін тигізеді. Ол үшін: «Менің отбасым», «Мен не үшін ата-аналарымды жақсы көремін (сыйлай-мын)», «Мен бос уақытымды қалай өткі-земін?» деген тақырыптарға шығарма жаз-дырып, содан көп нәрсені білуге болады. Үшіншіден, істелген жұмыстың бәрін алдын-ала, терең, жан-жақты ойластырған болуы керек. Ата-аналармен, олардың тәрбиесі қиын балаларымен жүргізілетін жұмыс сол отбасының жеке ерекшеліктерін ескере отырып, жоспарланған болуы керек .

Осы аталған жағдайлардың бәрін ескере отырып, тәрбиеленуі қиындардың әрқайсысына әр түрлі қатынас жасау, оларды жеке-жеке бақылап, әрқайсысына арнап жасалған жүйелі тәрбие жұмысын жүргізу қажет. Тәрбиесі "қиын" жеткін-шектерді тәрбиелеу - ділгірлігі мол фактор-лы құбылыс, оны іс жүзінде асыруға ата-анаға көмектесу, психологиялық жағынан бақылау педагогтар мен психологтарға, заң қызметкерлеріне жүктеледі. Өйткені, біздің ойымызша, мінез-құлқында ауытқуы бар бала тәрбиені ұйымдастыруға икемі жоқ отбасылардан шығады.

Бастауыш сынып жасындағы бала әлемге ерекше қызығушылықпен, балалық аңғалдықпен қарайды, жеткіншектер өзін қоршаған әлемге баға береді және оған өзінің қарым-қатынасын орнықтырады. Ол өмірдің тұрмыстық қарым-қатынастарына еніп, енді тек өзінің қажеттіліктерін қанағаттандыру бойынша ғана емес, сонымен бірге өзі теориялық жағынан игермеген қағидалар бойынша қарым-қатынасқа түседі және адамдардың мінез-құлқын, қоғамдық құбылыстарды баға-лауда ешкіммен ымыраға келмейтін, өз дегенім болсым дейтін әдет табады. Ол - айналадағының бәрінің сыншысы. Ол өзі жақсы көретін адамдардың кемшілігін де көргіш болады және сол үшін қиналады. Кез-келген жалғандық оның ызасын тудырады және көңілін қалдырады.

Әлеуметтендіру факторларының іш-індегі аса маңызды, әрі ықпал ету күші басымы – қоғамның алғашқы ұжымы болатын – отбасы, бала оның ықпалын бәрінен бұрын тез қабылдағыш қасиетін артып тұрған кішкентай кезінде ерекше сезінеді. Отбасы жағдайы, оның әлеуметтік деңгейі, ата-аналарының айналысатын кәсіптері, материалдық жағдайы және олардың білім деңгейі баланың өмірлік жолын айқындайды. Балаға ата-аналар беретін саналы және мақсатты тәрбиемен қатар, отбасының жағдайы да ықпал етеді және бұл ықпал өскен сайын, ол тіпті баланың тұлғалық қалыптасуында көрініс табады. Жеткіншектік өтпелі кезеңнің ең басты үрдісінің бірі – жеткіншектердің өз ата-аналарымен, мұғалімдерімен және жалпы үлкендермен, құрбыларымен, бар-лық жағдайы бойынша өзіне тең немесе тең еместермен қарым-қатынасында қайта бейімделу байқалады. Бұл қайта бейімделу жағдайы бірте-бірте болуы мүмкін немесе аяқ астынан мінез көрсетеді. Жеткіншектер үшін үлкендермен өз қатарластары мәрте-бесінің деңгейі бірдей болмай-тындығынан қайта бейімделу процесі әр түрлі көрініс береді.

Өз құрбыларымен қарым-қатынаста болуға деген қажеттіліктің орнын ата-аналары толтыра алмайды, ол баланың бойында 4-5 жасында басталады да жас өскен сайын дамиды. Құрбы-құрдас-тарымен қарым-қатынастың болмауы мек-теп жасына дейінгі балалардың жеке тұлға-лық коммуникативті мүмкіншіліктері мен ақыл-ойының дамуының кешеуілдеуіне айтарлықтай әсерін тигізеді. Жеткін-шектердің мінез-құлықтары мен іс-әре-кеттері өз мәні жағынан ұжымдық-топтық болып табылады. Жеткіншектерді өмір ортасының қарама-қайшылықтары қызық-тырады, бұл жастағылардың қажеттілігі -өздерінің айналадағы адамдарға деген қарым-қатынасын, әлемдегі өзінің орнын табу. Ал бұл қажеттілік басқа адамдар мен қарым-қатынастарды қанағаттандырады. Бұл қажеттілікті қанағаттандыруда әдебиет пен өнерді атқаратын рөлі ерекше. Әдебиет – жеткіншектердің алдына адамзаттық қарым-қатынастардың, мінез-құлықтардың, сезімдердің аса бай да күрделі мәнін ашып береді: Ол әрбір кейіпкерден өзін көретін болады, өзінің сезімдері мен құмарлық құштарлықтарының дұрыстығына жауап іздейді. Ал музыка– адамның сезімдерінің әміршісі. Оның тілі толқу үстіндегі адамға түсінікті. Сондықтан да жеткіншектердің тыңдайтын музыкасына қатты көңіл бөлу керек.

Жеткіншектер қоғамдық-өндірістік еңбекке қатысады. Ол тек еңбек арқылы ғана қоғамдық өмірде өз орнын таба алады, өзін бекітеді. Білім – жеткіншек үшін еңбектің бастысы болып табылады. Өкінішке орай, кейбір жеткіншектердің оқу пәндеріне деген ықыласының төмендеуінің әсері мен сабақ үлгерімі нашарлайды. Ғылым мен мәдениеттің әр түрлі саласы мен қызыға айналысу негізінен жеткін-шектерге тән.

Жеткіншектер өзіне дос болатын адамды өз ұжымындағы жолдастарының арасынан табады. Жеткіншектердің досы ол тек бірге ойнайтын жанжалдасып қалатын, татуласатын, бірге сапарға шыға-тын жолдас қана емес. Ол – жеткіншектердің екінші өзі, ол оның ойын білетін қызығушылықтары мен сезімде-рінің куәгері және жақсы ниеттегі сын-шысы. Ал жеткіншектік кезеңнің орта тұсында қыз балалардың бойында ер балалар арасынан, ер балалардың бойында қыз балалар арасынан дос табуға деген қажеттілік оянады. Осылайша, ақылға салынған мақсатты қарым-қатынастағы достық сезім қалыптасады, осыдан келіп жастық шақтың алғашқы махаббаты да оянуы мүмкін.

Жеткіншектер мен жұмыстағы негізгі педагогикалық идея, іс-әрекет түрлеріндегі жетістікке жағдай жасау, бұл сынып ұжымы алдында өзін-өзі сенімді ұстауына мүмкіндік береді: құндылықтарын қалып-тастыру; мінез-құлқы мен рухани дамуына қарым-қатынастарын ұлғайтады.

Жеткіншектер тәрбиесі бірінші кезек-те, олардың физиологиялық дамуына бай-ланысты белгілі бір қиындықтар туғы-зады, бұл олардың танымдық процесіне және тәрбиесіне ықпал етеді. Жеткін-шектердің физиологиялық даму ерекше-ліктерін және бұл ерекшеліктердің баланың жетілуінде көрініс табуын, жақсы ортаның, мектеп ұжымындағы достары мен жолдастарының болуын ескере отырып, дұрыс ұйым-дастырылған тәрбие арқылы және отбасын-дағы жағдайы арқылы жет-кіншектердің жеке тұлғасын қалып-тастыруға педаго-гикалық басшылықтың шамасы жетеді.

Демек, осы жастағы оқушылар мен жүргізілетін жұмыстың маңызды міндеті тәрбиешілердің мектептегі және мектептен тыс кездегі балалардың әрқайсысымен жеке жұмыс жүргізіп қажетті әдептілікті сақтай отырып, педагогикалық ұстамдылық пен шыдамдылыққа негізделген қызмет-терін дұрыс ұйымдастыру болып табылады. Жеткіншектер өмірінде, әсіресе, 9 сыныпта яғни толық орта білім алу жолына таңдау жасау кезінде олардың бойында әртүрлі мамандықтарға, мектеп пәндерінің ішіндегі белгілі бір пәнге деген қызығушылығы пайда болады [2].

Ата-аналар бақылауынан алшақтау, өзін-өзі көрсету үшін түрлі әрекеттерге бару жеткіншек кезеңінің негізгі белгілері болып табылады. Бұл әрекеттер – балалық кезеңнен ересектік шаққа өтудің негізгі мақсаттары. Сонымен қатар келеңсіз жағдайларға да алып келуі мүмкін. Жеткін-шектер үшін қауіпті болып табылатын іс-әрекеттер мыналар: Көптеген жеткін-шектер сақтанбастан әр түрлі адамдармен жыныстық қатынасқа барып, оның арты әртүрлі өмірге қауіпті аурулардың шығуына әкеліп жатады. Сондай-ақ, психикалық тәуелділікке әкелетін заттарды қолдануда кездесіп жатады. Сондай-ақ жеткіншектер өзін-өзі ұстай алмайтын жүргізушілер болып табылады. Жеткін-шектер есейген сайын өз өмірлеріне қауіпті іс-әрекеттер аясын кеңейтіп жатады. Сонымен қатар қоғамға өз пайдасын тигізіп қоршаған ортаны қорғаумен, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға көмек берумен айналысып жүрген жастар да бар. Жеткіншектердің белгілі-бір аз бөлігі ғана келеңсіз іс-әрекеттермен айналысатынын атап өту маңызды.

Жеткіншектер өз өміріне қауіпті іс-әрекеттерге белгілі бір себептерге бай-ланысты барады. Олар көп жағдайда өз іс әрекеттерінің өз өмірлеріне қауіпті екенін жете түсіне алмайды. Үлкендер тарапынан берілген ескертулер көп жағдайда еске-рілмейді немесе оларға онша әсер етпеген болып жатады. Көптеген зерттеушілердің пікірлері бойынша, жеткіншектер өздерін барлық жерде сүттен ақ, судан таза болып шығатындай есептейді. Олар өз құрбылары арасында жоғары деңгейде көріну үшін қауіпті іс-әрекетке барғандығын кейде байқамайда қалып жатады.

Жеткіншектер іс-әрекетін 20 жылдан аса зерттеу қорытындылары бойынша, олардың келеңсіз іс-әрекеттер жасауының түрлі себептері бар. Келеңсіз іс-әрекетке әкелуші факторларды 5 салаға бөлуге болады: биологиялық-генетикалық, әлеу-меттік орта, қоршаған ортаны қабылдау, жеке тұлға және күнделікті іс-әрекет.

Ата-аналар өз балаларының қауіпті іс-әрекеттен сақтау үшін не істеу керек? Көптеген ата-аналар мектептермен, әлеу-меттік қызметкерлермен, мұғалім-дермен тығыз байланыс жасап тұрады. Егер олардың балаларында келеңсіз іс-әрекеттер байқалған жағдайда оны түзетудің түрлі жолдарын жасап отырады. Көптеген ата-аналар балаларын жеке мектеп сияқты қауіпсіз орындарға апарады. Тұтастай алғанда, егер жеткіншек өзін-өзі құрметтей білетін, жинақы, тыныш жанұя мен тыныш әлеуметтік ортадан шыққан болса ол келеңсіз іс-әрекеттерден алшақ болады. Дегенменде барлық жағынан қауіпсіз орта деген болмайды [3].

ӘДЕБИЕТТЕР

1. Педагогика. Дәріс курсы Алматы: Нұрлы әлем., 2006.

2. «Жас ерекшелігі және педагогикалық психология». /Ред. басқарған А.В. Петровский. - Алматы, 1987.

3. Крайг Г., Бокум Д. «Психология развития». 9-е изд. - СПб., 2007



К содержанию номера журнала: Вестник КАСУ №5 - 2009


 © 2024 - Вестник КАСУ